Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 17:05, дипломная работа
Мақсаты: 3 сағаттық дене тәрбиесі сабағындағы ұлттық ойындарды ұйымдастырғанда қозғалыс белсенділігінің артуы.
Міндеттері:
Мектеп жасындағы жас балалардың дене тәрбиесіне баулудың ерекшеліктерің қадағалау.
Қозғалыс белсенділігінің бала денсаулығына әсерін анықтау.
Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындардың маңыздылығын жеткізу
Эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы анализін орындау.
КІРІСПЕ
3
1. Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды дене тәрбиесіне баулу
4
1.1. Бастауыш мектеп жасындағы жас балаларға дене тәрбиесінен берілетін тапсырмалар
8
2. Қозғалыс белсенділігінің бала ағзасымен байланысы
17
2.1. Балалардың дене бітімінің ерекшеліктері
22
3. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың морфофункционалды дамуының ерекшеліктері
25
3.1. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қозғалыс функцияларының ерекшеліктері
28
4. Дене тәрбиесі сабағындағы қозғалыс қасиеттерінің дамуы
31
Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың маңызы
6. Сабақта оқушыларды ұйымдастыру және өткізу әдістемелері
36
42
Зерттеудің мақсаты, тапсырмалары, әдістемелері және оларды
Ұйымдастыру
46
8. Эксперимент нәтижелері
49
ҚОРЫТЫНДЫ
52
АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕР
54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
58
ҚОСЫМША
59-61
ҚОРЫТЫНДЫ
Эксперименттің шешімдері, сонымен қатар, теориялық талдаулардың берген нәтижелері төмендегідей шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
ИӘ-ның жетіспеуі ең алдымен адамның жүрек қан тамыр жүйесіне әсер етеді, бұлшықет ағуыздарының физика-химиялық құрамын өзгертеді, қаңқа бұлшықеттерінің қысқаруы нашарлайды, сүйек ұлпаларында кальцийдің құрамы азаяды, тік тұру тірек – қимыл функциялары және т.б. бұзылады.
АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕР
Біздің зерттелердің және де шешімдердің негізінде біз мектептегі дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің методикасын ақыл-кеңестерін ойлап таптық.
Сабақтан бұл методиканың ерекшеліктері – ең алдымен сабақта өткізілетін ойындар мен жаттығулардың арасында тығыз байланыс болуы керек. Мысалы: бір сабақта гимнастика мен жеңіл атлетикадан жаңа материалды өте отырып, соған байланысты жаңа ойынды да үйрету керек.
Басқа жаттығулардың ішінен таңдалынған ойынға дұрыс орын беріп, оның ұзақтығын ескерген жөн. Бұрыннан таныс ойындарды жаттығудың алдындағы дайындық ретінде өткізуге болады. Ал, жаттығулардан кейін жәй ойындар ойнау керек. Бұл жағдайда көптеген қиын қимылдары бар қимылды ойындар жаңа жаттығуды орындатуын қиындатуы мүмкін.
Жаңа ойынды түсіндіргенде қатысушылар әр түрлі қимылды ойындарды ойнай алатынын ескерген жөн. Көп жағдайда жаңа ойынды түсіндіргенде ойын эпизодтарында кездесетін тактикалық іс-әрекеттерді көрсеткен жөн.
Балаларды топқа бөлген кезде әр командадағы балалар мен қыздардың саны бірдей болуы керек. Бұл, команда күш жағынан тең екендігін көрсетеді. Өздерінің күшін бағаламай «Мен күштімін» деген ойыншыларды әр түрлі тәсілдермен, мысалы: ойыннан тыс қалдыру сияқты жағдайлармен тоқтату керек. Бірақ, бұл баланы өзінің жолдастарынан аластау сияқты болып көрінбесін. Бұл баланың денсаулығына да, физикалық дамуына ла зиян келтірмейтіндей болуы керек. Ойынның нәтижесін айтқанда ойынға талдау жасай кету керек.
І-ІІІ сыныптардағы ойындарда топқа бөлмейді. ІІІ-сыныпта ойындар қиынырақ болады. Бұл ойындар командаға бөлініп басшысы болады.
Ойындар сабақтың кез-келген бөлігінде болуы мүмкін. Сабақтың негізгі тапсырмасы сабақтың бірінші бөлігінде – балаларды ұйымдастыру әр түрлі сапқа тұруды меңгеру. Екінші бөлігінде - әр түрлі ақыл-кеңестер беру сияқты тапсырмалар шешіледі, сонымен қатар, әр түрлі қимылдарды жетілдіреді. Үшінші бөлігінде – жәй ойындар қарастырылады.
Әртүрлі қозғалыс мүмкіндіктерін жетілдіретін ойындар балалар іс-әрекетті үйренгеннен кейін өткізіледі. Ойынды уақытынан бұрын қолдану кейбір іс-әрекеттерді дұрыс орындамауға әкеп соқтырады. Ойынды өткізер алдында ойын өтетін жерді, балаларды дайындау методын қарастырған жөн.
Ауыртпалықты реттеу үшін төмендегідей тәсілдер қолданылады:
а) ойынның ұзақтығымен қайталану көлемін өзгерту;
б) аймақты үлкейту және кішірейту;
в) салмағын өзгерту;
г) ойынның ережелерін оңайлату және қиындату;
д) ойынның іс-әрекетінің көлемін көбейту және азайту;
е) үзіліс қосу және алып тастау;
ж) ойын арасындағы дем алатын «үйді» ұйымдастыру немесе оны алып тастау.
Ойынды үйрену мен өткізу кезінде қатысушылармен өтетін тәрбие жұмыстарына көп назар аудару керек. Ойын оқушыларды тәртіпке, бір-біріне көмектесетін тұтас ұжым құруға тәрбиелеу керек. Бұл үшін ойынның ережелерін қатаң сақтап, қатысушылар міндеттерін толық орындау керек, мұғалімнің толық қарамағында болып, оның ескертулері, ақыл-кеңестері уақытында болуы керек.
Ойында қажетті материалдарды ұқыпты ұстау керек.
Ойын процесіндегі қатысушылардың ортақ мақсатқа жету үшін бір-біріне көмегі балаға жағымды қасиетті тәрбиелейді. Бұған мынадай мысалдар келтіруге болады: «Түйе мен бота», «Торғай мен бүтақ», «Жаяу көкпар», «Тышқан мен мысық», «Допты қуып», «Тенге» алу, және т.б.
Ойын өткізу кезінде ешқандай азарт болмауы керек. Ойында қарсылас болған адамдар өмірде де бір-біріне жау болып, сынып екіге бөлініп кетпеуі керек. Керісінше, ойыннан кейін балалар бір-бірімен дос болып қала беруі керек. Бұл мақсатқа жету үшін ойынның алдында оқушыларды дұрыс ұйымдастыру керек, ойынның ережесі мен мазмұнын түсіндіру. Сонымен қатар, ойын арасында болуы мүмкін оқушылар арасындағы келеңсіз жағдайларды болдырмау керек.
Ұлттық ойын өткізу үшін әртүрлі құрал – жабдық керек: доптар, жіптер, қапшықтар, жалаушалар, ленталар, терек ағаштары және т.б. Бұлардың көбісін оқушылар өздері дайындай алады. Егер мектепте көрнекіліктер көп болса, балалар ойынды тез әрі жақсы үйренеді.
Ұлттық ойынды жақсы өткізу үшін оқытушы оқушыларға ойынның шартын түсіндіріп оларды ұйымдастыру керек. Кейде ойындағы кейбір іс-әрекеттер көрсетіліп, балаларға кейбір командалар мен сигналдар туралы мағлұматтар беріледі. Таныс ойынды өткізгенде балалар өздері білсе де, онын мазмұны мен ережелерін еске түсірген жөн.
Ойын өткізгенде мұғалімнің ролі зор. Ойынға дайындық және ойынның барысы мен нәтижесі мұғалімге байланысты. Мұғалім ойынға белсене араласады. Ол ойынды басқарады, қадағалайды, ал кейде өзі де ойнайды (жарыс ойындарынан басқа).
Оқытушы ұлт ойынды дұрыс ойнаудың үлгісін көрсеткенде ойнау керек. Мұғалім ұлт ойынды дұрыс басқаруы керек.
Ол басқалардан төмен өз-өзін ұстамды ұстап, ойынға дұрыс араласпаған оқушыларды жандандыру керек.
Топ болып ойнайтын ойындарда екі топқа да жасалатын жағдай бірдей болу керек.
Ойын кезінде айтылатын сөздер мен текстілер алдын-ала үйретіледі. Бұл жағдайда мұғалім сөздері анық дұрыс және жақсы айтылуын қадағалау керек.
Ұлт ойынды жүйелі аяқтау керек. Ұлттық ойынды нәтижелеп, нәтижесін айтып, ұнамды және ұнамсыз жақтары ескертіліп, ұлт ойынды ұйымдастыру мен өткізу туралы ақыл-кеңестер сабақтан тыс айтылуы керек. Ойынның нәтижесіне қатысушыларды да араластыру керек. Бұл балаларға өздерінің және жолдастарының іс-әрекетін бағалауды жеңіс пен жеңілістің себептерін меңгеруді үйретеді.
Ұлттық ойындар үлкен эмоционалдығымен ерекшеленеді, сондықтан ұлт ойынды дұрыс ұйымдастырып дұрыс өткізу балаларды рахатқа бөлеп көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жыл басында және жыл аяғындағы сыныптардың орташа
көрсеткіштерінің негізі
№ |
Сынақ түрлері |
Жыл басында |
Жыл аяғында | ||
3 «а» |
3 «г» |
3 «а» |
3 «г» | ||
1 |
Жүгіру 30 м. |
6,1 |
6,0 |
6,1 |
5.8 |
2 |
(3х10м) (с) «Челнок» жүгіріспен жугіру |
9,3 |
9,3 |
9,4 |
9,2 |
3 |
Бір орыннан ұзындыққа секіру (см) |
141.1 |
138 |
138,9 |
139,8 |
4 |
6-минуттық жүгіріс (м) |
613.8 |
668,3 |
725,1 |
941,1 |
5 |
Денені алға ию (рет саны) |
4 |
4 |
8 |
8 |
6 |
Кермеде тартылу (рет саны) |
6.5 |
4,3 |
7 |
5 |
Ер балалардың жыл басындағы және жыл аяғындагы орташа көрсеткіштерінің негізі
№ |
Сынақ түрлері |
Жыл басында |
Жыл аяғында | ||
3 «а» |
3 «г» |
3 «а» |
3 «г» | ||
1 |
Жүгіру 30 м. |
5,9 |
5,8 |
5,6 |
5,8 |
2 |
(3х10м) (с) «Челнок» жүгіріспен жугіру |
9,1 |
9,2 |
9,2 |
9,1 |
3 |
Бір орыннан ұзындыкка секіру (см) |
148,7 |
142,5 |
144,3 |
143 |
4 |
6-минуттық жүгіріс (м) |
709,3 |
698,5 |
838,6 |
993,4 |
5 |
Денені алға ию (рет саны) |
2,6 |
3,9 |
3,4 |
7,4 |
<span class="dash041e_0431_044b_ |