ҚР қолма-қолсыз ақша нысаны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2012 в 20:09, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: “20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептерін ашу, оны жеңудің жолдарын анықтау керек” деп айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................................3

1. Қолма-қолсыз есеп айырсудың теориялық негіздері

1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастыру негіздері.......................................6
1.2 Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысандары мен түрлері.........................12
1.3 Ақша айналысындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың ролі.....................14

2. Қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері мен талдауы
(«Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы мысалында)

2.1 «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы қалыптасуы мен қаржылық жағдайына талдау.......................................................................................................22
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы .......................................................................................................................................33
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері.......................................................................................................................39
2.3 Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамының қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы..............................................................................................44

3. Қолма-қолсыз есеп айырсудың жаңа нысандарын жетілдіру жолдары

3.1 Банктің қолма-қолсыз есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын жетілдіру...............................................................................................................66
3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасын жетілдіру және тиімді
банктік қадағалау жүргізу...................................................................................72

Қорытынды...........................................................................................................77
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................80
Қосымша....................................................................................................................82

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСТЫК ЖУМЫС-1.doc

— 618.00 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

Кіріспе................................................................................................................................3

 

1. Қолма-қолсыз есеп айырсудың теориялық негіздері

 

1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастыру негіздері.......................................6

1.2 Қолма-қолсыз  есеп айырысудың  нысандары мен түрлері.........................12

1.3 Ақша айналысындағы  қолма-қолсыз есеп айырысудың  ролі.....................14

 

2. Қолма-қолсыз  есеп айырысудың құқықтық негіздері  мен талдауы

             («Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы мысалында)

 

2.1 «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамы қалыптасуы мен қаржылық жағдайына талдау.......................................................................................................22

2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы            .......................................................................................................................................33

2.2 Қазақстан  Республикасындағы қолма-қолсыз есеп айырысудың құқықтық негіздері.......................................................................................................................39

2.3 Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамының қолма-қолсыз есеп айырысуының талдауы..............................................................................................44

 

3. Қолма-қолсыз  есеп айырсудың жаңа нысандарын  жетілдіру жолдары

 

3.1 Банктің қолма-қолсыз  есеп айырысу қызметін қамтамасыз ету жолдарын жетілдіру...............................................................................................................66

3.2 Қолма-қолсыз есеп айырысу  сапасын жетілдіру және тиімді

банктік қадағалау жүргізу...................................................................................72

 

Қорытынды...........................................................................................................77

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................80

Қосымша....................................................................................................................82

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының артуы" Жолдауында: “20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын алған дағдарыстың себептерін ашу, оны жеңудің жолдарын анықтау керек” деп айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталды. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс қолма-қолсыз есеп айырысу саясатын еңгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан, микро деңгейіне жылжытуға септігін тигізеді.[1.4-5б.]

2006 жылдың 1 наурыздағы  Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлекет қазынагерлік, қолма-қолсыз есеп айырысу саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметіне деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті” деп баяндады.

Қаржы қозғалысының ұдайы өндіріс үрдісі мен оның өндіріс, таратылым, айырбастау шарпары іспеттес құрылымдық бөліктерінің негізі ақшалық қатынастар саласының нақты даму мүмкіндіктерін айқындап, оларды басқаруды дамытады.[2.]

Нарықтық экономика жағдайларында халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру қаржы механизмін қайта құруды талап етеді. Бірінші кезекте ақша айналымы жүйесіндегі қаржылық қатынастарды зерттеу мәселесі тұрады. Бұл мәселе күрделі әрі функционалды құрылымды, қоғамдық азық-түліктің қозғалысын анықтап, таратылымдық қатынастарды белгілейді. Ақша айналымына тән жүйелік суреттеу мүмкіндігіндегі тұтастық пен тұйықтық жеке қаржылық ағымдардың азық-түліктің түрлі даму кезеңдеріндегі материалды-заттық қорларының негізін қалайтын қатынастарды ескеруді талап етеді.

Қазақстан Республикасының  қаржы жүйесінің тұрақтылығы, көбіне, банк жүйесінің тұрақтылығымен байланысты болып келеді.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банк қызметі Қазақстан Республикасының  заңымен және Конституциясымен тікелей  негізделген іс-шаралар атқарады.

 Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі  нарықтық экономикаға көшуінде  қызмет ету тиімділігінің өсуі, инфрақұрылымды қалыптастыруы несиелік  қатынастарын жүзеге асырады  және оны іс-жүзіне асуын қадағалайды.

Жеке  секторлар бойынша қаржы қозғалысының ерекшеліктері мен азық-түліктің таратылу кезеңдеріне байланысты шаруашылықтардың қаржылық айналымдарының тұтас кешені шеңберінде өндірістік және өндірістік емес салалардың ақша айналымы, тұтынушылар секторының айналымдары, мемлекеттік қаржы жүйесі мен көрсеткіштер кешенін анықтайтын, банк жүйесінің негізін қалайтын қаржылық-есеп айырысу, эмиссиялық және несиелік қатынастарды анықтайтын несие жүйесінің айналымы бақыланады. Әрбір халық шаруашылықтарының ақша ағымы секторлары барлық қаржы айналымының мазмұнды, негізді бөлігін қарастырады, сонымен қатар оның басқа да бөлімдерімен тығыз байланыста болады. Секторлардың ақша айналымдары баға қозғалысының дәрежесі мен оның калыптасу ерекшеліктеріне байланысты барлық қаржылық айналым қызметінің тиімділігіне түрлі әсер етеді, және тауар мен баға арасындағы тепе-теңдікті демеу мақсатында басқару құрылымы арқылы ажыратылады. Баға формасы көрсетілген азық-түліктің таратылуы мен қайта бөлінуі барлық ақша айналымы қызметінің объективті негізі болып табылады.

     Мемлекеттік қаржы жүйесі таратылушы және қайта құрылушы қаржылық қатынастарды суреттейтін ақша қозғалысы ағымдарын бақылайды. Сонымен қатар қаржы жүйесінің қаражаттары халық шаруашылығының төлем қабілетті кейбір бөлімдерінің қажеттіліктерін қалыптастыруына да қатысады.

Бiрақ Республикадағы банктердiң қызметi әр түрлi факторлардың ықпалынан аса күрделi жағдайда жүзеге асырылады. Мысалға, жекелеген экономикалық секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем балансының тапшылығы және т.б. Осы факторлардың әр қайсысы берiлген банктiк несиелер бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкiншiлiгiнiң төмендеуiнен банктердiң несие қызметi үшiн жағымсыз салдармен анықталады. Осының салдарынан банктiң несие портфелi құрылымының төмендеуi, жiктелген активтер бойынша резервтердi қалыптастыруға шығындардың тез өсуi, таза табыстық жалпы сомасының қысқартылуы байқалады. Бұл жағдайда банктер сәттi несие және пайыздық саясатын хеджирлеу стратегиясы және т.б. мүмкiн тәсiлдер механизмдерiн әзiрлеу көмегiмен несие тәуекелдiгiн басқаруға ұмтылады.

Қаржы айналымы жүйесінде тұтынушы сектор ерекше орын алады. Дайын өнімді пайдалану кезеңінің қаржыландыра отырып, халықтың ақша айыналымы барлық қаражаттың қозғалысын аяқтайды деуге болады. Халықтың ақша айналымының негізгі элементі - отбасының ақша айналымы. Отбасы ақша айналымының дәл осы кезеңінде жалпы экономикалық және қаржы саясатының әлеуметтік бағыты көрінеді. Осы орайда отбасы бюджетін талдау мен оның көпжақтылығы тұтыну секторында ақша айналымын зерттеуге негіз бола алады.

Тақырыпты зерттеу өзектілігі. Отандық банктер ұсынылған қолма-қолсыз есеп айырысуларының жалпы көлемімен сипатталады. Қолма-қолсыз есеп айырысу барысында банктің сапасын мамандырылуында құрылмайды. Қолма-қолсыз есеп айырысу сапасының өсуі – қарыз операцияларын басқаруды жүгізу негізінде жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда, коммерциялық банктерде қолма-қолсыз есеп айырысуын басқару концепциясында - оны жүзеге асыру жүйесі, коммерциялық банктердің банктік жүйенің қалыптасуындағы отандық шарттарында қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларын басқаруды жүзеге асырылған процесі жоқ. Басқарудың тиімді элементтерінің бірі: қолма-қолсыз есеп айырысу саясаты мен процедураларының жақсы дамуы және ақша механизімін жақсы басқару, бұл жүйеде жақсы қызмет ететін банк персоналы болып табылады.

Тақырыпты зерттеудің мақсаты – Қазақстан Республикасының банктік қызметтерінің негізгі талаптарына сәйкес банктің қолма-қолсыз есеп айырысуын   қалыптастыру мен басқаруының өзекті мәселелерін шешу.

Зерттеудің  міндеттері:

  • қолма-қолсыз есеп айырысудың қалыптасуын зерттеу;
  • банктің басқару жүйесіндегі қолма-қолсыз есеп айырысу қозғалысын

зерттеу;

  • қолма-қолсыз есеп айырысуын қалыптастыру мен басқарудағы

проблемаларды зерттеу;.

Осы дипломдық  жұмыстың зерттеу объектісі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ қолма-қолсыз есеп айырысуы. Қолма-қолсыз есеп айырысу, банк саясатында үлкен рөл бар екенін дәлелдеу.

Зерттеу пәні – қолма-қолсыз есеп айырысу барысындағы тәуекелділік, қарыз алушылардың түрлері мен ақшалай қатынастардағы қабілеттілігі, қолма-қолсыз есеп айырысуының мерзімділігі, төлемділігі, валюта түрі және экономиканың негізгі құралдар болып табылады.

Диплом жұмысының методологиялық және теориялық негіздері: 

«Коммерциялық банктер және олардың ақшаларының  айналыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Азаматтық кодекс, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің 2006 жылғы халыққа Жолдауы, Халевинская А.М., Лаврушина О.И., Коробова Г.Г., Тавасиева А.М. оқу құралдары, Деньги и кредит, Банки Казахстана журналдары.[3.]

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Қолма-қолсыз есеп айырысудың теориялық негіздері

 

    1. Қолма-қолсыз есеп айырысудың ұйымдастыру негіздері

 

 

Қазiргi жағдайда ақша шаруашылық өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Сондықтан, материалдық бағалылықтар мен жабдықтау қызметтеріне байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұpaды.

Ақшалай есеп айырысулардың  өзi eкi формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға белiнедi. Айналыстағы ақша алма-кезек бiресе айналыс құралы, бiресе төлем құралы қызметтерін орындайды. Тауар сатудан түскен ақша, қарыз төлеуге жұмсалуы мүмкін, өз кезегiнде, қарыз өтеуден түскен ақша тауар сатып алуға жұмсалуы мүмкiн. Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдары өзара тығыз байланысты және бiр-бiрiне тәуелді. Өйткенi ақша, үнемі бiр айналыс аясынан екiншiсiне өтiп, бiрақ,  айналыс аясынан кетпей oғaн одан әрі қызмет жасай береді.

 Ал банктегi  шотқа қаржының аударылуы - қолма-қол  ақшаның берілуінің  кепілі. Сондықтан  қолма-қол ақшасыз төлем айналымы  қолма – қол ақша айналысынан ажырағысыз құрылым және екеуі бірігіп  мемлекеттің біріңғай ақша айналымын құрайды.[5.155б.]

Қолма-қол емес ақша айналымы (төлем, айналымы) - ол банктегi шот иесiнiң жазбаша бұйрығы  бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруi немесе ақшаның төлем құралы ретіндеге  қызметiн атқаруы. Ол бүкiл ақша айнaлымының басым бөлiгiн (90%-кe жуығын) құрайды. Төлем айналымы төлеушiлер мен сатып алушылардың банктегi шотына немесе жазу  түрiнде немесе олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.

Есеп айырысу операцияларын жургiзу үшiн әр түрлi шоттар қолданылады. Олардың арасында көп тарағандары: ағымдағы, есеп айырысу және т.б. шоттары. Қолма-қол ақшасыз төлем айналымы: тауарлы операциялар бойынша және қаржы мiндеттемелерi бойынша болып eкi топқа бөлiнедi. Бiрiншi топқа тауарлар мен қызметтер үшiн қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, ал екiншiге бюджетке төленетiн төлемдер (пайда салығы, қосымша құн салығы, жеке тұлғадан алынатын табыс салығы және басқа мiндеттi төлемдер) және бюджеттен тыс қорлар, банктiк борышты өтеу, несие үшін өсімді төлеу, caқтандыру компанияларымен есептесу жатады.

Ақша айналымын  реттеудегі маңызды элемент –  қолма-қол ақшаны пайдалану аясын  тарылту. Қазіргі бұл мәселе біздің елде кәіпорындар арасындағы өзара  есепке қолма-қол ақшаны тек төменгі жалақының төрт еселенген мөлшері көлемінде пайдаланумен және банктегі салым иелерінің бөлшек саудамен есеп айырысу үшін есептесу чектерін енгізумен шектелуде.

Экономикасы дамыған мемлекеттерден ақша айналымын  басқаратын экономикалық әдістерді  енгізу процесі кең тараған. Мысалы, АҚШ-та халықтың барлық төлемдерін тек ¼  бөлігі ғана қолма – қол ақша төлеумен жүргізілген, қалған төлемдер чектермен , несие карточкалармен және с.с. жүргізіледі. Қолма-қол ақшасыз есептесуді жетілдірудің қаржының айналмалылығын жеделдетуге, айналыстағы қолма-қол ақшаны қысқартуға және айналым шығындарын азайтуға тигізер экономикалық маңызы зор.

Қолма-қол  ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруға  әр елдің  тарихи және экономикалық дамуының ерекшелiктерi әcep етедi. Мысалы, ең алғаш 1775 ж. Ұлыбритания чектi, вексельді, кейін АҚШ чектi қолдана бастаған, ал Германия жирошотты, ТМД-ға мүше-мемлекеттер есеп айырысу шоттарын қолданады. Қазiргi кезде пластикалық карточкаларды қолдану қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастырудан бiр прогресивтік құрал eкeнiн әлемдiк тәжiрибе дәлелдедi.  Олардың көптеген түрлерiнiң iшiнде, негiзiнен, магнитті жолағы бары кeң қолданылады. Өркениеттi мемлекеттерде жоғары қорғалу дәрежесi бар микропроцессорлы карточканы айналымға енгiзу үшiн белсендi жұмыс жүргiзiлуде.

Қолма-қолсыз ақшаларды  қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру  нақты ақшалармен есеп айырысуларға қарағанда бiршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде айналыс  шығындарын үнемдеуге болады.

Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша айналымының едәуiр бөлiгiн алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:

    • Өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сатуда;
    • Ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде;
    • банк несиелерiн алу және қайтаруда;
    • бюджетке тиiстi төлемдердi аударуда;
    • халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
    • басқа да банкаралық есеп айырысуларда.

Информация о работе ҚР қолма-қолсыз ақша нысаны