Қазақ мәдениетінің би өнеріне ықпалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 13:39, курсовая работа

Краткое описание

Тақырып өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде талай-талай белестерді бағындырды. Ол халықаралық қатынастан бастап, елдің әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени салаларының барынша қарқынмен дамуы арқылы көзге түседі. Бұл еліміздің рухани бай болуының, білімділігінің, байсалдылығы мен сабырлығының арқасында келіп жатқан үлкен жетістік. Қазақ халқы тарихтың талай соқпақтарынан өтсе де, небір қилы заманды басынан кешсе де ұлттық құндылығын бағалаған халық. Оның айғағы тіліміздің, дініміз бен діліміздің, ұлттық құндылықтарымыз бен өнеріміздің өлмей, атадан балаға мұра болып, қазіргі өркениетті күнге жетуі десек артық айтқандық емес. Соның ішінде ұлттық өнердің ажырамас бөлігіне айналған қазақ биінің орны ерекше.

Прикрепленные файлы: 1 файл

МАГИСТ.ДИССЕР..doc

— 6.34 Мб (Скачать документ)

«Наз» мемлекеттік би театрының репертуарындағы салт-дәстүр негізіндегі би қойылымдарының қоғамда алатын орны ерекше екеніне көз жеткізе келе болашақ балетмейстерлердің ұлттық құндылықтарды ұлықтауына арналған бір мектебі іспетті боларына сенім арттық. Сондай-ақ, би өнерімізде ұлттық бастаулардың көзін ашып, қайта жаңғыртуда, тың ізденістер арқылы заңды эволюциялық өсу жолында өзінің көркемдік сипатымен, өз шығармашылығымен Қазақстанның хореография өнеріне үлкен үлес қосқанын зерттеу барасында аңғардық.

Жұмыс барысында қазақ биінің бүгінгі сахналық үлгілері негізінен салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа негізделген деп тұжырымдадық.

Зерттеу барысында «Наз» театры шығармашылық жұмысының бірнеше бағытта жүргенін ұғынуға мүмкіндік алдық.

Біріншіден, Қазақстан балетмейстерлерінің билерін жаңғырту барысында «Қазақ би жәдігерлері» атты концерттік бағдарламасы арқылы көрерменін халық мұрасына айналған билермен таныстырды.

Екіншіден, халықтың тарихына үңілетін, тарихта қалған тұлғалардың өмірін насихаттайтын би спектакльдерін сахнаға шығарды.

Үшіншіден, әртүрлі халықтың ұлттық билерін қою үрдіске айналғанын көрдік.

Төртіншіден, қазіргі заман талабына сай жастардың талғамына негізделген билер де театр репертуарынан орын алды.

Зерттеу барысында «Наз» би театрының өзінің қалыптасу кезеңінде қарапайым концерттік номерлерді сахналаудан бастап үлкен спектакльдер қою дәрежесіне көтерілгені деп тұжырымдадық. Осы жұмыстарды атқаруда Қадиша, Еркебұлан Ағымбаевтардың балетмейстер ретінде өсу жолында болды. «Наз» театрының қалыптасу кезеңінде ұжым артистері: Мейрамгүл Айтмағанбетова, Сагит Дузбаев, Алмат Шәмшиев, Дана Сүлейменова, Наталья Леонтьева және тағы басқа өнерпаздардың қосқан шығармашылық еңбектерінің де мол болғанын және жемісті болғанын көрдік.

Бұл диссертациялық еңбек автордың біраз жылдар осы шығармашылық ұжымда жұмыс істей жүріп, жиған тергенінің, өз тәжірибесінің қорытындысы деп білген жөн. Дегенмен бұл еңбекпен «Наз» театрының шығармашылығы толық зерттеліп болды деуден аулақпыз, керісінше талай еңбектерге жол ашылды деген ойдамыз. Олай болса «Наз» мемлекеттік би театрының балетмейстерлері мен орындаушыларының шығармашылық жолдары талай ғылыми зерттеу нысанына айналатыны кәміл.

Зерттеу барысында жұмыстың негізгі нәтижелері түрлі кезеңдерде ғылыми мақалалар жариялау және «Наз» мемлекеттік би театрының қойылымдарына тікелей қатысу арқылы саралаудан өткізілді.

Диссертациялық зерттеу жұмысының тақырыбына қатысты мақалалар төменгі басылымдарда жарияланды:

  1. «Арқа арланы» республикалық газеті «Ұлттық би - жан мен тән сұлулығына жетелейді» 2013 жылғы 28 ақпан.
  2. «Өнерге арналған өмір» атты мақала «Боранбаев оқулары - 2012ж. Педагогический опыт и новаторство в области художественного образавания» ғылыми практикалық конференциясының жинағына, баспаға жіберілді.
  3. «Қазақ композиторларының би тіліндегі орны (Нұрғиса Тілендиев)» - Зерттеуші - Исследователь ғылыми журнал. № 1-2 (69-70) қаңтар-ақпан 2012 жыл.
  4. «Астана қаласындағы кәсіби би ансамбльдерінің дамуы» - Би мұрасы және білім берудегі хореография өнерінің заманауи мәселелері. Астана, 2012 ж.
  5. «Қазақ биінің мән мағынасы» атты мақала «Боранбаев оқулары -2013 ж.
  6. «Қазақ композициялардағы қимыл  әрекеттердің қолданысы» - Ш.Уалиханов оқулары - Көкшетау, 2013 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Джанібеков У. Эхо. Алма - Ата. Өнер, 1991 - 304 б.

2. Жәнібеков Ә. Уақыт керуені. Алматы, Жазушы, 1992 - 192 б.

3. Всеволодская-Голушкевич О. Пять казахских танцев.

    Алматы, Өнер, 1988-152 б.

4. Всеволодская-Голушкеевич О. Бақсы ойыны.

    Алматы, Рауан, 1996 - 144 б.

5. Әль-Фараби Трактаты о музыке и поэзии. Алматы, Ғалым, 1993 - 456 б.

6. Кузембаева С. Воспеть прекрасное. Алма-Ата, Өнер, 1982-104 б.

7. Ерзакович Е. Қазақстанның музыка өнері.

    Алматы, Қазмембаспа, 1963 - 45б.

8. Әуезов М. Шығармалар жинағы. Т.11 Алматы, 1969- 480 б.

9. Эльяш И. Балет народов СССР. Москва, Знание, 1977-168 б.

10. Ізім Т. «Өркені өскен би өнері».

11. Ізім Т. «Уақыт және би өнері». Алматы, Полиграфия сервис и К, 2008-190 б.

12. Әбіров Д. Қазақ билерінің тарихы: Оқу құралы. Алматы, ИздатМаркет, 2006,

13. Сломинский Ю. Советский балет. Материалы к истории советского балетного театра. -- М.--Л: Искусство, 1950. -- 368 с.

14. Диярова К. (құрастырушы) Шара. Алматы, Өнер - 2005-208 б.

15. М. Әуезов энциклопедиясы. Алматы, Ата мұра, 2011-506 б.

16. Потанин Г.Н. «Русское богатство» Москва.Наука, 1968. - 364 с.

117. Сейдімбек А. «Қазақтың күй өнері». Астана, Күлтегін, 2002 - 832 б.

18. В. Голушкеевич О. Школа казахского танца. Алматы, Өнер, 1994 - 184 б.

19. Жиенқұлова Ш. Тайна танца. Алматы, 1980. -248 б.

20. Ізім Т., Кульбекова А. «Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістері»

21."Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том.

22. Кәмәләшұлы Б. Қазақтың байырғы салт-дәстүрлері. Алматы, Өнер, 2006. - 152 б.

23. Ізім Т. «Алтынай». Алматы, Өнер, 2010. - 112 б.

24. Аязбекова С.Ш. «Картина мира этноса». Институт философии и политологии МОиН РК Алматы 1999. - 285 б.

25. Қазақстан хореографиясының тарихы: оқулық/Т. Қышқашбаев, Ә. Шаңқыбаева, Г. Жұмасейітова, Ф. Мусина.-Алматы: ИздатМаркет, 2005. - 185 б.

26. Потанин Г.Н. Сборник казахского фольклора. Письма:В 4-х т. Составители Грумм-Гржимейло А.Г. и др. Иркутск:Вост. - Сиб.кн.издательство,1977,т.1.200 с.

27. Амантаева Г. «Ұлт болмысы» Республикалық жастарға арналған патриоттық әдеби-танымдық журнал №1. қараша 2011.

28. Есқазиева А. Би мұрасы және білім берудегі хореография өнерінің заманауи мәселелері. Астана, 2012. - 214 б.

29. Қаратаев М. «Кочевники и эстетика». Алматы, 1985. - 314 б.

30. Бақтыбаев Т. Өнер шуағы. Алматы, 2010.-120 б.

31. Ағымбаев Е. «Тұйғындар» бағдарлама, Астана, 2005.

32. Құнанбаев А. Шығармаларының толық жинағы (екі томдық) -- Алматы, 1954 (преизд. 1968, 1986, 2002).

33. «Наз» мемлекеттік би театры ұжымының күнделігі. Астана, 2008 - 36.

34. Әуезбекова Г. «Астана хабары» газеті, «Өрге жүзген өнерпаздар», №192-194 29 қараша 2007 жыл.

35. Бердешева Н. «Айқын» газеті, «Наз халыққа берген сертінен шықты», №184 (1121) 1 қазан 2008 жыл.

36. Күлімбаева Б. «Неделя в Астане» газеті, «Тұйғындар - мастера «изящной пластики», 26 сәуір 2008 жыл.

37. Акиергенова Ж. Астана қаласы Мәдениет басқармасының «Шашу» журналы, 2007.

38. Ақселеу С. «Мәдени мұра» журналы, 2008.

39. Оғызбаев Т. «Атырау» газеті, «Қазақта би болмады деген бекер», №132. 26 қыркүйек 2008 жыл.

40. Айбергенов Т. Өлеңдер жинағы. Бір тойым бар. Алматы, Өнер. 2001. - 117 б.

41. Нарова Ж. «Алматы ақшамы», 29-желтоқсан 2009 ж.

42. Құрастырған Әбдірайымұлы С. Қаһарман - Нұрғиса (Очерктер, поэмалар, эсселер, өлең-жырлар).:. - Алматы: «Санат» 1999.

43.«Өз елім» Н.Тілендиев атындағы ІІ-саз фестивалі журналы, 29-сәуір 2011 ж.

44. Амантаева Г. Ұлт болмысы №15. қараша 2012.

45. Жүсіпова Б. Үйлену тойы. Алматы, Көшпенділер, 2002. - 128 б.

46. Мақатаев М. Поэмалар жинағы, Аққулар ұйықтағанда. Алматы, 2011. - 112 б.

47. Оралбай К. Өмірім - өнерім. Ақтөбе, 2005.- 88 б.

48. Мақатаев М. Мәдениет, өнер, дәстүр. Алматы, 2009. - 167 б.

49. Жүсіпова З. Қазақ халық әндері, Алуа-ай. Алматы, Өнер баспасы. 2001.- 75 б.

50. Тергембаева К. Бәрі де сағыныш пен сағым екен. Астана, Лик, 2007. - 151 б.

51. Тәңірбергенова А. «Жас қазақ үні» газеті, 2010. №14

52. Жиенқұлова Ш. «Өмірім менің - өнерім». «Жазушы» баспасы 1992 - 315-бет


 




 



Информация о работе Қазақ мәдениетінің би өнеріне ықпалы