Жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының ұлттық ойындар арқылы қимыл қозғалыс қарқындылығын арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 17:05, дипломная работа

Краткое описание

Мақсаты: 3 сағаттық дене тәрбиесі сабағындағы ұлттық ойындарды ұйымдастырғанда қозғалыс белсенділігінің артуы.
Міндеттері:
Мектеп жасындағы жас балалардың дене тәрбиесіне баулудың ерекшеліктерің қадағалау.
Қозғалыс белсенділігінің бала денсаулығына әсерін анықтау.
Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындардың маңыздылығын жеткізу
Эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы анализін орындау.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1. Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды дене тәрбиесіне баулу
4
1.1. Бастауыш мектеп жасындағы жас балаларға дене тәрбиесінен берілетін тапсырмалар

8
2. Қозғалыс белсенділігінің бала ағзасымен байланысы
17
2.1. Балалардың дене бітімінің ерекшеліктері
22
3. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың морфофункционалды дамуының ерекшеліктері

25
3.1. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қозғалыс функцияларының ерекшеліктері

28
4. Дене тәрбиесі сабағындағы қозғалыс қасиеттерінің дамуы
31
Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың маңызы
6. Сабақта оқушыларды ұйымдастыру және өткізу әдістемелері
36
42
Зерттеудің мақсаты, тапсырмалары, әдістемелері және оларды
Ұйымдастыру

46
8. Эксперимент нәтижелері
49
ҚОРЫТЫНДЫ
52
АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕР
54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
58
ҚОСЫМША
59-61

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипл. жұмыс Бахтияр.doc

— 399.50 Кб (Скачать документ)

Статистикалық жаттығуларды қолдану кезінде жаттығуларды орындауда дұрыс қалыпты сақтау керек. Статистикалық жаттығуларға бұл жаста тік тұруды үйрету және сақтау маңызды роль атқарады. Арқа бұлшық еттерінің статистикалық  шыдамдылығы балалардың тік тұруымен байланысты. Сондықтан, оның дамуы балалардың тік тұру қалпының бұзылуын реттейтін қаражат болып табылады. Төменгі мектеп жасында иілгіштікті және ептілікті тәрбиелейтін қолайлы жағдайлар бар. Тірек-қимыл аппаратының морфологиялык ерекшеліктері, қаңка мен бұлшықеттің иілгіштігі омыртқаның қозғалғыштығы –10-11 жаста иілгіштікті дамытуға арналған жаттығуларды тез игеруге мүмкіндік береді.

Иілгіштіктің  дамуынын ең жоғарғы темпі 7-10 жастағы  балаларда байқалады. Иілгіштіктің ең максимальді белсенділігі қыздарда 11-13, балаларда 13-15 жаста байқалады.

Иілгіштікті арттыруға  қолайлы сілтеулер бұл жаста  қажет емес, дегенмен, бұл тәрбиелеуді  өздік мақсат ету. Кейбір қан тамырлардың  шектен тыс қозғалғыштығы кейбір жаттығуларды үйренуге қолайсыз жағдайлар тудырады.

7-10 жас координациялы  қасиеттердің дамуының жоғарғы  темпімен сипатталады. Бұган ЦНС-ң  тиістігі қозғалу анализаторының  интенсивті дамуы мүмкіндік береді.

Мектептегі  сабақта ойын жағдайына байланысты іс-қимылды кенет өзгертуді талап  ететін ойындарды, дененің кейбір бөліктерінің координациялы қозғалысын талап ететін қиындай түсетін жаттығуларды орындау, сонымен қатар, әр түрлі заттар мен жаттығуларды қолдану координациялы қасиетті жетілдіре түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Дене тәрбиесінде ұлттық ойындардың маңызы

 

Ұлттық ойындарға көп қозғалыстан тұратын ойындар жатады. Ойыншылардың мақсаты мен іс-әрекеті ойынның сюжетіне байланысты. Ережелер қатысушының құқығы мен міндеттерін көрсетеді, ойынның барысын және оның нәтижесін анықтайды. Қозғалысты талап ететін ойындар өздігінен және шығармашылық іс-әрекетімен сипатталады. (бұл белгілі бір нәрсемен ойналуы мүмкін).

Сюжет, ережелер және қозғалыс іс-әрекеттер ойынның  мазмұнын құрайды. Ойынның мазмұны  ойынның шартымен сипатталады, яғни көздеген мақсатқа жету үшін қатысушылар көптеген шара қолданады, бұл ойын процесін қанағаттандырады.

Ойынның мазмұны  мен формасы алдын-ала төмендегі  методикалық ерекшеліктермен анықталады: 1) бейнесі; 2) ережемен шектелетін іс-әрекеттің  еркіндігі; 3) қимылды толық қозғалыстың  мобилизациялық мүмкіндіктерімен орындау (жарыстың элементтері); 4) қатты қинамау, күш жігерді есептемей еркін қозғалу; 5) жағдайдың кенеттен өзгергіштігі; 6) қимылдың шығармашылық инициятивтігі (сонымен қатар, келісіп дұрыс қадағалай білу); 7) басқа ойыншылармен қатар топтағы өзінің ролін білу. 8) берілген тапсырманы орындауды іс-әрекетті дұрыс таңдау білу.

Қозғалыс ойындарының  бұрыннан қалыптасқан құрама бөліктері (мазмұны, формасы, методикалық ерекшеліктері). Мұны дене тәрбиесіндегі маңызды  қаражаттарының бірі ретінде қарауға мүмкіндік береді. Бұл қаражат педагогикалық практикада дұрыс қолданса, дене тәрбиесіндегі маңызды метод болады.

Педагогикалық практикада ойнау методы дене тәрбиесіндегі  тапсырмаларды орындауда, сонымен  қатар, спорттық дайындықтарда көмекші қаражат ретінде кеңінен қолданады.

Ойынның шарты, ережесі қатысушылардың саны әр түрлі  болуы мүмкін. Ойыншыларда арнайы дайындық талап етілмейді. Өзінің мақсатына  және мазмұнының ерекшеліктеріне байланысты мұндай ойындар балалар үшін қолайлы. 7-9 жаста балаларда еліктеу басым болады: олар естіген, көрген, білгендерін драматизациялауға, қимылдарды қайталауға әуес болады. 7-9 жастағы балалардың ойындарының көбі жан-жағындағы көрген іс-қимылдарын қайталаудан туады. Бірақ, бұл ойындардың маңызы тақырыбы мектеп жасына дейінгі балаларға қарағанда тереңірек болады. Бұл ойындардың кейіпкерлері балалардың өзінің ұнамды жақтарымен толықтырылады.

Кішкентай оқушылардың  сөз сөйлеуінің деңгейі оларға бір  ауыздан сөзді белгілі бір  ритмде іс-қимылмен байланыстыра отырып айтуы көптеген ойындарда оларға жақсы көңіл-күй сыйлайды.

7-9 жастағы балалардың  қабылдау мүмкіндігі басында  ұйқысыз, тұрақсыз болады. Олар  ойынды қалай ойнау керек екендігін  түсінуге тырыспай негізгі қимылдарды  қосымша қимылдардан айыра алмайды.  Сондықтан, ойынның реті бұзылуы мүмкін. Бұл ойынды дұрыс игеруге байланысты бұндай жағдайлар жәймен сирей бастайды.

7-9 жастағы балалардың  назары да тұрақсыз; олар бір  іс-әрекетті ұзақ уақыт меңгере  алмайды. Осылайша кішкентай оқушылардың  ойындары тез өзгеріп отырады, яғни бір ойыннан екінші ойынға тез ауысады.

Осы жастағы  балалардың есте сақтау қабілеті  жоғары бірақ, балалар өздеріне қызықты  нәрсені жақсы есте сақтап қалады. Олар ойындағы белгілі бір жағдайдағы приемдарды жақсы есте сақтап қалады және оларды өздері ұқсас жағдайларда қайталай алады, олар оқытушының бейнелей көрсеткен түсініктемелерін, сонымен қатар, олар ойнауды үйренген ережелерді есте сақтап қалады. Балалар сәтті және сәтсіз қимылдардағы эмоциялық толқуларды ұзақ уақыт ұмытпайды.

Қоғам болып өткізген  ойындар балаларда ойын үстінде бір-бірімен бірге отырып қимылдауға деген қызығушылықты артады.

Мұндай ойындар  қатысушылар арасындағы қарапайым  қатынастардан тұрады. Бүкіл ұжым болып қиыншылықтардан өту ойынға қатысушыларға жақсы көңіл-күй  сыйлайды.

Басшысы жоқ  ойындарда ойыншылар бұл ұжымдағы өзінің орнына таласады.

Басшысы бар  ойындар қатардағы ойыншылардың басшылардың іс-әрекетіне немесе олардың іс-әрекеттерінің кейбір элементтеріне қарсы біріккен күресіне айналады.

Ойынға назарын  толық аудармай және осы жастағы балалардың еріктік қасиетінің нашар дамуы балаларға, ойынның ережесіне ол ойынға белсенді араласуына және аз ғана уақытта ойын нәтижесін анықтауға тежеу болады. Еріктік қасиетін толық көрсетпеуге балалардың іс-әрекетінде белсенділіктің дамуы өзімшілдігі ойынды өзі үшін ( ойынды өзінің жолдастарына карағанда көптеген маңызды рольдерде ойнап топты жетектеу және тағы да сол сияқты) ойнауға әкеп соқтырады.

7-9 жастағы балалардың  сүйек буын аппараты тегіс   және иілгіш. Олар бір жақты  қысымнан үлкен бұлшықеттік күш жұмсаудан сонымен қатар, дененің ұзақ  уақыттық статикалық жағдайынан диформацияға ұшырайды. Оның бұлшықеттері әлсіз болып келеді, әсіресе (дененің) кеуденің артқы және алдыңғы бұлшықеттері.

Кішкентай оқушылардың  жасының ерекшеліктері оларға орын ауыстыру, беру, ауыр заттарды лақтыру (құм толтырылған доп) және тартылу сияқты ойындарды ойнауға мүмкіндік бермейді.

Және де бұл  жаста балаларға бір қалыпты  қимылмен және денені ұзақ уақыт бір  қалыпта сақтаумен байланысты ойындарды  ойнамаған жөн.

Балаларға үлкен  бұлшықет топтарын қатайтатын ойындар  пайдалы. 7-9 жастағы балалардың жүрек  қан тамыр жүйесінің құрамының  ерекшеліктері және функциялары  оларға қозғалыс іс-әрекеттерін барынша  көрсететін қимылды ойындар өткізуге мүмкіндік береді, бірақ дем алыспен үзіліс жасайтын ұзақ емес ойындар. Көп қозғалғанына қарамастан балалар тез жалығады. Бұл күшін шексіз жұмсаудың әсерінен, орталық жүйке жүйесінің функцияларының толық жетілмеуінің салдарынан. Дегенмен, қимылды ойындар балаларға қимылдың дәлдігін арттыруды бұлшықеттің сезімдерін, аймактық және уақыт сезімін жетілдіре түседі. 7-9 жастағы балаларға ойынның жағдайына байланысты іс-әрекетті бір жерден екінші  түрге тез ауыстыруды талап ететін ойындар қызығырак болады.

7-9 жастағы балаларды сыртқы күштің әсеріне әр түрлі қимылмен жауап беру мүмкіндігі жақсарады. Бұл уақытта дененің тез орын ауыстыруы бұдан жайырақ қалыптасады. Сондықтан оларға орынды тез ауыстырумен қатар, тез реакцияны да талап ететін ойындар қолайлы болады: кенеттен токтағанда әр түрлі қосымша тапсырмалар берілетін допты біреуге тез беретін ойындар, қозғалыс бағытын жаңарту және өзгерту.

Мектеп программасында ойындар маңызды орын алады. Олар жан-жақты денені дамытуда ең маңызды  рольдердің бірі болып табылады.

Дене тәрбиесі сабағындағы қимылды ойындар сабаққа байланысты тапсырманы орындауға бағытталады, оның мазмұны өтетін материалмен тығыз байланысты. Сабақта балалардың дайындығын, ағзаның функцияларының ерекшеліктерін, сыныптың тәртібін сонымен қатар, сабақ өтетін жердің жағдайын ескере отырып, ойынды ұйымдастырған жөн.

Ойындағы әр түрлі қозғалыс іс-әрекеттерін пайдалана  отырып ойыншыларда аймақтық уақытты  – қатынастарын дұрыс бағалау  мүмкіндігін дамыту керек. Оқушыларда назарын аударуға көмектесу керек (бір уақытта көптеген нәрсені қабылдап оған қайтара жауап беру мүмкіндігі). Сонымен қатар, әр түрлі ұсақ заттармен өткізілетін ойындар аз роль ойнамайды ( доп, қалта т.б.). Ойындағы мұндай жаттығулар тактілік және бұлшықет – қозғалыс жаттығулар тактілік және саусақтардың қозғалысын дамытуға көмектеседі.

Әр ойынның  барысында ойыншыларға бұл ойынның  денсаулыққа маңызын, гимнастикадан  оқу материалын меңгеруге жеңіл  атлетикадан, шаңғымен дайындықтан  және оқу мен еңбекке деген  ең жақсы дайындыққа маңызын түсіндіру  керек.

Қимылды ойындарды қолдану қозғалысты үйрету мақсатында және қозғалыс қасиеттерін дамытуға арналған тапсырмалар мен тығыз байланысты болу керек. Бұл жағдайда оқушының жасының ерекшеліктерін және жалпы физикалық дайындық деңгейін ескеру керек.

Ептілікті тәрбиелеу үшін таныс ойындардың мазмұнын жаңарту керек, қимылдың координациясына арналған жаңа тапсырмалар қою, ойынды жеке адамның немесе ұжымның іс-әрекетіне қарай ережені қиындата түсу керек. Жылдамдықты тәрбиелеу үшін жиі өзгеріп отыратын жағдайға байланысты тез қозғалыспен жауап беретін ойындар өткізу, оның қосымша тапсырмалармен қиындату сонымен қатар, тез жылдамдықпен 15-30 метр ара қашықтықтықты жүгіріп өтетін ойындар пайдалы – жылдамдық және күштілік қасиеттерін тәрбилеуде жылдамдықты және күшті көбірек жұмсайтындай етіп уақытты және ара қашықтықты жәймендеп өсіру (алдыңғы сыныптармен салыстырғанда), сонымен қатар және күштің қысымын арттыратын ойындардың уақытын ұзарту керек.

Қимылды ойындар баланың бойының  өсуіне, оқушылардың жасына байланысты ағзаның маңызды функциялары мен жүйелерінің дамуына сонымен қатар, дұрыс тік тұруды қалыптастыруға көмектесу керек. Ойындарда біз қимылдың негізгі түрлерін көреміз: жүріс, жүгіру, секіру, лақтыру. Әр түрлі кедергілерден өту. Таза ауада ойнау денсаулыққа жақсы әсер етеді. Бала ойнау кезінде жетіледі, шартты рефлекстер пайда болады жэне агзамен коршаган орта арасындагы байланыс күшейеді. Балалар ойын кезінде өздерінің дене қозғалысының қасиеттерін қанағаттандырады.

Ойындардың  ең қызықты факторлары жарыс элементтері  болып табылады. «Бос орын» немесе «артық» сияқты қарапайым ойындарда ойыншылардың жеңіске деген талпынысы көрініп тұрады: шеңберді тез жүгіріп өту, өзінің қарсыласына жетіп алу немесе озып кету. Сонымен қатар, әр команда немесе топтың қатысушылары жақсы нәтиже көрсетуге және жеңіске жетуге талпынатын балаларды топ қылып немесе команда қылып жарыстыру ойындары маңызды. Осы орайда белгіге байланысты топтың барлық ойыншылары қозғалады («Күн мен Түн»).

Ойында ойыншылардың іс-әрекетін түсіндіретіндей нақты  ережелер маңызды рол атқарады. Нақты ережелер ойыншының іс-әрекетін реттейді, артық қозуды тоқтатады және ойыншыларда ойынға деген қолайлы эмоция тудырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6. Сабақта оқушыларды ұйымдастыру және өткізу әдістемелері

 

 Мұғалімнің балаларды ұйымдастырудың әртүрлі әдістерін жаппай топтың жеке әдістерді пайдаланады.

Жаппай әдісті пайдалана отырып, балалардың бәріне орындалу тәртібі  бірдей жаттығу ұсынады,олар бір  мезгілде орындалады.

Жаппай әдісті қолдану сабақтың кез-келген бөлімінде, әсіресе балаларға жаңа жаттығу үйрету және өздеріне бұрыннан белгілі жаттығуларды жетілдіру кезінде тиімді болады. Бұл әдіс балалардың бойында әрекет үйлесімдігін қалыптастыру оларды жалпыға ортақ міндетті шешуге біріктіру, мұғалімнің балалармен тікелей қатынаста болуы,сондай-ақ сабақтың қозғаушы кушін арттыру үшін пайдалы.

Жаттығуды үйрету және оның егжей-тегжейін анықтау процесінде балалар кезекпен әрекет ететін топтарға бөлінуі мүмкін. Мұғалім 1 немесе 2 топтың жаттығуды  орындауын бақылау мумкіндігіне ие болады, ал қалған балалар өз жолдастарының әрекеттерін бақылауды және мұғалімді тыңдайды.

Жаттығуды орындаудың бұдан басқа  талассыз әдісі пайдаланылады, мұндайда да балалар кезекпен, бірінің соңынан  бірі үзіліс талассыз бір жаттығуды  орындайды.

Жаттығудың көп қайталануын жүзеге асыру үшін жаттығужасау 2,3 дүркін ұйымдастырылуы керек. Әрбір баланың әр түрлі жаттығуларды шеңбер бойлап (мысалы:шығыршықтан өту, отырғыштың үстімен бойды тік ұстап өту, секіру және қоңырацды соғу, жүгіру және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру) пайдалы болады.

Дене тәрбиесі жаттығуларын толассыз әдіспен орындауды ересектер  және дайындық топтарының ерекшелігін, ол жаттығуларды үйрету кезіндегі маңызының  ерекшелігін атап көрсетуіміз керек. Талассыз қимылдың үздіксіздігі кейде  балалардың дәл емес қимыл  әрекеттерін тәрбиешінің түзетуіне мүмкіндік жаттығудың орындауына қысқаша баға бере алады немесе ескерту жасап алады. Сонымен бірге қимыл дағдыларынжетілдіру кезінде талассыз әдісті қолдану балалардың ден-күшінің тездік, ептілік,күш, төзімділік және кеңістікте бағдар белгілей білуқабылеттерін қалыптастыруға көмектеседі.

Дене тәрбиесі сабақтарында топталып ойнау әдісі пайдаланылады. Бұл  әдіс сабақта мұғалімнің балаларды  үйрету және балалардың өздері бұрынигерген қимыл дағдаларын өзбеттерінше  жетілдіру процесі ұштастырылған жағдайда ғана қолданады. Бұл орайда балалардың 1 тобы мұғалімнің басшылығымен қандайда бір қимыл әрекетін үйренеді,екінші топ (немесе шағын екі топ) бұл кезде қимылдың басқа түрімен өз бетімен жаттығады. Балалардың 2-3 тобы өздеріне таныс бірақ әртүрлі жаттығуларды (доппен ойнау, өрмелеу, тепе-теңдік жаттығуы) орындап жаттығуы мүмкін.

Информация о работе Жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының ұлттық ойындар арқылы қимыл қозғалыс қарқындылығын арттыру