Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 16:27, курсовая работа

Краткое описание

Инвестициялық жобалау тарихы ХХ ғасырда АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде инвестициялық салымдар тиімділігін бағалауда қолданудан басталады. Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық жобалаудың методикалық базасы қалыптастырылды.
Инвестициялық жоба - шаруашылық іс-шаралардың жоба-ларын қамтитын ұйымдастыру-құқықтық және есептік-қаржылық құ-жаттардың жүйесі.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1. Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуінің теориялық негіздері
1.1. Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны мен нысаны...............................5
1.2 Инвестициялық жобалардың жіктелуі ...........................................................10
1.3 Инвестициялық шешімдерді бағалау әдістері................................................17
2. ҚР- дағы инвестициялық жобаларды талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы........................................................................................................20
2.2 Қазақстандағы инвестициялық жобалар тәуекелдерінің жіктелуін талдау..23
2.3 ҚР-дағы 2011-2013 жж. инвестицияның бөлінуін талдау..............................30
3. ҚР-дағы инвестициялық жобаларды қолдауды жетілдіру жолдары
3.1 Инвестициялық жобаның көрсеткіштерін және капитал бағасын болжамдау..................................................................................................................33
3.2 Қазақстандағы біріктірілген корпорациялық құрылымдардағы инвестициялық қорларды қалыптастыру және жетілдіру жолдары...................35
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................40

Прикрепленные файлы: 1 файл

Инвестициялык жоба жикделу - 777.doc

— 369.50 Кб (Скачать документ)

Жобаның тиімділігі туралы мәселенің нүктесін табыстылықтың ішкі нормасы (ТІН) қояды:

Инвестициялық жобаның оңтайлы нұсқасын таңдағаннан кейін оның жүзеге асу шарттарындағы болуы мүмкін өзгерістерге төтеп беру деңгейі анықталады. Осы мақсатта шығынсыздық нүктесі (өнім өндірудің шектік көлемі), белгісіздік (тәуекел) және инфляция факторын есепке алатын экономикалық әсер мөлшері есептеледі.

Шығынсыздық нүктесі өткізуден түскен түсім (ӨТ) өндірістің жалпы шығынына (ӨШ) тең болып, кіріс О-ге тең болатын өнімнің сыни көлемін анықтайды:

Б х Пр - Швзг х Өс хПвқалг + Посг х Ө,

мүндағы: Б - өнім бірлігінің бағасы; Шөзг - өзгерісті үлестік (өнім бірлігіне шаққанда) шығындар.

а1  жаңа    =1    а1 негізгі      

- ресурсы бағасының (жаңа және негізгі) инфляция нәтижесінде өсу индексі. В - тауар бағасындағы инфляциясын ескермеуге болатын өзге де (Аі санына кірмеген) шыгындар үлесі; Б(6), АР В және I - жобаны ө4деу негізінде белгіленеді.

Жобаның бүкіл өміршеңдік цикліндегі коммулятивті (жинақтаушы) әсер мөлшері жылдарға қарай едәуір айырмашылықта ұшырайды.

Шығынсыздық нүктесінің мөлшері қаншалықты аз болса, жобаның қаржылық беріктігінің қосалқы қоры соншалықты көп болады.

Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың экономикалық әсері белгі-сіздік (тәуекел) факторын есепке алуға тиіс, яғни, осы факторды есепке алатын күтілетін экономикалық әсер есептелуге тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚР- дағы  инвестициялық жобаларды талдау

 

2.1   Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы

 

Қазіргі таңда ең маңызды мәселелердің бірі - инвестициялық саясат. Инвестициялық саясат елдің экономикалық статегиясының басты элементі болып табылады және оның мақсаттары мен міндеттері бойынша айқындалады. Халықаралық капитал мен инвестиция тарту жөніндегі мемлекеттік саясат экономикалық реформалар логикасына сәйкес дағдарыс және жоғарғы инфляция жағдайында өндірістегі қайта құрылымдық жолға, нарықтық құрылымдарды дамытуға, мемлекеттік және жеке инвесторлардың инвестициялық белсенділігін арттыруға тигізетін ықпалының қажеттілігі туындайды.

Инвестициялық қатынастар әлемдік экономикада қашанда шешуші рөл атқарады. 2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриялық инновациялық стратегиясын жүзеге асыру бағытында көптеген шаралар іске асуда. Бүгінгі күні Қазақстан экономикасы тұрақты даму үстінде. 1993 жылдан бастап, үстіміздегі жылды қоспағанда, ел экономикасына 32.8 миллиард АҚШ доллары көлемінде шетелдік тікелей инвестиция тартылды. Қазақстан мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдарды құрды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Үкімет құрамына енбейтін, тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау саласында мемлекеттік басқару және бақылау қызметін атқаратын өкілетті орган болып саналады. Оның негізгі міндеттері: мемлекеттік даму стратегиясы мя инвестициялық саясатын жасап, жүзеге асыруға қатысу, Республикада инвестициялық хал-ахуалды жаксарту жөнінде шаралар жасап, жүзеге асыру, тікелей инвестицияларды көтермелеу шараларын іске асыру, Қазақстанда игсвестициялық мүмкіндіктер туралы белсенді жарнамалық - ақпарат науқанын жүргізу, шетелдік және отандық инвесторлармен өзара қарым-қатынастың пәрменді жүйесін жасау, қолданылып жүргізу заңмен белгіленген кепілдіктерді сақтауды қамтамасыз ету, тікелеі инвестицияларды жұмылдыру мен пайдалану жөнінде есеп және есеп-қисапты ынталы мемлекеттік органдармен бірлесе ұйымдастыру. ҚР Президентінің 2000 жылғы 13 желтоқсандағы жарлығымен ҚР инвестициялар жөніндегі Агенттігі жойылды, оның атқаратын қызметі ма өкілеттіліктері жаңадан құрылған ҚР Сыртқы істер Министрлігінің инвестициялар жөніндегі Комиметін, ал жер қойнауын пайдалану саласы бойынша ҚР Энгргетика және минералды ресурстар министрлігіне берілді. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Заңның маңызы мынада: оның кабылдануымен біріншіден, ҚР тікелей инвестициялар туралы арнаулы заңнамасын қалыптастыру басталды екіншіден, ҚР инвестициялық Заңнамасы өз дамуында жаңа сапалы сатыға көтерілді. Үшінші негізгі фактор: отандық инвесторлар ақы соңыңда шетелдік инвесторлармен теңестірілді Экономиканың беделді секторларында қызмет көрсетуші инвестицияларға мемлекеттік қолдау көрсетудің қажеттігі заңмен бекітілді мемлекеттің экономикасының өсуі мен тиімділігін көтеру мақсатымен инвестицияларды шапшаң жұмылдыру үшін экономикасының беделді салалары анықталды; бұрынғы инвестициялық Заңнама ең алдымен шетел инвесторларының мүддесін, оларға құқықтық қолайлы жағдай туғызуға бағындырылды, алайда бұл ұлттық инвесторлардың мүддесіне ғана емес, мемлекеттік мүддесіне нұқсан келтірді.

"Еuromonеу" журналының бағалауы  бойынша 2002 жылы инвестициялық тартымдылық  деңгейі  бойынша бірінші  орынды  дүние жүз бойынша алды. Жаңадан  салық заны қабылданды, қазіргі  банк жүйесі құрылды, ауылдық жерлерге экономикалық қатынас қайтадан құрылды, тұрғын үй шаруашылық реформасы жүргізілді. Бұл құжаттар инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады. Жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту, елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асырумен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін, олардың фунщиялары мен міндеттерін анықтайды.

Өткен кезеңдердің инвестициялық саясатын талдау экономикаға инвестицияларды тарту бойынша басқару тиімділігінің төмендігінің бірқатар негізгі артықшылықтарын анықтады. Олар төмендегіге саяды: шетел инвесторларымен жұмыс тәжірибесінің жақсаруы; несиелер бөлу, әсіресе, алғашқы кезеңде, оларды бөлудің максаттылығы мен қайтарымдылығын қамтамасыз етудің сарапшылық бағалауының жетістігіне несие бөлу; Қазақстанда тартымды инвестициялық климат құру бойьшша ынталандыру жүйесінін болуы; шетел несиелерін беру мен олардың мақсатты қолданылуын бақылау механизмі қатысында нақты құрылған стратегияның анықталынуы; әлеуметтік, өндірістік нарық инфрақұрылымы, нарықтық жағдайларға көшу барысында кәсіпорындарды маман қызметкерлерінің инновациялық саясатпен басқаруы.

Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

1. жоспарлау;

2. бағдарламалау;                             

3. бюджеттік орындау;

4. орындау.

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ әрбір секторға қатысты алғанда жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат-жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту.

Жоғарыда көрсетілгендей, төрт жылдағы құрытынды бойынша қандай бір меншіктің болмасын жылдан жылға артқанын көріп отырмыз. Жаңа қазіргі ондірістік қуаттылықтарды құру үшін Қазақстанға ең алдымен, тікелей өндіруші капитал импорты қажет, бұл шетел инвестицияларын республикаға тарту бағдарламаларын құрудің талап етеді. Бұл процесс барысында инвестициялық жобалардың мақсатқа лайықтылығын көрсететін белгілі-бір қағидаларды жетекшілікке алу қажет.

Бұл қағидалар:

-   экономикалық мақсатқа  сәйкестілік;

-    экономикалық-экологиялық  қауіпсіздік-егемендік  қауіпсіздігінің  қағидасы республиканың табиғи байлықтарын айқындықпен пайдалануға,   қоршаған ортаны ластауға, елден тысқары капиталды заңсыз шығаруға, артта қалған технологиялар мш техниканы қолдануға, отандық тауар өндірушілерді   нарықтан бәсекелестікке қарсы тәсілдермен ығыстыруға жол беретін жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермеуі тиіс;

-    шетел инвестицияларын  тарту барысында өзара тиімділік  қағидасы;

-  экономикаға шетел инвестицияларьша  басымдылық салу қағидасы;

- Республика үшін маңызды кағида болып, барынша аз коммерциялық    тәуекел қағидасы табылады. Оны жүзеге асырудың негізі;

- Осы процесті басқарудың толық құқылы органдарының,            кәсіпорындарының жеткілікті хабардарлығын қамтамасыз ету;

- ең соңында, шетел инвестицияларын тартудың әлемдік тәжірибесін барынша ескеру қағидасы маңызды рөл атқарады. Аталған қағидалар инвестиция тартуды басқарудың тәжірибелік негізін құрайды.

Инвестициялық саясат негізінде инвестициялық үрдісті жүзеге асыру және ұйымдастыру функциялары мен стратегияларын жүзеге асыру және дайындауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы түсініледі.

Мұнда өз кезегінде келесі шараларды жүзеге асыру қажет:

1. Мемлекетгік инвестициялық саясаттын негізгі концептуалды  ережелерін және қағидаларын анықтау;

2. Әлеуметтік сипаттағы міндеттерді  шешуге, қарқынды құрылымдық   технологиялық қайта құруларға бағытталған инвестициялаудың мемлекеттік басылымдықтарын анықтау;

3. Отандық және шетелдік жеке капиталдардың мүмкіндігін есепке ала    отырып капитал құрылымдарын қаржыландыруды кеңейту көздерін нақтылау;

4. Инвестицияларды тиімді пайдалану  және тартудың      ұйымдастырушылық-экономикалык механизмдерін дайындау, халықтың,   меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық субъектілердің,  басшылардың  бос  қаржылық ресурстарын инвестициялық мақсаттарға қосу тәсілдері мен жолдарын табу.

Нарықтық қатынасқа өту және сонымен байланысты макроэкономикалық саясаттағы фундаментальды өзгерістер, инвестициялық іс-әрекетте қарастырылып отырған облыстағы мемлекет функцияларына өзгерістер мен жаңа көзқарастарды енгізуді талап етеді.

Сонымен инвестиция аясында мемлекеттің жаңа функциялары мыналар болуы тиіс:

-  елдің экономикалық дамуының  басылымдықтарын анықтау;

- мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды және    басымдылықтарды, инвестициялық жобаларының тізімін дайындау;

- орталықтанған мемлекеттік инвестициялық   қорлардың тиімді   бөлінуін және алғашқы кезектегі басымдылықтарды қолдану және мемлекеттің кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін үкіметтің іс-әрекеттерінің оңтайлы дәйектілігін қамтамасыз ету;

- ұлттық экономикаға капитал ағымын және оның басымдылықты   аяларға, өндіріс, облыстарға еркін құйылуын қамтамасыз ететін қолайлы инвестициялық климатты құру.

Инвестициялық  саясаттың  жақын  арадағы стратегиялық міндеттері инвестициялық дағдарысты біртіндеп жеңу ішкі жинақтардың қалыптасуының іскерлік белсенділігін көтеру жағдайында жүзеге асырылуымен анықталады.

Олардың ішінде маңыздылары болып келесілер табылады:

• қаржы несие жүйелерінің қайта өзгеруі, инфляцияға қарсы шаралардың    жүзеге асырылуы және төлемеу дағдарысын шешу;

•   жекешелендірудің  аяқталуы және бәсекелік экономикалық ортаны құру;

•   құрылымық қайта құруды жүзеге асыру және тиімді ұлттық экономиканы қалыптастыру;

•   жоғарғы технологияларды өндіру негізінде өндірісті жаңарту;

•   институционалдық қайта өзгертулер және нарық инфрақұрылымын дамыту;

• қор нарығын дамыту және инвестициялық климатты жақсарту    мақсатымен заңдылықты жетілдіру;                            

• кедендік төлем, несие, салық жүйесін қолдану арқылы   инвестициялық    белсенділікті  экономикалық реттеудің нарықтық әдістерін өндіру.

 

 

2.2  Қазақстандағы инвестициялық  жобалар тәуекелдерінің жіктелуін талдау

 

«Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы» ЖШС инвестициялық жобаларды қаржыландыру бойынша 2009 жылы және 2010 жылдың I жарты жылдығы аралығында атқарған жұмыстары туралы талдау жасайтын болсақ,  
2009 жылдың мамыр айынан осы күнге дейін жалпы сомасы 4,6 млрд. теңгені құрайтын 1 621 жоба мақұлданды. Осы жобалардың 98,8 % ауылдық жерлердің кәсіпкерлерінің жобалары құрайды. Бөлінген несиелердің 267,0 млн. теңгесі қайтарылды, сонымен қатар несиелерді қайтару белгіленген мерзімде өз уақытында іске асырылды.

Қаржыландырылған жобалар бойынша инвестициялық портфель келесі сипатта көрсетіледі: жобалардың жалпы санынан үй шаруашылығының үлесі 47,1%; шағын және орта бизнестін жобалары – 50,2%; құны 10 млн. теңгеден жоғары ірі жобалар 2,7 % құрайды.

2009 жылы «Максимум» аймақтық  инвестициялық орталығымен жалпы  сомасы 1,7 млрд. теңгені құрайтын 561 жоба мақұлданды. 2010 жылы жалпы сомасы 2,9 млрд. теңгені құрайтын 1 060 жобаны мақұлданды.  
Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде 2009 жылы 2 739 жұмыс орындары құрылды, ал бюджеттің салық түсімі 65,0 млн. теңгені құрады. Мақұлданған жобалардың ішінде ауыл шаруашылығының үлесі 91,8% құрайды, қызметтерді көрсету – 2,5%, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өндеу – 3,2%, басқалары – 2,5%.

2010 жылы жалпы инвестициялық жобаларды іске асыру арқасында 2 920 жұмыс орындары ашылып, бюджеттің салық түсімі 59,6 млн. теңгені құрады. Мақұлданған жобалардың ішінде ауыл шаруашылығының үлесі 94,8% құрайды, қызметтерді көрсету – 1,6%, ауыл шаруашылығы өнімін қайта өндеу – 2,0%, басқалары – 1,6%.

Мақұлданған жобалардың тиімділік көрсеткіштері № 4 слайдта көрсетілген. Мал бордақылау алаңдары 524, мал сою бекеттері - 7, тамшылатып суаруды енгізу бойынша жобалары 2004,6 га жер игеріледі, жылы жай кешендерінің құрылысы 42,3 га жер игеріледі, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу саласында 22 жоба, 3 көкөніс қоймалары құрылады.

«Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Агроконцерн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі еншілес үйымымен жалпы аумағы 2 661га жер учаскелерінде тамшылатып суару жүйесі енгізіледі. Жобаларды іске асыру нәтижесінде 1 104 адам жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі және 36 мың тонна өнім алынады.  
Сонымен қатар, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы өзі 2004,6 гектарға тамшылатып суаруды енгізу үшін жобаларды қаржыландырды.

«Максимум» аймақтық инвестициялық орталығына Мақтарал және Шардара аудандарындағы ауыл шаруашылығын тауарларын өндірушілерден мақта өсіру үшін 2010 жылы несие алуға жалпы 438 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 263 млн. теңгеге 429 жоба мақұлданған. Бүгінгі күнге I транш бойынша 383 жоба жалпы сомасы 126 млн. теңгеге, II транш бойынша 6 млн. теңгеге 6 жоба қаржыландырылды.

«Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2007 және 2008 жылдарды шығынмен аяқтады, содан кейін оның негізгі әрекетін қайта бейімдеуден кейін ғана 2009 жылды 66,8 млн. теңгені құрайтын таза кірісіпен аяқтады. Соның ішінен бюджетке мемлекеттің қатысу үлесінің пайдасы ретінде 33,4 млн. теңге төленді. Сонымен қатар, 2009 жылы жалпы сомасы 33,7 млн. теңге көлемінде салық төленді, ол 2008 жылғыдан 10 есе артық болып тұр. Сонымен бірге, 2009 жылдың нәтижесі бойынша «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бюджетке 67,0 млн. теңгеден аса аударылды. 2010 жылдың бірінші жарты жылдығының нәтижесі бойынша «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығының таза кірісі 42,3 млн. теңгені құрады.

2009 жылдың сегіз айы ішінде  «Ырыс» микрокредиттік ұйымы  таза кірісі 20,2 млн. теңгені құрады. Соның ішінен «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы қатысуының үлес пайдасы ретінде 10,0 млн. теңге аударылады. Одан басқа, 2009 жылы жалпы сомасы 6,1 млн. теңге көлемінде салық төленді. 2010 жылдың бірінші жарты жылдығының нәтижесі бойынша «Ырыс» микрокредиттік ұйымы таза кірісі 48,7 млн. теңгені құрады.  
Облыс кәсіпкерлеріне «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы 61 бизнес-жоспар әзірлегені туралы атап өту керек.

Информация о работе Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі