Орта мектепте жаңа оқыту технологиялар көмегімен оқушылардың физика сабағына қызығушылығын арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2014 в 20:12, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсатта, ең алдымен қазіргі жұмыс істеп тұрған мектептер жұмыстарына бірлесе отырып педагогикалық, әдістемелік ғылымдардың соңғы жылдардағы жаңалықтарын енгізуге күш жұмсауы қажет. Ал бұл жұмысты жүзеге асыру мектеп мұғалімі қауымының өз іскерліктерін арттырумен қатар олардың әдістемелік ғылым жетістіктерін меңгеруге бел шеше кірісулеріне тікелей байланысты.
Мектепте осы бағытта жүргізілген жұмыстың тиімділігі мен пайдалылығына қарамастан кез келген жаңалықты оқу процесіне енгізу қиындықсыз болмайды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ПЕДАГОГИКАДАҒЫ « ТЕХНОЛОГИЯ » ҰҒЫМЫ......................................7
2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН КҰРЫЛЫМЫ......................................................................................................10
3 ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІ
3.1 Деңгейлі дифференциалды оқыту..................................................................16
3.2 Физика пәнін деңгейлеп саралап оқыту........................................................18
3.3 Модульдік оқыту технологиясы.....................................................................21
3.4 Физика пәніне компьютерлік технологияны тиімді пайдалану..................25
3.5 Тестік технология............................................................................................26
4 ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨМЕГІМЕН ФИЗИКА САБАҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
4.1 «Электр тогының жұмысы және қуаты» тақырыбына деңгелеп саралап оқыту технологиясын қолдану..........................................................................32
4.2 «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбына модульдік технологиясын қолдану.................................................................................................................35
4.3 Модульдік оқыту технологиясы бойынша 11- сыныпта «Электр энергиясын өндіру, жеткізу, пайдалану» тақырыбын өткізу..........................39
4.4 Эрудиттер сайысы сабағы...............................................................................42
4.5 «Электр құбылыстары» тарауын қорытындылау.........................................45
5 VISUAL BASIC БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНДЕ ҚҰРЫЛҒАН ТЕСТ КӨМЕГІМЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМДЕРІН ТЕКСЕРУ.......................47
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................48
ӘДЕБИЕТ...............................................................................................................50
ҚОСЫМША А.......................................................................................................52
ҚОСЫМША Б........................................................................................................53
ҚОСЫМША В.......................................................................................................54
ҚОСЫМША Г........................................................................................................55
ҚОСЫМША Д.......................................................................................................64
ҚОСЫМША Е.......................................................................................................69
ҚОСЫМША Ж......................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

referattar.kz_166446479.doc

— 2.21 Мб (Скачать документ)

1) Жалпыпедагогикалық (жалпыдидактикалық) деңгейі: жалпыпедагогикалык (жалпыдидактикалық, жалпытәрбиелік) технология тап осы регионде, оку орнында окытудың белгілі сатысындағы біртүтас білім беру процессін сипаттайды. Мұнда педагогикалық технология педагогикалық жүйеге жақын: бұған оқытудың мақсаттары, мазмұны, құралдар мен әдістерінің жыйынтығы, процестің объектілері мен субъектілерінің әрекет алгоритмдері енеді.

2) Жекеәдістемелік (пәндік) деңгейі: жекепәндік педагогикалық технология «жеке эдістеме» мэнінде колданылады, яғни бір пән, сынып, мұғалім шегінде оқыту мен тәрбиелеудің белгілі мазмүнын іс жүзіне асыруға бағытталған әдістер мен кұралдардың жыйынтығы (пәнді беру әдістемесі, мұғалімнің, тәрбиешінің, жұмыс әдістемесі).

3) Локалды (модульдік) деңгейі: локалды технология оқу-тәрбие процесінің бір бөліктерінің, жекедидактикалық және тәрбиелік міндеттерді шешу технологиясы ретінде болады (іс-әрекет түрлерінің, түсініқтерді қалыптастыру, жеке түлғаның бөлек қасиеттерін қалыптастыру технологиясы, сабақ, жаңа білімді меңгеру технологиясы, материалды қайталау және бақылау технологиясы, өздік жұмыс технологиясы және т.с.с).

Сонымен, педагогикалык технология ұғымын қарастыру барысында педагогикалық технологияны былай анықтауымызға болады - бүл қатысушыларға комфортты жағдай туғыза отырып, нақты қорытындыға жету мақсатымен білім беру процессін жобалау (жоспарлау), үйымдастыру, бағыттау және коррекциялаудағы окушылар мен мұғалімнің косыла жасаған іс-әрекеттерінің процесті жүйесі.

Бұл анықтаманы талдай келе төмендегі ойға келуге болады:

1) мұнда мұғалім мен оқушының қосыла жасаған іс-әрекетіне нұсқаулар беріледі, яғни оқушы оку процесінің субъектісі ретінде болады.

2) Окушының өз іс-әрекетін басқаруының толық циклы көрсетіледі, яғни педагогикалық технология оқушыларды оқуға өздік басқару жасауға үйретуі қажет.

3) Білім беру субъектілерінің іс-әрекеттеріне комфортты жағдай түғызуға ұсыныс жасалады, яғни мүғалім окушының жекетүлғалық потенциалын ашуға, іс жүзіне асыруға және дамытуға жағдайларды тұғызуы керек [2].

Технологияның төмендегі қасиеттерін атап көрсетуге болады:

  • мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс-әрекеттерінің процессуалды екі жакты сипаты ;
  • әдіс, тәсілдердің жиынтығы;                                                                      
  • процесті жобалап ұйымдастыру;
  • комфортты жағдайлардың болуы;
  • мұғалімнің басқару іс-әрекетінің және оқушының өзін өзі басқаруының өзара ұштасуы.

 

2 Педагогикалық технологиялардың қасиеттері мен                 кұрылымы

В.П.Беспалько   педагогикалық   технологиялардың   төмендегідей   қасиеттерін ерекше атап көрсетеді [1]:

1) Оқытудың,    тәрбиенің    мақсаттарын    нақтылы    педагогикалық    бірізділі дидактикалық түрғыдан карастыру.

2) Меңгеруге қажетті информацияны  құрастыру, реттеу және нығайту.

3)  Оқытудың   және   бақылаудың   дидактикалық,   техникалық,   оның   ішінде, компьютерлік құралдарды  комплексті қолдану.

4) Оқыту мен  тәрбиенің диагностикалык  функцияларын, мүмкін  болатындай күшейту.

5) Оқыту сапасының неғұрлым жоғары  сатысын кепілдеу.

Зерттеушілер педагогикалық технологияны оқыту әдістерінен айыра білу керек дегенді ұсынады. Олардың айырмашылықтары төмендегідей: педагогикалық технологияны қайталап тираждауға болады және оқу-тәрбие үрдісінің немесе педагогикалык технологияға енгізілген педагогикалық міндеттерді шешудің жогарғы сапасын кепілдеуге болады. Ал, әдістеме қажетті сапаны көбінде кепілдемейді. Сонымен қатар, әдістеме технология сатысьша жеткізілуі мүмкін.

Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен тығыз байланысты.

Педагогикалық технологияның қүрылымы.

Педагогикалық технологияның анықтамасын талдау барысында, ол максималды түрде окыту үрдісімен, яғни мүғалім мен оқушының іс-әрекетімен оқытудың күрылымы, қүралдары, әдістері мен формаларымен тығыз байланысты. Сондыктан педагогикалық технологияның қүрамына енетін [2]:

1)    концептуалды негізі;

2)    оқытудың мазмүндық  бөлімі:

- окытудың мақсаттары - жалпы және нактылы;

- оку материалының мазмұны;

3) процесуалды бөлігі - технологиялык процесс:

- оқыту үрдісін ұйымдастыру;

- оқушылардың оку іс-әрекетінің әдістері мен формалары;

- мүғалім жұмысының әдістері  мен формалары;

- материалды   меңгеру   үрдісін   басқаруға   байланысты   мүғалімнің   іс-әрекеті;

- оқу үрдісінің диагностикасы.

Әр педагогикалык технология белгілі бір методологиялык талаптарға сай болуға   тиісті. Оны    әдебиетге  технологиялық   критерийлері (критерии технологичности) деп атайды. Бүл критерийлерге жататындар: 1) Концептуалдық.   Әр   педагогикалық   технология   белгілі   бір   ғылыми концепцияға негізделуі тиіс.  Ол өзіне білім  беру мақсатына жетудің философиялық,     психологиялық,     дидактикалық     және     әлеуметтік педагогикалық дәлелді қамтиды. 2) Жүйелілік. Педагогикалык технологияға жүйенің барлық қасиеттері тән болу керек: процестің логикасы, оның барлык "бөлімдерінің өзара байланысы, біртұтастылығы. 3) Басқарылулығы. Бұл оқыту үрдісінің диагностикалық тұрғыдан мақсатталуының, жоспарланылуының, болжауының және қорытындыларын коррекциялау мақсатымен кезендеп диагностикалауды құралдар мен әдістерді алмартырудың мүмкіншілігін көздейді. 4) Нәтижелілік.   Бүгінгі   күнгі   педагогикалық   технологиялар   бәсекелес жағдайларда   өмір   сүреді.   Сондықтан   қорытындысы   мен   жұмсаған қаражаттың    оптималдысына    байланысты    нәтижелі    болуға    тиісті. Оқытудың белгілі стандартына жетуді кепілдік ету керек. 5) Қайта оралуы, яғни педагогикалық технологиялардың басқа бір біртипті білім беру мекемелерінде басқа субъектілердің іс-әрекетінде колдану мүмкіндігін болжайды. Педагогикалық технология мен білім беру мазмүны арасында кандай байланыс бар деген сұрақ туындайды.  Осы сұраққа жауап бере отырып, зерттеушілер мынадай ойға келеді: «Бүгінгі күні педагогикада білім беру жүйесінің: окытудың мақсаттары, мазмұны, әдістері, формалары мен құралдары, білім беру жүйесінің мазмұндық және процесуалдық компоненттерінің өзара   байланысы туралы пікір калыптасқан» (17).

Педагогикалық технологиялардың түрлері мен жету үрдісінде олардың компоненттері әртүрлі сатыда консервативті болады: көбінде оқытудың процесуалды аспектілері алмасып отырады, ал мазмүны тек кұрамына, мөлшеріне, логикасына байланысты өзгереді. Сонымен қатар білім беру мазмүны білім беру технологиясының мәнді бөлігі ретінде көбінде оның процесуалды белімін анықтайды. Әйтседе, әдістердің кардиналды өзгеруі өз жағынан максаттар, мазмұн мен формалардың өзгеруіне әкеледі [2].

Сонымен, білім беру технологиясының процесуалды және мазмұнды бөліктері бір-бірін адекватты көрсетіп, аныктап отырады.

Технология мен білім мазмұнының өзара байланыс компоненті - мектеп оқулығы. Бүл маңызды дидактикалык құрал, ол білім беру мазмұнын, технологияның процесуалды бөлімін анықтауда және олардың бірлігін іс-жүзіне асыруда өте маңызды роль атқарады.

Ақырғы жылдары біздің елімізде көптеген вариативті оқулыктар дүниеге келді.

Әртүрлі педагогикалық технологияларды өзара үштастыра қолдану білім беру сапасын болашақта көтеруге мүмкіншілік туғызады.

Қолданушылар әрбір технологияны әртүрлі қолданулары мүмкін: біреулері инструкция бойынша, екіншілері шығармашылық тұрғыда колданады. Мұндай қолдануда шебердің жеке бас компоненті, белгілі ерекшелігі міндетті түрде болып отырады. Біракта белгілеуші компонент ретінде материалды меңгеру заңдылыктарын, оқушылардың кұрамы мен әрекеттерінің бірізділігін сипаттайтын компонент болады. Әрине, қорытындылары әртүрлі болуы мүмкін, бірақта қолданылған технологияға тән кейбір ортақ мәнге жақын болады. Сонымен, жұмыс технологиясы жеке түлға касиетіне байланысты, бірақта нақтылы байланыс емес жанама байланыста болады.

Бүгінгі күнгі әр педагогикалық технология педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерінің синтезі болып отыр. Сонымен қатар өткен тәжірибенің дәстүрлі элементтері мен қоғамның гуманизациялауы мен демократизациялауының және қоғамдық прогресстің негізінде туындағанның арасындағы байланысы болады.

Педагогикалық технологияның негізгі көздері мен қүрамдас элементтері ретінде төмендегіні айтуға болады [1]:

- әлеуметтік өзгертулер мен жаңа педагогикалык ойлауды;

- ғылымды, яғни педагогикалық, психологиялық, коғамдык ғылымдар;

- алдыңғы қатарлы педагогикалык  тәжірибені;

-  өткен тәжірибені (отандық және шетелдік);

-  халықтык педагогиканы (этнопедагогиканы).

Мектеп әлеуметтік институт ретінде барлық қоғам мен коғамдық сана-сезім жағдайын көрсетеді. Мектеп саясаттан, идеологиядан тыс бола алмайды. Ешбір философияға сүйенбей тұра алмайды. Сондықтан әрбір жалпы педагогикалык білім беру технологиясы белгілі бір философиялық негізге сүйенеді. Философиялык ойлар педагогикалык технологияның методологиялық тұрғыдан қамтуына күрамдас бөлшек ретінде енеді. Мақсат жүйесіне енуге байланысты күрылған технологияларда философиялық негіз ерекше кезге туседі. Мысалы, дін тәрбиесі, гуманистік педагогика т.с.с. Білім беру мазмұнында, оқу пәндерінің мазмүнында философиялық позициялар нақтылы көзге түсіп отырады. Бірақта олардың идеологиялык бағыттарында бірлік жоқ, сондыктан да мектептегі білім берудің мазмұны айналадағы өмір туралы біртүтас бейнені туғызбайды және жалпы философиялык негізі болмайды [1].

Философиялық негіздерді окытудьң әдістері мен құралдарында көру қиынға түседі. Өйткені колданылып жаткан кез келген әдістер, идеологиясы қарама-қарсы болса   да,    қолданылуы   мүмкін.   Сондықтан   кез   келген   технология   әрбір философиялық негізге тән бола алады. Мысалы, ойын технологиясы (проблемалык окытуда қолданылуы мүмкін).

Бүгінгі   күні   педагогикалык  технологияларда   альтернативті   философиялық негіздер болуы мүмкін. Олар төмендегідей :

1) гуманизм, яғни адамның құндылығын жеке түлға ретінде  еркіндікке, бақытқа, қүқысы бар ретінде оның барлык қабілетінің дамып, көзге түсуі ретінде құнды деп қарастыратын көз карастар жүйесі. Бұл жүйе адамның пайдасына    байланысты    әлеуметтік    қүбылыстарды    бағалайды.    Ал қоғамдағы    қажетті    қарым-қатынас    нормасы    ретінде    адамгершілік, әділеттілік,   теңдік   принциптерін  санайды.   Гуманизм   философиясына жақын келетін бағыттар: антропософия; педоцентризм; еркінтәрбиелеу; табиғатқа үйлесімділік; неопозитивизм; позитивті экзистенциализм; барлық дін жүйелері.

2) Теософия бағыты. Дін бағытындағы мектептің мазмұнды фундаменті. Теософиялық-гуманистік парадигма халықтық педагогикада терең тамыр жіберген. Жақсы мен жаман, дұрыс тәртіп туралы пікірлер қалыптастырады.

3) Антропософия. Негізгі максаты - рухани құндылыктарды зерттеу. Өмірдің мақсаты, мәні туралы мәселелерге жауап беру.

4)  Педоцентризм. Тәрбие философиясындағы бұл бағыты - баланың қызығуы мен қажеттіліктеріне негіздей отырып, оның дамуына қажетті жағдайлар туғызу.

5)  Экзистенциализм. Бүл философиялык концепцияның негізгі тезисі «человек есть то, что он сам из себя делает».

6)   Прагматизм. Өз    ілімін   мынаған   негіздейді:    жеке   тұлғаның   интеллектуалды   және адамгершілік қасиеттері оның уникалды табиғатында берілген. Олардың іс-жүзіне асуы адамның индивидуалды тәжірибесіне тығыз байланысты.

Прагматикалық тұжырымдаманы жақтайтындар білім беру міндеттерін, жеке тұлғаның      моральдік      қасиеттерін,      принциптерін,      құнды бағыттарын қалыптастыруда емес, оның табиғат берген кабілеттерін, қасиеттерін санды жетілдіруде деп санайды. Тәрбиенің прагматикалық концепциясын жақтаушылар адамның өмірінің негізгі мақсаты - жетістікке жету деп қоя отырып, ол жетістіктерді адамның өмірінің индивидуалды шектерімен шектейді. Оларды жоғарғы мақсаттарды қоюдан, қоғамдык идеалға ұмтылыстан босатады.

Гуманистік бағытқа альтернатива ретінде сциентистік-технократиялық концепция дүниеге келеді.

Сциентизм көзқарастық бағыт ретінде адам қоғамының мәдениетінде ғылым мен техника абсолютті роль атқарады деген ойды ұсынады. Олар сырттай нақтылы және техникалық ғылымдарға еліктейді, яғни математикалық символикаларды, схемаларды, техникализацияны жасанды қолданады.

Сциентизмге альтернатива ретінде табиғатқа үйлесімділік болады. Табиғатқа үйлесімділік - бүл көзқарас. Бүл көзқарас бойынша адамның табиғи нышандарын ескеру қажет, оларға сұйену керек, сонымен қатар адам табиғатпен бірелардың өзара іс-әрекеті келісімді және үйлесімді болу керек деген ой ұсынылады [2].

 

 

 

 

3 ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІ

3.1 Деңгейлі дифференциалды оқыту

Сабақ жургізудің ең басты және аса курделі мәселерінің бірі – сабақ үстінде оқушылардың  әр қайсысының өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес оқушыларды әр деңгейлі дифференциалды оқытуға баулу.

Сабақ оқушылар ынта-ықыласпен араласып жоғары іскерлікпен өтсін десек, онда оқушыларға берілген тапсырмалар әр деңгейлі дифференциалды болу керек. Әдетте сабақты жақсы оқитын, жалпы әзірлігі жеткілікті, ізденімпаз оқушылар әр сыныптың 30-40 процентін құрайды, олар тапсырманы жүйе–жүйесімен дәйекті түрде белгіленген уақыт ішінде орындап шығады, ал үлгерімі орташа немесе төмен шәкірттер қосымша тапсырмаларды ысырып қойып, әуелі негізгі элементтерді орындайды да, олады әбден менгерген соң барып, қосымша тапсырмаларға қайта айналып соғады.  Оқушылар тапсырманың негізгі бөлігін белгілеген уақытта, яғни 15-17 минутта орындап шығуы үшін мұғалім тапсырманың саны мен күнделігін мұқият іріктеп алуы тиіс. Сабақ кезінде дидактикалық оқу құралдарымен жұмыс істеуді дұрыс ұйымдастыру,оқытудың әр деңгейлі дифференциалдық әдісін қолдануға жағдай жасайды [12]. Бұл әдіс тапсырманың мазмұны мен күрделілік дәрежесін өзгерту арқылы оқушылардың материалды игеру қарқынының мүнкіндіктерін ескере отырып, оларға әр түрлі көмек көрсетуге жол ашады, әдетте кең қолданылатын типтік есептерді мысалға келтіру арқылы мұғалім оларды шешудің әдістері мен тәсілдерін, есептеудің бастапқы шарттарын өзгерту, оларды теория мен практикада қолдану жолдарын байыптап түсіндіреді. Бұл барлық оқушыларды оның ішінде үлгерімі төмен оқушыларды да есеп шығару әдістеріне мейлінше тиімді түрде оқытуға мүмкіндік береді. Сонда дидактикалық оқу құралдары есеп шығарудың кейбір кезеңдерін түгелдей түсіне алмаған оқушылардың оны қайта қарап қажетті жерлерін естеріне түсіріп, білімін тиянақтап алуына жағдай туғызады. Әзірлігі күшті оқушылар дидактикалық оқу құралдарынан күрделі де қиын есептерді таңдап – талғап, алуына,тіпті шығармашылық тапсырмаларды орындауға көшулеріне де болады. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жасалған оқу материалының бірыңғай қисынды құрылымы мына төмендегіше болуы мүмкін:

  1. есеп шығару әдісін толық түсіндіретін типтік есеп;
  2. шығарудың және қажетті қосымша көмек көрсетудің жоспары берілетін типтік есепке ұқсас есеп;
  3. жоспары немесе нұсқалары қысқартылған есеп, яғни есепті шығару барысында көмек көрсетуді азайтуға арналған есеп;
  4. есептің мазмұны мен күрделігі дәрежесін түрлендіру арқылы өз бетімен дербес шығаруға арналған есептер;
  5. шығармашылық тапсырмалар, мысалға: а) белгілі бір физикалық шаманың мәнін шығару жоспарын анықтайтын жаңа есепті құру; ә) осындай немесе басқа бір физикалық шаманы анықтайтын жаңа есептің шартын өздігінен дербес ойлап табу.

Информация о работе Орта мектепте жаңа оқыту технологиялар көмегімен оқушылардың физика сабағына қызығушылығын арттыру