Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 17:05, дипломная работа
Мақсаты: 3 сағаттық дене тәрбиесі сабағындағы ұлттық ойындарды ұйымдастырғанда қозғалыс белсенділігінің артуы.
Міндеттері:
Мектеп жасындағы жас балалардың дене тәрбиесіне баулудың ерекшеліктерің қадағалау.
Қозғалыс белсенділігінің бала денсаулығына әсерін анықтау.
Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындардың маңыздылығын жеткізу
Эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы анализін орындау.
КІРІСПЕ
3
1. Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды дене тәрбиесіне баулу
4
1.1. Бастауыш мектеп жасындағы жас балаларға дене тәрбиесінен берілетін тапсырмалар
8
2. Қозғалыс белсенділігінің бала ағзасымен байланысы
17
2.1. Балалардың дене бітімінің ерекшеліктері
22
3. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың морфофункционалды дамуының ерекшеліктері
25
3.1. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қозғалыс функцияларының ерекшеліктері
28
4. Дене тәрбиесі сабағындағы қозғалыс қасиеттерінің дамуы
31
Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың маңызы
6. Сабақта оқушыларды ұйымдастыру және өткізу әдістемелері
36
42
Зерттеудің мақсаты, тапсырмалары, әдістемелері және оларды
Ұйымдастыру
46
8. Эксперимент нәтижелері
49
ҚОРЫТЫНДЫ
52
АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕР
54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
58
ҚОСЫМША
59-61
Осы қаситеттердің дамуы балаларда қозғалыс мүмкіндігін артады. Физикалық жаттығуларды әртүрлі темпте, әртүрлі қиындықтар енгізіп, белгілі бір уақыт аралығында орындау жоғарыда көрсетілген қасиеттерінің дамуына көмектеседі.
Шапшандық – бұл адамның белгілі іс-әрекетін жоғары жылдамдықпен орындау мүмкіндігі. Шапшандылық қозғалыс шапшандылығы (мыс. жақын қашықтыққа жүгіруде) және реакция шалттығы (мыс. жүгірер алдындағы сөре белгісіне реакциясы) деп екіге бөлуге болады. Дене тәрбиесінде шапшандық қасиетін арттыру үшін: әртүрлі темпте әртүрлі жаттығулар жасау, старттар, жоғарғы жылдамдықта, жақын қашықтыққа жүгіру, жылдамдықты арттыра отырып жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, ұзын және қысқа секіргішпен секіру, ойындар, жылдам реакцияны және қозғалысты талап ететін және т.б.
Күш деп сыртқы ортаның кедергісін бұлшықет қысымының әсерімен жеңуді айтады. Күш әрбір қозғалыста аз және көп мөлшерде жұмсалады. Дене тәрбиесінде күштілік қасиетін арттыру үшін:
Шыдамдылық – бұл ағзаның қандайда бір іс-әрекетте шаршауға деген қарсыласуы. Шыдамдылықты жалпы және арнайы деп екіге бөледі. Жалпы шыдамдылық – бұл ұзақ уақыт бойы жасалатын іс-қимылдарда білінеді (мысалы, ұзақ уақыт бойы жалғасатын жүгіру, шанғымен қозғалу, ойындар). Арнайы шыдамдылық – белгілі бір іс-әрекетке бағытталған шыдамдылық. Спортта мысалы, шалттық пен шыдамдылық бірге көрінетін жылдамдыққа деген шыдамдылығы көрінуі мұмкін (мыс. ұзақ уақыт бойы отырып-тұру, турникке тартылу).
Шыдамдылықты дамытуға ұзақ уақыт бойы көп кұшті талап ететін физикалық жаттығулар бастау болады (жүрумен алмасатын жүгіріс), шанғымен қозғалыс, секіргішпен секіру, көп қозғалысты талап ететін ойындар және т.б.).
Майысқыштық – бұл ағзаның қозғалысқа жауап беретін аппаратының қозғалғыштығы. Майысқыштықтың көрсеткіші шалттық, ептілік және басқа да физикалық қасиеттер көрінетін қозғалыс амплитудасы болуы мүмкін. Майысқыштық қасиетін дамыту ұшін амплитудасы жоғарыланған жаттығулар қолданылады. Бұл ең алдымен қолға, аяққа, басқа, денеге арналған жаттығулар және жүрудің көп түрлері: ұзын қадамды жүгірістер, жүгіріп келіп секіру, бір орында тұрып секіру, тізені кеудеге әкеліп өкшемізге отыру, гимнастикалық қабырғаға бетпен немесе артқа қарап жаттығулар жасау – алдыға, артқа және қапталға еңкею және т.б.
Төзімділік дегеніміз - ағзаның қозғалыс кезеңінде шаршауға қарсы тұру қабілеті.
Төзімділік жалпы және негізгі болып бөлінеді. Жалпы төзіміділік дегеніміз – ағзаның үзіліссіз, ұзақ уақыт бойы қозғалыс кезіндегі қабілеті. Мыс: ұзақ жүріс, жүгіріс т.б.
Негізгі төзімділік – бұл белгілі бір қозғалыстағы қабілет. Мыс: жылдамдық, қажет төзімділік, қысқа арақашықтыққа жүгіру. Күш қажет төзімділік. Мыс: көп отырып тұру, қолмен тартылу, штанга көтеру.
Дене жаттығулар бұл төзімділікті дамытатын құрал болып табылады. Оларға жүріс, жүгіру, шаңғымен жүру, жіппен секіру, жүзу, қозғалмалы және спорттық ойындар.
Икемділік – бұл адам ағзасының тірек қиымл жүйесінің қозғалғыштығын сипаттайтын қасиеттері. Қозғалыс амплитудасы икемділіктің бірден – бір көрсеткіші болып табылады. Қозғалыс амплитудасы жылдамдық, ептілік сияқты физикалық қасиеттердің жетілуіне әсерін тигізеді. Бұлардың көбісі қолға, аяққа, денеге, басқа арналған жаттығулар.
Адамды дене қасиеттерді тәрбиелеу дене тәрбиесінің негізгі мақсаты болып табылады. Спорт адамның денсаулығын нығайтуға, жалпы дене қасиеттердің дамуына жоғары эмоционалдық және практикалық әдістерді меңгеруге жан-жақты әсерін тигізеді. Спорттағы жоғарғы көрсеткіштерге тек спорт техникасын жақсы білу және меңгеру арқасында жету дене тәрбиесіндегі тағы бір мақсат болып саналады. Біздің еліміздің спортсмендері өздерінің жоғарғы жетістіктерімен спорт мәдениетінің өскенін көрсете алады.
Дене шынықтыру тәрбиесі білімділік, эстетикалық тәрбиесімен тығыз байланыста бола отырып адамның жан – жақты дамуын және қоғамның белсенді құрылысшыларын тәрбиелеуін қадағалайды.
Ой еңбегімен дене еңбегін алмастыру адамның жұмысқа қабілетін қабылдау және меңгеру қабілетін күшейтеді. Топтарда, секцияда, қомандда дұрыс ұйымдастырылғн ойындар ұжымда дұрыс қарым – қатынасты қалыптастырады. Тұрмыста, оқуда, жұмыста мінездің қалыптасуы үшін дене тәрбиесінің мәні зор.
Негізгі қалыптасу
тәрбиесі үшін оқушыларға қосымша тапсырмалар
жүктеу жолдастарының алдында жауапкер
Мінез-құлық, ерік, тәртіпті тәрбиелеуде спорттық жарыстардың тәрбиеліа маңызы зор және жоғары.
Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты болып келеді. Бұның нәтижесі әдемі, сымбатты дене бітімі және нық сенімді қозғалғыштық. Мейрамдардағы гимнастикалық көрсетулер, шерулер, көпшілік би көріністері эстетикалық тәрбиенің нәтижелері.
Дене тәрбиесі сонымен бірге еңбекке баулу процесімен тығыз байланыста заттарды жөндеу және дайындауға қатысу арқылы дене тәрбиесі жүзеге асады, ал бірақ физикалық еңбек дене жаттығуларын алмастыра алмайды. Дене жаттығуларын еңбекке баулумен ұштастыра отырып, дене тәрбиесінің мақсатына жетуге болады. Еңбек ету кезеңінде дене жаттығуларды оқушылар шаршамас үшін қолдануға болады (физкультпауза, физкультминутка).
Осылай байланыстыру
арқасында еңбекке баулуда
Адамның тұлғалық қасиеттері қозғалыс мүмкіндіктерімен және еріктік қасиеттерімен тығыз байланысты: шалттылықтың, күштіліктің, ептіліктің және шыдамдылықтың көрінуі ен алдымен шыдамдылықтың, батылдықтың кірінуін талап етеді. Адамның тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу – дене тәрбиесі негізгі тапсырмаларының бірі.
Статистикалық қалыпта және қозғалыста тік тұруды үйрену
Дұрыс тік тұрудың қалыптасуы - ұзақ және қиын процесс. Қалыпты нәтижеге жету үшін бала отырғанда, тұрғанда, жүгіргенде денесінің дұрыс қалыпты жағдайын қадағалау керек, жаттығуларды кенінен қолданып, дене тәрбиесі сабағында оған арналған арнайы жаттығуларды жасату.
Дене жаттығулары дегеніміз – саналы түрде, мақсатына сай арнайы алынған дене тәрбиесінің қозғалыс әрекеттері.
Адам ағзасына тікелей байланыста әсер ететін дене жаттығулары, шарттары көптеген жаттығуларға тәуелді.
Дене тәрбиесінің негізгі шарттары: ағзаға әртүрлі әсер ететін жаттығулар, жаттығулардың өтетін орны және уақыты, жаттығулардың саны, ұзақтығы, адамның денсаулығына байланыстығы, сабақтың өту әдісі үшін әртрлі дене жаттығулары кеңінен қолданылады
Дене тәрбиесі және спорт жөнінде хабарлар
Спорт дене тәрбиесінде денсаулықты нығайту, дененелік күшті дамыту, қозғалғыштық қабілетті арттыруды жоғарғы нәтижелерге жеткізуге керекті бірден бір құрал болып табылады. Спортта жоғарғы дәрежелі көрсеткіштерге жету үшін спортсмен барлық жағынан моралдық, физикалық, ептілік қасиеттерін көп уақыт бойы үнемі шұғылдану керек.
Ұзақ шұғылдану жұмыс уақытын, спорт сабағын, демалысты, жеке бс гигиенасының дұрыс орындалуын талап етеді.
Спорттың көп түрі дене тәрбиесінде қосымша құрал болып табылады. Мысалы: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, жүзу, бокс, күрес, семсерлесу сияқты т.с.с.
Осы айтылған спорт түрлері адам өмірінде қолданылады. Басқа дене тәрбиесі құралдарына қарағанда спорт арнаулы спорт жаттықтырушымен ерекшеленеді. Спорттық жарыстар спорт жұмыстарын тексеруде алдағы нәтижелерді көрсету үшін керекті құрал. Спорт және негізгі үгіт құралы болып табылады.
Оқушыларға дене тәрбиесінен: жаттығулардың пайдасы жөнінде, гигиеналық тазалықты сақтау, табиғаттың берген күшін дұрыс қолдану, күнтізбесі жөнінде, бағдарламада көрсетілген барлық жаттығуларды дұрыс орындау жөнінде хабарлар қажет.
Сабақтан тыс оқу кезінде осы туралы кішігірім әңгіме-дүкеннің маңызы зор.
Моралдық, еріктік қасиетін тәрбиелеу, тәртіп мәдениеті туралы ілімнің қалыптасуы
Дене тәрбиесі және спортпен айналысу моралдық және еріктік қасиеттерін тәрбиелеуге көмектеседі.
Көптеген жаттығулар (биіктікке секіру, биіктіктен секіру, бөгеттерден секіру, тепе–теңдік, шаңғымен таудан түсу) ойындагы іс-әрекеттер (жолдастардың көмегі, команданың жетістігі үшін жасалатын, іс-әрекеттер) достык сезім мен батылдыққа тәрбиелейді. Жаттығулардағы қиындықтарды жеңгенде және ойын тәртібіне бағынғанда ұмтылыс пен тәртіпке тәрбиеленеді. Балалардың ұжым болып түзету жұмыстарын жүргізгенде, оларда ұжымдық және жауапкершілік сезімі пайда болады.
Дене тәрбиесінде ойындарды көп өткізу жастарды тәрбиелеуде, олардың жылдамдығын, ептілігін, тапқырлығын, төзімділігін, жұмысқа қабілеттілігін, денсаулығын арттырады. Жақсы дайындалған ойындар арқылы жақсы көңіл күй, ұжымда достықтың нығаюын, өзара көмек тәрізді қасиеттерді тәрбиелеуге болады.
Балалар ойнау арқылы айналадағы денелерді, табиғат құбылыстарын басқа пәндерден (мысалы: жаратылыстану, математика ) алынған білімдерін бекітеді.
Сонымен бірге балалар ойын кезінде адалдық, шыншылдық қасиеттері бар достық, бірлікшіл ұжым керек екенін сезінеді.
Ойынды
күрделендіру арқасында
Әсіресе ойынның мектеп балалары үшін маңызы зор. Төменгі сынып балалары үшін қозғалмалы ойындарды жиі өткізу олардың жан-жақты дамуына әсерін тигізеді. Ойындар көбінесе дене тәрбиесі сабақтарында, үзіліс кезінде, секцияда өткізіледі.
Жоғарғы сынып оқышулары арасында негізінен спорт ойындары өткізіледі. Бұл ойындар мектеп оқу бағдарламасында еңгізілген. Сонымен ойын жоғарғы сынып оқушылары үшін спортқа дайындық құралы болып табылады.
Кызуғушылық және дене тәрбиесімен жеке шұғылданға тәрбиелеу
Мектептің негізгі тапсырмасы - балалар әр түрлі жаттығуларды сабақта ғана емес, үйінде де орындап, балалардың күнделікті өміріне кіруін қадағалау. Осы мақсатқа жету үшін балалар сабақты көңілді болып тез қабылдауы үшін мұғалімдер сабақты көңілді, қызықты өткізеді.
Қызығушылықтың көрінуі мен спортқа деген кызығушылық туу үшін жасалатын іс-әрекеттер
Спортты жетілдіру және бірнеше түрімен айналысу балалық кезден басталуы мүмкін (гимнастика, жүзу, ойындар, конькимен билеу). Окушыларда спортқа деген қызығушылық және әр түрлі спорттық жарыстарға катысуға деген талпыныс үздіксіз өсуде. Мектептің тапсырмаларынын бірі - балалардың спортқа деген қызығушылығының тууын қадағалау және жарыстарға қатысуын мүмкіндігінше қадағалау. Дене тәрбиесінен сыныптан тыс сабақтарда, спорттық элементтер кішкентай мектеп окушыларына колданылады. (Жаттығуларды жарыстарда орындату, ойындар, эстафеталар және т.б.) Спорт туралы әңгімелер, оқушылардын әртүрлі спорт түрінен жеткен жетістіктері оқушыларда спортқа деген талпынысты арттыруға және әртүрлі секцияларға қатысуға итермелейді.
Мектеп окушыларын дене тәрбиесіне тәрбиелеу берілген тапсырмаларды орындауга бей–жай қарауға болмайтын күрделі педагогикалық процесс, барлык негізгі жұмыстың формасын колдану: дене тәрбиесі сабақтары, сабақ күндері дене тәрбиесінен өткізілетін іс-шаралар, дене тәрбиесінен және спорттан сыныптан тыс және мектептен тыс өткізілетін сабақтар.
2. Қозғалыс белсенділігі мен бала ағзасы арасындағы байланыс
Қазіргі кезде адам өмірінде ғылыми-техникалык прогресстің әсерінен қозғалыс белсенділігінің көлемі күрт төмендеді. Бұл проблема білім беруге де әсер етті. Мектепті компьютерлендіру, ойлау касиетіне түсетін қысым, дене тәрбиесі шығармашылығын түсіру – бұның бәрі оқушылардың қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне әкеп соғады. Осының нәтижесінде ауру қаупі байқалып, адамдарда түрлі дисгормониялык даму көбеюде.
Бірінші жылдан бастап мектепте оқыту балалардың бұлшықет іс-әрекетін төмендететіп, жүйке қысымын арттырды. Төменгі сыныптан бастап балаларды әртүрлі методикаларда оқыту баланың мүмкіншіліктерін жан–жақты кеңейтеді. Осы қасиет дене тәрбиесінің әсерінен ғана іске асады. Сол себепті, балалардағы қозғалыс мүмкіндігін кенейту медициналық–педагогикалык өзекті мәселе болып табылады. Қиын проблема бола тұра, бастауыш мектептердің оуушыларын дене тәрбиесіне тәрбиелеу одан әрі дамытуды талап етеді. Қазіргі кездегі жағдай үлкендердің қозғалыс белсенділігін төмендетті және ол балаға берілуі мүмкін. Жұмыспен және дене тәрбиесімен айналыспаудың салдарынан кей адамның денсаулығына ақаулар туғызуы мумкін. Қимылдың жетіспеуі адамның кейбір нәрсеге көзқарасын өзгертеді, сонымен қатар мектепте немесе отбасы жағдайында, денсаулыққа байланысты дене тәрбиесімен айналысу мүлде керексіз болып қалады. Әдебиеттерде көп деген ғылыми-зерттеулердің материалдарының нәтижесі бойынша жеке психикалык қысымның көбеюі мен қозғалыстың жетіспеуі көп деген адамдағы ауруларды туғызады. Жүйке дәрігерлерінің, кардиологтардын, терапевтердің айтуынша дене қысымы жүрек пен қан тамырларын жаттықтырады. Қимылдың жетіспеуінің негізгі басты белгісі ұйқының бұзылуы. Басқада осы сияқты жағдайлардың алдын-алу үшін балалық кезден белгілі жаттығуларлы орындап, дене тәрбиесімен айналысу керек. Соңғы кезде мектептерде тұмау, тыныс алу органдарының аурулары, семіздік және сонымен байланысты аурулардың азаймағанын байқаймыз. Бұл аурулардың алдын алу үшін баланың ағзасына қажетті іс-қимылдарды кеңінен жасау керек.
Мектеп бағдарламасында маңызды орынды қозғалыс ойындар ашады. Олар жан-жақты дене тәрбиесі үшін маңызды құрал болып табылады. Қозғалыс ойындарда қозғалыстың барлық түрлерін кездестіруге болады: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, кедергілерден өту, қарсыласу. Дұрыс өткізілген ойындар ықыластың, тапқырлықтың, жылдамдықтың, күштің, шыдамдылықтың дамуына әсерін тигізеді, коллективтік ойындар достыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелейді. Таза ауадағы ойындар денсаулықты жақсартуға әсерін тигізеді, белсенді демалс құралы ретінде қолданылады. Ойын кезінде балалар әрқашан белсенді және инициативті болады. Сонымен қатар ойын шарттары мен ережелері оларды ұстамдылыққа мәжбүр етеді. Бала тәрбиелеудегі қажетті үйлесімділікті: «Менің қоятын негізгі принципім белсенділік пен тежеу тәрбиесінің орта мөлшерін табу. Егер сіз бұл техниканы жақсы меңгерсеңіз, балаңызды әрқашан жақсы тәрбиелеңіз.