8. Ежелгі
грек натурфилософиясы (иониялықтар, пифагоршылдар,
элейліктер, атомистер).
Пифагоршылдар-б.д.д. 6-ғасырдың 2-жартысында
пайда болған
ф-лық ағым. негізін қалаған
көне грек философы, математик және астраном.
Пифагордың философиялық теориясы біртұтас
жүйе болып қалыптасты. Пифагоршылдар
бастапқы негізді санмен таңбалап, осы
бағытта жұмыс жасайды. Бірліктен ондыққа
дейінгі сандық қатарды Пифагор дүниенің
сандық алуан түрлілігінің түп негізі
деп санаған.Сандардың қасиеттерін зерттей
отырып, Пифагоршылдар жұп және тақ сандарды
ашуымен бірге, тік бұрышты және үшбұрышты
сандарды сипаттады. Олардың музыкалық
интервал туралы ілімінде акустика мен
аспан механикасының математикалық негіздері
баяндалған.
Элей мектебі-б.д.д. 6-5 ғ.ғ. Элей қаласында
(оңтүстік Италия) пайда болған философиялық
мектеп. Басты өкілдері - Ксенофан, Парменид,
Зенон, Мелисс. Элей мектебінің негізгі
мәселесі-болмыс болды. Ксенофан (б.д.д.
6-5 ғ.ғ.)-Элей мектебінің негізін салушы.
Дүние жер мен судан пайда болды деген
көзқарасты ұстанады. болмыс-барлық жерде
бірдей, өзіне тең, біртекті, өзгеріссіз
деп санады.Парменид - «болмыс»
ұғымын алғаш рет философияға енгізген,
ежелгі грек философы, Элей мектебінің
өкілі. Парменид дүниені қозғалмайтын,
тұтас, толтырылған шар түрінде елестетті.
Екі бастаманы көрсетеді-от, жарық және
қараңғылық. Зенон (б.д.д. 490-430
ж.ж.)-Элей мектебінің өкілі. философияға
тұңғыш рет диалог формасының қолданылуын
енгізді. Ол қозғалыстың диалектикалық
табиғаты туралы мәселелерді теріс формада
қолданды. Зенон үшін болмсыста қайшылық
жоқ, сондықтан қайшылықты болмыс-жалған
(елес) болмыс. «Ахилл және тасбақа», «Жебе»
т.б. апорияларымен белгілі.
Атомистер:Демокрит (б.д.д. 460-370 ж.ж.)-ежелгі грек материалист-философы,
Левкипптің шәкірті, гректердің тұңғыш
энциклопедист ойшылы. Демокрит-атомдық
көзқарастың негізін салушылардың бірі.
Ол дүниенің бастамасы ретінде екі негізді-атом
мен бос кеңістікті алға қояды. Атомдар-болмыс,
ал бос кеңістік болмыс емес.Демокриттің
атомдық теориясы көптеген ғасырлар бойы
ғылымға жол көрсеткен ілім болды. Демокриттің
көзқарастарын Эпикур мен Лукреций Кар
әрі қарай датытты.
9. Адамға
қарай бет бұру (софистер, Сократ һәм оның
тағылымы).
Антика философиясы тарихындағы
ерекше орынды софистер алады. Әдетте,
оларды теориялық тұрғыда тұрлаусыз, ақиқатқа
жету жолындағы шынайылықтың орнына жеке
мүддені ойлаушылар деп және тағы да басқа
күналармен айыптайды. Софистер дәстүрдің
орнына рух еркіндігін жариялап, бұрынғы
әлеуметтік кестені бұзып, оның орнына
тәрбие мәселесін алдыңғы орынға қойды. Софистер
философиялық рефлексияны физис және
космос мәселелерінен адам тақырыбына,
оынң қоғам мүшесі ретіндегі өміріне бұрғаны
дүниетанымдағы төңкеріс болып табылады.
Софистиканың қарасытыратын басым тақырыптары
этика, саясат, риторика, өнер, тіл, дін,
тәрбие немесе басқаша айтқанда барлық
мәдениетке қатысты мәселелер болды. Сондықтан
да софистер антик философиясындағы гуманистік
кезеңнің негізін қалаушылар болып саналады.Алайда
софистер адамның бұзылған дәстүрлі өмір
сүру тәртібінің орнына тартымды жаңашылдық
ұсына алмады. Мұны іске асырған Сократ болды.,
сондықтан оны антик философиясы тарихының
«кіндігі», «философияның бел отасы» деп
те атайды. Сократ та софистер секілді
өзінің басты назарын адам табиғатына
аударғанымен қоймай, адамның мәні – ақыл-ойға
негізделген белсенділік және адамгершілік
бағдар ұстанған әрекет ретіндегі оның
жаны деген түйінге тоқталады. Белгілі
бір мағынада Сократ құныдылықтарды дәстүрлі
жүйесінді төңкеріс жасалды. Байлық, даңқ,
билік, денсаулық, сұлулық өз табиғаттарында
ешқандай игілікке жатпайды, бірақ олар
тек ғылыммен, таныммен және дұрыс пайымдаумен
басқарылғанда ғана нағыз игілікке айналады.
Сократ бойынша таным игілікті істің,
қайырымды қылықтың қажетті алғы шарты
( « Ізгілік – бұл білім» ). Сократ сондай-ақ
бақыттың жаңа ұғымын қалыптастырды: адам
өз бақытының да, бақытсыздығын да ұстасы.
Сократтың өзі күш көрсету төңкерісін
теориялық тұрғыда өмір сыйлады. Жанды
адамның мәнділігі ретінде белгілеу, танымды
нағыз ізгілік ретінде, өзін-өзі билей
алуды ішкі еркінділік ретінде бағалауы
– оның этикасының осы тұжырымдары
10.
Платон философиясы: «идея» теориясы,
мемлекет жайлы ілімі.
Платон философиясының негізгі
қағадалары мынадай:
1)материалдық заттар өзгермелі,
тұрақты емес, уақыт өткен сайын құрдымға
кетеді;2)айналадағы қоршаған орта да өзгермелі,
уақытша, дербес субстанция ретінде өмір
сүре алмайды;3)шын мәнінде тек таза идеялар
ғана бар;4)таза идеялар мәңгі және тұрақты;5)кез
келген зат пен құбылыс сол зат туралы
алғашқы идеяның көрінісі, сұлбасы ғана;
Платонның философиялық еңбектері сұхбат
түрінде жазылған: «Сократ апологиясы»,
«Парменид», «Горгий», «Федон»,«Мемлекет»,
«Заңдар» Платонның пікірінше, әлем үш
қабаттан тұрады. Ең жоғарғы және негізгі
қабат – идеялар әлемі, екіншісі – адамдар
тұратын материалдық әлем, ал үшіншісі
түнек, яғни идеяның күйреуі.Ойшыл құрметтеген
негізгі идеялар қатарына, этикалық сипаттағы
Ақиқат, Игілік, Әдемілік және Әділеттілік
идеялары жатады.Платон өз идеяларын екі
немесе одан көп тыңдаушылар қатысатын
сұхбат түрінде баяндаған. Олардың біреуі
әруақытта Сократ болған, Сократ авторлық
идеяны жеткізуші, түсіндіруші.
Платон өз шығармашылығында
мемлекет мәселесіне ерекше көңіл бөледі.
Мемлекеттің бірнеше түрлерін анықтайды:
Монархия – бір адамның әділетті билігі.Тирания
– бір адамның әділетсіз билігі. Аристократия
– азшылықтың әділетті билігі. Олигархия
– азшылықтың әділетсіз билігі. Демократия
– көпшіліктің әділетті билігі. Тимократия
– көпшіліктің әділетсіз билігі.
Платон мемлекеттік құрылымның
өзіндік бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарлама
бойынша:1)мемлекеттің барлық халқы үш
сословиеге – философтар, әскерлер, жұмысшылар
– бөлінеді; 2)жұмысшылар ауыр қара жұмыспен
айналысып, материалдық игіліктерді жасайды,
аз көлемде меншік иесі бола алады;3)әскерлер
ұдайы өзін - өзі шынықтырады, жетілдіреді,
қоғамда тәртіп пен реттілікті қамтамасыз
етіп отырады. 4)философтар әлемді таниды,
мемлекетті басқаруды үйретеді, философиялық
теориялар жасайды. 5)мемлекет тұрғындары
бос уақыттарын бірге өткізеді, бірге
тамақ ішеді, бірге демалады. Философтар
мен әскерлер жеке меншік иесі бола алмайды.
11.
Аристотель философиясы: «материя» және
«форма» түсінігі.Аристотельдің көрнекті еңбектері:
«Органон», «Физика», «Механика», «Метафизика»,
«Жан туралы», «Никомах этикасы», «Риторика»,
«Политика», «Поэтика».Аристотель дуалист:
ол дербес eкi түпнегіздің - материя және
форманың тіршілігін мойындайды. Дүниеде
бар заттың барлығы материядан және формадан
тұрады. Бірақ олардан Алғашқы материяны
және Алғашқы форманы ажырату қажет. Алғашқы
материя - адам үшін танылмайтын, ал бipaқ
барлық заттардағы материя үшін негіз
болып табылатын, формасыз, айқын емес
зат. Жеке алғанда материя пассивті, тіршіліксіз
және нәрселер мен заттарды жаратуға қабілетсіз.
Ол - мәңгі: жаратылмайды және жойылмайды.
Материя дегеніміз – формамен шектелген
потенция (мысалы, мыс шар – бұл шардың
формасымен шектелген мыс), яғни заттар
пайда болуындағы таза мумкіндік. Материя
кездейсоқтыктың, жиынтықтың, заттар пайда
болуы мен жойылуының қайнары. Пайда болған
кез-келген зат - материя мен форманың
бірігуі, форманың материяға eнyi нәтижесінде
ғана тіршілікке ие болады.Аристотельдің
«форма» ұғымы Платонның «идея» ұғымына
жақын. Форма – заттың тегін немесе түрін
айқындайтын идеалды мән . Мысалы, мыстың
бөлшегіне форма енгенде ғана біз құмыра,
көзе, ыдыс, т.б аламыз. Форма – біртекті
нәрселердің жалпыға ортақ мәні (мысалы,
түрлі материалдардан түрлі конфигурацияда
жасалған вазаларға – «ваза» мәні ортақ).ақты
заттың материясы мен формасы диалектикалық
түрде өзара байланысты: бірде форма ретінде
көрінген нәрсе, келесіде материя түрінде
де беріледі. Мысалы, балшық дегеніміз
– форма берілген материя немесе балшық
формасы берілген топырақ. Ал сол балшықтан
жасалатын кірпіш үшін ол материал рөлін
атқарады, кез-келген заттың формасы дәл
осы зат үшін: оның мәні, қозғалыс көзі,
себебі, мақсаты – болып табылады.Алғашқы
форма – Аристотель пікірінше, болмыстың
жоғарғы мәні, алғашқы қозғаушы, алғашқы
себеп және жоғарғы мақсат. Сонымен қатар,
алғашқы форма – өзін-өзі ойлай алатын
әлемдік ақыл.Осы мәселе төңірегінде Аристотель
мынадай ой қорытады:1)әлемдегі барлық
болмыс материя мен формадан тұрады;2)материя
мен форманың өзгерісі заттың мәнін өзгертеді;3)шындық
материядан формаға және формадан материяға
өту болып табылады;4)материя енжар, ал
форма белсенді бастау.
12.
Эллинистік кезеңнің философиялық мектептері.
Эпикуршілдік– атақты философ Эпикурдің есімімен
аталған философиялық мектеп. Бұл ағым
Демокриттің атомдық философиясын ілгері
дамыта отырып, эллинизм дәуірінде адам
туралы көптеген мәселелерджі көтерді.
Эпикуршілдікті жаратылыстану саласын
және этика мен эстетика мәселелерін көтерген
бағыт деп қарауға болады. Атомдарды қарастыра
отырып, солар арқылы адамдардың қоғамдық
өміріне талдау жасады. Демокрит атомдар
біркелкі және тура қозғалады десе, Эпикур
атомдардың қозғалысындағы өзгерісті
көрсетті. Сондай-ақ Демокрит атомдар
қажеттіліктерге ғана бағынады, ешбір
кездейсоқтық болмайды деп тұжырымдаса,
Эпикур атомдар өмір сүруі мен қозғалысында
кездейсоқтықтардыяң орын алатындығын
көрсетті. Осы арқылы қоғам өміріндегі
еркіндік пен бостандық мәселесін көтерді.
Стой мектебінен қарағанда Эпикуршілдердің
этикасы гедоникалық (грек- қанағаттану),
этикасы бақытқа жеткізетін әрекет.
Стоицизм (стоя) мектебі – (stoa - афина қаласындағы
философтар жиналатын ғимарат) негізін
қалаған Китионнан шыққан Зенон. Адамның
негізгі мақсаты – құмарлықтан құтылу,
еркіндікте болу, самаурқаулық дәрежеге
жету (apatia – самарқаулық). Бұны соңғы стоиктер
даналық – София деп атаған. Натурфилософиялық
көзқарастары Гераклит көзқарастарымен
сәйкес келеді. Дүниенің негізі от.
Скептиктер (грек «қарапайым», «күдіктенемін»)
адамның ішкі дүниесін, рухани өмірін
өзгерткен ойларды қамтыды. өкілдері Пиррон,
Секст Эмпирик. Адамның ойы арқылы айналадағыларға
кеңінен көз салу, оны жақсылап бағдарлау,
өткенге қайта қарау, таным жетістігіне
сын көзбен шолу болды.
Сонымен, көне грек философиясы
адамның мәнін түсінуге үлкен қадам жасады.
Әрбір дағдарысқа ұшыраған әділеттілік
жойылған қоғамда сондағы тіртіпке ашықтан-ашық
қарсы шығатын белгілі бір философиялық
саяси ойлар,я болмаса бүкіл өмір салтымен
сол қоғамды айыптайтын әлеуметтік топтар
пайда болады.XX ғасырдың екінші жартысында
біз оларды «хиппи» қозғалысынан, «битниктерден
», «кришнаиттерден» т.с.с.байқадық.
Міне,осындай дағдарысқа ұшыраған антикалық
дәуірде философия мен этика саласында киниктер мектебі пайда болады.Оларды
Грециядағы сократтық мектептердің өкілдеріне
жатқызады.
Олардың атын біреулер Киносарг аталатын
гимназиямен теңесе,келесілері «куоп»
(ит)деген сөзбен теңейді,өйткені осы мектептің
негізін қалаған Антисфен: «Адам ит сияқты
өмір сүруі керек», — деген екен.Киниктердің
тарихта аты қалған екінші тұлғасы – Диоген
Синоптық.
Олардың мақсаты белгілі бір болмыс жөнінде
ілім жасау емес,керісінше,жаңа өмір салтын
жасап,оны сынау болда.Мысалы,Диоген теңіздің
жағасында үлкен бөшкеде өмір сүреді,шалшықтан
қолымен су алып ішеді,жұрттың көзінше
дәрет алады;күндіз шам жағып жүреді. «Неге
шам жағып жүрсіз?» — деген сұраққа: «Адам
іздеп жүрмін », — деп жауап береді.Атақты
Александр Македонский мұндай қызық адамды
көрейінші деп оған келгенде,Диоген: «Былайырақ
тұршы,күннің сәулесін жауып тұрсың ғой
», — деген екен.
Киниктердің ілімі бойынша,адамның ең
соңғы талғамы – ізгілік.Ал оның өзі –
бақыт.Ізгілік дегеніміз – аз нәрсеге
қанағат ету,залымдықтан аулақ жүру;ізгілікке
үйренуге болады,бірақ оған білімнен гөрі
ерік керек;ізгілік адамның сөзінен емес,жүріс-тұрысынан
байқалады.Азға қанағат ету адамды біреулергетәуелді
болудан арылтады.Бірақ Киниктердің дербестігі
бүкіл мәдениет,әлеуметтік нормалар,өнер,отбасы,мемлекетті
теріске шығаруға әкелді.Мұның бәрі де,әрине,сол
кездегі қоғамдағы қалың бұқараның өте
аянышты жағдайымен байланысты болса
керек.
Киниктер жекеменшікті, әлеуметтік айырмашылықты
жою керек,адам әлемнің азаматы (космополит)болуы
керек деген пікір айтты.
13.
Ортағасырлық христиан философиясының
негізгі кезеңдері: патристика және схоластика.
Орта ғасыр философиясының
патристика және схоластика деп аталатын
маңызды кезеңдері бар.
Патристика дәуірі I-VI ғасырларды
қамтиды. Ұлы Василий, әулие Августин,
Григорий Нисский, Тертуллиан, Ориген
және тағы басқалары христиан дінінің
негізгі догматтарын жасаған. Патристиканың
негізгі мәселелері: Құдайдың мәні және
ақылдың, грек даналығы мен христиан әулиелігінің
өзара қарым – қатынасы, тарихты белгілі
бір мақсатқа ұмтылушылық деп түсіну және
осы ақырғы мақсатты анықтау, адамның
ерік бостандығы және оның жанын құтқару,
әлемдегі зұлымдықтың шығу себептері,
оны құдайдың қабылдауының себептері.
Шіркеу әкелерінің философиялық ілімдерінің
қалыптасуына Платон философиясы ықпал
етті. V-VIII ғасырдан кейін схоластика дәуірі
басталады. Бұл уақытта Иоан Дамаский,
Петр Ивер сияқты ойшылдар өмір сүрді.
IX-XV ғасырларда кейінгі
схоластика дамиды. «Схоластика»
сөзі «мектеп», яғни «оқу» философиясын
білдіреді. Патристика дәуіріндегі
негізгі мәселелер одан әрі
зертеледі, толықтырылады, жүйеленеді.Схоластиканың
өкілдері – Эриугена, ұлы Альберт,
Фома Аквинский, Росцелин, Абеляр, Ансельм
Кентербийский. Схоластикалық философия
христиан ілімін тек сенім арқылы ғана
емес, ақылдың көмегімен де игеру қажеттігін
мойындайды. Философия ғылыми дәрежеге
көтеріледі. Антикалық философияға көңіл
бөлінеді, оның көптеген ұғымдары мен
категориялары христиан философиясын
дамытуда кеңінен қолданылады.
14.
А.Августин мен Ф.Аквинскийдің діни философиясы.
Дін бәрінен жоғарғы жаратушы
күшке ж\е оның қоршаған орта
мен адам баласына әсер бар деп есептенйтін
сенім нанымға негізделген көзқарас формасы.Діннің
мифологияға ұқсастығы бар: әлемнің п.б.
жер тебіндегі тіршілік,этикалық мәселелерді
алға қояды.
Августин Аврелий
Әулие(354-430) христиан дінбасы және неоплатонизмге
жақын фил.- Мистик, патристиканың ықпалды
өкілі. Оның дүниетанымы фиденстік сипатта,
яғни «нанымсыз білім де, ақиқатта жоқ»
деген қағида бағынады. «Құдайдың қаласы»
(426) атты шығармасында Августин тарихты,
адам тағдырын фаталистік (теологиялық
фатализм тарихтағы оқиғалар мен адам
өмірі құдайдың құдыретімен анықталатын
негізгі алу) тұрғыдан түсіндіретін христиандық
концепциясын ұсынды. «Жердегі қалаға»,
«Күнәһар» зиялы мемл.те ол «Құдайдың
қаласын», яғни шіркеудің бүкіл дүниежүзілік
үстемдігін қарама қарсы қойды. Авг.ң христиан
теологиясының әрмен қарай дамуына жасаған
ықпалы орасан зор. Августин ілімі б.ша,
адам дүниеге келмей тұрып т.б. оның әрекеттері,
қылықтары құдайдың ерік жігерімен белгіленіп
қойған.
Фома Аквинскийдің
философиясы. Құдай, зерде және сенім проблемасы.Ортағасырлық ф.ң белді өкілдерінің
бірі Фома Аквинский (1225-1274) ортағасырлық
католик дінінің теологі , доминикандық
монах, ортадоксальдық схоластиканы жүйеге
келтіруші. Ұлы Альберттің шәкірті. Негізгі
еңбегі «Теология суммасы»(жиынтығы) Аквискийдің
объективтік идиалистік ф.сы Аристотель
ілімін теологиялық тұрғыдан түсіндіру,
аристотелизмді христиан дініне сай ықшамдау
нәт.де п.б. Аристотель фил.н Аквиский материалистік
идеяларын алып тастап, идеалистік элементтерін
(жаратқан иенің қозғалыссыздығы жайындағы
ілімін) күшейту бағытында әрекет етті.
Аквинский б.ша универсалдардың үш түрі
бар:1)Жеке заттарға дейінгі (құдайдың
құдіреті).2)Заттардың өздеріндегі (жекедегі
жалпылық).3)Заттардың кейінгі түрі (адам
санасында танылатын) Фоманың нег.принципі
сеніммен сананың үйлесімділігі. Оның
пайымдауынша ақыл Құдайдың болмысын
саналы түрде дәлелдеп, сенімнің ақиқаттағы
қарсы пікірді қабылдамайды, барлық өмір
сүретін заттар құдайдың құдіретті б.ша
қалыптасады.
15.
Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер
философияcы. Ислам философиясының
даму ерекшеліктері
Ислам Ф-сы – ислам өркениетіне тән рухани
және тәжірибелік дүниетаным жүйесі. Ислам
өркениетінің өзіндік сипаты және
айрықша ерекшелігі – ислам дінімен
тікелей байланысты. Ислам
ф-сы мұсылмандардың
қасиетті кітабы – Құранда тұжырымдалатын “дүниені қабылдау”
ауқымында қалыптаса келіп, ислам өркениетінің жалпы мән-мазмұнын
бейнелейді. Ислам ф-сының даму жолына
қарағанымызда мынадай негiзгi ф-лық ағымдардың
пайда болғанын көремiз:1-Дәһриййұн: Ф-лық
материализмнiң уәкiлдерi. Бұл ф-лық ағым
мұсылманшылықтан емес, мұсылмандар жаулап
алған Орта Шығыс елдерiндегi йаһұди, христиан
яки басға дiндердегi философтардың әсерiнен
пайда болған. Басты өкiлдерi Әбу Әли Рижа,
Әбу Иса әл-Уаррақ, Башшар Бұрдұлы және
Ахмед Йахйаұлы Исхақұлы әл-Рауанди.2-Табиғиййұн:
натуралистiк ф-ның өкiлдерi. Мутазиланың
рационалды ф-сының дамыған түрi болып
саналады. Бұларды ампиристер десе де
болғандай. Негiзгi өкiлдерi әл-Серахси,
Әбу Бәкiр Мұхаммед Зәкарияұлы әл-Рази.3-Тiл және аналитикалық
ф-я: Құран Кәрім аяттары мен хадистердiң
мағыналарын дұрыс түсiну үшiн араб тiлiнiң
морфологиясы уә синтаксы жөнiнде көптеген
жұмыстар жасалған. Осы салада қомақты
еңбектер жазған ғалымдар Әбу Бишр Амр
Османұлы Сибеуейх, Әбу Мұса Жәбир Хаййанұлы,
Әбу Абдұррахман әл-Халил Ахмедұлы. Белгiлi
хакім Әбу Хамза әл-Хасанұлы әл-Исфаһани
оларды «әл-Фәласифат-ұн нахуиййұн», яғни
тiлбiлiмi саласының хакімдері деп атаған.