Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 16:27, курсовая работа
Инвестициялық жобалау тарихы ХХ ғасырда АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде инвестициялық салымдар тиімділігін бағалауда қолданудан басталады. Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық жобалаудың методикалық базасы қалыптастырылды.
Инвестициялық жоба - шаруашылық іс-шаралардың жоба-ларын қамтитын ұйымдастыру-құқықтық және есептік-қаржылық құ-жаттардың жүйесі.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1. Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуінің теориялық негіздері
1.1. Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны мен нысаны...............................5
1.2 Инвестициялық жобалардың жіктелуі ...........................................................10
1.3 Инвестициялық шешімдерді бағалау әдістері................................................17
2. ҚР- дағы инвестициялық жобаларды талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы........................................................................................................20
2.2 Қазақстандағы инвестициялық жобалар тәуекелдерінің жіктелуін талдау..23
2.3 ҚР-дағы 2011-2013 жж. инвестицияның бөлінуін талдау..............................30
3. ҚР-дағы инвестициялық жобаларды қолдауды жетілдіру жолдары
3.1 Инвестициялық жобаның көрсеткіштерін және капитал бағасын болжамдау..................................................................................................................33
3.2 Қазақстандағы біріктірілген корпорациялық құрылымдардағы инвестициялық қорларды қалыптастыру және жетілдіру жолдары...................35
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................40
Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1. Инвестициялық жобалар
және олардың жіктелуінің
1.1. Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны
мен нысаны........................
1.2 Инвестициялық жобалардың жіктелуі
..............................
1.3 Инвестициялық шешімдерді
2. ҚР- дағы инвестициялық жобаларды талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық
жобалардың жүзеге асырылу барысы........................
2.2 Қазақстандағы инвестициялық
жобалар тәуекелдерінің
2.3 ҚР-дағы 2011-2013 жж. инвестицияның
бөлінуін талдау...............
3. ҚР-дағы инвестициялық жобаларды қолдауды жетілдіру жолдары
3.1 Инвестициялық жобаның көрсеткіштерін және капитал бағасын
болжамдау.....................
3.2 Қазақстандағы біріктірілген
корпорациялық құрылымдардағы
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық қатынастардың тереңдеуі және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы алдында өндіруші өнеркәсіп саласынан жоғары технологиялық экономика секторын дамытуға мүмкіндік беретін елдің инвестициялық потенциалын құру жөніндегі стратегиялық мақсат тұр. Жоғары технологиялық өндірісті дамытуға бағытталған инвестициялық саясатты қалыптастыру индустриалды-инновациялық даму қағидалары негізінде жүргізілуі қажет. Осындай мақсаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Индустриалды-инновациялық даму Стратегиясын құрды. Мұндай актуалды мәселелерді шешу сәйкес қаржылық даму институттарын құру және олардың тиімді қызмет ету механизмдерін қарастыруды талап етеді.
Сонымен қатар, қолайлы инвестициялық климатты құру қажет, ол инвестициялық салымдар көлемімен ғана емес, ең алдымен, бұл салымдардың нақты инвестициялық жобаларға құйылу тиімділігімен анықталуы тиіс. Мемлекетте қолайла инвестициялық климатты құруда мемлекеттің реттеуші қызметі өте маңызды. Мемлекет тарапынан инвестициялық жобалар үшін басымды экономика салалары анықталуы тиіс, отандық және шетел инвесторлары үшін олардың инвестициялық салымдарын қорғайтын құқықтық база құрылуы және инвестициялардың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі қамтамасыз етілуі қажет. Бұл инвестициялық жобалау механизмі негізінде жүзеге асырылады. Инвестициялық жобалау механизмінің актуалдығы экономика салаларына инвестициялар ағымын басқару, инвестицияларды талдау және дайындау процесінде бақылау жүйесін қолдану арқылы инвестициялардың тиімділігін қамтамасыз етумен анықталады.
Инвестициялық жобалау тарихы ХХ ғасырда АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде инвестициялық салымдар тиімділігін бағалауда қолданудан басталады. Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық жобалаудың методикалық базасы қалыптастырылды.
Инвестициялық жоба - шаруашылық іс-шаралардың жоба-ларын қамтитын ұйымдастыру-құқықтық және есептік-қаржылық құ-жаттардың жүйесі.
Инвестициялық жоба жүйе ретінде жобаның жасалуы мен жүзеге асы-рылуын мынадай кезеңдер бойынша қарастырады:
1. Инвестициялық идеяларды
2. Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу және негіздеу, өнім мен қыз-метке деген сұранысты, ағымдағы және болжамды бағаларды, коммер-циялық тиімділіктерді зерттеу.
3. Маркетингтік зерттеу (сұраныс, ұсыныстар, нарық сегментациясы, баға, сұраныс икемділігі, маркетингтік стратегия, т.б.) өткізуді, өнім шығару бағдарламасын қалыптастыру, сметалық-қаржылық (өндіріс шығыны бағамы, капитал салымдары есебі, айналым капиталының қажеттіліктері), бюджеттік, коммерциялық, экономикалық тиімділік бағасын белгілеуді міндет ететін жобаның техникалық-экономикалық негізделуі.
4. Келісімшарттық құжаттар мен тендер саудасын дайындау.
5. Жобаның құжаттарын дайындау.
6. Құрылыс-монтаждау, реттеу жұмыстары, қызметкерлерді оқыту, келісім-шарт даярлау, өнімнің лидерлік партиясын шығару.
7. Объектіні пайдалану, экономикалық
мониторингі (өнімді серти-фикаттау,
дилерлік желі түзу, техникалық
қызмет көрсету орталығын құру,
жобаның экономикалық
Сондықтан курстық жұмыстың басты өзектілігі – Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі туралы мәліметтер жинақтай отырып, тақырыптың мәнін ашу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Инвестициялық жобалау мәселелерімен Ресей ғалымдары Канторович Л.В., Хачатуров Т.С., Шапиро В.Д. және басқалары айналысқан. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде инвестициялау және инвестициялық жобалау процесі жетік зерттелген. Уильям Ф. Шарп, Гордон Дж. Александр еңбектерінде бұл мәселе жан-жақты көрсетілген. Инвестициялар және Қазақстан экономикасындағы инвестициялық салымдардың ролі Аубакиров Я.А., Кошанов А.К., Баймұратов У.Б., Кенжегузин М.Б., Нұрланова Н.К., Карагусова Г., Есентүгелов А., Утебаев М.С және басқа ғалым-экономистердің еңбектерінде қарастырылған. Дегенмен, бұл еңбектер экономикалық өсу жағдайындағы инвестициялық жобалауды жетілдірудің негізгі мәселелерін ашпайды.
Отандық ғылымда инвестициялық жобалау мәселелерінің нақты және толық қарастырылмауы осы саладағы методикалық және практикалық ұсыныстарды дайындауды қажет етеді.
Зерттеудің мақсаты: Инвестициялық жобалардың негізгі мақсаты – инвестициялық қорлардың түрлерін, инвестициялық жобаның жіктелуін толық қамти отырпы, тақырыпты зерттеу.
Сонымен, жоғарыдағы курстық жұмыстың мақсаттарына байланысты мынадай міндеттерді шешу қарастырылды:
- инвестициялық жобаның мәні, мазмұны мен нысанын қарастыру;
- Инвестициялық жобадағы тәуекелдердің экономикалық тиімділігін зерттеу;
- инвестициялық шешімдерді бағалау әдістерін зерттеу;
- инвестициялық жобалар және олардың жіктелуін зерттеу.
1. Инвестициялық жобалар
және олардың жіктелуінің теори
1.1 Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны мен нысаны
Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің «Жалақы, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» (1936 ж.) еңбегінде қарастырған, онда ол салымның өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде қарастырады. Салымның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.
Инвестиция тиімділігін анықтау үшін оларды алыннған нәтижемен салыстыру керек. Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске қосу болады. Ал, салымның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ.
Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз салым мөлшерімен нәтижесі бар өнімге деген салымның жеке үлесінің азаюында қоғам үшін қажетті прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз.
Инвестиция тиімділігін арттыруға былай қол жеткізіледі:
Инвестиция тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогрес болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оны экономикалық тиімділігін анықтау қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы проектісін ескісімен салыстырғанда мына параметрлермен айқындалмақ: машина, станоктың қуаты мен өнімділігі, ондағы деталдарды еңбек тиімділігін арттыру және оны жеңілдеті болып табылады.
«Инвестиция»
немістің «invesition» деген
Инвестициялар нысаны деп қаражаттарды ұзақ мерзімге белгілі бір салаға пайда табу мақсатында салуды білдіреді. Инвестициялық қызметке банктер делдал ретінде қатысады. Банктер өздерінің инвестициялық қызметінде тиімді инвестициялық саясат жасай отырып жүзеге асырады. Банктердің инвестициялық саясаты инвестиция портфелін басқару бойынша стратегияны құру және іске асыру шараларын, қалыпты қызметті, табыстылықты арттыру, банк балансының өтімділігін қамтамасыз ету бағытында портфельді және тура инвестициялардың оптималды құрылымына жетуді білдіреді. Банктың инвестициялық саясаты банктың басқармасымен жасалады. Инвестициялық саясаттың басты элементтерінің бірі – банктың валюта - қаржылық портфелін, соның ішінде инвестициялық портфелін басқарудың тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады.
Инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бар өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз (процент) түріндей немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Инвестициялық жобаның қайнар көзіне - өнеркәсіп кәсіпорының (фирма) көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры, яғни мемлекеттің табыстарынан (салық, кеден салығы және т.б.) оның барлық шығындарын алып тастау. Тұтынуға кетпеген барлық ресурстар – жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға және жұмыс атқаратын тұрғындарын жабдықтауға сондай – ақ жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу – ағарту, мәдени объектілеріне бағытталған, яғни капиталдың қорлануына жұмсалады. Қорлану теориясын К.Маркс «Капиталдың» бірінші томында қарастырған, онда капиталдың қорлануының мәні мен механизмін ашады, ел өз кезегінде оның органикалық құрылымын өзгертеді және жұмыссыздықты тудырады.
Инвестицияның нысаны болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын болсақ, инвестиция нысаны – жаңадан жасалынған құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі болып табылады. Шаруашылық субъектілері немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Инвестщиялық жоба дегеніміз - шаруашылық іс-шаралардың жоба-ларын қамтитын ұйымдастыру-құқықтық және есептік-қаржылық құ-жаттардың жүйесі.
Инвестициялық жоба жүйе ретінде жобаның жасалуы мен жүзеге асы-рылуын мынадай кезеңдер бойынша қарастырады:
1. Инвестициялық идеяларды
2. Инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу және негіздеу, өнім мен қыз-метке деген сұранысты, ағымдағы және болжамды бағаларды, коммер-циялық тиімділіктерді зерттеу.
3. Маркетингтік зерттеу (сұраныс, ұсыныстар, нарық сегментациясы, баға, сұраныс икемділігі, маркетингтік стратегия, т.б.) өткізуді, өнім шығару бағдарламасын қалыптастыру, сметалық-қаржылық (өндіріс шығыны бағамы, капитал салымдары есебі, айналым капиталының қажеттіліктері), бюджеттік, коммерциялық, экономикалық тиімділік бағасын белгілеуді міндет ететін жобаның техникалық-экономикалық негізделуі.
4. Келісімшарттық құжаттар мен тендер саудасын дайындау.
5. Жобаның құжаттарын дайындау.
6. Құрылыс-монтаждау, реттеу жұмыстары, қызметкерлерді оқыту, келісім-шарт даярлау, өнімнің лидерлік партиясын шығару.
7. Объектіні пайдалану, экономикалық мониторингі (өнімді серти-фикаттау, дилерлік желі түзу, техникалық қызмет көрсету орталығын құру, жобаның экономикалық көрсеткіштерінің мониторингі).
Жаңа бұйым, жаңа техника мен технологияны, құрылыс салу, кеңейту, қайта жаңғыртуды және техникалық қайта жабдықталуды инвестиция объектісі етіп алған кәсіпорындар инвестиция субъектісі (рециплент) болып табылады. Бұл объектілер масштабына, бағытына (коммерциялыкқ әлеуметтік, т.б.) және инвестициялық циклдің сипатына қарай ажы-ратылады.
Инвестициялардың капитал түзуші (капиталды шығындар, ҒЗТКЖ, құрылысы, айналым қаражатының өсуі, қайта жаңғырту және техникалық қайта жабдықталу) және өзіндік қаржылық құралдары есебінен қаржылык активтерге тартылатын қоржындық инвестициялар (кіріс, амортизациялық аударылымдар, акцияларды сату, қаржыны холдингтермен бөлісу, т.б.), сондай-ақ, қаржылық ресурстардың инвестицияларды қаржылық салымдарға айналдыратын заемдық қаржыдан (несие, облигация, вексель), шетел инвестициясынан, бюджеттен қаржы бөлулер сияқты түрлері бар.
Информация о работе Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі