Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 19:29, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Төлем карточкаларының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие. Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын,қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады. Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып төлем карточкасы табылады.
Кіріспе 3
І-БӨЛІМ. Банктік карточкаларға жалпы теориялық сипаттама 5
1.1 Пластикалық карточкалардың ұғымы мен оның түрлері 5
1.2 Пластикалық карточкалардың мүмкіндіктері мен артықшылығы 9
ІІ-БӨЛІМ. Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің пластикалық карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуына талдау 13
2.1 Пластикалық карточкаларының айналым операцияларының дамуының ерекшелігі 13
2.2 Коммерциялық банктрдің төлем карточкалармен көрсетілетін қызметтерің қазіргі жағдайы 17
2.3 «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның пластикалық карточкаларымен көрсетілетін қызметтері 26
III-БӨЛІМ. Қазақстандағы «Карточкалық бизнесті» енгізудің мәселелері мен перспективалары 32
3.1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың шетелдік тәжірибесін зерттеу 32
3.2 Қазақстан Республикасында пластикалық карточкалармен есеп айырысудағы мәселелер мен шешу жолдарын қарастыру 34
Қорытынды 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 38
Қосымша 39
Банкоматқа операция жүргiзу үшiн кiру төлем карточкаларын және банк клиенттерiнiң дербес сәйкестендiргiш нөмiрiн пайдаланып жүргiзiледi. Банкоматты басқаруды және оның жағдайын бакылауды қамтамасыз ету үшiн дербес ЭЕМ жабдықталған. Банкомат акша қоймасы болғандыктан бақылау айрықша маңызды. Бүгiнгi күнi көптеген үлгiлерi оn-linе режiмiнде магниттi жолағы бар карточкалармен жұмыс iстеуге, есептеуге, сонымен бiрге смарт-картгармен оff-linе режiмiнде жұмыс iстеуге қабiлеттi құрылғылар да пайда болған. Банкоматтар ғимарат iшiнде, сондай-ақ көшеде де орналастырылып, тәулiк бойы жұмыс iстейдi.
Әр банкомат үшiн оның сақтық деңгейiне және үздiксіз жұмыспен қамту қажеттiлiгiне байланысты, бiр кезекте оныц сейфінде жинақталатын және сакталатын қолма-қол ақша лимитi белгiленедi.
Банкоматпен жүргiзiлетiн операциялар есебi үшiн, банкоматтағы операциялар есебiнiң кiтабы жүргізіледі.
Ақшаны кассаға салу және кассетадан алу касса бөлмесiнде жүзеге асырылады. Тексергеннен кейiн кассир ақшаны кассетаға салады, кiлтпен жабады және пломб қояды.
Кассетаға банк аты, банкомат номiрiн, салынған ақша купюрасы, номиналы, сомасы, күнi және қолдары, кассирдiң жеке таңбасы басылады. Кассетаны толтырган соң касса меңгерушiсi инкассаторға инкассаторлык бағыт парағын жазады. Инкассатор бағыт парағын және кассетаны алады, кассетаның бүтіндігін, құлақша қағазды және ондағы деректемелердi тексередi. Кассетамен бiрге инкассаторға банкоматтарды толтыру және босату операциялары есебiнiң кiтабына қолхат қалдыра отырып банкомат сейфiнiң және оны баскару модулiнiң кiлтi, сондай-ақ кiру карточкасы берiледi. Кассетаны жеткiзген соң инкассатор кіру карточкасын пайдаланып, бағыт парағында белгiленген кассетаны ішiндегi ақша қалдығымен алады, орнына жаңа кассетаны қойып, бағыт парағындағы деректер бойынша банкоматты баскару модулiне қойылған кассетадағы купюра саны мен номинал туралы ақпаратты енгiзедi. Алынған кассеталарды, кiлттердi, карточканы және банкоматан алынған түбiртектi инкассатор банкоматтарды толтыру және босату операциялары есебiнiң кiтабында қолхат бере отырып кассирге тапсырады.
Кассир инкассатордың қатысуымен әкелiнген кассеталардың бүтіндiгiн, құлакша қағазы мен пломбтардьң бар екендiгiне көз жеткiзедi және одан сома көрсетiлген түбiртектi қабылдайды. Одан соң ол өз қолымен бағыт парағына кассеталарды алғандығын сендiрiп қол қояды, касса меңгерушiсiнiң кiтабы мен кассетадан алынған ақшаны қайта санайды, түбiртек сомасымен салыстырады, кассетадан алынған ақша сомасына кассалық кiрiс ордерiн толтырады. Осыған сәйкес банкоматтың баланстан тыс шотынан қаржы алынып касса есебiне жазылуы үшiн бакылауiпы бухгалтерге кiрiс кассасы бойынша өткiзбе жасауга бередi. Одан соң қолма-қол ақша касса меңгерушiсiне берiледi. Банкоматтан алынған кассетадагы колма-кол акшаның нақты қалдыгы мен түбiртекте берiлген калдыкта сәйкессiздiк табылса, тиiстi акт толтырылып, касса мецгерушiсi мен кассир колдары қойылады. Табылған сәйкессiздiк факт бойынша кызметтiк iздестiру жасалынып, сәйкессiздiк себептерi анықталады. Қызметтiк iздестiру негiзiнде қолма-қол ақшаның жетiспеушiлiгi дәлелденсе, кiнәлi тұлгалар жетiспеген соманы бекiтiлген тәртiпте қалпына келтiруге мiндеттi.
Жұмыс күнi соңында касса меңгерушiсi
банкоматтарга толтырылған
Депозиттiк банкоматтарды колдану кезiнде инкассатор қолма-қол ақша қалдығы бар кассеталарды, клиент шотына қосу үшiн салынған ақшасы бар конверттермен қоса әкеледi. Кассир касса меңгерушiсiнiң қатысуымен конвертте корсетiлген соманы банкоматтарды баскару жүйесiнен алынган мемориалды ордер деректерiмен сальтстырады. Накты сома мен мемориалды ордер деректерi арасында сәйкессiздiк табылса клиент деректерi, банкомат нөмiрi, орналаскан жерi, нақты ақшаны қабылдау уақыты, жазылған сома мен накты сома көрсетiлiп тиiстi акт жасалады. Ақша салған клиент акт мазмұнымен танысуы тиiс.[18]
Салыстырудан соң кассир конверттен алынған қолма-қол ақша сомасына кассалық ордер толтьрады және мемориалды ордер деректерiмен салыстырады, кiрiс және мемориалды ордерде қол қояды. Мемориалды ордер негiзiнде нақты алынған қолма-қол ақша клиенттер шотына қосылады. Банкоматтарда жургiзiлген операция туралы ақпарат эквайрердiң үрдiстiк орталығына электронды түрде жiберiледi. Онда ол электронды терминалдарды қолданып жүргiзiлген операциялар туралы акпарат және слипттермен бiрге ерекше құрамдас банктiк құжат — карточка қолданылған операциялар бойынша эквайрердiц толемдер тiзiмiн құруга негiз болады.
Банктің карточкалары қолданылатын операциялар бойынша төлемдер тізімі – электронды немесе қағаз жеткізушіде үрдісті жүзеге асырушы және есеп айырысуға қатысушы (эмитент, эквайрер, есеп айырысу банкі) ұйымдармен белгілі уақыт аралығында эквайрер құрылысын және эмитеттің банк карточкасы қолданылған операциялар бойынша екі және одан да көп құжат. Төлемдер тізімі несиелік ұйымдарда ашылған шоттар бойынша операция өткізуге негіз болады. Келтірілген анықтамада көрсетілгендей, төлемдер тізімі есеп айырысу құжаты статусына ие.
Эквайрердің төлемдер тізімі
арнайы қатынас құралдары бойынша
өңдеу үшін төлем жүйесіне жіберіледі.
Осы рәсім негізінде төлем
ұйымы эмитенттердің төлем
Күн сайын өтетін клиринг сеансынан кейін және оның нәтижесіне байланысты төлем жүйесінің есеп айырысу банкінде төлем ұйымы эмитенттер мен эквайрерлердің шоттары бойынша ақша аударымдарына тапсырысты рәсімдейді. Есеп айырысу банкі көрсетілген шоттар бойынша қаржыны аударады және шот иелеріне кредиттеу немесе дебеттеу туралы жазба жібереді.
Егер несиелік ұйым – эмитент бір мезгілде өзі шығарған карточканың эквайрері де болса, келтірілген есеп айырысу кестесі сәл қысқарады. Аталған жағдай карточка ұстаушы банкоматтан қолма-қол ақша қаржысын алған кезде немесе эмитент кассасынан, не болмаса эмитентке қызмет көрсетілетін сауда мекемесінен банктік карточканы қолданып сауда жасаған кезде жүзеге асады. Бұл кезде аталған операция төлем жүйесіне жіберілетін төлемдер тізіміне қосудың қажеттігі жоқ. Несиелік ұйым бір жағынан сауда ұйымымен еркін есеп айырыса алады, екінші жағынан керекті сомаға ұстаушы шотын дебеттейді.
Клиринг өз алдына операицяға қатысушы тараптардың өзара талап ету міндеттемелерін есептеуге негізделген қолма-қол емес есеп айырысу жүйесін ұсынады. Техникалық клиринг барлық есеп айырысулар өткізілетін арнайы шот ашуды білдіретін бірыңғай шоттар жүйесі бойынша жүзеге асырылады.[18]
Кез келген бизнестің басты міндеті – пайда табу. Бақылауды сақтауда қаржылық қызметті сипаттайтын есептілік маңызды орын алады. Қаржылық операцияларды орындау және пайданы есептеу қаржылық есеп берусіз мүмкін есем.
Карточкалық операциялардың
есебі есептің
Клиенттер шоттарының көмекші есебі карточка ұстаушылардың шоттары бойынша барлық ақпаратты тіркейді. Аталған шоттар бухгалтерлік есеп талаптарына сәйкес бас бухгалтерлік кітапта және соған сәйкес банк балансында бейнеленетін жеке карточкалық шоттарға топтастырылады.
Сауда нүктелері өткізетін операицяларға көмекші есебінде сауда нүктелерінің барлық жеке шоттардың жалпы сомасы бас бухгалтерлік кітаптағы сауда нүктесінің есеп айырысу шотымен сәйкестендірілуі тиіс.
Үрдістік орталықта тіркелген ақпаратқа сәйкес бухгалтерия үш жұмыс күні ішінде авторландырудың автоматтандырылған режимінде өткізілген карточкалық операцияларды қалпына келтіру сомасын клиенттің банктік шотына қосады.
Карточканы дамыту бойынша бөлім қызметкері клиент сұрауымен жазба әзірлейді, карточкалық операциялар бойынша өзара есеп айырысуды реттеуге қатысады.
Операцияны бақылау есебі бойынша бастапқы құжат операция мазмұны, формасы, референс нөмірі, авторланыру коды және клиент қолы бар чек болып табылады. Егер аталған операция бойынша чектің түпнұсқасы болмаса (яғни мынадай деректемелері бар чек жоқ болса – карточка нөмірі, операция типі, валюта, сома, авторландыру коды және референс нөмірі), «операция көшірмесі» деген жазуы бар чектің операция бойынша кәдімгі чек сияқты күші болады. Бірдей деректемелері бар барлық чектер қаржылық операциялардың құжаты болып табылады. POS – терминалдан кезекті жабу кезінде берілген құрама чек анықтамалық құжат болып табылады және штат өткізген операцияларды салыстыруға қолданылады.
Қолмен авторландырудың автоматтандырылған режімінде ALTYN,VIZA, Eurocard\Master Card карточкаларын қолданып, клиринг және карточкалық операциялар бойынша есепайырысу бөлімінің қызметкері мыналарды орындайды:
- келісім жасаған клиенттерден
слиптерді қабылдайды және
- банктің үрдістік
орталық деректер базасына
- банктің мөлшерлемесіне сәйкес сыйақыларды ұстай отырып клиенттің банктік шотына ақша сомасын қосады;
- банктің мөлшерлемесіне сәйкес сыйақыны банк кірісіне қосады.
Төлем жүйесіндегі мүшелік ережесіне сәйкес есеп апйырысу аталған жүйенің клиринг және есеп айырысу жүйесі арқылы өтеді. Төлем жүйесінің шоттарды құру бөлімшесінің хабарлауы клирингте қатсушы банк үшін шоттар құрудың әр кезеңінің соңында пошта арқылы қатысушы банк (КҚБ) атына түседі. Хабарлауда күні көрсетіледі; ол бойынша клирингтік банктегі банктің клирингтік шоттары, карточкалары бойынша қызмет көрсетілнег эмитент банктердің атына төлем жүйесімен есептелген сыйақы ескеріле отырып дебеттеледі немесе кредиттеледі.
Клиринг және КҚБ есеп айырысу бөлімі алынған шоттар мен жазбалар негізінде банктің кірісі мен шығысының тиісті баптарына қаржылай өтем жасайды.
Карточкалық операциялар сауда ж»нге қызмет көрсету кәсіпорындары арқылы жүргізіледі.
Мобильді банкинг – бұл Халық бантің жаңа қызметі. Бұл қызметті қолдана отырып, сіз өзіңіздің ұялы телефонына SMS-хабарларды жіберу арқылы өзіңіздің карточкалық шоты туралы әрдайым хабар ала аласыз.
Мобильді банкинг арқылы келесі мүмкіндіктерді жүзеге асыруыңызға болады:
Ұялы телефон арқылы банкке жоламай-ақ, тәуліктің кез келген уақытында өзіңіздің карточкалық шотындағы ақша қаражаттарының қалдығы туралы оперативті ақпарат алу.
Автоматты режимде ұялы телефон дисплейіне карточкалық шотына қаражаттын түсуі және шығуы туралы хабар алу.
Егер карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда өзіңізге және дәл уақытта карточканы бұғаттауға болады.
«Мобильді банкинг» қызметінің қолданушысы болып Халық банктің кез келген ұялы телефоны бар төлем карточкасының ұстаушысы табылады.Тек ұялы байланыс операторының Халық банкімен бұл қызметті ұсыну туралы келісім бар болғанда. «Мобильді банкинг» қызметіне сіз Халық банктің банкоматы арқылы, немесе банк офисіне жолығып қосылуыңызға болады.
«Мобильді банкинг» қызметіне банкомат арқылы қосылу үшін сізге мына әрекеттерді орындауыңызға қажет:
Банкоматқа карточканы салу;
Банкомат экранында «Мобильді банкинг» қызметін таңдау;
Ары қарай, банкомат нұсқаулықтарын орындап, тіркеу процедурасын өту.
«Мобильді банкинг» қызметіне банк офисінде қосылу үшін сізге келесілер қажет:
Сәйкес өтінішті толтыру;
Банк менеджеріне өзіңіздің жеке басын куәландыратын құжатты және «Мобильді банкинг» қызметіне қосылатын төлем карточканызды ұсыну.
«Мобильді банкинг» қызметіне қосылу барысында пайдалынатын қызмет режимінің бірін таңдаңыз:
1.Тек қана SMS-хабарлар түріндегі сұраулар жіберу арқылы, банктен ақпарат алу.
2. SMS-хабарлар түріндегі сұраулар жіберу арқылы, банктен ақпарат алу, сонымен қатар әрбір операция бойынша автоматты түрде хабарландырулар алу.
«Мобильді банкинг» қызметіне қосылатын карточкалар саны шексіз. Қызмет барлық төлем карточкалар бойынша жеке тұлғаларға беріледі. «Мобильді банкинг» бойынша қызмет көрсету тәулік бойы және демалыс күндерінсіз ұсынылады. Сонымен қатар, егер сіз өзіңіздің операторыңызда роуминг қызметін пайдалансаңыз, онда Қазақстаннан тыс елдерде де «Мобильді банкинг» қызметін қолдана аласыз.
Берілген қызметке қосылу, банк офисінде өтінішті тапсыру күннен бастап үш жұмыс күн ішінде жүргізіледі.
Карточкалық шот бойынша әрбір операциядан кейін сіз SMS-хабарлар түріндегі ақпарат аласыз, мұнда келесі мағлұматтарды құрайды:
карточка нөмірі;
карточкамен операцияның түрі мен нәтижесі.
операция сомасы;
операцияның өткізілу орны;
операцияның орындалу уақыты;
Сіздің төлем карточкаларында орнатылған лимит шегінде карточкаларда ақша қалдықтары.
«Мобильді банкинг» қызметтерінен сіз қандай таңдағаңызға қарамастан, банк келесі анықтамалық хабарлар қатарын ұсынуы мүмкін.
Карточканың әрекет ету мерзімі туралы;