Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 16:27, курсовая работа
Инвестициялық жобалау тарихы ХХ ғасырда АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде инвестициялық салымдар тиімділігін бағалауда қолданудан басталады. Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық жобалаудың методикалық базасы қалыптастырылды.
Инвестициялық жоба - шаруашылық іс-шаралардың жоба-ларын қамтитын ұйымдастыру-құқықтық және есептік-қаржылық құ-жаттардың жүйесі.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1. Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуінің теориялық негіздері
1.1. Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны мен нысаны...............................5
1.2 Инвестициялық жобалардың жіктелуі ...........................................................10
1.3 Инвестициялық шешімдерді бағалау әдістері................................................17
2. ҚР- дағы инвестициялық жобаларды талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы........................................................................................................20
2.2 Қазақстандағы инвестициялық жобалар тәуекелдерінің жіктелуін талдау..23
2.3 ҚР-дағы 2011-2013 жж. инвестицияның бөлінуін талдау..............................30
3. ҚР-дағы инвестициялық жобаларды қолдауды жетілдіру жолдары
3.1 Инвестициялық жобаның көрсеткіштерін және капитал бағасын болжамдау..................................................................................................................33
3.2 Қазақстандағы біріктірілген корпорациялық құрылымдардағы инвестициялық қорларды қалыптастыру және жетілдіру жолдары...................35
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................40
Бұдан басқа, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы «Даму кәсіпкерлер қоры» Акционерлік қоғамымен бірлесіп Оңтүстік Қазақстан облысы барлық аудандары мен қалаларының ауылдық мекендерінің ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің білім деңгейін жоғарлату мақсатында оқыту семинарларын өткізді.
Сонымен қатар, «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микрокредиттік ұйымы несие алған кәсіпкерлерге «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы қызметкерлерімен мынадай методикалық құралдар әзірленіп тегін таратылды:
1) үй жағдайында тиімді мал бордақылау;
2) тамшылатып суаруды ендіру;
3) бала бақшаларды ашу.
Облыстың инвестициялық саясаты оның
экономикасына қозғалыстағы шетелдік
және отандық инвесторлар инвестицияларын
қатыстыру мен инвестициялық климатын
жақсартуға бағытталған.
Инвестициялық саясаттың негізгі міндеті
инвестициялаудың тиімді бағыттарын және
олардың қосымша пайда болу көзін іздеу
болып табылады. Атап айтқанда, инвестициялық
саясат инвестициялық қаражаттан қайтарымның
өсуіне, өндірістің артуына, отандық экономиканың
ұтымды салааралық құрылыстың құрылуына
септігін тигізеді.
Жалпы алғанда, республика мен облыс бойынша
инвестициялық климатты жақсарту үшін
2003 жылғы 8 қаңтарда қабылданған «Инвестициялар
туралы» Қазақстан Республикасы Заңы
ықпал етеді. Осы заңда тең дәрежеде отандық,
сондай-ақ шетелдік инвесторларды ынталандыру
және қолдау қарастырылған; инвестициялық
артықшылықтарын ұсынуға өтінімдерді
қарау мерзімі қысқартылған (отыз жұмыс
күніне дейін); оларды ұсыну тәртібі ықшамдалған.
Қазіргі заң инвестициялар көлемдерінің
минималды шегін белгілемейді. Себебі,
басымды қызмет түрлеріндегі инвестицияларды
жүзеге асыратын шағын және орта бизнестің
кәсіпорындарын қоса, ол оның қолдану
аясын кеңейтеді.
Заңға сәйкес уәкілетті органмен келісім-шарт жасау арқылы инвестициялық артықшылықтардың келесі түрлері ұсынылады:
1) инвестициялық салық артықшылығ
а) корпоративті табыс салығы бойынша артықшылық,
б) мүлік салығы бойынша артықшылық,
в) жер салығы бойынша артықшылық,
2) кеден баж салығын салудан босату;
3) мемлекеттік өзіндік гранттар.
Бүгінгі күні облыста өндірісті құруға және кеңейтуге өзіндік қаражаттарды салатын белгіленген артықшылықтар мен жеңілдіктерді алуға ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетімен келісім-шартқа келіскен 19 кәсіпорын жұмыс істейді.
Сурет 3. Инвестициялық салымның динамикасы млн. АҚШ долл.
Соңғы жылдары облысымызда инвестициялық салымдар көлемінің өсу беталысы байқалды. Қарағанды облысы бойынша негізгі капиталға инвестициялар 2003 жылы – 465,7 млн. АҚШ доллары, 2004 жылы – 640,3 млн. АҚШ доллары, 2005 жылы – 983,6 млн. АҚШ доллары, 2006 жылы – 1064,7 млн. АҚШ доллары, 2007 жылы – 1175,2 млн. АҚШ доллары. Инвестицияның негізгі үлесі металлургия өнеркәсібі кәсіпорынына тиесілі (инвестицияның жалпы көлемінен 76,2%) және негізгі өндірістік қорларды жаңартуға, жаңа қуаттылықтарды енгізуге бағытталды.
Облыс экономикасына салынған шетелдік инвестициялардың едәуір келешегі бар және кең тараған түрі бірлескен кәсіпкерлік болып табылады. Облыста 443 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.
Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар шетелдердің қатысуымен:
”Арселор Миттал Теміртау” АҚ (”LNM Group”, Ұлыбритания )
”Қазақмыс” Корпорациясы” ЖШС ( Оңтүстік Корей, Ресей кәсіпорындары)
”Евразиан Фудс” АҚ (”Урсем Холдинг”, Швейцария )
”Қарағанды кәмпиттері” АҚ (”U.I.G.Limited”, Ұлыбритания )
”Эфес Қарағанды сырақайнату зауыты” АҚ ЖК (”Эфес”, Түркістан)
”Жәйрем ТКК” АҚ (ENRC PLC (”Су ресурстарының Евразиялық корпорациясы”), Швейцария)
”Central Asia Cement” АҚ (Малайзия)
“NOVA ЦИНК“ ЖШС (”Челябин мырыш зауыты ”)
”Қарағанды Жылу” ЖШС (”Enrhost.Ltd”, Ұлыбритания )
”Шұбаркөл көмір ” АҚ (ENRC PLC (”Евразийская копорация водных ресурсов”), Ұлыбритания
”Саранрезинатехникасы” ЖШС (”ECM Wertpapierdienstleistungs GmbH”, Германия)
«Қарағандырезинатехникасы» ЖШС («Сибхимимпекс», Ресей)
Сурет 4. Сыртқы сауда айналымының құрылысы млн. АҚШ доллары
Экспорттың тауар құрылымында тау кен өндіру және металлургиялық өнеркәсіп өнімі басым. Экспорт негізін мыс, қара металлдар және олардан жасалған бұйымдар құрайды, олардың облыстық экспортаты үлесі 37-41% және 39-48% жуық шегіне сәйкес келеді.
Әлемнің 70 елінде облыстың өнімі экспортқа шығады. Аса ірі тұтынушылары Қытай, Италия, Ресей, Иран, Өзбекістан, Ұлыбритания, Корей Республикасы, Түркістан болып табылады.
Импорттық өнімдердің негізгі жабдықтаушылары ТМД мемлекеттері болып табылады, елдердің осы тобына барлық облыс импорттарынан жылына 60% пайызы орын алады.
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі - инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен күннен бастап экономикалық жағдайды тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясатты белсенді жүргізе бастады.
Қазіргі уақытта жүргізілген нарықтық экономиканың оң нәтижелерін айқын көруге болады. Мәселен, Халықарлық валюта қорының мәліметтері бойынша 2005 жылдың өзінде Қазақстан жан басына инвестиция тарту көрсеткіші бойынша ТМД елдері ішінде алғашқы орынның бірін иеленді. Шетелдік инвестициялады Қазақстанға тарту мынадай мәселелерді шешуге көмектеседі:
• Экономикалық және техникалық прогресті жеделдету;
• Өндірістік апаратты жаңарту мен қайта жарақтандыру;
• Өндірісті ұйымдастырудың үздік әдістерін үйрену;
• Рыноктық экономиканың талаптарына сай кадрларды дайындау.
Мемлекеттік инвестициялық саясат ірі капитал салымдарын қаржыландыру үшін жағдайлар жасауға, шетелдік қаражаттарды игеруге, тауар және қызмет көрсетуді үлкен тиімділікпен нарык қатынастары субьектілерінің сұраныстарына сәйкес ұлғайтуға бағытталуы тиіс. Өндірісті жандандыру, оның құрылымын қайта құру және әрі көтеруді инвестициямен қамтамасыз ету ең алдымен қаржылардың отандық және шетелдік көздеріне сүйенуді нарық қатынастарына көшу деңгейін және даму ерекшеліктерін ескере отырып, белгілеуді қажет етеді.
Алдағы уақытта мемлекеттік меншіктегі объектілер жеке жобалар бәсекесі кезінде сатылады. Мемлекет кәсіпорындарды серпімді басқару жүйесіне көшіруде статегиялық инвестициялар тартуға тырысуда. Олар ең алдымен өндірістің ерекшеліктерін сақтай отырып, оны одан әрі дамытуға, өндірістің керсеткіштеріне жоғарлатуға міндетті. Ал мұндай инвесторларды белгілеу, оларды табу Шығыс Еуропа елдерініц тәжірибесі көрсеткеніндей арнайы мемлекеттік саясатты қажет етеді.
Қазақстан Республикасының индикативтік жоспарында көптеген салаларда еңбек өнімділігіне ЖІӨ халық табысын арттырып, жинақ қорын көбейту көзделген.
Инвестициялық қаражаттарды Қазақстанның дүние жүзілік деңгейдегі бәсекелестік қабілетін күшейтіп өнеркәсіптік өндірістің аяқталған циклдарын қалыптастыруға машина және прибор жасау, компьютерлік техника, информатика, биотехнология, космостық құралдар сияқты салаларды шұғыл дамытуға шоғырландыр; бүгінгі таңдағы аса маңызды мәселе.
Мемлекеттік инвесторларға қарағанда жеке инвесторлар коммерциялық пайданы көбейтуге ынталы. Олар тауарды және қызмет ету әдісін жоғарғы сұраныстармен ұштастыра отырып көбейтуге, өндірістің түрлі жобаларының ең тиімділерін ғана қолдануға тырысуда. Ал өз қаражаттарынан шығатын инвестицияларын іске асыруға келгенде ұзақ мерзімді тәуекелдік жобалардан қашқақтайды. Жеке инвесторлардың өндірісті дамытуға қатысты белсенділігін қолдану мемлекет тарапынан оларға қолайлы жағдайлар жасауға, салық салу, несие беру және кедендік баж жағынан едәуір жеңілдіктер беру және тағы басқа жеңілдіктер жасауды қажет етеді. Шетелдік инвестицияларды Қазақстан өндірісін дамытуға және прогрестік құрылымдық өзгерістер жасауға жұмылдыру көлемінің шекарасын ғылыми негізде белгіленген жөн сияқты. Мәселен, Қазақстанда адам басына шаққандағы сырткы қарыз жылына шамамен 182 доллар болса, Германияда 3523 долл., АҚШ-та 2540 долл., Түркияда 473 долл, Индонезияда 301 долл., Оңтүстік Кореяда 155 долл., тек Жапонияда ғана оның көлемі 66 долл, ал Сингапурда 5 долл., болуы бұл елдердің өзіндік ерекшеліктеріне тығыз байланысты. Осы тұрғыдан қарасақ Қазақстанға әкелінетін шетел инвестициялары бұрынғы жылдарма салыстырғанда бірнеше есеге дейін молайды Республикамыздың жаңа салық кодексінде жада технологияны және техниканы көндіруге негізгі қызметті инвестициялауға бағытталған табыс бөлігін салықтан босату қарастырылған. Алайда, бізге инвестициялық салықтық несиені қолданып неғұрлым тиімді, өйткені мұнда кәсіпорындарда қорды жинақтау үшін ынталандырушы рөлінде болса, өз кезегінде мемлекет бюджеті үшін де жұмсалатын қаржылар жоғалмаған болар еді. ҚР-ң жаңадан қабылданған «Инвестициялар туралы» Заңы (11-қаңтар, 2003 жыл) инвестицияларды мемлекеттік қолдау жөнінде бірқатар шараларды карастырған:
Инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаты - экономиканың дамуы үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасау және осы заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және бар жұмыс орындарын сақтауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға инвестицияларды ынталандыру болып табылады. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау инвестициялық преференциялар беру болып табылады.
Осы аталған заңға сәйкес келесідей инвестициялық преферанциялар қарастырылған:
1. Инвестициялық салықтық преференциялар;
2. кеден баждар салудан босату;
3. мемлекеттік заттай гранттар беріледі. Инвестициялық салықтық преференциялар тіркелген активтерге салынатын инвестициялардын көлеміне қарай белгілевгді, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Шетелдік инвесторларды Қазақстанда тартымды рынок ретінде қарастырып, еліміздегі инвестициялық климатқа жоғары баға беруді қажет етеді. Келешекте қолайлы инвестициялық белсенділікті күшейту үшін келесі шаралар ұсынылады:
• шетел фирмаларымен біріккен жобаларды дайындау және жүзеге асыруды үйлестіру;
- дамыған елдер үкіметтерімен мақсатты займдар және халықаралық қаржылық ұйымдармен бірге сауда-экономикалық байланыстар бағдарламалары және жобалары шеңберінде өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптің басымдықты салаларына инвестиция тарту бойынша жұмыстарды жалғастыру;
• негізгі капиталды инвестициялауға бағытталған табыстың бір бөлігін салық салудан босату.
Қолайлы инвестициялық климатты қалыптастыру үшін:
• Шаруашылық және инвестициялық іс-әрекеттің құқықтық базасының тұрақтылығын, тікелей инвестициялардын таландыру және қолдау бойынша шаралар жүйесінің айқындығын қамтамасыз ету;
• Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысын дайындау және қабылдау;
• Өндіріс түрлерін және басымдықты экономика секторларының тізімін нақтылау және кеңейту.
• Тікелей инвестиция үшін преференциялар мен жеңілдіктер ұсыну жағдайлары және көлемі, тізімі;
• Салалық инвестициялық ақпараттық жолдарды дайындауды, шетелдік және отандық потенциалды инвесторларды тарту үшін инвестициялық ақпараттың бюллетен құруды, дипломатиялық арналар бойынша олардың таралуын қамтамасыз етуді қолдау;
• Шетел капиталдарьшың көлемі және қолданылуының кең таралуы және жалпы қол жетерлігі
Жоғары технология аймақтарын, мысалы технопарктерді ұйымдастыру. Болашақта Қазақстанның өндірістік сферасының дамуына отандық инвестицияларды ынталандыруға ерекше көңіл бөлу керек. Инвестиция игергенге игілік. Бірақ әзірге шетел инвестицияларын тарту бойынша саясатты жүзеге асыру Қазақстанның халық шаруашылығын тиімді модернизациялауға, экономиканы реконструщиялауға, ғылыми-техникалық артта қалаушылықты жеңуге қабілетті болуы керек.
2.3 ҚР-дағы 2011-2013 жж. инвестицияның бөлінуін талдау
Дағдарыстық кезеңдерде жиынтық инвестициялық сұраныстың төмендейтінің айта кеткен жөн және өндіруші секторға тиімді инвестициялардың құрылымдық қайта құрулары орын алады, сонын есебінен инвестициялық салымдардың көлемі сақталады. Мысалы, 2013 жылдың бірінші жарты жылдығындағы мәліметтер бойынша инвестициялық салымдардың басымдылығы бар бағыттарының бірі кеңөндіруші өнеркәсіптер, көлік және байланыс салалары болып табылды. Олардың үлестері сәйкесінше 29,9 және 26,8% -ды құраған. Бірақ бұл жағдайларда инвестициялар өздерінің технологиялық құрылымы бойынша өткен дағдарыстық кезеңнен өзгешеленеді, яғни онда машиналарға, құрылғыларға, инвентарларға және тағы да басқа күрделі шығындарға жұмсалған инвестициялық салымдар басымдылыққа ие болып отыр. Оны келесі кесте мәліметтерінен көруге болады.
Кесте 6. ҚР негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың бағыттары
Жұмсалған инвестициялар
|
2012 жылғы қаңтар-маусым қорытындыға пайызбен |
2013 жылғы қаңтар-маусым | |
млрд.тг. |
Қорытындыға пайызбен | ||
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар-барлығы одан:
|
100,0
54,0
30,1
15,9 |
1794,1
700,4
602,1
491,6 |
100,0
39,0
33,6
27,4 |
Ескерту - ҚР статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері бойынша жасалынған. |
6-ші кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, 2013 жылдың бірінші жарты жылдығында өндірістік аппаратты жаңартуға бағытталған инвестициялық салымдар 602,1 млрд. теңгені құраған және бұл инвестицияның жалпы құрылымының 33,6%-ды көрсетеді. Осы көрсеткіш 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға көп болған. Қаржылық сферадағы болып жатқан дағдарыстық жағдайларға қарамастан өндірістік әлеуетті жаңартудағы инвестициялық белсенділік төмендеген жоқ, керісінше олардың өсу үрдісі сақталды. Бұл инвестициялық сұраныста біртіндеп кеңейіп келе жатқан бәсекелестік ортада шаруашылық субъектілерінің қызмет етуі үшін өте маңызды болып табылатын өндірістік аппаратты жаңарту факторларының басымдық алатындығын көрсетеді.
Информация о работе Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі