Шпаргалка по предмету "Философия"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2014 в 21:50, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по предмету "Философия" на казахском языке.

Прикрепленные файлы: 1 файл

filosofia_1 (1).docx

— 192.50 Кб (Скачать документ)

Идеалист философияның қайсысы болсын сана, идея, рух материядан тыс, дербес өмір сүріп қана қоймайтынын, қайта сол материяны билейтін, оның қозғалысын, дамуын қарастыратын күш деп түсінді. Мұндай бүкіл табиғатты жанды деп қараған ұғымды философияда гилозоизм деп атайды. Сана - материядан мүлде өзгеше сапа, рухани құбылыс. Сана әрқашанда белгілі бір қоғамдық даму дәрежесіне сәйкес келеді. Ол үлкен шығармашылық процесс. Өйткені сана обьективті дүниенің механикалық бейнесі  емес. Сана тек негізгі принцип бойынша, шығу көзі жағынан, бейнеленуі тұрғысынан ғана өмірден туындайды. Сана тек бейнелеу емес, ол сонымен қатар белгілі бір қатынас. 

Діни түсінік бойынша, адамгершіліктік заң адамға сырттан, құдай дан беріледі.

Діни сана - жаратылыстан тыс күштерге, құдайға деген сенімнен туындайтын көзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардың жиынтығы. Діни сананың құрылымына діни психология (діни идеялардың белгілі бір жүйесімен байланысты стихиялық түрде қалыптасатын түсініктердің, сезімдердің, көңіл-күйлердің, əдет-дəстүрлердің жиынтығы) жəне діни идеология (діни идеялар жүйесі, оны қалыптастыру жəне тарату ісімен діни ұйымдар, дінбасылар, діни қызметшілер айналысады) кіреді. Діни идеологияның маңызды бөлігі болып теология есептеледі, ол құдай, оның қасиеттері, сапалары, белгілері туралы ілімнің жүйелі баяндалуы жəне негізделуі. Діни сенімге деген екі түрлі көзқарас бар. Атеистік көзқарас дін өмір шындығын бұрмалап, фантастикалық тұрғыдан түсіндіреді десе, дінді қолдаушылар онынағыз ақиқат, танымның ең жоғарғы сатысы, адам өмірініндегі барлық сұрақтарға жауап бере алатын, қоғамдық сананың басқа формаларының бəрінен асып түсетін формасы деп тұжырымдайды. Қазіргі қоғамда екінші көзқарас басымырақ.

Сана туралы ғылыми көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға – адам миына ғана тән қасиет. Оның дәледі ретінде адамның миы зақымданғанда оның ойлау, психикалық қызметі бұзылатынын айтсақ жеткілікті. 
Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нәрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ой-өрісін кеңейтті, еңбек құралдарын бірте-бірте жетілдіре түсті. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты, олардың бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын, сезім органдарын дамытты, есту, көру. сезу, қабілетін күшейтті, санасын қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым жасауға құштарлық еңбек пен тілге қайта әсер етті, оларды дамытуға жаңа күш берді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

49. Сана бейнелеу және іс-әрекет  ретінде: шығармашылық және интуиция  мәселесі.

Сана дегеніміз-объективті дүниенің адам миында пайда болатын  субъективтік, сәулесі. Бірақ, ол жай бейне емес, шығармашылық бейне.  Сананың түрлері көп. Ол жеке адамның санасы және қоғамдық, қарапайым және теориялық. Ғылыми және ғылымға қарсы, прогресшіл және керітартпа сана болып бөлінеді. Қоғамдық сана – көпшіліктің рухани құралына айналған сана, мәселен, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, т.б. Қоғамдық сана – қашанда қоғамдық болмыстың бейнесі, соның туындысы. Қоғамдық болмыс алғашқы. Өйткені, ол қоғамдық санадан тыс, одан тәуелсіз  өмір сүреді. Қоғамдық сана әр адамның жеке санасынан гөрі жоғары, ауқымды. Қоғамдық сананың түрлері бір-біріне әсер етуі, біріне-бірі ықпал жасауы заңды құбылыс. а)Саяси сана – таптардың, ұлттардың,  мемлекеттің түбегейлі мақсаттарын қолдап, уағыздап отыратын қоғамдық ой формасы. Саяси санадағы басты мақсат - әкімшілдік-әміршілдік жүйенің қалдықтарын жою, демократия,  яғни халықтың өз өкіметіне, дүниені дүндараз қоғамдық жүйелерге бөлуден гөрі қайшылықтары болса да, көп жағынан біртұтас екенінұғынып, соған көшу болып табылады.

б)Құқылық сана. Бұл сананы жасаушы үстем тап, оның көзқарастары. Мақсаты – оның экономикалық және саяси мүдделерін жақтап, оны нығайту. Құқық дегеніміз, К.Маркс айтқандай,экономиколық жағынан үстем таптың заңға айналдырған еркі. Құқылық сананың негізгі мақсаты – демократияны, заңдылық нормаларын, адамдардың құқығы мен бостандығын қорғау

в) Моральдық сана. Қоғамдық сана түріне жататын мораль – адамдардың бір-біріне деген қатынасын белгілеп, тарихи өзгеріп отыратын нормалардың, принциптердің, ережелердің белгілі жиынтығы. Мораль адамдардың өз табына және басқа таптарға, мемлекетке, өз халқына және басқа халықтарға, адамның адамға қатынасын бейнелейді. Мораль қоғамдық сананың ең көне түрлерінің бірі, өйткені, адам қоғамдық жан ретінде қалыптасып, қоғамда ғана өмір сүре алатындықтан, өзара белгілі бір моральдық қатынас нормаларын сақтауға  тиіс.

г) Эстетикалық сана. Қоғамдық сананың тағы бір формасы - өнер. Ол обьективті ақиқатты бейнелеп көрсетеді. Көркемдік бейне құбылыстарды нақты сезімталдық түрде барынша ерекше, типтік тұрғыдан бейнедейді. Сана сол қоғамның ғана бейнесі деуге болмайды. Өйткені, бір қоғамдық болмыста неше түрлі саналар қатар өмір сүруі мүмкін.Қандай қоғам (құлдық, феодализм, капитализм, социализм) болсын, ол қоғамның үстемдік құрған таптардың мақсаты өздеріне тиімді қоғамдық пікірді, саясатты, құқықты, моральдық, идеологиялық принциптерді халықтың санасына сіңіру болып табылады. Бірақ әрбір адамның ой-өрісі қоғамдық санамен ғана толысып кемелденбейді.

Интуицианың келесi түрлерiн атауға болады: сезiмдiк және интелектуалды, қарапайым және профессионалды. Платон интуицияны “ерекше iшкi көз”, “ақылдың жоғары қасиетi”, аяқ-астынан жанама бiлiм алу деп түсiндi. Декарт интуицияны интелектуалды сфераға жатқызып, оны ақылдың мұқият және ашық түсiнiгi деп жариялады.Қазырғы заман әдебиетте келесi аңықтама берiледi: Интуиция- бұл ақиқатқа дәлелдемелер арқылы емес, оны тiкелей көрiп өту жолымен жеткен  интелектуалды феномен. Интуиция адамның шығармашылық әрекеттерiмен де тығыз байланысты, өйткенi ол белгiлi бiр жанашылдықты қамтамасыз етедi; жаңа техникалық шешiм, дараөнердiн өзiндiк шығармасы т.б. Шығармашылық- дегенiмiз үнемi бiр жаңаны iздеу барысында  белгiлiнiң, стандартты, дәстүрлi, үйреншiктiнiң шекарасын бұзуды бiлдiредi. Жоғары шығармашылықтың туындыларына сапасы жаңа материалды және рухани құндылықтарды, адамның үлгiлi емес әрекеттерiнiң нәтижесiнде пайда болған  дүниеде аналогы жоқты айтады. Нағыз шығармашылық интуициясыз мүмкiн емес, мұнда саналы мен бейсаналы процестер қатар жүредi, екеуiн ажырату қиынға түседi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

50. Адам философиясы: өмірдің мәні.

Адам, оның өмірі – басы мен аяғы жоқ, шексіз де шетсіз әлемнің тарихындағы бір ғана сәт немесе өте кішкене әлем. Адам - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы – «Адам дегеніміз не» мәселесі. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтап, барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани – практикалық іс - әрекетінің жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді.

Адам – бұл, ең алдымен, тірі жүйе. Ол руханилық пен биологиялық негіздердің бірлігі болып табылады. Адам табиғатынан белсенді, іс - әрекетке бейім. Ол өзінің өмірі мен тағдырын өзі жасайды. әртүрлі іс - әрекетке икем. Еңбек ету, саясат, таным, тәрбие адамның жаңа әлемді тудырушы ретіндегі тіршілігінің негізгі тәсілі болып табылады. Осындай белсенділігі арқылы ол өзінің өмірде бар екенін, осы өмірдегі иесі екенін басқаларға білдіруді мақсат етеді. Адамның мүмкіндігі өте мол. Ол өмірде өзінің бойындағы қабілетін іске асыруға басқаларға ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленуге тырысып бағады. Адам өмірде де бір – біріне ұқсамайтын өзіндік мінез – құлық еркекшелігімен дараланса, өнерде де өз қолтаңбасымен даралануға ұмтылады.

Адам өмірінің мәніне қатысты мәселе — ол әр адамның өзінің жеке мәселесі. Дүние жүзінде қанша адам болса, сонша өмірлік ұстаным бар. Ал талқының, пікір алмасудың ешқашан артықшылығы болмайтыны анық. Көптеген философтар өмірдің мәнін жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдық нормаларды бейнелейтін реттеуші үғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мәнін белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастың қамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек. Өмірдің мәні туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар өмірдің мәні әр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек.

Өмірдің мөні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол — бақыт туралы ұғым. "Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде" деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек. Адамның төзімділігінде шек жоқ. Адам ақылдың, ойдың, сезімнің ғана емес, сонымен қоса ол төзімнің де кеніші. Адамның бойында керемет тәни күш пен қуат та бар. Адам рухани қиындықпен қатар, тәни ауыртпалықтың қандайына да төтеп бере алады. Адамның бірегейлігінің өзі осыдан көрініс тапса керек. Өмірге құштарлығымен бірнеше ұрпақтың назарын аудара білген орыс жазушысы Николай Островский: "Төзуге мүмкін болмайтын жағдайда да өмір сүре білу керек" деп жазған еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

51. Қоғамдық сананың түрлері: моральдік, этикалық, саяси құқықтық және  діни сана. Ғылым қоғамдық сананың  бір формасы ретінде.

Сана дегеніміз-объективті дүниенің адам миында пайда болатын  субъективтік, сәулесі. Бірақ, ол жай бейне емес, шығармашылық бейне.  Сананың түрлері көп. Ол жеке адамның санасы және қоғамдық, қарапайым және теориялық. Ғылыми және ғылымға қарсы, прогресшіл және керітартпа сана болып бөлінеді. Қоғамдық сана – көпшіліктің рухани құралына айналған сана, мәселен, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, т.б. Қоғамдық сана – қашанда қоғамдық болмыстың бейнесі, соның туындысы. Қоғамдық болмыс алғашқы. Өйткені, ол қоғамдық санадан тыс, одан тәуелсіз  өмір сүреді. Қоғамдық сана әр адамның жеке санасынан гөрі жоғары, ауқымды. Қоғамдық сананың түрлері бір-біріне әсер етуі, біріне-бірі ықпал жасауы заңды құбылыс. Қогамдық сана – қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған ортаны түйсінуінің (осознание) нәтижесінде пайда болатын қогамдағы әр түрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиынтыгы. Ол қоғамдық болмысты бейнелейді, бірақ салыстырмалы түрде белсеңді, яғни, қоғамдық болмысты пассивті бейнелеп қана Қоймай, өзі де қоғамдық болмыстың дамуына белсенді әсер етіп отырады.

а) Қоғамдық сананың формаларының арасында саяси сана ерекше орын алады, себебі онда экономикалық, таптық қатынастар, мемлекеттік және таптық мүдделер, билік мүдделері, әлеуметтік байланыстар тікелей, мүмкіндігінше айқын және толық керініс табады, сондықтан да саяси сана қоғамдық сананың басқа формаларына айқындаушы ықпал етеді. Саяси сана – таптардың, ұлттардың,  мемлекеттің түбегейлі мақсаттарын қолдап, уағыздап отыратын қоғамдық ой формасы. Саяси санадағы басты мақсат - әкімшілдік-әміршілдік жүйенің қалдықтарын жою, демократия,  яғни халықтың өз өкіметіне, дүниені дүндараз қоғамдық жүйелерге бөлуден гөрі қайшылықтары болса да, көп жағынан біртұтас екенін ұғынып, соған көшу болып табылады.

б) Құқықтық сана. Бұл сананы жасаушы үстем тап, оның көзқарастары. Мақсаты – оның экономикалық және саяси мүдделерін жақтап, оны нығайту. Құқық дегеніміз, К.Маркс айтқандай,экономиколық жағынан үстем таптың заңға айналдырған еркі. Құқылық сананың негізгі мақсаты – демократияны, заңдылық нормаларын, адамдардың құқығы мен бостандығын қорғау. Құқықтық сана – адамдардың мемлекет тағайындаған заң ережелері мен заң мекемелерінің жиынтығы болып табылатын нақты құқыққа деген қатынастарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, теориялары мен түсініктерінің жиынтығы.

в) Моральдық сана. Қоғамдық сана түріне жататын мораль – адамдардың бір-біріне деген қатынасын белгілеп, тарихи өзгеріп отыратын нормалардың, принциптердің, ережелердің белгілі жиынтығы. Мораль адамдардың өз табына және басқа таптарға, мемлекетке, өз халқына және басқа халықтарға, адамның адамға қатынасын бейнелейді. Мораль қоғамдық сананың ең көне түрлерінің бірі, өйткені, адам қоғамдық жан ретінде қалыптасып, қоғамда ғана өмір сүре алатындықтан, өзара белгілі бір моральдық қатынас нормаларын сақтауға  тиіс.

г) Эстетикалық сана. Қоғамдық сананың тағы бір формасы - өнер. Ол обьективті ақиқатты бейнелеп көрсетеді. Көркемдік бейне құбылыстарды нақты сезімталдық түрде барынша ерекше, типтік тұрғыдан бейнедейді. Қоғамдық сана - өте ауқымды да кең ұғым. Ол обьективті өмірді адам санасында жан-жақты бейнелеудің нәтижесі. Оған жататындар: қоғамдық ойлар, теориялар, саяси және құқылы көзқарастар, ғылыми анықтама мен тұжырымдар, т.б. Сана сол қоғамның ғана бейнесі деуге болмайды. Өйткені, бір қоғамдық болмыста неше түрлі саналар қатар өмір сүруі мүмкін.Қандай қоғам (құлдық, феодализм, капитализм, социализм) болсын, ол қоғамның үстемдік құрған таптардың мақсаты өздеріне тиімді қоғамдық пікірді, саясатты, құқықты, моральдық, идеологиялық принциптерді халықтың санасына сіңіру болып табылады. Бірақ әрбір адамның ой-өрісі қоғамдық санамен ғана толысып кемелденбейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

52. Қоғамды философиялық талдаудың  негіздері

Қоғам - объективтік әлеуметтік заңдар негізінде дамитын ашық материалдық жүйе, адамдардың тіршілік ету формасы, әлеуметтік ұйымдасу тәсілі.Барлық әлеуметтік процестердің күрделі жүйесі болып табылатын қоғамдық өмірді көптеген қоғамдық ғылымдар зерттеу объектісіне айналдырып отыр. Философия деңгейінде қоғамдық өмірді зерттейтің ілімді әлеуметтік философия дейміз. Әлеуметтік философия қоғамды біртұтас әлеуметтік жүйе ретінде, оның қызмет етуімен дамуының жалпы заңдары мен қозғаушы күштерін және  табиғи ортамен, бүкіл тұтас әлеммен өзара байланысын зерттейді. Адамның өмір сүруіне қажетті жағдайды жасау, оны үнемі жандандырып отыруға негізделген адамдардың бірлескен қызметі әлеуметтік жүйенің негізі болып табылады.Қоғамдық әмір  әлеуметтік материя ретінде материалдық дүниенің  ең жоғарғы қозғалыс формасы болып табылады. Қоғамның негізгі өмір сүру аясына  материалдық-өндірістік, әлеуметтік, саяси және руханиаят жатады. Қоғам үнемі даму үстінде болатын жүйе. Өзінің дамуында, қоғам бірнеше кезеңдерді басынан кешірді. Мұндай кезеңдерді әлеуметтік ғылым әлеуметтік-мәдени  өркениеттілік өлшемдер  арқылы белгілейді.  Қоғам туралы  философиялық ілімнің тарихи дамуы үзақ уақытқа созылды. Ежелгі дүниенің өзінде ақ  оның көптеген маңызды нұсқалары қалыптасты. Әйгілі көне грек ойшылы Демокрит адамзат тарихын табиғи процес деп білді, ал адамдардын  қоғамдық емес кезеңнен қоғамдық сатыға өтуінің  басты себебі ретінде  »қажеттілікті» қарастырды. Басқа көне грек ойшылы Платон қоғамдық өмірдің парасатты құрылысы ретіндегі »идеалды мемлекет» туралы ілімді қалыптастырып, әділеттілік пен адам табиғаты  арасындағы байланысты айқындауға тырысты. Аристотель де қоғам туралы маңызды идеялар  айтқан болатын. Ол,  қоғамды  әлеуметтік инстинктерді қанағаттандыру мақсатында бірлестікте болатын жеке индивидтердің  жиынтығы деп білді. Сөйтіп қоғам туралы ілімнің негіздері қалана бастады.Ортағасыр философиясында  қоғамдық өмірді діни түсініктер негізінде түсіндіру   басым болды. Жаңа дәуір  философиясы ойшылдары діни түсініктерді терістей келе  қоғам табиғи жолмен пайда болып, дамиды деп есептеді. Қоғамның келісімдік ұйымдасуы туралы концепциялар пайда бола бастады (Гоббс, Руссо және т. б. ). Азаматтық қоғамды индивидтердің жиынтығы ретінде қарастырып, оны механистік тұрғыдан түсіндірді. Объективтік идеализмнің өкілі  Гегель азаматтық қоғамды әлеуметтік мақсаттарға жету жолында  адамдардын »бір-біріне тәуелділігі» деп білді. Классикалық неміс философиясының басқа бір өкілі -Л. Фейербах азаматтық қоғамды табиғи субстанция негізінде байланыста болатын индивидтердің жиынтығы ретінде қарастырды. Жалпы айтқанда,  сол кездегі социологиялық ғылым қоғамды түсіндіруде жаңа деңгейге көтеріліп, жеке рационалды ойлар қорытқанымен  қоғам туралы идеалистік және утопиалық түсініктерден  құтыла алмады. Әлеуметтік философияның келесі даму кезеңі   марксизм философиясымен тығыз байланысты болды. Марксизм  бойынша, қоғам - индивидтердің жай ғана жиынтығы емес, керісінше, сол индивидтердің арасында болатын байланыстар мен қатынастардын жиынтығы болып табылады. Маркс пен Энгельс тарихи материализм ілімін дүниеге әкелді. Тарихи материализмнің жасалуы қогамдық ойдың дамуындағы түбірлі төнкеріс болды. Ол, бір жағынан, тұтас дүниеге – тек табиғатқа қана емес, сонымен қатар қоғамға да,- жүйлі наным көзқарасты қалыптастыруға әсер етсе, екінші жағынан, қоғам өмірінің барлық жақтарының дамуының материалдық негізін ашуға мүмкіндік береді. Қоғам дамуы табиғи- тарихи процесс екендігі туралы негізгі идеясын Маркс қоғам өмірінің әртүрлі саласынан, экономикалық саланы барлық қоғамдық қатынастардан өндірістік қатынастарды негізгі және барлық басқа қатынастарды айқындаушы ретінде бөліп алып қарастырды. Қандай да болмасын қоғамға тән негізгі бастама қажетті өндіріс құралдары екеніне сүйене отырып, адамдардың осы құрал- жабдықтарды өндіру барысында белгілі бір қатынасқа - өндірістік қатынасқа түсуімен байланыстырып, осы өндірістік қатынастардың жиынтығы белгілі бір қоғамның реалды базасын жасайтындығын, ал оның саяси-құқықтық қондырмасын қоғамдық сананың алуан түрлі формалары қалыптастыратынын көреміз. Өндіргіш күштерінің белгілі бір сатысында пайда болатын өндірістік қатынастардың әрбір жиынтығы, барлық қоғамдық формациялардың әрі жалпылама, әрі ерекше, теқ қана олардың біреуіне тән қалыптасу, даму және жоғары сатыға көтерілу заңдылықтарына бағынады.

Информация о работе Шпаргалка по предмету "Философия"