Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 16:27, курсовая работа
Инвестициялық жобалау тарихы ХХ ғасырда АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде инвестициялық салымдар тиімділігін бағалауда қолданудан басталады. Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық жобалаудың методикалық базасы қалыптастырылды.
Инвестициялық жоба - шаруашылық іс-шаралардың жоба-ларын қамтитын ұйымдастыру-құқықтық және есептік-қаржылық құ-жаттардың жүйесі.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1. Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуінің теориялық негіздері
1.1. Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны мен нысаны...............................5
1.2 Инвестициялық жобалардың жіктелуі ...........................................................10
1.3 Инвестициялық шешімдерді бағалау әдістері................................................17
2. ҚР- дағы инвестициялық жобаларды талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы........................................................................................................20
2.2 Қазақстандағы инвестициялық жобалар тәуекелдерінің жіктелуін талдау..23
2.3 ҚР-дағы 2011-2013 жж. инвестицияның бөлінуін талдау..............................30
3. ҚР-дағы инвестициялық жобаларды қолдауды жетілдіру жолдары
3.1 Инвестициялық жобаның көрсеткіштерін және капитал бағасын болжамдау..................................................................................................................33
3.2 Қазақстандағы біріктірілген корпорациялық құрылымдардағы инвестициялық қорларды қалыптастыру және жетілдіру жолдары...................35
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................40
«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ Қазақстанның даму институты ретінде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №501 қаулысымен 2003 жылдың 30 мамырында құрылған.
«Қазақстанның инвестициялық Қоры» АҚ-ның Жалғыз акционері – «Самрук-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ.
Қордың мақсаты – перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру және тарту арқылы Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатын іске асыруға ықпал ету, экономиканың шикізаттық емес секторындағы жеке секторының бастамасына қаржылық көмек көрсету.
Қордың мәселелері:
ӘКК-нің жеке инвестормен бірге жобаларға инвестицияларының жоспарлаған үлесі жобаның жалпы құнының 49 процентінен аспайтынын құрайды. Инвестициялық жобаларға қатысудың және Компанияның ықтимал әріптестерін айқындаудың негізгі өлшемдері мыналар болып табылады:
Компания инвестициялық тәуекелдерді басқаруды салалық және инвестицияларды аумақтық әртараптандыру негізінде жүзеге асыру ниетінде, ол ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын арттыруға және олардың бәсекеге қабілеттілігіне ықпал етеді. «Сарыарқа» ӘКК өзінің инвестициялық қызметінде инвестициялық жобаларды қаржыландырудың мынадай кезең-кезеңді тәсілін ұстанады:
Қызметтің негізгі бағыттарына және ӘКК-ні дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясының басымдықтарына негіздеме жасау үшін Компания мақсаттарының стратегиялық картасы әзірленуде, бизнестің стратегиясына қаржылық құрауыш, клиенттік құрауыш, ішкі бизнес-процестер, оқыту және дамыту тұрғысынан бағалау жүргізілуде.
Кәсіпорындағы инвестициялық жобалар туралы ақпараттар
Кесте 1. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
"АХТСП"РМК құрылған жылы |
1963ж. |
Жарғылық капиталы |
235,6 млн. теңге |
Жұмыскерлерінің саны |
540 |
"АХТСП"РМК негізгі құралдарының құны |
10904 млн. теңге ( 01.01.07 ж.) |
Өндірістік қуаты:
№ 9, 10, 4, 5 мұнай құю айлақтары. Ұзындығы 550 метрге жететін құрғақ жүк айлақтары. Бас, ақтарылмалы жүктерді және контейнерлік жүктерді ауыстырып тиейтін порттың жаңартылған өндірістік әлеуетіжылына 1,5 млн. тоннаға, мұнай құю жүктерін ауыстырып тиеу жылына 8,0 млн. тоннаға дейін жеткізілді.
Кесте 2. Тауар өнімдерінің көлемі
Мазмұны |
Өлшем бірлігі |
2011 |
2012 |
Тауар өнімдерінің көлемі |
млн. теңге |
4 447,5 |
5 174,7 |
Салық салғанға дейінгі жиынтық табыс (шығындар) |
млн. теңге |
2 136,9 |
3 118,7 |
Кест е3. Ақтау портын солтүстік бағытқа кеңейту
Жобаны жүзеге асыру орны: |
Ақтау қаласы. "АХТСП"РМК (солтүстік) |
Талап етілетін инвестициялар көлемі: |
ТЭН сәйкес 32 млрд. теңге |
Қаржыландыру жағдайы: |
Тікелей инвестициялар. |
Жобаның өзін өзі өтеуі |
Бизнес-жоспарды жасау кезінде анықталады. |
Жоба бойынша жоспарланған кепілдіктер |
Үкіметтің кепілдігімен ұзақ мерзімді несие. |
Жобаның қысқаша сипаттамасы:
Жобаның мақсаты: Ақтау портының қолданыстағы порттық инфрақұрылымын кеңейту, өткізу рыногына мұнай жүктері мен экспортқа бағытталған шикізатын жеткізудің өсіп келе жатқан қажеттілігін және Қазақстанның Каспийдегі стратегиялық қатысын, сонымен бірге мемлекеттік бюджетке түсірілімдердің өсуі мен жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз ету. Бөлінген аумақта жобаны жүзеге асыру жаңа айлақтарды жобалау, құрылысын салу және қолданысқа енгізуді есепке ала отырып, 2006 жылдан 2009 жылға дейін құрылыс жұмыстарын жүргізуді қарастырады.
Инвестицияларды енгізуден келетін жоспарлы тиімділік:
Ақтау портын кеңейту мұнай жүктерін ауыстырып тиеудің жыл сайынғы көлемін 20 млн тоннаға дейін және құрғақ жүктерді 3 млн тоннаға дейін ұлғайтуды, сонымен бірге порттың Каспийдегі көшбасшылық орнын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 3-бабының 16-тармақшасына сәйкес бюджеттік инвестициялар – бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттің активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;
Бюджет кодексінің келесі 17-тармақшасымен бюджеттік инвестициялық жобаға түсінік беріледі. БИЖ – бұл белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы
Бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) экономикалық сараптамасы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеу шеңберінде жүргізілген талдауды бағалау, және жобаны іске асырудың орындылығын айқындау үшін жүргізіледі.
Орталықта қанша жоба экономикалық
сараптамадан өткізілді?
Өткен жылы «Қазақстандық мемлекеттік-жеке
меншік әріптестік орталығы» АҚ 88 БИЖ-ға
экономикалық сараптама жүргізді. 2010 жылдың
1-тоқсанында Орталыққа экономикалық сараптамаға
47 жоба келіп түсті.
1.2 Инвестициялық жобалардың жіктелуі
Қазқстан Республикасы экономикасының дамуы отандық және шет елдік инвестициялардың қаншалықты көп болуымен байланысты болып келеді. Инвестицияларды әртүрлі қаржы құралдарын шығара отырып тарту жағдайы бүгінгі күні кең көлемде қолға алынды. Оған елдегі қолайлы инвестициялық климат өз әсерін тигізуде.
Инвестициялық жобаларды дайындай отырып, ссудалық қаражаттарды бизнеске тарту соңғы жылдары қолға алынды.
Жобалық несиелеу – бұл отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын жаңа нысаны болып табылады және оның банктік несиелеуден мынадай артықшылықтары бар:
Инвестициялық жобалар арқылы несие алу экономиканың нақты секторларын дамытуда болашақта ең негізгі құрал болатыны сөзсіз.
Инвестициялық жоба дегеніміз шектелген уақыт мерзімі ішінде белгілі бір мақсаттарға жетуге бағытталған бір-бірімен тығыз байланысқан және үйлескен ұйымдастырушылық, техникалық және инвестициялық іс-әрекеттер жиынтығы.
Жоба белгілі бір бастапқы мәліметтері бар нәтиженің (мақсаттың) болуын талап ететін және оны шешу тәсілдеріне негізделетін міндеттерді білдіреде.
08.01.2003 ж. ҚР «Инвестиция туралы»
Заңында инвестициялық жоба
Жобалардың табыстылығы көптеген факторларға байланысты:
Кесте 4. Инвестициялық жобалардың жіктелуі
Қолданылатын ресурстар көлеміне байланысты |
|
Жүзеге асу мерзіміне байланысты |
|
Ұлттық масштабына байланысты |
|
Тәуекел деңгейіне байланысты |
|
Ұйымдастыру нысанына байланысты |
|
Жобаны бағалауда және оның тиімділігін есептеуде жобалық талдаудың негізгі санаты «жобаның өмір сүру циклы» болып табылады. «Өмір сүру циклы» деп жобаның пайда болуы мен оның жойылуы кезіне дейінгі уақыт аралығын айтамыз. Жалпы алғанда жобалық цикл келесі кезеңдерден тұрады:
Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі мамандарының сатаптауы бойынша жобалық цикл мына кезеңдерден тұрады:
Информация о работе Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі