Қазақстандағы жанармай өндірісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 22:14, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде жанар- жағармай материалдарына қылмысты сараптама жасау қажетті болып тұр. Бұл қажеттілік:қылмыс болған жерде, мұнай өнімдерінің қалған іздерін аңықтауға немесе заңсыз мұнай өнімдерінің ашуға, сырттан әкелуге, сапасыз мұнай өнімдерін сатуға болмайды. Сапасыз мұнай өнімдерін қолданған кезде апатты жағдайлар, апараттар мен двигательдердің істен шығуы мүмкін. Олар әр түрлі отындармен жұмыс істейді.Бұған байланысты:экспортқа шығатын заттарды, сырттан әкелінетін заттарды, ішкі айналымдағы заттарды сараптауға әкеп соқты.

Содержание

Кіріспе
1. Жанармайдың түсінігі және құрамы мен қасиеттерінің теориялық аспектілері
1.1. Жанармайдың сипаттамасы
1.2. Жанармайдың құрамы және қасиеті
1.3 Жанармайды өндеу технологиясы.

2. Қазақстандағы жанармай кешенінің жағдайы мен келешегі
2.1 Жанармай комплексінің әлемдік экономикадағы маңызы
2.2 Дүниежүзінде жанармай өндіру, оны өндіруші елдері
2.3 Мұнай өңдеу өндірісінің жағдайы мен келешегі

3. Қазақстан жанармайдың қазіргі жағдайы мен оның сапасын жақсарту жолдары
3.1 Кен орындары мен жанба жанармай қорының географиясы
3.2 Табиғи газ ресурстары мен көмір кен орындары
3.3 Қазақстандағы мұнай-газ ресурстарының өндіру бағыты

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстандағы жанармай мәселесі 2013.doc

— 605.00 Кб (Скачать документ)

     Қазақстан  жел энергетикасына аса бай  аймақтың бірі болып табылады. Ұлан – ғайыр жер көлемін  алып жатқан елімізде желдің  орташа жылдамдығы 4-5 м/сек, ал  бірқатар өңірлерінде 6 м/сек-  қа дейін жетеді. Бұл жел энргетикасын  өндіру үшін таптырмас қуат көзі болып табылады. Сарапшылардың зерттеулері бойынша, Қазақстандағы жел энергетикасының жалпы қуаты жылына 1820 млрд. кВт/сағ.  Электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.

     БҰҰ-ның  жел энергетикасын дамыту жөніндегі  бағдарламасына сәйкес Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жел энергиясы қуатына зерттеу жұмыстары жүргізілген. Соған  байланысты  еліміздің  бірқатар  өңірлері   бойынша  жел  электр  стансаларын  салу  жөніндегі  атлас  жасалынған. Осы  атлас  бойынша  Оңтүстік  өңірде (Алматы, Жамбыл, Оңтүстік  Қазақстан  облыстарында), Батыс  өңірінде  (Атырау  және  Маңғыстау  облыстарында),  Солтүстік  өңірінде  (Ақмола  облысында )және  орталық  өңірде  (Қарағанды  облысында) жел  электр  стансаларын  салу  жұмыстарының  жобасы  жасалынған.                                  

      Алайда, Қазақстанның   қазіргі  электр  энергиялық  рыногында  жел  энергетикасының  ресурстары  мүлде  пайдаланылмайды. Оның  басты  себебі,  электр  энергетикалық  рыноктағы  жел  энергетикасы  бәсекелестігінің  төмендігі  болып  отыр. Жел  электр  стансаларын  салу  арқылы  жел  энергетикасын  дамытуға  жұмсалатын  инвестициялық  қайтарымын  есептегенде,  1  кВт/сағ  электр  энергиясының   құны  8-10 теңге  болатын  көрінеді. Ал  қазіргі  уақытта  электр энергиясын өндіруші ұйымдар шығаратын 1 кВ/сағ. Электр энергиясының құны   2- 4,5 теңгені құрайды. Ал 2015 жылға таман дәстүрлі энергия өндіруші мекемелердің шығаратын электр энергиясының құны Оңтүстүк өңірде 5,5 теңге. Батыс өңірде 5,6 теңге, Ақмола облысында 5,5 – 7,9 теңге болады деп күтілуде. Міне, осыдан – ақ жел электр станцаларын салдуға жұмсалатын инвестицияны қайтарғаннан кейін жалпы электр энергиясын өндіру рыногында жел энергетикасына бәсекелестік болмайды.

     Қазақстанның  басым өңірлері бір орталықтан өндірілетін электр энергиясын тұтынады. Бұл электр қуатын тарату үшін 370 мың шақырым тарату жүйесі салынған. Міне, осындай қашықтыққа созылған электр қуатын тарату жүйесінің тиімділігі төмен. Электр энергиясын тарату кезінде шығындалатын энергия қуаты 25-40%-ды құрайды. Сонымен бірге бірқатар селолық өңірлердегі электр тарату желілері ескірген. Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегі бойынша, елімізде 255 ауылдық елді мекендері орталықтандырылған элекрмен жабдықтау жүйесіне қосылмаған. Оған қазіргі уақытта құрыла бастаған көптеген фермерлік шаруашылықтарды қоссақ, қаншама елді мекеннің орталықтандырылған электр қуатымен қамтамасыз етілмейтінін байқаймыз.

     Осы орайда  әр өңірдің табиғи мүмкіндіктеріне  сәйкес салынатын жел электр  стансаларының тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз етудегі аса зор мүмкіндіктерін болжауға  болады.

     Қазақстанда  электр энергиясын өндірудің   балама көздерінің бірі ретінде  таяу болашақта жел энергетикасына  басымдық беріліп отыр. Онымен  қоса жел энергетикасы саласын  дамыту  энергия өндірудің басқа балама көздерімен салыстырғанда шығынды аз қажет етеді. Жел энергиясын өндіру жөнінде әлемде қалыптасқан бай тәжірибенің де бұл саланы жетілдіруге оң ықпал ететіндігі сөзсіз. Елімізде 2015 жылға таман жалпы қуаты 300 мВт болатын жел электр сансаларын салу көзделуінде.

     Атап айтқанда, Жоңғар қақпасында қуаты 50-100 мВт,  Шелек дәлізінде 100-200мВт, Астана  қаласында 20 мВт болатын жел  электр стансаларын салу жоспарланған.

       Атом  энергетикасы. Электр қуатын өндірудің  тағы бір балама көзі атом энергетикасы болып табылады. Бұл ретте соңғы жылдарда Қазақстанда оның пайдасы мен зиянын салыстырған талас тоқтайтын емес. Атом энергетикасына байланысты елімізде бір-біріне кереғар көзқарастар бар. Қазақстан зерттелген уран кен орындары бойынша әлемде алғашқы үштіктің қатарына кіреді. Сонымен бірге атом энергетикасын дамыту ауаға таралатын көмірқышқыл газын азайтуға да септігін тигізетіндігі сөзсіз. Әрине, атом электр стансаларының қаупін ешкім жоққа шығармайды. Бірақ атом электр стансасы ядролық полигон емес екендігі де анық. Ядролық зардап шеккен Жапонияда бүгінде 50 атом электр стансасы жұмыс істейді. Ал тұрғындардың өмір жасының ұзақтығына келсек, жапондықтар қазақстандықтардан әлдеқайда алда тұр. Ендеше Қазақстанда атом энергетикасының болашағы бар және ол қазіргі энергетикалық қуат өндіру орталықтарынан бірнеше есе тиімді.    

       Электр энергиясын өндіру. Қазақстанда таяу жылдарда электр энергиясының тапшылығы  үлкен проблемаға айналатындығы жөнінде сарапшылар ашық айтуда. Алдын ала есептеулер көрсетіп отырғандай, елімізде электр энергиясын тұтыну мөлшері 2015 жылға таман 1,5 есе артады.  Ал «КEGOК» ұлттық компаниясының деректері бойынша 2020 жылға таман еліміздегі энергия тұтыну мөлшері 2 есеге дейін артатын көрінеді. Алайда жылдық тұтыну мөлшері 8,5 мың мВт болып отырған кезде  электр энергиясының тапшылығы қазірдің өзінде 1200 мВт-ға жетіп отыр.

     Еліміздің  экономикасы бүгінгі таңда көп  мөлшерде жылу және электр  энергиясын тұтынатын шикізаттық  салаларға негізделген. Жылу және  электр энергиясы ресурстарын тиімсіз пайдалану, энергетикалық тиімділіктің төмендігі және экономиканың үлкен мөлшерде энергия тұтынуға негізделуі  еліміздің экономикасының бәсекелестігін арттыруға да кесірін тигізіп отыр. Қазақстанда электр энергиясының негізгі көзі Екібастұздың арзан шикізатына  тәуелді көмір энергетикасы болып табылады. Қазір елімізде өндірілетін электр энергиясының 80% -ын көмір өндірісі қамтамасыз етіп отыр. Таяу болашақта елдің электр энергетикасы  саласындағы қалыптасқан осы жағдай сақталатын болады.

     Ел экономикасының  соңғы жылдардағы қарқынды дамуына  байланысты элекр энергиясына  деген сұраныс та артуда. Бүгінгі  күннің өзінде оны өндіру көлемі  тұтыну мөлшерінен төмендеп барады.  Осы жағдай сақталатын болса,  енді біраз жылдардан кейін бұл экономикамыздың дамуын тежейтін үлкен кедергіге айналмақ. Әсіресе еліміздің оңтүстік, орталық және  батыс өңірлерінде электр энергиясының тапшылығы алаңдатады. Биылғы жылы электр энергиясын тұтыну мөлшерінің біршама азайғандығы байқалды. Бірақ бұл дағдарысқа байланысты қалыптасқан уақытша құбылыс.

     Республикамыздың  энергетика саласындағы ерекше  өткір болып отырған мәселе-бұл  саланың негізгі құрал-жабдықтардың  ескіруі. Электр стансаларындағы  негізгі жабдықтардың ескіруі  70% - ды құраса, тарату жүйелері жабдықтарының 65% - ы жарамсыз. Жылу жүйелерінің 80% - ы толық жаңартуды қажет етеді. Оның үстіне дамыған елдермен салыстырғанда, Қазақстанда ІЖӨ - нің 1 долларына 5 есе көп электр  қуаты жұмсалады. Энергетиканың маңызды салаларының бірі өңірлік электр жүйесі болып табылады. Кезінде Қазақстанда қуаты 110 кВт болатын ұзындығы 370 мың. шақырымға созылған электр қуатын тарату  жүйесі салынған болатын.  Қазіргі таңда бұл айтылған электр тарату жүйесі өзінің нормативтік қызмет мерзімін толық атқарып бітті, моральдық тұрғыдан әбден ескірді.

    Міне осыған  байланысты еліміздің энергетикалық  қауіпсіздігін  және Қазақстанның  біріккен  энергетикалық жүйесінің  сенімді жұмысын қамтамасыз ету  үшін Үкімет 2010 жылғы 31 мамырда «Қазақстан Республикасында 2010- 2015 жылдарды электр энергетикасы саласын дамыту жөніндегі шаралар жоспары» бағдарламасын қабылдап, ауқымды инновациялық жобалар белгіледі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауында «Біздің болашағымыз экономиканың одан әрі жаңғыртылуы мен базалық инфрақұрылымның дамуына байланысты», деп атап көрсетті. Президент тапсырмасымен өткен жылы Үкімет дағдарысқа қарсы бірлескен іс-қимыл жоспарын қабылдап, инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық үлкен жобаларды іске асыру міндетін белгіледі.

 

 

 

 

 

 

3  Қазақстан  жанармай  кешенінің қазіргі жағдайы

3.1 Кен  орындары  мен жанба жанармай қорының   географиясы

 

     Қазақстандағы  мұнай өнеркәсібі жанармай өнеркәсібіндегі  жетекші рөл атқарады. Мұнайдан 300 түрлі өнім алынады. Мұнай өнеркәсібі XIX ғасырдың аяғынан бастап қолға алынды. 1911 жылы Орал-Ембі мұнай-газ алабындағы Доссор кенішінен игеріле бастады. 1960 жылдардың ортасында осы аймақтағы Маңғыстау алабы ашылды. Ондағы Өзен, Жетібай кен орындарының мұнайы құрамында парафиннің көп болуынан, бөлме температурасының өзінде илене бастайды. 1970 жылдардың аяғында геологтар оншалықты терең емес қабаттардан Қаражанбас, Қаламқас, Солтүстік Бозащы және т.б. кен орындарындағы мұнайға барлау жасады.

      1980 жылдардың  басында республикамызда үшінші мұнай-газ алабы -  Оңтүстік Торғай ашылды. Ірі кен орындары Құмкөл, мұнайы тез қатады және құрамында табиғи газ бар. 2002 жылдардың басында ең үлкен мұнай-газ алабы ашылды. «Қазақстан Каспийшельф» компаниясы Каспий теңізінің солтүстігіндегі қайраңнан ең үлкен мұнай кен орны Қашағанды ашты. Мұнай қоры жағынан (4,8 млрд.т) Қашаған дүние жүзінде үшінші орында.  Жанба қуат көздері қорларының әр түрлі қуат күшінің энергиялық  күші    29 ГДж /т (7000 к кал/кг ) мөлшерінде қабылданған шартты жанармай түріндегі эквивалентті шамамен белгілеген ыңғайлы. Әр түрлі жанба қазбаларын шартты жанармайға ауыстыру коэфиценттерінің  мәні сондай-ақ  мұнай эквиваленті 1.1 кестеде келтірілген.

     Соңғы бағалау  бойынша әлемдегі жанатын кеннің  қорлары былай бөлінген (1.2. кесте)

     Әлемдегі  жанатын кеннің негізгі үлесі  жанармайның қатты түрлері бойынша  алынған (70% экв.).  Алынатын органикалық  жанармай қорындағы мұнай мен  газ үлесіне тиісінше 16 және 14% экв.келеді.

     Әлемдегі  елдер бойынша жанатын кен қорларының бөлінуі  1.3. кестеде көрсетілген.

                                                                                                                                                                                                                                      10 кесте

                           Жанатын қазбалардың қуат эквиваленті

 

 

Жанатын қазбалардың түрлері

Жеке қуат күші

Ауыстыру коэффициенті

Шартты жанармай т/т

Мұнай эквиваленті    т/т

Тас көмір 

27,60 ГДж/т

0,95

0,66

Қоңыр көмір

13,80ГДж/т 

0,47

0,33

Мұнай

41,90 ГДж/т 

1,44

1,00

Табиғи газ 20ºС                 0ºС

34,30 ГДж/1000мº       37,70 ГДж/1000мº     

1,8т/1000м³                 1,30т/1000мº

0,82т/1000м³               0,90т/1000м³

Шартты жанармай

29,00 ГДж/т

1,00т/т

0,70т/т


                     

  11 кесте

 

  Жанатын қазбалардың  әлемдік алыну қоры (1.01.2009 ж. жағдайында)

                                                                                                                   

 

Жанатын қазбалар түрі             

    10  т 

10  м

  10 т.у.т.      

  % экв.

мұнай

139,5

-

208,5

16,03

Газ

-

144,8

188,2

14,47

Тас көмір

547,1

-

519,7

39,96

Қоңыр көмір

543,0

-

255,2

19,62

Сланецтер,ауыр мұнайлар, таиғи қарамайлар

-

-

129

9,92

Барлығы

   

1300,6

100


 

      Әлемдік  энергоресурстар  қорындағы   жекеленген   аймақтар  мен  елдердің  үлесі   (%)  және олардың өндірілген қормен  қамтамасыз  етілуі ( жыл) (1.01.2010 ж. жағдайында )

       

12 кесте

 

 

Аймақтар, елдер

 

Мұнай

             Газ

                Тас көмір

%

жыл

%

жыл

%

Жыл

              1

2

3

4

5

6

7

Жер шары

Слотүстік Америка 

АҚШ

Латын Америкасы

Венесуэла

Мексика

Батыс Еуропа

Ұлыбритания

Норвегия 

Нидерланды

Германия

100,0

2,7

2,2

12,6

6,4

4,8

1,8

0,4

1,1

-

-

40,1

7,5

5,6

35,0

51,2

39,2

7,6

10,5

9,8

-

-

100

4,5

3,2

5,6

2,8

1,25

3,3

0,5

1,0

1,2

62,8

8,8

8,4

65,6

143,1

39,6

17,6

8,3

34,7

20,6

100

21,2

20,35

2,1

-

0,15

8,4

3,7

-

-

4,4

213

137

138

250

-

72

258

323

-

-

353

Шығыс Еуропа

0,2

25,4

0,5

 

5,7

191

Румыния

0,16

32,4

0,28

18,8

   

Польша

Бұрынғы КСРО

Ресей

Таяу және Орта Шығыс

Сауд Арависы 

Ирак 

Иран

Кувейт

Абу-Даби

Африка

Ливия

Нигерия

Алжир

ЮАР

АТА

Қытай

Индонезия

Малайзия

Австралия

Индия

-

5,6

4,76

 

664,4

25,4

11,0

9,1

9,2

9,6

6,3

2,9

1,5

0,9

-

4,18

2,35

0,5

0,4

0,18

0,4

-

21,9

21,7

 

85,5

78,9

263,2

69,2

123,7

110,5

26,7

57,6

18,8

20,4

-

15,8

20,5

9,3

16,2

8,6

16,0

0,1

39,2

33,2

 

33,8

3,7

-

15,855

1,0

4,0

6,8

0,9

2,2

2,6

-

6,3

0,8

1,42

1,56

0,4

0,34

31,0

90,9

84,3

 

357,0

146,3

-

681,88

254,2

211,7

113,8

198,5

-

62,3

-

40,2

55,2

31,0

31,1

18,3

21,7

5,3

19,0

-

 

-

-

-

-

-

 

11,0

-

-

-

10,1

32,5

11,4

0,18

 

8,3

12,4

217

228

-

 

-

-

-

-

-

 

322

-

-

-

338

97

60

35

 

619

292

Информация о работе Қазақстандағы жанармай өндірісі