Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 19:29, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Төлем карточкаларының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие. Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын,қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады. Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып төлем карточкасы табылады.
Кіріспе 3
І-БӨЛІМ. Банктік карточкаларға жалпы теориялық сипаттама 5
1.1 Пластикалық карточкалардың ұғымы мен оның түрлері 5
1.2 Пластикалық карточкалардың мүмкіндіктері мен артықшылығы 9
ІІ-БӨЛІМ. Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің пластикалық карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуына талдау 13
2.1 Пластикалық карточкаларының айналым операцияларының дамуының ерекшелігі 13
2.2 Коммерциялық банктрдің төлем карточкалармен көрсетілетін қызметтерің қазіргі жағдайы 17
2.3 «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның пластикалық карточкаларымен көрсетілетін қызметтері 26
III-БӨЛІМ. Қазақстандағы «Карточкалық бизнесті» енгізудің мәселелері мен перспективалары 32
3.1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың шетелдік тәжірибесін зерттеу 32
3.2 Қазақстан Республикасында пластикалық карточкалармен есеп айырысудағы мәселелер мен шешу жолдарын қарастыру 34
Қорытынды 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 38
Қосымша 39
h2><h3>
Мазмұны
Кіріспе 3
І-БӨЛІМ. Банктік карточкаларға жалпы теориялық сипаттама 5
1.1 Пластикалық карточкалардың ұғымы мен оның түрлері 5
1.2 Пластикалық карточкалардың
мүмкіндіктері мен артықшылығы
ІІ-БӨЛІМ. Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің пластикалық карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуына талдау 13
2.1 Пластикалық карточкаларының айналым операцияларының дамуының ерекшелігі 13
2.2 Коммерциялық банктрдің төлем карточкалармен көрсетілетін қызметтерің қазіргі жағдайы 17
2.3 «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның пластикалық карточкаларымен көрсетілетін қызметтері 26
III-БӨЛІМ. Қазақстандағы «Карточкалық бизнесті» енгізудің мәселелері мен перспективалары 32
3.1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың шетелдік тәжірибесін зерттеу 32
3.2 Қазақстан Республикасында пластикалық карточкалармен есеп айырысудағы мәселелер мен шешу жолдарын қарастыру 34
Қорытынды 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 38
Қосымша 39
</h3>
<h4>Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Төлем карточкаларының қолма-
Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын,қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады.
Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып төлем карточкасы табылады.
Төлем карточкасы – бұл ақша емес, ол электронды терминалдар мен басқа да құрылғылар арқылы ақшаңызды басқару құралы. Электронды терминалдар мен құрылғылар төлемдерді жүзеге асыруға, қолма-қол ақша алуға, валютаны айырбастауға және т.б. операцияларды орындауға мүмкіндік береді. Карточканы жоғалту ақшаны жоғалтуды білдірмейді: ақшаңыз толық сақталады. </h4>
Төлем карточкаларын пайдалана
жүргізілетін төлемдер қолма-қол ақша
беру төлемдері мен сауда
Банктерге карточкалардың беретін артықшылықтарының бірі – олардың банктен алыс қашықтықта тұратын клиенттерде қызығушылық тудырғанында. Әдеттегідей клиенттер жұмысына немесе тұрғылықты жеріне жақын банкті таңдайды. Карточкалардың пайда болуымен бұл мәселе аса маңызды болмады. Банктерге өзінің карточкаларын мыңдаған шақырым жерлерге тарату арқылы өзінің ықпал ету дәрежесін ұлғайтуға мүмкіндік туды.
Пластикалық карточкалар
Қазақстан нарығын белсенді жаулап
алуда. Соңғы бірнеше жылдарда «электронды
әмияндарды» белсенді шығарып отыратын
банктердің саны өсті. Қазақстандық нарықта
барлық негізгі халықаралық
Қазақстанда магнитті карточкалар
саласы бойынша барлығы әдеттегі
классикалық сызба бойынша
Қазақстанда «карточкалық» іс қазіргі кезде нағыз бумды бастан кешіп жатыр. Көптеген банктар магнитті карточкаларды, микросхемалы және смарт-карточкаларды пайдалану арқылы жеке төлем жүйесін құруда. Қазақстандық банктердің көбі Visa және Europay халықаралық жүйелеріне қосылуда. Елімізде пластикалық карточкаларға негізделіп жүзеге асырылатын жүйелердің барлығын атап отыру мүмкін емес. Бұнда бірден бірнеше бағдарламаларды көруге болады. Бұл халықаралық төлем жүйелері, магнитті карточкаларға негізделген жинақ кітапшалары және смарт-карталар.
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстанда пластикалық карточкалар негізінде төлем төлеу нарығының қалыптасу барысын, қызмет көрсету деңгейін жүйелі түрде талдау; карточкалардың түрлері мен құрылымын анықтау және Қазақстан Халық Банкінің төлем карточкаларына талдау жасау.
<h4>Жұмыстың нәтижелері. Төлем карточкалар ұғымының мәні мен ерекшеліктері дәлірек дәлелденген, төлем карточкалар нарығындағы электронды құрылғылардың рөлі анықталды.
Қазақстанда төлем карточкаларының шығарылуы мен пайдаланылуына рұқсат беретін жалғыз орган Ұлттық банк болып табылады. Қазақстандағы төлем карточкалар нарығы 1994 жылдан бастап дами бастады. Олардың бірінші шығарылымы Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның ИртышCаrd жүйесімен жүзеге асырылды. Республика территориясында айналыста жүрген карточкалардың саны соңғы екі жылда 3,6 есеге өскен. Қазақстанда ең танымал төлем карточкалары болып «Visa» және «Eurocard-Mastercard» табылады. Олар арқылы 300-ден аса елдердің 18 млн-нан аса сауда және сервис мекемелерінде қызмет көрсетіледі.
Зерттеу көрсеткіштері
болып төлем карточкалар
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, жеті бөлімі бар үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымшалардан тұрады.</h4>
<h4>І-БӨЛІМ. Банктік карточкаларға жалпы теориялық сипаттама
1.1 Пластикалық карточкалардың ұғымы мен оның түрлері
Пластикалық карточка – бұл ақпараттың қазіргі жоғары технологиялық алып жүрушісі. Мамандардың айтуы бойынша, пластикалық карточка – бұл Қазақстанның төлем жүйесінің болашағы. Пластикалық карточка жақында тек қана қолма – қол ақшаларды емес, құжаттарды да ауыстырады (жеке куәлік немесе төл құжат орнына – карта суретімен). Барлық әлемде 2,5 миллиардтан астам адам тауарлар мен қызметтерге төлем жасау, жалақы алудың құралы және есептеудің тағы басқа түрлері ретінде пластикалық карточкаларды таңдады. Ендеше, пластикалық карточка қолма – қол ақшалармен есептеуге қарағанда, қолайлы, әрі сенімді болып табылады. Пластикалық карточкалар шартты түрде:</h4>
болып бөлінеді.
Әлемде пластикалық карточканың 3 негізгі жүйесі бар:
Олардың барлығы қазіргі таңда Қазақстанда қызмет көрсетеді.
1993 жылдың соңында Alembank бірінші болып Қазақстанда Visa карточкасымен қызмет көрсетті, ал 1994 жылдан бастап - Master Card карточкасы қолданыла бастады. Карточкамен қызмет көрсету тәжірибесі кеңейген соң, Alembank 1994 жыдың қараша айында жеке Alem Card дебеттік карточкасын шығарды. Alem Card иелері болып корпоративтік карточка алатын заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін.
Қазіргі уақытта барлық елдерде шығарылған карточкалардың саны 2 миллиардтан асты. Статистика бойынша дамыған елдерде әр тұрғынға 2-3 карточкадан келеді. Қазақстанда да көбінің, зейнеткерлер, бизнесмендер, шахтерлер мен студенттердің, карточкалары бар. Карточкалардың саны күннен-күнге өсуде және олар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуда.
Visa Electron – ең пайдалы тарифтер бойынша ең қол жетерлік халықаралық банктік карточка. Бұл ең қарапайым, әрі арзан халықаралық карточка. Visa Electron шет елге жол жүретін кезіңізде және күнделікті өміріңізде сізге қолма – қол ақша алуыңызға, тауарарлар мен қызметтер үшін ақы төлеуіңізге көмектеседі. Visa Electron бойынша электродық құрылғылар: банкоматтар және POS - терминалдар арқылы қызмет көрсетіледі. [2]
Visa Classic
– Қазақстанда және шет елдегі
ең танымал төлем карточкасы.
Қызмет көрсетудің ең пайдалы
тарифтері, сондай – ақ
Сауда және сервис кәсіпорындарында тауарлар мен қызметтерге ақы төлеуге;
-Банкоматтарда және қолма – қол ақша беретін пункттерде ақшаны қолма – қол алуға;
-Қонақ үйлерде нөмірді күні бұрын алып қоюға, автокөлікті жалға алуға, авиакомпаниялар мен агенттіктерде билеттерге тапсырыс беруге мүмкіндігіңіз бар;
Visa Business – корпоративтік карточка болып табылады және кәсіпорындардың қызметкерлеріне компанияның балансына жататын іссапарлық, өкілдік және өзге де шығыстарды ақша аудару арқылы төлеуге мүмкіндік береді. Карточка жоғалатын жағдайда сізге бар болғаны карточканы шұғыл түрде ауыстыру немесе қолма – қол ақшаны беруді ұйымдастырады. Сіздің компанияңыздың:
Қызметкерлердің қаражатты жұмсауын талдауға;
Іссапарлық және өкілдік шығыстарды жоспарлауға;
Іссапарлық шығыстарға қаражатты ақша аудару тәсілімен беруге мүмкіндігі бар;
Visa Gold
анағұрлым мәртебелі карточка
қолайлылық пен сервистің
Tsesna Local - ең тиімді белгіленген баға бойынша арзан төлем карточкасы болып саналады. Кәсіпорындарда тауарлар мен қызметтерге төлем жасау және қолма – қол ақша алуға мүмкіндік береді.
Виртуалдық карточка - Интернетте сауда жасау үшін қолданылатын карточкалар, бірақ карточка Интернетте одан әрі нақты ұсынуды талап ететін қонақ үйлерде номерлер брондау, автокөлік жалға алу сияқтыларға есеп айырысу үшін қолданыла алмайды.
Diners Club карточкалар - бұл клиенттерге айрықша «клуб» қызметтерінің пакетін ұсынатын ең көне төлем жүйесі, ол өзіне алуан сақтандыру түрлерін, тауарлар мен қызметтерге жеңілдіктер ұсыну, әлемнің ірі әуежайларындағы VIP-залдарға кіру, іскерлік сапарлары мен кездесулер және басқаларды ұйымдастыру бағдарламаларын кіргізеді.[4,35б]
American Express карточкалар - карталар бойынша жұмсау лимиті түбегейлі анықталмаған. Бұл - сіз несиеге сатып аласыз да, келесі айда сізге төлейтін шотыңыз келеді деген сөз. Карточка ашу үшін сақтандыру депозитін ашу қажет, алайда карточка бойынша рұқсат етілген жұмсау лимиті депозит мөлшерінен едәуір асып түседі.
Жалақы карточкалары – бұл тек қолма-қол ақша алудың ыңғайлы құралы ғана емес, сізге өз ақшаңызды тиімді басқаруға мүмкіндік беретін қаржылық құрал, әрі қазіргі банктік қызметтерге кілт болып саналады.
Корпоративтік карточкалар – қызметкерлердің қызмет міндеттемелерін орындауымен байланысты кәсіпорын шығыстарын басқаруға мүмкіндік беретін тиімді құрал.
Төлем жасау және қолма – қол ақша алуға мүмкіндік береді.
Visa Electron Instant Card - Казкоммерцбанк жаңа қызметті - Visa Electron Instant Card әмбебап төлем карточкасын ұсынады, мұны кез келген адам банкке тікелей хабарласып, қажетті құжаттарын ресімдегеннен кейін ала алады. Visa Electron Instant Card – Казкоммерцбанктің төлем карточкалары бойынша ұсынылатын барлық банктік қызметтерге толық мәнді қол жеткізуді қамтамасыз ететін халықаралық атаулы емес төлем карточкасы, әрі сонымен бірге біраз артықшылығы бар – мезетте алу. Бұл төлем карточкасының және оны рәсімдеу шапшаңдығы мен ыңғайлылығының үйлесуінде.
GoCard - Қазкоммерцбанктің
«GoCard» бонустық карточкасы –
GoCard қалай жұмыс істейді? - GoCard төлемге GoCard логотипі бар барлық сауда және сервис кәсіпорындарында қабылданады және дәл сол кәсіпорындарда сіз бонустар табасыз және жұмсайсыз. Сіз осы карточкамен Master Card халықаралық төлем жүйесінің төлем карточкаларын төлемге қабылдайтын басқа сауда нүктелерінде де есеп айырыса аласыз. GoCardты пайдалану схемасы өте қарапайым:
Сіз GoCard иесі боласыз да, банктің серіктестік торабына кіретін 1, 2, 3 кәсіпорында сауда жасайсыз. Сауда сізге ұсынылған несие шегіндегі арнайы бонустық бағдарлама бойынша аяқталады. 1, 2, 3 кәсіпорын GoCardты төлемге қабылдайды да, сіздің шотыңызға бонустар – жасалған сауда сомасынан автоматты түрде белгілі бір пайыздар есептейді. Есептелген бонустар сіздің бонустық шотыңызда көрініс табады (карт-шотта). [5]
Мультивояжға – мультикарточкамен! - демалысқа жиналдыңыз ба? Немесе, мүмкін, шет елдерде жиі іссапарда болатын шығарсыз? Онда Сіз бұрыннан-ақ төлем карточкасының табынушысыз және «біздің адамсыз». Себебі, сіздің енді Қазкоммерцбанктен мультивалюталық карточка алу мүмкіндігіңіз бар.