Орта мектепте жаңа оқыту технологиялар көмегімен оқушылардың физика сабағына қызығушылығын арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Июня 2014 в 20:12, дипломная работа

Краткое описание

Осы мақсатта, ең алдымен қазіргі жұмыс істеп тұрған мектептер жұмыстарына бірлесе отырып педагогикалық, әдістемелік ғылымдардың соңғы жылдардағы жаңалықтарын енгізуге күш жұмсауы қажет. Ал бұл жұмысты жүзеге асыру мектеп мұғалімі қауымының өз іскерліктерін арттырумен қатар олардың әдістемелік ғылым жетістіктерін меңгеруге бел шеше кірісулеріне тікелей байланысты.
Мектепте осы бағытта жүргізілген жұмыстың тиімділігі мен пайдалылығына қарамастан кез келген жаңалықты оқу процесіне енгізу қиындықсыз болмайды.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 ПЕДАГОГИКАДАҒЫ « ТЕХНОЛОГИЯ » ҰҒЫМЫ......................................7
2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ МЕН КҰРЫЛЫМЫ......................................................................................................10
3 ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІ
3.1 Деңгейлі дифференциалды оқыту..................................................................16
3.2 Физика пәнін деңгейлеп саралап оқыту........................................................18
3.3 Модульдік оқыту технологиясы.....................................................................21
3.4 Физика пәніне компьютерлік технологияны тиімді пайдалану..................25
3.5 Тестік технология............................................................................................26
4 ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨМЕГІМЕН ФИЗИКА САБАҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
4.1 «Электр тогының жұмысы және қуаты» тақырыбына деңгелеп саралап оқыту технологиясын қолдану..........................................................................32
4.2 «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбына модульдік технологиясын қолдану.................................................................................................................35
4.3 Модульдік оқыту технологиясы бойынша 11- сыныпта «Электр энергиясын өндіру, жеткізу, пайдалану» тақырыбын өткізу..........................39
4.4 Эрудиттер сайысы сабағы...............................................................................42
4.5 «Электр құбылыстары» тарауын қорытындылау.........................................45
5 VISUAL BASIC БАҒДАРЛАМАЛАУ ТІЛІНДЕ ҚҰРЫЛҒАН ТЕСТ КӨМЕГІМЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМДЕРІН ТЕКСЕРУ.......................47
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................48
ӘДЕБИЕТ...............................................................................................................50
ҚОСЫМША А.......................................................................................................52
ҚОСЫМША Б........................................................................................................53
ҚОСЫМША В.......................................................................................................54
ҚОСЫМША Г........................................................................................................55
ҚОСЫМША Д.......................................................................................................64
ҚОСЫМША Е.......................................................................................................69
ҚОСЫМША Ж......................................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

referattar.kz_166446479.doc

— 2.21 Мб (Скачать документ)

 


 


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫН

 

 

 МАТЕМАТИКА, ФИЗИКА, ТЕХНИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТЫ


 


 

Физика кафедрасы

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

Тақырыбы: «ОРТА МЕКТЕПТЕ ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨМЕГІМЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФИЗИКА САБАҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ»

                                            


МАЗМҰНЫ


бет

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1 Педагогикадағы « технология » ұғымы......................................7

2 Педагогикалық технологиялардың қасиеттері мен                 кұрылымы......................................................................................................10

3 ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІ

3.1 Деңгейлі дифференциалды оқыту..................................................................16

3.2 Физика пәнін деңгейлеп саралап оқыту........................................................18

3.3 Модульдік оқыту технологиясы.....................................................................21

3.4 Физика пәніне компьютерлік технологияны тиімді пайдалану..................25

3.5 Тестік технология............................................................................................26

4 ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨМЕГІМЕН ФИЗИКА САБАҒЫНА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

4.1 «Электр тогының жұмысы және қуаты» тақырыбына деңгелеп саралап оқыту технологиясын қолдану..........................................................................32

4.2 «Тізбек бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбына модульдік технологиясын қолдану.................................................................................................................35

4.3 Модульдік оқыту технологиясы бойынша 11- сыныпта «Электр энергиясын өндіру, жеткізу, пайдалану» тақырыбын өткізу..........................39

4.4 Эрудиттер сайысы сабағы...............................................................................42

4.5 «Электр құбылыстары» тарауын  қорытындылау.........................................45

5 Visual Basic бағдарламалау тілінде құрылған тест көмегімен оқушылардың білімдерін тексеру.......................47

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................48

ӘДЕБИЕТ...............................................................................................................50

ҚОСЫМША А.......................................................................................................52

ҚОСЫМША Б........................................................................................................53

ҚОСЫМША В.......................................................................................................54

ҚОСЫМША Г........................................................................................................55

ҚОСЫМША Д.......................................................................................................64

ҚОСЫМША Е.......................................................................................................69

ҚОСЫМША Ж......................................................................................................73

ҚОСЫМША З........................................................................................................76

 

КІРІСПЕ

Соңғы 10 жыл ішінде елімізде қоғамды демократияландыру   және ізгілендіру саласында жүргізілген біраз реформалар, экономикалық өзгерістер жалпы орта білім беретін мектептегі оқу процесін оқушының қабілеті мен қызығушылығына сәйкес дербестендіру қажеттігін алға қойып отыр.

Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы – дидактиканың әртүрлі ұтымды әдіс – тәсілдерін пайдалану есебінен мектеп оқушылардың ой -өрісінің даму деңгейін көтерудің, олардың ғылыми танымдық іс - әрекеттерін белсендірудің, оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді әдістемесін жасау болып табылады. Осындай өзекті мәселелер қатарына мектепте физиканы оқыту процесінде түрлі формадағы және мазмұндағы есептерді жүйелі түрде әрі ұдайы орындау арқылы оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру мен дамытуды қоюға болады.

Ғылым мен өндірістің дамуына математиканың қажеттілігі, математикалық білім мен біліктіліктің қолданылу аясының  кеңейуі еліміздегі әрбір оқушының математикалық білімінің толық болуының мәнін және маңызын күшейте түсті. Бұл еліміздің әрбір азаматына орта білім алуға міндет арта отырып, мұғалім қауымынан ертеңгі күні мемлекет сенім арта алатындай оқушылардың математикалық дайындығының сапасын көтеруді және білімнің қандайда бір деңгейіне кепілдік беруін қамтамасыз етуді талап етеді.

Бүгінгі күні мектептің алдына білім берудің және тәрбиелеудің сапасын жоғарылату, әр пәнді жоғары ғылыми дәрежеде оқыту талаптары қойылған. Осыған байланысты оқылатын материалдар тізбесін және көлемін нақтылау, оқулықтар мен оқу бағдарламаларындағы артық жүктемелерді алу, оқу пәндеріндегі жетекші идея мен негізгі ұғымды нақтылай сипаттауды қамтамасыз ету, әрбір пән үшін іскерлік пен дағдының тиімді көлемін анықтау қажеттігі туып отыр. Бұл мәселелерді шешудің негізгі бір жолы мұғалімдердің теориялық және әдістемелік шеберліктерін жетілдіру екені айқын [10].

Осы мақсатта, ең алдымен қазіргі жұмыс істеп тұрған мектептер жұмыстарына бірлесе отырып педагогикалық, әдістемелік ғылымдардың соңғы жылдардағы жаңалықтарын енгізуге күш жұмсауы қажет. Ал бұл жұмысты жүзеге асыру мектеп мұғалімі қауымының өз іскерліктерін арттырумен қатар олардың әдістемелік ғылым жетістіктерін меңгеруге бел шеше кірісулеріне тікелей байланысты.

Мектепте осы бағытта жүргізілген жұмыстың тиімділігі мен пайдалылығына қарамастан кез келген жаңалықты оқу процесіне енгізу қиындықсыз болмайды. Демек, бұл қиындықтан шығудың алғашқы қадамы, ол көптеген ғалым педагогтар алдыға тартып отырған орта мектеп үшін қажетті ең төменгі білім деңгейін анықтап, оны қалыптастыру ісін жүзеге асыру және осыған байланысты орта білім стандартының талаптарын мүлтіксіз, тез арада жүзеге асыру қажеттілігі туып отыр.

Кейінгі жылдары мемлекетіміздің білім беру кеңістігінде жалпылама стандарттау процесі жүріп жатқаны белгілі. Бұл өте күрделі жауапкершілігі зор іс.

Білім беру стандартының оқу процесінде іске асырылу міндеттілігі мектепте еңбек етіп жатқан педагогтар жұмысын күрделендіруі шындық, тіпті олардың оқу процесіндегі күнделікті жұмысын күрт қиындатып жіберетіні хақ, өйткені осы стандартқа қол жеткізерлік және мұғалім жұмысының жоғары сапасына кепілдік берерлік тиісті педагогикалық технологияны таңдап білікті түрде оны оқу процесіне енгізу мақсаты туындап отыр. Бізге белгілі көптеген оқыту технологияларының қайсысы жемісті және ұтымды екенін орта мектепте мұғалімдеріне ешкім негіздеп, айқындап бермеді. Оқушы білімінің стандарт талабының деңгейіне жеткізу үшін орта мектептерде дәстүрлі оқыту әдістемесі орнына педагогикалық жаңа іс - әрекеттерді анықтап, оны теориялық және практикалық жағынан ұқыпты түрде дайындап алу қажет.

Дәстүрлі оқыту әдістемесі көбіне – көп оқу процесін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар мен қағидалар жиыны болса, ал педагогикалық технологияны принциптік маңызды екі жағдай ерекшелендіреді:

  1. Технология көзделген нәтижеге жетудің кепілдігі;
  2. Технология болашақ оқу процесінің жобасы.

Сонымен, қорыта келгенде педагогикалық технология:

- сатыланған және тәртіптелген іс - әрекет жүйесі. Мұны мүлтіксіз орындау белгілі бір тарау немесе курс көлемінде мемлекеттік білім беру стандарты жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік береді;

- мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және жоспарланған қорытынды нәтижеге жетуге кепілдік берерліктей іс - әрекеттер жиынтығы. Демек, дәстүрлі оқыту әдістемесі орнына педагогикалық технологияның оқу процесіне ендірілуі оқу процесінің тиімділігіне оңды жағдай жасайтындығы сөзсіз.

Педагогикалық технологиядағы басты мәселе, біріншіден, оқушының оқу – танымдық әрекеттерінің құрылымы мен мазмұны. Екіншіден, технологияландырудың түбегейлі проблемасы ретінде мақсат құрудың әдіснамасы алынады, ал мақсат - кез келген технологияның оқу процесін басқаруының негізі болып табылады. Педагогикалық технологияның басты мәні алдыға қойылған мақсатқа толықтай жету, осыдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.

Білім берудің сапасын арттырудың негізгі бағыттарының тағы бірі – оқыту процесін жан – жақты және жүйелі түрде компьютерлендіру. Оқыту процесін компьютер көмегімен оқытудың нәтижесінде зерттеудегі проблемаларды шешу аса маңызды орын алады. Бұған себеп оқу процесін компьютерлендіру психологиялық – педагогикалық іс - әрекеттердің негізгі бағыттарын жан – жақты қамтуы болып табылады.

Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғанындай, мектеп пәндерін оқыту барысында компьютерді қолдану мұғалім мен оқушының қарым – қатынасы жүйесін, олардың іс - әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып түрлендіреді және олардың ынталылық сезімінің өсуіне әсер етеді.

Оқу процесін технологияландыру және оқытуда компьютерді қолдану жөніндегі зерттеу жұмыстары тәжірибе арқылы нақтыланып оң пікір алғанына қарамастан оқу процесінде педагогикалық технологияны қолдану, сабақтың тиімділігін арттыру мақсатындағы компьютерлік оқыту іс жүзінде көп кездесе бермейді. Бұның себебі сабақты технологиялық тұрғыдан жобаланудың бастапқыда қиындық келтіруі (тақырыпты оқытуды жоспарлау), технологияны қолдану әдістерінің кейбір сатыларының жеткілікті түрде зерттеліп өнделмегендігі және технология жөніндегі мақалалардың аз мөлшерде жариялануы [17]. Сонымен қоса оқыту барысында ЭЕМ – ді тиімді және компьютердің мүмкіндігін толық пайдалану сабақты жоспарлаудың жаңа технологиясын қажет етеді. Бұндай әдістеменің сабақты әдеттегі дәстүрлі әдістеме негізінде өткізуден ерекшелігі оқушыларды зерделік мүмкіндіктеріне сай деңгейлеп оқытуға жағдай жасайды, сондықтан да бұл әдістемені компьютерлік технология бойынша оқыту әдістемесі деп атауға да болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Педагогикадағы « технология » ұғымы

«Оқыту технологиясы», «педагогикалык технология» деген терминді еңгізгенде, педагогтар өз алдына мынанадай мақсат қойған: оқушының, мұғалімнің, оқыту мазмұны, формасы мен әдістерінің, құралдар мен көздерінің    өзара    әрекет    завдылыктарын    анықтау.     Сонымен,    окыту технологиясы мәніне карағанда оқыту процессін ұйымдастыру болып келеді. Ол оқу процесстерінің барлық элементтерінің өзара әрекеттестігін және әрекеттердің белгілі жүйесін қамтиды [1].

Бүгінгі күні педагогикада педагогикалық технология ұғымы нақты еңген. Бірақта оның анықтамасында бірауыздылық жоқ.

Шетел сөздерінің сөздігінде технологияға анықтама былай беріледі, Грек тілінен аударғанда Іесһпе - өнер, шеберлік, іскерлік және Іодіа — объектің өндеуін, дайындауын, жағдайын, қасиеттерін, формаларын өзгерту әдістерінің жыйынтығы.

Түсіндірме сөздігінде бүл ұғым бір істе, шеберлікте қолданатын тәсілдер жыйынтығы ретінде анықтама беріледі.

«Технология» ұғымының әртүрлі варианттарын көрсетейік. «Технология - процессуалды категория; ол объект жағдайының өзгеру әдістерінің жыйыкрығы деп көрсетілуі мүмкін. Технология тиімді жаре экономикалық процесстерді жобалап қолдануға бағытталады» (М.Чошанов). «Педагогикалық технология - оқытудың психологиялық-педагогикалық тәсілдері мен әдістерінің, тәрбиелік құралдардың жийынтығы. Ол педагогикалық процессті ұйымдастыру-әдістемелік кұралы» (Б.Т.Лихачев).

«Педагогикалық технология - бұл оқу процессін жүзеге асырудың мазмұндық техникасы» (В.П.Беспалько).

«Окыту технологиясы - бұл оқыту процессінің белсенді элементтерінің (қатысушыларының) ғылыми дәлелденген әрекет жүйесі» (С.И.Змеев).

«Педагогикалық технология - бұл оқушылар мен мұгалімдер үшін тиімді жағдайларды міндетті қамтамасыз еткен барлық жағынан ойластырылған оқу процесін жобалау, үйымдастыру жэне өткізуге бағытталған косыла жасаған педагогикалық іс-әрекет моделі»(В.М.Монахов).

«Педагогикалык технология - бұл білім беру формаларын оптимизациялауды міндет ретінде қоя отырып, техникалық және адам ресурстарын және олардың өзара әрекеттерін ескеріп білімді беру мен қабылдаудың барлык процессін қүру, қолдану және анықтаудың жүйелі әдісі»   (ЮНЕСКО).

Г.К.Селевко педагогикалык технологияны анықтай келе былай жазады: «Біздің түсінігімізше педагогикалық технология барлық авторлардың анықтамаларын өзіне камыта мазмүндық жалпылау болады» [1].

Ол педагогикалық технологияны үш аспектісімен көрсетеді:

1) гылыми: педагогикалык технология - педагогикалық ғылымның бір бөлігі, ол оқытудың мақсаттарын, мазмұны мен әдістерін зерттеп құрастырады және педагогикалық процесстерді жобалайды;

2) процессуалды-мазмұндау: процесті (алгоритмін) сипаттау, оқытудың жоспарланған қорытындысына жету мақсаттардың, мазмұнның, әдістер мен құралдардың жыйынтығы;

3) процессуалды-әрекетгік - технологиялық (педагогикалық) процесті жүзеге асыру, барлык жекетүлғалық, аспаптык және методологиялык кұралдардың жұмыс істеуі.

Герман Константинович Селевко «педагогикалық технологияның» білім беру практикасында колданатын иерархиялық өзар байланысты үш деңгейін көрсетеді:

Информация о работе Орта мектепте жаңа оқыту технологиялар көмегімен оқушылардың физика сабағына қызығушылығын арттыру