Орта мектепте жаңа оқыту технологиялар көмегімен оқушылардың физика сабағына қызығушылығын арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2014 в 20:12, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсатта, ең алдымен қазіргі жұмыс істеп тұрған мектептер жұмыстарына бірлесе отырып педагогикалық, әдістемелік ғылымдардың соңғы жылдардағы жаңалықтарын енгізуге күш жұмсауы қажет. Ал бұл жұмысты жүзеге асыру мектеп мұғалімі қауымының өз іскерліктерін арттырумен қатар олардың әдістемелік ғылым жетістіктерін меңгеруге бел шеше кірісулеріне тікелей байланысты.
Мектепте осы бағытта жүргізілген жұмыстың тиімділігі мен пайдалылығына қарамастан кез келген жаңалықты оқу процесіне енгізу қиындықсыз болмайды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ПЕДАГОГИКАДАҒЫ « ТЕХНОЛОГИЯ » ҰҒЫМЫ......................................7
2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН КҰРЫЛЫМЫ......................................................................................................10
3 ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІ
3.1 Деңгейлі дифференциалды оқыту..................................................................16
3.2 Физика пәнін деңгейлеп саралап оқыту........................................................18
3.3 Модульдік оқыту технологиясы.....................................................................21
3.4 Физика пәніне компьютерлік технологияны тиімді пайдалану..................25
3.5 Тестік технология............................................................................................26
4 ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨМЕГІМЕН ФИЗИКА САБАҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
4.1 «Электр тогының жұмысы және қуаты» тақырыбына деңгелеп саралап оқыту технологиясын қолдану..........................................................................32
4.2 «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбына модульдік технологиясын қолдану.................................................................................................................35
4.3 Модульдік оқыту технологиясы бойынша 11- сыныпта «Электр энергиясын өндіру, жеткізу, пайдалану» тақырыбын өткізу..........................39
4.4 Эрудиттер сайысы сабағы...............................................................................42
4.5 «Электр құбылыстары» тарауын қорытындылау.........................................45
5 VISUAL BASIC БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНДЕ ҚҰРЫЛҒАН ТЕСТ КӨМЕГІМЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМДЕРІН ТЕКСЕРУ.......................47
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................48
ӘДЕБИЕТ...............................................................................................................50
ҚОСЫМША А.......................................................................................................52
ҚОСЫМША Б........................................................................................................53
ҚОСЫМША В.......................................................................................................54
ҚОСЫМША Г........................................................................................................55
ҚОСЫМША Д.......................................................................................................64
ҚОСЫМША Е.......................................................................................................69
ҚОСЫМША Ж......................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

referattar.kz_166446479.doc

— 2.21 Мб (Скачать документ)

 

Қорытынды жасай отырып, осы технологияның элементтерін қолданудың тиімді жақтарын көрсетуге болады:

  • оқушының тұлғасын дамыту;
  • пәнге қызығушылығын арттыру;
  • ауызша және жазбаша тілін дамыту;
  • жолдастық қарым – қатынасты тәрбиелеу;
  • өз ойын айта білу;

-  деңгейі төмен оқушылардың өз білімін көтеруге мүмкіндік туғызу.

 

 

 

3.4 Физика пәніне компьютерлік технологияны тиімді пайдалану

 

Осы заманғы дәуір талабына сай білім беруді жетілдіру мақсатында жаратылыстану ен техникалық ғылыми білім беруді тереңдете жүргізу керек. Бұл орайда оқыту барысында оқушылардың танымдық іс - әрекетінің белсенділігін күшейту басты мақсат.

Оқытуды қайта құрудағы негізгі шаралардың үлгісі білім берудің кәсіптік деңгейін жан – жақты дамытып оқыту барысын компьютерлендіруді тиянақты қадағалау. Оқытудың әдістемесі мен формасын жаңа бағытта жүргізу [12].

Оқыту барысындағы әрбір оқушының білім деңгейінің өсуі осы заманғы педагогиканың жаңа танымдық  әрекетінің әдістемелік белсенділігінің жолын қарастыруда. Оқушы қаншалық көбірек білген сайын оның оқуға деген ынтасы артады

Педагогтың міндеті, материалдың мазмұнын барынша түсінікті жеткізу және оның меңгеру барысын бақылау. Мұнда конспекті жасаудың маңызы зор болуымен қатар, дидактикалық материалдар мен оқытуды компьютерлендіру жағын ұштатыра жүргізу қаралды.

Білім берудің нәтижелі болуына компьютердің тағы бір күшті құрал екенінің көрінісі, бейнелеу, жадыда жүйелі сақтау, түсіне жұмыс істеуге қолайлы, шығармашылықпен жұмыс жасап, қисынды ойлауды жақсартады.

Физиканы оқытудың тиімділігін анықтау тек білім деңгейімен ғана өлшенбейді, ол оқушылардың өздігінен білімін жаңаша қалыптастыруға байланысты [16].

Оқитын сабағының мәнін түсіну үшін физиканың білімге қатысты орнын ашу, осы заманғы ғылыми жетістігін түсіндіру қажет.

Мұнда да компьютерлік технологияны осы талапқа лайықты пайдалану керек. Компьютерде оқытудың екі түрін көрсетуге болады:

  • оқытатын;
  • бақылаушы.

Алдымен міндетті түрде алдан ала дайындық лекциясын өткізіп, оқушыларды жұмыс істей білуге үйрету. Бұдан ары оқушы экран мониторындағы материалды өз бетімен игереді.

Мұғалім тек бақылайды және сабақ барысында сұрақ  туса соған жауап береді. Сөйтіп сабақ соңында өткен материалға қарай сұрақтар белгіленіп, шығарылып оқушылар жауап беретіедей болады. Бұл оқытудың ең қолайлы жолы.

Оқытудың екінші бір түрі бақылау, білім деңгейін компьютерді пайдаланып тексеру. Бұл бақылау оқушылардың барлық тобын аз уақыт ішінде тексеріп, экран бетінде көрсетілгенге сай баға қоюға мүмкіндік береді.

Тест аяқталған кезде экран бетіндегі кестелерге номерлі сұрақтар шығып, сұраққа жауаптың дұрыс берілгенін және жіберілген қателерді көрсетді.

Мұғалім берілген жауаптың дұрыс екеніне тағы да ойлануға мүмкіндік береді. Оқушы компьютерді пайдаланып жіберген қатені түзетіп, қайта шығарады. Көрсетілген әдістемелік ұсыныста компьютерлік оқытудың екі үлгісі де қолданылады.

Компьютерді пайдаланып тексерудің нәтижелілігі жеке – жеке білімін тексеруге мүмкіндік беру арқылы, әрбір оқушының біліміне қарай бағасын береді.

 

3.5 Тестік технология

Оқушылар білімін, білігін және дағдысын тексеру - оқыту үрдісінің ең маңызды бөлімінің бірі. Ол оқушының үлгерімін қадағалау арқылы іске асады. Жүйелі түрде тексерудің диагностикалық, білім беру және тәрбиелік маңызы өте зор. Дидактикалық белгілеріне қарай білімді тексеру күнделікті, алдын–ала, қорытындылау деп бөлінеді. Әдістеме бойынша ауызша, жазбаша және эксперименттік деп бөлуге болады. Оқушылар білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде, соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып отыр.

Тест ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген мағынаны білдіреді. Педагогикада тесті пайдалану 130 жылдан астам уақыт ты қамтиды. Ең алғашқы тестіні 1864 жылы ағылшын Джордж Фишер құрастырып, оны Гринвич госпиталіндегі  мектепте пайдаланған. Содан бері білімді тестік жүйемен тексеру Америка, Франция, Англия сияқты елдерде кеңінен тараған. Білім деңгейін тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым – педагогтар, тест – оқушылардың өз-өзін тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру, оқыту әдісі деп есептейді. Срндықтан бұл әдіс сабақ үрдістерін бір- бірімен байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр. Тағы бір тиімді жағы уақыт үнемділігі, оқушылар қызығып, белсенділігі артады. Тест тапсырмаларын құрудың әдістемесіне тоқталайық. Жұмыс тестің мақсатын анықтаудан басталады. Одан соң тексерілетін білім, білік элементтері анықталып, әр түрлі кезеңде білім берудің жалпы және дара мақсатымен деңгей эталондары нақтыланады. Тест тапсырмаларының қандай түрін болмасын сұрақ не тапсырма ретінде бергеннен гөрі қайтарылған жауапқа байланысты бекіту, қорытынды ретінде құру тиімді болады [9].

Тестік тапсырмаларының әр түрлі типтері болады. Олар: толықтыру тесті, еске түсіру, балама, таңдау, салыстыру, ретімен маңызына қарай тізбелеу, құрастырмалы, кәсіптік бағдарлы тестілер.

Тест тапсырмаларының жауабын цифр немесе перфокартаның көмегімен беруге болады. Перфокарта дәптер парағының көлеміндей қаттылыу қағаздан жасалады. Онда тік бағытты тапсырма, ал көлбеу бағытта жауаптары орналастырылады (3-5 жауап) [18].

Содан соң екі бағыт қиылысқан тор көзден дөңгелетіп көзше ойылады.

Тапсырма

                                 Жауап

 

а

ә

б

в

г

1

0

0

0

0

0

2

0

0

0

0

0


1. Ашық тапсырма немесе толықтыру тесті – сөйлемдегі жетіспей тұрған сөздің сөз тіркесінің, сандар мен формулалардың орнындағы көп нүктенің итиісті жауаппен алмастырады.

Мысалы. Динамика тарауын өткенде:

  1. Инерциялы санақ жүйелері деп...
  2. ...құбылысын инерция деп атаймыз.
  3. Дене массасы оның ...өрнектейтін шама.
  4. Күш –бұл.... Ол - ...тең.
  5. Дене бір-біріне ... тең, ал бағыттары бойынша ...әсер етеді. Ол ...

2. Еске түсіру тесті - сөз, сан, формула, бейне түріндегі бір ғана жауапты керек етеді.

 «Сұйықтағы электр тогын»  өткенде:

  1. Зат бөлшектерінің суда ерігенде иондарға ыдырауы қалай аталады?
  2. Электролит дегеніміз не?
  3. Электролит ерітіндісі арқылы ток өткенде электродта зат бөліну не деп аталады?
  4. Электролиз заңының формуласы?
  5. Электролиз құбылысы қайда қолданылады?

3. Таңдау тесті - онда сөйлемнің басы беріледі де, соңынан бірнеше үлгілері жауап ретінде ұсынылады, оның ішінде дұрысы да, қатесі де бар. Дұрыс жауап нөмірін карточкаға белгілеп жауап береді.

«Электромагниттік толқындар» тақырыбына мысал келтірейік:

  1. Электромагниттік толқын дегеніміз не?

А.Кеңістікте таралатын айнымалы магнит өрісі.

Б. Кеңістікте таралатын электр өрісі.

В. Кеңістікте таралатын өзара байланысқан және периодты түрде өзгеріп отыратын электр мен магнит өрісінің жүйесі.

2. Сәуле шығаратын тербелмелі  контурдағы конденсатор сыймдылығын  екі есе ұлғайтқанда электромагниттік  толқын ұзындығы қалай өзгереді?

А. Екі есе қысқарады.

Б. Өзгермейді.

В. Екі есе ұзарады.

3. Вакуумнан басқа бір ортаға  өткенде электромагниттік толқынның  таралу жылдамдығы қалай өзгереді?

А. Көбейеді.

Б. Азаяды.

В. Өзгермейді.

4. Электромагниттік толқын шығару  үшін зарядталған бөлшек қалай  қарай қозғалуы тиіс?

А. Тұрақты жылдамдықпен.

Б. Шеңбер бойымен бір қалыпты.

В. Түзу сызықты үдемелі қозғалыспен.

5. Элетромагниттік толқын таралған  кезде оны сипаттайтын қандай  шамалар өзгеріске ұшырайды?

А. Периоды.

Б. Жиілігі.

В. Амплитудасы.

Г. Жылдамдығы.

4. Балама тесті – қандай да бір ұғымды растайтын сөйлемдерден құрастырылады. Жауап дұрыс немесе қате, я немесе жоқ түріндегі сөздермен беріледі.

Мысалы, физикалық терминдер: қуат және энергия

  1. Бұл – физикалық шама. Бұл – ұғым.
  2. Екеуі де дененің жұмыс істеу қабілетін білдіреді.
  3. Жұмыстың орындалу жылдамдығы орындалған жұмыстың маңызын білдіреді.
  4. Джоуль, Ватт арқылы өрнектеледі.
  5. Салыстыруға арналған тест - ол да бір ғана бағанада тапсырма тек сөйлеммен, ал екінші бағанада берілген сұрақтан екі-үш есе көп жауап беріледі.

6. Ретіне қарай тізбелеу тесті - құбылыстар, шамалар, сипаттамалардан тұрады. Оларды тәртіппен, яғни маңыздылық млшері бойынша реттеу керек. Берілген тізім жауаптың құралуына негіз болады.

Мысалы, астрономиядан «Күн жүйесіндегі денелердің табиғатын» оқытқанда:

  1. Планеталардың ең үлкенінен кішісіне қарай орналастыр.
  2. Планеталарда массасының азаюы ретімен тізбелеп көрсет.
  3. Планеталарды серіктерінің санына қарай орналастыр.

Жауапқа негіз болатын: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон.

7. Құрастырма тест - әр түрлі типтегі тапсырмалардан тұрады. Оқушылар оның жауабын берілгендердің ішінен таңдайды.

«Жылу құбылыстар» тақырыбын өткенде:

  1. Дененің ішкі энергиясы қандай физикалық шамаларға тәуелді?

А. Дененің массасы мен жылдамдығына

Б. Дененің жер бетіндегі биіктігіне және оның жылдамдығына

В. Дененің температурасы мен массасына

Г. Дененің қозғалыс жылдамдығы мен емпературасына

2. Бөлмені батареямен жылытқанда  жылу берілудің қай тәсілі көп роль атқарады?

А. Жылу өткізгіштік

Б. Конвекция

В. Сәуле шығару

3. Қандай температура 0С деп есептеледі?

А. Мұздың температурасы

Б. Тұз араласқан мұз температурасы

В. Еріп кеткен мұз температурасы

4. m кг отынды жаққанда бөлінетін жылуды қалай есептейді?

А. Q=qm                                

Б. Q=lm

 В. Q= cmCt

5. Күн энериясы жерге жылу  берілудің қандай тәсілі бойынша  жеткізіледі?

А. Конвекция

Б. Сәуле шығару

В. Жылу өткізгіштік

8. Кәсіби бағыттағы тест – онда сұрақпен қса өтілген тақырыбымен қандай да бір мамандықпен байланысты мағлұматтар беріледі.

«Әр түрлі ортадағы электр тогы» тақырыбын өткенде, оқушы берілгендердің ішінен дұрыс жауапты таңдауы керек.

Жартылай өткізгіштерді ғылымда, техникада, тұрмыста кеңінен қолдану, бұл материалдардың мынадай асиеттеріне орай екені белгілі: 
А. Жартылай өткізгіштердің кедергісінің температуралық тәуелділігі өзгеше, температура ұлғайған сайын олардың кедергісі азайып, өткізгіштігі арта түседі.

Б. Жартылай өткізгіштердің кедергісі – жарықтың мөлшеріне тәуелді

В. Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігін қоспалар қосу арқылы барынша арттыруға болады.

Г. Зарядтағы еркін тасымалдаушылар пайда болу үшін p-n ауысуы бар жартылай өткізгіштерге қоспалар енгізіледі. Сондықтан жартылай өткізгішті құралдарда арнайы ток көзі болмайды, олардың схемалары шағын электроэнергиясын үнемдеуге қол жетізеді.

Тест оқушылардың білімін салыстыруға, мұғалім әдістемемсінде жіберілген ол қылықтарды ашып көрсетуге, білім беру жүйесінде оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге, әр түрлі оқу әдісін салыстыруға мүмкіндік туғызады.  

  

 

 

 

4 ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨМЕГІМЕН ФИЗИКА САБАҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

4.1 «Электр тогының жұмысы және қуаты» тақырыбын деңгелеп саралап оқыту

Информация о работе Орта мектепте жаңа оқыту технологиялар көмегімен оқушылардың физика сабағына қызығушылығын арттыру