Пластикалық карточкалармен есеп айырысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Января 2014 в 19:29, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Төлем карточкаларының қолма-қолсыз есеп айырысуда пайдалануы қолма-қол ақшалардың алдында көп артықшылықтарға ие. Қолма-қолcыз есеп айырысуға өту мемлекет үшін салықтың тиімді жиналуын,қолма-қол ақшалардың көлеңкелі айналамының қысқаруын, ақша айналамына бақылау жасауды білдіреді. Сондықтан, қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып тұтыну нарығында қолма-қолсыз төлемдерді ұлғайту табылады. Қолма-қол төлемдерді қолма-қолсызға аударудың ең тиімді құралы болып төлем карточкасы табылады.

Содержание

Кіріспе 3
І-БӨЛІМ. Банктік карточкаларға жалпы теориялық сипаттама 5
1.1 Пластикалық карточкалардың ұғымы мен оның түрлері 5
1.2 Пластикалық карточкалардың мүмкіндіктері мен артықшылығы 9
ІІ-БӨЛІМ. Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің пластикалық карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуына талдау 13
2.1 Пластикалық карточкаларының айналым операцияларының дамуының ерекшелігі 13
2.2 Коммерциялық банктрдің төлем карточкалармен көрсетілетін қызметтерің қазіргі жағдайы 17
2.3 «ЦентрКредитБанк» АҚ-ның пластикалық карточкаларымен көрсетілетін қызметтері 26

III-БӨЛІМ. Қазақстандағы «Карточкалық бизнесті» енгізудің мәселелері мен перспективалары 32
3.1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың шетелдік тәжірибесін зерттеу 32
3.2 Қазақстан Республикасында пластикалық карточкалармен есеп айырысудағы мәселелер мен шешу жолдарын қарастыру 34
Қорытынды 36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 38
Қосымша 39

Прикрепленные файлы: 1 файл

Пластикалық карточкалармен есеп айырысу.doc

— 388.50 Кб (Скачать документ)

 

4.Банкомат арқылы ақша  аудару

Банкомат арқылы карточкадан  карточкаға ақша аудару

Аталған қызмет неліктен ыңғайлы:

·         аудару үшін бланк толтырудың қажеті жоқ;

·         банк бөлімшесіне келу үшін уақыт жұмсамайсыз;

·         ақшаны аптаның кез келген күні және тәуліктің кез келген уақытында аударуға болады.

Қызметті пайдалану үшін:

·         ЦентрКредит Банкі шығарған төлем карточкасының ұстаушысы болу;

·         Ақша алушының ЦентрКредит Банкі шығарған төлем карточкасының нөмірін білу қажет.

Банкомат арқылы ақша аударған кезде төмендегі әрекеттерді  орындау қажет:

1.       Банкомат мәзірінен «Ақша аудару» операциясын таңдаңыз;

2.       Аударымның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес екендігін растаңыз;

3.       «Картадан картаға» операциясын таңдаңыз;

4.       Ақша алушының төлем карточкасының нөмірін (16 сан) енгізіңіз;

5.       Аударғыңыз келетін ақшаның сомасын көрсетіңіз;

6.       Енгізілген карточка нөмірінің және соманың дұрыстығын тексеру үшін «Ақша аударымын растау» мәзірін таңдаңыз.

Карточкадан депозиттік есепшотқа ақша аудару

Аталған қызмет неліктен ыңғайлы: 

·         аудару үшін бланк толтырудың қажеті жоқ;

·         банк бөлімшесіне келуге уақыт жұмсамайсыз;

·         ақшаны жексенбі күнінен басқа, аптаның кез келген күні сағат кешкі 20:00-ге дейін аударуға болады.

Бұл кезде ақшаңыз  санаулы секундтар ішінде аударылады.

Қызметті пайдалану  үшін:

·         ЦентрКредит Банкі шығарған төлем карточкасының ұстаушысы болу;

·         Ақша алушы жеке тұлғаның ЦентрКредит Банкіндегі депозитінің нөмірін білу қажет.

Банкомат арқылы ақша аудару үшін келесі әрекеттерді орындау  қажет:

1.       Банкомат мәзірінен «Ақша аудару» операциясын таңдаңыз;

2.       Аударымның кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес екендігін растаңыз;

3.       «Ақша аудару» мәзіріндегі «Аударым түрі: «Картадан есепшотқа» немесе «Несиені өтеу» мәзірін таңдаңыз;

4.       Депозиттің 20-сандық нөмірін енгізіңіз («KZ XXXXXXXXXXXXXXXXXX»);

5.       Карточка мен депозиттің валютасына қарай валюта түрін таңдаңыз;

Картаның, операцияның  және депозиттің валюталары сәйкес келуі  қажет!

1.       Банкомат экранынан аударғыңыз келетін ақша сомасын таңдаңыз немесе оны қолмен енгізіңіз;

2.       Енгізілген карточка нөмірі мен соманың дұрыстығын тексеру үшін «Ақша аударымын растаңыз»;

3.       Чекті алыңыз. 

 

 

       5. Visa-to-Visa аударымдары

   

«Visa-to-Visa аударымдары» –  бұл төлем карточкаларының көмегімен  ақшаны тез және қолайлы аудару операциялары. Visa халықаралық төлем жүйесінің қауымдастығына кіретін әлемнің кез келген банкінде ашылған Visa төлем карточкаларының барлық ұстаушылары аталған мүмкіндікке қол жеткізе алады.

Қазақстанның бүкіл  аумағы бойынша орналасқан ЦентрКредит  Банкінің банкоматтар желісі арқылы Сіз өзіңіздің Visa төлем карточкасын ұстайтын жақындарыңыз бен достарыңыздың осы сәтте қай жерде болғанына қарамастан, олардың карт-шоттарын кез келген уақытта толықтыра аласыз.

«Visa-to-Visa аударымдары» өз ақшаңызбен тәулік бойы операциялар жүргізуге, валюталарды автоматты айырбастау мүмкіндігімен қажетті соманы жөнелтуге және қабылдауға жол береді.

ЦентрКредитБанкінің «Visa-to-Visa аударымдары» өз ақшаңызбен операция жүргізу үшін еркіндіктің 4 дәрежесін ұсынады:

1. Төлем карточкасының кез келген эмитенті

Аталған мүмкіндік қазақстандық, сондай-ақ шетел банктері шығарған Visa төлем карточкаларын ұстаушылардың барлығына беріледі. ЦентрКредитБанкінің банкоматтары арқылы енді ақшаны кез келген Visa карточкасынан кез келген басқа Visa карточкасына аударуға болады.

2. Валютаның кез келген түрі

Қызмет 4 валютаның: теңге, АҚШ доллары, еуро және Ресей рублінің қолданылуын қарастырады(Қазақстандық банктер арасындағы аударымдар тек  теңгемен ғана жүргізіледі).

3. Тәуліктің кез келген уақыты

ЦентрКредитБанкінің банкоматтары тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн жұмыс істейді. Сізге есеп айырысу-кассалық бөлімшелерді іздеуге және ондағы кезекке уақытыңызды бөлудің қажеті жоқ.

4. Кез келген орналасу орны

Аталған қызметті ЦентрКредит  Банкінің Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша орналасқан 170 банкоматының кез келгені арқылы пайдалануға болады.

Осы қызметті пайдалану  үшін: 

·         Visa төлем карточкасын ұстаушы болу;

·         Ақшаны алушының Visa төлем карточкасының нөмірін білу;

·         Егер Сіздің төлем карточкаңызды ЦентрКредит Банкі шығармаса және аударым шетелдік (қазақстандық емес) банк шығарған карточкаға жүргізілсе, ЦентрКредит Банкінің кез келген бөлімшесінде осы қызметке алдын ала тіркелу;

·         Жеке тұлғаңызды куәландыратын құжатты (төлқұжатты) тіркеу үшін беру қажет.

ЦентрКредит Банкінің банкоматтары арқылы аударуға болатын қаражаттың ең жоғарғы сомасы:

·         бір транзакция үшін – $2 500 (Банктің есептік бағамы бойынша);

·         бір күн үшін – $10 000 (Банктің есептік бағамы бойынша);

·         3 күн үшін, жиынтық – $25 000 (Банктің есептік бағамы бойынша).

Ақша аударымдары бойынша  шектеу қойылған елдер:

АҚШ, Колумбия, Венесуэла, Нигерияның барлық банктері, сонымен  қатар бірқатар басқа елдердің жекелеген  банктері.             

6. Картаны қолма-қол  ақшамен толықтыру қызметі (Cash-in қызметі)

Карточкаңызды жедел  толықтыру қажет пе? Ал банктің  бөлімшесі жабық болса ше?!.... Енді бұл проблема емес! Банкоматтағы «Қолма-қол  ақша қабылдау» қызметі Сізге  картаңызды әп-сәтте толықтыруға  мүмкіндік береді. Осылайша тәулік бойы қызметке қол жеткізе аласыз. 

 

 

              Жақындарыңызға  ақша аудару қаншалықты оңай? Банктің бөлімшесіне бармай-ақ  аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат  бойы ЦентрКредит Банкінің төлем  карталарымен банкомат арқылы  дүние жүзі бойынша ақша аударуға  болады.

<h4>III-БӨЛІМ. Қазақстандағы «Карточкалық бизнесті» енгізудің мәселелері мен перспективалары

3.1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысудың шетелдік тәжірибесін зерттеу

Дамыған шет мемлекеттердегі  халықаралық төлем карточкалары көптеген қаржы ұйымдары реттеп отырады. Оның ішінде халықаралық валюта қорының маңызы зор.

Халықаралық Банктік карточкалар (несиелік, пластикалық, т.б.) –өзінің иесіне көрсетілген соманы шетелден тауар сатып алғаны және қызмет көрсету үшін төлем жасауға рұқсат беретін ақша құжаттары. Халықаралық есеп айырысуда 1999 жылдан бастап доллармен қатар ЕО ортақ валютасы – еврода кеңінен қолданыла бастады.</h4>

Банк жүйесіне ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін пайдаланудың нәтижесінде 1959 жылы әлемде ең алғашқы рет Сан-Франциско қаласындағы "Бэнк оф Америка" банкі чектерді өңдеу және ағымдағы шоттарды жүргізу үшін толық автоматтандырылған электрондық құрылымды банк ісіне енгізген. Кейін электронды-есептегіш машиналардың одан да жетілген түрлерін енгізу аралық құрылым – алып жүретін терминал-пульттің көмегімен оларға көптеген абоненттерді (клиент) қосуға мүмкіндік берді. Осы процесс АҚШ-тың барлық банктеріне және Еуропа мемлекеттерінде енгізілген. Нәтижесінде ақша – есеп айналымына электрондық пластикалық карточка енгізілді. Электронды техниканың жетістіктерінің, банк операцияларын автоматтандыруды дамыту мен жетілдірудің нәтижесінде XX ғасырдың 70-жылдарының екінші жартысында электрондық төлем жүйесін қолдануға мүмкіндік туды. Электрондық төлем жүйесі – ол қағазсыз тасымалдаушы, электронды сигнал жіберу арқылы ақша сомасын аудару, банктік шоттардың жағдайын бақылау, несиелік және есеп айырысу операцияларын жүргізу үшін қолданылады.

АҚШ – тағы ақшасыз айналыстың ерекше түрі үйде банктік қызмет көрсету – ол электронды есептегіш техниканы пайдалану негізінде халыққа банктік қызмет көрсету, яғни телефон аппараттары мен жеке компьютердің қазіргі үлгісін пайдаланумен жүзеге асады. Оның ең жай түрі - телефонмен тікелей байланысу арқылы – жеке клиенттерге шот ашуға, несие алуға, есеп айырысуға мүмкіндік береді.

ТМД елдері пластикалық  карталарды пайдаланып қолма-қолсыз төлемдер жүйесін дамытуда түрлі ерекшеліктерді басшылыққа алады. Осы мемлекеттерде  меншікті карталық бағдарламаларды  дамытуға себепші болған фактор – 1992 жылы қолма-қол ақша тапшылығы еді. Соның салдарынан Ресейде аймақтық және локальдық карточкалар бағдарламалары әзірленді. Мұндағы мақсат – біріншіден, қолма-қол ақшаны қолма-қолсыз ақшамен алмастыру, екіншіден, тауарды қолма-қол ақшаға айырбастап басқа елдерге шығаруға шектеу жасау. Бұл үрдістерде банктер карталық бағдарламаларды оның имиджі ретінде қызмет ету аясын кеңейтуге және болашақта пайда әкелетін жаңа бағыт деп қарастырды.

<h4>Сурет 1 – Айналыстағы төлем карточкаларының құрылымы

Ескерту – Автор диаграмманы Ұлттық Банк мәліметтері негізінде құрастырған

Суреттен көріп отырғанымыздай, халықаралық төлем карточкалары қолданыс аясына еніп, үлес салмағының артуы, жергілікті төлем карточкаларының  төмендеуіне себеп болып отыр. 2000 жылы 100% жергілікті карточкалар айналыста болса, берілген мерзім ішінде оның үлесі 5%-ға дейін күрт азайған, бұл 20 есеге төмендікті білдіреді. Жергілікті карточкалардың арасында Altyn Card жүйесінің карточкалары кеңінен қолданылады (оның үлесі 2,1%). 2009 жылы елімізде 7391 сауда кәсіпорыны оның төлем карточкаларын қолданған, бұл 2008 жылдан 38,5%-ға артық. </h4>

 

<h4>3.2 Қазақстан Республикасында пластикалық карточкалармен есеп айырысудағы мәселелер мен шешу жолдарын қарастыру

 Қазақстандық кейбір мерзімді баспасөзде Қазақстандағы пластикалық карточка клиенттерінің аталған жүйеде немесе банкоматта жиі қайталанатын кідірістер, сатушылардың тауарға немесе қызметке пластикалық карточкамен төлеудегі бас тартушылық, пластикалық карточкалармен операцияларды халықаралық төлем жүйелерімен, әлемдік экономикалық дағдарысқа орай эмитенттелген банктермен блоктау тәрізді проблемалармен ұшырасып отырғандығы жазылуда, бірақта әлемдегі ең басты проблема пластикалық карточкалармен алаяқтық жасау болып табылады.

Мәселен, пластикалық  карточкаларды қолдан жасауға байланысты банктердің жоғалтқандары соңғы жылда 25 есе артып кетті.</h4>

 Осыған байланысты  Қазақстанның банк жүйесі алдында  проблеманы тек техникалық тұрғыдан  шешу ғана емес, сонымен бірге  оны құқықтық әдістермен, яғни  пластикалық карточкамен алаяқтық кезінде тараптардың материалдық жауапкершілігінің өзара қарым-қатынасын реттейтін нормативтік құкыктық актілерді әзірлеу міндеті тұр, сондай-ақ банктердің, құқық қорғау органдары мен банк клиенттерінің пластикалық карточкамен алаяқтықтың (кардерлер – пластикалық карточкалармен алаяқтық жасаушылар) себептері мен салдарын жою жөніндегі өзара бірлескен іс-қимылы қажет.

Бірақта пластикалық  карталар жаңадан бір проблемаларды  алға тартады, бұл өзінің дамуы барысында  Қазақстан Республикасының бұрын-сонды белгілі бір уақытқа дейін кездеспеген пластикалық карточкалармен алаяқтық жасау болып табылады, ондай жағдаймен бетпе-бет келу Қазақстандағы банк қызметінің дамуы барысында кездесіп отыр.

Қазақстан Республикасында  қылмыскерлер халықаралық және мемлекеттік пайдаланудағы төлем карточкаларын қолдан жасау арқылы бірқатар банктерге шабуыл жасады, 2004-2006 жылдары ақшаны алу мақсатымен банк жүйесіне санкцияландырылмаған 23 оқиға тіркелген, бұл орайда ондай қылмыс санының өсе түсуі байқалады. [13, 6б.]

Жалған төлем карточкаларына, сондай-ақ бағалы кағаздар болып табылмайтын  өзге де төлем және есеп айырысу  құжаттарын өткізу мақсатымен дайындау немесе өткізгені үшін қылмыстық  жауаптылық Қылмыстық кодекстің 207-бабында  белгіленген.

 Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн ендiру үшiн мынадай iс-шараларды дәйектi түрде iске асыру қажет:

  • жүйенi құруға байланысты құқықтық қатынастарды қалыптастыру;
  • тұтынушылардың сұранымын, сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының төлеуге төлем карточкаларын қабылдауға дайындығын анықтау;
  • төлем карточкаларын пайдаланумен әлеуеттi қылмыстарды болдырмау әдiстерiн, сондай-ақ төлем карточкаларын ұстаушылар үшiн салдарлар мен әлеуеттi тәуекелдердi анықтау.

 

<h4>Қорытынды

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметтері бойынша, 2010 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 8,2 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны – 7,7 млн. адам болды. (2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 14,5% және 14,1%-ға артқан). Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді. Олардың өзіндік үлесі 97,9%, ал, жергілікті жүйе карточкаларының үлесі – 2,1%. 2009 жылы 1-ші қыркүйекте бұл арақатынас 97,9% және 2,1% құраған болатын.</h4>

 2010 жылдың қантарында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкалардың қолдануымен транзакциялар көлемі 44,6 млрд. теңге құрды (2009 жылдың өсіміне қарағанда 40,1 пайызын құрды). Бірақта Ұлттық Банк қолма қол ақшаларды алу бойынша операциялар көлеміің өсіміне қарағанда ( 33,9 пайыздан 40,6 млрд. теңгеге дейін) қолма қолсыз төлемдер көлімінің асқан өсімін ( 2,7 есе 3,9 млрд. теңгеге дейін) қарастырды. 2010 жылдың қаңтарына транзакциялар саны 2,5 млн. транзакциясын құрды, бұл көрсеткіш 2009 жылдың қаңтарына қарағанда 25,6 пайызға көбейді. Сонымен қатар, қолма қол ақшаларды алу бойынша операциялар санының өсіміне қарағанда ( 17,8 пайызға, 2,2 млн. транзакцияларға дейін) қолма қолсыз төлемдер көлімінің асқан өсімі байқалады.

Информация о работе Пластикалық карточкалармен есеп айырысу