ҚР қолма-қолсыз ақша нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 20:09, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: “20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептерін ашу, оны жеңудің жолдарын анықтау керек” деп айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................................3

1. Қолма-қолсыз есеп айырсудың теориялық негіздері

1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастыру негіздері.......................................6
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен түрлері.........................12
1.3 Ақша айналысындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың ролі.....................14

2. Қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері мен талдауы
(«Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы мысалында)

2.1 «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы қалыптасуы мен қаржылық жағдайына талдау.......................................................................................................22
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы .......................................................................................................................................33
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері.......................................................................................................................39
2.3 Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамының қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы..............................................................................................44

3. Қолма-қолсыз есеп айырсудың жаңа нысандарын жетілдіру жолдары

3.1 Банктің қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын жетілдіру...............................................................................................................66
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді
банктік қадағалау жүргізу...................................................................................72

Қорытынды...........................................................................................................77
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................80
Қосымша....................................................................................................................82

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС-1.doc

— 618.00 Кб (Скачать документ)

Халықаралық төлеу  жүйесінің пластикалық карталарын енгізуге байланысты қиындықтар және де Қазақстандағы қағазсыз технологияның  дамуына деген сүраныс отандық  банктерден өзіндік жеке карточкаларды  көптеп шығаруды талап етеді. Қазіргі заманғы пластикалық карточкаларды қолма-қолсыз ақшаны алу үшін және де арнайы жабдықталған, өте аз дүкендерден сауда жасау үшін колданады.

Өз клиенттеріне несие жүйесін ұсынатын карточканың  бірнеше түрі бар:

Револьверлі карточка револьверлі несиені (Өтеген жағдайда қайта жаңартылады) ұсынады. Мүлікті немесе ақшаны кепілге қойған жағдайда беріледі. Қажетті лимитті үш рет алуға болады. Карточканың мерзімі кепілдің мерзіміне байланысты.

Сары карточка револьверлі емес, он бес пайыздық жеңілдікпен несиені ұсынады. Бұл карточканы алу үшін міндетті түрде акшалай кепілдеме салу қажет. Ол алмақ болған сомадан бес есе көп болып, бір жыл мерзімге, немесе төрт есе болп, бір жарым жылға болады.

Күміс карточка револьверлі емес несиені отыз пайыздық жеңілдікпен береді. Бұл карточка үшін алатын сомадан төрт есе көп қаражатты кепілге қойу керек, мерзімі - екі жыл. Немесе үш есе көп болады да, мерзімі – үш жыл.

Алтын карточка елу пайыздық жеңілдікпен револьверлі  емес несиені ұсынады. Бүл карточканы алу үшін алынатын ақшадан үш есе көп қаражатты кепілге бес жылдык мерзіммен қою қажет. Немесе екі есе көп болып, жеті жарым жылға қойылады.

Платина карточка револьверлі емес несиені тоқсан пайыздық жеңілдікпен ұсынады. Ол үшін үш есе көлеміндегі қаражатты  он жылға кепілге қояды.

Дара карточканы алуға тек жеке тұлғалардың ғана құқы бар, және де олар мүліктік немесе ақшалай келіпдемені сомада немесе валютамен беру қажет. Оның көлемі клиенттің  таңдап алган несие лимиті мен  карточкасына байланысты болып келеді.

Карточка болған жағдайда клиент сатып алған затты несиеге алуына, сауда жасалған жеріне қарамай алған тауарының ақысын төлеуіне, түрлі дүкендерден алған заттарына есеп айырысуына, түрлі қызметтерге, қонақ үй, әуекомпанияларына, мейрамханаларға, туристік агенттіктерге, автомобильді жалға алуына, май қүю станцияларына, дәрігерлік қызмет көрсету, шетелдік каталогтар бойынша тауарлар сатып алуға және де ТМД мен әлемнің отыздан астам елі бойынша кез-келген валютада түрлі қызметтерге пайдалануға болады.

Отандық пластикалық карталардың дамуын қарастыра келіп, бірнеше қорытынды жасауға болады.

Біріншіден, банк қызметтері нарығы үлкен өзгерістерді бастан кешіріп жатыр, және соңғы  жылдары дамушы елдердің пластикалық  карталарының бар белгілеріне ие болуда. Бір жағынан алдыңғы қатарлы отандық банктер халықаралық төлем жүйесімен жұмыс істеп жатса, екінші жағынан, жоғарғы технологиялар нарығындағы бірінші болу үшін бәсекелестікке өздері түсті. Соған байланысты өздерінің төлеу мен есеп беру электронды жүйесі мен біріккен пластикалық карталар жүйесін жасады. Бұл жерде басында жекеленген көптеген банктер мен фирмалардың жүйесін бір жан-жақты төлеу жүйесіне біріккенін он қадам екенін айта кеткен жөн.

Екіншіден, отандық  пластикалық карталар нарығының  маңызды ерекшелігі - жарнамен төлеудің негізгі элемент банктің карточкалары болып табылатыны. Банк-эмитенттер көбірек клиент жинау үшін, бір-бірімен белсенді бәсекелестікке түсуде. Үлкен бәсекелестікті карточка мен оны қолданғаны үшін алатын комиссиондық ақының төмендеуінен байқауға болады.

Үшіншіден, пластикалық  карталар нарығының инфражүйесінің дамуы (есеп айырысуға пластикалық  карталарды қабылдайтын сауда-саттық және қызмет көрсету орындар, банкоматтар, есеп айыратын орталықтар және т.б.) банктердің пластикалық карталарды шығару жылдамдығынан артта қалуда.

Төртіншіден, отандық  пластикалық карталардың банк-эмитенттері  көп жағдайда елдегі экономикалық жағдайлардың ерекшеліктеріне байланысты (ақшаның  қүнсыздануы, төлемсіздік дағдарысы, экономикалық қауіптің өсуі және т.б.) дебетті карточкалар айналымына шығарады. Пластикалық карталардың банк-эмитенттері көп жағдайда елдегі экономикалық жағдайларға байланысты дебетті карталарды шығаруда. Банк түрлі жағдайдан өздерін сақтандыру мақсатында әр несие картасын берердің алдында несие лимитін өсіретін сақтандыру депозитін ендіруді талап етеді. Яғни несие келісіміне күдікпен қарап, суррогатты несие карталары мен төлем карточкалар туралы айтуына тура келеді.

Бесіншіден, біздің елдегі көптеген карточкалар магнитті болып келеді. Ол оны шығару мен  қызмет көрсету ақысының өз бағасынан тым төмендігіне байланысты. Әрине, банктер кымбат тұратын инфражүйені құру үшін үлкен қаражат салулары тиіс.

Бүгінгі күні банктің  қызметін пайдаланушы жеке тұлға - клиенттердің саны 5,9 миллионнан асып отыр - бұл Қазақстандағы  ең ауқымды клиенттік база болып табылады, сонымен қатар Банк 62 мыңға жуық шағын жəне орта бизнес өкілдеріне жəне 300-ден аса ірі корпоративтік клиентке қызмет көрсетеді. Банк төлем карточкаларының саны бойынша бұрынғысынша көш бастаушы орнын сақтап, аталған карточкалар көлемін 2,8 млн  данаға жеткізді. Бүгінгі күні «Мобильдік банкинг» қызметін пайдаланушылар саны еліміз бойынша 130 мың адамнан асып, бұл қызмет түрінің клиенттер үшін аса қажеттілігін тағы бір    дəлелдеді. Ақша айналымы мен табыстылығы бойынша «Интернет-банкинг» қызметі   қазақстандық онлайн-банкинг жүйесі арасында алғашқы орынды нық ұстап отыр.

    Қазіргі  кездегі тәжірибеге сүйенсек, ақшамен  есеп айырысуда банктік карточкалардың  көмегімен қолма – қолсыз есеп  айырысу үлкен роль атқарады. Қазақстанда төлем технологиясының дамуы арқасында несиелік және дебеттік карточкалардың симбиозы – еңбек ақылық карточкалар пайда болды. Енді сол Қазақстандық банктер қолданып отырған карточкалардың басқа Батыстағы кең тараған банк карточкаларынан негізгі айырмашылықтарын қарастырайық.             Оларды банк көрсеткен:

- Әртүрлі тауарлардың  төлемі мен несиенің қызмет  көрсетуі үшін қолданылады. Карточка  арқылы негізгі сауда чегі  – слип бар болған барлық  нүктелерде төлем жасауға болады. Несиелік карточкалары арқылы банкоматтардан ақша алуға болады.

- Банктің резерві  шексіз емес, сондықтан клиентке  ай сайынғы несиелік лимит  қойылған. Лимиттің мөлшері клиенттің  төлем қабілеттілігіне байланысты  болып отыр.

- Дебеттік карточканың  негізі мынада, ол тауар мен  қызметтің төлемі ретінде қолданылады, банкоматтардағы қолма – қол ақшаны алу үшін қолданылады. Шотқа банк автоматтары арқылы, сауда нүктелеріндегі ерекше орналастырғыш арқылы қол жеткізуге болады.

     Сонымен  бірге, егер алатын соманың  есеп шотта қалған сомадан  банкоматта көп болса, операция жүргізушіден аспайды. Дебетті карточкалары мен жасалған операциялардың табысы карточка ұстаушының карточка қолданғаны үшін төлеген пайызынан, банкаралық делдалдық қызметке процентпен банкаралық делдалдық қызметке төлеген төлемнен, басқа қызметтер үшін  (ПИН – кодты айырбастау) жоғалтқан және ұрланған карточкаларды шығарудан  түскен төлемнен тұрады.

     Еңбек  ақылық пластикалық карточкалардың  маркетингі бар. Ол карточкаларды  қолданушылардың белсенділігін  арттыру үшін бағытталады. Егер айына 1 – 2 операция  жасалған болса, онда карточкалармен жасалған операциялардан шығын ғана болады. Банктер карточкаларды қолданушылардың белсенділігін арттыру үшін әртүрлі тәсілдер қолдануда. Банк маркетингтік карточкалық бағдарламаны қолданғанда, әр аспектілерді ойластыру керек:қаржылық қызметі, тұтынушылардың потенциалын анықтау, сонымен қатар клиенттерді қатарға тарту,мақсатты нарықта іздену «карточка нарығының» сегментациясына байланысты клиенттерден  бірыңғай топтарды жинастыру, маркетингтік бағдарлама соған бағытталу керек. Еңбек ақы жобасын қолдану керек, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін қолдау керек. Кәсіпорын еңбек ақысын төлеуді пластикалық карточкалардың көмегімен бере  бастаған жағдайда, пластикалық карточка бөліміне банктің маркетингтік зерттеу жұмыстарын, анкета жүргізу керек. Осы  аталған жобаны іске асыруда мекеменің әкімшілігі тарапынан, оның бухгалтериясы мен қызметкерінің пікірлерін білу үшін қажет.

     Маркетингтік  зерттеу кезінде маркетингтік  барлау жасалуы мүмкін. Оның

мақсаты – бәсекелес  банктердің еңбек ақы туралы жобаларын  біліп отыру, сонымен бірге тариф  туралы саясатты  білу, қаржылық және техникалық мүмкіндіктерін білу. Оны  орындау үшін маркетингтік жиынтықты  анықтау қажет.

     Маркетингтік  карточкалық тауарлардың мынандай элементтерін білуіміз керек: баға, карточкалық тауарлардың қозғалысының әдістері:

-Тауар. Еңбек  ақы карточкалары дебеттік –  несиелік болуы мүмкін, банк бекіткен  лимиттер аясында овердрафтың  есеп бойынша мүмкіндік беруі  мүмкін.

     Көптеген  қазақстандық банктер ойластырылмаған үшін міндетті түрде сақтандыру депозиттерін енгізеді. Маркетингтік жобада карточка иелеріне сақтандыру депозиттік овердрафты өтемақыны төлеудің гаранты кәсіпорын болады. Кәсіпорынның басшыларына банк халықаралық төлем жүйесінің несиелік карточкасын беруі мүмкін.

- Еңбек ақы  карточкаларын шығарушы эмитент  - банк белгілі  бір шығын  шығара отырып, қаржы ресурстарының  едәуір бөлігі келіп қосылады. Банктің пайда табуы тек оның  саясатына байланысты болып келеді.

     Еңбекақы  жобасының табыс бөлігі карточкаларға   қызмет көрсетуден, карточка есебінде қалған қалдық ақшаны қолданудан тұрады. 3 – 4 ай еңбек ақы  карточкасына қызмет етсе, онда еңбек ақыны 15 – 40% қызметкерлердің карточка есебінде қалады.Банктің  несие бөлімі карточкалық есеп үшін, еңбек ақы жобасын іске асырғаны үшін кәсіпорынға жеңілдетілген несие беретін болады. Банктің маркетингтік міндетті – ол тариф саясатын анықтау. Мысалы: банкта қалған қалдық ақша талап етілгенге дейін салым мөлшерінен кем болмау керек.

-Карточкалық тауарлардың қозғалысының әдістері. Потенциалды клиенттермен хабарласып тұру оңай іс емес, банк қызметкерлерінен үлкен шеберлікті қажет етеді, тәжірибе мен біліммен қатар, адамдар арасындағы қарым – қатынас, психологияны білу керек.Потенциалды клиентке банк қызметкері бекітіледі. Оның атқаратын қызметі көрсетіледі.  Атқаратын міндеті өте үлкен. Ол алдымен клиенттің қаржылық қызметінің жағдайымен танысу керек, клиентке не керек екенін анықтап, онымен қарым – қатынас орнатуды  ойластыру керек.

Потенциалды клиенттермен келісім – шарт орнатудың бірнеше түрі бар.  Соның бірін қолданса,басқа тәсілдерді пайдалану қажет емес деген ой тумайды. Кейде потенциалды клиентпен келісім – шарт орнатылмай да қалады. Бірақ келісім – шарт болмаған жағдайда, сол корпорациямен байланысты мүлде үзуге болмайды.

     Банк  жоспар жасағанда, еңбек ақы  қоры мен кәсіпорынның қызметкерлерінің  санын есепке алу керек. Сонымен  бірге банктің орта табыстылығын  да анықтау керек. Шоттағы қалдықты  пайдаланудан түскен табыс банкоматтағы  қолма – қол ақша мен резервтеу қорын жалпы жалақысынан алып тастағанда түскен орташа қалдыққа пропорционалды болуы керек.

     Қазақстанның  карточкалық банктің жобасы 1992 жылы  шығарылған. Ермаков ферросплавтық  заводы қолма – қол ақша  жетіспегендіктен туған әлеуметтік қиындықты жою үшін жалақы жобасын жүзеге асыруда инвестор болды. Магнитті жолағы бар жалақы карточкаларына қызмет көрсетуге арналған «Иртиш – карт» деген жүйе енгізді. Сауда және сервистік кәсіпорындарда «Иртыш – карт»ты қабылдау үшін сауда бағдарламалары орнатылды. «Иртыш-карт» иелеріне ақша  Халық банкіндегі арнайы шотқа келіп түскен.

     1993-1995 жылдары Халық банкі осындай  карточка жүйесін Екібастұз бен  Павлодарда енгізді. Процессингтік  орталық «Иртыш-карт»-ты қолданылатындардың  есеп – айырысуларын өңдеу үшін Халық банкінің бірінғай коммуникациялық торына біріктірілді. Бұл Қазақстандағы аймақтық карточка жүйесін жасаудағы бірінші жүйе болды. «Иртыш – карт» иелері өздерінің қалаларында ғана емес, Қазақстанның барлық облыстарында есеп айырыса алатын еді.

     Бүгінгі  күнде көптеген мекеме мен  ұйымдар жалақыны пластикалық  карточкаларға  аудару үшін  банктің қызметін пайдаланады.  Бұл барлық қатысушыларға: банкке, мекемеге,мекеме қызметкерлеріне  оң нәтиже береді.

     Банкке  келетін пайда – банктің жаңа бағыттағы жаңа аудандардың  аумағын кеңейту, жеке тұлғаларды несиелендіруді қамтамасыз ету, карточка иелеріне қызмет көрсету және  жаңа тауарларды сату, кәсіпорындағы қызмет көрсеткені үшін қосымша комиссиондық табыс және пайыздық түсімдерден түскен табыс, төлем қабілетсіздік тәуекелдерінің жоқ болуы, жаңа қызмет түрін жүзеге асыру арқылы клиенттер тарту, жаңа, қазіргі заманға сай технологияларды қолданатын ұйым ретінде атағын жақсарту. Қолма – қол ақшаның айналымын азайту, сондықтан қолма – қол ақшаны тасымалдау, инкассациялау, қауіпсіздігін сақтандыру, қолма – қол ақшаны өңдеуге кеткен шығындарды азайту.

     Мекеме  қызметкеріне – карточка ұстаушыға   тиімділігі. Пластикалық карточканы  қолданудың қолайлығы: жасалған  операциялар жайлы тұрақты ақпарат алу, ұрлаудан, жоғалудан сақтандыру, материалды пайда, қолма -  қол ақшамен салыстырғанда есеп – айырысу жылдам болады, есеп қайтарудың мәселесінің жоқтығы, кәсіпорында не басқа қызмет көрсету пунктінде қолма – қол ақшаны алу мүмкіндігі бар. Клиенттің қаржылық жағдайы туралы ақпарат жабық болып табылады. Карточка арқылы ақша аударымдарын жүзеге асыру, арнайы жеңілдіктер, отбасы мүшелеріне қосымша карточка алу, тегін сақтандыру мүмкіндігі, басқа да мүмкіндіктер: (тауар сатып алғанда жеңілдіктер алу мүмкіндігі, жоғалған және ұрланған карточкаларды орнына келтіру,авиабилеттерді,мейрамханадағы нөмірлерді  алғанда  алдын – ала орын сақтау). Жалақыны ыңғайлы уақытта әрі клиентке  қажет болғанда ыңғайлы жерде алу мүмкіндігі. Банктегі ақшаны уақытында алу кепілдігі. Қызметкердің айлық орташа жалақысының 70 %-на дейінгі мөлшерде кредит лимитін алу мүмкіндігі, бұл ретте рұқсат етілген кредит лимитінің ең төменгі мөлшері 10 500 теңге құрайды.

Информация о работе ҚР қолма-қолсыз ақша нысаны