Орта мектепте жаңа оқыту технологиялар көмегімен оқушылардың физика сабағына қызығушылығын арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2014 в 20:12, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсатта, ең алдымен қазіргі жұмыс істеп тұрған мектептер жұмыстарына бірлесе отырып педагогикалық, әдістемелік ғылымдардың соңғы жылдардағы жаңалықтарын енгізуге күш жұмсауы қажет. Ал бұл жұмысты жүзеге асыру мектеп мұғалімі қауымының өз іскерліктерін арттырумен қатар олардың әдістемелік ғылым жетістіктерін меңгеруге бел шеше кірісулеріне тікелей байланысты.
Мектепте осы бағытта жүргізілген жұмыстың тиімділігі мен пайдалылығына қарамастан кез келген жаңалықты оқу процесіне енгізу қиындықсыз болмайды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ПЕДАГОГИКАДАҒЫ « ТЕХНОЛОГИЯ » ҰҒЫМЫ......................................7
2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН КҰРЫЛЫМЫ......................................................................................................10
3 ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІ
3.1 Деңгейлі дифференциалды оқыту..................................................................16
3.2 Физика пәнін деңгейлеп саралап оқыту........................................................18
3.3 Модульдік оқыту технологиясы.....................................................................21
3.4 Физика пәніне компьютерлік технологияны тиімді пайдалану..................25
3.5 Тестік технология............................................................................................26
4 ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨМЕГІМЕН ФИЗИКА САБАҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
4.1 «Электр тогының жұмысы және қуаты» тақырыбына деңгелеп саралап оқыту технологиясын қолдану..........................................................................32
4.2 «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбына модульдік технологиясын қолдану.................................................................................................................35
4.3 Модульдік оқыту технологиясы бойынша 11- сыныпта «Электр энергиясын өндіру, жеткізу, пайдалану» тақырыбын өткізу..........................39
4.4 Эрудиттер сайысы сабағы...............................................................................42
4.5 «Электр құбылыстары» тарауын қорытындылау.........................................45
5 VISUAL BASIC БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНДЕ ҚҰРЫЛҒАН ТЕСТ КӨМЕГІМЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМДЕРІН ТЕКСЕРУ.......................47
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................48
ӘДЕБИЕТ...............................................................................................................50
ҚОСЫМША А.......................................................................................................52
ҚОСЫМША Б........................................................................................................53
ҚОСЫМША В.......................................................................................................54
ҚОСЫМША Г........................................................................................................55
ҚОСЫМША Д.......................................................................................................64
ҚОСЫМША Е.......................................................................................................69
ҚОСЫМША Ж......................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

referattar.kz_166446479.doc

— 2.21 Мб (Скачать документ)

Сабақтың тақырыбы: Электр тогының жұмысы мен қуаты

Сабақтың мақсаты: 1. Электр тогының жұмысы мен қуатын есептеу формулаларын қортып шығару.

2. Өлшем бірліктерін өлшеу.

3. Олардын қолданылуын түсіндіру.

4. Экономикалық, экологиялық тәрбиеге  көңіл бөлу.

Сабақтың түрі: Шығармашылық іздену арқылы өз бетімен білім алу.

Сабақтың әдісі: Деңгейлеп, саралап оқыту.

Көрнектіліктер: есептегіштер, электр шамдары, ток көзі, жалғагыш сымдар, вольтметр, амперметр, сағат, кодопозитивтер.

Пәнаралық байланыс: география, математика пәндері.

Сабақты жүргізу жоспары:

  1. Өткен материалдарды топпен жұмыс істеу арқылы қайталау: өткізгіштерді тізбектей қосу, өткізгіштерді параллель қосу
  2. Жаңа сабақты өз бетімен меңгерту
  3. Бекіту
  4. Қортындылау
  5. Үйге тапсырма беру

Сынып оқушыларын 5 топқа бөлу.

Топтарға берілетін тапсырма:

Кодопозивтердегі электр схемалары бойынша тізбекті жинап, анықтауға мүмкін болатын физикалық шамалардың байланысын түсіндір.

Жаңа сабақты түсіну үшін қажетті сұрақтар

  1. Тізбек бөлігі (үшін) ұщындағы кернеу неге тең? Формуласы қалай жазылады?

Кернеу өткізгіш бөлігі бойымен 1Кл заряд өткенде атқарылатын жұмысқа тең болады:

U = A/q

2. Кернеудің формуласын пайдаланып, электр тогының жұмысын қалай  табуға болады? Ол қалай айтылады?

Электр тогының тізбек бөлігінде істейтін жұмысын анықтау үшін тізбектің осы бөлігінің ұштарындағы кернеуді сол бөлік бойымен өткен электр зарядына көбейту керек.

A = q*U

3. Электр зарядына талдау жасай  отырып, электр тогының жұмысын  есептеу фомуласын қортып шығар  және оның айтылуын жаз.

q = J*t

A = J*t*U

Электр тогының тізбек бөлігіндегі жұмысы осы бөліктің ұштарындағы кернеуді ток күшіне және сол жұмысты орындауға кеткен уақытқа көбейтіндіге тең.

4. Электр тогының жұмысын есептеу  формуласын пайдаланып, жұмысты  қалай өлшеуге болатындығын түсіндір.

1Вт (Ватт) = 1В*1А...

5. Қуатты қандай құралдармен  өлшеуге болады? Ваттан басқа қандай қуат бірліктерін білесің?

Қуат ваттармен өлшенеді:

1гВт = 100Вт, 1кВт = 1000Вт, 1Мвт = 1000000вт

6.Электр тогының жұмысы есептегіштер  арқылы қандай бірліктермен өлшенеді.

1КВт*сағ

7. Электр энергиясын өндіретін  аймақ туралы не білесің? Электр энергиясыэлектр станцияларына өндіріледі. Ол ірі өзендер бойында салынады. Ертіс – Солтүстік мұзды мұхит алабының басты өзені. Оның ұзындығы 4248км, тек 1700 км – ге жуығы ғана Қазақстан жерінде. Ертіс өзенінің бойында Бұқтырма СЭС і салынған, одан төменіректе Өскемен мен Семей қалаларының аралығында Шүлбі СЭС – інің бөгеті тұр. Іле өзенінде Қапшағай ірі СЭС – і салынып, Қапшағай «теңізі» пайда болды.

Қортындылау:

  1. Электр тогының жұмысы
  2. Қуаты
  3. Бірліктері
  4. Джоуль мен кВт*сағ арасындағы байланыс.

Бекітуге байланысты деңгейлік тапсырмалар

ПӘК – і 92 % болса,ток күші неге тең? ( таңдауы бойынша, міндетті емес) ( 7 ұпай).

III деңгей

  1. ПӘК – і 80% болған жағдайда 10 мин. Ішінде 2л. Суды 20 С – ден қайнағанға дейін қыздыруға болатындай, 220В кернеуге есептелген қыздырғыш жасау үшін қимасы 0,84 мм^2 никелин сымның ұзындығы қандай етіп алу керек ?(7 ұпай)

Қортындылау: Деңгейлік тапсырмаларды тексеру нәтижесін шығарып, бағалау.

Үйге тапсырма: 21 – жаттығу

I деңгей

 1) Неліктен электр қыздырғыш приборлардың қысылымдарын меншікті кедергісі көп материалдан жасайды.(2 ұпай)

  2) Электр энергиясын үнемді  пайдалану  жөнінде не айта  аласың? (2 ұпай)

II деңгей

  1. Кернеу 40В, ток күші 500А дәнекерлеуші ақпараттың 3 мин ішінде тұтынатын  қуатын және жұмсаған энергиясын есепте.( 2 ұпай )
  2. Кернеуі 220В ,ток күші 3А болатын сегіз мұнай мұнарасынның электр қозғалтқыштарының бір стаканға жұмсайтын электр энергиясы шығынын анықтаңдар.

III деңгей

 

  1. Электр үтігінің паспортында «220В, 600Вт»деп жазылған. Кернеуі 220В желігеі 3 сағ бойы қосылған үтік қанша жылу мөлшерін бөледі?

 

4.2 «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбына модульдік технологиясын қолдану

Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: Ом заңын қорытып шығару. Тізбек бөлігіндегі ток күші ол бөліктің кедергісіне тәуелді болатынын тәжірибе жүзінде тағайындау.

2. Дамытушылық мақсаты: Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар құрастырып, есептер шығарып, дамыту.

3. Тәрбиелік мақсаты: Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: Бекіту сабағы.

Сабақтың оқу әдістері: Шығармашылықпен зерттеу, оқыту технологияларының түрлері, тез ойлануға үйрету, келелі мәселелер қоя білуге үйрету әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: Баға рейтингісі, баға мониторингі, оқушыға үйлестірілетін деңгейлік тапсырмалар, жалауша.

Сабақ жоспары:

    1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Шапшаңдық гимнастикасы.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Сұрақ – жауап.

Қорытындылау.

    1. Өткен материалды пысықтау.

а) Логикалық есептер.

Қорытындылау.

b) Тақтамен жұмыс.

Қорытындылау.

с) Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Қорытындылау.

    1. Қорытындылау, бағалау.
    2. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

      1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушыларды түгелдеп, назарларын сабаққа аудару.

b) Шапшаңдық гимнастикасы.

2) Үй тапсырмасын тексеру.

а) Электр тогы дегеніміз не ?

b) Ток күші дегеніміз не ?

с) Кернеу дегеніміз не ?

Деңгейлік тапсырмалар.

1 – деңгей.

1. Қалта фонары қыл сымның  кедергісі 15 Ом болса және ол  кернеуі 4,5 В батареяға қосылса, онда  осы қалта фонарының электр  шамынан өтетін ток күші неге тең болар еді:

2. Кернеу 120 В, ток күші 0,5 А электр  шамынан кедергісін анықтаңдар.

3. Кедергісі 0,25 Ом өткізгішке ондағы  токтың күші 30 А болу үшін қандай  кернеу түсіру керек.

2 – деңгей.

1. Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм никелин сымынан жасалған электр қыздырғыштың спираліндегі кернеу 220 В болғанда ток күші 4 А. Сымның ұзындығы қандай ?

2. Ұзындығы 150 см және көлденең  қимасының ауданы 0,025 мм болатын  ток күші 250 мА темір өткізгішін  ұштарындағы кернеуді анықтаңдыр.

3 – деңгей.

1. Ұзындығы 2 км және кедергісі 8,5 Ом мыс сымның массасы қандай:

4 – деңгей.

1. Қолда бір текті екі өткізгіш  бар, бірі екіншісінен 8 есе ұзын, ал екіншісінен көлденең қимасының  ауданы біріншісінікінен 2 есе үлкен. Осы өткізгіштердің қайсысының  кедергісі үлкен және неше есе үлкен.

Қорытындылау.

  1. Оқушылардың білімін бағалау.
  2. Үйге тапсырма.

Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттыратын негізгі тәсілі – оқушыларға осы деңгейлік тапсырмалар беру.

Қорытынды бөлімінде тест тапсырмасын аламын.

Тест.

1. Кедергісі 20 Ом, ток күші 5 А қыл сымды 100 секундта қанша жылу мөлшері бөлінеді ?

а) 500000 Дж;

b) 2500 Дж;

c) 2000 Дж;

d) 500 Дж;

e) 200 Дж.

2. Кедергісі 200 Ом болатын резистордың  паспорт бойынша бөлінетін қуаты 0,5 Вт. Резисторға берілетін максимал  кернеу қандай ?

a) 100 В;

b) 20 В;

c) 10 В;

d) 5 В;

e) 40 В.

3. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6 В, кедергісі 2 Ом. Ток күші неге  тең ?

a) 12 А;

b) 6 А;

c) 3 А;

d) 1/3 А;

e) 10 А.

4. Өткізгіштерді тізбектей қосқанда, барлық өткізгіштерде қай шама  бірдей болады ?

a) Ток күші;

b) Кернеу;

c) U*I көбейтіндісі;

d) Анықтамайды;

e) U/I қатынасы.

5. Ток қуаты қандай өлшем бірлікпен  өлшенеді ?

a) Вольт;

b) Ампер;

c) Ватт;

d) Джоуль;

e) Ом.

6. Ток күшінің жұмысының формуласын  көрсет.

a) A=U*I2;

b) A =U*It;

c) A=U*R2;

d) A=I*t/u;

e) A=I2*u/t.

7. Джоуль – ленц заңының формуласын көрсет.

a) Q=I2*R∆ t;

b) Q=I2*R2∆t;

c) Q=I*∆t/R2;

d) Q=U*∆t/R2;

e) Q=I2/R.

8. Электр лампасын қыл сымның  ұштарындағы кернеу 2 В, ток күші 0,5 А. Қыл сымның кедергісі қандай ?

a) 0,5 Ом;

b) 1 Ом;

c) 2 Ом;

d) 4 Ом;

e) 1,5 Ом.

9. Кернеуді өлшейтін құралды  көрсет.

a) Амперметр;

b) Омметр;

c) Вольтметр;

d) Реостат;

e) Ваттметр.

10. Өткізгіштерді параллель қосқанда  қай шама бірдей болады ?

a) Ток күші;

b) Жұмыс;

c) Кернеу;

d) Анықтамайды;

e) Кедергі.

 

4.3 Модульдік оқыту технологиясы бойынша 11- сыныпта «Электр энергиясын өндіру, жеткізу, пайдалану» тақырыбын өткізу

Модульдік оқыту технологиясы бойынша 11- сыныпта «Электр энергиясын өндіру, жеткізу, пайдалану» тақырыбымен өткізілген сабақты үлгі жоспары.

Модуль 4 сағатқа арналған.

Модуль бөлімі

Модульдік құрылым

Уақыты

Ескертпе

Кіріспе бөлімі

  1. Модульге ену
  2. Лекция

60 минут

Электр тогы генераторының барлық түрлерін демонстрациялау

Сөйлесу бөлімі

    1. «Референт» оқыту ойны
  1. «Интеграция» оқыту ойыны

30 минут

 

60 минут

Аудандық электр энергиясын тарату станциясына экскурсия

Қорытынды бөлім

1. Тест тапсырмалары

30 минут

 

 

Білімді мақсаты: Электр энергиясын өндіру, жеткізу механизмімен таныстыру пайдалану сферасымен, үнемдеу қажеттілігін көздерін жеткізу.

Дамытушылық мақсаты: Электромагниттік индукция құбылысының генераторлар жұмысының негізі екенін ұғындыру, трансформатор құрылғысымен танысу, электр энергиясының Қазақстандағы және дүние жүзілік дамуымен танысу, пән аралық байланысты іске асыру.

Тәрбиелік мақсаты: Топта жұмыс жасауға, қосымша материалдармен жұмыстана білуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасау.

Модульдік теориялық материалы 4-бөлімнен тұратын лекция арқылы 60 минут ішінде баяндалады.

1-бөлім. Электр энергиясының энергияның  басқа түрлерінен артықшылығы.

2-бөлім. Электр энергиясын өндіру. Электр тогы генераторларының  барлық түрлерінен (гальваний элементтері, термо элементтер, фотоэлементтер, электромеханикалық индукциялық  генератор) оларды жұмысын демонстрациялап  көрсету арқылы таныстыра отырып, кемшіліктерімен артықшылықтарына талдау жасау арқылы ең тиімді индукциялық генератор екені ұғындырылады.

Генератордың роторын қозғалысқа келтіру әдістеріне қарай электр энергиясын өндіретін физика – техникалық кешен – электр станцияларының түрлері (ЖЭС, СЭС, АЭС) туралы айтылады.

3-бөлім. Элетр энергиясын жеткізу. Электр станциялары энергия көздеріне  жақын жерлерге салынатындықтан, ал оны тұтынушылырдың барлық  жерде болуы, өндірілген энергияны  жинақтау («консервациялауға») болмайтындығы  электр энергиясын алыс жерлерге жеткізуді, тасымалдауды қажет етеді. Энергияны шығынсыз сым арқылы жеткізу үшін ток күшін азайтып, кернеуді көбейту трансформаторлар арқылы іске асырылады. Трансформатордың құрылысы, жұмыс істеу принципі, түрлері, қолданылуы туралы төл мағлұмат беріледі [8].

Информация о работе Орта мектепте жаңа оқыту технологиялар көмегімен оқушылардың физика сабағына қызығушылығын арттыру