Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 19:29, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Төлем карточкаларының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие. Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын,қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады. Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып төлем карточкасы табылады.
Кіріспе 3
І-БӨЛІМ. Банктік карточкаларға жалпы теориялық сипаттама 5
1.1 Пластикалық карточкалардың ұғымы мен оның түрлері 5
1.2 Пластикалық карточкалардың мүмкіндіктері мен артықшылығы 9
ІІ-БӨЛІМ. Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің пластикалық карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуына талдау 13
2.1 Пластикалық карточкаларының айналым операцияларының дамуының ерекшелігі 13
2.2 Коммерциялық банктрдің төлем карточкалармен көрсетілетін қызметтерің қазіргі жағдайы 17
2.3 «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның пластикалық карточкаларымен көрсетілетін қызметтері 26
III-БӨЛІМ. Қазақстандағы «Карточкалық бизнесті» енгізудің мәселелері мен перспективалары 32
3.1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың шетелдік тәжірибесін зерттеу 32
3.2 Қазақстан Республикасында пластикалық карточкалармен есеп айырысудағы мәселелер мен шешу жолдарын қарастыру 34
Қорытынды 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 38
Қосымша 39
Жоғарыда аталған көрсеткіштер банктердің дамып келуін және олар бойынша есеп айырысу операциялар көлемінің өсуін айқындайды. Алайда төлем карточкаларының нарығындағы жағдай, оның жедел өсуіне қарамастан мінсіз емес. Қазіргі уақытта төлем карточкаларын ең көп қолданатын тұлғалар Алматы және Астана қалаларында тұрады. Бұл жерлерде Республикада пайдаланатын POS – терминалдардың жартысы және 2/3 - тен астам карточкаларды қолданатын сауда кәсіп орындары орналасқан. Ал Қазақстандықтардың көпшілігінде карточкаларды қолдану мүмкіндігі шектелген. Бұл проблеманы шешу жолы, Республикамыздың күллі аумағында POS – терминалдар мен карточкаларды қолданатын сауда кәсіп орындарын орналастыру болып келеді. Ол өз кезегінде банктік карточкалардың одан әрі жетілдіруіне ықпал етеді.
Банктік карточкалардың кең өріс алуы, олар бойынша операциялардың қолайлығы мен басқа төлем құралдарынан артықшылығының көптен болуына байланысты. Банктік карточкалардың қолдануымен операциялардың жаңа түрлері оның мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Еуропалық одақ құрамына енетін елдерде микропроцессорлық технологиялар негізінде төлем карточкалары жүйесін дамыту көзделген. Экономиканың дамуы халықаралық кеңістікке енумен тығыз байланысты болғандықтан, Қазақстан төлем жүйелерiн Еуропалық Одақ стандарттарына жақындату мақсатында Ұлттық Банк елімізде микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларын енгiзу мен дамытуды жоспарлап, оның алғашқы қадамы жасалды. Ол – Қазақстан Республикасында микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасы. Онда көзделген микропроцессорлық карточкалар негiзінде төлем карточкаларын пайдалану болашақта халыққа, сауда-сервис кәсiпорындарына оларға қай банк қызмет көрсеткенiне қарамай бiрыңғай "төлем" кеңiстiгiн құруға мүмкiндiк бередi.
1. Төлем карточкаларының нарығы эмитент ойлап тапқан менеджмент бойынша емес, объективті қиындықтарға кездесуде. Олар осы күнге дейін толыққұнды төлем құралы болмағандықтан, жаппай қолма-қол ақшаны алу үшін пайдаланылды. Көптеген адамдар үшін банкомат еңбек ақы, зейнетақы, стипендия және басқа аударымдарды алу үшін арналған кассаның бір түрі ғана. Нәтижесінде қалыптасқан шарттар төлем карточкаларын пайдаланылу мемлекет тарапынан орталықтандырылған жүйені құруды қажет етіп келеді.
2. Эквайрингтің толық жетілмегендігі, пластикалық карточкаларға сауда және сервистік кәсіпорындарында қызмет көрсету кең тарамағандығы зерттеу барысында анық байқалды. Бұл алдымен тауарларға және қызмет көрсетуге қолма-қолсыз төлем үшін карточкаларды пайдаланатын сауда ұйымдарының технологиялық дайындығының жеткіліксіздігінен көрінді.
3. Жаңа идеялар және технологиялар енгізуде төлем карточкалар нарығы елдегі экономикалық жағдайдан тыс дами алмайды. Оған қалыпты сұраныс болған жағдайда ғана жаңа технологиялар негізінде төлем карточкаларын тарату елеулі жетістіктерге қол жеткізу мүмкін.
4. Бүгінгі таңда нарықта төлем карточкаларының әртүрлі бәсекелес жүйелері қызмет етеді, олардың ішкі нормативтері және инфрақұрылымы жағдайларын ескеру маңызды. Бұл банктердің инфрақұрылым шығындарын жоғарылатып, сауда ұйымдарының жағдайын қиындатады және карточка ұстаушыларына ыңғайсыздықтар туғызады. Кез келген сауда нүктесінде тауарларды төлеу, кез-келген банкоматтан қолма-қол ақшаны алу үшін әмбебап ұлттық карточка жоқ. Бір банктің карточкасын басқа банкке қызмет көрсету желісінде пайдалану күрделі, әрі қымбат. Сол себепті, төлем карточкасын ұстаушы-клиент мүмкіндігі өзінің банкінің қызмет ететін инфрақұрылымына байланысты. Бұл республикада төлем карточкаларын қолдану үшін бірыңғай төлем кеңістігін құруды қажет етеді.
5. Практикада сақтандыру компаниялары мүліктік және қаржылық сақтандыру бағдарламаларын әзірлеп, мүліктік тәуекелдерден сақтандыру базалық болса, қаржылық тәуекелдерден сақтандыру кеңейтілген бағдарламамен қамтамасыз етіледі. Біздің елімізде пластикалық карталарды сақтандыру қалыптасуда. Сақтандыру нарығында пластикалық карта эмитенттерін сақтандыру карта ұстаушыларын сақтандыруға қарағанда аз кездеседі. Бұл банктің меншікті қаражаттарын үнемдеу мен сақтандыруды қорғау мәселелерін клиентіне аударуды білдіреді. Оған қоса, банк картаны сақтандыру жарналарын оған жылдық қызмет көрсету құнына қосу арқылы өнімнің бәсекеқабілеттігі төмендеуі де мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Банки и биржи: ЮНИТИ, 1997. -471 с.
13. Банки Казахстана. №1, 11. -2004
Қосымша
Visa Halyk Card халықаралық төлем карточкасы
Visa Virtuon халықаралық карточкасы