ҚР қолма-қолсыз ақша нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 20:09, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: “20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептерін ашу, оны жеңудің жолдарын анықтау керек” деп айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................................3

1. Қолма-қолсыз есеп айырсудың теориялық негіздері

1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастыру негіздері.......................................6
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен түрлері.........................12
1.3 Ақша айналысындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың ролі.....................14

2. Қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері мен талдауы
(«Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы мысалында)

2.1 «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы қалыптасуы мен қаржылық жағдайына талдау.......................................................................................................22
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы .......................................................................................................................................33
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері.......................................................................................................................39
2.3 Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамының қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы..............................................................................................44

3. Қолма-қолсыз есеп айырсудың жаңа нысандарын жетілдіру жолдары

3.1 Банктің қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын жетілдіру...............................................................................................................66
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді
банктік қадағалау жүргізу...................................................................................72

Қорытынды...........................................................................................................77
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................80
Қосымша....................................................................................................................82

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС-1.doc

— 618.00 Кб (Скачать документ)

  Кесте  16  2007 жылдың 3–ші тоқсанында аймақтар бойынша төлем құралдарын пайдалану

(транзакциялар  сомасы бойынша)

(млн. теңге)

Облыс атауы

Төлем тапсырмалары

Төлем талап-тапсырма-лары

Инкассалық өкімдер

Басқа құралдары

Ақмола

2 474 259.5

972.6

2 689.1

34 228.1

Ақтөбе

395 564.4

491.6

270.6

65 099.2

Алматы

2 869 823.9

1 464.1

2 959.7

99 327.2

Атырау

3 265 388.3

1 955.7

3 230.2

164 426.4

Шығыс Қазақстан

345 556.7

178.7

647.5

11 360.6

Жамбыл

107 800.9

783.9

440.4

3 944.1

Батыс Қазақстан

111 674.8

1 898.9

379.2

63 294.5

Қарағанды

219 475.7

2 682.9

819.6

67 238.6

Қостанай

253 643.4

425.1

624.2

21 250.6

Қызылорда

284 888.0

191.2

935.0

3 450.5

Маңғыстау

538 531.4

616.2

1 559.2

24 701.1

Павлодар

823 419.4

807.4

2 494.2

28 151.6

Солтүстік Қазақстан

133 112.8

67.1

2 395.3

4 300.1

Оңтүстік  Қазақстан

229 267.4

1 078.3

1 492.1

13 774.7

Жалпы жиынтығы

22 146 407.6

37 142.4

37 146.7

480 715.4


Ал  2008 жылдың 3–ші тоқсанында екінші деңгейдегі банктер және «Қазпочта» АҚ № 1 Кестеде   ұсынылған  төлем құралдарын  пайдалана  отырып 30 909.9 млрд. теңге сомаға 36 550.4 мың транзакция көлемінде транзакция өткізді. Тұтастай алғанда түрлі төлем құралдарын пайдаланудың артуы байқалады. Мәселен, 2007 жылдың 3-ші тоқсанымен салыстырғанда төлемдердің жалпы саны 12.5%, ал төлемдердің жалпы сомасы 23.3% ұлғайды.

Ұсынылған төлем құралдарының жалпы санының  ұлғаюы негізінен 4 253.9 мың транзакцияға төлем карточкаларын пайдалану операциясы санының ұлғаюына байланысты болды. Төлемдер көлемінің ұлғаюы негізінен 7 353.9 млрд. теңгеге төлем тапсырмаларын пайдалана отырып төлемдер көлемінің өсуіне байланысты болды.

Бұрынғыдай  Қазақстанның аумағында төлем тапсырмалары және төлем карточкалары неғұрлым таралған төлем құралдары болып табылады. Бұл ретте, бір төлем тапсырмасының орташа сомасы 2008 жылдың 3–ші тоқсанында 3.2 млн. теңге құрады және 2007 жылдың 3-ші тоқсанымен салыстырғанда 30.4% ұлғайды. Сонымен бірге төлемдер саны бойынша төлем карточкаларының жоғары үлес салмағы және төлемдер көлемі бойынша төмен үлес салмағы осы төлем құралын негізінен шамалы қолма-қол ақша сомасын алу үшін пайдаланылатындығымен сипатталады (2008 жылдың 3–ші тоқсанында бір транзакцияның орташа сомасы 22.8 мың теңге болды).

2008 жылдың 3–ші тоқсанында төлем құралдарының  ішіндегі төлем талаптары –  тапсырмалар және инкассалық  өкімдер аз пайдаланылады. Жалпы  сан мен көлемдегі осы құралдарды  шамалы пайдалану үлесі олардың ерекшелігіне байланысты. 

Басқа құралдарға  тауарлар мен қызмет көрсетуге есеп беретін чектер, банк шотын тікелей дебеттеу және орындалған аккредетив жатады.

Кесте  17  2008 жылдың  III тоқсандағы төлем құралдарына қатысты төлемдер бойынша мәліметтер

(саны, мың тр.; сомасы, млрд. теңге)

Төлем құралдары

2007ж. III тоқсан

2008ж. III тоқсан

Өзгеріс

(%)

абсолюттік көрсеткіш

жалпы көлемнен %

абсолюттік көрсеткіш

жалпы көлемнен %

Төлем тапсырмалары

Саны

9 075.3

27.94%

9 266.7

25.35%

2.1%

Сомасы

22 183.2

95.68%

29 537.1

95.56%

33.2%

Төлем талап-тапсырмалары

Саны

55.9

0.17%

128.3

0.35%

2.3 есе

Сомасы

37.1

0.16%

77.7

0.25%

2.1 есе

Инкассалық  өкімдер 

Саны

130.4

0.40%

186.7

0.51%

43.2%

Сомасы

37.2

0.16%

57.6

0.19%

55.0%

Төлем карточкалары

Саны

20 728.9

63.81%

24 982.8

68.35%

20.5%

Сомасы

445.8

1.92%

569.4

1.84%

27.7%

Басқа құралдары

Саны

2 496.0

7.68%

1 985.9

5.43%

-20.4%

Сомасы

480.7

2.07%

668.1

2.16%

39.0%

Жалпы жиынтығы

Саны

32 486.5

100.00%

36 550.4

100.00%

12.5%

Сомасы

23 184.0

100.00%

30 909.9

100.00%

33.3%


 

 Кесте  18  2008 жылдың 3–ші тоқсанында аймақтар бойынша төлем құралдарын пайдалану

(транзакциялар  саны бойынша) 

(бірл. транзакциямен)

Облыс атауы

Төлем тапсырмалары

Төлем талап-тапсырма-лары

Инкассалық өкімдер

Басқа құралдары

Ақмола

1 174 648

33 896

18 509

138 951

Ақтөбе

488 216

3 039

6 928

60 335

Алматы

248 315

2 512

7 789

152 143

Атырау

3 019 587

32 289

64 498

688 212

Шығыс Қазақстан

321 853

2 319

3 623

41 520

Жамбыл

631 013

4209

7 920

115 821

Батыс Қазақстан

268 279

5 058

5 526

52 312

Қарағанды

808 637

11 829

21 454

211 025

Қостанай

485 569

9500

4 174

126 689

Қызылорда

428 021

5653

9 460

133 880

Маңғыстау

399 123

4 384

10 730

125 657

Павлодар

414 708

5 824

6 155

57 209

Солтүстік Қазақстан

220 286

1329

7 180

22 469

Оңтүстік  Қазақстан

358 441

6 430

12 776

59 671

Жалпы жиынтығы

9 266 696

128 271

186 722

1 985 894


 Кесте  19  2008 жылдың 3–ші тоқсанында аймақтар бойынша төлем құралдарын пайдалану

(транзакциялар  сомасы бойынша)

 (млн. теңге)

Облыс атауы

Төлем тапсырмалары

Төлем талап-тапсырмалары

Инкассалық өкімдер

Басқа құралдары

Ақмола

5 498 285.7

19 530.0

15 993.8

29 522.8

Ақтөбе

532 487.4

4 955.4

5 927.0

102 471.3

Алматы

116 344.7

7 003.0

247.5

2 091.6

Атырау

18 474 965.8

15 274.5

17 478.6

335 055.2

Шығыс Қазақстан

155 278.4

569.9

402.4

3 089.4

Жамбыл

427 645.9

1 972.5

1 399.2

6 628.4

Батыс Қазақстан

209 696.7

2 481.9

4 245.1

48 456.1

Қарағанды

1 010 617.2

3 260.0

1 474.6

75 858.4

Қостанай

516 636.5

6 701.7

483.0

26 095.0

Қызылорда

477 300.0

2 905.3

2 455.0

14 320.3

Маңғыстау

335 047.6

1 842.0

346.5

8 436.9

Павлодар

435 529.3

2 631.9

1 295.3

9 075.4

Солтүстік Қазақстан

943 525.5

6 243.8

3 433.0

1 624.8

Оңтүстік  Қазақстан

403 779.8

2 301.9

2 445.1

5 413.5

Жалпы жиынтығы

29 537 140.5

77 673.6

57 626.0

668 138.9


 

 

2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері

 

«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ-ның есеп айырысу операциялары, әдетте, банк клиентінің немесе оның контрагентінің тапсырмасы бойынша оның банктік шотындағы ақша қаражатының белгілі сомасын шоттан шығарып түрлі мақсаттарға орай (алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген кызмет үшін) осы соманы басқа банктік шотқа есептеу жөніндегі тиісті заңнамада белгіленген мерзім мен тәртіп негізінде банк іске асыратын делдалдық функция.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның есеп айырысу операциялары көбінесе қолма қол ақшасыз жүзеге асырылатын акшалай төлемдерге қатысты тек банк арқылы жүргізілетін операцияларды (қолма қол ақшасыз есеп айырысу қатынастарын) жүргізеді.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да есеп айырысу операциялары клиенттердің ақша қаражаттарын банкке жұмылдыруға септігін тигізетін пайдалы базалық кызметтер атқарады.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да есеп айырысу жөнінде қызметтері жеткізушілермен, мердігерлермен, республикалық және жергілікті органдармен, бюджеттен тыс қорлармен, құрылтайшылармен, еншілес коғамдармен, өзге де дебиторлармен және кредиторлармен жүзеге асырылады.

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да банктік есеп айырысуға байланысты туындайтын қатынастар «Қазақстан Республикалық Ұлттық Банкі туралы» ҚР заңымен (онын 7-бабының 2)-тармақшысымен; 8-бабының д-1)- тармақшасымен «жеке және заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсырмаларына орай олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру », 3)-тармақшасымен, 5)-тармақшасымен; 48-бабымен; 50-бабымен); «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк кызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңымен (оның 30-бабының)-тармақшасымен, 38-бабымен); «Ақша төлемі мен аударымы туралы» Қазақстан Республикасы заңымен (оның 7-бабымен; 8-14-баптарымен; 23-бабымен, 29-бабымен); Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 749-бабынын 1-тармағымен, 750-бабының 1-тармағының 2), 3) және 4)-тармақшаларымен, 754-бабынын 1-тармағымен; басқа да заңнамалық актілермен, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкінің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі.

Банктік есеп айырысу процесінде қалыптасатын ақшалай айналым «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-да көбінесе қолма-қол емес ақшаның төлемдік құрал ретіндегі функциясының іске асырылуы кезінде көрініс табады. Қолма-қол ақшасыз төлемдік айналым банктік шот бойынша қолма-қол ақшасыз аударым жасау жолымен жүргізіледі.

«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ-да банктер арқылы қолма-қол акшасыз есеп айырысу қолма-қол ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді, қолма-қол ақша айналысына байланысты шығындарды қысқартады, банк клиенті заңды тұлғаның банктік операцияларына, сондай-ақ оның есеп айырысуға орай, төлемдік және салықтық тәртіпті сақтауына бақылау жасауға септігін тигізеді.

«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ-да Банктік есеп айырысу қатынастары Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулыларымен, Казақстан Республикасы Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және Қадағалау жөніндегі Агенттігінің банктер тарапынан орындалуы міндетті заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерімен, салықтық міндеттемелерді мәжбүрлеп орындатуға байланысты Қазақстан Республикасы Салык Кодексінің тиісті баптарымен де реттеледі.

«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ-да есеп айырысу операцияларын жүргізу кезінде :

1) клиенттің атына түсіп жатқан ақша қаражаттарын оның 
банктік   шотына есептейді және оның сақталуын қамтамасыз етеді;

2) клиенттің тапсырмасы бойынша оның банктік шотындағы ақша қаражатының белгілі сомасын осы шоттан шығарып клиент көрсеткен кредитордың немесе басқа тұлғалардың банктік шотына есептейді;

3)жүргізіліп  жатқан есеп айырысу операцияларының  заңға 
сәйкестігін бақылайды;

4)клиенттің  банктік шотында сақталып жатқан ақша қара- 
жатына банктік шартта белгіленген мөлшерде  процент төлейді;

5)есеп айырысу операциясының барлық қатысушыларын 
олардың арасында жүргізілген есеп айырысулардың мән-жай- 
лары мен нәтижелері, клиенттердің банктік шоттарында қалған қаражат сомасы жөнінде хабардар етеді.

«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ-да есеп айырысу оперцияларын құқықтық қамтамасыз ету уәкілетті мемлекеттік органдар белгілеген есеп айырысу ережелерін, мерзімдерін және стандарттарын  сақтайды.

«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ-да есеп айырысу-кассалық бөлімі уәкілетті органның келісімі негізінде кұрылған, филиалдық не өкілдік мәртебесі жоқ, Қазақстан Республикасының аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, занды тұлға болып табылмайтын, банктің аумақтық оқшауланған бөлімшесі ретінде көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасының банктерге және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға арналған заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес келетін қызметтік үй-жайларда (ғимараттарда) «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның есеп айырысу-кассалық бөлімдері орналасқан.

«Қазақстан  Халық Банкі» АҚ нақтылы банктің есеп айырысу-кассалық бөлімдері басқа банктерде және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдарда банктік шоттарын аша алмайды, дербес және шағын кәсіпкерлік, микробизнес субъектілерін қоспағанда, заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдамайды, банктік шоттарын ашпайды және жүргізбейді, сондай-ақ заңды тұлғалардың экспорттык-импорттық операциялары бойынша төлемдер мен аударымдарды жүзеге асырмайды.

Информация о работе ҚР қолма-қолсыз ақша нысаны