1970-75 жж. мұнай өндірісінің қарқыны 1950-70 жж.
салыстырғанда әлдеқайда артық
болды. Республиканың жанармай
–энергетика кешенінде мұнай өндіру
салалары маңызды рөль атқара бастады.
Мұнай өндіруден, Қазақстан, кеңестер
Одағы республикаларының арасынан
2-ші орынға көтерілді, саланың тұрақты
даму қамтамасыз етіледі.
1976-80 жж. Маңғыстау
облысының Бозащы түбегіндегі
жаңа мұнай өндіретін ауданды
және Ақтөбе облысындағы Жаңажол
кен орнын пайдалану басталды.
1979 ж. Батыс Қазақстан облысында дүние жүзіндегі ең ірі кен орындарының
бірі Қарашығанақ газдыконденсат
кен орыны ашылды. 1984 ж оны игерудің
алғашқы жұмыстары жүргізіліп, газбен
конденсат өндіру басталды.
1986-90 жж. республикада
өнеркәсіп өндірісі жалпы алғанда
19,4 %-ке өскенде, Маңғыстау облысында
ол-48,5-ке, Батыс Қазақстан облысында
30,7 %-ке өсті. Маңғыстау аймақтық өндірістік
кешені үлесіне жалпы республикалық
мұнай өндірудің 83,7 %-і, табиғи газ
өндірудің 52,3 %-і қосалқы газ өндірудің
85%-і тиді.
90 – жылдары Солтүстік Жолдыбай,
Шығыс Мақат, Мәтен және Кенбай мұнай
кәсіпшіліктерін пайдалану басталды.
Батыс Қазақстанда елдің ірі мұнайгаз
кешені қалыптасты.
Сол
және кейінгі жылдарда жұмыс
жасап келе жатқан кәсіпшіліктердің
еңбек өнімділігін арттыру және Маңғышылақ пен Бозащы
түбектеріндегі, Каспий маңы ойпаңындағы,
Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда
облыстарындағы жаңа кен орындарды игерудің
негізінде, кестеде көрсетілгендей, мұнай
және газ конденсатын өндіру айтарлықтай
көбейді.
Әлемдегі
және кейбір елдердегі 2003 жылғы табиғи газ өндіруді 1.7. және
1.8. кесте мәліметтері мен сипаттауға болады.
Әлемдік газ өндіру мұнай өндірумен салыстырғанда
1945 жылдан кейін барынша жедел қарқынмен
дамып, 1985 жылы ол 1700 млрд. м³ - ге жетті.
Бұл мұнай эквивалентіне шаққанда ( м.э)
– 153 млн.т.м³ әлемдік газ өндіру мұнаймен
салыстырғанда кейінгі жылдары және күні
бүгінге дейін жедел қарқынмен дамыды.
2003 жылы әлемдегі газ өндіру көлемі 2,37
трлн. м³ тоннаға жетті. Тіпті үздіксіз
өндіріс көлемі кеміген бұрынғы КСРО мен
Ресейде өнеркәсіптің басқа салаларында
газ өндіру өсіп, кейін бір қалыпқа түсті.
Әлемде газ өндірудің көлемі бойынша басқа
елдер алдында бұрынғы КСРО мен АҚШ келеді.
Әлемнің ірі газ өндіретін елдер ішіне:
Канада, Ұлыбритания, Индонезия, Нидерланд,
Алжир, Норвегия, Мексика кіреді. 1970-жылдары,
республикада, энергетиканың салыстырмалы
жас саласы газ өнеркәсібі қалыптаса бастады.
Қазіргі уақытта, ол, газ өндіруді, сақтауды,
өңдеуді және газ өңдейтін кәсіпорындарға,
коммуналдық және басқа объектілерге
тасымалдауды қамтитын жанармай өнеркәсібінің
маңызды саласы болып саналады.
Республикада
газ өнеркәсібінің пайда болуы
мұнай өндіру өнеркәсібінің дамуымен
тығыз байланысты. 1960 жылы Өзен
кен орнының № 18 ұңғысынан
тұңғыш рет табиғи газ алынды. Маңғышылақ түбегінде
газ кен орындарының өнеркәсіптік пайдаланылуы
1966 жылы басталды. 1979 жылы ашылған Қарашығанақ
газдыконденсат кен орнын игеруге байланысты,
республикада өндірілген газ көлемі едәуір
артты. Мысалы, республикада табиғи және
мұнайдың қосалқы газын өндіру 1970-1980 жылдары
– 2,1 есе, 1980-2002 жылдары 64,9 %-ға, 2003-2010 жылдары
17,5 % -ға өсті. [21]
3.3 Қазақстандағы мұнай-газ
ресурстарының өндіру бағыты
Экономикалық
география ғылымында белгілі
бір территорияда, ауданда, мемлекетте, сонымен бірге
әр түрлі экономикалық пен әлеуметтік
топтарда үстем болатын өндірістік қатынастардың
территориялық ерекшеліктерін зерттеудің
маңызы зор. Қоғамдағы өдіріс процесінде
игіліктерді өндіру, айырбастау, тұтыну
және бөлу процесінде адамдардың арасында
қалыптасатын экономикалық қатынастардың
жиынтығы, қоғамдық өндірістің басты құбылысы-
қоғамдық еңбек бөлінісі
Қоғамдық
еңбек бөлінісі экономикалық
категорияға жататын болса, экономикалық
географияда бұл ұғым территориялық (географиялық) еңбек бөлінісі деген
категорияға сәйкес келеді. Яғни, қоғамдық
еңбек бөлінісін негізгі екі бағытта (көзқараспен)
қарауымыз керек, бірінші еңбек бөлінісін
негізгі екі бағытта (көзқараспен) қарауымыз
керек, бірінші – еңбек әрекетіне (жұмыс
түріне) байланысты (салалық форма), екіншіден
– еңбектің территориялық ерекшеліктеріне,
географиялық орнына байланысты (кеңістік
форма). Яғни территориялық еңбек бөлінісі
деп белгілі бір территорияның (ауданның,мемлекеттің)
табиғи, экономиклық, әлеуметтік, демографиялық,
тарихи ерекшеліктеріне, географиялық
орнына байланысты, өндірістің мамандалуы
және олардың өнімдерімен немесе басқа
да қызмет көрсетуі арқылы әр түрлі байланыс
(сауда,мәдениет,ғылыми техникалық т.б.)
жасауын айтамыз. Территориялық еңбек
бөлінісінің даму деңгейіне байланысты.
Сондықтан, территориялық еңбек бөлінісін
қоғамдық еңбек бөлінісінің кеңістік
формасы деп санаймыз [21]
Географиялық
еңбек бөлінісінің дамуын итермелейтін
басты себеп-экономикалық пайда.
Өндіргіш күштерін оналастыру мен мамандануы экономикалық
ең тиімді аумақтар мен орталықтарда
шоғырланады. Яғни бұл елдерде өндірілетін
тауарлардың өзіндік құны басқа елдерге
қарағанда экономикалық тиімді болу керек.
Сонда ғана, бұл тауарларды транспорттық
шығынға қарамастан, басқа елдерге тұтынуға
және тасымалдауға болады.
Территориялық
(географиялық)еңбек бөлінісінің
деңгейі мен түрлері:
- әлемдік еңбек бөлінісі (дүние жүзі экономикасын және әр түрлі типтегі мемлекеттерді құрайды);
- халықаралық еңбек бөлінісі;
- ауданарлық еңбек бөлінісі;
- аудан ішкі еңбек бөлінісі болып бөлінеді.
Территориялық
халықаралық еңбек бөлінісіне
жеке елдердің ел топтарының
аймақтардың мамандануы кіреді.
Халықаралық маманданудың негізгі
түрлеріне: бұйымдық(өнім өндіру),
бөлшектік(өнімнің бөлшектерін өндіру), технологиялық және сатылық
маманданулар жатады.
Қазақстандағы
экономикалық үрдістің дамуы
халықаралық еңбек бөлінісіне
енуі және қатысуы мәселелеріне
байланысты. Қазақстанның әлемдік
нарықтағы қажетті тауарларды
өз өндірісінде өндіруге кететін шығыннан арзан бағамен алуы және
өз өнімін экспортқа шығарғанда оның бағасы
ішкі бағадан артық болса, онда ол экономикалық
пайда табады. Яғни, әлемдік бәсекелестікке
қабілетті өнім шығару және сатып алу
ұлттық экономиканың басты көрсеткіші
болу керек.
Қазақстан
Республикасының дүние жүзі экономикалық
қауымдастығында өзіне сай орынын
анықтау, халықаралық еңбек бөлінісі
жүйесіне ену бәсекелесіне барынша
қабілетті әлемдегі 50 елдің қатарына
кіру мәселелерін экономикалық
– географиялық тұрғыда зерттеу үшін әр түрлі көрсеткіштер мен индикаторларды
пайдалануға болады. Оның ішінде негізгі
географиялық индикаторлардың қатарына:
мұнай-газ ресурстарының қорының көлемі,
сапасы, географиялық орыны, өндіру деңгейі
және экспорттық потенциалы мен тасымалдау
мүмкіндіктері жатады.
Қазақстан
Республикасының Президенті Парламент
палаталарының бірлескен отырысында
«Қазақстан әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті 50 елдің қатарына
кіру стратегиясы» туралы сөйлеген
сөзінде ұсынған алты басымдылықтың
үшіншісінде «Экономикалық жанармай энергетикалық
және өндіруші секторларды тиімділігінің
жаңа деңгейін ұйымдастыру мұнай-газ кешенімен
тікелей байланысты деп білеміз:
- дүние жүзі елдерінің ішкі және сыртқы саясаттың құруға, ұлттық қауіпсіздігін сақтауға және экономикалық дамудың стратегиялық мақсатына жетудің басты құралына айналуына;
- дүние жүзінде 25 мемлекетте ғана өнеркәсіптік маңызы бар мұнай-газ қорының шоғырлануы (Қазақстан 9 – шы орында);
- жаһандық энергетикалық қауіпсіздікті сақтауда мұнай-газ ресурсы рөлінің артуы;
- мұнай-газ қорымен өндіру деңгейі геосаясаттық мәселелерді шешу құралының біріне айналуы;
- Қазақстан республикасының халықаралық еңбек бөлісіндегі орынның аймақтық, континенталды шеңберде қалып қоймауына, жаһандық геосаясаттық және геоэкономикалық мәселелерді шешуге қатысуына және Еуропа, Ресей, Қытай, АҚШ елдерінің стратегиялық партнеріне айналуына мүмкіндік жасауы;
- Қазақстан Республикасының жаһандық энергетикалық инфроқұрылым жүйесіне енуіне әсер етуі ( Каспий құбыр арнасы консорсиумы ( теңіз-новороссиск), Батыс Қазақстан – Батыс Қытай (Атасу-Алшанқай), Ақтау- Баку-Тбилиси-Жейхун мұнай құбыры, Атырау - Самара, Орта Азия – орталық газ құбыры);
- Ішкі жалпы өнімдегі мұнай өндіру өнеркәсібі көлемінің үлесі (2008 жылы үлес 49,5 %) және мемлекеттік бюджетті құраудағы үлесінің артуы (үлесі 44 %, 2008 ж);
- Шикі мұнай үлесінің экспорттық рейтингта бірінші орынды алуы (үлесі 49,1 %);
- Шетелдік инвестицияның құйылуында жетекші рөль атқаруы (үлесі 33 %); мұнай-газ ресурстарын тиімді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы экономикасының дефирсифкациялау, яғни жаңа технология және инновация негізінде өңдеу өнеркәсібін дамытудың алғы шарты ( негізі) болуы;
- Қазақстан Республикасының көмірсутегі шикі заттармен жабдықтаушы әлемдік қатарына енуі мұнай (экспорттау – 40 млрн.т, 2006 ж.);
- әлемдік мұнайгаз инфрақұрылымындағы транзиттік потенциалының артуы ( мысалы : «Казтранс Ойл» және «Казтранс Газ» компаниялары мұнай – газ ресурстарын тасымалдаушылардың әлемдік элитасына кіреді. Олар тиісінше 4-ші және 11-ші орындарды алады);
- тау – кен өнеркәсібінің құрылымында мұнай және ілеспе газ өндірудің үл<span class="dash041e_04