ҚР қолма-қолсыз ақша нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 20:09, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: “20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептерін ашу, оны жеңудің жолдарын анықтау керек” деп айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................................3

1. Қолма-қолсыз есеп айырсудың теориялық негіздері

1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастыру негіздері.......................................6
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен түрлері.........................12
1.3 Ақша айналысындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың ролі.....................14

2. Қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері мен талдауы
(«Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы мысалында)

2.1 «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы қалыптасуы мен қаржылық жағдайына талдау.......................................................................................................22
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы .......................................................................................................................................33
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері.......................................................................................................................39
2.3 Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамының қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы..............................................................................................44

3. Қолма-қолсыз есеп айырсудың жаңа нысандарын жетілдіру жолдары

3.1 Банктің қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын жетілдіру...............................................................................................................66
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді
банктік қадағалау жүргізу...................................................................................72

Қорытынды...........................................................................................................77
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................80
Қосымша....................................................................................................................82

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС-1.doc

— 618.00 Кб (Скачать документ)

Қазкоммерцбанк  сонымен қатар, басқа жүйенің  де, соның ішінде VIZA, Euro Card / Master Card-тың пластикалық карталары үшін де ақша шығаруды ойластырып отыр.

Осылайша, Қазақстан Рсспубликасында электронды есеп айырысудың банктік жүйесін құру процесі басталды. Алайда, әзірше электронды есеп айырысудың ұлттық жүйесін құру туралы ой болған жоқ. Қазір тек бір банктің айналасында ғана есеп айырысу ғаламдық жүйесін кұру туралы ғана ойластырылды. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасының басқа да коммерциялық банктері үшін аталған жүйеде есеп айырысу оңайға соқпады.

Магнит жолақты  пластикалық карталардың басты  кемшіліктері бәріне де белгілі. Магнитті карталарды магнит жолақтардан бар  деректерді көшіріп алу арқылы қолдан жасауға болады. Жоғалған, ұрланған және де қолдан жасалған карталарды алаяқтар оңай пайдалана алады. Көптеген шетелдік зерттеулер оған дәлел бола алады. Мәселен, Нельсонның мәлімдемесі бойынша, магнитті карталарға байланысты жоғалған қаржы көлемі сол жылы 3.8 млрд. долларды құраған. Оның ішінде 2,6 млрд. доллар қарыз адамдардың есебінен, яғни, банкрот пен есебін төлемен адамдар: 864 млн. - ұрланған, жоғалған, қолдан жасалған карталардың есебінен және 310 млн - сатушының алаяқтығынан. Францияда бірнеше жыл бұрын карточканы  дұрыс пайдаланбаудың кесірінен келген шығын жылына 100 000 000 долларды құраған.

Ұрланған немесе заңсыз жасалған карточканы қолданудың алдын алу мақсатында есеп айырысуды  күрделендіретін бірнеше шараларды  қолдануға тура келеді.

Ең кең тарағаны - сауда-саттық орындарға «жаңа тізімді» тарату, оларда ұрланған немесе жоғалған карточкалардың тізімі жазылады. Мұндай әдістердің оң нәтижесін бере қоймайды. Себебі, тізім кешегі немесе бір апта бұрынғы болуы мүмкін. Ал карточка алаяқтығы көбінесе, ұрланғаннан кейін, бір-екі сағаттың ішінде болады. Сонымен қатар, авторландыру, яғни, дауыспен тексеру, карточканың төлеу қабілеті жайын телефон арқылы білуге болады. Мұндай жағдайда сатушы авторландыру орталығымен хабарласуы қажет. Әрбір телефон соғуға бірнеше уақытын жоғалуы мүмкін. Ал бұл сынды орталықты ұстап, ақнарттарды үнемі жаңартып тұру үшін көп қаражат қажет болады. «on-line» тәртібінде де авторландыру бар. Мұндай жағдайда магнитті карточкамен сату пунктінде орындалған әрбір операция туралы модемді байланыс арқылы авторландыру орталығына жетіп отырады. Мұндай байланысты үнемі ұстап тұру үшін ірі сауда орталығы бірнеше байланыс желісін бос ұстауы қажет. Ал авторландыру орталықтың бір уақытта жүздеген телефон қоңырауын қабылдайтын электронды жүйесі жұмыс істеп тұру керек. Мұндай қиындықтар жоғарғы сапалы коммуникация желісі жоқ Қазақстан Республикасында бұл мәселе үлкен қиындықтар тудырып отыр.

Жоғарыда аталған  барлық проблемалар «ақылды» яғни электронды микросхемалы смарт-карт карточкаларын  пайдаланудағы барлық мәселелерді шешуге көмектеседі. Оны 1974 жылы француз инженері Ролан Морено ойлап тауып, қазіргі таңда көптеген елдерде кеңінен тарады. Алайда Қазақстан Республикасында әлі де аз тараған. Мұнда отандық компьютерлік баспасөзде микросхемалы карточкалардың барлығын да көрсету үшін «микропроцессорлық карточка» деген термин қолданылады. Негізінен  картада тек қана есте сақтау микросхемасы болуы мүмкін. Сондықтан да біз шетелде қалыптасқан «Integrated Circuit card» терминін немесе смарт карточка деген сөзді қолданатын боламыз.

Қазақстан Респубдикасында  смарт-картты бірінші рет 1992 жылы баспасөзде қолдана бастады. Содан бері смарт-технологияны колдану жағы біраз жетістіктерге  қол жеткізді. 1993 жылы бірнеше банктер мен компаниялар өздерінің жеке карталары туралы сөз қозғай бастады. Ал 1994 жылы сол жобалардың кейбіреулері жүзеге аса бастады. Қазіргі айналымдағы кейбір карточкалардың оны қолданатын нарыққа қарағанда өте аздығына келіспеуге болмайды. Алайда, бірінші қадам - қашан да өте маңызды болып саналады.

Смарт-карталар алғаш рет дайындалып жатқанда, олардың  сенімділігіне көп көңіл бөлінді. Смарт-карточкалардың сенімділігі  мен ондағы ақпараттарды қорғау үшін қаншама шаралар қабылданды.

Біріншіден, олардың  жасаудағы күрделі процесс көшіріп  алуға немесе қолдан жасаудың алдын алады.

Екіншіден, Карточкаларды  шығаруда оның әрбір микросхемасына код енгізіледі. Осы кодтың арқасында  ақпаратты көшіріп алу мүмкін емес. Оны тек карта шығарушылар  ғана істей алады. Өндіруші смарт-карточкалардың бір партиясын белгілі бір ұйымның мекен-жайына жіберіп жатып, кодтарын белек жібереді. Барлық партия жоғалған күннің өзінде карталар пайдалануға жарамсыз болып табылады.

Карточкаларды тапсырып жатқанда, оған бірнеше пароль да енгізіледі. Мәселен, әр адамның  тек өзіне ғана белгілі PIN-коды (Personal Identification Number). Смарт-карталарды басқа біреу заңсыз қолданбақ болған жағдайда, карточкалар уақытша немесе мүлдем жұмыс істеуін тоқтатады. Мәселен, жеке нөмір үш рет қате терілсе, карта бірден өшіп қалады. Картаның қайтадан жұмыс істеуі үшін, оны шығарған жеріне қайтадан өткізу қажет. Ал егер, карта жоғалып, немесе біреу ұрлап алса, оның иесі бірден банкке хабар беруі керек. Банк оны жарамсыз карточкалардың тізіміне енгізіп қояды. Жоғалған немесе ұрланған картаны пайдаланбақ болған кез-келген адам сол заматта белгілі болады.

ISO 10202 халықаралық  стандарт негізгі жайды реттеп  отырғанына қарамастан, көптеген  қаржылық жобалар үшін қаржьшық  ақпаратты сақтау үшін одан  да күштірек, одан да сенімдірек, жоғарғы деңгейлі әдіс қажет болады. Бұл жағдайда қаржы жүйесіндегі қауіпсіздік мәселері смарт-карта базасында тек картадағы деректерді сақтауға ғана тіреліп қоймайды, сонымен қатар, оны басқа да жағдайларда қолдануды көздеп отыр. Мәселен, сауда орындарында және де төлем жүйесінде жүргізілген операцпялар туралы ақпаратты өңдеу орталығында және тағы басқалар.

Бұған байланысты, мәселен, Smart City жобасында қандай қосымша  шешімдердің болуы мүмкін?

Мәскеудің АйТи және Американың Product Technologies Inc.(РТІ) корпорациясы Gemplus (Франция) мен Verifone (АҚШ) бизнес-серіктесімен тығыз байланыста шығарған Smart City микропроцессорлық карталары негізіндегі ақшасыз есеп айырысу жүйесінде ашық, көп акша шығару жүйесін ұсынады. Жобамен тең құқылы банктер кейін де жаңа эмитент карточкаларды қоса алады. Жобаны «Клиент-серсер» архитектурасында іске асырған. Ол деректер базасында сақталған ақпаратқа тез енуге мүмкіндік береді. Төлем жүйесінде жүргізілген операциялар туралы ақпаратты өндеу орталығында өте қуатты UNIX-сервер қондырғысы орнатылады. Төлем жүйесінде жүргізілген операциялар туралы ақпаратты өңдеу орталығының жұмысшы орыны да MS Windows ортасында жүзеге асқан. Жобаның жан-жақтылығы картаны пайдалану аймағын кеңейте алады. Мәселен, ғимаратқа кіруге рұқсат қағазы мен компьютерлік желі, сонымен қатар, қажетті деректің сақталуы. Жобаның негізгі ерекшеліктерінің бірі басқа да кейбір жобалар сияқты қауіпсіздік деңгейі өте жоғары болып келеді.

Smart City жүйесіндегі  деректердің кауіпсіздік деңгейін  күшейтуге арналған негізгі технологиялык  шешімдерді қарастырайық.

Смарт-картада  сақталған деректерді қорғау басқа  жүйелерге қарағанда өте жоғары болып келеді. Smart City жобасындағы  қауіпсіздік жүйесінің тым жоғарылығы негізінен француз фирмасының микропроцессорлық  карталарын пайдалануына байланысты болып келеді. Оны арнайы қаржылық жағдайда қолдану үшін жасаған.

PCOS (Purse Card Operating System) картасы қарапайым стандарттағы  смарт-карталар сияқты болып келеді, оларға қарағанда бірнеше артық  мүмкіндіктері де бар. Кәдімгі  карталарды пайдаланғаннан кейін  қалған қаражатты сауда жасалған пункт есептеп береді әрбір шаруашылық мәміле сайын картадан есеп алынып, картаның жаңа балансын кайтадан есептеп, содан кейін ғана картаға жазылады. Ал PCOS картасы бойынша есептен шығару мен ақша аудару өзінің микропроцессоры арқылы жүзеге асады. Оның деректерді қорғауға үлкен көмегі тиеді. Картаға ақша аудару немесе одан ақша алу кезінде түрлі парольдар қолданылады. Және де мұндай карталарда қаржылық деректер бірнеше файлдарда сақталады. Олардың әр қайсысына ену үшін құпия кодтар мен карта иесінің жеке коды болады. Мұндай қауіпсіздік жағы көп валюталы қаржылық қосымшалар үшін өте тиімді болып келеді.

 

 

3.2  Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын  жетілдіру және тиімді банктік  қадағалау жүргізу

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 31 тамызындағы № 2444 «Қазақстан Республикасындағы банк және банктік қызмет туралы» Заңында және 1997 жылғы коммерциялық банктерді қадағалаудың Базельдік стандарттарына сәйкес қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін комплекстік механизмдерінің құрамдас бөлігі сияқты банктік реттеу мен қадағалауды тиімді жүзеге асыру банктің қолма-қолсыз есеп айырысу сапасының жоғарылауында ерекше орын алады.

Шетел тәжірибесінде  банктердің қызметін реттеудің негізгі  мақсаттары:

    • Бәсекелестік талаптардың гармонизациясы;
    • Несиелік ұйымдардың модернизациясы;
    • Банктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
    • Клиенттермен қатынасты жақсарту, оның ішінде олардың қызығушылығын қорғау.[34.83б.]

Қолма-қолсыз есеп айырысуды басқарудағы жоғарыда көрсетілген мәселелер қолма-қолсыз есеп айырысу саясаттың маңыздылығын көрсетеді және банктердегі қолма-қолсыз есеп процестің методикалық ұйымдастырылуына, ережелеріне, нормативтеріне сәйкес келеді.

Банктік қызметтің  пруденциалдық нормалары Орталық  банкпен бекітіледі, оларға:

    • Ұйымдарымен қабылданатын тәуекелдің шекті көлемі;
    • Жоғалтуларды жабу мүмкіндігі мен қолма-қолсыз есеп айырысу ұйымдарының өтімділігін қамтамасыз ететін резервтер нормасын құру;
    • Несиелік ұйымдардың қолма-қолсыз есеп айырысу жағдайына немесе олардың қаржылық қызметін нақты бағалауына кері әсер етуіне әкелетін талаптарды орындамауы жатады.[35.]

Несиелік ұйымдардағы  есептің айқындылығын Орталық банк бірінші рет тексергенде, оның қолма-қолсыз есеп айырысу айқындылығы қарастырылады, яғни қолма-қолсыз есеп, алған қарыздың пайда болған кездегі тәуекелдерін анықтайды, сонымен қатар ссуда бойынша жоғалтуларға резервтер құрады.

Банктік қадағалау  жүйесін құратын 1997 жылғы банктік  қадағалаулағы Базельдік стандарттарына сәйкес, банк қызметін тиімді қадағалауына келесі қағидалар жатады:

    • Банк қызметінің мәні туралы қадағалау органдарының дұрыс ұсынысы және банкпен қабылданатын тәуекелдерді басқарудың мамандырылуын қамтамасыз ету;
    • Жекелеген банктер өзіне қосатын тәуекелдер мінезі мен көлемін қадағалау органдарының бағалауы;
    • Есеп және қадағалау жүйесінің тиімділігіне, мамандырылған басқарушылыққа, капиталдың жеткіліктілігіне сәйкес келетін тәуекелдерге банк ресурстарының бар болуын қадағалау органдарымен бекіту;

Банктік қызметке қадағалаудың Базельдік стандарттары банктер өзіне қабылдайтын тәуекелдерді шектеуіне бағытталған пруденциалдық нормалар мен ережелерді қарастырады.

  • капиталдың жеткіліктілігі (бағалаудың банктік механизмнің болуы, нарықтық бағалардың ауытқуымен байланысты тәуекелдерді тиімді бағалау – 12 қағида);
  • несиелік тәуекелдерді басқару (7 – 11 қағида);
  • нарықтық тәуекелдерді басқару (12 қағида);
  • басқа тәуекелдерді басқару.[36.]

Базельдік стандартқа сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысу тәуекелдердін  басқару келесі қағидаларды ұсынады:

  • Стандартты несиелендіру және несиелердің мониторингі (7 қағида);
  • Күмәнді қарызды жабу үшін қамтамасыз етудің жеткіліктігі және активтер сапасының бағалауы (8 қағида);
  • Тәуекелдерді және ірі тәуекел позицияларын концетрациялау (9 қағида);
  • Банкпен байланысты тұлғаларға несие беру (тәуекелдерді минимизациялаудағы қадағалауды қолдану және несиелендіру шарттарын тиімді қарау – 10 қағида);
  • Мемлекеттік немесе трансферттік тәуекелдер (бұл тәуекелдерді жабу үшін резервтердің бар болуындағы халықаралық ссудалық және инвестициялық операцияларды жүргізгендегі трасферттік және мемлекеттік тәуекелдерді бақылау).

7 қағида. 1997 жылғы Базельдік стандарттың «стандартты несиелендіру және несиелердің мониторингі» банктік қадағалау жүйесінің негізі болып табылатындықтан, «несиелендіру мен инвестицияларды орналастырумен және сонымен қатар займ портфелін ағымдық тексерумен байланысты банктің тәжірибесі, бағалау саясатының тәуелсіздігі» анықталады.

Банктік қызметке қадағалаудың Базельдік стандарты  банктің несиелендіруге жақындығы  объективті және рационалды болуымен сәйкес стандартты несиелендірудің нормалары мен ережелері бекітіледі.

Несие операцияларын  басқарудың бірден – бір элементі – несие бергендегі әкімшілік  келісімі және оған сәйкес құжаттары  бар, жазбаша түрде рәсімделген  несиелендіру методикасы болып табылады. Несиелендіру кепілдеменің пруденциалды стандарттарында негіз алады, олар банк кеңесімен қадағалануы тиіс және несиелендірумен айналысатын барлық қызметкерлердің мәлімет-теріне жеткізілуі тиіс.

Несие берудегі банктің қолма-қолсыз есеп айырысу  шешімі үшінші тұлға жағынан қысым  мен қызығушылық қақтығысы болмауымен жүзеге асырылуы тиіс.

1997 жылғы Базельдік  комитеттің хатына сәйкес «Банк  қолма-қолсыз есеп айырысу қызметіне  тиімді қадағалау қағидаларының базасы» банктерде «қолма-қолсыз есеп айырысу қарыз алушылардың қаржылық жағдайын қосатын несиелік қатынастардың мониторинг жүйесінің болуы керек».[37.]

Кез келген ақпараттық жүйенің басқарушылық элементінің  негізі – несиелердің классификация  жүйесін және ішкі рейтинг туралы ақпаратты қосатын, банктің несие  қолма-қолсыз есеп айырысу жағдайы  туралы керекті ақпараттар базасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының  тиімді қадағалауы екінші деңгейлі банктердің болашақтағы өз міндеттерін орындауын  анықтау үшін бағытталған және келесі банктік басқарудың төмен деңгейінің себептерінде айқындалады:

Информация о работе ҚР қолма-қолсыз ақша нысаны