Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 17:05, дипломная работа
Мақсаты: 3 сағаттық дене тәрбиесі сабағындағы ұлттық ойындарды ұйымдастырғанда қозғалыс белсенділігінің артуы.
Міндеттері:
Мектеп жасындағы жас балалардың дене тәрбиесіне баулудың ерекшеліктерің қадағалау.
Қозғалыс белсенділігінің бала денсаулығына әсерін анықтау.
Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындардың маңыздылығын жеткізу
Эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы анализін орындау.
КІРІСПЕ
3
1. Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды дене тәрбиесіне баулу
4
1.1. Бастауыш мектеп жасындағы жас балаларға дене тәрбиесінен берілетін тапсырмалар
8
2. Қозғалыс белсенділігінің бала ағзасымен байланысы
17
2.1. Балалардың дене бітімінің ерекшеліктері
22
3. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың морфофункционалды дамуының ерекшеліктері
25
3.1. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қозғалыс функцияларының ерекшеліктері
28
4. Дене тәрбиесі сабағындағы қозғалыс қасиеттерінің дамуы
31
Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың маңызы
6. Сабақта оқушыларды ұйымдастыру және өткізу әдістемелері
36
42
Зерттеудің мақсаты, тапсырмалары, әдістемелері және оларды
Ұйымдастыру
46
8. Эксперимент нәтижелері
49
ҚОРЫТЫНДЫ
52
АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕР
54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
58
ҚОСЫМША
59-61
Алғашқы жылдан-ақ оны өзінің зиянды болып саналатын қажеттіліктерін тежеуге тәрбиелеу керек. Белсенділік пен тежеу аралығындағы сезім мөлгерін табу-тәрбие жөніндегі мәселені шешу деген сөз» Дұрыс жүргізілген ойындарда белсенділік пен ұстамдылық жақсы үйлесім тапқан. Әнмен, музыкамен байланысты ойындар балаларды эстетикалық тәрбиелеуге әсерін тигізеді.
Қозғалыс ойындарда балалар үлкен өзінділікпен ерекшеленеді. Олар өздерінің мінез – құлқының жағымды және жағымсыз толық ашады, ал бұның балаларды үйретуде зор маңызы бар.
Ойындар өте қызбалығымен ерекшеленеді. Дұрыс ұйымдастырылған және өткізілген жағдайда ол балаларға қуаныш сыйлайды, көңіл-күйін көтереді. Балаларды ойындағы жеке қасиеттерін, белсенділіктерін көрсетудің кең мүмкіндіктері қызықтырады. Ойындарда басқа дене жаттығуларына қарағанда қатысушылар өз ыңғайларына қарай әртүрлі ұзақ қозғалыстар орындай алады. Қозғалысқа бай ойындарға «Жапалақ» және «өз жалауларына» сияқты ойындарды жатқызуға болады.
Ойын тартымдылығының сөзсіз факторларының бірі жарыс элементі. Тіпті «бос орын» немесе «артық» сияқты қарапайым ойындардың өзінде ойнаушылардың жеңіске деген ұмтылысы айқын көрінеді.
Мұнан да гөрі анық жарыс сипаты командаға, топқа бөлініп ойындарда көрінеді.
Ойнай отырып, балалар өздерінің қозғалысқа деген қажеттіліктерін қанағаттандырады. Ойындарды дене тәрбиесінің басқа түрлерімен, ең алдымен гимнастикамен байланыстырып өткізген жөн.
І – сынып бағдарламасы үшін ойыншылар топқа бөлінбейтін, қозғалысы көп ойындар қарастырылады («қаз-аққулар», «жапалақ», «екі аяз») Мұнда көп ойындар белгілі бір сюжетке ие. Балалар белгілі бір сөздерді хормен айтатын ойындар үлкен құндылыққа ие («Карусель», «Мышеловка»). І-сыныпта әсіресе алғашқы айларда балалардың дағдыларын қалыптастыру үшін, балабақшада ойнаған ойындарды жүргізген жөн.
І-ІІ сынып бағдарламаларында жарыс элементтері бар, балаларды қарапайым командалық ойындарға даярлайтын ойындар да бар.
ІІІ – сыныпта күрделірек ойындар өткізіледі («Карастар мен шортан», «күн мен түн», «аңшылар мен үйректер»). Жарыс ойындарынан әртүрлі эстафеталар өткізіледі «пионер добы», «Лапта» және басқа. Төменгі сыныпта өткізілген кейбір ойындар жоғарғы сыныпта да қайталануы мүмкін. Мұғалім жыл мезгілдерін ескере отырып, ойындарды үйретуді тоқсандарға бөліп жоспарлайды. I-IY – тоқсандарға алаңқайда, таза ауада өткізілетін ойындар жоспарланады, ІІ-тоқсанға ғимаратта өткізілетін, ІІІ-тоқсанға, қар алаңдарында шаңғымен өткізілетін ойындар жоспарланады. Ойындар қозғалыс шеберлігі мен дағдысын қалыптастырып, дамыту үшін, қатысушылар организмнің жан-жақты дамуы үшін, белгілі бір педагогикалық мақсатпен өткізіледі.
Ойындар сабақтың кіріспе бөлігінде өткізілетін ойындардың мақсаты - балаларды ұйымдастыру, организмдерін «қыздыру». Сабақтың негізгі бөлімінде өткізілетін ойындар қозғалыс шеберлігі мен дағдыларды асыруға негізделген.
Сабақтың соңғы бөлігіндегі ойындардың мақсаты - организмді қалыпты тыныш күйге келтіру, оқушыларды жаңа әрекеттерге даярлау. Балалармен жұмыс істеу үшін ойындарды таңдаудың маңызы зор. Сабақтағы ойындар ең алдымен қозғалыс мазмұнына тәуелді таңдалады. Ойындарды олардың қозғалыс мазмұны басқа жаттығуларды орындауда қайталанбайтындай етіп таңдаған жөн.
Ойындарды таңдауда оның мазмұны елеулі мәнге ие. ‡лкен мұқияттылықты талап ететін күрделі ойындарды техникалық күрделі жаттығулар үйретілетін сабақтарда өткізбеген дұрыс. Мұндай кезде балаларға жақсы таныс ойындарды таңдаған жөн. Сабаққа ойындарды таңдауда мыналарды қарастыру керек: а) ойын арқылы шешілетін педагогикалық мәселелер; б) сабақтағы ойынның орны; в)ойынның негізгі қозғалыс мазмұны; г) физикалық және эмоционалдық күш; д) жасы, жынысы және физикалық даярлығы бойынша балалар құрамы; е) ойынды өткізу орны және қажетті құралдар; ж) ойынға балаларды ұйымдастыру әдісі;
Педагогикалық тапсырмалар сабақ жоспарына қысқа, анық жазылуы тиіс.
Ойын кезіндегі балалардың белсенділігі үлкен. Физиологиялық және эмоционалды күш туғызады. Түскен күшті жеңілдету үшін, келесі тәсілдер ұсынылады: а) ойын ұзақтығы мен қайталану санын өзгерту; б) алаңқайды үлкейту немесе кішірейту; в) инвеньтар салмағы мен көлемін өзгерту; г) ойын шартын жеңілдету немесе қиындату; д) іс-әрекеттер санын азайту немесе көбейту; е) үзілістер енгізу немесе алып тастау; ж) ойын кезінде балалардың демалуы үшін «үйді» ұйымдастыру немесе одан бас тарту. Оқушылар бағдарламада қарастырылған ойындарды сабақтан тыс уақытта да ойнай алулары қажет. Ойындарға үйретуде тәрбие жұмысына үлкен назар аудару керек. Ойындар балаларды тәртіпке үйретуі, тату коллектив құруға көмектесуі керек. Бұған ойын шарттарын қатаң сақтау, мұғалімнің қадағалауы мен ескертпе жасап отыруы ықпал етеді.
Ортақ мақсатқа жету үшін бірігіп күш жұмсау, өзара көмек, ойын процесінде өз жолдастарын құтқару балаларды жағымды қасиеттерді тәрбиелейді.
Ойын кезінде ешқандай азарт болмауы керек. Ойын кезіндегі қарсыластардың шын өмірде қарсыласқа айналып кетуіне жол бермеу керек. Керісінше, ойыннан соң балалар өте тату болуы керек. Көптеген ойындар, әсіресе І-ІІ сыныптарда, танымдық мәнге ие. Жетекшілерді мұғалім белгілегені жөн. Жетекшілікке жылдам, қуатты және инициативті балаларды сайлау керек. Алайда, егер ойын жақсы таныс болса, тәрбиелік мақсатта нашар ойнайтын балаларды да сайлауға болады. Мұндай кезде олар жауапкершілікті сезініп тапсырманы жақсы орындауға тырысады.
Ойын меңгерілгеннен кейін жетекшілерді белгілеу емес, таңдау керек. Бұл үшін санамақтарды қолданған жөн. Мұнан басқа ойынды жетекшілерді басқа да тәсілдермен анықтауға болады: а) бұрынғы жетекші жаңа жетекшіні сайлайды. б) бұрынғы жетекші айтқан номерге ие болған оқушы немесе мұғалім көрсеткен оқушы жетекші болады. в) кім жүгіруден бірінші келсе немесе алысқа секірсе сол жетекшілікке ие болады. Топқа немесе командаға бөлуді бой бойынша тұрғызылған қатардан санау арқылы жүргізген дұрыс. Басқа тәсілден тиімсіз, себебі әлсіз топтар пайда болуы мүмкін. Командаға бөлудің жақсы тәсілі - үш-үштен немесе төрт-төрттен колоннаға тұрғызу. Ойындар тәртіптің бекуіне ықпал етуі керек. Ойындарды ұйымдастыруда маңызды сәт жетекшілерді бөлу, балаларды топқа, командаға бөлу болып табылады. Қозғалыс ойындарын жүргізу оқушылардың дене тәрбиесі бойынша жалпы жұмысында маңызды болып саналады.
2.1. Балалардың дене бітімінің даму ерекшеліктері
7-8 жас аралығында ұл балалар мен қыздардың дене бітімінде ерекшеліктер жоқ деуге болады. Осы жастағы балаларға дене тәрбиесін өткізген кезде мынаны ұмытпаған жөн: жүйке жүйесі әлі даму үстінде, қаңқа сүйектері өсіп қатаймаған, адамнын бойына жауап беретін гармондар ағзаның дамуына әсер етеді, қан айналымы ерекше күшті.
Жүйке жүйесі ағзаның қалыпты жұмыс жасауына әсер етеді. Ол адам ағзасында болып жатырған барлық процестерге жауап береді. Жүйке жүйесі адам өмірінің соңына шейін көптеген өзгерістерге ұшырайды. Жүйке жасушалары калпына келмейтіні бәрімізге белгілі. Жүйкенің жіпшелері бұзылса қайта қалпына келеді, бірақ егер жасуша бұзылса жүйке жұмысын тоқтатады. ¤мір бойы біз дүниеге келген кездегі мидың жасушаларымен өмір сүруіміз керек. Бірақ егер мидың көлемі денемізге қарағанда үлкен болса да, ол ерекше дамыған емес. Ерекше ұзақ уақыт бойы калыптасатын мидың сырткы қабаты яғни, іс-қимылға жауап беретін бөлімі. Сондықтан баладан оның жүйкесі мен бұлшықеттері бірігіп істейтін қиын жаттығуларды орындайды деп күтудің пайдасы жок, себебі ол әлі бұған дайын емес. Қиын қимылдарды орындаудың техникасын орындау үшін біршама уақыт керек. Сонымен қатар баланың сезімі де соған байланысты. Бала орындай алмайтын жаттығулар онда психикалык және физикалык шаршау емес, сонымен қатар онда спортқа деген жиіркеніш тудыруы мүмкін. 6-8 жас аралығында бойдың өсуі деп аталатын кезең болады. Осы кезеңде әр түрлі қимылдарды орындау балаға қиын болады. Бұл баланың бойының тез өсуімен, оған салмақ қосылуымен сипатталады, осы кезде жүйке жүйесі баланың дамуына ілесе алмайды. 8-жастан өтпелі кезеңге дейін баланың бойынын өсуі баяулап, ол көлденеңнен өсе береді. Бұл кезенде іс-қимылды қадағалау жақсарады.
Баланың жүйке-бұлшықет дайындығының дамуы (координация, техника) өмірінің бірінші 5-жылдығында 30%-ті құраса, ал 12 жаста 90%. Сондықтан 5-12 жас аралығында балаға барынша стандартты қимылдарды жан-жақты үйреткен жөн. Осы кезеңде неғұрлым көп қимылды іске асырсақ, соғұрлым болашақта қимылдың ерекше техникасына жеңіл үйренеді.
Қаңқаның дұрыс қатаймауы. Бала туған кезде оның қаңқасы жұмсақ, тез сынғыш заттан тұрады. Кейін қаңқа сүйектерінің ұлпалары жай дамып тек өтпелі кезеңге келген кезде қаңқа толығымен дамып болады. Шеміршек иілгіш болғандықтан балалардың сүйектері үлкендерге қарағанда сынғыш болмайды. Дегенмен шеміршек үлкен қысымға төзе алмайды. Неғұрлым көп және ұзақ уақыт бойы жалғасатын қысым бала қаңқасында диформацияны соғұрлым көп тудырады. Бала бойының гармондарының ағзаға әсері. Біз баланың сүйек ұлпаларының дамуына әсер ететіні белгілі және бұл гармондардың жетіспеуі баланың дамуында ақау туғызады. Бірақ бойдың гармондары басқа да мүшелердің дамуына және олардың функциясына әсер етеді.
Бәрімізге белгілі теорияда айтылғандай физикалық белсенділік балалық кездегі барлық ағзаның дамуына әсер ететін бойдың гармондарын қалыптастырады. Адамның ағзасы барлығы бірге жұмыс процесі кезінде ғана дамиды және күнделікті жұмыс тұлғаның қалыпты дамуына негізгі шарт болып табылады. Балалық шақта тұлғалық белсенділіктің маңызын бағаламауға болмайды. Тұлғалық белсенділік тек қана бұлшықеттің және қаңқаның дамуына ғана емес, сонымен қатар жүректің, өкпенің және де басқа мүшелердің жұмысын қадағалайды.
Қан айналым мүшесі. Сау адамның жүрегі және қан тамырлары үлкен қуат қорына ие. Балалар күні бойы шаршамастан жүгіріп ойнай алады. Бала жүрегінің көлемі оның тұлғалық белсенділігіне тәуелді. Егер баланын жүрегі үлкен болса, ол көп қан айналдырып жақсы жұмыс істейді деген сөз.
Осылайша кимыл баланың дамуына ерекше биологиялық қажеттілік болады. Бұны денсаулыққа әсер етпейтіндей етіп өзгертуге болмайды. Бұлшықет қимылдарын шектеу ағзаның дамуын және жан-жақты қалыптасуын тежеп қана қоймай, оның келесі кезеңдердегі өмірге қажетті қимылдарын шектейді.
Қыздардың қозғалыс белсенділігі балаларға қарағанда 20-30% төмен. Қыздар өз бетінше іс-қимыл белсенділігін сирек көрсетеді. Қыздарда белсенді демалысқа деген сұранысын арттыру керек. Балалардың дене тәрбиесіне деген көзқарасын дұрыс қадағаламау, оның қимылға деген қызығушылығын төмендетеді.
3. Мектеп жасындағы жас балалардың морфофункционалды дамуының ерекшеліктері
Рационалды, физиологиялық және гигиеналық негізде жасалған дене тәрбиесі бала ағзасының биологиялық қалыптасу заңдылықтарын ескермей жұмыс жасамайды. Әртүрлі сандық және сапалық қатынаста берілетін физикалық қысымда осы кезеңдегі физиологиялық нормалардың оптимальды қасиеттерімен анықталады. Балаға дене тәрбиесі сабақтарында жоғарғы қысымды бала ағзасының мүмкіншіліктерінен артатын жаттығуларды жасату оның денсаулығына зиян келтіреді.
Баланың анатома-физиологиялық зандылықтарына қарамай берілген талаптарды дұрыс орындамау балада жаттығуларға қиыншылық сезімін тудырады және кейін оған деген жалпы қызығушылық жойылады. Бастауыш мектептердегі дене тәрбиесін одан әрі дамыту оның маңызды марфофункционалдық мінездемесімен танысуды және ағзаның қозғалыс функцияларының калыптасуын қадағалайды.
Осы жасқа негізі сипат беретін бала ағзасының сыртқы ортамен әсерлесуінің сипатталатын аяқталмаған процесс. Тірек-қимыл аппараты тұрақты қалыптасу үстінде. Қаңқадағы 206 сүйектің әр қайсысы форма жағынан, көлемі жағынан және ішкі құрылысы жағынан өзгеріске ұшырайды. Қиын тірек функцияларын атқаратын омыртқа толығымен дерлік шеміршек ұлпаларынан тұрады. Оның қозғалғыштығы балаларға қарағанда қыздарда жақсы көрсетілген. Гигиеналық шарттарды орындамау, дұрыс конбау, жасына сәйкес келмейтін тұлғалық қысым денені тік ұстауды бұзуы мүмкін. Бұл мойын, кеуде және бел омыртқаларының майысқыштығын бұзады. Сколиоз кезінде омыртқа қисайып ол бұрылуға және диформацияға жарамай қалады. Дұрыс қолданылмаған физикалық қысымдар бойдың өсу процесінің бұзылуына және сүйек жүйесінің дамуын тудыратын микротравмаларға әкеп соқтырады. Секірген кезде дұрыс қонбау оң және сол аяққа түскен қысым жамбас сүйектерінің қозғалып кетуіне, олардың дұрыс өспеуіне, бойынын дұрыс өспеуіне және болашақта бала туу функциясына әсер ететін қыздардың жанбасының формасының өзгеруіне әкеп соқтырады. Бірінші және екінші мойын омыртқалары дұрыс қалыптаспағандықтан айналу жаттығуларын орындағанда абай болу керек. Бұл жағдайда екі омыртқаның арасы ұзарып осының нәтижесінде жұлын созылады.
6-8 жас аралығындағы балалардың денесіндегі өзгерістер әртүрлі болады. Мысалы: баланың қолы мен аяғы денесіне қарағанда тез өседі, алақаны мен табаны иық пен санға қарағанда жәй өседі. Бұлшықет ұлпалары өсіп олардың күші де прогреске ұшырайды. Бұлшықеттің шыдамдылығы артады. Сығу мүмкіндігі сығу мүмкіндігінен жоғары. Ер балалардың бұлшықеттерінің мүмкіншіліктері қыздардікіне қарағанда күштірек. Баланың денсаулығы мен физикалық дайындығымен қатар, оның биологиялық өсу көлемін де ескерген жөн.
Биологиялық даму немесе биологиялық жас - бұл марфофункционалдық дамудың жеткен деңгейі.