Ғылыми танымның екінші
деңгейі – теориялық деңгей.
Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми
нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық
тәуелділікті айкындауға, эмпирикалық
деректерден теориялық қортындыларға
көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды
анықтауға көмектеседі. Теориялық деңгей
әдіс/і:
1. Әдебиет көздерін
оқып білу зерттеудің құрамдас және бөлінбейтін
бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген
ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші
ғылымның осы саласында оған дейін қандай
мәселелер зерттелгенін анықтау үшін,
зерттеу мәселесінің бұрыңғы мен қазіргі
жай-күйін және оған қатысы бар барлық
мәселелерді түсіну үшін таңдап алған
тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы
қажет. 2. Талдау мен жинақтау.
Талдау келесі түрлерге бөлінеді;
эмпирикалық материалды механикалық бөлу;
тұтастың құрамындағы элементтердің өзара
қатынасы формаларын аныктау; білім құрылымын
ашып көрсету, зерттеу объектісінің сипаты
мен динамикасын айқындау және т.б.
3. Абстракциялаудың
(дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап
қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту
– көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың
жалпы, бірдей белгілерін анықтау. 4, Ұқсастыру әдісі
зат/ мен құбылыс/ң жалпылығын айқындау
үшін қолданылады. 5, Теория
жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың
немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу – зерттеу
объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы
басқа бір объектімен алмастырылатын
зерттеу әдісі.
45.
Адамның дүниеге танымдық қатынасының
ерекшеліктері (таным, шығармашылық, интуиция,
түсіндіру және түсіну, ақиқат
және адасу).
Таным – бұл адамның бейнелеу
әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында
таным деп адамның дәлелденген білім алу
үшін әлемді, ондағы өзін мақсатты түрде
бейнелеу аталған. Таным дегеніміз – білім
алу үшін шығармашылық ізденіс.
Таным адамның практикалық іс
- әрекетінің рухани жағы болып табылады.
Таным – адамның нақты мақсатына бағытталған
және шығармашылық іс - әрекетінің әлеуметтік
процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің
идеалды образдары қалыптасып, олар туралы
білім пайда болады.
Таным теориясы немесе
гносеология – таным табиғаты
мен оның мүмкіндіктері, шегі
туралы мәселені арнайы зерттейтін
философия ғылымының бір бөлігі.
Философия тарихында таным теориясына
ерекше мән беріп, оның ерекшеліктерін
анықтаған философ Кант.
Таным теориясы этика, эстетика,
адам туралы философиялық ілімдермен
тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия
теориясының дербес бөлімінің ретінде
өзінің мағынасын сақтайды.
Гносеологияның ең негізгі категориясы
ақиқат болып табылады. Түйсік, ұғым, интуиция
психология үшін индивидтің өмірлік іс
- әрекетінің немесе оның тәртібінің психикалық
формасы ретінде анықталады, ол философиялық
таным теориясында олар ақиқатқа апаратын
құрал ретінде зерттеледі. Ақиқат дегеніміз
– қоғам, табиғат, құбылыстарының адам
санасында объективті көрініс табуы.
Таным – бұл тек ізденіс қана
емес, ол, сонымен қатар, білімнің одан
әрі дамуы.
Таным процесі екі сатыдан тұрады:
сезімдік және рационалдық таным. Бұл
екі саты бірінен кейін бірі болатын жекеленген
деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің
екі қарама – қарсы, бірақ бір – бірімен
өте тығыз байланысқан жақтары. Әрқайсысының
өзіндік ерекшеліктері де бар.
Шындықтан алған әсерлерінің
негізінде адам жаңа сезімдік бейнелер
ойлап табуы мүмкін, яғни онда қиялдау
қабілеті қалыптасады. Сезім органдарының
көмегімен біз заттардың сапалары мен
қасиеттерінің көп жақтылығын бейнелейміз.
Ойлау дегеніміз - әлемді логикалық
абстракциялардың көмегімен тану деген
сөз.
Ойлаудың қарапайым түрі ұғым
деп аталады. Ұғым дегеніміз – шындықтағы
заттардың, құбылыстардың өзара байланыстарын
жүйелеп жинақтайтын, қорытатын ой. Яғни,
объективті шындықтың өзіндік табиғатын
игеру, бейнелеу ұғымдар түрінде іске
асады. «Ұғым» сезімнен толық арылған
ой жүзінде танылған заттың дүниеде болу
тәсілін ішкі қажеттілігінде және сондай
құбылыстардың бәріне де міндетті түрде
тән жалпылығында идеалдық түрде қайта
жасайды.
Ұғымның бастапқы белгісі –
танылатын саладағы барлық құбылыстарға
тән болудың формасын анықтау.
Ұғым – жай ғана жалпылау немесе
жинақтау емес, ол заттың не құбылыстың
дүниеде болу жолын, болу тәсілін анықтайтын
іргелі жалпылау.
Ұғымдардың өзара байланысын
пікір анықтайды. Пікір – заттар мен құбылыстар
туралы айтылатын кез келген сауал, ол
бір нәрсені растау не терістеу түрінде
болады. пікір құбылыстардың сан алуан
байланыстарын көрсетеді. Пікір туралы
жан – жақты мәліметтерді логика пәнінен
алуға болады.
Ой – тұжырым деп бұрынғы қалыптасқан
білімнен жаңа білімнің, бұрынғы белгілі
ойдан жаңа ойдың шығуын іске асыратын
ойлаудың маңызды формасын айтамыз. Адам
ойларының жасампаздық сипаты осы феноменде
айқын көрінеді.
Таным – адамның ажырамас, тылсым
қасиеттерінің бірі. Өйткені көрсем, білсем
деген ниет оны өзі дамыған сайын мазалай
береді. Осындай мазасыздық, тынымсыз
іздену, ұдайы қарману адам баласын жетілдіре
түседі, жетілген сайын таным көкжиегін
кеңейте, ұлғайта береді.
Интуиция дегеніміз – адамның
зерттеу нысанын тікелей, бірден толық
тану мүмкіндігі. Таным объектісін зерттеу
немесе анықтау процесінде адамның оның
мәнін, заңдылығын кенеттен тани кетуі.
Интуиция – ерекше қабілет,
оны дәстүрлі тәсідермен түсіндіру қиын.
46.
Ақиқаттың аспектілері: аксиологиялық,
экзистенциалды, конептуалды, операционалды
ақиқат. Абсолютті және салыстырмалы
ақиқат.
Ақиқат танымның негізгі мақсаты.
Білімдегі абсолюттік және салыстырмалылық диалектикасы. Ақиқат — білімнің пәніне,
нағыздығына сәйкестігі. Былайша айтқанда,
ол — нағыздығтың дұрыс көрсетілуі.
Аксиология - құндылықтар ілімі,
адам қызметінің бағытталғандығын, адамның
іс-қылықтарыныңмотивациясын анықтайтын
жалпы маңызды принциптердің философиялық
теориясы.
Ақиқаттың объективтілігі —
тұлғаның талғамы мен зауқынан, жекелеген
коғамдық қозғалыстар мен партиялардың
корпоративтік мүдделерінен, жалпы адамның
санасынан тәуелсіздігін айғақтайтын
оның бірінші, бастапқы белгісі. Ақиқатқа
қол жеткізу субъекті мен объектінің өзара кайшылықты әрекеттесуінен
жүзеге асырылады. Ақиқат деген-үдеріс,
ол объектіні бірден, түтасымен және толык
келемде түсіну. Ақиқатка бірден және
түтасымен қол жеткізу мүмкін емес, оның
күрделі үдеріс екендігін сезіп түсінуге
адамдар біртіндеп келді.
Акиқатты біртіндеп дәлдеу және
тереңдету үдерісін белгілеу және сипаттау,
оның объективті мазмүнын толыктыру үшін
"абсолютті ақиқат және салыстырмалы
акикат" үғымдары енгізілген. Абсолютті
ақикат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын
айғақты акикатты айтуға болады. Салыстырмалы
ақиқат деп өзінің барлык объективті мазмұнымен
аякталмағандығы, толык емес екендігі
көрінетін, ертелікеш бұдан өрі дөлдеуді
кажет ететін білімдерді айтамыз.. Салыстырмалы
акикаттың кейбір элементтері өзінің
объектісіне толық, сөйкес келеді, кейбіреулері
автордың ақылмен болжап тұрған ойлары
болып табылады. Әрине, таным үдерісінде
салыстырмалы ақиқаттың дәлел- денуі,
толыктырылуы мүмкін. Сондыктан ол жетілдіретін
білім болып табылады. Абсолютті білім
— шынайылыкка толык сәйкестігіне орай
— бұлжымайтьш білім. Элементтері өзінің
объектісіне сай болғандықтан, онда өзгеретін
ештеңе жоқ. Сырттай карағанда, абсолютті
және салыстырмалы ақикаттар бір-бірін
жокка шығаратындай көрінеді. Ал танымның
шынайы үдерісінде олар бір-бірімен қарама-
кайшылықта емес, байланыста болады. Олардың
байланыстары акиқатқа жетудің процессуалдық,
динамикалык сипатында болады. Таным үдерісінде
адамдар абсолюттік және салыстырмалы
акиқаттарды қатар қолданады. Әрине, ақиқаттың
өзі үдеріс болуына орай, танылған арсеналдың
ішінде абсолюттік шындык көп емес және
абсолюттік ақиқат сол арсеналдың екі
полюсіне шоғырлануы сипат алған. Абсолютті
ақикат салыстырмалы ақиқаттардың косындысынан
тұрады. Қосынды деп бұл жерде, салыстырмалы
ақиқаттардың белгілі бір мөлшерінің
карапайым қосындысы емес, абсолютті білімнің
кұрылымындағы салыстырмалы акиқаттың
алатын мөлшерінің біртіндеп, үнемі өсуін
айтамыз.
Сәйкестік принципі бойынша
ақиқат қоғамдық адам санасында шын дүниенің
практика арқылы берілген белгілі бір
жағының бейнелену процесі. Сонымен,
ақиқаттың диалектикалық материалистік
теориясы мынадай қағидаларға сүйенеді:
Ақиқат - әлеуметтік прцес;
Обьективті ақиқатты мойындау-
абсолютті ақиқатты мойындау.
Ақиқат барлық жағдайда нақты
практика ақиқаттың жалпы өлшемі.
Ақиқатты тану- қайшылықты, күрделі диалектикалық
процесс.
47.
Диалектиканың тарихи типтері. Диалектиканың
негізгі принциптері мен заңдары.
Философияның бір бөлігі
болып табылатын диалектика - әлемнің
дамуының теориялық негіздерін анықтайды. Диалектика дегеніміз
– болмыс пен бүкіл әлем дамуының жалпы
байланыстары туралы ілім. Онда даму процесі
зерттеледі. Диалектика – дамудың философиялық
теориясы. Сонымен қатар, ол - әлемді біртұтас
және қарқынды бүтіндік деп қабылдайтын
ойлау тәсілі.
Философия объективті
және субъективті диалектика ұғымдарын
қолданады.
Диалектика зерттейтін
маңызды сұрақтардың қатарына: «даму дегеніміз
не?», «Ол неліктен болады», «Даму қалай
іске асып отырады», «Даму қайда бағытталған»
сияқты маңызды проблемалар жатады. Осылар
төңірегіндегі ізденістер мен ойлар иірімдері
материалдық әлемнің терең қабаттарын
ашып, оның даму тетіктерінің мәнін зерттеуге
мүмкіндік береді.
Қарапайым диалектика
антикалық философияда қалыптасты. Диалектикалық
дәстүрлің бастауы – негізі Гераклит
ілімі деп есептелінеді. Табиғатты бөлінбейтін
біртұтастық дей отырып, Гераклит «от»
, «әлемдік өрт», «космос» ұғымдары арқылы
ондағы ұдайы болып тұратын өзгерістерді
түсіндіруге тырысты.
Диалектиканың дамуына
қомақты, сүбелі үлес қосқан философ -
Г.Гегель. Гегель диалектиканың негізгі
заңдары мен категорияларын анықтап, олардың
тиянақты жүйесін жасады.
К.Маркс пен Ф.Энгельс
материалистік диалектиканы дамытты,
даму идеясын тарихи құбылыстарды зерттеуде,
яғни әлеуметтік таптық қатынастардың,
жеке меншіктің, мемлекеттің, қоғамның
басқа да маңызды институттарының қалыптасуының
заңдылықтарын түсіндіруде кеңінен қолданды.Диалектиканың
маңызды принциптеріне дүниенің объективтілігін,
оның негізгі бөліктері мен қасиеттерінің,
құбылыстарының бір – бірімен байланыста,
өзара әрекеттесуде, қайшылықта болатындығын
мойындау жатады. Диалектиканың
негізгі үш заңы бар. Олар даму процесінің
маңызды заңдылықтарын түсіндіреді. Қарама
– қарсылықтардың бірлігі мен күресі
туралы заң – материалдық әлемнің дамуының
негізін түсіндіреді. Бұл заңның үлкен
дүниетанымдық және тәрбиелік мәні бар,
өйткені ол дамудың белгілі бір сатысын,
тарихтың ешбір жетістігін, адам қол жеткізген
биікті ең соңғы деп қарамастырмауға үйретеді
және шексіз шығармашылыққа бағдар береді.
Диалектика кез келген
затты саны және сапасы жағынан сипаттайды.
Сапа – бұл қасиеттердің бірлігі. Сапалық
айқындылық зат пен құбылысты тұрақты
етеді, бір – біріне ажыратып, дүниенің
шексіз сана алуандылығын айқындайды.
Зат пен құбылыс өз
дамуының белгілі бір деңгейінде жаңа
сапаға көтеріледі. Сан өзгерістерінің
нәтижесінде ескі сапаның жаңаға айналып,
заттың немесе құбылыстың түпкілікті,
сапалы өзгеруі – секіріс деп аталады.
Кез келген сапалы өзгерістің тек секіріс
арқылы дамуы маңызды бетбұрыс. Өйткені
секіріс кезінде зат өзінің сапалық қасиетін
жоғалтып, басқа қасиеттердің жиынтығына
айналады.
Диалектиканың негізгі принциптері:
- Жалпы байланыс
принципі
- Жүйелік принципі
- Себеп – салдарлық
байланыс принципі
- Тарихилық принципі
Жалпы байланыс қоршаған
әлемнің біртұтастығын, оның ішкі бірлігі
мен заттардың, құбылыстардың, процестердің
өзара бір – бірімен тығыз байланыстығын
білдіреді.
Жүйелілік айналадағы
көп байланыстардың арасында реттілік,
өзара бір – біріне бағынушылық бар екендігін
көрсетеді. Осындай ретті өзара бағынгушылықтың
арқасында дүние ішкі мақсатты бүтіндікте
өмір сүреді.
Себеп – салдарлық
байланыс біреуі екіншісін тудыратынына
меңзейді. Заттар мен құбылыстар өзінен
- өзі пайда болмайды, олардың әрқайсысының
не ішкі не сыртқы себептері бар.
Себеп салдар туғызады,
ал салдардың өзі басқа бір жағдайда себепке
айналады. Себеп – салдар байланысы осындай
жағдайдың жалпылық сипатын дәлелдейді.
Тарихилық қоршаған
ортаның мәңгілігін, тарихтың, әлемнің
жойылмайтындығын және уақыттың шексіздігін
көрсетеді. Диалектиканың категориялары
заттар мен құбылыстардың арасындағы
жалпы байланыстарды қарастырады.
48.
Адам санасы мен рухани дүниесі
туралы философиялық, діни және
ғылыми түсініктер.
Философиялық түсінік.
Сана - адам миы қызметінің жемісі, нәтижесі.
Бірақ ми түрлері жанарларда да бар. Ал
сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл
өте күрделі процесс, материалдық дүниененің
ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Сананың
миға бар екенін мойындамай, сана миға
сырттан дайын күйінде интроекция арқылы
келеді-міс деген жалған пікір таратқандар
да болған ол махист Р. Авенариус.