Қазақстандағы жанармай өндірісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Мая 2013 в 22:14, дипломная работа

Краткое описание

Қазіргі кезде жанар- жағармай материалдарына қылмысты сараптама жасау қажетті болып тұр. Бұл қажеттілік:қылмыс болған жерде, мұнай өнімдерінің қалған іздерін аңықтауға немесе заңсыз мұнай өнімдерінің ашуға, сырттан әкелуге, сапасыз мұнай өнімдерін сатуға болмайды. Сапасыз мұнай өнімдерін қолданған кезде апатты жағдайлар, апараттар мен двигательдердің істен шығуы мүмкін. Олар әр түрлі отындармен жұмыс істейді.Бұған байланысты:экспортқа шығатын заттарды, сырттан әкелінетін заттарды, ішкі айналымдағы заттарды сараптауға әкеп соқты.

Содержание

Кіріспе
1. Жанармайдың түсінігі және құрамы мен қасиеттерінің теориялық аспектілері
1.1. Жанармайдың сипаттамасы
1.2. Жанармайдың құрамы және қасиеті
1.3 Жанармайды өндеу технологиясы.

2. Қазақстандағы жанармай кешенінің жағдайы мен келешегі
2.1 Жанармай комплексінің әлемдік экономикадағы маңызы
2.2 Дүниежүзінде жанармай өндіру, оны өндіруші елдері
2.3 Мұнай өңдеу өндірісінің жағдайы мен келешегі

3. Қазақстан жанармайдың қазіргі жағдайы мен оның сапасын жақсарту жолдары
3.1 Кен орындары мен жанба жанармай қорының географиясы
3.2 Табиғи газ ресурстары мен көмір кен орындары
3.3 Қазақстандағы мұнай-газ ресурстарының өндіру бағыты

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстандағы жанармай мәселесі 2013.doc

— 605.00 Кб (Скачать документ)

 

9 кесте

 

     МӨЗ екінші кезектегі процестердің елдердегі 2008 ж үлесі ( 1-ші кезектегі өңдеумен салыстырғанда ,%)          

Процестер

АҚШ

Канада

Жапония

Англия

Италия

Франция

ГФР

Термиялық

12,6

4,4

1,7

10,7

10,4

4,9

15,9

Каталитикалық крекинг

37,9

23,1

8,4

17,5

8,9

10,9

8,2

Каталитикалық риформинг

22,5

18,3

10,2

,16,1

10,1

11,3

16,3

Гидротазалау

39,9

39,7

29,9

36,9

16,1

27,1

34,0

Гидрокүкіртсіздендіру

14,2

0,4

33,3

7,3

11,5

10,4

17,7

Гидрокрекинг

7,2

4,0

0,8

2,3

-

0,5

4,9

Алкилдеу  

5,1

2,6

0,03

1,5

1,0

0,3

0,3

Изомерлеу

1,3

0,4

-

1,3

1,1

0,13

0,5

Барлығы

141,1

93,9

87,1

94,1

59,1

65,6

97,9


 

 

      Өрекендеген елдер  арасында МӨЗ - ның үлкен қуаттары  Батыс Еуропа (Италия, Франция, ГРФ,  Ұлыбритания ), сонымен қатар Жапонияда  орналасқан.  Батыс Еуропадағы  өркендеген  елдер және  Жапония   МӨЗ – дағы мұнай өңдеу тереңдігі АҚШ-қа қарағанда төмен. Бұл көрсеткіш Жапония  мен Италияда өте төмен (60% төмен), Франция, Англия және ГФР МӨЗ орташа. Жапония Италияда мұнай өңдеудің  тереңдігінің төмендігі оларда өздерінің  көмір және табиғи газ қорларының  жоқтығынан. Жапония мен Италиядағы МӨЗ-да (мотор) қозғалтқыш жанармайының шығымы (53,7 және 50% тиісінше )төмен, ал олардың ГФР, Франция және Англия МӨЗ-да шығымы жоғары.  АҚШ пен Канададан кейін Ұлыбритания МӨЗ – да бензин шығымы -25% жоғары. Бұл көрсеткіш басқа елдердің МӨЗ-да 12-22%. Бензиннің дизель жанармайына қатынасына аздығы Батыс Еуропа МӨЗ – да дизел жанармайының  көбірек өндірілу себебі, бұларда автомобиль көліктерін  дизель қозғалтқышымен жабдықтауға бет алғандығынан. Жапония мен Италия МӨЗ-да мұнай өнімдері құрылымында, бірінші орында қазан жанармайы (35 және 37% тиісінше). Басқа өркендеген Батыс Еуропа және Жапония МӨЗ екінші кезектегі өңдеу процестерінен қамтылу жағынан АҚШ – тан әлде қайда төмен. Мұнай өңдеуді тереңдету процестер үлесі (термиялық, гидрокрекинг,каталиткалық крекинг және алкилдеу) АҚШ-та 1985 ж. 60,8% болды. Батыс Еуропада қозғалтқыш жанармайының  шығымын көбейту үшін мұнайды терең өңдеу процестерінің бағдары іске асырылуда, Каталикалық крекинг, висбрекинг гидрокрекинг жән кокстеу процестері көбеюде. АҚШ – та каталитикалық крекинг қуаты бензинге сұранысты керекті мөлшерде өтейтіндіктен, олардың құрылысы соңғы жылдары бәсеңдеді. Соның себебінен, дизел жанармайын өндіретін қуат гидрокрекинг есебінен, өсе бастады.

    АҚШ – та  және Батыс Еуропа елдерінде  этилденген  бензинді пайдалану азайып келеді, ал Жапонияда этилденген бензинді тіпті өндірмейді де. Бұл жағдай автобензинді жоғары октанды жанармаймен ауыстыру қажеттілігін туғызды, метонал, метелтретбутил, эфир, ацетон, бутанол, этанол және басқа қолдалына бастады.

     Мұнайды  ОПЕК мүшелері 1985 ж. 52 МӨЗ – да 278 млн. т. мұнай өңдеді, олардың  ішіндегі ең ірі қуаты МӨЗ  – тары Венесуэла мен Сауд Арабияда (7 және 4 МӨЗ тиісінше). Өркендеуші елдер ішінде мұнай өңдеу  Мексикада жақсы өскен (9 МӨЗ, мұнай өңдеу көлемі – 60млнт/ж). Мұнайды шетке шығаратын елдердің  мұнай өңдеудегі ерекшеліктері – оларда мұнай  өңдеудің тереңдігі төмен (мөлдір  мұнай өнімдерінің шығымы - 45%) және МӨЗ құрамынды екінші кезектегі жүретін процестер  аз (45%).

     Дүниежүзілік   жаңа мұнай өңдеу саласының  алдында қазіргі кезде тұрған  проблемалар мыналар:

мұнай өңдеуді одан әрі  тереңдету, бұл оны үнемдеуді  және дұрыс пайдалануда ең тиімді жол;

автобензиндердің  октан  саны қорғасын  антидетонаторын  қолданбай көбейту;

катализ  саласындағы  жетістіктерді іске қоса отырып, процестердің талғамдығын көтеру және энергия  сиымдылығын кеміту; жылу және масса  алмасу  процестерін  жақсарту, мұнайды терең қалдықсыз және экология жөнінен таза өңдеудің жетік пен интенсивті технологиясын жасау;

мұнайдың ауыр қалдықтарын  каталитикалық және  термодеструкциялы  жолмен өңдеудің тиімді технологисын жасауда мұнай  шикізатын өңдеп  қозғалтқыш жанармайдарын өндіруді альтернативті шикізаттар қорынан – көмірден,  сланецтерден, ауыр және битумды  мұнайлардан алудың ауыспалы кезеңі деп қарау керек

    Біздің ел  мұнайды өңдеу көлемі жағынан  дүние жүзінде АҚШ – тан  кейін екінші орында. Осы жақын  кезеңге дейін елде  мұнай өңдеу көлемі оның өндірілуіне байланысты өсіп келеді. МӨЗ соғысқа дейін іске қосылғандары  және 1940-1950 жылдары жұмыс істегендерінде мұнайды едәуір терең  өңдеуге бағытталған еді. 1960-1970 жылдары Поволжье, Маңғыстау-өзен  және    Батыс Сібірден арзан мұнай өндіру көбейген соң, жаңадан МӨЗ негізінен мұнайды терең емес жүйемен өңдеуге бағыт алды, әсіресе Еуропалық бөлігіндегі. Мұнай өңдеу өсуі тек сан жағынан ғана емес, сонымен қатар жоғары өнімді процестерді біріктіру, істеп тұрған қондырғылардың жұмысын жаңарту арқылы, сапа жағынан да өзгереді. Осылай саланың өркендеуі мұнай сапасының төмендеуі (1980 ж. күкіртті және жоғары күкіртті мұнай үлесі 83,7% жетті) және мұнай өнімдеріне сапа жөнінен қойылатын талаптың өсуі жағдайында іске асуда. Қазір елде ең көп пайдаланатын мұнай өнімдерінің қатарында қазан жанармайы (42%) тұр. Екінші  болып мұнай өнімдерінің ішінен өндіру көлемі жағынан дизель жанармайы (23%), себебі өте ауыр заттар таситын автокөлік, тракторлар және комбайндар, карбюратор қозғалқыштарына қарағанда, экономикалық тиімді дизель қозғалтқыштарымен жабдықталған. Елде ұшақ және автобензиндер  өндіру көлемі (16%), дизель жанармайы өндіруге қарағанда, төмен (бензин/ дизель жанармайы қатынасы 1/1,4). Келешекте бұл қатынас дизель жанармайы есебінен,  автокөліктердің дизель қозғалтқыштарын  пайдалану ары қарай өсуі күтүлуде (2003 ж. бұл қатынас 1/2-3 жетеді).

     Соңғы он  жылдықта, мұнай өңдеу тереңдігінің  өзгеруі  мынадай: 1975 ж. – 57,9; 198/0 ж. – 56,2 және 1985 – 58,2 %. Осы көрсеткішке  қарап, тағы да бензин мен қозғалтқыш жанармайының қосынды шығымына қарап, біздің елдің мұнай  өңдеу  деңгейі,  сонымен  қатар, дүние жүзілік  орта  көрсеткіштерден  төмен екендігі байқалады. Бұл жағдай  мұнай өнімдерінің қалыптасқан  пайдалану құрылымынан және   екінші кезектегі іске  асатын  процестерге қарағанда,  іске қосылуы қалуының  әсерінен. Екінші кезектегі іске асатын процестер үлесі, КСРО МӨЗ 2008 ж.(% бірінші өңдеуден ) мынадай:

 

          термиялық              -6,1       гидротазалау және гидро                               каталитикалық                     күкіртсіздендіру      - 24,6

крекинг                  - 4,0

          гидрокрекинг         -0,1         алкилдеу

          каталитикалық                       изомерлеу              - 0,1

          риформинг             -8,7

         Қосындысы            43,7

 

    Мұнай өңдеу  саласы өндірілген мұнай өнімдерінің  сапасын  әрдайым көтеруде. Жоғары  октанды бензин өндіру (А-80, АИ-93, АИ-98 және басқа ) оның  жалпы  өнімінің 80% жетті. 1970 ж. бастап А-66, А-72 бензин  өндіру тоқталды.

     Аз күкіртті  дизель жанармайының үлесі оның  жалпы өндірілуінің  95% құрайды.  Бірақ, мұнай  өнімдерінің   сапасының  артуына  қарамай,  қазір біздің кейбір мұнай  және мұнайхимия өнімдері дүние  жүзілік сапа жөніндегі стандарттан, сонымен қатар өте маңызды мынадай техника- экономикалық көрсеткіштерден де – металл жұмсау, энергия шығыны, зауыттардың өндіріске пайдалану жері жөнінен  көрсеткіштері жоғары, өндірісті автоматтандыру деңгейі төмен, жұмыс істейтін адам саны көп және басқа көрсеткіштерден төмен. Мұндай кешелдеу прцестердің  моральді және физикалық өзгеруінен  ғана емес. Тіптен, соңғы жылдары  жасалып іске қосылған,  жоғары қуатты процестер және каталитикалық жүйелер бұл көрсеткіштер бойынша шет елдегі өзіне ұқсас процестерден көрсеткіштер едәуір төмен.

     Өндіріске  алғы тәжірибені және ғылыми  – техникалық жетістіктерді,  жаңа жетістіктерді ендіруді  жеделдету қажет. Өндіріс саласын келешектегі өсуінің  негізінің мыналар құрайды:

мұнай өнімдерінің сапасын одан әрі көтеру және оңтайландыру;

мұнайды терең өңдеу және мұнай  өнімдерін, әсіресе қозғалтқыш жанармайдарын  тиімді пайдаланып, оларды алуды көбейту;

өндірісті техника жағынан қайтадан жабдықтап технологиялық процестердің және МӨЗ тиімділігін одан әрі көтеру;

технологиялық жүйелерді жаңарту, тиімділігі жоғары технологияларды  өндіріске енгізу;

мұнайхимия шикізатын  өндірудің және оның өнімдерінің  жақсы қарқынмен  өсуі халық шаруашылығы  одан әрі химияландыруға көмектеседі;

газ конденсаттарының өңдеу технологиясын игеру және оның өңдеу көлемін  көбейту.

     Бұл бағытта  елдің мұнай өңдеу және мұнай  химия өндірісінің  техникалық  саясатының  басты бағыттарынан  саналады.

   2.4 Қазақстандағы су, жел, атом, электр энергетикасын өндіру барысы

 

      Күннен күнге өсіп келе жатқан әлемдік энергетикалық сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану ауаны ластап, атмосферадағы тепе-теңдікті бұзды. Ғалымдардың болжамы бойынша, осы жүзжылдықтың соңына таман ауаның температурасы 6,4 градус жылынып, әлемдік мұхиттардың деңгейі 58 сантиметрге көтерілуі мүмкін. Сондықтан да қазіргі таңда әлем сарапшылары дабыл қағып, энергетикалық қуат шикізаттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып отыр. Барған сайын жаһандық жылыну процесін тежеу, электр энергиясын өндірудің негізгі көзі – көмірсутегі шикізатына балама табу мәселелері былтырғы жылы өткен 19- шы Дүние жүзілік мұнай конгресінде де ерекше күн тәртібіне қойылды. Мамандардың айтуынша, қазір көмірсутегі шикізатына балама ретінде қарастырылып отырған биожанармай, жел және күн қызуынан алынатын энергия әлемдегі өндірілетін электр қуатының 2% - ын ғана құрайды.

     Сондықтан  бұл салада Қазақстан энергетикасы  мамандарының алдында тұрған  міндет ұшан-теңіз. Мемлекеттің  энергетикалық саланы одан әрі дамытудағы негізгі техникалық саясаты энергияның көздерін іске қосу болып табылады. Қазақстан су, жел, күн энергетикасы сияқты электр қуатын өндірудегі балама қуат көздеріне бай елдердің бірінен саналады. Алайда, осы уақытқа дейін ішінара гидроэнергия қуатын пайдаланудан басқа, елімізде бұл бай балама қуат көздері іске қосылған жоқ. Оның басты бір себебі, еліміздің жерқойнауына энергетикалық шикізат көздерінің мол шоғырланғаны болып отырғандығын да жасыруға болмайды.

     Су энергетикасы. Әлемдік деңгейдегі электр энергиясын өндіруде гидроэнергетиканың үлесі 18%-ды құрайды. Қазақстанның біріккен энергетикалық жүиесінде гидро-электросансалары өндіретін электр қуатының үлесі 11,89% ғана болып отыр. Жалпы алғанда, Қазақстанда жұмыс істеп тұрған ГЭС-тердің қуаты – 2259,6 мВт, жылдық электр энергия  өндіру қуаты 7,4 млрд. кВт/сағ. Болып есептеледі. Ал теориялық жағынан алғанда Қазақстанның гидро-энергетикалық қуаты жылына 170млрд.кВт/сағ. Электр энергиясын өндіруге толық жетеді. Гидро-энергетикалық ресурстар негізінен еліміздің Шығыс және Оңтүстік – Шығыс өңірлерінде шоғырланған.

     Оңтүстік  Қазақстан аймағында 10 млрд. кВт/сағ.  Электр энергиясын өндіретін  гидро-энергетикалық ресурстар болса,  Батыс Қазақстанда 2,8 млрд.кВт/сағ.  Электр энергиясын өндіретін су көздері бар. Осыған байланысты алдағы уақытта еліміздің Оңтүстік, Оңтүстік Шығыс және Шығыс өңірлерінде кіші және орта ГЭС – терді дамытудың мүмкіндігі мол.

     Жел энергетикасы. Соңғы уақытта әлемде жел энергиясын  пайдалану барған сайын өсіп  келеді. АҚШ-та 2006-2010 жылдары 4700 мВт электр қуатын өндіретін жел қондырғылары орнатылды. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда бірнеше есе артық көрсеткіш. Жалпы алғанда әлемде соңғы жылдары жел энергетикасының қуатын арттыру 1,2 есе көбейтіліп, 60 мың мВт- ға жетті.

Информация о работе Қазақстандағы жанармай өндірісі