Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2015 в 13:40, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттің банктік жүйесі – ең бір маңызды, әрі нарықтық экономиканың ажырамас құрылымдарының бірі. Тарихи тұрғыдан тауар өндірісі мен тауар айырбасы және банктер бір-бірімен қатар және біріне-бірі аралас дамыды. Онда банктер есеп айырысуда, шаруашылықты несиелеуді жүргізу арқылы капиталды қайта бөлуде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттырып және қоғамдық еңбектің өнімділігін өсіруге әсер етеді.
Кіріспе............................................................................................................3
1. Банктік қызметтер нарығының қызмет етуінің теориялық негіздері
Банктік қызметтер: маңызы,түрлері және ерекшеліктері..............6
1.2. Банктердің бөлшек сауда нарығына ұсынатын қызметтерінің
теориялық аспектісі.....................................................................................19
2. Коммерциялық банктердің бөлшек сауда нарығындағы қызметтері.............................................................................................................29
Депозиттер бөлшек сауда нарығында көрсетілетін қызметтердің
негізгі түрі ретінде ......................................................................................29
2.2. Несиелендіру – банктің негізгі табыс көзі ретінде...........................35
2.3. Банктің бөлшек сауда нарығына көрсететін басқа да қызметтері..39
3. Қазақстанда ұсынылатын банктік қызметтердің түрлерін көбейту және олардың сапасын жоғарылату жолдары ............................45
Қорытынды................................................................................................57
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................60
Соңғы жылдары Қазақстанның алдыңғы қатарлы банктері әртүрлі инновациялық қызметтер арқылы көрсететін қызметтер аясын кеңейтті:
Е.В.Песоцкая қызметтің өмір циклін «қызмет нарықта өмір сүру қабілеттігі бар және оны өндірушілерге мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін уақыт аралығы»12 деп анықтайды. Жаңа банктік қызметтің өмір циклі төрт кезеңді кіріктіреді:
Жасау кезеңі идеяны іздеу, маркетингтік зерттеулер жүргізуді, қызметтің құру мен жүзеге асыру алгоритмін жасауды кіріктіреді.
Жүзеге асыру кезеңі қызметті банк ішінде және банктік қызметтер нарығында жүзеге асырумен байланысты.
Банктік қызметтің өмір циклінің және оның жекеленген кезеңдерінің ұзақтығы банк пайдалылығының деңгейі мен оның стратегиялық перспективаларына себепші болады. Қызметтің өмір циклін бағалаудағы қолданылатын негізгі белгісі - қызметті өндіру, жүзеге асырумен және жоспарланған пайданы алумен байланысты болатын барлық шығындарды өтеуді қамтамасыз ететін жүзеге асыру көлемі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызмет ету дәрежесі жаңа банктік қызмет көрсету мен оны енгізу өте сирек болатынын көрсетеді. Соңғы жылдары қазақстандық банктермен енгізілген жоғарыда аталған инновациялық қызметтер шетелдік банктердің тәжірибесінен алып пайдаланылады; демек, қазақстандық банктердің инновациялық қызметіне деген негізгі амалы, шетел тәжірибесін игеру мен бейімделуінде болуы керек.
Енді банктік қызметтердің ерекшеліктерін анықтау қажеттігі бар. Банк ерекше түрдегі тауарды шығара отырып, қызмет көрсету саласында жұмыс істейді, демек банктік қызметтерге, бірінші кезекте, қызметтердің барлық түріне лайық болатын ерекшеліктер тән.
Банктік маркетинг туралы әдебиетте банктік қызметтердің келесі ерекшеліктері көрсетіледі:
Банктік қызметтер, оларды ұсынғанға дейін болмағандықтан, мерзімділігіне байланысты анықсыздық дәрежесімен сипатталады.
Маркетинг облысындағы маман - Ф.Котлердің жұмысында қызметтерді тауар ретінде сипаттамасын талдауға негізгі акцент жасалады, соның ішінде төмендегілерді бөліп көрсетуге болады.
Сезілмеу, яғни банкпен ұсынылатын қызметтер материалды объект ретінде сезілмейді, сонымен қатар қызметті көрсеткенге дейін нәтижені бағалауға болмайды. Банктік қызметтердің сезілуін жоғарлатудың негізгі жолдары:
Банктік қызметтерді сақтау мүмкінсіздігі - оларды тауар ретінде сақтауға және кейін сатуға қолдануға болмайды. Банк қызметті алдын-ала жасап және қажет уақытқа дейін қоймаға сақтай алмайды. Сондықтан, нақты бір қызметке сұраныстың жоғарлауы кезінде алдын-ала жоспарлау маңызды, банк кезектердің болмауы үшін не жасайды: басқа бөлімдерден қосымша жұмысшыларды келтіру, банкке басқа уақытта келуін ынталандыру және т.с.с.
Банктік қызмет сапасының тұрақсыздығы банктің ұйым ретінде жұмыс сипатының тұрақсыздығы мен банктік өнімді өндірумен айналысатын банк қызметкерлерінің жұмыс сипатының тұрақсыздығымен байланысты.
Қызметтерді көрсету көзінен банктік қызметтердің бөлінбеуі: банктік қызметтерді жасау мен жүзеге асыру бір уақытта жасалады. Банктік қызметтердің банктен бөлінбеуі дегеніміз қызметтер банктен тыс қызмет етпейді.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, шетел экономистері қызметтердің тауар ретінде ерекшелігін талдауға көп көңіл бөледі, алайда банктік қызметтер аса күрделі болып табылады: банктердің өзіндік табиғатымен, олардың ақша-несиелік қатынастарды ұйымдастырудағы функционалдық ролімен, клиенттермен өзара қарым-қатынастар түрімен сипатталатын өзіндік ерекшеліктер тән.
1.2.
БАНКТЕРДІҢ БӨЛШЕК САУДА
Жоғарыда аталған банктік қызметтердің ерекшеліктерін, сипаттамаларын ашып көргеннен кейін, коммерциялық банктердің бөлшек сауда нарығына көрсететін қызметтердің кең тараған түрлерін келесідей бөліп көрсетуге болады.
Банктердің депозиттік операциялары – бұл заңды және жеке тұлғалардан салымдарға, немесе белгілі бір мерзімге, немесе талап ету бойынша ақша қаражаттарын тарту. Депозиттік операциялардың субъектілері ретінде барлық ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы кәсіпорындар мен жеке тұлғалар бола алады. Депозиттік операциялардың объектілері депозиттер болып табылады, яғни депозиттік операциялардың субъектілерімен банктік шоттарға салынатын ақша қаражаттарының сомалары.
Депозиттік операцияларды жүзеге асыру әрбір несиелік ұйыммен жеке депозиттік саясатты жасауды қарастырады. Коммерциялық банктің депозиттік саясатына банктік ресурстарды қалыптастыру жөніндегі банк қызметінің формаларын, мақсаттарын, мазмұнын анықтауға және оларды жоспарлау мен реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы кіреді. Кез-келген коммерциялық банктің тиімді депозиттік саясатты өндірім мен жүзеге асырудың соңғы мақсаты – банк шығындарын қысқарта отырып, ресурстық базаның көлемін ұлғайту және тәуекелдердің барлық түрін ескере отырып, өтімділіктің қажетті деңгейін қолдау. Коммерциялық банктің депозиттік саясаттың негізгі элементтеріне төмендегілер жатады:
Алу формасына қарай депозиттер келесі түрлерге бөлінеді:
Талап етілмелі депозит - алдын-ала ешбір хабарламаны ұсынбастан клиент тарапынан талап етіле алатын қаражаттар. Оларға жататындар:
- Қазақстанның
банкаралық есеп-айырысулар
- басқа
банктермен корреспонденттік
- талап етілмелі салымдар.
Көптеген коммерциялық банктердің талап етілмелі депозиттері тартылған қаражаттар құрылымында қомақты үлесті алады. Бұл банктік ресурстарды қалыптастырудың арзан көзі болып табылады. Шот иесінің кез-келген уақытта қаражаттарды алу мүмкіндігі аса өтімді емес, бірақ жоғары табыс әкелетін активтерді қысқарту арқылы өтімділігі жоғары активтердің үлесін банк айналымында ұлғайтуды талап етеді. Сондықтан, банктер талап етілмелі шоттардың қалдықтары бойынша өте төмен процент есептейді, немесе мүлдем есептемейді. Кейбір елдерде осы салымдар бойынша проценттерді есептеу заң жүзінде тыйым салынған, өйткені бәсекелестік ортада банктер клиенттердің шоттары бойынша пассивтерге проценттік мөлшерлемені жоғарлата отырып, бір мезгілде пайданың төмендеуіне жол бермеуге тырысып, бұл мәселені жоғары табыс әкелетін тәуекелі жоғары несиелік жұмсалымдар есебінен шешеді, бірақ тәуекелі жоғары несиелер банк өтімділігіне теріс әсер етеді.
Талап етілмелі шоттардың барлық түрін ашу мен қызмет көрсету банк пен клиент арасында сәйкес шартты жасау мен рәсімдеуді қарастырады. Жеке тұлғаға ашылатын шоттар банктің талап етілмелі салымы шартымен жасалынады.
Мерзімді салымдар – белгілі бір мерзімге тартылатын депозиттер. Мерзімді салым бойынша клиентке төленетін сыйақы мөлшері мерзіміне, депозит сомасына және салымшы мен банк арасындағы өзара міндеттемелерге байланысты. Нақты белгіленген сақтау мерзімі коммерциялық банктің баланс өтімділігін сақтауға өте маңызды. Әрине, бұл банктерге мерзімді салымдар бойынша жоғары проценттерді белгілеуге мүмкіндік береді. Мерзімді салымның сомасы мерзімді депозиттік салым шартының қызмет етуінің мерзімінде өзгеріссіз қалады. Ол соманы төмендетуге немесе ұлғайтуға болмайды. Мерзімді салымдарды ағымдағы төлемдерге қолдануға болмайды. Мерзімі өткеннен кейін салымшы кез-келген уақытта салымды ала алады.
Әлемдік тәжірибеде банктік несиелердің бірыңғай жіктелімі жоқ. Бұл жағдай әртүрлі елдердегі банк жүйесінің даму деңгейіндегі несиені беру әдістерінің қалыптасқан ерекшеліктеріне байланысты. Алайда, экономикалық әдебиеттерде несиелерді келесі белгілеріне қарай жіктейді:
- өтеу тәсіліне қарай;
Мақсатына қарай банк несиелері келесі топтарға бөлінеді: өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, сауда, инвестициялық, тұтыну, ипотекалық. Осы аталған несиелердің ішінен бөлшек сауда нарығында кең орын алатын келесі түрлері:
ауылшаруашылық несиелер фермерлерге, шаруа қожалықтарына жерді өңдеуге, егінді жинауға және тағы сол сияқты мақсаттарға жәрдем беру үшін беріледі;
тұтыну несиелері жеке тұлғаларға мұқтаждық үшін, үйді сатып алу мен жөндеуге және тағы сол сияқты қажеттіліктерге беріледі. Қазақстанның бөлшек сауда нарығында берілетін несиелердің ішінен тұтыну несиелері, соның ішінде қысқа мерзімді несиелер үлкен сұранысқа ие.
ипотекалық несиелер - жылжымайтын мүлікті кепілге ала отырып, тұрғын үйді тұрғызу, сатып алу немесе қайта құру мақсаттарына беріледі. Қазіргі кезде, бөлшек сауда нарығында ұзақ мерзімді ипотекалық несиелерге сұраныс күннен күнге өсу үстінде.
Пайдалану мерзіміне қарай банк несиелері онкольді және мерзімді болып бөлінеді. Онкольды несиелер дегеніміз - несие берушінің ресми хабарламасын алғаннан кейін, тұрақты мерзімді қайтарылатын несие.
Мерзімді несиелерді қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді деп бөлуге болады. Қазіргі кезде бөлшек сауда нарығында қысқа мерзімді несиелер пайдалынады.
Қамтамасыз етілуіне қарай несиелер - қамтамасыз етілмеген (бланкілік) және қамтамасыз етілген деп бөлінеді. Бланкілік несиелер – бір класты немесе VIP клиенттерге несие қайтаруды қамтамасыз етудің қандай да бір формасын пайдаланбай берілетін несие.
Қамтамасыз етілген несиелер қазіргі кездегі банктік несиенің негізгі түрі болып табылады. Қамтамасыз ету түріне байланысты оларды – кепіл, кепілдікпен қамтамасыз етілген және сақтандырылған деп бөлу қалыптасқан. Қамтамасыз етілген несие – кепілзат түрінде қамтамасыз етілген несие және ол келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
Өтеу әдістеріне қарай банктік несиелер бір жолғы және мерзімін ұзартып өтелетін несиелер деп бөлінеді. Бір жолғы төлеммен өтелетін несиелер қысқа мерзімді несиені қайтарудың дәстүрлі формасы болып табылады, өйткені заңдық рәсімдеу тарапынан ыңғайлы. Мерзімін ұзартып өтелетін несиелер несиелеудің толық мерзімінде екі немесе одан да көп төлеммен өтеуді ұйғарады. Қайтарудың нақты шарттары несиелік келісімшартпен анықталынып, несиелендірудің объектісіне, несие мерзіміне, инфляцилық процесстерге және тағы да бірқатар факторларға байланысты болады.
Проценттік мөлшерлеменің түрлері бойынша банктік несиелерді тұрақты немесе өзгермелі деп бөлуге болады. Тұрақты проценттік мөлшерлемесі бар несиелер несиелендіру мерзімінің ішінде қайта қарастыру құқығынсыз проценттік мөлшерлемені белгілі бір мөлшерде бекіту. Бұл жағдайда қарыз алушы капитал нарығындағы өзгерістерге қарамастан, алдын-ала келісілген мөлшерлемемен проценттерді төлеу міндеттемесін қабылдайды. Қазақстандық банктік несиелендірудің тәжірибесінде тұрақты проценттік мөлшерлемені жиі қолданады.
Жаңа технологиялардың дамуымен, адамдардың уақытын үнемдеу мен қаражаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып, банктердің бөлшек сауда нарығына бағытталған қызметтердің бірі – пластикалық карточкалар. Пластикалық карточка – мақсаты бойынша, көрсететін қызмет түрі бойынша, өзінің техникалық мүмкіндіктері бойынша және оларды шығаратын ұйымдар бойынша ерекшеленетін, карточкалардың барлық түрін біріктіретін термин. Жетілдіруіне қарамастан, барлық карточкалардың маңызды ерекшелігі – онда әр түрлі қолданбалы бағдарламаларда қолданылатын, белгілі бір ақпараттар жиынтығы сақталынады. Ақша айналымы саласында пластикалық карточкалар қолма-қолсыз есеп-айрысуларды ұйымдастырудың прогрессивті құралы болып табылады. Электронды ақшалай есеп-айрысулар жүйесін құру процесінде Батыста пластикалық карточкалардың сыртқы түріне белгілі бір стандарттарды жасаған ISO (International Standarts Organisation) ұйымы құрылды; шоттарды нөмірлеу тәртібі; магниттік таспалардың формасы: карточка иесіне жасаған операциялары туралы жіберілетін ақпарат формасы. ISO мүшелері болып VISA, Master Card, American Express сияқты карточкалардың ірі эмитенттері табылады.
Информация о работе Бөлшек қызметтер нарығындағы банкаралық бәсеке