Көне замандағы адамдар әр уақытта
да құдайлар қоршауында болды, олардың
санасынан құдайлар берік орын алды. Үйде
де, түзде де құдайлар адамдармен бірге
болды оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар
қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала
азаматтарын бәле жаладан қорғады. Сондықтан
эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді
ерекше дәріптейді.
Мәдениет негізінде екі үлкен
түрде болады: материалдық және рухани.
Материалдық - бұл өндірістегі
құрал-саймандар техника, құрылымдар және
тағы басқалар.
Рухани - бұл ғылым, өнер, әдебиет
тағы басқалар.
Мәдениеттің бұлай бөлінуі белгілі
шартқа байланысты Олардың арасында тығыз
байланыс, қатынастар бар. Осылардың нәтижесінде
олар бір-біріне әсер етеді. Мысалы, адам
ойындағы кейбір ғылыми-техникалық жобалар,
тұжырымдар нақтылы өмірде жаңа техника,
сайман, басқа құрал-жабдық түріне айналады.
Ал жаңадан пайда болған техника, құрылғы,
технология, жаңа ой-пікірлер, тұжырым,
теория жасауға мүмкіндік туғызады.Материалдық
мәдениет құрамына еңбек құралдарымен
бірге барлық қолмен, ақылмен өңделген
еңбек заттары жатады. Олардың мазмұны
мен түрі мәдениеттің даму сатысын көрсетеді.
Сондықтан мәдениеттегі қазіргі бардың,
болашақтың сабақтастық байланысын тани
білу қажет. Өткендегі құрал – саймандар
із-түссіз жоғалып кетпейді.
Адамдар күнделікті өмірде мәдени
құбылыстарды әртүрлі түсінеді. Біреулері
мәдеениетті қоғамдағы құндылықтарды
адамдардың жете ұғынуы, саналы түрде
меңгеріп алуы десе, екіншілері – қоғамдағы
адамдардың білім мен тәрбие алу процестерінде
пайда болған адамның саналы ақыл-ойы,
мінезі, оның ойлау қабілеті, сезімі ретінде
қарайды.Мәдениет - тұтас бір құбылыс,
оны зерттегенде жүйелі талдау әдісі қолданылады.
Жалпы мәдениет құрылымы екі
үлкен бөліктен құралады:
Материалдық мәдениет. Бұл адамның
табиғатты өзгерту, қайта құру процесімен
байланысты;
Рухани мәдениет. Бұл адамның
рухани дүниесін және оның әлеуметтік
өмірін өзгертумен байланысты болады.
Мәдениеттің мәні мен мазмұны
оның құрылымымен тығыз байланысты. Ал,
оның құрылымы күрделі болғандықтан әртүрлі
элементтерден, бөліктерден тұрады. Мәдениеттің
негізгі элементтерінің ең бастысы және
осыған сәйкес басты атқаратын қызметі
таным, яғни таңба – символдық элемент
болып саналады. Халықта «күш - білімде»
деген сөз бос айтылманы белгілі.
Білім әр уақытта белгілі бар
ұғымдар, түсініктер арқылы қалыптасып,
тілде көрініс тауып, анықталады.
Тіл-адамзаттың білімі мен тәжірибені
сақтап, оны ұрпақтарға жеткізу құралы.
Мәдениет адамсыз жасалмайды.
Адам дамуы мәдениетке байланысты. Тек
осы өзара тәуелдікті анықтай алғанда
ғана мәдениеттің адамзат тарихында, адам
өмірінде алатын орнын түсінуге болады.
Ол б.з.б 33-2-ғ. жасалған көрінеді. Ал енді
мүсін тек адамдарға ғана рухани ләззат
береді. Адамнан басқа тірі жанға оның
ешқандай әсері жоқ болмайды да. Олай
болса, сол мүсіннің тек геометриялық
түрі емес, оның рухани мәні болғанын
байқатады.
Өткен уақыт мәдениеті – халықтық
мұра ол адамның өзі оның өткен жолы, болашағының
сатысы, сондықтан бұрыңғы мәдениет туындыларын
қазіргі сана дәрежесі негізінде қоғамның
осы заманғы қалпына сәйкес бағалау ойлауды
қажет етеді. Мәдениетті қоғам дамуынан
бөліп алуға болмайды, өйткені мәдениет
– сол дамудың көшірмесі, бейнесі, белгілі
бір мағынада болашағы да. Жаңа тарих дәуірі
кейбір антикалық ойларды қайта жаңғыртып,
мәдениет дамуына тиек етті. Солардың
бірі табиғи ортамен байланыстыра
қарау.
Мәдениеттің ерекшелгі сол,
ол тек обьективті шындық түрі ғана емес,
шығу тегі жағынан алғанда, оның обьективті
мазмұны.
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну
үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір
басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырайық.
Осы сипатта біздің зердемізге бірінші
түсетін ұғым өркениет. Өркениет (цивилизация)
семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің
сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер
бұл ұғымды «варварлықтар» деп өздері
атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден
айырмашылықтарын көрсету мақсатында
қолданған. «Өркениет» олардың түсініктері
бойынша, азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті,
заңға негізделген басқару тәртібі бар
Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
Мәдениет пен өркениеттілік
осы екі ұғым біріне-бірі өте жақын. Бірақ
бір емес. Мәдениетт - адам баласының ақылымен,
қолымен жабайы табиғаттан бөліп алып
өңделген заты, құбылыс. Мәдениет пен өркениет
бір біріне байланысты ұғымдар.
Өркениеттілік деген термин
үш түрлі мағынада қолданылады. Кең көлемде
алғанда- алғашқы қауымдық құрылыстан
таптық қоғамға көшу, одан тарлау мағынасында
– бір қоғамдық формациядан екіншісіне
көшу, ақырында, тар мағынада - әрбір елдің
өз алдына даму ерекшеліктері,Үнді өркениеті,
Вавилион өркениеті.
Дүниежүзілік мәдениеттің дамуы
- мәдениеттің бір сатыдан екінші сатыға
көтерілуі, ол қоғамдық-экономикалық формациялар
ауысуымен анықталатын процесс, яғни мәдениеттің
мазмұны қоғамдағы өзгерістерге тәулді
болады. Сондықтан ғылым қоғам мен мәдениетті
бір-біріне қарсы қоймай, олардың тарихи
ажырамас тығыз бірлігін ашып көрсетеді.
Бұл бірлік адам дамуы қоғам дамуымен
жеңгейлес болғанда толық мүмкіндік табады.
Адам дамуы- оның қызметінің әмбебаптық
сипат алуы. Өндіріс, айырбас, тұтыну қоғам
өмірінде неғұрлым кең орын алған сайын,
адам болмысы да жан-жақты сипат алады,
ал ол мәдениеттің гүлденуіне жағдай туғызады.
Жалпы адамзаттық мәдениет ұлттық мәдениеттерден
құралады, бірақ ол сол мәдениеттердің
жай жиынтығы емес. Ұлттық мәдениетсіз
жалпы адамзаттық интернационалдық мәдениеттің
де болуы мүмкін емес.
Өркениеттілік - қоғамдық қатынастар
мен рухани көзқарастың нәтижесі. Мәдениет
мәселесінің маңызды буындарының ішінде
жеке адам мен мәдениет арақатынасы ерекше
рөл атқарады.
.
57,
Жаһандану үдерісіндегі адамзаттың өзекті
мәселелері.
Қазіргі қоғамдық ғылымдарда,
идеология мен саясатта ұлттық, жаһандық
ж/е адамзаттық деген ұғым-түсініктердің
маңыздылығы арта түсуде. Себебі, қай мемлекет
болмасын, оның қазіргі таңдағы ұстанған
даму үрдісі осы үш тұғырға соқпай өтпейді.
Әлемдік тәртіптер мен қатынастар
үнемі өзгерісте. Әрбір мемлекет осы
жүйеден өз орнын алуға тырысады. Адамзаттың
жалпы дамуы барлық мемлекеттер еріксіз
есептесетін ортақ заңдылықтарды ж/е даму
тенденцияларын тудырады. Әлемдік тәртіптерге
жаһандық экологиялық өзгерістер, соғыстар
қаупі, ядролық қауіпсіздік, азық-түлік
тапшылығы, әлемдік ортақ ақпараттану,
түрлі індет аурулары, индустриалдық-техникалық
ортақтану, техногендік катастрофалар,
халықаралық терроризм, наркотрафик, халықаралық
заңсыз қару сату, халықаралық қылмыскерлік,
адамдарды құлдыққа сату, діни экстримизм
т.б. әлемдік қауіптер мен қайшылықтар
үздіксіз өз ықпалдарын тигізіп отырды.
Ашық, ақпараттық, технологиялық
қоғамдар құру жағдайында аталған қауіптер
әрбір халыққа, әрбір мемлекетке және
олардың азаматтарына өздерінің әсерін
тікелей, н/е жанама түрде тигізеді. Әлемдік
қауіптердің шиеленісуі әлемдік экономикалық,
қаржылық дағдарыстарға себеп болуда.
Жаһандық дағдарыстардан әрбір мемлекет
зардап шегеді. Сондықтан әрбір мемлекет
әлемдік дамудың ортақ мәселелерін шешуге
мүдделі. Бірақ та, қандай қуатты болмасын
жеке бір мемлекет әлемдік мәселелерді
шешуге қауқарсыз. Жаһандық қауіптер мен
қайшылықтарға қарсы барлық мемлекеттердің
бірлескен әрекеттері мен ортақ шаралары
қажет. Әлемдік саясат мәні осындай қажеттіліктен
туындайды. Әлемдік саясат-халықаралық
қатынастар субъектілерінің, саяси акторлардың
әлемдік мәселелерді, қауіптерді ж/е қайшылықтарды
бірлесіп шешуін ұйымдастырудың жолдары,
бағыттары және әдістері болып табылады.
Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат.
Себебі, ол барлық халықтар мен мемлекеттерге
ортақ саяси шындыққа тікелей нқатысты.
Біздің қоғамда ғылым мен мәдениет
жаһанда болып отырған өзгерістерден,
ұрыстардан тыс, томаға-тұйық өмір сүру
керек деген көзқарастар бар. Өкінішке
орай, қазіргі әлемде ондай мамыражай
өмірге орын жоқ. Әлем дамудың жаңа сатысына
өтіп кетті. Ол мобильді коммуникация
заманына қадам басты. Қазақстан кеңестік
жүйеден санасы, діні әлсіреп шыққан, отаршылдық
саясатқа жүйелі түрде ұшыратылған, мәңгүрттенген
мемлекет болғандықтан, посткеңестік
кезеңде жаһандану үдерісі етене енуде.
Оған қазіргі мемлекетіміздің ұстанған
ішкі және сыртқы саяси-экономикалық ұстанымы
жол беріп отыр.
Таза гуманистік-философиялық,
моральдық тұрғыдан келсек, «әлем азаматы»,
«адамзаттық тұлға» деген концепциялар
— өте жақсы тұжырымдамалар. Діни-этикалық
тұрғыдан да адамның әр уақытта адам болып
қалуы және адам болуға ұмтылуы тиіс. Түріміз
ұлттық болғанымен, мазмұнымыз адамзаттық
болғаны абзал. Қазақ халқы — болмысынан
«адамзаттық тұлғаны» қалыптастыруға
тырысатын, бейбітсүйгіш, жат ұстанымдардан,
нәсілшілдіктен ада халық. Алайда, жаһанданған
алпауыт мемлекеттердің «адамзаттық»
деген моделінің астарында мүлдем басқа
дүние жатқаны ақиқат. Еуропа мен Америка
моральдық, гуманитарлық тұрғыдағы жетілген
кемел тұлға концепциясынан гөрі, жаһандық
экономика дегенге басты назар аударады.
58. Адам
жеке адам және тұлға мәселесі.
Адам керемет ерекшелігі бар
құбылыс. Оның кереметтігі - әлеуметтік
мәні мен биологиялық қасиеттерінің ерекше
бірігуінде. Сонымен қатар, өзі мен қоршаған
ортаның өзара байланысын ұйымдастыратын,
басқаратын заттық – практикалық іс -
әрекеті бар.Адам – бір жағынан, биологиялық
негіздері бар, екінші жағынан, терең абстрактілі
ойлауға қабілетті, рухани мүмкіндігі
жоғары тіршілік иесі.Ол қоғамдық өмірдің
жоғары деңгейіне, мәдени жетістіктерді
меңгеруге, табысты білім алуға бейім.
Қазіргі өркениет уақытында тәрбиенің,
заңдардың, моральдың, нормалардың ықпалы
мол болғандықтан, ондағы биологиялық
негіздерді әлеуметтік бастау толық бақылауға
алған.Философия тарихында адамның мәнін
түсіндіруге тырысқан көптеген ізденістер
болған. Әр философ өзінің мүмкіндігінше
тәжірибесіне, қызығушылық нысанына байланысты
адамды түсіндіруге тырысқан.
Адам табиғатының үш маңызды
қыры ашылады.
- табиғи – биологиялық
(материалды) қасиеттері;
- психологиялық, әлеуметтік
қасиеттері;
- рухани мәні мен қасиеттері.
С.Оспанов әлеуметтік философияның
соңғы жылдары тереңдетіп дәлелдеген
«личность» туралы ең басты тұжырымдарына
тоқталады.
«Личность» болудың басты шарттарының
бірі – ол адамның әрекеттерінің, өмірлік,
мақсат мүдделерінің, имандылықтың шарттары
негізінде өлшенуі, солармен салыстырылуы.
Бұл «личность» - тың тікелей әлеуметтік
және жеке адамның, нағыз азаматтың мәнісін
ашады. Бірақ бұнда нақтылап бір айта кететін
нәрсе: бұл адамның айтылған қасиеттері
тек қана жоғары саналықты ғана көрсетуі
емес. Көп адамдар тек «әдеттегідей қатардағыдай»
адамдар ғана, ал кейде тіпті нашар, имансыздық,
қылмыстық істерге дейін баратын адамдарда
бар. Оған өмірдің өзі дәлел. Бірақ бұдан
олар «азаматтар» қатарына жатпайды деген
аікір туындамайды. Себебі, кез келген
адамда, егер оның ақыл – есі ауысып кетпеген
болса, әрқашан имандылықтың, әдептіліктің
белгілі бір деңгейі болады, яғни, белгілі
бір «азаматтық келбетсіз» адам болмайды.
Тек ол біреуде жоғары, біреуде төмен,
бір адамның өзінде де белгілі бір кезеңде
жақсы, екінші бір кезеңде нашар, ал үшінші
бір жағдайда, «имансыздың» шегінде де
болуы мүмкін».
«Индивид» ұғымы жеке адамды
білдіреді деп жүрміз. Бұл жерде де С.Оспановпен
келісуге болатын сияқты өйткені «жеке
адамды» орысшаға аударсақ «отдельный
человек» деген мағына береді ғой.
«Пенде» ұғымы – индивид ұғымына
сай келеді. Пенде қатардағы тірі жан,
көптің бірі болып «жарық дүниеде өмір
сүруші». Пенде, пендешілік біздің сана
– сезімізде жағымсыз мінездің, ұсақтылықтың
синонимі болып қалыптасып кеткендіктен,
оған бірден үйреніп кету оңай емес. Бірақ
бұдан былай «пенде» ұғымы төңірегінде
ойланып, ізденіс жасау артық емес.
«Тұлға» деген сөзді І.Кеңесбаев
қазақ тілінде батырлықты, ел қорғаны,
басқаның сүйеніші, таянышы болғанды белгілейтін
ұғым деп анықтаған.
Яғни, тұлға болу кез келген
адамның қолынан келе бермейді. Оның
ерекше қасиеттері бар, ол көптен бөлініп,
дараланып тұрады.
«Азамат» ұғымын пайдалана отырып,
философия адамның тәрбие, өзіндік тәрбие,
рухани – практикалық іс - әрекет нәтижесінде
қалыптасқан әлеуметтік қасиеттерін түсіндіреді.
Адам болу мүмкіндігі әр уақытта
өзін дәріптеуден емес, қайта басқалар
әлеміне көңіл қою мен түсіндіруден басталады
және жалғасады.
Өзіндегі дара, жеке индивидуалдық
болмысына қарамай, шындық қисынына сәйкес
әрекет ету мүмкіндігіне сүйене отырып,
адам өзін - өзі қалыптастыру қабілетіне
ие бола алады, өзін ерікті, шығармашылық
сипатта қайта құра алады, қалыптастырады,
жетілдіреді.