1. Дүниетаным
және оның түрлері (мифологиялық,
діни, философиялық).
Дүниетаным – құрылымы жағынан
күрделі жүйе. Оның бастапқы және өзекті
элементі – білім.Дүниетанымның құрылымдық
жүйесі-не адамның негізгі принциптері
мен рухани құндылықтары да кіреді.
Дүниетаным дегеніміз – дүниені түйсіну, түсіну арқылы
адамның өзіне өзінің, сыртқы дүниеге
қарым – қатынасын анықтаудың өзегі, күре
тамыры. Жалпы, дүниетаным адамның тану
функциясын орындайды. Бұл оның мәнінен
туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның
әр түрлі түрі, қыры, типі бар.
Мифологоиялық дүниетанымның
негізі – қиял, ойдан шығару. Г.Гегель
миф дегеніміз – адам ақылының әлем алдындағы
әлсіздігінің көрінісі деп жазған. Мифология
ауқымды әрі жан – жақты құбылыс, ол әлем
халықтарына түгел қатысты адамзат санасының
өте ерекше қабаты.Миф - алғашқы қауым
адамына тән ойлаудың бірінші, бөлінбеген
формасы.
Діни дүниетаным құдыретті күшке, яғни құдайға
сеніп, соған табынуға құрылған. Діннің
дүниетанымдық принципі негізінде адам
мен дүниенің жаратылуы туралы наным жатыр.
Ғылым, ең алдымен, ұғымдық дүниетаным
болып табылады. Қарапайым дүниетаным
адамдардың өзі және қоршаған дүние туралы
күнделікті іс - әрекетінде пайда болып
тұратын жекелеген білімдеріне негізделеді.
Ол әркімнің жеке өмірлік тәжірибесінде
көрініс табады. Қарапайым дүниетаным
халық даналығына сүйенеді.
Философия ерекше дүниетаным және адамның
рухани іс - әрекетінің көрнекті саласы
ретінде аталған дүниетаным түрлерінің
өзара қабысуының нәтижесінде қалыптасты.
Бірақ ол олардан жоғары дәрежеге көтерілді,
сонымен бірге, алғашқы бастауы, қайнар
көзі ретінде олармен байланысын жоғалтқан
жоқ.
Философия адамның дүниені тану
тәжірибесін жинақтау, әлемнің біртұтас
теориялық үлгісін жасау, әлемге қарым
– қатынасты білдіру қажеттігінен туындаған
ерекше феномен.
2. Философияның
пәні: адам және дүние мәселесі.
Философия пәні деп философия қарастыратын
мәселелер мен сұрақтарды айтады.Негізгі бөлімдері:
1. онтология (болмыс туралы
ілім);
2. гносеология (таным туралы
ілім);
3. антропология (адам туралы
ілім);
4. аксиология (құндылықтар туралы
ілім);
5. этика (мораль туралы
ілім);
6. логика (ойлау заңдары туралы
ілім);
7. эстетика (сұлулықтың заңдары
мен канондары туралы ілім).
Адам мәселесі, оның ішінде шығу тегі, мәні,
табиғаттағы орны және қоғамдық өмірдегі
рөлі мәселелері фундаменталдық философиялық
тақырыптардың бірі болып табылады. Адамды
философиялық тұрғыда түсінудің іргетасы
осы қалыптасқан түсініктер, идеялар,
образдар мен ұғымдар негізінде және қалыптаса
бастаған философия және мифология арасындағы
сұхбат нәтижесінде қаланды. Платон ілімі
бойынша адамда мәңгілік жан және өткінші
дене қосылады. Жан – денесіз идея әлеміне
жатады. Адам болса дербес рухтың сақтаушысы.Адам
жаратылыстың, табиғаттың туындысы және
әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған
заттар мен құбылыстарды өз қолымен, ақылмен
жасайды.
Философиядағы маңызды мәселелердің
бірі – дүние мәселесі.
Ежелгі дүние дәуірінде дүниенің жоғарғы
мәнін, яғни идеяларды еске түcipy арқылы
дүние танылады делінді(Платон). Дүние
сезімдік және рационалды таным арқылы
танылады (Аристотель). Ортағасырлық дәуірде
Табиғат (жаратылған дүние) танылады,ал
Жаратушыны тану мумкін емес деген
көзқарас болды. Қайта Өрлеу дәуірінде
Жаратушы да, оның жаратқан дүниесі
де интеллектуалды интуиция арқылы танылады
(Николай Кузанский). Жаңа Заман Дәyipiнде
Дүниеде танылмайтын нәрсе жоқ. тек әзірше
танылмаған құбылыстар ғана бар (Ленин).
Философия дүниенің мәні және
адам туралы білім «Дүние және адам»
қарым қатынастарын зеттейді осы тұста
болмыс және ойлау физикалық және психикалық
материалдық және идеалдық рух және табиғат
объективтік және субъективтік, яғни философия
универсалды ілім.
3. Философияның
негізгі атқаратын қызметтері
мен қазіргі замандағы рөлі.
«Философия» термині
грек тілінен аударғанда «филео
- махаббат, құштарлық; софия – даналық»
деген мағынаны білдіреді. Философия қызметі - философия мақсатын, міндетін,
тағлымын жүзеге асырудағы философияның
атқаратын қызметі. Философияның негізгі
функциялары:Дүниеге көзқарастық
қызметі - дүниенің біртұтастық бейнесін
жасау, оның құрылымы жөнінде, дүниедегі
адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы
туралы көзқарасты қалыптастыру.Методологиялық қызметі - философия коршаған дүниені,
шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін
жасайды.
Теориялық қызметі - философия бүкіл дүниені, құбылыстарды
ұғынуды мейлінше жалпылайды, концептуалды
- логикалық жүйелер жасайды, теориялық
тұжырымдар түзейді.Гносеологиялық қызметі - философия қоршаған дүниені,
шындықты, дұрыс әрі айқын тануды (таным
тетігін) мақсат етеді.Сыншылдық қызметі - философия кез келген теорияны,
білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп,
ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын
айқындайды. Бұл функцияның міндеті - догмаларды
әшкерелеу, білімнің дәйектілігін пысықтау
және таным шеңберін мейлінше кеңейту.Аксиологиялық қызметі
- философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда
оларды моральдік-әдептілік, этикалық,
әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани
және т.б. құндылықтар жағынан қарастырады.Әлеуметтік қызметі
- философия қоғамды зерттегенде, оның
пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын,
қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды
айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру
мәселелерін карастырады.Тәрбиелік қызметі - философия гуманистік құндылықтар
мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам
игілігіне жаратуды көздейді. Эвристикалық қызметі - философиялану, яғни философияны
оқып-үйрену процесінде адам дүниеге,
бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды,
оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі,
инсайт билейді.
Философияның басты ерекшелігі
– әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады,
оның ішкі байланысын, жалпы даму заңдылықтарын
зерттейді. Дүниеге көзқарасты құратын
құбылысқа философия да кіреді. Дүниеге
көзқарастық проблемаларды шешуге философияның
атқарар рөлі орасан зор.
4. Ежелгі
үнді философиясының негізгі мектептері.
Ежелгі үнді философиялық мектептерін
екі бағытқа бөліп қарастырамыз: 1)Ортодоксалды
(Веданы мойындайтын) ф-лық мектептер.2) Бейортодоксалды
емес (Веданы мойындамайтын)
1) Вайшешика – Мектептің атауы «вишеша» -
«ерекшелік» деген мағынаны білдіреді.
Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик
философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы
мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге
көңіл бөледі. Ньяя - гносеологиялық
мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя
философиясының негізі Готаманың (немесе
Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында
қаланған. Ньяя философиясын көбінесе
ойлану туралы және сыни талдау туралы
ілім деп жатады. Йога – адам психологиясы,
түрлену дөңгеленген азат болу ілімі.
Негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали
есептелінеді. Йога жүйесіндегі басты
мәселе - жаттығу тәсілдері мен практикасы
арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің
сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан
дүниесін баулуға үйрету. Миманса – таным
мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда
болды. Мимансаның негізі Джайминидің
«Сутрасында» қаланған.Санкхья – қос
реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған
философиялық жүйе. Оның негізін қалаған
Капила. Санкхья дегеніміз - сан, танымның
объектілерін санау арқылы тану.Веданта философиялық
толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта
идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас
және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің
түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман.
2)Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ.
шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін
қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині
«жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Жайнизм –б.д.д..
V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін
қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға
сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен,
дене терісінен нәзік, биік, құдіретті.
Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген,
өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде
жасаған келеңсіз қылықтарының теріс
салдарын осы өмірде жеңуге болады. Чарвака-локаята терминін
“материалист” терминімен синоним деп
санауға болады. Негізін калаушы- Брихаспати.
Чарвака Ежелп Үнді ф-дағы жалғыз
материалистік мектеп. Чарвака өз дамуының
басында локаята(лока-бұл
дүние) деп аталган. Локаята б.д.д 1-мың
ортасында пайда болған.
5. Буддизм
философиясы.
Буддизм Үндістанда
б.з.д. 5-6ғ дүниеге келді.Цейлонда. Қытайда,
Жапонияда т.б. ресми дін деп саналады.Нег.сал.Сидхартха Гаутама,
будда дег.атқа ие болған. Жас шағында
бақытты, төрт құбыласы тең болып өмір
сүрген Гаутама өмірдің кәрілік, ауру,
өлім секілді жағым-сыз құбылыстарымен
кездескен соң адамды азап-қасіретке толы
мұндай өмірден құтқару керек деп шешті.
Азапты өмірден құтылу-дың екі жолы бар:
сыртқы дүниені озгерту аркылы адамдардың
бәріне ортақ утопия құру және өзіндік
«Менді» өзгеріске, яғни, ішкі болмыстың
қасіретіне ұшырамайтын «ішкі утопияны»
құру. Будда екінші, экзистенциалдық жолды
тандап, тақуалық өмір кешуге, адам-заттың
рухани ұстазына айналуға бел байлайды.
Әкесінің үйінен кетіп, Урувилланың маңындағы
Бодхи ағашының астындағы оңаша жерге
орналасқан Сидхартха ханзада жеті күннен
соң қасіретті өмірден тазару жолдарын
тауып, нұрланады.Будданның ілімінше адам
баласы дүниедегі 4 ақиқатты түсінбей
ж\е 8игі жолды игермей сансарадан
құтыла алмайды.Сансара-өмірге
қайта келу, карма-іс әрекетіне байланысты
адамның болашағы анықталатын заңдылықтар. 4 ақиқаты 1)өмір азапқа толы, 2) азаптың себ.бар, 3) азапты тоқтатуға
болады, 4) азаптарды тоқтататын
жолдар бар.
Азаптан құтылу үшін 8 сатыдан тұратын
талаптар орындау керек. 1)дұрыс қабылдау
2)д.ойлау 3)д.әрекет 4) д. Өмір сүру 5)д.Күш жұмсау 6)ақылды
д. қолдану 7) д.ой шоғырландыру, 8) д.сөйлеу.
Осы қасиеттерді сақтай отырып өмір сүру
арқылы нирванага, тыныштыққа жетуге болады.
Буддизм өлі материяның,
органикалық дүниенің және жанды дүние
элементтерінің арасында себептілік бар
екендігін мойындайды және соңғы себепті-лікті
ерекше бөліп көрсетеді (карма теориясы).
Буддистер карманы адамның өмірін ең басты
бақылаушы деп есептемегенімен, адамдарды
карманың бар екендігін ұмытпауға шақырады,
сол арқылы ізгілікке жетелейді. Адамгершіліктік
ластану ағынның барлық элементтерін
кірлетеді, сондықтан оны бірте-бірте
жойып, мүлдем тазару жолымен нирванаға
жетуге болады. Нирвана – адамдардың көпшілігі
үстіртін түсініп жүргендей жәй ғана рахатқа
бөлену емес, зұлымдық пен нәпсіні тыю
жолымен жансыз, сезімсіз абсолютке айналу,
сананы өшіру. бір сөзбен айтқанда, абсолюттік
тыныш күйге жету.
6. Ежелгі
Қытай ойлау дәстүрі: дао мектебі, заңшылдар
мектебі.
Дао ағымы. Конфуцнй іліміне қарсы
шыққан тағы да бір атаулы философиялық
мектептің ілімі даосизм деп аталады.
Даоның қазақшасы «жол» деген сөз. Бұл
ілімнің негізін қалаушы б.ж.с.д. VI ғасырда
өмір сүрген Лао-цзы. Бұл «кәрі ұстаз»
деген ұғымды білдіретін лақап ат. Лао-цзы
160-200 жыл ғұмыр кешкен дейді. Ол патша сарайында
тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет
атқарған. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен
алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар - дао, дэ, у-вэй.
Дао - әлемдегі заттар мен құбылыстардың
сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы
белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті
білдіреді. Ол - даоға кереғар қағида. Дао
- өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің
үлгісі. «Дао» - заттардың өмір сүру заңы
«цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды.
Әлемде барлығы қозғалыста болады, олар
үнемі өзгеріп отырады, тіпті, осы өзгерістердің
нәтижесінде заттар мен құбылыстар өздерінің
қарама-қарсылығына айналып отырады.
Заңгерлер мектебі.. Бұл мектеп Хань династиясының
кезеңіне сай қалыптасқан. Негізін қалаған
Шан Ян: «Кім ақылды болса, ол заң шығарады,
ал кім ақымақ болса, ол заңмен шектеледі.
Қабілетті тәртіпті өзгертеді, ал, қабілетсіз
тәртіп арқылы шырмалады. Тәртіпке шырмалған
адаммен іскерлік туралы, ал заңмен шектелген
адаммен өзгерістер туралы әңгімелеудің
жөні жоқ» депті. Заңгерлер мектебі тәртіп (ли), жақсылық
(дэ), адамгершілік, инсандық (жэнь)
категорияларын қалыптастырып, дамытқан.
Билеуші заң (фа) немесе өкім (мин) шығарады,
алайда олар қоғамның терең қатпарларына
жетпейді (увэй). Себебі
олар тек марапаттау мен жазалау жүйелеріне
байланысты ғана шығарылған. Егер заң
(фа) мен өкім (мин) өзгертіліп отырса, онда
адамдардың да іс-әрекеті заман талабына
сай өзгеріп отыруы тиіс. Өйткені, билеушінің
орны көк тәңірінің қолдауымен белгіленген.
Заңгерлер мектебінің негізгі
ф-лық тұжырымы «жаңа заманға
ескі киім кигізуте болмайды» дегенге
келіп саяды. Жаңа заман талаптарына сай
жаңа заңдар шығарылуы тиіс. Жаңа тарихи
шындық үшін басқарудың соны тәсілдері
қажет. Конфуцийлік ілімнің нұсқауына
ерік ескі тәртіпке қарайлай берудің пайдасы
жоқ.
7. Конфуцийдің
этикалық философиясы.
Конфуций ой-пікірінің негізгі
мазмұны табиғат заңдарына сәйкес келетін,
адамдардың бірлесіп өмір сүруіндегі
парасатты реттілікті, тәртіпті қамтамасыз
етудің аса маңызды шарттары болып табылатын
қарапайым да ғаламат зор “5 ізгілікті”
ұғындыруға арналған. Ол адам проблемасына,
оның ақыл-ойына, адамгершілік кескін-келбетіне
мол көңіл бөлді. Конфуцийдің саяси-этикалық
маңызды ұғымы – адамшылық, адамның әділ,
ақжүрек болуы (жэнь). Ұлдың кішіпейіл
болуын, ата-ананы, жалпы үлкен кісілерді
сыйлап жүруін анықтайтын “сяо” тұжырымдамасы
да осы қатарда. Өте оңды, тамаша адам өзін-өзі
жетілдіру нәтижесінде қалыптасады. Ойшыл
ретінде Конфуций мұндай кісіні адамшыл
(жень), әділ, адал, ақжүрек болу керек деп есептейді.
Ол әрқашан білім ала беруге ұмтылып тұруға тиіс.
Ата-анасына, жалпы қарт адамдарға айрықша
ілтипатпен қарым-қатынас жасау ләзім.
“Бүкіл өмірің бойы басшылыққа алуға
тұратын сөз бар ма?” деген сұраққа орай
Конфуций: “Бар, ол сөз – мейірімділік”,
– деп жауап берген. Конфуций адамдар
арасындағы мүлтіксіз қарым-қатынас заңын
мынандай қанатты сөзбен тұжырымдаған:
“Өзіңе тілемейтініңді басқаға жасама”.
Конфуций қатаң тәртіп болуын
жақтады. Өз өмір–тіршілігінде Конфуций
төрт принципті қатаң ұстады:
1)Бос қиялға салынбау. 2)«Мен
білемін» дегендіктен аулақ болу. 3)Қасарыстық
көрсетпеу4)Өзінің жеке басы жайлы ойламау.
Конфуцийдің аса маңызды өсиеттерінің
бірі – баланың әке-шешесіне деген махаббаты.
Егер адам ата-анасын сүймесе және олардың
алдындағы борышын мойындамаса, ол- делқұлы,
есерсоқ немесе есі дұрыс емес адам. Ғұламаның
тағы бір қыры оның халықты оқу мен білімге
шақыруынан да байқалады. «Мені жұрт білмейді
деп қынжылма, керісінше, мен жұртты білмеймін
деп қынжыл» - бұл да қытай ойшылының аузынан
шыққан дуалы сөз. Адамгершілік Конфуцийдің
пікірінше, қарапайымдылықпен, әділдікпен,
сабырлылықпен, жомарттықпен және адамдарға
деген шексіз махаббатпен астасып жатыр.
«Әбден жетілген» адам адал және мінсіз,
ақкөңіл де ақжарқын, әрі өзінің сөйлеген
сөзіне, ісіне мығым, көзі қарақты болуға
тиіс. Конфуцийдің пікірінше, мемлекет
басшысына тек «әбден жетілген» адам ғана
лайық.