Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 17:05, дипломная работа
Мақсаты: 3 сағаттық дене тәрбиесі сабағындағы ұлттық ойындарды ұйымдастырғанда қозғалыс белсенділігінің артуы.
Міндеттері:
Мектеп жасындағы жас балалардың дене тәрбиесіне баулудың ерекшеліктерің қадағалау.
Қозғалыс белсенділігінің бала денсаулығына әсерін анықтау.
Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындардың маңыздылығын жеткізу
Эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы анализін орындау.
КІРІСПЕ
3
1. Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды дене тәрбиесіне баулу
4
1.1. Бастауыш мектеп жасындағы жас балаларға дене тәрбиесінен берілетін тапсырмалар
8
2. Қозғалыс белсенділігінің бала ағзасымен байланысы
17
2.1. Балалардың дене бітімінің ерекшеліктері
22
3. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың морфофункционалды дамуының ерекшеліктері
25
3.1. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қозғалыс функцияларының ерекшеліктері
28
4. Дене тәрбиесі сабағындағы қозғалыс қасиеттерінің дамуы
31
Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың маңызы
6. Сабақта оқушыларды ұйымдастыру және өткізу әдістемелері
36
42
Зерттеудің мақсаты, тапсырмалары, әдістемелері және оларды
Ұйымдастыру
46
8. Эксперимент нәтижелері
49
ҚОРЫТЫНДЫ
52
АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕР
54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
58
ҚОСЫМША
59-61
Қорғауға жіберілді
Дене тәрбиесінің теориялық негіздері кафедрасының меңгерушісі, доцент
-------------------------- Просянкин В.В.
Жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының ұлттық ойындар арқылы қимыл қозғалыс қарқындылығын арттыру
Кәсіби шығармашылық факультетінің «ДШ ж/е Спорт»
мамандығының 4 курс 401 тобының
дипломшы-студенті
Ғылыми жетекші
ДТТН кафедрасының оқытушысы Мамытов Б.Қ.
Ақтөбе
2005
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ |
3 |
1. Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды дене тәрбиесіне баулу |
4 |
1.1. Бастауыш мектеп жасындағы жас балаларға дене тәрбиесінен берілетін тапсырмалар |
8 |
2. Қозғалыс белсенділігінің бала ағзасымен байланысы |
17 |
2.1. Балалардың дене бітімінің ерекшеліктері |
22 |
3. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың морфофункционалды дамуының ерекшеліктері |
25 |
3.1. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қозғалыс функцияларының ерекшеліктері |
28 |
4. Дене тәрбиесі сабағындағы қозғалыс қасиеттерінің дамуы |
31 |
6. Сабақта оқушыларды |
36 42 |
Ұйымдастыру |
46 |
8. Эксперимент нәтижелері |
49 |
ҚОРЫТЫНДЫ |
52 |
АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕР |
54 |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ |
58 |
ҚОСЫМША |
59-61 |
Кіріспе
Өзектілігі. Жасөспірімдерді дене тәрбиесіне баулу соңғы кездері ерекше толғандырып отыр. Соңғы нәтижелер бойынша санитарлық-гигиеналық жағдайлардың төмендеуінен, оқушыларда дене қозғалысының белсенділігінің төмендеуі әсерінен мектеп оқушыларының денсаулығында бойының өспеуі, семіздік, көзінің нашарлығы, жүйке аурулары және аллергиялық қозу сияқты аурулар көбейіп кетті.
Ұлттық ойындар – баланың жан-жақты дене тәрбиесінің бірден-бір көзі ғана емес, сонымен қатар бақытты балалық шағының қолдаушысы.
Берілген дипломдық жұмыста ұлттық ойындармен жалғасатын үш сағаттық дене тәрбиесі сабағын ұйымдастыру кішкентай оқушылардың қозғалу белсенділігін арттыратынын дәлелдейді.
Практикалық маңызы. Бастауыш мектептердегі сабақтарда ұлттық ойындар балалардың жылдамдықтарын, шыдамдылықтарын артуын қадағалайды. Ойын үстінде балалар өзінің қозғалыс талаптарын қанағаттандырады.
Берілген дипломдық жұмыс дене тәрбиесі мұғалімдеріне әдістемелік оқулық бола алады.
Мақсаты: 3 сағаттық дене тәрбиесі сабағындағы ұлттық ойындарды ұйымдастырғанда қозғалыс белсенділігінің артуы.
Міндеттері:
Ғылыми жаңалық: Дене шынықтыру сабағындағы 3-ші сағаттқа ұлттық ойындарды қосу.
Педагогика ғылымында
дене тәрбиесінің халықтық түрліше
құралда-рын қолдану
Халқымыз материалдық мұраларға қоса мәдени қазыналарға да бай. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Сондай қомақты дуниелер қатарына ұлт ойындары да жатады
Бала өзін қоршаған дуние туралы алғашқы түсінікті ойын үстінде алады, ол дүние сырларын түйсініп аңғарады, тәжірибе жинақтайды. Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткең өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны уйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы мол. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Тәрбиенің баға жетпес құралы ретінде ойынның айтарлықтай ролі бар. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтің ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. "Бала ойынмен өседі" деп халық бекер айтпаған.
Ұлттық ойындардың білімдік маңызы қозғалыс қасиеттерінің дамуымен бір мезгілде қозғалыс дағдыларының баянды етіліп, жетілідірілуінде жатыр. Ойындарды күнделікті іс жүзінде пайдалану ұлттық ойындарда түрліше қозғалыстар бар екендігін, өсіп келе жатқан ағзаға жағымды эсер ететін барлық ет топтарының жұмысқа қосылатындығын көрсетеді
Адамның өсіп жетілуі үшін, тұрмыс-тіршілікте қажетті дағдыларды меңгеруде қимыл-қозғалыс ойындары үлкен маңызға ие. Сабақта және дербес жаттыққанда қозғалыс ойындарың оның ішінде ұлттық халықтық ойындары қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі.
Лагерлерде, саяхат кезінде, жорықтарда "Далалықта өткізілетін ойындар" деп аталатын ойындардың маңызы өте зор. Бұл қозғалыс ойындары эр түрлі табиғи кедергілерден өту, күш сынасу әрекеттерімен қатар, байқау және бағдарлау жаттығуларымен ұштастырылады. Ойнаушылар қыста және жазда табиғатпен тікелей қауышу жағдайында көптеген қозғалыс дағдыларын мейлінше дұрыс және дәйекті түрде қолдануға, ше-берлікті, қабілеттілікті үйрене білуге дағдыланады
Баланы тәрбиелеудің түрлерінің бірі - дене тәрбиесі педагогикалық процестерімен сипатталатын оқу-тәрбие процесі болып табылады.
Дене тәрбиесінің нормасы
Дене тәрбиесінің басқа да тәрбиелеу түрінен айырмашалығы, бұл – ұзақ уақыт бойы қалыптасатын адамдағы іс-қимылдың мүмкіншіліктерін арттыратын және дене қасиеттерін дамытатын күрделі процесс.
Дене тәрбиесі және адамның денесінің дамуы тығыз байланысқан процестер. Сонымен қатар табиғаты әртүрлі. Жалпы тәрбиелеу жүйесінде дене тәрбиесі адамның дене дамуына ерекше үлесін қосады және сонымен қатар жеке денесінің дамуына бағытталған процесс.
Дене тәрбиесі процесі кезінде ағзаның функциональдық қасиетіне және сол арқылы дене бітімінің қасиетіне әсер ететін негізгі фактор дененің қозғалыс әрекетінің рационалдық мүмкіншіліктері және дененің физикалық даму белсенділігі мен сипатталатын тәрбиеленушінің белсенді қозғалыс әрекеті.
Дене тәрбиесіндегі әртүрлі құралдарды дұрыс пайдалану, адам ағзасына терең де жан – жақты әсер етуі арқасында күшті денсаулық және қажетті физикалық дайындықты қамтамасыз етеді.
Дене жаттығулар дене тәрбиесі үшін негізгі құрал болып табылады. Дене жаттығуларды үнемі орындау адамның жұмыс икемділігін арттыруға, бұлшық ет жүйесінің нығаюына және дамуына, қан айналым мен тыныс алу жүйелерінің, орталық жүйке жүйелерінің қызметіне жақсы әсерін тигізеді, және де бастағы ми қабықшаларының шаршауын төмендетеді.
Тірек-қимыл жүйесінің дамуы және нығаюы үшін физикалық жаттығулардың маңызы өте зор: сүйектің төзімділігі, дененің иілгіштігі артады.
Дене жаттығулардың арқасында бұлшықет көлемі және күші өседі.
Дене жаттығулар адамның ішкі құрылысына да әсерін тигізеді. Соның ішінде жүрек пен өкпе үшін маңызы зор. Дене жаттығулар арқылы адамның денесіндегі бүкіл бұлшық еті, соның ішінде жүрек бұлшықеті дамиды және шынығады.
Шыныққан жүрек шынықпаған жүрекке қарағанда әр қысылған сайын қолқаға көп көлемде қанды айдайды. Шыныққан спортсменнің жүрек соғысы қалыпты жағдайда жәй, минутына 50-60 рет, ал қатты жұмыс атқарған кезде жүрек соғысы минутына 240-қа дейін жетеді.
Зерттеу көрсеткіштері бойынша спортсменнің жүрегі физикалық жаттығулар арқасында әлсізденбейді, керісінше жұмысқа икемділігі жоғарылайды.
Дене жаттығулар тыныс алу жүйесін нығайтады. Және кеуде қуысының көлемін үлкейтеді.
Адамдар мен күнделікті өмірде қажетті жалпы физикалық дайындықтар: тез жүре білу және жүгіру, жақсы жүзе білу, секіру, шаңғы тебе білу, алысқа және жақынға дәл гранатты лақтыра білу, қиындықтарды жеңе білу, т.с.с. Осы әдістер мен білімдерді кішкентай кезден қалыптастыру дене тәрбиесі үшін негізгі практикалық мақсат болып табылады.
Дұрыс ұйымдастырылған дене жаттығулар үрдісі арқылы моральдық және еріктілік, ұйымшылдық, тапқырлық, саналы тәртіптілік қасиеттері тәрбиеленеді. Ұйымдастырылған топтық жаттығулардың, жарыстардың, саяхаттардың, достық, жолдастық, ұжымдық сезімін тәрбиелеуде маңызы зор.
Дене тәрбиесі процесінде басқа да педагогикалық процестерді сияқты белгілі бір түрге арналған процестер ғана емес сонымен қатар жалпы қоғамдық тәрбиелеуге арналған тапсырмалар да орн алуы тиіс. Адамдағы дене және жан дамуының ұқсастығы, тұлғалық мүмкіндіктердің дамуы қозғалыс іс-әрекетінсіз іске аспайтыны белгісіз, сонымен қатар тәрбиенің кез-келген түрінде адам өзіне дене бітімінің дамуы, ой даму, әдіс дамуын ашады.
Оқушылардың денсаулығын жақсарту және тұлғасын жақсарту үшін жасалатын іс-әрекеттермен гигиеналық шарттар
Бұл тапсырма мектептегі дене тәрбиесі мен спорттағы жұмыстардың ең маңыздысы, мұны кез-келген мұғалім, педагогикалық ұжымның барлық ұжымы, мектеп дәрігері және ата-аналар қадағалауы керек. Бұл барлық жаттығуларды сабақтағы жаттығуларда, дене тәрбиелік минуттарда, сонымен қатар сабақтан тыс жағдайларда орындалады. Денсаулықты жақсартуға арналған тапсырмалар барлық мектеп ғимаратын тазалықта ұстауды талап етеді және табиғи факторлардың кеңінен қолданылуын талап етеді.
Оқушылардың денсаулығын жақсартуға арналған тапсырмаларды орындау кезінде мектеп оқушылардың дене тәрбиесі пәніне белсене араласуын қадағалайды. Бұл жағдайда көп жаттығулар ашық өтеді, ал жабық ғимарат ішінде болса, арнайы гигиеналық жағдайлар жасалады.
Қажетті гигиеналық шарттарды орындау дене тәрбиесінде маңызды роль атқарады.
Бұған кіретіндер
қатаң күн тәртібі, еңбек және
демалыс уақыттарын тиімді
Дене тәрбиесінің жаттығуларын орындау үшін басқа да гигиеналық жағдайлар жасалуы қажет. Сабақ, секция, жарыс өтетін бөлмелер таза боуы тиіс және ол жердің ауасын желдетіп тазалап, температураны қалыпты ұстау керек.
Дене тәрбиесінде қолданылатын заттар, құралдар әрбір жынысына, жасына сәйкес болуы керек.
Гигиена шарттарына сонымен бірге өз басы гигиенасы кіреді. Өз басы гигиенасына қойылатын негізгі талаптар сыртқы және ішкі тазалығы, аяқ киім тұратын жер, жұмыс орны, күндеікті пайдаланатын тұрмыс заттарының тазалығы.
Оқушылардың өз басы гигиенасына қойылатын тағы бір талаптарының бірі кітапқа, дәптерге, мектеп мүлкіне, өзінің заттарына, ұқыптылықпен қарауы, мектепте, үйде, көшеде, қоғамдық жерлерде өзін дұрыс ұстауы.
Қозғалыс мұмкіндігін қалыптастыру және жетілдіру.
Қозғалыс тәжірибесін байыту
Мектептегі дене тәрбиесінің бағдарламасы оқушылардың дене тәрбиесімен сабақта, үйде, спорт секцияларында өмірге қажетті қозғалыс мүмкіндігіне үйреніп, оны өмірде қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар балаларды өмірде қолдана бермейтін, бірақ дене тәрбиесінде жан-жақты қолдануға қажетті жаттығуларды орындауға үйрету. Балалармен барынша көп ойнау керек, себебі ойын үстінде әртүрлі қимылдарды байытуға болады.
Мектептегі дене тәрбиесінің бағдарламасын шеше отырып әрбір бағытында білім беру, сауықтыру және тәрбиелеу бағытын есепке алып бағдарлануы тиіс.
Айтылған қажетті жағдайларын талдау мектептегі дене тәрбиесінің бағдарламасына жатады-нормативтік құжат, шешу мақсаты, дене тәрбиесін ұйымдастыру және шешілетін оқушыларды жалпы білім беретін мектепте тәрбиелеу, анықтау жүйесін талап ететін тәсілге және оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Қозғалыс қаситтерін арттыруға арналған іс-әрекеттер
Адамға шалттық, ептілік, күш, шыдамдылық, майысқақтық, төзімділік, икемділік өте қажет.