Жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының ұлттық ойындар арқылы қимыл қозғалыс қарқындылығын арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 17:05, дипломная работа

Краткое описание

Мақсаты: 3 сағаттық дене тәрбиесі сабағындағы ұлттық ойындарды ұйымдастырғанда қозғалыс белсенділігінің артуы.
Міндеттері:
Мектеп жасындағы жас балалардың дене тәрбиесіне баулудың ерекшеліктерің қадағалау.
Қозғалыс белсенділігінің бала денсаулығына әсерін анықтау.
Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындардың маңыздылығын жеткізу
Эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы анализін орындау.

Содержание

КІРІСПЕ
3
1. Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды дене тәрбиесіне баулу
4
1.1. Бастауыш мектеп жасындағы жас балаларға дене тәрбиесінен берілетін тапсырмалар

8
2. Қозғалыс белсенділігінің бала ағзасымен байланысы
17
2.1. Балалардың дене бітімінің ерекшеліктері
22
3. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың морфофункционалды дамуының ерекшеліктері

25
3.1. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қозғалыс функцияларының ерекшеліктері

28
4. Дене тәрбиесі сабағындағы қозғалыс қасиеттерінің дамуы
31
Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың маңызы
6. Сабақта оқушыларды ұйымдастыру және өткізу әдістемелері
36
42
Зерттеудің мақсаты, тапсырмалары, әдістемелері және оларды
Ұйымдастыру

46
8. Эксперимент нәтижелері
49
ҚОРЫТЫНДЫ
52
АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕР
54
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
58
ҚОСЫМША
59-61

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дипл. жұмыс Бахтияр.doc

— 399.50 Кб (Скачать документ)

Кейбір балалардың бірқатар биологиялық және социалдық факторлардың әсерінен метрикалық және биологиялық жасы әртүрлі болады, сонымен қатар бұл екеуінің айырмашылығы 3-4 жасқа дейін баруы мүмкін. Метрикалық жастары сәйкес келетін бір топ бала морфологиялық белгілерімен ғана емес, функционалдық мүмкіндіктері жөнінен әртүрлі болады. Биологиялық жастың бағалау критерияларына морфологиялық, функционалды және биохимиялық көрсеткіштер.

Биологиялық жас физикалық даму көрсеткіштерімен бірге отырып өсіп келе жатырған ағзаның денсаулығы және функционалды мүмкіншіліктері жөнінде мағлұмат береді. Биологиялық жасы қалып келе жатырған балаларда физикалық және ойлау қабілеттері төмен және мектептегі оқыту шартына үлгере алмауы мүмкін. Биологиялық жастың деңгейі оқушыларды топқа бөлгенде көрінеді.

 Қимыл функцияларының қалыптасу ерекшеліктері морфофункционалдық даму деңгейі мен жеке қимыл тәжірибелерімен анықталады. Әрбір қимыл-іс әрекетіне оңай қабылданылатын ерекше сезімтал жастық кезең сәйкес келетіні анықталған. Егер белгілі бір жаттығуды үйренетін кезең өтіп кеткен болса, онда оны болашақта жетілдіру қиынырақ болады. Жасына сәйкес келмейтін сыртқы факторлар балаға әсер етпеуі  және керісінше оның дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін. Балалардың маторының даму көрсеткіші оның қозғалыс қасиетінің белгілі бір көлеміне сәйкес келеді.

Қозғалысты үйрену қозғалыс қасиеттерін жетілдірумен байланысты. Олардың дамуының белгілі бір деңгейінің негізінде баланың физикалық дайындығы жан-жақты қалыптасуы мүмкін.

Іс-қимыл мүмкіндіктерін жан-жақты дамыту үшін кішкентай оқушыларға  берілген көптеген жаттығуларды қолдану керек.

Статистикалық координация дегеніміз әртүрлі жағдайда өзінің тепе-теңдігін сақтау мүмкіндігі. Тірек көлемі кішірейтілгенде жаттығулар жасау: қолды әртүрлі жағдайда қойып екі аяқта тік тұру, көзді ашып және жұмып қойып бір аяқта тұру, оң және сол аяқта тұрып тепе-теңдікті сақтау денені тік ұстауға көмектеседі.

Динамикалық координация қолдың мүмкіндіктерін зерттейді: затты нысанаға лақтыру, допты қағып алу, брусьті тепе-теңдікте ұстау және т.б. Допты қағып алу және лақтыру жаттығулары допты нысанаға тигізу, қашықтыққа және дәлдікке  лақтыру, қолды сермеу қимылдары қолдың бұлшықеттерін қатайтады, тұлғаның жоғарғы бөліміндегі қан айналымды жақсартады.

Динамикалық координация қозғалыс кезінде тепе-теңдік қалпын сақтауды қадағалайды. Әртүрлі бұрылыстар, жүріс, жүгіріс, секіру, аунау, домалау, еңкею, бидегі қимылдар, өрмелеу, қарғу, назарға арналған жаттығулар қан айналым жүйесін жақсартып демалуды күшейтеді, аяқтың бұлшықеттерін қатайтады, дене иілгіштікті дамытады.

Қимылдардың бір уақытта жасалуы - қол және аяқтың қимылдарында және екі қолдың қимылдарында көрінеді. Жәй жүрісте оң (сол) аяқты басқан кезде алақандарды соғу, жүгіргенде оң және сол аяқты басқан кезде қолды ұру, қимылды екі қолмен бірдей істеу, қолмен және аяқпен берілген ритмде орындалатын жаттығулар қолдың және аяқтың бұлшықеттерін қатайтып, қанайналымды жақсартады, назарды бір нәрсеге тоқтату мүмкіндігін дамытады.

Әртүрлі тұйықтаулар қолдардың қозғалысы, алақанмен және саусақтармен, саусақтарды бір-бірінен айналдыру, қолды созып жұдырықты жұмып, қолды жанымызға қою және т.б. адамның жеке-жеке бұлшықет топтарын тұйықтауды басқаруды жетілдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1. Мектеп жасындағы балалардың қозғалыс функцияларының  ерекшеліктері

 

Қарапайым қозғалыстардан бала, орын ауыстыру сияқты (жүгіру, секіру, жүру) күрделі қозғалыстарға көшеді. 6,5-8 айлық кезден бастап бала өзгелердің көмегімен аяғына тұрады. 10-12 айлық кезінде ол өздігінен жүре бастайды.

1-2 жаста баланың қимылы жинақсыз болады. Тек өмірінің үшінші жылында оның жүрісі мен жүгірісі қалыптасады. 3-4 жасында бала жақсы жүріп, жүгіреді, тек 5 жасында онда үлкен адамға тән жүріс акты пайда болады. ‡лкен адамға тән жүрістегі рационализм балаларда 8-9 жасында пайда болады. 8-9 жаста бала жүрісінің бірінші фазасы жасөспірімдегідей тізені емес, балтыр бөлігін бүгуден басталады.

Білек бұлшықеттерінің дамуы 7 жаста болады. Зер салуға, өрмелеуге арналған жаттығулар жүйке-бұлшықет аппаратының    функционалдық өсуі, қан айналымды қалыптастырады, дем алуды  күшейтеді,  аяқтың балтыр бұлшықеттерін қатайтады, денеде иілгіштік дамиды. Жүйке бұлшықет аппаратының функциональды көрсеткіштері қозу және лабильдік 8-10 жаста үлкен адамдардағыдай болады. 7-12 жаста кеуденің қозғалыс тақырыбы бір қалыпты дамиды. 7-9 жаста бұл көрсеткіш қыздардан гөрі жоғары болады. 10-12 жаста  бойының өсу темпі ер балалар мен қыздарда теңеседі.

8-11 жастағы балалардың қимылының дәлдігі нашар дамыған. Берілген қозғалыс параметрлерді орындаудағы қателіктер 45-50%-ті құрайды. Уақытты қажет ететін жаттығулар баладағы бұл көрсеткіштерді жақсартады. 6-7 жаста бала қалыпты тұра алады. Бірақ оның жетілуі жасөспірім кезде де жалғаса береді.

Аймақты меңгеру сезімінің дамуы проприоцептивті сезімталдығының жоғарылауымен байланысты. Ол бастауыш мектеп жасында әр түрлі қимыл-қозғалыстарды үйренуге мүмкіндік береді.

Балалар бұлшық ет сезімдерін жақсы  дифференциялайды, ал ерекше қиын жаттығулар оларға 4-5 жасар жасөспірімдерге қарағанда оңай болады.

Ағзаның қозғалыс функцияларының –өзгеруі орталық жүйке жүйесі, яғни оның үлкен жартышарының қабығына байланысты.

Балалардың қозғалыс белсенділігінің  оптимизациясы. Балаларға рационалды қозғалыс режимін меңгеру қиын проблемелалардың бірі болып келеді.

Қозғалыс белсенділігінің жетіспеуі  адамның жүрек-қантамыр жүйесіне әсер етеді. 7-8 тәулік қозғалмай жатқан адамда функционалды бұзылулар байқалады. Апатия, толқу, ұмытшақтық, маңызды тапсырмаларды жүйелей алмау пайда болып, ұйқы бұзылады. Бұлшықет күші азайып, қиын емес, оңай қимылдарды орындау қиынға түседі. Қаңқа бұлшықеттері нашарлап, бұлшықет ақуыздарының физико-химиялық құрамы өзгереді. Сүйек ұлпаларының құрамындағы кальций азаяды. Оттегі жетіспей, оның салқындау, қызу тұрақтылығы төмендейді. Бұл құбылыс әсіресе, балаларға зиян. Бұл жағдайда балалар өз қатарынан даму жағынан артта қалып қана қоймай, көп ауырады, тіке тұру мен тірек-қимыл функциясы бұзылады.

Тұлғаның қасиетінің дамуына жоғары қозғалыс белсенділігі оптимальды әсер етеді. Мұндай қимыл режимде ағзаның  сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына резистенттілігі жоғарылайды.

Бұл жағдайда тұлғаның дамуы қалыпты  жағдайда болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Дене тәрбиесі сабағында  қозғалыс қасиеттерінің дамуы

 

Қозғалыс қасиеттерінің дамуы, сонымен қатар балалардың, ғылыми және методикалық әдебиеттерде терең  зерттеліп берілген. Дегенмен, бұл  айтылғандар дене тәрбиесіне қатысы жоқ деуге болады. Қозғалыс қасиеттерінің даму процесі – дене тәрбиесі процесінің элементтерінің бірі, оның мақсаты – балаларды қозғалыс қасиеттерін басқаруға үйрету.

Қозғалыс қасиеттері тек белгілі  қимылдарды жасағанда көрінеді. Балалар  неғұрлым жақсы үйренген болса, бұл қасиет соғұрлым жақсы дамиды.

Қозғалыс қаситтерін дамытуға арналған сабақты жоспарлағанда мынаны білген жөн.

  • Әртүрлі қозғалыс қасиеттері бір уақытта, бір жас аралығында дамымайды.
  • жылдық өсім әр жаста әртүрлі балалар мен қыздарда әр түрлі, егер әртүрлі қозғалыс қасиетінің жылдық өсімін алатын болсақ,  олар да әртүрлі.
  • көптеген мектеп жасындағы балалардың қыздарда әр түрлі, сонымен

             қатар бір түрдегі емес қасиеті  де әр түрлі. Мысалы, оқушы жақын  

             қашықтықты тез жүгіріп өтсе де, ол жарыста осылай тез сигналға

             реакциясы болмайды

  • Бірдей методпен, бірдей көлемде қысым көрсетсе де әр түрлі 

     педагогикалық  эффект көрсетіп, белгілі бір  уақытта бір қасиетінің  

     ерекше  дамығандығын білеміз. 

  • Егер белгілі бір қасиеттің дамуына қолайлы кезеңді білсек, сабақтар

     жақсы  нәтиже береді.

Мысалы, бастауыш мектеп жасында балалар бір қалыпты  ұзақ жүгіріске  шыдамды болып  келетіні анықталды.

Қозғалыс қасиетін жақсы дамыту үшін қаражат пен  методты дифференциялды тандау керек, ал болашақта оқушыларға жекелеп қарау керек. Мұғалім оқушыны жақсы біліп, онын дайындығын қадағалауы керек. Бақылау тест арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар, жаңа қимылды үйрету үшін оның қалай меңгеретінін тексеру керек. Қай жерде күшті, ал қай жерде нашар екенін анықтап, оқытушы бірінші жалпылама, артынан жеке тапсырмаларға көшеді.

Қозғалыс қасиетін дамыту үшін болатын сабақ өтетін жер тапсырма мен қаражатқа байланысты. Мысалы, төменгі сыныпта сабақтың жоспары мынадай: жүру, қатарлық жаттығулар (қысым төмен); жай жүгіру (қысым жоғарылайды); ЖДЖ және дайындық жаттығулары (қысым бір түсіп, көтеріледі); тепе-теңдіктегі жаттығулар (таныс); қиындықты азайтатын жаттығулар баланың назарын қимылға аударады; сабақтың екінші жартысында ойын не кедергілерден өту; сабақ соңында – зерге деген ойын. Осылайша,  I-III сыныптағы сабақта қысым бір азайып, бір төмендейді. Дене тәрбиесі сабағының оқушы ағзасына физиологиялық әсері сабақтың мазмұны мен тапсырмаларына байланысты. Дене қысымының көлемі оқушы көтере алатын қысымнан төмен болуы мүмкін. Осылайша, сабақта жаңа материялды қабылдау қозғалыс аппараты мен қимылды реттейтін мидың сипаттау функциясының жұмысына байланысты. Мұндай сабақтардың вегетативті функцияға әсері көп емес.

Сабақта материялды меңгеру үшін барлық жағдайлар жасалады. Дене тәрбиесі сабағында және үйірме сабақтарында қысым көтеріліп, берілген ғылыми нормаға сай болады.

Төменгі сыныптардағы дене тәрбиесі сабағында өмірге қажетті  дұрыс жүруге, жүгіруге, секіруге, лақтыруға, тік тұруға бұлшық ет сезімдерін саралауға үйретеді. Төменгі мектеп жасында балалар қимылдың қиын формаларын үйрене алады. Бұл, 7-8 жаста жүйке жүйесі дамудың жоғары сатысына жетумен сипатталады. Осы жаста жүйке жасушалары өсіп, жан-жақты дамуы аяқталады. Дегенмен, жүйке жүйесінің функциональды көрсеткіштері дұрыс жетілмеген.

Төменгі мектеп жасындағы балалардың жүйке процесстерінің күші көп емес. Әр түрлі қозуға сыртқы тежеу қатты көрінеді. Ішкі тежеу  тұрақты емес. Сондықтан, олар мұғалімнің сөзін аяқтамастан жаттығуды  жасай бастайды. Қимылдың кейбір сәттерін дұрыс, бірақ ойдан шығарып орындайды. Оның жалғасын басқа балалардан көріп немесе педагогтің айтқанымен орындайды.

Балаларды командаларға, сап элементтерін және маршқа үйреткенде тежеу ерекшеліктерін ескерген жөн. Үйрету және орындату командалары арасындағы интервалды таба білу керек. Бір жаттығуды екінші жаттығумен ескертпей тез ауыстырмаған жөн. 8-9 жастағы балалар қиын жаттығуларды оңай меңгерумен ғана емес, сыртқы агенттердің әсеріне әлсіз төзімділігімен ерекшеленеді.

Балаға педагог  әсерінің жақсы жақтары оның сыртқы жағдайды қабылдауына байланысты. Жеке даму процессі кезінде болады жан-жақты  дене қысымының әсеріне ерекше сезімтал болатын кезең байқалады (қиын кезең). Мысалы, мектепке дейінгі кезде балаға жүру мен тіке тұруды үйретуге болады. Одан кейінгі жылдары тіке тұру қиын болады. 6-7 жаста бала 9-11 жастан гөрі коньки тебуді жақсы үйренеді. 8-12 жаста бала дәлдікті талап ететін қимылдардың бәрін үйретуге болады). Бұл аймақты меңгеру мен қозғалыс функцияларының бір қалыпты дамуына байланысты.

Төменгі мектеп жасында тактілік анализ – қиын да жүйелі қимылдарды қалыптастыратын  кинетикалық сигналдар жақсарады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде балалардың аяғының қозғалысында соқтығулар байқалады. Тек 8-жастан бастап қозғалыстың семметриялық координациясы қалыптасады. Ал, қолдардың қозғалысында соктығулар бір уакыттық семмитриялық қозғалыстардан кейінірек қалыптасады. 8-9 жастан бастап жүгірудегі және жүзудегі жылдамдық артады. Ал, 10-11 жасқа келгенде жүгірудегі қадамдардың дұрыстығы шарықтау шегіне жетеді. Және де 10-11 жастағы балалар бұл жағдайда 12-14 жастағы жасөспірімдерді басып озады. Жылдамдық және күштілік қасиетін арттыратын негізгі элементтер 15 метрден 25-30 м. ара қашықтықты тез жүгіріп өту.

Бұл жағдайда орындалатын негізгі шарт қозғалыстың жоғарғы темпін сақтау, жүгірудің қарапайым формасынан басқа қимылдарды шеттету. Сабақтарда жақын иммуциялык фон туғызу керек.

9-10 жаста оқушыларда  жылдам жасалатын жұмыстарды  қайта-қайта орындау мүмкіндігі  жоғарылайды (қайта-қайта орындауда, мысалы: жақын қашықтықтарға жүгіруден шаршамайды). Сонымен қатар, ұзақ уақытқа созылатын интенсивті аз жұмыстарды орындау (жай жүгіру) мүмкіндігі артады. 8-11 жаста балаларда шыдамдылықты дамытатын интенсивті аз жаттығуларды орындау сезімі ерекше жоғары. 12 жастан 15 жас аралығында бұл жаттығуларды орындау мүмкіндігі төмендеп, шыдамдылық қалыпты күйде сақталады немесе аз ғана мөлшерде төмендейді.

Ер балаларда  күшті талап ететін жаттығуларға сезімталдығы жоғары болатын екі  кезең байқалады: 11-12 жас және 14-17 жас аралығында.

Қыздарда күштік шыдамдылық 11 жасында 15-16 жастағы көрсеткішке  жетеді. Оқушыларда статистикалық күш  жұмсау 7-10 жаста жалығудың тез  дамуымен сипатталады. Төменгі мектеп жасындағы балалар аз уақыттың жылдамдықты  және күшті талап ететін жаттығуларды жақсы көтереді. Сондықтан, 8-11 жасында балалар секіру, акробатикалық жаттығуларды гимнастикалық снарядтағы динамикалық жаттығуларды тез менгереді. Дегенмен, балаларға демді қадағалау кезіндегі статистикалық позаларды сақтауды үйрету керек.

Информация о работе Жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының ұлттық ойындар арқылы қимыл қозғалыс қарқындылығын арттыру