Қазіргі тұлғаларға білімділіктің,
әлеуметтік белсенділіктің, іскерліктің
жоғары деңгейі тән. Қазіргі адам – бұл
демократиялық және жалпы адамзаттық
құндылықтар мен идеалдарды бойына сіңірген
адам. Ол өз тағдырын халқының, жалпы қоғамның
тағдырынан бөлек қарамайды. Дарын және
данышпандық ұғымы – адамның мәндік күштері
мен қабілеттерінің мүмкіндігін анықтайды.
Данышпандық – бұл адамның шығармашылық
творчестволық дарының ең жоғарғы көрінісі.
Данышпанның жасаған еңбегі
– тың, үлкен жаңашылдығымен, өрістілігімен,
қоғам үшін аса маңыздылығымен ерекшеленеді.
Адам – бұл, ең алдымен, тірі
жүйе. Ол руханилық пен биологиялық негіздердің
бірлігі болып табылады Психикалық деңгей
- бұл адамның орталық жүйке жүйесінің
іс - әрекеті. Оның сана – сезімдік деңгейі
әртүрлі күрделі ойлау процестері түрінде
көрініс табады.
Осындай белсенділігі арқылы
ол өзінің өмірде бар екенін, осы өмірдегі
иесі екенін басқаларға білдіруді мақсат
етеді. Адамның мүмкіндігі өте мол. Сөйтіп,
адам өмірде өзінің бойындағы қабілетін
іске асыруға басқаларға ұқсамайтын өзіндік
қолтаңбасымен ерекшеленуге тырысып бағады.
Адам өмірде де бір – біріне ұқсамайтын
өзіндік мінез – құлық еркекшелігімен
дараланса, өнерде де өз қолтаңбасымен
даралануға ұмтылады.
Адам өзі де, өзімен қоршаған
ортаны да өзгертіп отырады, үздіксіз
өзгеріп, дамып, құбылып тұратын жаратылыс
әлемін жүйелейді, тәртіпке келтіреді,
тұрақты, маңызды құбылыстарды саралайды,
таразылайды, сезіне отырып, сыр – сипатына
үңіледі, таниды. Осы толғау, таңдау ерекшелігімен
– ақ адам баласының айқын мақсаты, табиғатқа
«өзіндік қатынасы» (Л.Толстой) көрінеді.Адамдар
өз мүмкіндігін қоғамдық ортада басқалармен
қарым – қатынас жасау арқылы іске асырады.
Қарым – қатынас алғашқыда «мен» және
«сен» деп бөлінуден басталады да, әр адам
өізінің «менің» басқалармен қарым –
қатынаста танытуға тырысады.
59.Философиядағы
адам мәселесі.
Адам –табиғилықтан және қоғамдықтың
бірлігі.Бұл орайда олардың бір-бірінсіз
өмір сүре алмайтынын атап көрсету қажет.Адам
биологиялық тіршілік иесі ретінде өзінің
кіші бауырларының,яғни жан-жануарлар
мен хайуанаттардың тағдырын бөліседі.:туады,ауырады,ішіп-жеуге
қажеттілікті басынан өткізеді,соңынан
ұрпақ қалдырады,өледі.Адам бойындағы
биологиялық жағдай оны хайуан бабаларымен
жақындастырып,туыстырып қана қоймайтынымен
бірге оның жана,жетілген биологиялық
жағдайының сол жан-жануарлардан айырмашылығын
да білдіретіне назар аудару қажет.Адамның
қоғамдық өміріне ықпал ететін оның төмендегі
тұқымдық организмі ерекшеліктерін көрсете
кетуге болады:анатомиялық ерекшклігі
ретінде және қоршаған орта жағдайларын
жақсы көруіне қолайлы тік жүруі,икемді
саусақтары бар ебдейлі қолдары,үш өлшемді
көріп ,кеңістікте бағытты дұрыс ұстауға
жәрдемдесетін және екі жаққа емес,қарсы
алдына тура біткен қырағы көзжанары,психикалық
жағынан алғырлыққа бастайтын үлкен миы
мен күрделі жүйке-жүйесі,дауыс ырғақтарының
алуан механизмі,тілді дамытуа жасайтын
көмейі мен ернінің орналасуы.
Адам проблемасы философия тарихында.Бұл
мәселе философияның пайда болуынан қарастырылып
келеді.Бұдан 25 ғасыр бұрын Кун фу цзы
өз философиясында адамгершілік проблемасын
қарастырды.Оның ілімінің негізгі этикалық
қағидасы:<Өзіңе тілемейтін нәрсені
өзгеге жасама!>болды.
Будизмді өмір қайғы-қасіретке толы,алайда
оларға соқпай өтуге болады, себебі бәрі
де өзіне байланысты деп түсіндірілді.Аристотель
адамды <ажалды құдайдай > деп түсініп,адамның
биік мақсаты –бақыт деп тұжырымдады.Бақыт
пен жоғарғы игілік адамға тән,ол оған
толық жетілуге ұмтылған жағдайда,яғни
белсенділіктің арқасында жетеді.Демек,жай
ғана өмір сүрумен тынбау керек,себебі
өсімдіктер де тіршілік етеді,ал сана
белсенділігі – адамға тән мақсат.
Материалдық игіліктердің молдығы өз-өзінен
бақыт жасай алмайды,ал олардың жоқтығы
бақыттың беделін әбден түсіруі де ықтимал.
Ортағасырлық томизм ілімінде кез-келген
адамның өз табиғаты тұрғысынан іздеуінің
дұрыстығы айтылды:еркек пен әйелдің одағы,бала
өсіріп-тәрбиелеу –игілік,өйткені табиғат
заңдылығы солай.рационалды тіршілік
иесі ретінде адам маңдайына қауымдастықта
өмір сүріп,ақиқатқа ұмтылу жазылған.
Гуманист,философ математик,сәулетші
Л.Альберти-
«Адам өліп,шіріп кету үшін емес,өндіру
үшін туады.Адам далақдап бос жүру үшін
емес,өзі қуана алатындай ұлы және даңқты
істерге ұмтылу үшін,сондай-ақ жетілген
қайырымдылығын пайдаланып,бақыт табу
үшін туады.Жеңілгісі келмейтін адам жеңіске
тез жетеді.Тағдыр тәлкегіне тек бағынуға
дағдыланғандар ғана төзеді»
Ренессанс дәуіріндегі,адамды
«табиғат кереметі» деп есептеді.Ф.Бэкон,Р.Декарт,Б.Спиноза
адам бақыты оның өз қолында деп санады.Адам
Б.Франклинше еңбек құралын жасайтын хайуан.
«Адамдық қасиет оған тек туғанға берілген
ерекшеліктермен емес,оның өзі жасаған
құндылықтары арқылы өлшенеді» деп жазды
Гете адам туралы.Марс бойынша: «Адам барлық
қоғамдық қатынастардың жиынтығы» деген.
60.
Ақпараттық қоғам және оның
даму ерекшеліктері.
Жаңа өркениетке өтуге байланысты
адамзаттың тарихи тағдырларындағы түбірлі
өзгерістер болып жатқан жаңалықтарды
пайымдау қажеттілігін тудырды. 20-жылдардың
өзінде-ақ мұны алғаш сезінген О.Шпенглер
өзінің атақты “Европаның дағдарысы”
еңбегінде бүгінгі индустриалды өркениеттің
ақырының жалпы нобайын трагедиялық формада
белгіледі. Онан кейін 40-жылдары австралиялық
экономист К.Кларк жаңа қоғамның келе
жатқанын айқын баяндап, оны жаңа экономикасы
мен технологиясы бар ақпарат және қызмет
көрсету қоғамы ретінде сипаттады. 50-жылдардың
аяғында американдық экономист Ф.Махлуп
жаңа қоғам туралы идеяны дамыта отырып,
ақпараттың маңызды тауарға айналатыны
және ақпараттық экономиканың келетіні
туралы тезисін жариялады. Ж/е тек 60- жылдардың
соңында ғана постиндустриалдық қоғам
теориясының негізін қалаушылардың бірі
американдық әлеуметтанушы Д.Белл алдыңғыларымен
салыстырғанда өзінің ақпараттық қоғам
теориясында бұл қоғамның мәні мен сипаттамалық
белгілерін ашуға тырысты.
Әсіресе, өзінің “Ақпараттық
қоғамның әлеуметтік шеңбері” деген еңбегінде
Д.Белл қоғамның негізгі салаларын жан-жақты
қарастыра отырып, индустриалдық қоғамнан
ақпараттық қоғамға өту барысында қазіргі
қоғамның қандай өзгерістерге ұшырайтынын
сипаттап жазады. Д.Беллдің индустриалдық
қоғамға тән үш сипаттамалық белгіні анықтайды:
1) индустриалдық қоғамнан сервистік
қоғамға өту;
2) технологиялық жаңашылдықтарды
жүзеге асыруда кодификациялық теориялық
білімнің шешуші мәні;
3) жаңа “интеллектуалдық технологияны”
жүйелік талдау мен шешім қабылдау теориясының
негізгі құралына айналдыру.
Д.Белл индустриалдық және постиндустриалдық,
дәлірек айтқанда ақпараттық қоғамның
арасындағы принципиалды айырмашылықтарды
айта келе, мына нәрселерге көңіл аударады:
индустриалдық қоғам үшін машиналы технология
қандай маңызға ие болса, интеллектуалдық
технология ұйымдар мен кәсіпорындарды
басқарудың негізгі құралына айналатындықтан
постиндустриалдық қоғам үшін сондай
маңызды мағынаға ие болады.
У.Дайзард өзінің “Ақпарат ғасырының
қадамы” деген еңбегінде ақпараттық қоғам
дамуының үш кезеңіне көңіл аударады:
ақпаратты өндіру мен тарату бойынша негізгі
экономикалық салалардың қалыптасуы;
өнеркәсіптің өзге салалары мен өкімен
үшін ақпараттық қызмет номенклатурасының
кеңеюі; тұтынушылық деңгейде ақпарат құралдарының
кең торабының қалыптасуы.
Т.Стоунвер ақпараттық қоғамның
ерекшеліктері туралы былай деп жазады:
“Байлықты адамдар жасайды. Адамдық капитал—постиндустриалдық
қоғамның маңызды ресурсы”.
Жоғарыдағы айтылғандарды түйіндей
отырып, мына мәселелерге үлкен көңіл
қою керек: ақпараттық қоғамның мәні неде,
ақпараттық қоғамның қандай негізгі сипаттамалық
белгілері бар, қоғам дамуының өзге этаптарынан
түбірлі айырмашылықтары неде, ақпараттық
мемлекет қатарына жататын мемлекет бар
ма?
Профессор А.И.Ракитовтың пікірінше,
егер қоғам төмендегі параметрлерге сәйкес
келсе, онда оны ақпараттық деп есептеуге
болады:
1) егер кез келген адам,
ұжым, кәсіпорын немесе ұйым өзінің
өмірқамы жэне жеке немесе
әлеуметтік маңызы бар міндеттерді
шешу үшін кез келген уақытта
елдің кез келген нүктесінен
кез келген ақпаратты ала алатын
жағдайда;
2) егер қоғамда индивидке,
ұжымға немесе ұйымға қажетті
қазіргі ақпараттық технология
қызмет ететін өндірілетін болса
және жоғары пункттегі талаптарды
өтей алатын болса;
3) егер ғылыми-технологиялық
және әлеуметтік-тарихи прогрестің үнемі
жедел қарқынын ұстап тұруға қажетті мөлшердегі
ұлттық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруды
қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылым
болған жағдайда;
4) егер өндіріс пен басқарудың
барлық салаларында автоматтандыру мен
роботтандырудың жеделдетілген процесі
жүзеге асса;
5) егер ақпараттық әрекет
пен қызмет салаларын кеңейтуге
мүмкіндік беретін әлеуметтік
құрылымда радикалды өзгерістер
жүзеге асса.
Жаңа ақпараттық өркениеттің
қалыптасуы көптеген жаңа мәселелерді
де туғызады. Әлеуметтік-экономикалық
табыс бүгінгі күндері білім мен технологияға
бағынышты болғандықтан ақпараттандыру
жолына дер кезінде түсе алмаған елдердің
ақпаратты дамушы елдерге бағынышты болып
қалатыны күмән туғызбайды. Осыған байланысты
дамушы елдердің шикізат және энергетика
көздері болып келген елдер ақпараттық
отар елдерге айналуы мүмкін. М.Хайдеггердің
пікірінше индустриалдық қоғамда техника
мен техницизм үстемдік етсе, болашаққа
ақыл-ойдың экспансиясы қатер төндіреді.
Кейбір батыстық философтар ақпараттық
процестердің қарқынды дамуы жағымсыз
салдарларға да әкелуі мүмкін деген ой
айтады. Мысалы, М.Маклюэн дүниетанымның
стереотиптілігі, индивидуалдылықты жоғалту,
адамның үнсіздік пен бейсаналық тұңғиығына
батуы сияқты құбылыстарды болжайды.
XX ғасырдағы индустриалдық
қоғамның ең күшті сыншыларының
бірі Л.Мэмфорд болды. Бастапқыда
ол болашақты өркениеттің технологиясына
негізделген гуманистік прогресс
ретінде елестетті. Кейінірек, ақпарат
саласын өз қолына шоғырландырған
және күшті репрессивті бюрократиямен
басқаратын қауіп-қатер туралы
ескертеді Қоғамды ақпараттандыру
процесі техникалық және технологиялық
процестерді өз бойына біріктіре,
жинақтай және қорыта отырып,
тек технологиялық мәселе болудан
қалады.
Сондықтан “...ақпараттық қоғам
адам болмысының мәнімен қатар құрылымын
өзгертетіндіктен мыңдаған жылдар бойы
философияның жұмбақ құбылыстары болып
келген шығармашылықтың құпиялары мен
адамзат ақыл-ойының терең тылсымдарына
ену мүмкіншіліктері мен оны адами игеру
деңгейлерін, тұлға жүйесін түбегейлі
өзгертетін болғандықтан философияның
көкжиегіндегі зерттеу аймағы болып қала
береді” (Ракитов А.И. Философия компьютерной
революции. М.,1991).
Болашақта адамзат өркениетінің
дамуы қандай болмасын, мейлі ол ғарыштық
дәуір, компьютерлік немесе ақпараттық
және т.б. болсын, мұның бәрі адам үшін,
адамның игілігі үшін жасалып жатқандығын
ескеруіміз қажет. Бұл мағынада техника
философиясы ең алдымен адам философиясы
деген американ философы X.Сколимовскидiң
пікірімен келісуге болады.