Бөлшек қызметтер нарығындағы банкаралық бәсеке

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2015 в 13:40, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттің банктік жүйесі – ең бір маңызды, әрі нарықтық экономиканың ажырамас құрылымдарының бірі. Тарихи тұрғыдан тауар өндірісі мен тауар айырбасы және банктер бір-бірімен қатар және біріне-бірі аралас дамыды. Онда банктер есеп айырысуда, шаруашылықты несиелеуді жүргізу арқылы капиталды қайта бөлуде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттырып және қоғамдық еңбектің өнімділігін өсіруге әсер етеді.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3

1. Банктік қызметтер нарығының қызмет етуінің теориялық негіздері
Банктік қызметтер: маңызы,түрлері және ерекшеліктері..............6
1.2. Банктердің бөлшек сауда нарығына ұсынатын қызметтерінің
теориялық аспектісі.....................................................................................19

2. Коммерциялық банктердің бөлшек сауда нарығындағы қызметтері.............................................................................................................29

Депозиттер бөлшек сауда нарығында көрсетілетін қызметтердің
негізгі түрі ретінде ......................................................................................29
2.2. Несиелендіру – банктің негізгі табыс көзі ретінде...........................35
2.3. Банктің бөлшек сауда нарығына көрсететін басқа да қызметтері..39

3. Қазақстанда ұсынылатын банктік қызметтердің түрлерін көбейту және олардың сапасын жоғарылату жолдары ............................45

Қорытынды................................................................................................57

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................60

Прикрепленные файлы: 1 файл

айнура.docx

— 100.51 Кб (Скачать документ)

Екінші және үшінші деңгейдегі қызметтерді бөлу шартты болып табылады, банктік өнімнің - базалық және кеңейтілген  екі деңгейі туралы айтқан дұрыс.

Өкінішке орай, банктік өнім мен банктік қызметтің қазіргі кездегі экономикалық категория ретіндегі түсіндіруі қайшы келеді. Қайшылық -атауларында, бір жағынан, бұл түбегейлі емес, алайда ары қарай зерттеу мақсатында оларды нақтылау қажеттілігі туады. Әр түрлі авторлардың  көз-қарастарын зерттеп және талдау жасағаннан кейін, қазіргі кездегі банктік қызметтің жиі кездесетін анықтамасы келесідей. Банктік қызмет - бұл клиент мүддесі  үшін клиентке қызмет көрсетудің бірыңғай  технологиясымен  біріктірілген банктің іс-әрекет жиынтығы, басқаша айтқанда, клиенттің банктік қызмет көрсетуде қажеттілігін  қанағаттандыруға, сонымен бірге банк рентабельділігін жоғарлатуға бағытталған банктің  қызметі.

Экономикалық категория  ретінде банктік қызмет банк (қызметтерді өндіруші) пен клиент (қызметтерді тұтынушы) арасындағы белгілі бір экономикалық қатынастарды білдіру қажет. Атап өту керек, нарықтық экономикада осы қатынастар келісім негізде құрылады. Сонымен қатар, тараптардың әр қайсысы белгілі бір  мақсатты көздейді. Клиент үшін - бұл қандай да бір қаржылық қажеттіліктерді (мысалы, өзінің бос ақша қаражаттарын сақтап, пайыздық табыс алу үшін орналастыру, немесе керісінше, қосымша қарыз ақша қаражаттарына деген қажеттілікті  қанағаттандыру)  қанағаттандыру,  коммерциялық банк қызмет көрсету арқылы клиентпен пайда алуға жәрдемдесу. Банк осы қатынастарға табыс алу мақсатында, моменталды (комиссиялық операциялар бойынша қызмет көрсету кезінде, мұнда комиссиялық сыйақы түріндегі табыс шотына есепке жатқызылады) немесе болашақтағы (несиелеуден пайыздық табыс) табыс алу үшін кіріседі.  Банк пассивті операциялар  бойынша қызметтерді көрсету кезінде болашақ активті операциялардың фундаментін қалыптастыратын, өзінің ресурстық базасын құрайды және кеңейтеді.  Нарықтық экономика жағдайында әрбір банктік қызмет табыс алып келуі тиіс, өйткені коммерциялық банктерді құрудың басты мақсаты - пайда алу болып табылады.

Жоғарыда  аталғанды қорытындылай келе, банктік қызметтер банк персоналының іс-әрекеттері арқылы ресурстық базаны  кеңейтуге және банкке табыс әкелуге бағытталған, клиенттердің қаржылық қажеттілігін  қанағаттандыру жөніндегі банк пен клиент арасындағы экономикалық қатынастар.

Банктік өнім - аяқталған сипаты бар және банктің клиентке қаржылық, заңдық және ұйымдастырушылық іс-шаралар арқылы қызмет көрсету кезінде өзара іс-қимылды реттейді. Яғни, банктік  өнім банк қызметінің клиенттерге қызмет көрсету бойынша нәтижесі  болып табылады. Мысалы, нақты бір заңды тұлғамен рәсімделген несиелік келісімшарт банк пен қарызгердің қолы қойылып, мөрмен расталған болса, банктік өнім болып табылады,  яғни банк қызметінің несиелеу  бойынша қызмет көрсетудің нәтижесі.

Банктік қызмет пен банктік өнімнің ұқсастығы, клиенттің қаржылық қажеттілігін қанағаттандырады. Алайда, айта кету керек, банктік қызмет бірінші ретті сипатта, ал банктік өнім - екінші ретті.  Банктік қызмет материалдық жақтан болмашы, ал өз кезегінде банктік өнім елеулі.

Енді қазіргі кездегі әдебиеттерде кездесетін банктік қызметтердің жіктелуін (классификация) қарастырайық.

Қазіргі кездегі  экономикалық әдебиеттерде көрсетілген банктік өнімді жіктелуі үлгілерінің елеулі жетіспеушілігі бар: ол жіктелудің бір ғана критерийін болуы. Бұл нарықтық экономика жағдайында қолданылуы мүмкін емес, өйткені нақты банктік қызметтің түрін белгілеуге мүмкіндік бермейді, ал  бұл жағдай оны жетілдіру жолдарын жасауды күрделендіреді.

Мысалы, американдық маркетологтар банктік қызметтердің 4 деңгейін бөліп көрсетеді9.

 



                                                                                                                                                                      

 

 

         пайдалы        кешенді            кеңейтілген      күрделі

 

Сурет 1.  Банктік қызметтердің жіктелімі

- 1 деңгей - көпшілік  тұтынушылармен, басқа  адамдардың көмегінсіз бағалана  алатын пайдалы қызметтер;

- 2 деңгей - кешенді түрде көрсетіле алатын, оларды түсіну үшін арнайы  дайындық деңгейін талап етпейтін  қызметтер;

- 3 деңгей - жете  техникалық білімді немесе  мамандандырылған кеңесті алу  мүмкіндігін талап ететін кеңейтілген  қызметтер;

  • 4 деңгей - өнімді сатып алу жағдайын ескере отырып,  тұтынушының айналасындағы банктік өнімдер туралы арнайы білімді қажет ететін күрделі қызметтер.

Ресей экономистері сондай-ақ банктік қызметтердің 4 деңгейін бөліп көрсетеді, алайда оларды өткізу жағынан жіктейді10:

 



 

 

 

                                         


                                                                           

 

Сурет 2.   Банктік қызметтердің жіктелімі

- түпкі ой  бойынша қызмет, бұл банк өзінің және өзінің клиенттерінің пайдасына жүзеге асырылған қызметтер;

- нақты орындаудағы  қызметтер (қызметтер жиыны), бұл  банк ұсынатын және өзінің  клиенттеріне ұсынатын қызметтер;

- қосымша  күші бар қызметтер, яғни клиенттерге сервистік қызмет көрсетудің барлық түрін кіріктіретін қызметтер,  мысалы  траст, лизинг т.б. сияқты дәстүрлі емес банктік қызметтерді рәсімдеген кезде  ерекше жағдайлар;

- қоғамдық  мойындауын алған қызметтер, яғни  сәтті бәсекелестік күресті  сипаттайтын, банктің беделін қалыптастыратын, қызметтерді дамытуға және пайда  әкелуге мүмкіндік беретін қызметтер.

Кейбір экономистер  банктік қызметтерді жіктеудің келесі нұсқасын ұсынады:

  • банктердің материалдық қызметтері - бұл ақша-несие айналымы жүйесінде   несиелік ұйымдардың функционалдық ролін сипаттайтын қызметтер. Банктік қызметтердің кешенді сипаты банк қызметінің әмбебаптығын көрсетіп,  банктер бір қызметті көрсету кезінде, бір уақытта клиенттерге бірқатар өзара байланысты қызметтерді көрсетеді.  Коммерциялық банктердің материалдық қызметтеріне жататындар: несиелік, операционды, инвестициялық, есеп-айырысу, факторингтік, лизингтік, траст және т.б.
  • банктердің таза қызметтері  - бұл тұлғаға бағытталған қызметтер (кадрларды даярлау, кеңес беру қызметтері, талдамалы зерттеулер).

Әр түрлі  авторлардың көзқарастарын  қарастырғаннан кейін, нарықтық қатынастар жағдайында банктік қызметтерді келесі критерийлер бойынша жіктеуге болады:

Банктік қызметтің ерекшелігіне байланысты:

- арнайы  -  банктерді қаржылық-несиелік  институттар негізінде сипаттайтын  өзгешелік;

- арнайы  емес, немесе көмекші сипаттағы  қызметтер, мысалы экономикалық  және заңды, ақпараттық-анықтамалық, аналитикалық және т.б. сұрақтар  бойынша кеңес беру;

Банктік операциялардың сипатына қарай:

  • пассивті операциялар бойынша қызметтер;
  • активті операциялар бойынша қызметтер;
  • делдалдық операциялар бойынша қызметтер.

Алатын табыстардың және жасалатын шығындардың түрлеріне қарай:

  • проценттік операциялар бойынша;
  • проценттік емес операциялар бойынша қызметтер.

Клиенттердің категорияларына қарай:

  • жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер;
  • заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметтер.

Клиентке жеке қызмет көрсету дәрежесіне байланысты:

  • жеке қызметтер, яғни нақты бір клиентке көрсетілген қызметтер;
  • бұқаралық тұтынуға арналған әмбебап қызметтер.

Күрделілік дәрежесіне қарай:

  • қарапайым - банктің бір функционалдық бөлімшесін жүзеге асыратын қызметтер;
  • кешенді - жүзеге асыруда банктің бірнеше бөлімшелері қатысатын қызметтер.

Табыстылық дәрежесі бойынша:

  • моменталды табыс әкелетін қызметтер, мысалы, коммуналдық төлемдерді қабылдау (қазіргі кезде банктер коммисиялық сыйақының тұрақты мөлшерін белгілеп, қызмет көрсету кезінде ˝Банктік табыс˝ шотына есепке жатқызылады;
  • белгілі бір уақыт аралығында табыс әкелетін  қызметтер (мұндай қызметтерге несиелеуді жатқызуға болады, өйткені несие бойынша проценттік табыс белгілі  уақыттан кейін, несиелік шартта белгіленген проценттік төлем графигіне сәйкес алынады);
  • табыс әкелмейтін табыстар. Оларға депозиттерді қабылдау бойынша қызметтерді жатқызуға болады, олар банкке тікелей табыс әкелмейді, тек ресурстық базаны кеңейту мақсатында жасалады.

Қызметтер үшін төлем;

  • ақылы;
  • тегін. Мұндай қызметтерге жарнамалық  мақсаттарда немесе тұрақты клиенттерге мадақтаулар жасау арқылы және шектелген уақыт аралығында  тегін көрсетілетін қызметтерді жатқызуға болады; мысалы, тегін банктік шотты ашу,  ақша аударымын жасау, пластикалық карточкаларды рәсімдеу және т.с.с.

Табыстылықтың тәуекел дәрежесі бойынша:

  • тәуекелі жоқ қызметтер - оларға көбінесе комиссиялық операциялар бойынша қызметтер немесе кеңес беру қызметтері, кассалық, сейфтік және т.с.с. қызметтер жатады;
  • тәуекелдің белгілі бір үлесі бар қызметтер, депозиттерді келтіру, инкассация, айырбастау операциялары;
  • жоғары дәрежелі тәуекелі  бар қызметтер,  оларға несиелерді беру бойынша, лизинг, факторинг, форфейтинг қызметтері жатқызылады.

Беру мерзіміне байланысты банктік қызметтер банк пен клиенттің ынтымақтастық мерзіміне байланысты жіктеу қажет:

  • моменталды, оларға банк пен клиенттің ынтымақтастығы бір жолғы сипатта болатын қызметтер жатады, мысалы валюта айырбастау, коммуналдық қызметтер, банктік шотты ашпастан ақша аударымын жүргізу және т.с.с.
  • қысқа мерзімді қызметтер банк пен клиенттің 1 жылға дейінгі мерзімдегі ынтымақтастығы;
  • орта мерзімді - 1 жылдан 3 жылға дейін;
  • ұзақ мерзімді - 3 жылдан астам.

Қысқа мерзімді, орта мерзімді  және ұзақ мерзімді қызметтерге банк пен клиенттің  жасасқан келісімшарттары бойынша (несиелік, депозиттік, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, ипотека, лизинг, сейфтік қызмет көрсету және т.с.с.) осы келісімшартта көрсетілген тұрақты уақыт мерзімінде жатқызылған.

Жаңашылдық дәрежесі бойынша:

  • дәстүрлі банктік қызмет;
  • жаңарған;
  • инновациялық.

Инновациялық банктік қызметтерге  егжей-тегжейлі тоқталу орынды. Инновациялық банктік қызмет жоғары пайда табуға,  коммерциялық банктің дамуын ынталандыратын және инвестициялайтын, тұтынушылардың жаңа қажеттіліктеріне бағытталған жаңа және жетілдірілген банктік қызметті жасауға бағытталған банктік қызметтің инновациялық түрі болып табылады.

Н.К.Мамыров атап өткендей,  инновацияның дамуына әсер ететін механизм, бірінші кезекте, нарықтық бәсеке.

Банктік қызметтер нарығында банктік инновацияның пайда болуы бірқатар себептермен байланысты:

  • банктік саланың, сондай-ақ  банктер мен қаржылық-несиелік ұйымдардың  ішінде бәсекенің күшеюі;
  • банктік қызметтерден жаңа табыс көздерін іздеу;
  • шетелдерде банктік қызметтердің қызмет етуі туралы ақпарат;
  • банктік менеджерлердің банк қызметін әмбебап етуге бағытталған мақсаттары;

Қазақстан Республикасында инновациялық банктік қызметтердің пайда болуы мен кеңеюінің себептеріне, сондай-ақ келесілерді жатқызуға болады:

  • Қазақстанның БСҰ (Бүкіләлемдік сауда ұйымы) кіруі;
  • Қазақстан банк жүйесінің Еуропалық Одақпен интеграциясы;
  • қазақстандық банктердің әлемдік ірі банктермен ынтымақтастығы;
  • екінші деңгейдегі банктер қызметін реттеудің күшеюі.

Жоғарыда аталып өткендей, нарықтық қатынастар кезінде инновацияның  басты стимулы - коммерциялық банктерде көрсетілген қызметтер түрінде айқындалатын бәсеке болып табылады. Банктік қызметтер әртүрлі параметрлер бойынша ерекшеленеді: проценттік мөлшерлеме деңгейімен, несие мен депозиттер мерзімі және т.б. Т.Е.Рубинштейн мен О.В.Мирошкинаның пікірінше,  және, инновациялық қызмет анықтамасынан шығатын, банктік қызметтердің бірқатар  параметрлерінің  өзгеруі инновация болып табылмайды.  Мысалы, салымдар бойынша проценттік мөлшерлеменің өзгеруі, депозиттер мерзімінің  өзгеруі және т.с.с. инновациялық қызмет болып табылмайды, өйткені мұндай әрекет нәтижесінде  жаңа қызметтің пайда болуына алып келмейді11. Демек, коммерциялық банктердің инновациялық қызметі жаңа қызметтерді жасау мен енгізумен айқындалады, ия көрсетілетін қызметтердің мәліметтерді өңдеу технологиясын өзгертуге алып келетін параметрлерін өзгерту. Мысалы, электрондық есеп-айырысудың пайда болуы күндіз-түні өз шоттарының жағдайы туралы ақпарат алуға және төлем-есепайырысудың барлық түрін жүргізуге мүмкіндік туғызатын «банк-клиент» қызмет көрсету жүйесінің пайда болуына өз септігін тигізді. Берілген  инновациялық банктік қызмет пен қызмет көрсету технологиясының арасындағы  өзара байланыс инновацияның бірінші түрі - инновациялық қызметтерді  бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.

Информация о работе Бөлшек қызметтер нарығындағы банкаралық бәсеке