Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 16:27, курсовая работа

Краткое описание

Инвестициялық жобалау тарихы ХХ ғасырда АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде инвестициялық салымдар тиімділігін бағалауда қолданудан басталады. Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық жобалаудың методикалық базасы қалыптастырылды.
Инвестициялық жоба - шаруашылық іс-шаралардың жоба-ларын қамтитын ұйымдастыру-құқықтық және есептік-қаржылық құ-жаттардың жүйесі.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1. Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуінің теориялық негіздері
1.1. Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны мен нысаны...............................5
1.2 Инвестициялық жобалардың жіктелуі ...........................................................10
1.3 Инвестициялық шешімдерді бағалау әдістері................................................17
2. ҚР- дағы инвестициялық жобаларды талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы........................................................................................................20
2.2 Қазақстандағы инвестициялық жобалар тәуекелдерінің жіктелуін талдау..23
2.3 ҚР-дағы 2011-2013 жж. инвестицияның бөлінуін талдау..............................30
3. ҚР-дағы инвестициялық жобаларды қолдауды жетілдіру жолдары
3.1 Инвестициялық жобаның көрсеткіштерін және капитал бағасын болжамдау..................................................................................................................33
3.2 Қазақстандағы біріктірілген корпорациялық құрылымдардағы инвестициялық қорларды қалыптастыру және жетілдіру жолдары...................35
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................40

Прикрепленные файлы: 1 файл

Инвестициялык жоба жикделу - 777.doc

— 369.50 Кб (Скачать документ)

—   біріктірілген корпорациялық құрылымдар қатысушыларының бас компания қатысушыларынан қаржы тәуелділігінің деңгейі;

— бас компания мен еншілес компания (осы немесе өзге өкілеттіктерді беру дәрежесі) арасындағы шарттық қатынастарының мазмұны;

— біріктірілген корпорациялық құрылымдардың инвестициялық қызметі қаржы институттарының нақты операцияларын орындауға мамандандырылған технологиялық өзара байланысты дамыған желісі болған кезде ғана мүмкін болатын өндірістік және қаржы инвестицияларының кең спектрімен сипатталады;

—  күрделі жүйе ретінде біріктірілген корпорациялық құрылымдардың инвестициялық саясаты олардың бюджет саясатымен тікелей байланысты. Бүл жерде ұзақ мерзімді инвестициялық саясат онын шеңберінде әрбір еншілес компания үшін инвестициялық қамтамасыз ету шегі белгіленетін бас компапия бюджетімен сәйкес келуі тиіс екендігі ескеріліп отыр;

— ұстаушысы бас комнания болып табылатын олардын капиталына бақылауды жоғалту мен акциялар пакетінін жылысталуына жол бермеу мақсатында қарыз қаражатын (облигациялар шығарылымы, несиелерді алу) тарту жө-ніидегі операциялар мен еншілес компаниялар акцияла-рыньщ эмиссиясы бас компания арқылы бақылануға тиіс;

-   біріктірілген корпорациялық  құрылымдар шеңберінде жекелеген  кэсіпорындардың  инвестициялық  қызметі өзара несиелендіруге құрылуы мүмкін. Қаржы-өнеркәсіп топтарының жекелеген қатысушылары өз қызметі үдері-сінде елеулі қаражатты шоғырландыруына жэне оларды сыртқы кредиторларға қарағанда біршама жеңілдік жағдайларда БКҚ кәсіиорындары-қатысушыларының пайдалануына беруіне болады;

-    біріктірілген корпорациялық құрылымының қаржы нарықтарында ақша каражатын орналастыру шығындарын үнемдеу есебінен біршама ұтымды қаржы және өңдірістік өзара іс-қимыл болуы мүмкін, өйткені ішкі құрылымдардың осы операцияларды жүргізуі делдалдар мен брокерлерге комиссиялық төлемдерге шығындарды жояды.

Сыртқы инвесторды тартудың негізгі көзі ретінде шетелдік инвестициялары бар косіпорындарды карастыруға болады. Қаражатты тартудың осы нұсқасы біріктірілген корпорациялық құрылымдардың жаңартпалық багдарламаларын іске асыруға біршама қолайлы болып табылады, ол кәсіпорындарға қажетті импорт жабдығын алуға және ондірістің жаңа технологияларын игеруге мүмкіндік береді.

Инвестициялық ресурстарды шоғырландыру осы қаражатты инвестициялау бағыты мен тетіктері сияқты БКҚ-ның инвестициялық саясатының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Біріктірілген корпорациялық ққұрылымдардың қызметі қалған атқарымдық стратегия жэне солармен өзара байланыстылар сияқты оның дамуының жалпы стратегиясы негізінде калыптастырылады.

Инвестицияларды пайдаланудың негізгі бағыттары ретінде мыналарды карастыруға болады:

- өндіріске инвестициялар (кәсіпорындарды  техникалық қайта жарақтау, кайта қалиына келтіру, айналым қаражатын толықтыру);

-     жаңа өндірістік  кәсіпорындарды сатып алу аркылы біріктірілген корпорациялық құрылымдарды эртараптандыру;

-    инвестициялық компаниялардың кор қоржынын қалыптастыруы;

-      жылжымайтын мүлікке  салым;

-      депозит салымдарында  қаражатгы орналастыру;

- біріктірілген корпорациялық  құрылымдардың қаржы-несие мекемелерінің сыртқы несиелерді беруі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан Республикасының біріктірілген корпорациялық құрылымдарының инвестициялық қоржынын мультипликатор әсеріне барынша жоғары пайдалану үшін қалыптастыру қажет. Бұл үшін барлық инвестициялық жобалар енгізу мерзіміне қарай үш топқа саралануы тиіс: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді.

Қор қоржыны қалыптастыру негізіне кірістіліктен басқа да өлшемдері жатқызылуы мүмкін:

а) біріктірілген корпорациялық құрылымдардың ықпал ету аясының кеңеюі. Осы мақсатта мыналардың акциялары сатып алынады:

—      нарықта монополия жағдайына ие бірегей кәсіпорындардың;

—     өнімдері  біріктірілген корпорациялық құрылымдарға кіретін сауда компаниялары үшін негізгі болып табылатын кәсіпорындардың;

—     біріктірілген корпорациялық құрылымдардың салалық құрылымын толықтырушы кәсіпорындардың;

б) жеке байланыстардың болуы, біріктірілген корпорациялық құрылымдар басшыларының қаржы жағдайы қаржы тұрақтылығымен ерекшеленбейтін кәсіпорын акцияларын сатып алуға дайьщцығы;

в)  кәсіпорындардың банкіге немесе бас компанияға мерзімі өткен ірі  берешегі. Мұндай жағдайда біріктірілген корпорациялық құрылымдардың басшылары кредитгі берудің басқа тәсілін көрмейді, борышқорлардың кәсіп-орынның акцияларын сатып ала отырып оларға тікелей бақылау орнатады.

Инвестициялаудың жалпы стратегиясына және дәстүрлі бағыттарына сэйкес біріктірілген корпорациялык құрылымдардын негізгі бағыттарын қалыптастыра отырып тиісті бағыттар бойынша инвестициялаудың объектілерін іздеуге кешуі қажет. Оларды қалыптастыру тәртібі мына түрінде көрінуі мүмкін:

—   бас компания мен тәуелсіз консалтингілік фирмалардың көмегі арқылы біріктірілген корпорациялық қүрылымдардың кәсіпорындары мен ұйымдары сыртқы инвестициялық орта жағдайын бағалау бөлігінде маркетингілік зерттеулер жүргізеді. Осы сәтте біріктірілген корпорациялық құрылымдардың осы қатысушысының құзыреті саласында біршама өзара тиімді капитал салымы саласын іздеу ескеріліп отыр. Бұл ретте экономиканың осындай және өзге салаларының даму болашағы, әлеуетті тұтынушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктері ескеріледі.

Сонымен, инвестиция – экономикалық дамудың жоғары және тұрақты қарқынын қалыптастыруды, ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін еңгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейді.    

 Инвестицияны дамытуда ерекше  рольді кәсіпорындарды қаржыландыруға  және ұзақ мерзімге несие беруге мамандырылған салымдық банктер мен акционерлік қоғамдарды құру барысында шығарылған акциялардың мемлекеттік пакеттерімен айналысатын, кәсіпорындар акцияларын ауыстыру және оны сатумен айналысатын инвестициялық қорлар атқарады.  Сонымен қатар салым экономикалық өсудің негізгі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымдың дамытудың маңызды факторы болып саналады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиясында дамуымыздың сыртқы сипаттағы бірқатар мүмкіндіктеріне назар аударды. Біздің сыртқы мүмкіндіктеріміз ең алдымен еліміздің георафиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайымен айқындалады – деді.

Қазақстандық экономикадағы инвестициялық жобаның ұйымдастыру-экономикалық өлшемдерінің ерекшеліктерін талдау, біріншіден оны қалыптастырудың шаруашылық жүйелерді реформалау кезеңдеріне адекваттылығын; екіншіден - оның ағымдарының шешімін табуы қажетті міндеттер шеңберінде белгілі бір мақсатқа бағытталатындығын; үшіншіден – инвестициялық белсенділікті кеңейтудің функционалдылығы инвестициялық аяны дамытудың стратегиялық бағыттарына сай келетіндігін көрсетті. Бұл жағдайда, инвестициялық әлеуеттің көлемділігі мен құрылымы түрленеді, бұл өз кезегінде инвестициялық менеджменттің әртүрлі құралдарын, оның ішінде әлемдік тәжірибеде жетістікпен енгізілген құралдарды пайдалануға мүмкіндіктер береді, сол арқылы бюджеттік ресурстардан бастап әртүрлі бағыттарда жұмыс істейтін жеке қорлардың ресурстарына дейінгі инвестициялық ресурстарды пайдаланады. Соңғы жылдары Қазақстан экономикасында белгілі бір мақсаттық сипаттарға ие әртүрлі инвестициялық қорларды құру ерекше маңыздылыққа ие болып отыр. Әдетте, олар өздеріне инвестициялық ресурстарды жинақтайды және экономикалық құрылымды нығайту бойынша маңызды міндеттерді шешу үшін салалық және аймақтық деңгейлерде жұмыс істейді. Олардың қызметтерінің тәжірибесі, әсіресе дағдарыс алдыңдағы кезеңдерде осы қорлардың инвестициялық аядағы маңызды құрылымдық буын бола алатындығын көрсетті. Осы қорларды одан әрі қарай нығайту үшін келесілерді іске асыру керек:

- мақсаттық инвестициялық қорлардың  қызметтерін реттейтін нормативті-құқықтық базаны жетілдіру;

- олардың қызметтерін халықаралық  тәжірибеде қабылданған сапалық  параметрлер бойынша жалпы инвестициялық  ресурстардың жүйесіне енгізу;

- өкілетті органдардағы инвестициялық  жобаларды бағалай отырып кәсіби  менеджмент жүйесіндегі  олардың  қызметтеріне мониторинг жүргізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. Н.Назарбаев. «Жаңа әлемдегі жаңа  Қазақстан» Жолдауы, Егемен Қазақстан, 2007, 28 ақпан

  1. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», 

      Алматы – 2001.

  1. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2006.
  2. Банки Казахстана 2008 г. № 12, 26-30 бет.
  3. Жатқанбаев Е.Б. «Аралас экономика негіздері», Алматы – 2006.
  4. Жуков Е. Ф. «Деньги, кредит, банки», Москва – 2003 г.
  5. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»,   Алматы – 2002.
  6. Қазақстан Республикасының Статистика  жөніндегі агенттігі. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуы» 1/2008 және 1/2009
  7. Назарбаев Н. Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.- Алматы - Білім, 1998 .-94 б.
  8. «Қоғам және дәуір», ғылыми – сараптамалық, Алматы № 1, 2013
  9. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы»,

      Алматы -   2003.

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030- стратегиялық бағдарламасы»,  А-1997
  2. Яновская О.А. Корпорациялық басқару//Алматы, 2007

14.    Бердалиев К.Б. Қазақстан  экономикасын басқару негіздері: оқу құралы. — Алматы: Экономика, 2009, 129-бет.

15. Инвестиции в РК: тенденций пергходного периода  2012-2.    Издательство «МРК», 2011.

16.    ҚР-ң инвестициялық заңнамасы // Ізденіс. — 2011. - №4, 100-104 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі