34) ХIХ - XX ҒҒ
БЕЙКЛАССИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ
Сонымен, жоғарыдағы тарауларда көрсеткенiмiздей,
ХУIII ғ бастап Батыс
философиясында рационализм бағыты өзiнiң
кемелiне келiп, философияның негiзгi
iргетасына айналады. Бiр қарағандағы материализм
мен идеализм бағыттарының
арасындағы үлкен айырмашылықтарға қарамастан
- осы екi негiзгi ағымның негiздерiнде
адамның ақыл-ойына деген сенушiлiк, адамзаттың
болашақ өрлеуiне күмән
келтiрмеушiлiк , ал маркстiк философияны
алар болсақ, онда тiптi ақыл-ойдың негiзiнде
болашақ коммунизмге қарай жылжуда адамзаты
тек жағалай ортаны күрт өзгертiп қана
қоймай, сол iс-әрекеттiң негiзiнде адамның
өзiнiң табиғаты өзгеретiндiгiне сену байқалды.
Бiрақ, сол кездегi өмiрдегi қоғамдық қатынастар
мұндай оптимистiк өмiршеңдiк
көзқарастарға бiрте-бiрте күмәндәнудi
туғызды. Бiрiншiден, күннiң жарық сәулесiнiң
шығуын асыға күткендей сияқты шаттықпен
қарсы алынған ұлы Француз революциясы
үлкен төңкерiстерге ғана әкелiп қоймай,
сонымен бiрге зор қантөгiс, зорлық-зомбылыққа
ұласып, одан күткен үмiттердi жоққа шығарды.
1848-49 ж.ж. бiршама Европа елдерiн дүр
сiлкiндiрген буржуазиялық-демократиялық
революциялар да олардан күткен үмiттi
ақтамады, ал 1871 ж. Париж коммунасының
тәжiрибесi марксизмнiң “жұмысшы табының
диктатурасының қажеттiгi² жөнiндегi идеяларды тудырып,
көп ойшылдардың жалпы
ағарту, адамзаттың өрлеуiне деген көзқарастан,
ақыл-ойдың құдiреттi күшiне сенуден бас
тартып, оларға түңiлуiне әкелiп соқты.
Осы көрсетiлген және басқа себептер рационализм
ағымына, яғни жалпы классикалық
философияға, дискурсивтiк ( discursus - латын
сөзi,- ақыл-ойға, қисынға негiзделген
тұжырымдар) ойлау әдiсiне деген терiс пiкiрлердi
оятып, оларға қарсы бағытталған
философиялық ағымдарды тудырды. Бұл көштi
бастаған немiс философы А.Шопенгауер
мен Дания ойшылы С.Кьеркогер болды. Бұлардың
екеуi де Гегельдiң панлогистiк
көзқарасын сынаудан бастады.
Кьеркогердiң ойына қарағанда, Гегельдiң
философиясы ақыл-ойға негізделген, онда
бүкіл дүниенiң шындығы ашылғандай. Бірақ,
оның философиясында адам Абсолюттік
идеяның танымдық құралына айналады. Кьеркогер
Гегельдiң болмыс пен ойлаудың тепе-
теңдiгi жөнiндегi негiздемесiне қарсы шығады,
өйткенi ол болмыстың не екенiн бiзге
түсiндiрмейдi, сондықтан ол “абстракциялық
құбыжық² қана. Философияның негiзгi
пәнiне, сондықтан, тек қана жеке адамның
өмiр сүруi, оның қайғысы мен қуанышы, үрейi
мен зардабы, өз-өзiнiң рухына үңiлуi т.с.с.
жатуы керек. Соңынан мұндай көзқарастардың
негiзiнде ХХ ғ экзистенциализм философиясы
пайда болады. Ол бағытты талдаған кезде
бiз Кьеркогердiң идеяларына қайтып ораламыз.
А.Шопенгауердiң әлемдiк Еркi
Артур Шопенгауер (1788-1860 ж.ж.) - Данциг қаласында
бай саудагердiң жан-ұясында
дүниеге келедi. Геттинген мен Берлин қалаларында
философиялық бiлiм алады. Негiзгi
еңбегi “Дүние ерiк пен елестету ретiнде² деген атпен 1844 ж. жарық көредi.
Берлин
университетiнде 1819 ж. оқыған лекциялары
ешкiмдi қызықтырмайды. Сондықтан ол өмiр
бойы әкесiнен қалған капиталдың жылдық
пайыздарын жұмсап өз замандастарынан
оқшау да жаңғызiлiктi өмiр сүредi. Өмiрiнiң
соңғы 10 жылында ол даңқтың шапағатына
да ие болады. Бiрақ, нағыз атақтылық оған
ХХғ келедi.
Шопенгауердiң ойынша, Дүниенiң негiзiнде
өмiр сүруге деген бiтпейтiн iңкәрi бар
Әлемдiк Ерiк жатыр. Сонымен, материя, табиғат
заты, атом, сана, рух т.с.с. бұрынғы
философтардың жатқызған дүниенiң негiздерiн
ысырып тастап, ойшыл “ерiк² ұғымын
дүниенi түсiнудегi негiзгi категорияға
айналдырады. Бұл ұғымның тарихына көз
жүгiртсек, көне заманда “сана² мен “ерiк² категориялары әлi бiр-бiрiнен
бөлiнiп алынған
жоқ-ты. Мысалы, Сократ адамдардың жүрiс-тұрысы
мен iс-әрекеттерiндегi келеңсiз
жәйттер оларды бiлмегендерiнде деген
пiкiр айтқан болатын. Егер адам жамандықты
бiлетiн болса, онда ол оған бармайды. Алайда,
Орта ғасырда өмiр сүрген ұлы христиан
философы Августин мұндай көзқарасты
толығынан терiске шығарады. Жамандықтың
не
екенiн бiлсем де, соған қарай менi тартады,
мен соны iске асыруға ынтықпын,- дейдi
ұлы
ойшыл. Өйткенi, ақыл-ой - бiледi, ал ерiк
- таңдайды. Мiне, осы сәтте Августин сана
мен
ерiктiң екi түрлiлiгiн айқын көрсетедi. Дiни
ойшыл адамның Құдай алдындағы
күнәкәрлiгiнiң негiзгi себебiн ерiктiң алғашқы
көрсетiлген түзу жолдан ауытқуынан
табады.
Жаңа дәуiрде немiс философиясының шеңберiнде
Кант практикалық зерденiң
үстемдiгiн көрсете келiп, оның негiзiн ерiктiң
бостандығынан көредi. Канттың бұл
идеясын Фихте әрi қарай дамытып, “Меннiң² ерiктi iс-әрекетiнен Дүниенiң
пайда
болуының рухани қайнар көзiн көредi. Қалай
айтқанда да, Шопенгауерге дейiн ерiк
категориясы ерекше түрде алынып Дүниенiң
негiзiне жатқызылған жоқ-ты.
Сонымен, Шопенгауердiң ойынша, Дүниенiң
негiзiнде жатқан Ерiк - ол бiреу және
одан басқа ешнәрсе жоқ, бiрақ ол өзiнiң
өмiрдегi құбылуында шексiз сан-алуан болып
көрiнедi. Ол - өзiнiң толық еркiмен теңелетiн
бейтұлғалық орасан зор құдiреттi күш.
Ол
бейсаналы болғаннан кейiн өзiнiң мәңгiлiк
қалыптасу, мақсат-мұратсыз өмiрге ынтық
болу барысында неше-түрлi залымдықты
тудыруы мүмкiн. әлемдiк ерiктiң ешқандай
себебi, белгiлi бiр негiзi болмағаннан кейiн
ол ешқандай заңдылықтарға бағынбайды.
Өзiнiң өмiрде болуға деген iңкәрiнiң негiзiнде
ол бүкiл дүниенi тудырса да оған ешқандай
тәртiп, жоспар сияқты нәрселердi әкеле
алмайды, керiсiнше, ол заттарды бiр-бiрiнен
бөлiп,
қиратып, қарсы қойып, оған тағы да қанағаттанбай,
өзiнiң шексiз iзденiсiн, күресiн
жалғастыра бередi. Ол ызаға толы, не iстеу
керектiгiн бiлмегеннен кейiн өзiн-өзi тырнап
жыртып жатқан жануарға ұқсайды.
Ендi әлемдiк Ерiктiң тудырған дүниесiндегi
оның көрiнiстерiне назар аударсақ, олар
-
өлi табиғаттағы дүниежүзiлiк тарту, магнетизм,
химиялық қосындылар т.с.с. табиғат
күштерi. Тiрi табиғатта - тiршiлiктер формаларының
өмiрге деген еркi, сол үшiн өзара бiр-
бiрiмен күресi, өмiрдi жалғастыруға бағытталған
жыныс инстинктерi, адам өмiрiндегi
ешқашан да ойдағы нәтижелерге әкелмейтiн
саналы талпыныстар, бейсаналық түрде
пайда болатын әр-түрлi сезiм толқындары
т.с.с.
Бiрақ, қандай да болмасын өмiрдегi құбылыстарды
тудырса да, олар күрделенiп саналы
түрде сезiнiлген сайын әлемдiк Ерiк оларға
қанағаттанбай, өзiн зардап шегiп, азапқа
толы,
бақытсыз ретiнде сезiнедi. Мысалы, адам
өмiрiнiң деңгейiндегi ерiктiң көрiнiсiне
келер
болсақ, онда мынаны байқауға болады -
егер адам ой өрiсi мен адамгершiлiк тұрғысынан
қатты дамыса, соғұрлым оның өмiрде неше-түлi
қайшылықтарға келуi көбейiп, зардап
шегуi де өседi. әлеуметтiк өмiрде көре алмаушылық,
надандық пен екiжүздiлiк жиi
кездеседi. Адамдардың өмiрi жетiспеушiлiк
пен үрейге, қайғы мен қасiреттерге толы.
ґмiрге келген жаңа ұрпақтар өткендердiң
қаталарын тағы да қайталайды, адамгершiлiгi
жоқ адамдар қоғамды билейдi, ғылыми жетiстiктер
залымдық жолында жұмсалады. Ал,
моральдық салаға келер болсақ, соңғы
ғасырларда онда ешқандай алға жылжушылық
болған жоқ - езiлу, зардап шегу, қантөгiс,
қатыгездiк осы уақытқа шейiн азайудың
орнына
көбейiп келедi. Мәңгiлiк алаңдаушылық пен
тұрақталынған адамдардың бiр-бiрiне деген
сенбеушiлiгi өмiрдi шырмап алған.
Әрине, Шопенгауердiң жоғарыдағы көрсетiлген
қоғам өмiрiндегi келеңсiз жәйттер
жөнiндегi ойларын бiз сырттата алмаймыз.
Керiсiнше, оның санын бүгiнгi өмiрге қарап
өсiртуге де болар едi. Өмiр алдына үлкен
мақсат- мұраттар қойып, соған жету жолында
неше-түрлi “тар жол, тайғақ кешуден² өтпеген адам бiрде-бiреу болса
керек. Бұл өмiрдiң
трагикалық диалектикасын өмiрден әсiресе
көп зардап шеккен қазақ халқы
“орындалмайтын арман², “жалған², “дүниенiң төрт құбыласы ешқашанда
бiр-бiрiне тең
емес² т.с.с. ойлармен берiп, нағыз
бақытты өмiрдi о дүниедегi жұмақтан iздеген
болатын.
Сонымен, Шопенгауердiң ойынша, зардапқа
толы дүниенiң негiзгi күнәкерi - әлемдiк
Ерiктiң өзi. Бiрақ, оның санасы болмағаннан
кейiн ол өз iстерiне жауап бере алмайды,
тек
қана мәңгiлiк бiр трагедиядан өтiп екiншiге
т.с.с. ауыса бередi. Бұл арадағы бiр үмiт
-
Әлемдiк Ерiк сананы тудырған ғарышты дүниеге
әкелдi. Мiне, дүниенiң ажырамас бiр
бөлiгi ретiндегi адамдардың өзi ғана сол
әлемдiк Ерiкке қарсы шығып оны |
таратуы керек,
сонда ғана дүниенiң зардабы тоқтатылады.
Ол үшiн адам өзiнiң өмiрлiк күш-қуатын, өз
бойындағы еркiн сол дүниенi тудырған әлемдiк
Ерiкке қарсы қойуы қажет. Ал мұның өзi
ең алдымен адамдардың философиялық таным
арқылы әлемдiк Ерiктiң терең мәнiн
зерттеп- бiлуiмен тығыз байланысты. Содан
кейiн адам екi сатыдан өтуi керек.
Алғашқысы - эстетикалық аңлау, соңғысы
- моральдық жолмен жетiлу.
Кьеркогердiң философиясы
Серен Кьеркогер (1813 - 1855 ж.ж.)- өз заманында
бағаланбаған, жалғыздықтың
зардабын толығынан басынан өткiзген,
бүкiл өмiрiн жеке тұлғаның iшкi рухани өмiрiнiң
қайталанбас жақтарын, оның Құдаймен тiкелей
байланысын көрсеткiсi келген Дания
елiнен шыққан дiни философ. Оның философиялық
көзқарасы мен жалпы дүниесезiмiнiң
қалыптасуына әкесiнiң дiни дүниесезiмi
мен “бiздiң жан-ұямызға Құдай қарғысын
атты²
деген жалған пiкiрi үлкен әсерiн тигiздi.
Жас Кьеркогер әлсiз болып, неше-түрлi
аурулардан шықпай өстi, бұл жағдай да
оның дүниесезiмiне өз әсерiн тигiзсе керек.
Ең
соңында, ол 1841 ж. белгiсiз себептерге байланысты
өзiнiң терең махаббаты Регина
Ольсен деген қыздан үйленерiнiң алдында
бас тартады. Осыдан кейiн ол толығынан
дiни
сезiмге берiлiп әкесiнен қалған үлкен үйде
жазушылық iсiмен айналысып, қалада жүрттың
көзiне өте сирек кездеседi. Әкесiнен қалған
барлық қаражатты өзiнiң жазған көп
шығармаларын жарыққа шығаруға жұмсайды.
Негiзгi еңбектерi: “Әлде- әлде², “Үрей мен
қалтырау. Диалектикалық лирика². “Ажалға бастайтын ауру. Қайта
туу мен оянуға
бағытталған христиандық-психологиялық
тебiренiстер² т.с.с.
Жалпы алғанда өзiнiң қысқа өмiрiнiң шеңберiнде
бұл кiсi 28 томдық еңбектердi
тудырған, соның iшiнде 14 томы - оның күнделiктерi.
өз заманында атағы шықпаған
философ ХХ ғ үлкен құрметке бөленедi,
оның шығармашылығына арналған мыңдаған
зерттеулер жарық көредi. 1948 ж. берi Копенгаген
қаласында “Кьеркогериана² деген осы
ойшылдың көзқарасын зерттеуге арналған
журнал шығады.
Өзiнiң шығармашылық жолының басында Кьеркогер
қайсыбiр философиялық жүйенi
жасаудан бас тартып, соңғының ең биiк
шыңы - Гегельдiң философиясын қатты сынға
алады. Өйткенi, оның философиясында рационализм
өзiнiң шегiне жетiп панлогистiк
дәрежеге көтерiлдi ( pan,- грек сөзi,- бәрi
де, logos,- ақыл-ой). Гегельдiң ойынша, болмыс
-
ойлаумен тең, ақыл-ойдың шеңберiнен шығаттынның
бәрi де ақиқатты емес, Ғарышта
өжеттi танымның аша алмайтын ешқандай
сиқыры болмақ емес.
Кьеркогер мұндай көзқарасқа үзiлдi-кесiлдi
қарсы шығады, өйткенi, болмысты жүйелеу
мүмкiн емес. Қайсыбiр жүйе - аяқталғандықпен
тең, ал болмыс үне-бойы өзгерiсте. Екiншi
жағынан, Гегель тұлғаны объективтi нақтылы-тарихи
шеңбердiң iшiне қойып түсiнедi,
яғни жеке тұлғаның өзiндiк қайталанбайтын
тек соған ғана тән өмiрi, оның еркi тарихтың
қадамының астында көмiледi. Сондықтан,
ол Гегельдiң объективтiк диалектикасына
өзiнiң субъективтi, жеке тұлғаның өмiр
сүру (экзистенциалдық) диалектикасын
қарсы
қояды. Оның ойынша, қайсыбiр дүние жөнiндегi
жаратылыстануға негiзделген ғылыми
көзқарас - залымдықтың нышаны. Жаратылыстану
ең соңында адамзаттың құруына әкелуi
мүмкiн,- дейдi Кьеркогер. Ойшылдың бұл
пiкiрiн үстiрт қарамай терең ойласақ, расында
да, бүгiнгi таңда ғылым адамға көп жақсылық
әкелгенiн бәрiмiз де бiлемiз, сонымен қатар,
ядролық соғыс пен экологиялық апаттың
мүмкiндiгiн адамзат жоя алмай отырғаны
да -
бүгiнгi таңдағы ақиқат.
Фридрих Ницше
Фридрих Уилһелм Ницше (нем. Friedrich Wilhelm
Nietzsche, IPA: [ˈfʁiːdʁɪç ˈvɪlhəlm ˈniːtsʃə]) (1844 қазаннаң
15 — 1900 тамыздың 25) — 19 ғ. неміс пәлсапашысы
және филологы.Бонн және Лейпциг университеттерінде
оқыған. Ницше болмыс пен мәдениеттің
екі бастамасын – “дионистік (“өміршеңдік
пен трагедиялық”), ләззатқа жүгенсіз
елеуреу” және “апполондықты” (пайымдау,
логик. топшылау мен бір жақты интеллектуалдық)
салыстыра зерттеді. Ницше ғасырлар бойы
қалыптасып келген салт-сана мен дәстүрлерге,
әсіресе, философияда зердеге қарсы шықты.
Ол зердені қатты сынға ала отырып, оның
негізгі қағидаларын іске алғысыз етеді.
Философтың айтуынша, |
дүниені тануда негізгі рөл
атқаратын зерде немесе сана емес, рухтың
күші ғана, ал рух дегеніміз – өмірдің
өзі. Өмір өзінің қайғы-қасіретімен және
азабы арқылы білім бола алады. Ницшенің
иррационалистік философиясының бір ерекшелігі:
өмір мен ырық (абсолютті ырық) арасындағы
байланысты анықтауға ұмтылғандығы. Ол
өз шығармашылығының алғашқы кезеңдерінде
ырықты өмірге деген құштарлық деп танып,
өмір философиясының негізін қалады. Бірақ
Ницше шығармашылығының соңғы кезеңі
ырыққа деген басқа көзқарасты тудырды.
Оның ойынша, өмір ендігі жерде ырыққа
деген құштарлық емес, керісінше, бұл рухтың
үстемдікке, билік етуге құштарлығы болып
шықты. Ницшенің пікірі бойынша, адам,
бір жағынан, тек жәндік қана, ал екінші
жағынан алғанда, әрі тудырушы, әрі жаратушы.
Жалпы ол адамның рөлін, әсіресе, шығарм.
қызметін жоғары бағалаған. Ол неміс тілінің
айрықша өткір түрімен сол дәуірдегі қоғамдық
сенім, өнеге, мәдениет, пәлсапа және ғылымды
сын тезіне алады. Ницшенің көзқарастары
кейінгі пәлсапаға әсіресе бар болушылық
ағымы мен постмодернизмге терең ықпал
етті. Оның құндық көзқарасы және шындық
туралы қойған сұраулары мен түсініктемелері
еуропалық және түсініктемелік пәлсапаның
негізін қалады.
Ницше пәлсапаға кірісуден бұрын жұмысын
филологиядан бастаған. 24 жасында Базел
университетінің классикалық филология
бөліміне басшы болып орналасады, бұл
сол кезге дейін осы орынға отырған ең
жас профессор еді. Бірақ, 1889 ж. ол жүйке
ауруына ұшырап, денсаулық жағдайымен
орнынан шегінеді, осыдан кейінгі өмірінде
ол бастан ақыр ауырумен алыса жүріп өткізді.
1889 ж. ауыр науқас болғаннан бастап, шешесі
мен қарындасының жанына келіп 1900 ж. көз
жұмғанға дейін солардың күтімінде болды. |