Қазақстандағы жанармай өндірісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 22:14, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде жанар- жағармай материалдарына қылмысты сараптама жасау қажетті болып тұр. Бұл қажеттілік:қылмыс болған жерде, мұнай өнімдерінің қалған іздерін аңықтауға немесе заңсыз мұнай өнімдерінің ашуға, сырттан әкелуге, сапасыз мұнай өнімдерін сатуға болмайды. Сапасыз мұнай өнімдерін қолданған кезде апатты жағдайлар, апараттар мен двигательдердің істен шығуы мүмкін. Олар әр түрлі отындармен жұмыс істейді.Бұған байланысты:экспортқа шығатын заттарды, сырттан әкелінетін заттарды, ішкі айналымдағы заттарды сараптауға әкеп соқты.

Содержание

Кіріспе
1. Жанармайдың түсінігі және құрамы мен қасиеттерінің теориялық аспектілері
1.1. Жанармайдың сипаттамасы
1.2. Жанармайдың құрамы және қасиеті
1.3 Жанармайды өндеу технологиясы.

2. Қазақстандағы жанармай кешенінің жағдайы мен келешегі
2.1 Жанармай комплексінің әлемдік экономикадағы маңызы
2.2 Дүниежүзінде жанармай өндіру, оны өндіруші елдері
2.3 Мұнай өңдеу өндірісінің жағдайы мен келешегі

3. Қазақстан жанармайдың қазіргі жағдайы мен оның сапасын жақсарту жолдары
3.1 Кен орындары мен жанба жанармай қорының географиясы
3.2 Табиғи газ ресурстары мен көмір кен орындары
3.3 Қазақстандағы мұнай-газ ресурстарының өндіру бағыты

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстандағы жанармай мәселесі 2013.doc

— 605.00 Кб (Скачать документ)

Кен орындары

Елдер

Бастапқы қоры, млрд.т.

Тунгус 

Лениск 

Канс – Ачинск

Кузнецк

Таймыр

Аппалач

Ресей

Ресей

Ресей

Ресей

Ресей

АҚШ

2300

1647

638

637

580

1600


 

     Көмірдің  қоры жөнінен  Қазақстанда   Қарағанды  тас көмір бассейні  1 орын алады. Қарағанды тас  көмір  бассейні  қазақтың ұсақшоқысымен  қоршалған  зор ауданды   жазық  аймақ. Қарағанды   тас көмір  бассейнінің   ұзындығы  3600 км. Қарағанды тас көмір бассейнінің  фундаменті силурдың, төменгі  және ортаңғы девонның  жыныстарынын құралған тас көмір карбон, ал қоңыр көмір юра  жыныстарында  карбонның  көмірлі  қабаттарының  жалпы  қалыңдығы 3750- 4650м, қазылатын  жеке  көмір қабаттарының  қалыңдығы 0,7-0,8 м, ал олардың жиынтығы  қалыңдығы 80-90 м. Қарағанды тас көмір бассейнінде 4 өндірістік – геологиялық аудан бар. Қарағанды тас көмір бассейнінің кендерінен 1856 жылдан бастап  көмір өндіре бастады. 1956-87 ж.ж мұнда 303 мың т. көмір  өндірілді, 1899- 1920 ж. 815 мың  т. көмір  өндірілді. 1920-30 ж.  Жүргізілген  барлау  жұмыстары  мұнда  көмір  қорының  мол екенін анықтады.

      Қарағанды  тас көмір  бассейнінен   кейін  көмір қоры жөнінен  2 орынды  Екібастұз көмір бассейні алады.  Бұл өңірде  көмір қоры  бар екенін  1876 ж .  жергілікті  зергер  Қасым  Пішенбаев  ашқан.  Тұңғыш  барлау  1896 ж.  Жүргізілді, алғашқы  шахта  Қасымның  есімімен  аталады. Кен орны  1913 ж. 150 т.  ғана  көмір  өндірді. Қазіргі кезде  Екібастұз  көмір бассейнінде  көмір өндіру  комплексті  механикаландырылған,  мұнда  сағатына  1000,2003 3000 т. көмір өндіре алатын  роторлы-эксковаторлар пайдаланады.

     Аталмыш  жанатын қазбалардың дүниежүзілік  жерасты қоры 682 млрд.т.ш.о-мен бағаланады, оның алынатын мөлшері-129 млрд. т.ш.о.  Сланецтің аса ірі қорлары  Эстонияда,АҚШ-та, Бразилияда, Қытайда, ал ауыр мұнай  мен битум (битумды құм) Канадада (дүние жүзіндегі  ірі Атабаска асфальт өндіру  кен орнында), Венесуэлада, Мексикада , АҚШ-та, Ресей мен Қазақстанда шоғырланған.

     Табиғи  мұнай битумы бүгінгі  күні, Батыс Қазақстанда  әр түрлі   дәрежеде  зерттелген 64 өз алдына  жеке битум  шоғыры,  оның  ішіндегі 18 кен орны  барланған, 2 кен орнында (Қарамұрат, Иманқара) тәжірибелі – бақылау өндірісі жүргізілді.

      1975-2003 жылдары аралығындағы дүние жүзіндегі жанатын қазбалар мен барынша ірі жанармай өндіретін елдер 1.7, 1.8, және 1.9. кестеде берілген.

Қазақстан Республикасы дүние жүзіндегі ежелгі мұнай  өндіруші  елдердің бірі

Қазіргі кезде, көмірсутегі шикізаты  негізінен  Батыс Қазақстанның 4 облысында (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау), ішінара  Қарағанды және  Қызылорда облыстарында  өндіріледі.1999 ж. Аяғына таман, Қазақстан қойнауынан 617,033 млн.т мұнай және 110,969 м³ жанғыш  газ өндірілді.

     Қазақстан  егемендік алғаннан бергі уақытта   мұнай  өндіру  көлемінде   ірі  өзгерістер болмады. 1991-93 жж. мұнай өндірудің жылдық мөллшері 25 млн. т-ға  жуық деңгейде  болды, 1994 ж. күрт төмендегеннен  кейін  (20,3 млн.т-ға  дейін ), жылына 0,3 – тен 2,8 млн. тоннаға жетерлік  қарқынмен  қайта өсе бастағанын кесте көрсетіп тұр.

     1.7.Кестеден  көрінетіндей,ең жоғары -3220 млн.т.  мұнай өндіруге 1979 жылы қол жеткізді  1985 жылға қарай ол 2800 млн.т-ға дейін  төмендеді, содан кейінгі жылдары біртіндеп көтеріліп, бір қалыпты деңгейге жетті. Мұнай өндірудің  өсу қарқыны мен көлемінің төмендеу себептері  мыналар:

     1.Мұнай  қорының  шектеулігі. Өндіру көлемін  1979 жыл деңгейінде  және одан  жоғары  сақтау  барысында   анықталмаған  қор  небәрі бірнеше он жыл  мерзімге жетеді.

     2.Мұнай  қорын бөлудің әркелкілігі. Қор  мен өндірудің  басым көпшілігі   Таяу және Орта Шығысқа (Сауд  Арабиясы, Иран, Ирак, Кувейт, Абу-даби, т.б.), сондай-ақ Латын  Америкасы   үлесіне (Венесуэла, Мексика, Бразилия, Аргентина және т.б) келеді.  13 елден -  мұнайды  сыртқа  шығарушылардан  тұратын ұйым ОПЭК құрылғанша (1960 ж.) халықаралық  мұнай  монополиялары  мұнайға  ең төменгі  баға  қойып, (мысалы, 17 долл./т 1972 ж.) осы елдің  байлығын  аяусыз пайдаланып,  аса көп пайда түсірді.

 

 

 

16 кесте

Бастапқы энергия   ресурстарын өндірудің  әлемдік  динамикасы

  Энергия ресурстары

 

 

 

1975 ж

1979 ж

1985 ж

1990ж

2001ж

2010ж

Мұнай, млрд.т.

Газ, трлн.м³

Тас көмір, млрд.

Қоңыр, млрд.т.

 

 

 

2,9

1,4

2,4

0,9

3,22

1,6

2,8

1,0

2,8

1,7

3,0

1,1

3,1

1,9

3,4

1,3

3,1

2,1

3,6

0,9

3,37

2,37

-

-


 

17 кесте

2010 ж. әлемдік мұнай мен газ өндрісіндегі  жекелеген аймақтар  мен елдің

үлесі(%)

 Аймақтар,

 елдер

         Мұнай

 

            Газ

Солтүстік Америка

АҚШ

Латын Америкасы

Венесуэла

Мексика

Батыс Еуропа

Ұлыбритания

Норвегия

Нидерланды

Германия

Шығыс Еуропа

Румыния

Польша 

Бұрынғы КСРО (ТМД)

Ресей

Таяу және Орта шығыс

Сауд Аравиясы

Ирак

Иран

Кувейт 

Абу-Даби

Африка

Ливия

Нигерия

Алжир

ЮАР

АТР

Қытай

Индонезия

Малайзия

Австралия

Индия

100

11,8

8,7

13,9

4,5

4,5

9,5

3,7

4,8

-

 

0,4

0,2

-

11,5

10,0

32,2

12,3

3,8

5,5

3,1

3,3

10,0

2,1

3,0

1,2

-

11,0

4,8

1,9

1,0

1,0

1,0

100

32,2

23,8

5,6

1,0

2,0

12,1

4,8

2,1

3,0

0,8

1,4

0,9

0,2

30,4

28,4

5,6

1,4

-

1,3

0,2

1,0

3,9

0,8

-

2,7

-

10,8

1,1

3,1

1,0

1,3

1,1


 

18 кесте

2010 ж. Дүние жүзінде көмір өндіру (млн.т.)

 

Әлем елдері

        Тас көмір 

    Қоңыр көмір

Қытай

АҚШ

Австралия

Индия

Ресей

ЮФР

ГФР

Польша

Украина

Чехия

Канада

Солтүстік Корея

Қазақстан

Индонезия

Түркия

Ұлыбритания

1185,5

934,2

289,7

295,9

149,0

222,3

41,3

117,0

74,2

24,9

63,6

60,0

65,7

61,2

2,3

41,3

50,0

80,0

65,8

23,0

83,0

-

166,6

63,0

2,0

50,8

11,8

15,0

3,0

-

40,0

-


 

      Араб  және басқа дамушы елдердін  күресі бірлесуденг соң табысқа  жеткізді.

ОПЭК елдері мұнай  бағасын дүркін-дүркін көтеріп, (1980 ж. 248 долл./т. дейін), сондай-ақ оның көлемі шектеп отырды.

     Бірақ 1985 ж-дың аяғы мен 1986 ж-дың бас  кезінде халқаралық рынокта мұнай  бағасы күрт төмендеді (60-70 долл.т-ға  дейін,яғни 3-4 есе).

Әлемдік бағаның күрт төмендеуі  ОПЭК елдері бірлестігінің  жоқтығынан және капиталистік елдердің кері әрекеттерінен, сондай-ақ  мұнайды үнемдеу бағдарламасын жасап, жүзеге асырудан болды. 1974 ж. ОПЭК-ке қарсы тұру үшін халықаралық энергетика жөніндегі агенттік (ХЭА)құрылды. ОПЭК-тің беделін төмендету үшін 1985 ж-дың соңында АҚШ, Англия, Норвегия және басқа елдер күн сайын стратегиялық қордан едәуір мұнай  жеткізе бастады. Осындай қиын кезеңде ОПЭК елдері өз мүддесін қорғау үшін  мұнайды өндіру квотасын  қысқарту сияқты және т.б. шараларды жүзеге асыруға дейін барады, бұл мұнайдың әлемдік бағасының артуына (1987 ж. мұнайдың әлемдік бағасы 131 долл/т-ға дейін көтерілді) әкеп соқты.[17]

     3.Мұнайды  өндірудің қымбаттауы. Ескі мұнай  орындары тозып, скважиналар өнімділігі  төмендейді. Мұнайды насостармен  соруға, жер қыртысынан сумен  айдауға, оған химиялық реагенттермен әсер етуге тура келеді. Соған қарамастан жер қыртысында мұнайдың жартысынан астамы қалып қояды (әлемде мұнайды алудың әлемдік к/т 30-35%). Мұнайдың жаңа орындары жетуі қиын, адам тұрмайтын шалғай аудандардан (Сахара.Батыс Сібір) ашылады немесе теңіз шельфінен барынша тереңнен соруға тура келеді.

    4.Атом және  су энергетикасын дамыту, қайта  қолға алынған энергия ресурстарын  (күн, теңіз,жел,геотермалды,сулар,өсімдік  шикізаты және т.б. энергияны)  пайдалану. Энергияны үнемдейтін  технологияны кеңінен пайдалану және өнркәсіп өндірісі мен процестерінің үлестік энергиялық сыйымдылығын реттейді.

    Әлемнің басты  мұнай өндіру аймақтары – мұнайдың  ірі ресурстарын иемденген елдер  болып саналады. Мұнай өндіру  бойынша әлемде бірінші орынды: 1974 ж-ға дейін  АҚШ, 1989 жылға дейін  бұрынғы КСРО, ал 1995 жылдан 2003 жылға дейін Сауд-Арабиясы иеленді. 1.8. кестеден аңғарылатындай, қазіргі Ресей бұл көрсеткіш бойынша Сауд-Арабиясынан кейін әлемде екінші орында. Бұдан басқа әлемнің ондық ірі мұнай өндіру елдерінің ішіне (жылына 100 млн. тоннадан астам өндіретіндер) Иран, Қытай, Норвегия, Венесуэла, Мексика, Ирак, Ұлыбритания және Ауб-Даби кіреді.

      Мұнай  өнеркәсібі, революцияға дейінгі  тарихы бар, Қазақстанның ерте  дамыған салаларының бірі. XIX ғасырдың  аяғында және XX ғасырдың басында, Қазақстанға келе бастаған шетел және орыс монополияларының  күрделі қаржысы мұнай өнеркәсібін де қамти бастады. Бірақ, патша үкіметі, Қазақстанды арзан шикізат көзі және өзінің тауарын өткізетін аймақ ретінде қарастырып, отары ретінде ұстады.

     XX ғ-дың  20 ж. басында, Кеңес үкіметі  тұсында, Орал-Ембі ауданының  мұнай өнеркәсібі басқармасы  құрылды да, ол 1992 ж. «Ембімұнайдың  тресі болып қайта құрылды.  Қазақстанда «алғашқы  атанған  трест 70 жыл бойы Батыс Қазақстанда  мұнай іздестіру, барлау, мұнай кәсіптік жұмыстар кешенін  іске асырып  отырған арнаулы мұнай мекемесіне айналды. Трест 20-жылдардың басында революцияға дейін құрылған Доссор мен Мақат кәсіпшіліктерін қалпына келтірді, 30-жылдары Байшонас, Ескене, Сағыз кен орындарын ашып, барлап іске қосты. Ембінің мұнай кәсіпшіліктерін пайдалану жағдайлары жақсартылып, мұнай өндіру өнеркәсібінің өндірістік қорлары жаңаланды. Бұл Қазақстанда мұнай өндіруді 2 есе көбейтуге мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда, 1940ж.700 мың т мұнай  өндірілді.

     1960 Ж. Қарсақ, Мартыни кен орындары іске  қосылып, мұнай өндіру 1950 ж. салыстырғанда  51,5%-ке артты. Мұнай өндіісі  мен ұңғыларды бұрғылауда автоматтандыру  және механикаландыру құралдарын  кеңінен пайдалану арқасында  айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

    Алайда, 60-жылдардың  ортасына дейін  Республикада  мұнай өндіру  баяу дамыды және  бірқатар себептермен  бүкіл   КСРО бойынша  мұнай  өнеркәсібнің  даму қарқынынан  қалып қойды.  Республиканың жалғыз ғана  мұнай  ауданы  Ембі алабы болып келеді. Тек кейінгі жылдары  Маңғышылақ  түбегінде,  Батыс Қазақстан, Ақтөбе  облыстарында  және Қарағанды облысының  оңтүстігінде  мұнайдың  бірқатар  ірі  кен орындары  ашылып,  игерілуіне  байланысты  бұл сала  айтарлықтай  дами бастады.

Информация о работе Қазақстандағы жанармай өндірісі