Бөлшек қызметтер нарығындағы банкаралық бәсеке

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2015 в 13:40, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттің банктік жүйесі – ең бір маңызды, әрі нарықтық экономиканың ажырамас құрылымдарының бірі. Тарихи тұрғыдан тауар өндірісі мен тауар айырбасы және банктер бір-бірімен қатар және біріне-бірі аралас дамыды. Онда банктер есеп айырысуда, шаруашылықты несиелеуді жүргізу арқылы капиталды қайта бөлуде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттырып және қоғамдық еңбектің өнімділігін өсіруге әсер етеді.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................3

1. Банктік қызметтер нарығының қызмет етуінің теориялық негіздері
Банктік қызметтер: маңызы,түрлері және ерекшеліктері..............6
1.2. Банктердің бөлшек сауда нарығына ұсынатын қызметтерінің
теориялық аспектісі.....................................................................................19

2. Коммерциялық банктердің бөлшек сауда нарығындағы қызметтері.............................................................................................................29

Депозиттер бөлшек сауда нарығында көрсетілетін қызметтердің
негізгі түрі ретінде ......................................................................................29
2.2. Несиелендіру – банктің негізгі табыс көзі ретінде...........................35
2.3. Банктің бөлшек сауда нарығына көрсететін басқа да қызметтері..39

3. Қазақстанда ұсынылатын банктік қызметтердің түрлерін көбейту және олардың сапасын жоғарылату жолдары ............................45

Қорытынды................................................................................................57

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................60

Прикрепленные файлы: 1 файл

айнура.docx

— 100.51 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Алматы Технологиялық Университеті

 

 

 

«Бухгалтерлік есеп және қаржы» кафедрасы

«Банк ісі» пәнінен

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

Тақырыбы: Бөлшек қызметтер нарығындағы банкаралық бәсеке

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Шеримбетова А М.

Тексерген: доцент Оразалиев Б. М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2014

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе............................................................................................................3

 

1. Банктік қызметтер нарығының  қызмет  етуінің  теориялық негіздері

    1. Банктік қызметтер: маңызы,түрлері  және ерекшеліктері..............6

1.2. Банктердің  бөлшек сауда  нарығына  ұсынатын  қызметтерінің 

теориялық аспектісі.....................................................................................19

 

2. Коммерциялық  банктердің бөлшек  сауда нарығындағы қызметтері.............................................................................................................29

 

    1. Депозиттер  бөлшек сауда нарығында көрсетілетін қызметтердің

негізгі түрі ретінде ......................................................................................29

2.2. Несиелендіру  – банктің негізгі табыс көзі  ретінде...........................35

2.3. Банктің  бөлшек сауда нарығына көрсететін басқа да қызметтері..39

 

3. Қазақстанда ұсынылатын банктік  қызметтердің түрлерін көбейту  және олардың  сапасын жоғарылату  жолдары ............................45

 

Қорытынды................................................................................................57

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................60

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Мемлекеттің банктік жүйесі – ең бір маңызды, әрі нарықтық экономиканың ажырамас құрылымдарының бірі. Тарихи тұрғыдан тауар өндірісі мен тауар айырбасы және банктер бір-бірімен қатар және біріне-бірі аралас дамыды. Онда банктер есеп айырысуда, шаруашылықты несиелеуді жүргізу арқылы капиталды қайта бөлуде делдал ретінде өндірістің жалпы тиімділігін арттырып және қоғамдық еңбектің өнімділігін өсіруге әсер етеді.

Қазіргі дамыған тауар және қаржы нарығы жағдайында банктік жүйе құрылымы аса күрделене түсуде. Қаржы-несие мекемелерінің жаңа түрлері, сондай-ақ клиентке қызмет көрсетудің жаңа әдістері мен несие құралдары пайда болуда.

Қазақстанның нарықтық жүйеге өту кезінде шетел банктік практикасына қызығушылық арта түсуде. Коммерциялық табысқа бағытталып, жеке және ұжымдық меншікке негізделген динамикалық, икемді несие жүйесі қалыптасуда. Қазіргі кезде капитал нарығында тиімді қызмет ететін механизм, несие жүйесінің институциональдық құрылымының оптимальды формасы және коммерциялық құрылымдарға қызмет көрсетудің жаңа тәсілдері іздестірілуде. Солардың бірі – коммерциялық банктердің бөлшек сауда нарығындағы қызметтері.

Банктік қызмет нарығының дамуы – көп жағдайда көрсетілетін банктік қызмет түрлерінің оптимальды арақатынасына және әртүрлі шаруашылық субъектілер қызметіне тәуелді, сонымен қатар өзара байланысты.  Банктік қызмет нарығының дамуын тежейтін мәселелердің бірі аймақтарда банк желісінің қысқартылуы болып табылады. Осыған орай, республика территориясында банктердің әркелкі орналасуынан банктер тартқан қаражат пен берілген несиелердің аймақаралық диспропорциясының нәтижесінде Қазақстанның  кейбір облыстарының жекелеген үлкен елді мекендері банктік қызметтермен толық қамтамасыз етілмеуі байқалады.

Қазақстанда несиелік қатынастардың дамуына  жағдайлар жасалған, бірақ оларды бірқатар себептерге байланысты шектеулі түрде пайдаланады. Осы себептердің қатарына жататындар: экономиканың нақты секторының қажеттіліктерін толық  қанағаттандырылмауы; қарыздардың  әртүрлі топтарына несиенің нақты проценттік мөлшерлеме деңгейінің жоғарлылығы; берілу  мерзімінің өзгермеуі; банк секторының несиелік және валюталық тәуекелдерге ұшырағыштығы; несие валютасындағы үлкен айырмашылықтар; банктердің валюта түрлері бойынша несиелік және депозиттік портфелінің теңгерімсіздігі.

2003 жылы үкімет  қабылдаған ˝2015 жылға дейінгі  Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық  даму стратегиясында˝ аталып  өткен несиелендірудің үш деңгейлі  жүйесінің дамуы  банктік қызметтерді  ұсынудың сапасын жақсарту шараларының  бірі деп айқындалды.   Нарықтық  қатынастар жағдайында Қазақстанда  банктер мен клиенттердің арасындағы  ынтымақтастығы, ал клиенттердің  банкті таңдаған кезде  қызмет сапасы мен деңгейі сияқты критерийлерді басшылыққа алуы қажет. Алайда, көптеген банктер тек өз мүдделерін ғана басшылыққа алады. Клиенттермен серіктестік қатынастардың құрылуына кедергі болатын себептердің бірі клиенттердің  әртүрлі және қомақты қаржылық қажетін қанағаттандыру үшін  стандартты қызмет пакетін қайта жасақтауға ынтасының болмауы болып табылады. Шетел банк тәжірибесін талдау кезінде тек өз мүдделерін ғана ойлайтын  банктерге қарағанда клиенттерге қызметтерді ұсыну барысында  көрсетілетін қызмет сапасына көп көңіл бөлетін банктердің елеулі бәсекелік артықшылығы бар.  Қазіргі кезде Қазақстанның  банктік қызмет нарығының жағдайы  нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес  банктік бизнес-процестерді қайта құруды (реинжиниринг) талап етеді.  Көрсетілетін қызметтің сапасын   жоғарылату мақсатында клиенттерге қызмет көрсетудің жеке банктік технологиясын құру  бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

    1. БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР: МАҢЫЗЫ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Нарықтық қатынастардың дамуы дамыған банк қызмет көрсету нарығының болуын талап етеді. Нарық − ол нақты бір тауар немесе қызметке сұраныс және ұсыныс.

Қазақстандық  экономистер осы нарықты - нарықты экономиканың басты  элементі  ретінде көрсетіп және оны әртүрлі критерийлер бойынша, соның ішінде келесілерді ерекшелейді: нарықтық қатынастар объектілерінің экономикалық бағыты (тауарлар мен қызметтер нарығы, еңбек нарығы, ноу-хау нарығы және т.с.с.); географиялық  орналасуы жағынан жіктелуі; сала мен аймақ бойынша және т.б.1

Банктік қызмет нарығының қызмет етудің теориялық негіздерін қарастыру негізгі түсініктерін нақтылаудан бастау қажет.

Қазіргі кездегі отандық және шетел әдебиеттерінде  ˝банктік  операциялар˝, ˝банктік қызметтер˝ және  ˝банктік өнімдер˝ деген түсініктерге  әртүрлі анықтамалар мен сипаттамалар ұсынылған. Көптеген авторлар осы категориялар арасында айтарлықтай өзгешеліктер жасамайды. Зерттеу объетілерін анықтау мақсатында және оның ˝банктік  операция˝ мен ˝банктік өнім˝  түсініктерінің арасындағы өзара байланысты анықтау үшін ˝банктік қызмет˝  түсінігін  нақтылап, ашу керек.  Ол үшін экономикалық әдебиеттерде жиі кездесетін ˝банктік  операция˝  түсінігін нақтылаудан бастау керек.

Н.Қ.Мамыровтың редакциясындағы Банктік және қаржылық-экономикалық терминдер сөздігінде  келесі анықтама келтірілген: ˝Банктік операция - бұл коммерциялық банктермен жүргізілетін операциялар, олар пассивті (банк шотына ресурстарды түсіру), активті (банктік ресурстарды орналастыру бойынша) және комиссиялық болып бөлінеді˝.2

Қазақстан Республикасы Президентінің ˝Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызмет туралы˝  Заң күші бар Жарлығының 30 баптың 2б. сәйкес, банктер бірқатар операцияларды жүргізе алады. Банктік операцияларға жатқызылатын көптеген  операциялар (есеп-айрысу, кассалық, несиелік,  сенімді басқару және т.б.)  арнайы уәкілетті органның сәйкес рұқсатымен тек банктер ғана емес, сонымен бірге басқа да несиелік ұйымдар жүргізе алады.

Алайда, банктердің ерекше қызметі бар - ол төлем құралдарын құру, оларды айналымға шығару және  алып тастау. Сонымен бірге, кейбір ресейлік экономистердің  пікірі бойынша айналымды төлем құралдармен қамтамасыз ету - банктердің қызметінде  жекеленген бағыты болып табылмайды,  ол депозитті, есеп-айырысу, несиелік және басқа операциялар арасындағы  үздіксіз байланысты айқындайды.

Жоғарыда аталғанды ескере отырып, банктердің табиғатын анықтайтын операцияларға келесілерді жатқызуға болады: заңды және жеке тұлғалардан депозиттерді қабылдау; несие беру; инкассация мен кассалық қызмет көрсету.

 ˝Банктік  операция˝ түсінігінің әртүрлі  түсіндірмесін қарастырғаннан кейін, оны келесі түрде нақтылауға  болады: банктік операция - елдің  Орталық банкісімен лицензияланған, банктердің  меншікті және келтірілген  ресурстарды жасау және орналастыру  бойынша, сондай-ақ банктердің комиссиялық  сыйақы үшін клиенттердің тапсырмасын  орындау.

Енді, ˝қызмет˝ және ˝банктік қызмет˝ түсінігін қарастыру қажет.

Үлкен экономикалық  сөздікте келесі анықтама берілген: ˝қызмет - зат түрінде емес, әрекет түрінде берілетін  игілік˝3.  Р.Кохтың пікірінше, қызмет, сервис, - материалдық өнім емес, материалды емес  немесе дайын өнімнің құнын жоғарлататын бизнес. ˝Сервис - сатып алушыларға қамқорлық көрсету, олардың талаптарын қанағаттандыруға дайындық. Сервис деңгейі - кез-келген компанияның маңызды сипаттамасы, бәсекелестік  күрес, негізгі қаруы, өзінің нарықтағы үлесін жоғарлатуға және үлкен табыс алуға мүмкіндік береді˝4.

Экономикалық көзқарас бойынша, қызмет (сервис) - бұл еңбек, кеңес беру, басқару өнері түріндегі тауар немесе игілік.

˝Банктік қызметті клиенттің мүддесі үшін банкпен нақты іс-әрекеттерді орындау деп сипаттауға болады˝.5

Банктік қызмет – банк қызметінде клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған жеке  банктік операциялар. Көпшілік банктік қызметтер материалды емес, идеалды  өнім болып табылады, сонымен бірге, олар тағы бір ерекше өнім - ақшамен байланысты, олардың құнын дәстүрлі түрде анықтауға болмайды.

Е.С.Стоянованың пікірінше, банктік  қызмет - клиенттердің қажетсінулерін қанағаттандыру  формасы, ал банктік өнім - клиентке қызметті көрсету әдісі. Осыдан барып, банктік өнімдерді, бір ғана  қызмет көрсету арқылы банктің бір функционалдық бөлімшесі жүзеге асыратын қарапайым өнімдер, және күрделі өнімдер, оларды жүзеге асыруда клиентке кешенді қызмет көрсету арқылы ұзақ уақыт аралығында банктің бірнеше бөлімшелері тартыла алатын өнімдер деп бөлінеді.

Е.С.Стоянова ˝Финансовый менеджмент˝ деген еңбегінде  ˝банктік триада˝ терминін енгізеді - ˝өнім - операция - қызмет˝ үш түсініктің ұштасуы. ˝Банктік триада˝ түсінігін енгізудің мақсаты - оның көмегімен ˝клиенттерге қызмет көрсетудің банктік технологиясы˝ түсінігін нақтылауға болатындығы.

Күрделілік дәрежесі бойынша Е.С.Стоянова триаданы 3 топқа бөледі: қарапайым, құрамдастырылған  және біріктірілген. Олар келесі кестеде көрсетілген6:

Триадалар

Өнім + Операциялар + Қызметтер

элементарлы

қарапайым

типтік

бұқаралық

құрамдастырылған

күрделі

кешенді

топтық

біріктірілген

жүйелі

процесске біріктірілген

жеке


 

Е.С.Стояновамен барлық үш түсінікті - ˝банктік операцияны˝, ˝банктік өнімді˝ және  ˝банктік қызметті˝ триада көзқарасынан қарастыру қажет,  алайда ˝банктік операция˝ түсінігі  ˝банктік қызмет˝ түсінігінен кең болғаны дұрыс емес. Өйткені, банктік операциялардың әрбір тобына көптеген әр түрлі қызметтер сәйкес келеді, ал банк әрбір банктік қызмет бойынша белгілі бір банктік өнімдерді жасайды. Мысалы, пассивті операция  бойынша банктік қызметтің бірі - жеке тұлғалардан депозиттерді қабылдау болып табылады. Нақты бір клиентпен белгілі бір мерзімге және белгілі бір проценті бар сомаға депозиттік келісімшарт жасасу - банктік өнім болып табылады. Сонымен, жоғарыдағы  мысалда: операция - пассивті, банктік қызмет - жеке тұлғадан депозитті қабылдау, банктік өнім - рәсімделген  депозиттік келісімшарт.

Демек, банктік триаданы,  ˝операция - қызмет - өнім˝ дәйектілікпен қарастырған дұрыс.

Отандық және Ресей әдебиеттері мен тәжірибесінде ˝банктік өнім˝ термині нарықтық экономикаға өтумен пайда болды. ˝Кез-келген банктік өнімнің негізіне қандай да бір қажетсінуді қанағаттандыру қажеттілігі жатыр˝7.

Американың экономикалық әдебиеттерінде банкпен жасалған кез-келген қызметті немесе операцияны ескере отырып, банк өнімі (bank product) туралы айту қалыптасқан. Банктік өнім-клиенттерге типтік шартта ұсынылатын, жеке банктік қызмет немесе банктік қызметтердің жиынтығы. Мысалы: бағдарламалық несие,  мақсатты салым, депозиттік сертификат, пластикалық карточкалар.

Ресейлік ғалымдар, маркетинг мамандары банктік өнімді банктің активті және пассивті операциялары бойынша қызметтер кешені ретінде қарастырып,  банктік өнімнің 3 деңгейін бөліп көрсетеді8:

  • бірінші деңгей - негізгі өнім, басқаша айтқанда, базалық ассортимент: несиелеу, есеп-айырысулар, валютамен операциялар бойынша және т.б. қызметтер;
  • екінші деңгей -  нақты өнім, немесе банктің негізгі бағытына әсерін тигізбейтін, үнемі өзгеріп отыратын ағымдағы ассортимент;
  • үшінші деңгей - кеңейтілген банктік өнім. Осы деңгейдің қызметтері клиенттермен достық қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған, оған жан-жақты көмек көрсету, сыртқы экономикалық байланыстарға қызмет көрсету, қаржы, менеджмент облысындағы шығармашылық ойлар, банкирдің жеке кеңесі, бейресми қатынас.

Информация о работе Бөлшек қызметтер нарығындағы банкаралық бәсеке