Бөлшек қызметтер нарығындағы банкаралық бәсеке

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2015 в 13:40, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттің банктік жүйесі – ең бір маңызды, әрі нарықтық экономиканың ажырамас құрылымдарының бірі. Тарихи тұрғыдан тауар өндірісі мен тауар айырбасы және банктер бір-бірімен қатар және біріне-бірі аралас дамыды. Онда банктер есеп айырысуда, шаруашылықты несиелеуді жүргізу арқылы капиталды қайта бөлуде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттырып және қоғамдық еңбектің өнімділігін өсіруге әсер етеді.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3

1. Банктік қызметтер нарығының қызмет етуінің теориялық негіздері
Банктік қызметтер: маңызы,түрлері және ерекшеліктері..............6
1.2. Банктердің бөлшек сауда нарығына ұсынатын қызметтерінің
теориялық аспектісі.....................................................................................19

2. Коммерциялық банктердің бөлшек сауда нарығындағы қызметтері.............................................................................................................29

Депозиттер бөлшек сауда нарығында көрсетілетін қызметтердің
негізгі түрі ретінде ......................................................................................29
2.2. Несиелендіру – банктің негізгі табыс көзі ретінде...........................35
2.3. Банктің бөлшек сауда нарығына көрсететін басқа да қызметтері..39

3. Қазақстанда ұсынылатын банктік қызметтердің түрлерін көбейту және олардың сапасын жоғарылату жолдары ............................45

Қорытынды................................................................................................57

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................60

Прикрепленные файлы: 1 файл

айнура.docx

— 100.51 Кб (Скачать документ)

Есеп-айырысуларға арналған барлық пластикалық карточкалар  жеке және корпоративтік болып бөлінеді. Функционалдық  белгісіне қарай  карточкаларды келесі түрлерге бөлуге болады:

    • магниттік карталар -  ең қарапайым карточкалар. Олардың бетінде шығарушының атауы, оның фирмалық белгісі, карточка иесінің аты және оның идентификациялық коды көрсетілген. Екінші жағында  100 символ (байт) ақпаратты сақтауға мүмкіндігі бар магниттік таспа бар.  Магниттік таспадағы ақпарат бет жағындағы ақпаратпен  сәйкес келеді және өңдеу машиналарда арнайы санау құрылғысымен саналады. Қазіргі кезде Қазақстанда айналымда 2 миллионнан астам карточка бар.
    • банктік несие карточкасы – карточка иесіне тауарларды немесе қызметтерді сатып  алу кезінде  төлеуді кейінге қалдыруға мүмкіндік береді. Карточканың әрбір иесіне клиенттің банктегі қарапайым шоттарына тәуелді болмайтын (ағымдағы, жинақ және тағы басқа шоттарынан)  несие шоты бойынша несиелендірудің лимиті белгіленеді.
    • төлем немесе дебеттік карточкасы –төлеушінің банктік шотынан қаражаттарды тікелей есептен шығару арқылы тауарлар мен қызметтерге төлем жүргізу. Бұл карточкалар қолма-қол ақшаларды ең қарапайым және әмбебап ауыстырушысы болып табылады. Карточкалар клиент шотында  қаражаттар болмаған кезде сатып алуларды жүргізуге мүмкіндік бермейді. Тек клиентте овердрафт мүмкіндігі бар ағымдағы шот болған жағдайлар ескерілмейді. Онда,  төлем карточкасы бойынша несиені шот бойынша рұқсат етілген  көлемде алуға болады. Мұндай карточкалардың иелері ай сайынғы өз шотындағы қаражаттардың қозғалысы туралы анықтаманы алғаннан кейін, толық сома көлемінде  төлеуі тиіс, тек осы талаптарды орындаған кезде ғана қосымша төлем алынбайды.

Бөлшек сауда нарығында банктердің көрсететін тағы бір өнімі – чектер. Чек –ағымдағы шотын жүргізетін банкке клиенттің чекті ұсынған тұлғаға немесе чекте көрсетілген тұлғаға белгілі бір соманы  төлеу  бұйрығы. Шот иесі чек кітапшасын алады және  шоттағы қаражаттардың  қалдығы көлемінде (немесе, егер овердрафт туралы келісім болатын болса, осы қалдықтан асатын көлемде) чекті  жазып береді.

Чекке қажетті реквизиттер: банк атауы, соманы төлеу туралы бұйрық, ақшаны алушы, чекті жазып берген күні мен орны, чек берушінің қолы.  Чек еркін формада болуы мүмкін және жай қағазда жазылуы мүмкін. Бірақ, стандартты форма қолданылады. Чек кімнің пайдасына жазылып беруіне байланысты чектерді келесі түрлерге бөледі:

  • атаулы - тек қана N төлесін;
  • ордерлі - N немесе оның бұйрығы бойынша төлесін;
  • ұсынушылық - ұсынушыға төлесін.

Ордерлі чек ұстаушыға ақша алуды табыстау жазбасы - индоссамент арқылы басқа тұлғаға қайта табыстауына мүмкіндік береді.  Мысалы, ордерлі чекте «Оспанов Азаматқа немесе оның бұйрығы бойынша төлеңіз» көрсетілді деп ұйғарайық. Екінші жағында Азамат «Сапарбаев Батырханға төлеңіз» деп көрсетіп, қолы мен күнді қояды.   Бұл дегеніміз  чек бойынша ақша алу құқығы басқа тұлғаға (Батырханға) ауысты деген сөз.  Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің бөлшек сауда нарығында ұсынған чектердің ішінен клиенттер арасында кең тарағаны - American Express жол чектері.  American Express жол чектері дегеніміз - чек ұстаушыға сату кезінде чекте қойылатын қол қою үлгісі бойынша чекте көрсетілген соманы төлеудің бір банктің жазбаша бұйрығы болып келетін  «American Express» компаниясымен айналысқа шығарылатын төлем құралы. Қазақстан банктерінде бұл чектер жеке тұлғаны куәландыратын куәлікті және салық төлеушінің тіркеу нөмірі туралы ақпаратты көрсеткеннен кейін, жасы 18 жеткен тұлғаларға азаматтығына қарамастан  сатылады.

Қазақстан экономикасының өркендей түсуімен халықтың тұрмыс-жағдайы жақсарып келуде. Халықтың табысы жоғарлағандықтан, оларды тиімді қаржы құралдарына салу қажеттілігі туды. Алайда, банктердің депозиттер бойынша ұсынатын  сыйақы мөлшері табысы мол азаматтарды қанағаттандырмады. Сұраныстың жоғарлауына байланысты банктер жаңа өнім - траст операцияларын ұсына бастады. Траст операциялары дегеніміз - өзінің бос  қаражаттарын  жоғарғы тиімділікпен иемденуге ұмтылатын клиенттерге банктердің көрсететін қызметі, және мұндай жағдайда банктер сенімгердің немесе үшінші бір тұлғаның пайдасына  меншікті пайдалану бойынша міндеттемесін алады.  Клиенттің банкке өзінің мүлкін басқаруға берудегі ынтасын  осы қызметтерді ұсынатын банк қызметкерлердің мол тәжірибесі мен жоғары  біліктілігін пайдалана алу мүмкіндігімен түсіндіріледі. Траст келісімшартын жасаса отырып, сенімгер өзінің уақытша бос ақша қаражаттарын жоғары табыс алу мақсатында банкке  тапсырады.  Сонымен қатар, клиент осы меншіктің  иесі болып қалады. Траст операциялары үш негізгі категорияларға бөлінеді:

  1. дербес траст қызметтері (жекеленген тұлғалар үшін);
  2. институционалды  траст қызметтері;
  3. «мастер-траст» түріндегі қызметтер.

Қазақстан банктерінің бөлшек сауда нарығында ұсынатын және кең таралған түрі - дербес траст қызметі. Олардың мынандай түрлері кең таралған:

  • өсиетнамалық траст – азаматтың өсиетнаманың негізінде рәсімделеді;
  • қайтарып алынбайтын траст – келісімшартпен рәсімделеді және оған сәйкес сенімгер келісімшартты бұзып, сенімге берген меншікті қайтарып ала алмайды;
  • қайтарып алынатын траст – сенімгермен кез-келген уақытта бұзылатын келісімшартпен рәсімделеді.

Сенімге берілетін меншікті иелену сипатына қарай трасттар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті трастта  болатын меншікті сенімгердің қосымша келісімсіз сатуға, қарызға беруге, кепілге қоюға болады. Пассивті траст - сенімді тұлғамен сатылып немесе кепілге беріле алмайтын белгілі бір мүлікті басқару жөніндегі қызметтерді атайды. Қазіргі кезде, коммерциялық банктердің бөлшек сауда нарығында кең таралған траст қызметтеріне төмендегілерді атап айтуға болады:

  • клиенттің жеке банктік шоттарын жүргізу;
  • тиімді өткізу, кепілдендірілген табысты алу, бағалы қағаздардың бір түрін басқа түрлеріне ауыстыру мақсатында клиенттің бағалы қағаздарын басқару;
  • табыстарды клиенттің пайдасына өндіріп алу;
  • депозитарий қызметтерін жүзеге асыру, сондай-ақ осы қызметпен қатар жүретін операцияларды орындау.

Жаңа технологиялардың дамуымен, банктер арасында бәсекенің күшеюімен, банктердің өз клиенттердің уақытын үнемдеу мақсатында жаңа банктік өнім – интернет-банкинг қызметін көрсете бастады.  Жеке тұлғаларға Интернет желісінде электронды дүкендермен пластикалық карточкалармен, сонымен бірге олардың көмегінсіз есеп-айырысуларды жүргізу. Бірқатар Қазақстандық банктер бөлшек сауда нарығында Home banking банктік қызмет көрсетуді ұсынады. «Үй банкі» жүйесі  клиенттердің нақты банктік шоттарын Интернет желісі арқылы басқарып, әлемнің кез-келген нүктесінде нақты уақыт режимінде күндіз-түні өз пайдаланушыларына банктік қызметтердің толық кешенін көрсетеді. Клиент «үй банкі» арқылы Интернет желісінде нақты уақыт режимінде мына операцияларды жүзеге асыра алады:

  1. валютаны сатып алу және сату – жеңілдетілген бағаммен күндіз-түні валюта айырбасын жүзеге асыра алады;
  2. коммуналдық қызметтерді төлеу: пәтерақыны, телефон сөйлесулерін және тағы басқа қызметтерді төлеу; төлем құжаттары мен түбіртектерді электронды түрде сақтау, қажет болған жағдайда банк мөрімен куәландырылған түбіртектерді ала алады.
  3. банкішілік және банкаралық аударымдарды жүзеге асыру: нақты уақыт режимінде өз шотындағы қаражаттарды басқа жеке тұлғалардың шоттарына аударым жасай алады;
  4. мобильді телефон сөйлесулеріне немесе пейджингтік байланыс қызметтеріне шоттарды төлеу: бірнеше секунд ішінде Интернет желісі арқылы мобильді және пейджингтік байланыс операторларына төлеу:
  5. Visa, Master Card, Union Card төлем жүйелерінің  карточкалық шоттарын толтыру.

«Үй банкінде» жұмыс істеу үшін клиентте Интернет желісіне  қосылған компьютер, Microsoft Internet Explorer 5.0 браузері, адаптері бар Touch memory жады элементтері болуы тиіс.

Банктің  клиенттік стратегиясының басты элементі – Қазақстан банктерінде кеңінен пайдаланылатын  жеке тұлғаларға арнаулы банктік қызмет көрсету болып табылады. Осындай қызмет көрсетудің маңызды компоненті  - персоналды менеджерлер болып табылады.  Персоналды менеджерлер – банктің барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын  клиенттің пайдасына үйлестіреді және оперативті шешімді қабылдауды қамтамасыз етеді. Персоналды менеджердің нақты бір клиентпен үнемі байланыста болуы банктің клиентке жақын болуға мүмкіндік береді және оның жеке қажеттіліктерін ескеруге мүмкіндік береді. 

 

 

 

2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ БӨЛШЕК  САУДА НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТЕРІ

 

2.1 ДЕПОЗИТТЕР – БӨЛШЕК САУДА НАРЫҒЫНДА КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ НЕГІЗГІ  ТҮРІ РЕТІНДЕ

 

Бөлшек саудадағы банктік операциялар - берілген бизнес-сегмент  есеп-айырысу шоттарды ашу мен жүргізу, салымдарды қабылдау, инвестицияларды жинақтау, құндылықтарды жауапты сақтау, дебеттік және кредиттік карточкаларға қызмет көрсету, тұтыну және ипотекалық несиелендіру бойынша  клиенттерге - жеке тұлғаларға көрсетілетін банктік қызметтерді кіріктіреді.   Банктің ақшалай ресурстың негізгі көзі болып  - салымдар табылады.

Қазіргі кезде,  депозиттерді тартуға рұқсат беретін лицензиясы бар барлық банктер осы жүйеге мүше. Осы жүйеге мүше жекеленген банктердің тартқан депозиттеріне талдау жасап көрейік.

5-кесте. Халықтың ұжымдық сақтандыру  жүйесіне кіретін екінші деңгейдегі 

               банктердегі салымдары, 01.09.2005 ж. млн.теңге, кезеңнің соңында

 

«Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі» АҚ

«Қазкоммерц-банк» АҚ

«ТұранӘлем-Банкі» АҚ

«Алматы сауда-қаржы банкі» АҚ

«Нұрбанк» АҚ

«Темір-банк» АҚ

Халықтың салымдары, барлығы

120694

89005

103110

22530

11589

7904

Оның ішінде:

           

теңгеде

78089

39992

53045

9005

3961

5002

ЕАВ

42560

48980

50038

13524

7627

2888

БВТ-де

45

33

26

2

1

14

Талап ету салымдары, барлығы

36039

12677

12404

3159

1812

1213

Оның ішінде:

           

теңгеде

31985

7346

8772

1522

1409

848

ЕАВ-да

4023

5298

3619

1636

402

351

БВТ-де

31

33

14

2

1

14

Шартты салымдар

0

588

0

0

1

15

Оның ішінде:

           

теңгеде

0

316

0

0

0

15

ЕАВ-да

0

273

0

0

1

0

БВТ-де

0

0

0

0

0

0

Мерзімдік салымдар, барлығы

84655

75739

90706

19370

9776

6676

Оның ішінде:

           

теңгеде

46104

32329

44273

7483

2552

4140

Қысқа мерзімді

24283

15119

14688

1408

1101

1227

Ұзақ мерзімді

21821

17210

29586

6075

1451

2912

Ескерту – автормен ҚР Ұлттық Банктің мәліметтері  негізінде құрастырылған 


Жоғарыда көрсетілген кестеде Қазақстандағы бірқатар банктердің 01.09.2005г. шаққандағы кестеде көрсетілген банктердің тартқан депозиттері көрсетілген. Осы кестеден «Қазақстан Халықтық Жинақ Банкінің» үлесі жоғары екенін көреміз. Мұндай лидерлік Кеңес үкіметінен осы банкке мұраға қалған кең филиалдық желісінің көп болуымен түсіндіріледі. Осы кестеде аталған банктердің тартқан депозиттері ұлттық валюта – теңгеде жоғары екенін көреміз. Мысалы, «Қазақстан Халықтық Жинақ Банкісінің» теңгемен тартқан депозиттері 120694 млн. теңгені құрайды. Осы аталған банктердің тартқан депозиттері бойынша үлесін  төмендегі диаграммадан көруге болады.

 

    1. сурет.  Банктердің депозиттерді тартудағы үлестері

 

2004 жылы  Банктің 14 филиалында  банкте 6 ай және одан жоғары, 70000 теңге, 500 АҚШ доллары және 400 ЕВРО көлемінде  салымдарында қалдығы бар жеке  тұлғалар – Банк клиенттерінің  арасында құнды сыйлықтардың  ұтысы жүргізілді. Сыйлық қоры 3892 мың теңгені  құрады. Салымдар  өсімінің жоғарлауына байланысты 2005 жылы ұтыс ойындар тоқсан  сайын жүргізілді. 2005 жылы аймақтық  ұтыстарға 12290 мың теңге, ал желтоқсан  айында Банктің барлық филиалдарының  салымшыларының арасында сыйлық  қоры 20000 АҚШ доллары болатын орталықтанған  ұтыс ойыны жүргізілді.

2.2. БАНКТІҢ БӨЛШЕК САУДА НАРЫҒЫНА КӨРСЕТЕТІН БАСҚАДА ҚЫЗМЕТТЕРІ

 

Western Union жүйесі қазіргі кездегі байланыс құралдарын пайдалана отырып,  жылдам ақша аударымын жасау.  Жіберілген аударым бірнеше минуттардан кейін,  оны алатын адресатпен  Western Union  клиенттерге қызмет көрсету  бөлімшелері бар, немесе осы кез-келген осындай бөлімшелерден алуына болады.  Аударым жүйеде 45 күн сақталады. 45 күннен асқан мерзімде жіберілген аударымды алу үшін Western Union  сервистік орталығымен байланысу қажет. Ақшалай аударымдарды төлеу, көбінесе, Western Union жүйесінде белгіленген курспен аударым жасалған елдің валютасында төленеді.

Бөлшек сауда нарығына Western Union жылдам ақша аудару жүйесін 2002 жылдың 5 қарашасынан бастап ұсынады.. Банк осы жүйе арқылы 2005 жылы  2015391 АҚШ доллары сомасына барлығы 2662 аударым жасалған және 1771631 АҚШ доллары сомасына барлығы 3953 аударым төленді. Бұл көрсеткіш 2004 жылдағы жасалған аударымдардан 3 есе және төленген аударымдардан 2,3 есе жоғары. Банк филиалдарының ішінен Western Union жүйесі арқылы аударымдарды жасау мен төленген аударымдардың ішінен көшбасшылар – Алматы мен Шымкент қалаларының филиалдары.  Осы филиалдардың барлық  жасалған аударымдардың ішіндегі жалпы үлесі – 64%, ал төленген аударымдардағы үлесі – 62%. 2005 жылдың ішінде

 Павлодар, Астана, Өскемен қалаларындағы  банк филиалдарының аударымдарды  жіберу мен аударымдарды төлеу  бойынша жұмыстары қарқынды болды. Банктің Атырау, Орал, Щучье, Екібастұз қалаларындағы филиалдарының Western Union аударымдары бойынша операциялары аса дамымаған.

Информация о работе Бөлшек қызметтер нарығындағы банкаралық бәсеке