Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 17:05, дипломная работа
Мақсаты: 3 сағаттық дене тәрбиесі сабағындағы ұлттық ойындарды ұйымдастырғанда қозғалыс белсенділігінің артуы.
Міндеттері:
Мектеп жасындағы жас балалардың дене тәрбиесіне баулудың ерекшеліктерің қадағалау.
Қозғалыс белсенділігінің бала денсаулығына әсерін анықтау.
Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындардың маңыздылығын жеткізу
Эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы анализін орындау.
КІРІСПЕ
3
1. Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды дене тәрбиесіне баулу
4
1.1. Бастауыш мектеп жасындағы жас балаларға дене тәрбиесінен берілетін тапсырмалар
8
2. Қозғалыс белсенділігінің бала ағзасымен байланысы
17
2.1. Балалардың дене бітімінің ерекшеліктері
22
3. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың морфофункционалды дамуының ерекшеліктері
25
3.1. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қозғалыс функцияларының ерекшеліктері
28
4. Дене тәрбиесі сабағындағы қозғалыс қасиеттерінің дамуы
31
Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың маңызы
6. Сабақта оқушыларды ұйымдастыру және өткізу әдістемелері
36
42
Зерттеудің мақсаты, тапсырмалары, әдістемелері және оларды
Ұйымдастыру
46
8. Эксперимент нәтижелері
49
ҚОРЫТЫНДЫ
52
АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕР
54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
58
ҚОСЫМША
59-61
Тікелей балалардың бір тобын үйрете жүріп, тәрбиеші жаттығу жасап жатқандардың бәрін өз назарында ұстайды, өз қимылдарының дұрыстығын өздері бақылауды ұсынады.
Мұндай ұйымдастыру жағдайда балалардың бойында жауапкершілік, ұстамдылық, жалпыға бірдей іскерлік көңілкүйді бұзбай тапсырманы өзбетінше орындай білу, өз дағдыларын саналы түрде жетілдіру қабілеті қалыптасады, сондай-ақ сабақ барысында бүкіл топтың қимыл ширақтылығын және сабақтың қозғаушы кұшін сақтауға мүмкіндік береді.
Балалардың сабақ кезіндегі зейіні мен белсенділігі, олардың эмоциялық жағдайы (әртүрлі жастағы топтарда) қимыл материалдарының іріктеп алуына, тәрбиешісінің қолданатын тәсілдері мен сабақ кезінде балаларды ұйымдастыру әдістеріне байланысты. Егер балалар ұйымдастырудың әртүрлі әдістері арқылы қимыл әрекеттерін үйрету және қимыл қозғалыс ойындарын өткізу процесінде қимылға бір мезгілде тартылса олардан тұрақты зейінділік, эмоциялық жағымды күні тапсырмаға толық дәрежелері байқалады.
Қимыл әрекетінде балалардың тек бір бөлігі ғана тартылып, ал екінші бөлігі орындайтын тапсырма болмай, әрекет ету үшін өз кезегін күтіп тұрған жағдайда, кезек күтіп тұрған топ «қозғаушы, алаңдаушылық» белгі деректік тұрақтылығының жеткіліксіздігінің белгілерін көрсете бастайды.
Сабақ процесінде жеке әдіс пайдалануы мүмкін, ондайда әрбір бала берілген тапсырманы мұғалімнің бақылауымен өз бетінше орындайды. Жалпыға бірдей жаттығудың егжей-тегжейін анықтау мақсатында ол да мұғалімнің ерекше көңіл аударуын, балаларды жақсы ұйымдастыруды, балалардың бәрін сергек бақылауға және тапсырманың орындалу дұрыстығына талдау жасауға тартуды, тәрбиешінің шақыруымен жаттығуды қайта жасауға талап етеді.
Сабақ кезінде балаларды ұйымдастырудың көрсететін әдістерінің әрбірін пайдалану, тәрбиеші қойған міндеттерге сабақ өткізетін жағдайларға және тиімді түрде жүзеге асыруға байланысты.
Балаларды үйрету кезінде ұйымдастырудың дене тәрбиесі сабақтарының тиімділігін арттыруға жеткізетін әртүрлі әдістерін аралас қолдану неғұрлым пайдалы болады.
Сабақтағы дене жаттығуларын іріктеп алуға қойылатын талаптар.
Сабаққа арнап дене жаттығуларын іріктеп
алу «Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі
бағдарламасы» негізінде
Кезекті сабақтың жоспарын талдап жасауға бұрын өткен 2-3 сабақтың әсіресе соңғы сабақтың тиянақты талдауы алғы шарт болады.
Талдау процесінде өткен сабақта алғы сабақта қойылған міндеттер жүзеге асырылады. Дәрежесі, балалардың реакциясынан көрінетін және әрбір сабақты есепке алу негізінде белгіленетін нәтижелер (жаңа бағдарламалық материалды барлық және жекелеген балалардың игеру дәрежесі, өздеріне таныс қимылды игертудегі прогресс немесе керісінше, қосымша жаттығуларды, жеңілдетілген варианттарды неғұрлым дәлдікпен үйретуді сабақта балаларды ұйымдастыру формаларын өзгертуді, жеке бөліп сабақ жүргізуді және сол сияқты талап ететін қандайда бір қиындықтарды айқындайды.
Бұрын өткізілген және соңғы сабақтың тығыз байланысы, олардың жалпыға ортақ мақсаттылығы орындалуы кезінде бірте-бірте күрделіленетін міндеттердің айқын дәйектілігін белгілейтін үйлесімді жүйесін, бағдарламасының өтуін және сол арқылы кез-келген жастағы топтың балаларын үйретудің табысты нәтижесін қамтамасыз етеді. Өткен сабаққа талдау жасау негізінде ең алдымен негізгі бөлімінің;балаларға жаңа жаттығулар үйрету, бұрын өздеріне таныс жаттығуларды қайталау және жетілдіру міндеттері анықталады. Нақты дене тәрбиесі жаттығулары атап көрсетіледі.
7 Зерттеудің мақсаты, тапсырмалары, әдістемелері және оларды ұйымдастыру
Мақсаты: төменгі сынып оқушылары үшін дене тәрбиесінің 3 сағаттық бағдарламасының практикалық маңызын анықтау.
Міндеттері:
Зерттеулердің әдістемелері:
а) зерттеудің тақырыбы бойынша әдебиет көздерімен танысу және анализ;
б) бақылау сынақтарын өткізу;
в) зерттеулер жүргізу;
г) зерттеулердің нәтижелері.
Зерттеулерді ұйымдастыру
Зерттеулерді ұйымдастырудың
негізгі қарапайым
Оқу жылының басында зерттеулер жүргізіліп бағаланылған, ал оқу жылының соңында бақылау сынақтары өткізілді. Алынған нәтижелер жинақталып, математикалық статистика методы бойынша салыстырылған.
Эксперимент және бақылау өткізілетін топтарды таңдау
Бұл экспериментте № 33 орта мектебінің 3 - «А», «б» сыныптарының оқушылары (шамамен 65 адам) қатысты. Сыныптар таңдап алынды. 3 «А» сыныбында бақылау сабақтары аптасына 2 рет болды. Ал, эксперимент өткізілетін 3 «г» сыныбында аптасына 3 рет.
Өткізілетін уақыты мен орны
Эксперимент 2003-2004 оқу жылының дене тәрбиесі сабақтарында өткізілді. Бақылау өткізілетін сынып Қазақстан Республикасының бағдарламасы бойынша оқыды. Эксперимент өткізілетін сынып аптасына 2 сағат ҚР дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасы бойынша оқыды, ал 3-і сағат қозғалыс мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған қимылды ойындарға бөлінді.
Ауыртпалықтың қаражаты мен тәртібі
Өсіп келе жатырған балалардың жан-жақты дене тәрбиесінің дамуының көзі және бақытты балалық шағының негізі қозғалмалы ойындар болып табылады. Төменгі мектеп жасы – баланы тәрбиелеу процесіне осы ойындарды қосудың қолайлы уақыты.
1-4 сыныптарда дене
тәрбиесі пәндеріне ойындарды
ұйымдастыру балалардың
Бұл процесс біріншіден, осы жастағы дамып келе жатырған қозғалыс қасиеттерін белгілі ойындарда толық және белсенді түрде кеңейтіп өсіп келе жатырған ағзаның функциональдық қасиеттерінің кеңеюіне, екіншіден, жасына байланысты арнайы қозғалыс қасиеттерінің дамуының тежелуін жеңілдету және қысқартуға бағытталған.
Координациялы қасиеттерін дамыту үшін І-ІІІ сыныптарда бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке тез ауысатын ойындар қолданылады («Бақшадағы қояндар», «Көтеріспек», «Қармақ», «Аңшылар мен үйректер»). Таныс ойындарды жаңартып отыру керек, ойыншыларға координациялы қозғалыстарға арналған жаңа тапсырмалар беру керек, ұжымдық және жеке іс-әрекеттері көп ережелері қиын ойындар өткізу.
Шалттықты жетілдіруге І-ІІІ сыныптарда дыбыстық, тактілік, көру сигналдарына тез жауап беретін ойындар қажет. Орын ауыстырудың шалттығын тәрбиелеуге аз ғана уақыт ішінде аз ара қашықтықты жүгіріп өтетін ойындар көмектеседі. («Күн мен Түн», «Желяақтар командасы»).
Сонымен қатар, қиын тапсырмалар
мен толықтырылған тез
Жылдамдық күштілік қасиетін
тәрбиелеуде жылдамдықты
Күштілікті тәрбиелеу
үшін І-ІІІ сыныптарға қатысушылардан
қысқа уақыттық жылдамдық күштілік
ауыртпалықтарының өлшемді
І-ІІІ сыныптарда шыдамдылықты
дамытуға қайталана беретін іс-
Иілгіштікті дамытуға дене мүшелері көп қозғалатын ойындар қажет.
8. Эксперимент нәтижелері
Сынақ өткізу екі сыныпты сынақтың бастапқы этабында салыстыру мүмкіндігін берді. Эксперимент өткізілетін сынып бақылау өткізілетін сыныпқа қарағанда дайындық көрсеткіштерінен кейін қалып отырды. Оның үстінен сыныпта оқушылардың ауруы көп болды.
Бірнеше сабақтан кейін
нашар координациялы
вестибулярный аппарат, тізе буынының нашарлығы байқалды; балалар тез шаршады, аяқтары «шатасып қалды» жаттығулар жасағанда немесе ойнағанда қатты қиналды.
Дене тәрбиесіне байланысты сұрақтарды дұрыс шешу мақсатында 1-1,5 ай бойы үлгермейтін оқушылармен жеке жұмыстар жүргізілді. Бақылау өткізілетін сыныпта жұмыс ҚР бағдарламасы бойынша жүрді. Сонан соң, эксперимент өтетін сыныпта дене тәрбиесінің 3 сағаты қозғалмалы ойындарға бөлінді.
Бақылау нормативтерінің нәтижелеріне анализ. Оқу жылының басында 65 оқушы (19 қыз бала, 36 ер бала) дене тәрбиесі сабақтарына қатысты, оның 4-еуі ВКК анықтамасы бойынша сабақтан босатылды. Оқу жылының соңына қарай бақылау өткізілетін сыныпта босатылғандардың саны өзгерді. Бір бала қолын сындырып алды, екіншісіне операция жасалды. Эксперимент өткізілетін сыныпта оқушылар саны өзгерген жоқ.
НӘТИЖЕЛЕРДІ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӨҢДЕУ
ЭКСПЕРИМЕНТТІК СЫНЫП
а) |
Жылдамдық мүмкіншіліктері 4,2 % артты |
Қыз балалар – 4 % |
Ер балалар – 4,5 % |
б) |
Жылдамдық күштілік – 8 % |
Қыз балалар – 9 % |
Ер балалар – 7,5 % |
в) |
Шыдамдылық – 16,9 % |
Қыз балалар – 17,5 % |
Ер балалар –16,6 % |
г) |
Күштілік – 57,4 % |
Қыз балалар – 52,3 % |
Ер балалар – 62,5 % |
д) |
Координациялық - 8 % |
Қыз балалар – 12,7 % |
Ер балалар – 3,3 % |
е) |
Иілгіштік – 65,1 % |
Қыз балалар – 57,4 % |
Ер балалар – 72,8 % |
БАҚЫЛАУ СЫНЫБЫ
а) |
Жылдамдық мүмкіншіліктері 8 % |
Қыз балалар – 7,9 % |
Ер балалар – 8,2 % |
б) |
Жылдамдық күштілік – 2,1 % |
Қыз балалар – 2,1 % |
Ер балалар – 2,4 % |
в) |
Шыдамдылық – 8,2 % |
Қыз балалар – 6,6 % |
Ер балалар – 9,8 % |
г) |
Күштілік – 20,2 % |
Қыз балалар – 18,1 % |
Ер балалар – 22,3 % |
д) |
Координациялық - 3 % |
Қыз балалар – 3,1 % |
Ер балалар – 3 % |
е) |
Иілгіштік – 30,5 % |
Қыз балалар – 31 % |
Ер балалар – 30 % |
Алынған нәтижелерден эксперименттік сыныпта жылдамдық күштілік мүмкіндіктері шыдамдылық күштілік мүмкіндіктері координациялық, иілгіштік, бақылау сыныбымен салыстырғанда екі есе артқан. Дегенмен, көрсеткіштерге қарағанда бақылау сыныбында жылдамдық мүмкіндіктері жақсы дамыған. Оқу жылында қозғалыс қасиетін дамытуға арналған тапсырмалармен байланысқан қимылды жетілдіруге арналған қозғалмалы ойындар қолданылды.
Әрбір қозғалмалы ойын оқушыларда мінезінің жағымды жақтарын қалыптастыру үшін, еріктік қасиетін қалыптастыру үшін, мәдениетті әдеттерін қалыптастыру үшін эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу үшін, танымдық қозғалыс белсенділігін, ұстамдылығын тәрбиелеу үшін қолданылады.
Дене тәрбиесі процестерін басқару мен бақылау үшін оқушылардың жұмысқа жарамдық деңгейін анықтауға арналған тесттермен бірге бәріне ортақ тестілеу жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың нәтижелерін бағалау кезінде біз олардың қозғалыс қасиеттерінің даму темпін қадағалағанбыз.
Сыныптардың (3а-3г) нәтижелерінің әр түрлілігінің дұрыстық критериялары және олардың маңызының деңгейі аз ғана, бұл эксперименттің басында топтың салыстырмалы әр түрлілігін нақтылайды.
Эксперимент соңындағы
бақылау тәжірибелерінің
Орташа нәтижелердің дәлдігінің әр түрлілігі эксперименттің басы мен аяғына алынған нәтижелер бойынша бақылау сыныбында ең аз ал экспериментті сыныпта ең көп.