Қазақ мәдениетінің би өнеріне ықпалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 13:39, курсовая работа

Краткое описание

Тақырып өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде талай-талай белестерді бағындырды. Ол халықаралық қатынастан бастап, елдің әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени салаларының барынша қарқынмен дамуы арқылы көзге түседі. Бұл еліміздің рухани бай болуының, білімділігінің, байсалдылығы мен сабырлығының арқасында келіп жатқан үлкен жетістік. Қазақ халқы тарихтың талай соқпақтарынан өтсе де, небір қилы заманды басынан кешсе де ұлттық құндылығын бағалаған халық. Оның айғағы тіліміздің, дініміз бен діліміздің, ұлттық құндылықтарымыз бен өнеріміздің өлмей, атадан балаға мұра болып, қазіргі өркениетті күнге жетуі десек артық айтқандық емес. Соның ішінде ұлттық өнердің ажырамас бөлігіне айналған қазақ биінің орны ерекше.

Прикрепленные файлы: 1 файл

МАГИСТ.ДИССЕР..doc

— 6.34 Мб (Скачать документ)

Ал би қазақ халқының тұрмыстық болмысын, өнер сүйгіштігін жан-жақты аша түсетін ұлттық сахна өнерінің бір түрі екені айтыла келе, қазақ биінің мәні мен мағынасын ашуға тырыстық.

Көптеген тарихи, археологиялық жазба деректеріне сүйене отырып, қазақ халқының би мәдениетінің болғанын, соның ішінде халықтың тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымы мен ұлттық болмысын бейнелейтін «Киіз басу», «Қоян-бүркіт», «Аю би», «Насыбайшы», «Ұтыс би», «Қаражорға» тағы басқа билер туралы айтылып, олардың мағынасын ашу мақсатында мысалдар келтіре отырып талдау жасалынды.

Қазақ халқының мәдени мұрасында барлық өнер түрлерінің ең керемет үлгілері талай халық шеберлерінің дарындылығының арқасында дерлік қамтылып, осынау рухани байлық бізге жетіп отырғаны, соның бірі ұлттық ою-өрнектеріміздің ерекшеліктері мен мән мағынасы, би жанрларында дұрыс қолданылуы жайлы тұшымды ой айтылды.

Кезінде қазақ биінің негізін қалап кеткен Ш.Жиенқұлова, Д.Әбіровтердің логикалық түрде жүйеге келтіріп, көптеген қимылдарды биге енгізе отырып, кітап бетінде суреттеп бергендігі, ұлттық ою-өрнектерге, салт-дәстүрімізге, тұрмыс-тіршілігімізге, ұлттық киімімізге, мінезімізге, қазақи әшекей бұйымдарымызға сүйеніп, көптеген ұлттық билер қазақ биінің қорына сәтті енгені сөз болды. Оның дәлелі ретінде Зәуірбек Райбаевтың «Шолпы» биі нысанға алынды.

Сонымен қатар қазақ биінің дамуына байланысты, кеңінен тараған дәстүрлеріміз ұлттық ойындарымыз («Беташар», «Қоштасу», «Көкпар», «Бәйге», «Қыз қуу» және тағы басқа) қойылымдарында көптеп кездесетіні, осы саладағы балетмейстерлердің ізденістері зерттелді.

Жігіттердің биінде кездесетін ұлттық ойындар: «Аударыспақ», «Теңге алу», «Көкпар», сонымен қатар осыған байланысты қазақ биіндегі аяқ қимылдарында кездесетін «желдірме», «атшабыс», «тепең жорға», «тебінгі», «тізгін қақпа», т.б. тәрізді аттарға ие болғанын көрдік.

Композициялық қойылымдардағы қимыл әрекеттердің қолданысы да осы тарауда талқыланды. Қазақ биінде орындалатын әр қимылдың алатын орны мен өзіндік мағыналары зерттелді. Соның ішінде «Қошқар мүйіз», «Кереге көз», «Сыйлық», «Үлкен сыйлық», «Қызғалдақ», «Білезік», «Бота мойын», «Айна», «Сәндену» тағы басқа қимылдардың қыздардың орындауында кездесетіні, ал ер балаларда: «Бүркіт қанат», «Қамшы ұстау», «Молдас», «Ат шабыс», «Іліп алма», «Желдірме» тағы басқа қимылдардың кездесетіні, сондай-ақ қазақ биінің әр қимылы, мәні мен мағынасы ұлттық тәрбие беретін рухани құндылық деп тұжырымдадық.

Қазақ халқының би өнері халықтың поэтикалық, музыкалық шығармашылығымен, фольклормен тығыз байланыста қалыптасып дамығаны, ишарамен, ыммен айту әдісін, халықтың дәстүрлер мен салттарын кең қолдана отырып, хореографиялық қимылдың алғашқы элементтерін пайдалануы зерттеліп, бірнеше мысалдар келтірілді. Соның ішінде «Тәжім», «Жар жар», «Қоштасу», «Беташар», «Білезік», «Қос алқа», «Қызғалдақ», «Қайнар бұлақ», «Жалын», «Тұмар», «Айна», «Бұран бел», «Толқын», «Орама толқын», «Шынтақ толқын», «Орама», «Орама өрнек», «Жалын», «Бидай боз», «Қосшынтақ» және тағы да басқа қимылдар нысанаға алынды.

Композициялық қойылымның тақырыбы бойынша бидің образын аша білу әр бишінің, әр би ұжымының алдына қойған мақсаты болуы керек деген тұжырымға келдік.

Екінші тарауда қазақ биінің дамуына үлесін қосып келе жатқан жаңа би театрлары, соның ішінде «Наз» Мемлекеттік би тетарының пайда болуы, өсіп өнуі мен шығармашылық жолы және жеткен жетістіктері зерттелді. «Наз» би тетарының негізін қалаған Еркебұлан және Қадиша Ағымбаевтардың шығармашылық жаңалықтарын ашуға тырыстық.

 

Қазақ мәдениетіне өзіндік үлесін қосып келе жатқан 13 жылдық шығармашылық дара жолы бар, көптеген халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы «Наз» мемлекеттік би театрының тарихы ел ордамыздың Астана атануымен тікелей байланысты екені, театрдың елордада және еліміздің басқа да қалаларында өтетін барлық мәдени-бұқаралық, ірі мерекелік іс-шараларға белсене қатысып, өзіндік көркем сипатымен, ерекше шығармаларымен Қазақстанның хореография өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды деген қорытынды жасалды.

Осы өнерлі отбасының шығармашылық бастауынан осы күнге дейінгі өсу жолы мен шығармашылық жетістіктері зерттелді. Алғашқы ансамбль құрамындағы А.Омарова, Н.Каримова, А.Тұрсынова еңбектері де зерделенді.

Қазақ биінің көнеден қалыптасқан бай тарихын зерттей келе, оның бүгінгі таңдағы халыққа берер тәлім-тәрбиесін ескере отырып, әрбір биді мұқияттылықпен көрермен назарына ұсыну ансамбль жетекшілерінің негізгі қатаң қағидасына айналғаны, қазақ биі сонау көне замандардан сыр шертетін өнердің бір саласы екендігі айтыла келе сол асыл мұраны шашау шығармай, ұлттық құндылықтарды ұлықтап ұрпаққа жеткізу - театр ұжымының басты мақсатына айналғанын зерттеу барысында байқадық.

Ағымбаевтардың жетекшілігімен құрылған «Наз» би ансамблі өз көрермендерін ұлттық дәстүрлі билерімен және әр халықтың ұлттық билерін нақышына келтіре билеп тәнті етіп келе жатқаны, сол арқылы театр шығармашылық биік шыңдарды бағындырғаны, оның дәлелі Ресейде өткен ІІ Халықаралық хореографтар конкурсының, «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің,  «Қосалқа» халық би фестивалі, Голландиядағы Worldfestival Parad Brunssum фестивальдері, Нидерландыдағы Интернационалдық фольклорлық фестивальдері және өзге де  Халықаралық және Республикалық байқаулардағы жеңістері мен жетістіктері екені айтылды.

Қазіргі таңдағы ұжымның репертуары зерттеліп, ондағы үлкен әрі қомақты қойылымдар бағаланды. Соның ішінде бір тұтас халықтың тарихи кезеңін көрсететін, қазақ халқының сонау ерте замандағы өмірінен бастап, бүгінгі таңдағы желбіреген көк туымызға қалай жеткендігін көрсететін «Тұйғындар» атты би спектаклі мен тәуелсіздігіміздің 20 жыл толуына орай қойылған «100 жылда бір жасайтын Алып тұлға» атанған Нұрғиса Тілендиевке арналған «Нұрғиса» атты би спектакльдері басты назарға алынды. Олай болса «Наз» Мемлекеттік би театры қомақты дүниелерді сахналай алатын шығармашылық ұжым деңгейіне көтерілді деп тұжырымдадық.

Балетмейстерлер мен филармония музыканты Байдалы Рыспанбетовтың талғампаздықпен таңдап алған музыкалық шығармалары спектакльдің өн бойында сәтті қолданыс тапқандығы, сондай-ақ Құрманғазы, Махамбет, Е.Брусиловский шығармаларымен қатар А.Жайымов пен М.Бердығұлов, Ә.Қазақбаев, Б.Рыспанбетовтердің өз шығармалары және халық күйлері мен әндері сәтті қолданыс тапқаны сөз болды. Осы тарауда қойылымдардағы ерекшеліктер мен шығармашылық жолдары сараланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған «Наз» театры туралы мақалалар зерттеліп, бірнеше мысалдар келтірілді. Онда «Қазақ әдебиеті», «Астана хабары», «Алматы ақшамы», «Атырау», «Айқын», «Неделя в Астане» газеттері мен «Мәдени мұра», «Шашу» журналдарына жарияланған мақалалар зерделенді.

«Нұрғиса» би спектаклі толық сараланып, ондағы шығармалар, би қимылдары, спектакльдің «Дүниеге келуі», «Балалық шақ», «Жастық шақ», «Шындалу», «Алып тұлға» атты әр бөлімі талқыланды.

«Наз» мемлекеттік би театрын алға сүйреп келе жатқан Ағымбаевтар туралы сын басылымдарының да мақалалары зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамның берген бағасы айқындалды. Мысал ретінде «Айқын» газетінің «Наз» халыққа берген сертінен шықты» атты мақала нысанға алынды.

Қазақ би өнерінің өсіп-өркендеуіне, оның қазіргі заман талабына сай жаңаша құбылуына, көрермендердің талғамдарына сәйкес жаңғыруына үлесін қосып келе жатқан би театрының қазақ биі тарихында алар орны пайымдалды. 

Осы тарауды зерттеу барысында қазақ би өнерінің сахналық үлгісін жасап, оның дамуына үлес қосқан аға буын балетмейстерлер еңбегін жалғастырып келе жатқан Ағымбаевтардың еңбегі жемісті болғанын көрдік. «Наз» мемлекеттік би театрының соңғы жылдар аралығында дайындаған би бағдарламалары мен қойған спектакльдері көрерменнің рухани азығына айналды деген тұжырым жасалды.

«Наз» би театрының республикада өтетін барлық мәдени-бұқаралық және өз елімізбен шет елдерде өтетін ауқымды мерекелік іс-шаралардың, байқаулар мен фестивальдердің белсенді қатысушысы ғана емес, сонымен қатар Түркия, Мәскеу, Қытай, Оңтүстік Корея, Болгария, Греция, Катар, Бельгия, Голландия, Франция, Араб және Норвегия мемлекеттерінде ұлттық би өнерін насихаттап, қазақ биінің сұлулығы мен сымбатын тамсандыра көрсетіп, тұғырын биік ұстап келе жатқан ұжым екені айтылды.

Театр қазақ халқының тамаша дәстүрлерін, тұрмыс салтын, түрлі ырымдарын би арқылы кеңінен насихаттап келеді. Аз уақыттың ішінде «Наз» би театры Шара Жиенқұлова атындағы республикалық қазақ би байқауының лауреаты,  «Шабыт» халықаралық жастар фестивалінің бас жүлдесінің иегері, Қытайда болған халықаралық фестивальде алтын мүсін иегері, Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты атанғаны, сондай-ақ, театр гастрольддік сапарлармен Қазақстанның көптеген облыстарында, Алматы және Астана қалаларында өз өнерлерін көрсеткені туралы сөз болды. Шетелдерде - Ресейде, Қытайда, Түркияда, Бельгияда Голландияда, Францияда болғаны, ондағы гастрольдік кезеңдерден ойлар жазылды.

Театр репертуарындағы түрлі сюжеттерден тұратын билердің көпшілігі зерттелді. Оларды қойған балетмейстерлердің билері сараланды.

Сонымен қатар, аты төрткүл дүниеге әйгілі «Мың бір түн» ертегісінің желісі бойынша қойылған «Мың бір түннің бір түні» атты хорео-драмалық қойылым да тарихи негіздегі көркем туынды екені айтыла келе, оны дайындап, көрермен назарына ұсынған «Наз» театры ұжымының ерен еңбегі зерделенді. Сондай-ақ аталған спектальдің маңызына мән беріліп, соның ішінде би қимылдарына ерекше назар аударылды.

Театр қоржынындағы Француз композиторы Морис Равельдің «Болеро» атты әйгілі шығармасына қойылған би спектаклі де талқыға салынды.  Осы қойылымды қою үшін тер төккен балетмейстерлердің еңбектері айтылды.

Қазақ музыкалық мәдениетіне үлкен үлес қосқан өнердің алып тұлғасы Нұрғиса Тілендиевтің өмірін алғаш бимен өрнектеген Астана қаласындағы «Наз» мемлекеттік би театрының өнер ұжымы екені, ұрпақты Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығымен таныстыру, жастар арасында халық  музыкасын насихаттау, тыңдармандарды ұлттың рухын құрметтеуге, би өнерін дәріптеу мақсатында қойылған спектакльдің тағылымдық тәрбиесі зор екені айтылып, жыр алыбы Жамбылдың естелік сөздері мысал ретінде келтірілді.

Осындай талант иесінің өмірін бимен өрнектеген «Наз» мемлекеттік би театрының өнер саңлақтары қазақ елінің тарихында би өнері саласы бойынша әлі талай белестерді бағындыра алатын ұжым деп тұжырымдадық.

Сонымен қатар осы диссертациялық жұмыстың екінші тарауындағы «Театр репертуарындағы салт-дәстүр негізіндегі би қойылымдарының алатын орны» атты бөлімнің маңызы өте зор. Себебі ол осы зерттеу жұмысының негізгі бөлімдерінің бірі болып табылады.

Бұл бөлімде Қазақстан әлемдік өркениеттің асыл қазынасына қосылатын өнер құндылықтары бай ел екені, қазақтардың қайталанбайтын және өзгеше көшпенділер мәдениетінің мұрагерлері болып табылатыны сөзге арқау болып, хореографияның негізгі элементтері халықтың музыкалық-би шығармашылығымен тікелей байланыста туғандығы айтылды. Әлемнің әр еліндегі би өнерінің пайда болу тарихына кіріспе ретінде қысқаша шолу жасай отырып, бірнеше мысалдар келтірілді.

«Наз» мемлекеттік би театрының репертуарындағы салт-дәстүр негізіндегі би қойылымдарының алатын орны туралы айтпас бұрын, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына көз жүгірту қажет екендігі, сондай-ақ қазақ халқының негізгі салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының мағынасы ашылды.

Өнердің қай түрі болмасын, ол - халқымыздың дәстүрлі тұрмыс-салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы екені, осылардың ішінде халқымыздың өткендегі өмір салтын, мәдени болмысын сақтай отырып дамыған - ежелгі би өнері екенін дәлелдеуге тырыстық.

Осы жұмысты зерттеу барысында салт-дәстүріміздің көпшілігін (тұсау кесер, қыз қуу, бата беру, қыз алып қашу, беташар, шашу тағысын тағы) дәріптеп, насихаттап келе жатқан өнер шаңырағы «Наз» Мемлекеттік би театрының үнемі ізденіс үстінде жүретініне көз жеткіздік.

Би театрының ерекшелігі - қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық өнерін, атадан балаға мирас болып қалған ұлттық құндылықтарды насихаттау екені, сондықтан, сахналық би қойылымдарынан қазақтың ұлтттық дәстүрлерін жиі көретінімізді, сондай-ақ әр бидің өзіндік ерекшелігі алдымен оның музыкасының дұрыс таңдала білуінде екені сөзге арқау болды. Театр ұжымының би спектакльдері мен би қойылымдарына көбіне қазақтың ұлттық күйлері таңдалатыны сияқты театрдың шығармашылық ерекшеліктері сараланды.

«Наз» мемлекеттік би театрының ұлттық салт-дәстүрдің, әдет-ғұрыптың нәрін көрсететін тың туындысы - «Қазақ жәдігерлері» екені айтылып, осы туындының қазақ халқының бай салт-дәстүріне тұнып тұрған ұлттық сананы дәріптейтін ірі әрі керемет туынды екеніне көз жеткіздік. Осы «Қазақ жәдігерлерінің» негізгі құндылығы - осыған дейін театр репертуарында болған билерді жинастырып, бір мазмұнға бағындыруында болды. Осы туындының шығу тарихынан дерек беріліп, қоюшы балетмейстерлер мен өнерпаздардың аттары аталды. Концерттік бағдарламасы бойынша он бес нөмірден тұратын тың туынды қазақтың ұлттық, рухани құндылықтарын насихаттауға негізделгені, сондай-ақ онда Ақан Сері, Естай және халық әуендерінің барлығына баға берілді. 

Тоқаның күйіне орындалған «Бозайғыр» мен «Секіртпе» билері,       Т. Атабайұлының «Буын биі»,  Нұрғиса Тілендіұлының «Көшкеруені»,  Кеңес күйіне жазылған «Киіз басу» биі, Түркештің «Көңілашары»,  «Білезік ойыны» биі, «Қалыңдық биі», «Жастар биі», Е.Үсеновтың шығармасына негізделген «Шабыт» биі мен Құрманғазының күйіне қойылған «Қуаныш» биі және тағы да басқа ұлттық музыкаға негізделген билерге анықтама берілді. Бұл билердің бәрінің астарында халқымыздың тұрмысы, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, этнографиясы, көне музыкасы жатқаны айтылды. Осы орайда «Наз» Мемлекеттік би театрының бағдарламасы осы секілді жаңалығы мол ұлттық әрі жаңа үрдіске бағытталуымен ерекшеленеді деген тұжырым жасадық.

Би өнері қазақтың қанына қашанда жақын екені, оған дәлел Шара Жиенқұлова, Гүлжан Талпақова, Дәурен Әбіров, Зауырбек Райбаев, есімі жер жаһанға мәшһүр болған көрнекті балетмейстер Болат Аюханов сынды бірқатар бишілеріміздің сонау кеңестік дәуірдің өзінде ұлтымыздың би өнерін дүниежүзіне танытып қана қоймай, қазақ биінің дамуындағы әр кезеңде өз үлестерін қосты деп тұжырымдадық.

Ұлттық дәстүр, салтты танытатын қазақ биі - киелі өнер түрі екеніне осы жұмысты зерттеу барысында көз жеткіздік. Ұлттық би өнерiмiздің қамқоршылары ретінде елге танылған ерлі-зайыпты Ағымбаевтар би өнері қасиетiнiң өмiршеңдiгiне бүгiнде көпшіліктің көзiн жеткізіп отырған өнер тарландары. Сондықтан да салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты насихаттайтын би спектакльдерін қою Қадиша мен Еркебұлан Ағымбаевтардың шығармашылық өсу жолының негізгі сатысы болғаны, сайып келгенде, қазақ биiнің арқауы халықтың жан дүниесi, оның таным-түсiнiгi, табиғатпен байланысы, философиясы деп қорытынды жасадық.

Информация о работе Қазақ мәдениетінің би өнеріне ықпалы