Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 16:27, курсовая работа
Инвестициялық жобалау тарихы ХХ ғасырда АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде инвестициялық салымдар тиімділігін бағалауда қолданудан басталады. Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық жобалаудың методикалық базасы қалыптастырылды.
Инвестициялық жоба - шаруашылық іс-шаралардың жоба-ларын қамтитын ұйымдастыру-құқықтық және есептік-қаржылық құ-жаттардың жүйесі.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1. Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуінің теориялық негіздері
1.1. Инвестициялық жобалардың мәні, мазмұны мен нысаны...............................5
1.2 Инвестициялық жобалардың жіктелуі ...........................................................10
1.3 Инвестициялық шешімдерді бағалау әдістері................................................17
2. ҚР- дағы инвестициялық жобаларды талдау
2.1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы........................................................................................................20
2.2 Қазақстандағы инвестициялық жобалар тәуекелдерінің жіктелуін талдау..23
2.3 ҚР-дағы 2011-2013 жж. инвестицияның бөлінуін талдау..............................30
3. ҚР-дағы инвестициялық жобаларды қолдауды жетілдіру жолдары
3.1 Инвестициялық жобаның көрсеткіштерін және капитал бағасын болжамдау..................................................................................................................33
3.2 Қазақстандағы біріктірілген корпорациялық құрылымдардағы инвестициялық қорларды қалыптастыру және жетілдіру жолдары...................35
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................38
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................40
Инвестициялық жобаларды қаржыландыруға маманданған банктер жобалық құжаттар, жоба бойынша мамандардың лауазымды міндеттемелері жөнінде мағлұматтары бар арнайы нұсқаулар дайындайды. Мұндай нұсқаулар жобалардың іске асуына асуына ықпал етіп, банктің жобалық циклін қысқартады. әлемдік банктің мәліметтеріне сүйенсек, инвестициялау алдындағы кезең шығындарын былайша топтауға болады (жоба құнынан):
Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың әр түрлі формалары мен әдістері бар. Солардың ішіндегі ең кең тараған түрлері келесілер:
Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері де әр түрлі болады:
Кулекеев Ж. өзінің «Жобалық талдауға кіріспе» атты еңбегінде коммерциялық және инвестициялық жобаларды бөліп көрсетеді.
Коммерциялық жобаларда қоғам немесе жеке меншік кәсіпорын ресурстары белгілі бір тауарлар мен қызметтерді алып-сату арқылы спекулятивті табыс алуға бағытталады.
Инвестициялық жоба – бұл жобаның іске асуына қажетті және оның мақсаттылығын көздейтін қаржылық-экономикалық, инжинерліөтехникалық құжаттар жүйесі.
Инвестициялық жобалар негізінен ұзақ мерзімді инвестициялық салымдарды көздейді. Мәселен, кәсіпорындар мен фирмалар тарапынан жиі ұсынылатын жобалардың келесідей түрлерін келтіруге болады:
Инвестициялық жобаларды тәуелді және тәуелсіз инвестициялық жобалар деп бөледі.
Егер екі жоба бойынша күтілетін шығындар мен нәтижелер екінші жобаның сәйкес көрсеткіштеріне әсер етпейтін болса, онда екі жоба тәуелсіз деп танылады. Бұл жобалар бойынша шешім қабылдау, оларды дайындау және жүзеге асыру әр жоба бойынша жеке жүргізіледі.
Тәуелді инвестициялық жобалар өз кезегінде бірін-бірі жоятын және бірін-бірі толықтыратын болып бөлінеді.
Бірін-бірі жоюшы жобалар екі жобаның бір мезгілде жүзеге асырылуының техникалық жөнінен мүмкінсіздігімен және экономикалық тұрғыдан тиімсіздігімен сипатталады.
Бірін-бірі толықтырушы жобаларда бір жобаның екінші жобадан бөлек іске асырылуы екі жобаның параллельді түрде бірге жүргізілуіне қарағанда аз көлемде табыс береді. Басқаша айтқанда, бірін-бірі толықтырушы жобаларды бірге жүзеге асырудың нәтижесі осы екі жобаны жеке асырудың нәтижесінен асып түседі.
Әрбір тез дамып келе жатқан коммерциялық ұйым қызметінің маңызды аспектілерінің бірі – инвестициялау.
Инвестициялау туралы шешім - қабылдау өте күрделі процесс. Оған түрлі факторлар әсер етуі мүмкін: инвестициялардың түрі, инвестициялық жоба құны, қаржы ресурстарының шектеулілігі, инвестициялау процесінде болатын тәуекелдер, т. б. Сондықтан, дұрыс инвестициялық шешім қабылдай білу өте маңызды.
Әрбір шешім қабылдау процесі әр түрлі кезеңдерден тұрады.
Сурет 1. Шешім қабылдау үрдісінің кезеңдері
Жоспарлау кезеңі 4 этаптан тұрады:
Іске асыру кезеңі. Инвестициялау процесі қабылданған шешімге байланысты жүзеге асырылады.
Бақылау кезеңі. Жоспарланған нәтижелер нақты нәтижелермен салыстырылады.
Жобалық талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын бағалау, жобаның нәтижелілігін бағалау, жобаның тиімділігін бағалау және жобаны оңтайландыру жатады.
Кез келген инвестициялық жобаны талдау барысында жобаның түріне, сондай-ақ, оның мазмұнына және сипатына байланысты әр түрлі саладағы мамандардың қатысуы талап етіледі. Ондай мамандарға қаржы-экономистер, инжинер-технологтар, архитекторлар, жұмысшылар, инжинер-экологтар және т.б. жатады.
Инвестициялық жобаны талдау қаралатын жобаның артықшылықтары мен кемшіліктерін жан-жақты бағалауға негізделеді. Осыған сәйкес жобалық талдау да бірнеше түрлерге бөлінеді:
Соның ішінде жобаны коммерциялық талдау жүйесін төмендегі 2-ші суреттен көруге болады:
Сурет 2. Инвестициялық жобаны коммерциялық талдау
Таңдау нәтижесі ретіндегі кез келген шешім іс-әрекетке бастаманы білдіреді.
Шешімдердің тиімділігін негіздеудің рационалды әдістерін таңдаудың маңызды аспектілерінің бірі – осы шешімнің классификациялық белгілерін білу. Классификациялық белгілер тізімін төмендегі кестеден көруге болады:
Кесте 5. Жобалық шешімдер классификациясы
Классификация белгілері |
Жүйе мінездемесі |
1. Экономика сферасы |
Позитивті Нормативті |
2. Мазмұны |
Экономикалық, технологиялық, әлеуметтік, т.б. |
3. Әрекет ету мерзімі |
Қысқа мерзімді (оперативті) Орта мерзімді (тактикалық) Ұзақ мерзімді (стратегиялық) |
4. Шешім қабылдайтын адамдар саны |
Жеке Коллективті |
5. Шешім қабылдау ортасы |
Анықтық Тәуекел Анықсыздық |
6. Мақсаттар саны |
Бір мақсатты Көп мақсатты |
7. Ақпараттық база |
Келесі мәліметтер негізінде құрылған:
|
8. Бірегей деңгейі |
Күнделікті Шығармашылық |
9. Эксперимент жасау мүмкіндігі |
Бар Жоқ |
Нарықтық экономикаға өту кезеңінде жетіспейтін инвестициялар шет ел несиелерімен толықтырылатын жағдайда қабылданатын инвестициялық шешімдердің экономикалық негізділігіне талаптар күшейді. Жобаларды бағалау жұмыстары әрдайым дұрыс жүргізілуі керек. Бағалаудың қателігі немесе инвестициялар өтелу құнының асыра көрсетілуі қаржылық ұйымдар үшін біршама қиыншылықтар туғызуы мүмкін, өйткені рентабельді, табыстылығы жағынан тиімді жобаларды қабылдамауға алып келеді.
1.3 Инвестициялық шешімдерді бағалау әдістері
Жобалардың тиімділігін бағалау және оларды қаржыландыруға іріктеуге қатысты әдістемелік рекомендацияда мына төмендегілер бөліп көрсетіледі:
— коммерциялық-қаржылық тиімділік,
— бюджеттік тиімділік,
— инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға арналған капитал са-лымдарының экономикалық тиімділігі.
Жобаның коммерциялық тиімділігі (қаржылық негіздеу) қаржылық шығындар (Қш) және нәтижелердің (Қ^) арақатынасымен анықталады:
К. =Қ/Қ >Н
Кәсіпорынның инвестициялық, операциялық және қаржылық қызметі нақты ақшаның (А ) түсімі (Т ) мен қайтуы (К ) ағымын есепке ала отырып анықталатын коммерциялық тиіділіктің непзін құрайды:
Кәсіпорынның инвестициялық қызметінен түсетін нақты ақша ағыны негізгі капиталға (негізгі өндірістік қор мен материалдық емес активтерге) және айналымдағы капиталдың (айналымдағы өңцірістік қорлар-дың/қаржылардың) өсуіне жұмсалатын капитал салымдарымен байланысты шығынның барлық түрін қамтиды. Операциялық қызметтен түсетін нақты ақшаның таза ағыны өндіріс шығынын, амортизация, несие, салық пен алымдарды қоса есептегендігі өнімді сатудан түскен кіріс пен шығыстың барлық түрін қамтиды. Бұған өткізуден тыс кірістер де жатады. Қаржылық қызметтен түскен нақты ақша ағыны акциялармен, демеу қаржымен, қысқа және ұзақ мерзімді несиемен, олардың өтелуімен және дивиденттердің төленуімен байланысты нақты ақшаның түсімі мен кетуін (жылыстауын) қамтиды.
Бюджеттік тиімділік федералдық және аймақтық бюджеттен қаржы-ландырылатын жобалардың кірісі мен шығысының арақатынасы арқылы анықталады. Мұндайда бюджет тиімділігі жобаны жүзеге асырудың кірісі мен шығынының айырмашылығы ретінде анықталады. Шығыс құрамына жобаларды қаржыландырудың, банк несиелерінің, мемлекеттік құнды қағаздар төлемінің, сондай-ақ, мүмкін болатын барлық инвестициялық тәуекелдерді кепілдендірудің бюджеттен жұмсалатын барлық шығындары кіреді.
Өткізуге арналған ең жақсы жобаны таңдау түрлі инвестициялық жобалар мен олардың көрсеткіштерін салыстыру арқылы жүзеге асады. Мұндайда тұтастай алғанда инвестициялық жобаны таңдаудың түрлі әдістері мен критерийлері қолданылады:
— Кірісті таза дисконттау әдісі;
— Табыстылық индексі әдісі;
— Табыстылықтың ішкі нормасының әдісі.
Таза дисконтталған кіріс (ТДК) - интегралды тиімділік (интегралды нәтижелердің интегралды шығындардан жоғары түруы) - дисконттың тұрақты нормасында барлық есептеу кезеңі (мысалы, жаңатехника қызметінің амортизациялық-нормативтік мерзімі) бойынша анықталады: мұндағы: Т- 1-інші адымдағы есептеу шегі (объектіні енгізуден жоюға дейін); Ні және Ші - і-інші адымдағы нәтижелер (мысалы, өнімді өткізу) және шығыстар (өндіріс шығындары).
Мысалымызда өнімді өткізуден түсетін дисконтталған кіріс дискон-тталған капитал салымдары көлеміне азаюы мүмкін:
Кі - 1-інші адымдағы капитал салымдары.
Мүндайда дисконтталған таза кіріс төмендегіні құрайды:
мұндағы: Төі = Ні - Ші: - өнімді өткізуден түскен табыс (пайда).
Жоба нәтижелерінін (тандалған және өткізілетін) құрамына басқарудың түрлі деңгейінде мына төмендегілер қамтылады:
— халық шаруашылығы деңгейінде (ақырғы өндірістік нәтижелер - мүлік пен интеллектуалдық меншікті (жаңалық ашу, ноу-хау, ЭЕМ бағ-дарламалары, т.б.) сатудың, ішкі және сыртқы нарықта барлық өнімдерді өткізудің түсімі); әлеуметтік-экономикалық нәтижелер, тікелей қаржылық нәтижелер (салықтар мен алымдар), несие мен займдар, импорттық банк, т.б.;
— басқарудың халық шаруашылығындағы деңгейіндегі тәрізді ай-мақтық деңгейде қол жеткізілген нәтижелер;
— кәсіпорын деңгейінде жоба нәтижелеріне жеке қажеттілікке пай-даланылған өнімдерден өзге, өнімді өткізуден түскен, сондай-ақ, кәсіпорын қызметкерлеріне арналған әлеуметтік нәтижелер және еңбек шарттарын жақсарту бойынша экологиялық нәтижелер жатады.
Тандалған жоба құрамында қатысушы-кәсіпорындар шығыны, бір жолғы және ағымдағы шығындар, амортизациялық аударылымдар, қатысушы-кәсіпорындардың мемлекеттік бюджет кірісіне төлемдерінің барлық түрі, процестер мен несиелер, т.б. қамтылады.
Бұл критерий жалпы түрде дисконтгалған таза кіріс максимумында -тандалған жобаны жүзеге асыруға арналған капиталды салымдарды есепке алмайды. Сондықтан бұл критерий келтірілген тиімділік мөлшерінің кел-тірілген капитал салымдарының көлеміне қатынасы ретіндегі табыстылық индексі (ИД) критерийімен - көрсеткіштерімен толықтырылады:
Осы критерий бойынша ТИ>1 болғанда, жоба тиімді болады, ал ТИ<1 болса, ал тиімсіз болып табылады. ТИ=1 болғанда, бұл капиталды салымдардың тиісті мерзімінде өтелуін білдіреді:
Информация о работе Инвестициялық жобалар және олардың жіктелуі