ҚР қолма-қолсыз ақша нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 20:09, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: “20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептерін ашу, оны жеңудің жолдарын анықтау керек” деп айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................................3

1. Қолма-қолсыз есеп айырсудың теориялық негіздері

1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастыру негіздері.......................................6
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен түрлері.........................12
1.3 Ақша айналысындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың ролі.....................14

2. Қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері мен талдауы
(«Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы мысалында)

2.1 «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы қалыптасуы мен қаржылық жағдайына талдау.......................................................................................................22
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы .......................................................................................................................................33
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері.......................................................................................................................39
2.3 Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамының қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы..............................................................................................44

3. Қолма-қолсыз есеп айырсудың жаңа нысандарын жетілдіру жолдары

3.1 Банктің қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын жетілдіру...............................................................................................................66
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді
банктік қадағалау жүргізу...................................................................................72

Қорытынды...........................................................................................................77
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................80
Қосымша....................................................................................................................82

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС-1.doc

— 618.00 Кб (Скачать документ)

     Бүгінгі  таңда Қазақстанда еңбек ақы  нарығының пластикалық карточкалары  Халық  банкінің қолында. Еңбекақысын  кепілдікке ала отырып, кәсіпорынның қызметкерін несиелендіру кеңінен тарады. Бұл бағдарлама Халық банкінен «ақшаны қарызға ал» деп аталады. Халық банкісі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесуде банк карточкаларының қолданудың артықшылығын түсіндіреді. Соның нәтижесінде бүгінде ұйым еңбек ақы карточкаларын пайдаланады. Коммерциялық ұйымдар үшін жалақы жобасы 2006 жылғы аталған жобамен жалақылық ақша есептеудің көлемі 218,8 млрд теңгені құрады. Банктің жалақы жобасын пайдаланушы көммерциялық мекемелер саны ағымдағы жылдың 1 қаңтарында 4 011-ге жетті, бұл 207 жылғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда 396-ға көбейген. Корпоративтік карточкалар  2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сəйкес ашылған корпоративтік Банктің карточкалар саны 3 570 болды жəне бұл 2010 жылғы дəл осындай кезеңдегі көрсеткіштен 1058-ге дейін артып отыр. Төлемдік бағдарламаларды іске асырудың барынша мол тәжірибесі – зейнетақы, жәрдемақы, өтем төлеу (2,5 млн. адамға қызмет көрсетіледі), 1 млн. адам жалақысын банк арқылы алады (600 мың карточка, 400 мың жеке шот). Халық банкінің карточкалары бойынша Visa және MasterCard дүние жүзілік карточка жүйелерінің белгісі (стикері) бар кез келген банкоматтан қолма-қол ақша алуға  болады.Жалақылық жоба шеңберінде тарифтерді анықтау жеке дара жүргізіледі (комиссиялық алым ұйым-мекемелердің жалақы қоры мен қызметкерлерінің санына қарай және 10 %-ға дейін белгіленеді). Кесте ____

     Соңғы  үш жылдағы пластикалық карточкалардан  түскен табысты салыстырсақ, 31 желтоқсанның 2011 жылмен 31 желтоқсан 2009 жылда түскен табыс 1142 млн.тг өскен. Пластикалық карточкалардың комиссиондық шығыстары көріп отырғанымыздай 192 млн.тг өскен. Өйткені пластикалық карточкалардың санының өскеніне байланысты.Халық банкінің төлем карточкасы арқылы  бизнесті  дамыту үшін барынша жұмылып қызмет істей алады. Бұл үшін ұйымның сенім білдірілген тұлғаның атына банктен төлем карточкасын ашса жеткілікті, әрі қарай ол кедендік төлемдермен айналысатын болады.     Кесте ____

Көрсетілген кестедегі мәліметтер бойынша пластикалық карточкалар «Халық Банктегі» негізгі қызметтердің бірі болып табылады. Банк төлем карточкалардың үлесі Қазақстан нарығындағы 50%  артық алуда.Еңбекақы жобасы бойынша 2011 жылы  Халық банктегі төлем карточкалардың қолданушы жұмыскерлер 1,7 млн. болды, ал 5000 заңды тұлғалар төлем карточкаларымен жалақыны береді.

Сонымен қатар, қазақстандағы несие және басқа  да карталарды ендіруді шетелдегі карточкаларды  қолдану тәжірибесін, олардың кемшіліктері мен жетістіктерін негізге ала  отырып дамыту қажет. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қолма-қолсыз  есеп айырсудың жаңа нысандарын  жетілдіру жолдары

 

3.1 Банктің  қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін  қамтамасыз ету жолдарын жетілдіру

 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының көптеген банктері мен компаниялары пластикалық карталарды пайдалану арқылы ақшасыз есеп айырысу жүйесін ендіріп жатыр. Негізінен іске асып жатқан жобалар танымал on-line технологиясын тірек етіп, магнитті жолақты пластикалық карточкаларды пайдаланады. Сонымен қатар, қолма-қолсыз есеп айырысуларды пайдалана отырып, карталарды қайта өңдеу жобалары да, аз мөлшерде іске асуда.

Банк қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін жүзеге асыру  барысында көптеген тәуекелдермен, оның ішінде несие тәуекелімен ұштасады.

Банктің қолма-қолсыз есеп айырысу қызметінің тұрақтандыруын қамтамасыз ететін және несиелік қызметтегі жоғалтуларды жою мақсатында банктік қор қалытастырылады [30.]

Банктер шығындарды жабу үшін жалпы Резервтік қор  құрады.

Банктің резервтік  қоры жарғылық қор көлемінде қалыптасады, таза пайда есебінен толықтырылады және жүргізілген операциялардағы шығындарды жабу үшін арналады. Банктің шығын есебінен күмәнді және үмітсіз міндеттемелерге қор қалыптасады, ал бөлінбеген таза пайда есебінен банктік активтер бойынша қор қалыптасады.

Активтер мен  шартты міндеттемелердің қоры – нақты  активтің құнын жоғалту, ал шартты міндеттемелер  жағдайында банктің өз міндеттемелерін  орындау барысындағы жоғалтулар болып табылады.

Резервтік қорға  аударымдардың көлемі банкпен жүргізілетін несиелік саясатына және несие портфелінің құрылымына байланысты болады. Аударымдар көлемі қарыздың абсолютті сомасына пайыз түрінде дифференциацияланған.

Қордың жалпы  көлемі ссудалық қарыздың сомасына байланысты, реттеу мерзіміндегі валюталық курстың өзгеру нәтижесінде негізгі қарыз сомасының өзгеру есебінен және тәуекелдер топтарынан реттелуі қажет.

Банктің жарлығында қарастырылатын қорға аударымдардың  жылдық көлемі таза пайданың 25 % - нан кем болмауы керек [31.]

Банктің резервтік  қордың қалыптастыруының дұрыстығы аудиторлық фирмамен расталады.

Резервтік қордың көлемі банк басқармасының уәкілетті  органдарының шешімімен келесі жағдайларда  ғана қолданылуы мүмкін:

    • есептік жылдың аяғындағы банктің шығындарын жабу.
    • Банктің жарғылық капиталын көбейту.
    • Келер жылдың табыс есебінен қалыптасатын банктің басқа да қорларын толтыру.

Қатысушылардың  жалпы отырысында сәйкес келетін  аударымдарды бекіткеннен кейін  ғана банк жоғарыда көрсетілген мақсаттарға  резервтік қорды жұмсай алады.

Банктің резервтік  қорын қалыптастыру және олардың қаражаттарын қолдану банктік тәуекелдерді жабу үшін бағытталады.

Жиынтық несиелік тәукелге байланысты резервтер банктің  шығындарына жатқызылатын аударымдар есебінен қалыптасады және клиенттің  несиенің негізгі қарызын өтемеуін жабу үшін қолданылады. Банк өз шығындарын қысқарту мақсатында несиелік тәуекелдердің төмендету шараларын іске асырады. Несие тәуекелінің деңгейіне байланысты олар бойынша резервтер көлемі бекітілуімен несие классификациясы жүзеге асырылады.

Қарыз алушының қолма-қолсыз есеп айырысу жағдайын, сонымен қатар әкімшілік – шаруашылық қызметтермен байланысты тәуекелдердің және міндеттемелерінің орындау перспективаларының талдау қорытындысы бойынша банк стандартты активтер мен шартты міндеттемелерге провизияларды 2 % көлемінде қалыптастырады.

Несие тәуекеліне байланысты жоғалтуларға резервтер:

  • әрбір несие түріне;
  • есептік айдың соңғы жұмыс күнінде қалыптасады.

Резервтің жалпы  көлемі банкке несиелік қарыздың сомасынан, оның ішінде реттеу мерзіміндегі теңге  курсының өзгеру нәтижесінде жалпы қарыздың өзгеруі, тәуекел топтары ай сайын нақтылануы тиіс. Жоғалтулар бойынша резервтер қарыз алушылармен несиелік қарызды өтемеуін жабу үшін қолданылады [32.]

Банктің уәкілетті органдарының шешімі бойынша резерв есебінен үмітсіз қарыз оның балансынан алынады, ал оның жетіспеушілігі есептік жылдың шығындарына жатқызылады.

Ірі несиелерге және қамтамасыз етілмеген қолма-қолсыз есеп айырысу қатысты уәкілетті  органдардың шешімі соттық, нотариалды органдардың процесуалды құжаттарымен расталуы қажет, ол қарыз алушының қаражат есебінен қарызды жабу мүмкін емес екендігін куәландырылады.

Қарыз алушының төлемқабілетінің жоқ болмауының салдарынан оның балансынан қолма-қолсыз қарызды  алу берілген қарыздың өтелуі болып  табылмайды. Баланстан алынған қарыздар баланстан тыс 5 жыл көрсетіледі. Олар қарыз алушының мүліктік жағдайының өзгеру жағдайын, соттық шешімдердің бас тартуын қадағалайды. Есептелген пайыздар бойынша және негізгі қарыз бойынша мерзімі өткен қарызды бекітетін қарыз алушының шотынан хаттамаларды банк жиі (тоқсан сайын 1 реттен кем емес) жібереді.

Егер қарыз  алушының несиелік қарызы бекітілген тәртіпте құралған қордың есебінен алу  үшін үмітсіз деп есептелінсе, онда берілген қор шығындалады.

Қадағалау процесінде Орталық банк пен оның шекаралық  мекемелері банкке несиелік қарызды қайта бағалау туралы талаптарды көрсетуге құқылы, егер ол банктің несие портфелінің сапасын бағалаудағы қорытындыдан шықса. Қайта бағалау нәтижесінде банкке резервтерді есептеу туралы және сонымен қатар қалыптасқан резервтер сомасын азайту туралы талаптар көрсетілуі мүмкін.

1995 жылдың 31 тамызындағы  № 2444 «Банктер және банктік  қызметтер туралы» Заңының 43 бабына  сәйкес банктер банктік қызметті  жүзеге асырумен байланысты шығындарды  жабу мақсатында күмәнді және  үмітсіз активтерге қарсы резервтік қорды қалыптастыруы керек.

Резервтік капитал  жай акциялар бойынша дивиденттерді  төлеуге дейінгі банктің таза пайдасы есебінен құралады. Резервтік  капиталдың резервтік көлемі Ұлттық банкпен бекітіледі

Жүргізілеген  операциялардың көлемі мен сипаттамасына байланысты өзінің қызметінің қолайлылығы мен қадағалау деңгейін қамтамасыз ету мақсатында банктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық банкпен бекітілген шарттарына сәйкес күмәнді және үмітсіз міндеттемелерді ерекшелеу арқылы берілген қолма-қолсыз есеп айырысулардың классификациясын және оған қарсы резервтерді құруы қажет [33.]

Банкпен бекітілген төлемеу тәуекелін азайту үшін несие  көлемін қадағалау мақсатында Ұлттық банктің резервтік талаптарының механизмдері қолданылады:

  • резервтік міндеттемелердің нормативі банк алдындағы қолма-қолсыз есеп айырысу міндеттемелерді қоспағанда міндеттемелердің жалпы сомасынан пайыз ретінде есептелінеді және 40 % көлемінен аспауы тиіс.
  • Ерекше жағдайда Ұлттық банк қолма-қолсыз есеп айырысу міндеттемелерін өсірудегі резервтік талаптарды кіргізуге құқылы.
  • Минималды міндетті міндеттемелердің нормативін бұзғанда Ұлттық банкпен Қазақстан Республикасының заңнамасының көлеміне сәйкес айыппұл тағайындалады.
  • Минималды міндетті міндеттемелердің өзгеруі шешім қабылдағаннан күннен кейін 1 айдан кем емес күнде іске асырылады.

Банктің қызметі  тоқтаған кезде Ұлттық банк бір жетінің  ішінде қорланған қаражаттарды қайтарып береді.

Мұндай компаниялардың қатарына Қазкоммерцбанк жатады. Олар өздерінің алдына on-line мен of-line екі жүйенің кең танымал болған жетістіктерін біріктіріп, құрама пластикалық карталарды пайдалануды мақсат етіп отыр. Мұндай картаның бойында теле магнитті жолақ (кәдімгі магнит жолақты пластикалық карта сияқты бол келеді) пен сақтау микропроцессорлы болады (Смарт карта сияқты). Магнит жолақты смарт карталар магнит жолақты карапайым пластикалық карталар мен Смарт карталарға қарағанда технология жағынан дамыған болып есептеледі: алаяқтықтан сапалы да күшті корғануды қамтамасыз етеді. Немесе қажет болған жағдайда, авторландыру орталығымен on-line байланыс жүйесін, сонымен қатар, кең тараған мультивалюттық және де электронды портмоне сияқты функционалды үлгілерін іске асыру.

Отандық және шетелдік карталық жүйені оқып-біліп, Қазақстан Республикасы аймағында оны қолданып шарттарын енгізе отырып, Қазкоммерцбанктің мамандары магнит жолақты Смарт-картаны пайдалану негізінде өзіндік карточкалық жүйені құрудың маңыздылығына келіп тоқтады. Бұған байланысты, іске асайын деп жатқан жүйенің отандық дамыған жүйелердің (Union Card, STB Card және т.б.) бірімен бірігіп кетуін де қамтамасыз ету қажет.

Алға  қойылған мақсаттың шешімі жаңа технологиялар  мен Union Card компаниясының қаржылық бағдарламасын қолдануда болып тұр. Қазіргі таңда Смарт-карталарды VIZA/ EUROPAY стандарты бойынша жасауда жетілдіруде. Осы компаниямен бірігіп, Қазкоммерцбанктің басқарушы құрылым бөлімшелері мен Union Card жүйесінде де, сонымен қатар, VIZA International жүйесінде де қолданыла беретін, көп функционалды, мультивалютты карталарды ендіру жүзеге асуда. Жүйеде қолма-қолсыз қол ақшаны VIZA карточкаларымен беру қарастырылып, болашақта Union-PLUS, Union-Electron, Euro Card / Master Card карталарын қайта өңдеу жоспарланып отыр.

Қазкоммерцбанктің пластикалық карталарды қолданып, ақшасыз есеп айырысу жобасы бірнеше кезеңмен жүзеге асады.

Бірінші кезеңде  техникалық шешімді өңдеп, Ақмола облысы бойынша тәжірибелі аймақ құрады. Онда қаланың коммуналды және сауда  кұрылымын толығымен автоматтандыруды ойлап отыр. Сонымен қатар, 30 000-нан астам карталар мен жүз электронды сауда терминалдарын енгізеді.

Екінші кезең, осы уақытқа дейін он жеті филиалы  бар Қазкоммерцбанктегі бөлімшелерін жергілікті жағдайларын назарға  ала отырып, барлық географиялық аймақтарға техникалық шешімдерді қарастыра келе көбейту. Ең бастысы Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің қайта құрылымдауы мен жаңа банк технологиялары баяу жүріп жатқан оңтүстік және солтүстік аймақтары деп қарастырылып отыр.

Жүйе авторландырудың  басты орталығы мен солтүстік  пен оңтүстік аймақтары бойынша  басшылық құрылым Алматыда болады деп жоспарлауда. Мұндай жағдайда карталардың автономдық авторландыру мүмкіндігін сақтап қалады.

Ақшасыз есеп айырысу  жүйесін енгізе отырып, келесі проблемалар  шешіледі деп күтілуде: төлемеушілік жойылады, жалақының кешіктірілуі, қолма-қолсыз қол ақша айналымы және тағы басқалары.

Пластикалық карталарды енгізе отырып, ақшасыз есеп айырысу жүйесі банк үшін де (қосымша қаражат көлемі), картаның иесі үшін де (мәселен, пайыздарды есептеу) пайдалы екені анық. Ақшасыз есеп делдалдары үшін (мәселен қызметтід қайсыбір түрін ұсынған дүкен немесе фирма үшін) жаңа клиенттердің назарын аударуда тиімді болып келеді. Инкассация проблемасын шешеді, яғни, күзетшіден ақша үнемдейді. Белгілі болғандай, мұндай жағдай сатылатын тауардың бағасын төмендетіп, клиенттің сатып алатын қабілеті арта түседі.

Информация о работе ҚР қолма-қолсыз ақша нысаны