Соңғысы адамзат дамуының ең биік сатысы
деп саналды. Дегенмен, марксизм қоғам
өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге
үстірт қарады, түпкі мақсатқа жетуде
қантөгіске толы тап күресіне басымдық
берді, оның қоғам дамуының ағымына қарай
икемділігі шамалы болды. 19 ғасырдың аяғынан
бастап марксизм социал-демокриялық
қозғалыстың негізгі идеологиясына айналды.
1990 жылға дейінгі
кезеңде марксизм социалистік елдердегі
мемлекеттік идеологияға айналды. Социалистік
жүйе құлағаннан кейін, марксизмді зерттеп,
баға беретін жаңа кезең басталды.
37.
Философияны позитивистік тұрғыдан
тұжырымдау. Бірінші позитивизм
мен эмпириокритицизм. XX ғасыр – ғылыми – техникалық
революция дәуірі. Рационализм мен иррационализм
арақатынасын ғылыми техникалық прогреске
көзқарастан да байқауға болады. Біріншісін
сциентизм деп атайды. Ол бағыт, ғылымға
ғылыми техникалық прогреске сенеді. Ғылым
адамға қызмет етеді, оның өмірін жеңілдетіп,
жақсартады. Бұл бағыт XX ғасырдың екінші
жартысында дүниеге келді. Оған көптеген
жаңа ғылымдардың, жаңатехникалардың,
технологиялық әдістердің, компьютердің,
т.б. дүниеге келуі себеп болды. Екіншісі
антисциентизм деп аталады. Ол ғылымға
сенбейді. Ғылыми – техникалық прогресс
адамға тек қиындық әкеліп, зиян келтіреді,
қоғамды басқарудың тоталитарлық жүйесін
туғызды, ал адамдардың санасын ол қаспақтай
ұстайды, ойлау жұйесінде шектеу саласы
деп есептейді. Сөйтіп, иррационализм
сайып келгенде мистикаға, жоққа сенуге
де, ғылыми ізденістерге де жеткізеді.
Сондықтан оған сыңаржақты қарап, жақтауға,
не даттауға болмайды. XX ғасырдың
аяғы – XX ғасырдың басында физиология
мен психологияның, сезім мүшесінің рөлі
артты. Оны уағыздағандар Эрнст Мах (1938
– 1916) пен эмпириокритизмнің негізін салушы
Рихард Авенариус (1843 – 1896) болды. Рессейде
оларды жақтап, соңына ергендер А. Богданов
(1873 – 1928), В. Базаров (1874 – 1939), т.б. Э. Мах
былай деді: "Ағаш, стол, үй менің денемнен
тыс, өздігінен өмір сүреді”.Дегенмен,
XX ғасырдағы идеалистік философияның
басты бағыттары үшеу. Олар: неопозитивизм,
неотомизм және экзистенциализм. Позитивизмнің бірінші
тарихи формасы Х1Х ғасырдың 30-40 жылдарында
етек алды. Оның негізін салушы француз
философы О.Конт (1798-1857ж.) болды. Конт бойынша,
ғылымның ісі затты түсіндіріп беруде
емес, бейнелеп беруде. Ғылым “Неге?”
деген сұраққа жауап беруге дәрменсіз,
ол барлық фактіні “Қалай?” деген сұрақтың
маңайында өрбітуі тиіс. Тек осы жағдайда
ғана ғылым позитивті болалады. Бұл тек
ғылымдарға ғана тиісті емес, философияғада
қатысты. Философияның оңды міңдеті нақты-ғылыми
білімдерді, ғылымдардың рационалды классификациялық
негізінде жүйелендіру болып табылады.
Позитивизмнің екінші
тарихи формасы — эмпириокритицизм –
шетелде Х1Х-ХХ ғасырда пайда болды. Оның
алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі австрия
физигі Э.Мах (1838-1916ж.) және швейцар философы
Р.Авенариус (1843-1896ж.) “Бірінші позитивизмнен”
“екінші позитивизмнің” ерекшелігі ғылымның
басын таным теориясына тіреп таным процесінің
теориялық моделін құрастыруға тырысты.
Эмпириокритицизм “әдісті сынау” дегенді
білдіріп және метафизикалық табиғатты
иеленген әдісті барлық жағдайларынан
“тазартуды” ұсынды. Мах бойынша, әдіс,
“әлемнің элементі” болып саналатын
түйсіктен тұрады деді.
38.
Гуссерельдің феноменологиясы.
Э.Гуссерль -феноменологияның негізін қалаушысы.
Оның пікірінше философия сана құбылыстары туралы ғылым. Интенционалдық (бір затқа бағытталғандығы) ұғымы
арқылы субъект және объект арасындағы байланысты
шешуге талпынды.
Эдмунд Гуссерльдің 1930 ж «Логикалық зеттеулерінде»
белгіленіп, тұжырымдалған феномологиялық
әдіс философияда ғана емес,жалпы гуманитарлық
білім саласындағы жарылыс болды.Өз еңбегінде
Гуссерль әдебиеттану,тіл білімі,жалпы
өнердегі,дін мен психологиядағы феномологиялар-гуманитарлық
білім және XX ғасыр мәдениетіндегі түрліше
құбылып көрініс беретін ядро туралы айтады.
Гуссерль басқа түр мен форма қабылдап
кең тарайтын сана мәселесіне қатысты
жаңа ой,жаңа қатынастың негізін қалады.
Феномологиялық философияның
алғашқы қағидасын Гуссерль «Zu den Sаchen
seebst»-«вещам самим!» деп тұжырымдады. Әңгіме
философиядағы сана мазмұнына қатысты
тіпті өзгеше қатынасты білдіретін тенденция
туралы болып отыр. «Zu den Sаchen seebst» мағынасы
өзіміз құрайтын ,қолдан жасайтын сызба,
кесте, шаблондарды өзіміз байқамай,шын
дүниеге еріксіз міндеттемеу, таңбау:
«Біз «Sаchen»(«нәрселер», «заттар»)-қандай
болса-сондай күйде көруге ,қабылдауға
тиіспіз».
Осылайша феномология тазартушылық
қозғалысы рөлін атқарады: ол фиософияның
өз-өзін тұйық оқшауланған ,өзін-өзі жетімді
сферада іздеп табуға ұмтылған дәстүріне
радикалды түрде қарсы тұрды. Өйткені
теориялық дүниенің,тиістінің-нағыз нақты
дүниеден жоғары қойылуы XX ғасырдың екінші
жартысында қатты қиындап және ,әсіресе
өзін-өзі жетімділік теориясы мен бұл
теорияға бағынбайтын алшақтық диссонанс
күшейе түскен XX ғ.да болмады.
Сондықтан феномалогия «нақты,шын
дүниеге бет бұру» туралы девизді ұстанып
өмірдің бастапқы шын мән-мағынасын табу,
сусып, жалт беретін шын дүниені бейнелеу
талпынысына айналды.Гуссерль өзінің
фиософиялық рухы бойынша картезиандық
екенін ашық айтқан болатын.Оның адам
мәселесін және ең алдымен сана мәселесін
саралауда Декарт мұрасы,картезиандық
тәсілдер негіз болған еңбегінің бірі
дәл осылай аталады.
39.
Сана және бейсаналық: З.Фрейдтің
психоаналитикалық философиясы.
Психоанализ - батыс адамының рухани дағдарысының
өзіне тән көрінісі және оның шешімін
іздеудің талпынысы. Фрейд психикалық
ауруларды емдеудің жаңа түрін жасап,
осы мәселеге күллі мүддесі мен өмірін
бағыштаған адам. Фрейдтің мақсаты ақиқатты,
шын жағдайды мейлінше тану болатын.Ол
үшін тану мына дүниеде адамға бағыт берудің
жалғыз тал сәулесіндей болды.
Сана – ойлаудың ең жоғарғы формасы,
қоғамдық сананы билеу құралы. Сана қоршаған
дүние жөніндегі білімдердің жиынтық
бірлігі, оның құрылымына барша танымдық
процестер енді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау,
қиял.Сана қызметі:
мақсат қалыптастыру, себеп-салдарын анықтау,
еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің
орындалу жолын айқындау т.б. Бейсаналық –
бұл адамның жүріс-тұрысына әсер ететін,
бірақ ол өзі жете түсінбейтін, автоматты,
спонтанды байқалатын құбылыстар, үдерістер,
қасиеттер және көңіл-күйлер. Бейсаналық
бастама, түптеп келгенде, адамның барлық
психикалық үдерістерінде, көңіл - күйлері
мен қасиеттерінде орын алады.Фрейд теориясы мен
практикасында санасыз күй мәселелері
ерекше орын алды. Ол саналы түрде қабылданбайтын
сезім күйлері мен уәжедері адам өмірін
елеулі түрде қиындатып тіпті жүйке-психика
ауруларының себебі болуы да мүмкін екендігіне
бірнеше рет көз жеткізді. Фрейд өзінің
медициналық тәжірибесіне сүйене отырып
санасыздық күйкүштерін зерттей бастады.
Ол емдеген адамдар өздерін не қызықтыратынын,
жан дүниесін не ауыртқанын білмегендіктен
ауруға ұшыраған. Тек гипноздың көмегімен
сана бақылауын қадағалау арқылы тұлғаны
ауруға шалдықтырған оқиғалар ізін табуға
мүмкіндік туды. З.Фрейдтің бұл жердегі
батыл қадамы санасыздық күйі психикасының
түрі қалтарыстарын зерттеуде болды. Адамның
жан дүниесінің құпияларына барар жолды
ол санасыздық күйі психологиясынан іздей
бастады. Бастапқыда ең басты және жалғыз
қару гипноз болатын. Гипнозға қанағаттанбаған
ол басқа құралдарды іздестіре бастады.
Фрейд тапқан жаңа терапиялық құрал «еркін
ассоциация-лар» еді. З.Фрейд еркін ассоциацияларды
санасыз түрдегі іс-әрекеттерді зерттеуге
жол табу үшін қолданған. Оның тұжырымдамасында
адам санасыз деп ұсынылған.
40.
Экзистенциалистік философиясының
негізгі мәселелері.
Экзистенциализм – ХХ ғасырдың
орта шегінде Батыста ең кең тараған субъективтік
– идеалистік философияның бірінен саналады.
Экзис/м- адам , оның жеке басының мәселлері,
дүниедегі тіршілігінің қиыншылықтары
нег зерттеу пәні болып табылатын фил/қ
бағыт. Экзис/м басты тақырыбы-адамның
рухани әлемі, қазіргі замандағы жеке
тұлғаның тағдыры, жеке адам болмысы. Оның
ірі өкілдері М.Хайдеггер, Г.Марсель, Ж.П.Сартр,
А.Камью және т.б. Экзистенциализмнің бастапқы
негізі материяның, заттар дүниесінің
өмір сүруі емес, жеке адамның өмір сүруі,
оның көңіл-күйі, сезімі, ішкі талпынысы,
яғни өзінің психикалық сезім құбылыстарының
жиынтығы арқылы көрінетін субъектің
өмір сүруі. Міне осыдан философияның
міндеті келіп шығады – болмыстың ең жалпы
формаларын зерттеу емес, сыртқы дүниенің
және танымның мәнін ашу. Адам өз болмысының
мәнін түсіну арқылы ғана өзінен тыс сыртқы
дүниеде не бар екені жайында пікір айта
алады. Экзистенциалистер адамның табиғатын
ғылыми тұрғыдан танып білуін жоққа шығарады,
өйткені адам табиғаттың ішкі сырын, оның
өмір сүруінің мәнін ашу олардың философиясының
мақсатына қайшы келеді. К.Ясперс (1883–1969)
неміс ойшылы және психиатры, экзистенциализм
ілімінің беделді өкілдері. Оның «Тіршілік
ету философиясы» деген еңбегі бар. Оның
түсінігінше, экзистенциализм біздің
нақты болмысымыз және трансцедентті
ұмтылыстарымыз арасындағы ғылым мен
дін арасындағы айырмашылық.Ол жеке адамның
құлдырау бейнесін емес, қайта адамның
өз даралығын ширыға іздестіруін көреді.
Осы жанға батарлық ізденістерді нағыз
философияға салынудың ұйтқысы деп санаған.
Ясперстің ойынша, болмыстың шын мағынасы
аса терең күйзелістер (ауру, өлім, кешірілмес
күнә және т.б) кезеңінде ашылады. Нақ осы
сәттерде адам өзінің күнделікті қам –
қарекетінен (дүниедегі нақты болмысынан)
және өзінің идалдық мүдделері мен өмір
шындығы туралы ғылыми түсініктерінен
(трансцендентальдық өзіндік болмысынан)
арылады. Оның алдынан өзінің оңаша тіршілігінің
(экзистенцияның нұрлануы) және оның құдайды
(трансценденттік) танып білу кезеңінің
есігі ашылады, - деген.
41.
Материяның атрибуттары: қозғалыс,
кеңістік, уақыт.
Материя дегеніміз - адамға оның өзінің
түйсігі арқылы көшірмесі, суреті, сәулесі
түсетін объективтік реалдылықты белгілеу
үшін қолданылатын философиялық категория.Материя
әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп
объектілер мен системаларды қамтиды,
қозғалыс-тың алуан түрлі қасиеттері мен
формаларының субстанциялық негізі болып
табылыды. Материяның өмір сүру тәсілі
– қозғалыс
Қозғалыс табиғат пен қоғам да болып
жататын барлық процестерді қамтиды. Қозғалыс
дегеніміз - жалпы өзгеріс, материалдық
объектілердің әрқалай өзара әсерлесуі
және олардың қалпының ауысуы. Дүниеде
қозғалыссыз материя жоқ, сол секілді,
қозғалыстың өзі материясыз болмайды.
Материяның негізгі
өмір сүру формалары - уақыт және кеңістік.
Философияның көңіл аударатын мәселесі,
ең алдымен уақыт пен кеңістіктің материяға
қатысты, яғни уақытпен кеңістік шындық
па, әлде санада ғана өмір сүретін таза
абстракты ма деген мәселе. Кеңістік пен
уақыт материя қозғалысының сандық айқындығы.
Кеңістік деген
ұғым материялық объектілердің қатар
өмір сүруін және олардың өзара орналасуын
білдіреді. Оның өлшемдері: ұзындығы, ені,
биіктігі. Бұл өлшем тек заттық формаға
ғана тән емес, процестерге де тән.
Уақыт - қозғалыстың формалары мен
құрамды бөліктерінің (не элементтердің)
бір - бірінен туындап ұласу формасы. Уақыт
деген ұғым материялық процестердің бірінен
соң бірінің кезектесіп келуін, заттар
мен құбылыстардың өмір сүруінің ұзақтығын
білдіреді. Уақыт заттың емес, тек процестің
сипаты. Философияда көп ойшылдар қозғалыссыз
материя жоқ деген пікірге ойыстаған.
Бірақ қозғалысты әртүрлі түсінген. Қозғалыс
табиғаттағы, қоғамдағы барлық өзгерістерді
түгел қамтиды. Қозғалыстың ішкі өзіне
қарама-қарсы бір сәті - тыныштық. Тыныштық
қозғалыстан бөлек, оған бөгде нәрсе емес.
Тыныштық - қозғалыстың белгілі өткінші
алпы. Дәлірек айтсақ, тыныштық - қозғалыстың
біршама, бір сәткі тұрақтылығы.
42.
Онтология болмыс туралы ілім.
Кеңістік пен уақыт болмыстың
маңызды формалары ретінде.
Онтология грек тілінен
аударғанда онтос - болмыс, логос - ілім
яғни болмыс туралы ілім болып
табылады. Болмыс - тарихи қалыптасқан
кең мағыналы, терең ауқымды философиялық
ұғым. Әр заманда өмір сүрген
ойшылдар бұл ұғымды көбінесе
жүйелі философиялық толғаныстардың
бастапқы негізі деп қараған.
Онтология (гр. ontos – болмыс, logos –
ілім) – философия ғылымының саласы;
әлемдегі заттардың фундаменталды
мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын
айкындаумен айналысатын философияның
(және метафизиканың) бөлімі. Жалпылық
негізін, болмыс принциптерін, оның
құрылымы мен заңдылықтарын қарастырады.
Философиялық онтологиялық теорияның
мысалдары - Платонның «түрлер» теориясы
немесе ғылыми теориялармен жалпы
негіздердін қандай түрлері белгіленеді
деген сұраққа жауап іздейтін
жақында пайда болған ғылыми
реализм теориясы. Онтология терминін
алғаш енгізген (1613) неміс философтары
Р.Гоклениус пен Х.Вольф. Бұл философтардың
пікірінше Онтология адамның
шынайы дүниемен байланысын түйсікпен
емес материалды болмыстан бөлек
тұратын ақыл-парасат, абстракциялық
рух арқылы таниды. Олар Онтология
бүкіл дүниенің (оның ішінде субстанция,
кеңістік пен уақыт, т.б.) негізі
мен мәнін болмыстағы алуан
түрлі құбылыстардың себебін, дамуын
түсіндіретін бірден-бір ғылым
деп санады. Кеңістік және уақыт
– материяның маңызды атрибуттары.
Кеңістік – материя болмысының
объективті, жалпы, заңды формасы, ол
әр түрлі жүйелердің көлемге
ие екендігін, өзара орналасқандығын,
құрылымды-лығын және бірге өмір
сүретіндігін сипаттайды. Реалды
кеңістік тіршілік етушілерді
іс жүзінде бөлудің, сонымен қатар
біріктірудің тұрақты көрсеткіші.
Ол үш өлшемді, кез-келген кеңістіктік
қатынастар үш өлшем-координаталар
(ұзындық, ең, биіктік) арқылы си-патталады.
Салыстырмалылық теориясы төрт
өлшемділікті қолданады, үш өлшемге
төртінші өлшем – уақыт қосылады.
Уақыт – әр түрлі жүйелердің
жағдайларының созылғандығын, ретпен
жүруін сипаттайды, материя болмысының
объективті, жалпы және занды
формасы. Уақыт бір өлшемді, бірбағытты,
қайта оралмайды, үнемі өткеннен
болашаққа қарай жүреді.
43.
таным және оның түрлері.
Таным дегеніміз — нағыздықтың
адам санасында мақсатты және белсенді
түрде бейнелену үдерісі болып табылады.
Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады.
Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған
орта құбылыстары, сонымен қоса адамның
санасында танымдық қызметтің субъектісі
— адамның қызметі зерттеледі. Рационалды таным деп тану құралдарының
заңдылықтары арқылы заттардың ішкі мәніне
және олардың болмысына үңілуінен көрініс
беретін адамның ойлауын айтамыз.Адам
сезімдерінің осы шектеулігін рационалды
таным арқылы кеңейте алады, заттардың
мәні тек адамның ойлау қызметінің көмегімен
танылады. Рационалды танымның формаларына
ұғым, пікір және ой қорыту жатады. Ұғым дегеніміз — құбылыстардың
айқындамаларында бекітілген жалпылама
байланыстағы заңдылықтарын, жақтарын,
белгілерін көрсететін адам ойының формасы.Пікір — заттардың, құбылыстардың,
үдерістердің және олардың қасиеттерінің
байланыс-тарын, арақатынастарын көрсететін
ойлау формасы. Ой қорыту — логикалық ойлаудың
жоғары формасы. Ол пікірдің логикалық
байланысына негізделген. Ой қорыту - белгілі
пікірден жаңа пікір алатын ойлау формасы. Түйсiк (ощущения)- адамның сезiм мушеле-рiне тiкелей
әсер ететiн объективтi дүниенiң материалдық
заттары мен нәрселерiнiң жеке қасиеттерi мен
сапаларының қарапайым, элементарлы бейнеленуi. Қабылдау
(восприятие)- адамның сезiм мүшелерiне
тiкелей әсер ету нәтижесiнде, санада материалдық
заттар пен нәрсенiң бiртұтас бейнесi қалыптасатың,
сезiмдiк танымның ерекше формасы. Қабылдау,
мiндеттi түрде, субъектiнiң таным объектiсiмен
тiкелей байланыс орнатқан сәтте, түйсiктер
негiзiнде пайда болады.
Елестету - сезiмдiк қабылдау негiзiнде
қалыптасқан, заттардың жаңама-сезiмдiк
бейнесi; бұрын қабылданған заттар мен
нәрселердiң көрнекi бейнесiн сезiм мүшелерi арқылы
қайта жаңғырту процесi. Сезiмдiк
таным барлық формаларының бiртұтастығы
ретiнде адам өмiрiнде үлкен орын алады.
Сезiмдiк таным арқылы адам қоршаған дүние
туралы және өзi туралы алғашқы бiлiмдерге
ие болады, оның санасында әлемнiң сезiмдiк
бейнесi (картинасы) қалыптасады.
44.Ғылыми
зерттеудің эмпирикалық және
теориялық деңгейлері.
Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді.
Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық
деңгейде (бақылау, эксперимент, өлшеу), басқалары тек теориялық
деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары
эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу)
қолданылады. Енді осыларға жеке тоқталайық:
Эмпириялық
танымның бастау алатын әдісі
— бақылау. Ол айналадағы нағыздық
объектілері туралы бірқатар алғашқы
ақпараттар алуға мүмкіндік береді. Бақылау
белсенді танымдық үдеріске жатады және
нәрсе мен сыртқы дүние құбылыстарының
сезімдік (көбінесе көру) бейнеленуі болып
табылады. Тәжірибе деп
объектінің өзіне сай қасиеттерін айқындау
зерттеушінің оған жасанды жағдайлар
жасау жолымен әсер етуін айтамыз.