Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2014 в 20:12, дипломная работа
Осы мақсатта, ең алдымен қазіргі жұмыс істеп тұрған мектептер жұмыстарына бірлесе отырып педагогикалық, әдістемелік ғылымдардың соңғы жылдардағы жаңалықтарын енгізуге күш жұмсауы қажет. Ал бұл жұмысты жүзеге асыру мектеп мұғалімі қауымының өз іскерліктерін арттырумен қатар олардың әдістемелік ғылым жетістіктерін меңгеруге бел шеше кірісулеріне тікелей байланысты.
Мектепте осы бағытта жүргізілген жұмыстың тиімділігі мен пайдалылығына қарамастан кез келген жаңалықты оқу процесіне енгізу қиындықсыз болмайды.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ПЕДАГОГИКАДАҒЫ « ТЕХНОЛОГИЯ » ҰҒЫМЫ......................................7
2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН КҰРЫЛЫМЫ......................................................................................................10
3 ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІ
3.1 Деңгейлі дифференциалды оқыту..................................................................16
3.2 Физика пәнін деңгейлеп саралап оқыту........................................................18
3.3 Модульдік оқыту технологиясы.....................................................................21
3.4 Физика пәніне компьютерлік технологияны тиімді пайдалану..................25
3.5 Тестік технология............................................................................................26
4 ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨМЕГІМЕН ФИЗИКА САБАҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
4.1 «Электр тогының жұмысы және қуаты» тақырыбына деңгелеп саралап оқыту технологиясын қолдану..........................................................................32
4.2 «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбына модульдік технологиясын қолдану.................................................................................................................35
4.3 Модульдік оқыту технологиясы бойынша 11- сыныпта «Электр энергиясын өндіру, жеткізу, пайдалану» тақырыбын өткізу..........................39
4.4 Эрудиттер сайысы сабағы...............................................................................42
4.5 «Электр құбылыстары» тарауын қорытындылау.........................................45
5 VISUAL BASIC БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНДЕ ҚҰРЫЛҒАН ТЕСТ КӨМЕГІМЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМДЕРІН ТЕКСЕРУ.......................47
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................48
ӘДЕБИЕТ...............................................................................................................50
ҚОСЫМША А.......................................................................................................52
ҚОСЫМША Б........................................................................................................53
ҚОСЫМША В.......................................................................................................54
ҚОСЫМША Г........................................................................................................55
ҚОСЫМША Д.......................................................................................................64
ҚОСЫМША Е.......................................................................................................69
ҚОСЫМША Ж......................................................................................................
Белгілі бір тақырыпты оқып-үйрену сынақ немесе конференциямен әлде семинармен анықталуы тиіс.
Жоғары сыныптарда сынақтарды да дифференциалды түрде өткізуге болады. Бұл үшін мұғалімнің жұмыс орнына сынаққа керекті материалдар: құралдар, кестелер, схемалар, тәжірибелік есептерге арналған қоңдырғылар, дидактикалық оқу құралдары орналастырылады. Белгілі бір оқу мерзімі барысында үлгерімі өте жақсы оқушыларды сынақтан босатып, оларды сыныптас құрбыларының білімін бағалаудан мұғалімге көмекші немесе жолдастарына қосымша түсінік беруіне, яғни кеңесші болуына рұқсат беруге болады, мұндай іс оқушыларды дербестікке, белсенді, тапқыр, мейірімді болуға, жолдасыққа адал болуға баулиды.
Оқушыларды оқыту ісіндегі дифференциалдық әдіс мұғалімнің сабақ кезіндегі жұмысының жалпы жүйесіне табиғи түрде енеді де, білім берудің басқада әдістері және түрлері мен ойдағыдай үйлесіп-үндесіп кетеді, сөйтіп оқушылардың дербес жұмысын ұйымдастыруда мұғалімдерге, ал үйге берілген тапсырмаларды орындауда және өз бетімен әзірлену ісінде шәкірттерге зор көмек көрсетеді.
3.2 Физика пәнін деңгейлеп саралап оқыту
Оқыту деп аға ұрпақтың білімін, біліктілігін, жинақталған тәжірибелерін, үйрету шеберлігін жас жеткіншектерге беру процесін айтамыз. Бұл тұтас процестің құрамына мақсаты, мазмұны, жаңа технологиялық әдістемелер жеткізу құралдары кіреді.
Жаңа инновациялық технология білім беру саласын дамытуға, оқу құралы ретінде пайдалануға төмендегідей мүмкіншіліктерді, яғни оқ үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағыттау, оқушының өзіндік іс әрекетін қалыптастыру бағыттау – білім беруде жекеше оқытуды дамыту және пәндердің бір – бірімен байланысын көздейді [6].
Мұғалім жұмысында оқытудың жаңа педагогикалық технологиялық негізі етіп деңгейлік саралауды алады. Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Жаңа технологиясына сәйкес барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырманы орындаудан бастайды да, тапсырманы орындауына байланысты келесі деңгейге көшіп отырады. Сабақтың ерекшелігі әрі оның тиімділігін арттыратын негізгі тәсіл – оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру. Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Қараев оқушыларға оқу материалын меңгерту деңгейін 4 түрге бөледі (ҚОСЫМША Б):
1. Репродуктивтік деңгей
Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселерге байланысты құрылады.
2. Алгоритмдік деңгей
Мұнда оқушы мұғалімнің
3. Эвристикалық деңгей
Оқушы өзі ізденіп, қосмша әдебиеттерді қолдана отырып, жауап береді.
4. Шығармашылық деңгей
Оқушы таза өзіндік шығармашылығын байқатады.
Сонымен, әр деңгейлік оқыту жүйесінің физика бойынша білім сапасын арттырудың бірқатар тиімді жақтары бар:
- біріншіден, сыныптағы барлық оқушыларды жұмыспен қамтамасыз етеді, әрбір оқушының белсенді түрде қатысуын қадағалайды.
- екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізеді
- үшіншіден, оқушылар өз еңбектерінің нәтижесін көріп, өзін-өзі бағалайды. Жауапкершілікті сезіне отырып, оқушының ізденімпаздығы, шығармашылығы дамиды.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материялын меңгеруін қамтамасыз етуі.
1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2. Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді (ҚОСЫМША А) [14].
3. Деңгейлеп – саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималдық базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.
Базалық деңгей – мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек.
Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
- психологиялық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау,қабілетіннің ерешелі, өзінің эмоциясын басқара білуіне);
- пән бойынша білімді игеру деңгейіне (оқушының білімімен іс- әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек.
Сабақ өткізу формаларын және түіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдану керек, сонда көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлінеді:
1) Сабақтың мазмұны;
2) Сабақты өткізудің тәсілдері мен әдістерін таңдау;
3) Сабақтың нәтижелілігі.
Жалпы мен оқытудағы проблема: оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін және ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақта академик В.И. Монаховтың технологиялык картасын қолданылады. Технологиялық карта - болашақ оқу процесінің болжау паспорты, бұнда оқу процесінің басты параметрлері белгіленеді. Педагогикалық технология дұрыс жобаланған болу үшін оны міндетті түрде мынандай бес элемент қамтылуы керек.
Оқу үрдісінің педагогикалық тұрғысынан жобалау жекелеме тараулардың технологиялық карталарынан құрылады.
Технологиялық картаның құрамды бөліктерін және олардың атқаратын қызметтерін қарастырайық.
Біз бірінші рет оқушыға
жеке тұлға ретінде қараймыз,
себебі оқушы өз деңгейін өзі
таңдайды, яғни өзінің білім мөлшеріне
қарай болжаудағы қажетті
Бұл бөліктегі негізгі үш жағдай қамтылады.
Бірінші – қойылған мақсатқа қатысты оқу материалын меңгеру барысындағы мүмкін болатын қиындықтар.
Екінші - өтілетін тақырып бойынша оқушыларда жіберілетін негізгі қателіктер.
Үшінші - оқушы білімін стандарт деңгейіне дейін көтеру үшін қолданылатын педагогикалық және методикалық түрдегі іс – шаралар.
3.3 Модульдік оқыту технологиясы
Білім беру саласындағы жаңашыл ұстаным болып отырған білім стандартының негізгі ерекшелігі – негізінен оқу нәтижелерін сипаттауға бағытталған. Бұл бағытта жаңаша жұмыс жүргізу үшін мұғалімге сабсқты құрудың және өткізудің диалектикалық ыңғайын тауып, педогогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға, әр түрлі жанарған техника мен технологиялар арқылы әрекеттенуіне еркіндік берілген [7]. Сондықтан да сабақтың дәстүрлі әдістерінен бас тартып, оқушылардың шығармашылық ойын тереңдетіп, білім мен ой - өрісін дамытуға, іс - әрекет дағдысын қалыптастыруға әсерін тигізетін сабақтарды көбірек өткізуді дағдыға айналдырған жөн.
Оқушылардың алған білімдерінің пәрменді, берік болуын қамтамасыз ету үшін, бұрын өткен материалды оқып үйренумен байланысты белсенді түрде жарыстыра қайталаудың маңызы зор. Ол оқушылардың есте сақтауы мен ғылыми ойлауын дамытуда үлкен роль атқарады. Мұндай қайталау әртүрлі құбылыстар арасындағы байланыстарды анықтауға, сол арқылы білімдердің ғылыми дәрежесін анықтауға жәрдемдеседі [12].
Сабақтың тиімділігі сабақта қолданатын оқу материалын баяндау әдістеріне, оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру, олардың білімдерін дағдылары мен шеберліктерін тексеру формаларына байланысты. Оқыту әдістерінің және оқушылардың сабақтағы оқу әрекетінің алуан түрлілігі, оларды шебер пайдалану – физиканы оқыту процесінің тиімді болуының аса маңызды шарттарының бірі.
Сабақ барысында әдетте оқушы оқу әрекетінің бірнеше түрімен шұғылданады: мұғалімнің түсініктерін немесе сыныптас жолдастарының жауаптарын тындайды, тәжірибелерін бақылайды, сұрақтарға жауап береді, аспаптармен жұмыс істейді, жазба және графиктік жұмыстарды орындайды. Оқушылардың сабақтағы оқу әрекетінің барлық түрлері ұтымды үлестіріліп отыруға және оқушының жұмыс істей білу қабілетін есепке алып, біріне – бірі ілесе жүріп отыруға тиіс. Олардың бірізділігі сабақтың құрылымын анықтайды.
Білім беру жүйесінің басты міндеті – жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға, шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, жеке адамның рухани, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, т.б. міндеттер атап көрсетілген. Осы аталған міндеттерді орындау жолында педагогика ғылымы жаңа оқыту технологиялдарын қолданып, баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, білім алу арқылы дамуын бірінші орынға қойып, тұлға тәрбиелейтін жаңа білім парадигмасына көшуге бағыт алды [13].
Модульдер бойынша оқыту физика пәнін оқытуда оқу материалдарын жекелеген параграфтармен қарастырмай, тақырыптарды топтап оқытуға мүмкіндік береді. Алған білімдерін тереңдету мақсатында оқу материалдарына қайтып оралу модуль материалының жақсы есте сақталуына мүмкіндік береді.
Өзара қатынасу, сөйлесу адам тұлғасын дамытудың маңызды факторы болып табылады, сондықтан оқу қызметін өзара қатынас жасату арқылы ұйымдастыру оны тек жандандырып қана қоймайды, оқушы тұлғасын дамытуға елеулі ықпал етеді.
Модульдік оқыту технологиясы оқушыларды өз шығармашылығымен жұмыс істеуге, өз бетімен білім алуға, білімін практика жүзінде қолдана білуге, білімін күнделікті өмірін байланыстырып отыруға бейімдейді.
Модуль барысында оқушылар бірнеше баға алады, ол арқылы оқушылардың тақырыпты қаншалықты терең түсінгендігін анықтауға болады.
Модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, жүйелі жұмыс жүргізу нәтижесінде оқушылардың білім сапасын жыл сайын біршама көтеруге және оқушылардың ойлау қабілетін, танымдық белсенділігін, физика пәніне қызығушылығын дамытуға болатындығына сенімі мол.
11 – сыныптың физика пәнінің
сағаттарын төмендегідей
№ |
Модульдің аты |
Негізгі сағат |
Уақыт саны |
1 |
Электромагниттік индукция |
8 |
|
2.1 |
Электромагниттік тербелістер |
13 |
1 |
2.2 |
Электр энергиясын өндіру, жеткізу және пайдалану |
4 |
|
3.1 |
Электромагниттік толқындар |
10 |
2 |
3.2 |
Электромагниттік толқындар қасиеттері |
12 |
|
3.3 |
Жарық дифракциясы, дисперсиясы, поляризациясы және көлденеңдігі |
9 |
|
4 |
Салыстырмалылық теориясының элементтері |
4 |
|
5.1 |
Сәуле шығару. Спектрлер |
6 |
|
5.2 |
Жарық кванттары |
5 |
2 |
6.1 |
Атомдық физика |
2 |
|
6.2 |
Атом ядросының физикасы |
13 |
|
Зертханалық практикум |
6 |
||
Жылдық – қайталау |
4 |
||
|
102 |
7 |