Қазақ мәдениетінің би өнеріне ықпалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 13:39, курсовая работа

Краткое описание

Тақырып өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде талай-талай белестерді бағындырды. Ол халықаралық қатынастан бастап, елдің әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени салаларының барынша қарқынмен дамуы арқылы көзге түседі. Бұл еліміздің рухани бай болуының, білімділігінің, байсалдылығы мен сабырлығының арқасында келіп жатқан үлкен жетістік. Қазақ халқы тарихтың талай соқпақтарынан өтсе де, небір қилы заманды басынан кешсе де ұлттық құндылығын бағалаған халық. Оның айғағы тіліміздің, дініміз бен діліміздің, ұлттық құндылықтарымыз бен өнеріміздің өлмей, атадан балаға мұра болып, қазіргі өркениетті күнге жетуі десек артық айтқандық емес. Соның ішінде ұлттық өнердің ажырамас бөлігіне айналған қазақ биінің орны ерекше.

Прикрепленные файлы: 1 файл

МАГИСТ.ДИССЕР..doc

— 6.34 Мб (Скачать документ)

Бүгінгі күнде қазақ биін зерттеуші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, өнертану кандидаты, профессор Т.О.Ізімнің «Уақыт және би өнері» атты еңбегінде: 1958 жылы Мәскеу қаласында өткен Қазақстан өнерінің онкүндігіне қатысқан ансамбль жаңа репертуары мен көрерменін қуантты. «Достық жолы» және «Тыңдағы той» вокалды-хореографиялық композициялар көркемдік деңгейі жоғары шығармалар болды. Сол кезеңдегі Қазақстан халқының тұрмыс тіршілігімен таныстыратын бұл қойылымдар көрермендері мен  өнер сыншыларынан жоғары баға алды. «Тыңдағы той» композициясы тың игерушілердің еңбектегі табысын паш ететін әндер мен билерден құрылған болса, «Достық жолы» қазіргі кезде «Халықтар достығы» деп аталынып жүрген композиция үлгісінде қойылды. Бұл композиция музыкалық кіріспеден Абайдың «Айттым сәлем қаламқас» әнінен, орыс, қазақ, ұйғыр, қытай, украйн, татар, тәжік, өзбек, грузин билерімен еңбек пен достық туралы ән және ансамбль артистері түгел қатысатын достық биімен аяқталды. Музыкасын композитор Қ.Қожамьяров ансамбль басшыларының тапсырысымен халық әндері негізінде жазған болатын»,-деп көрсеткен [11, 38 б.]. Сондай-ақ, бұл кітап арқылы 1959 жылы ансамбльдің жігіттер тобы жоғарыда айтып өткендей «Саяхатта», «Қазақша күрес», «Жігіттер» атты композициялық қойылымдары арқылы АҚШ елінде гастрольдік сапарда болып зор табысқа жеткен кезеңдеріне көз жеткізуге болады.

Сол дәуірдегі адамдардың жасап шығарған музыкалық шығармалары, билеген билері және бидің қалай аталуы барлығы тек адам өмірімен, сол өмірді баян ету мақсатымен байланысты болған. Дегенмен, қоғамның өзгеруіне байланысты, халықтың өмірі мен дәстүрі де өзгеріп отыратыны белгілі.

Осыған байланысты өнер де өзгеріске ұшырайды. Оның тақырыптық идеясы, мазмұны да өзгеріске ұшырап отырады. Мысалы, қазіргі танда сол кездегідей «Тыңдағы той» немесе «Алатау қойнауында» деген сияқты қойылымдар мүлдем қойылмайды. Ал енді бүгінгі күндегі елімізде  қойылып жатқан композициялық қойылымдардың тарих қойнауынан алып шығарылғанымен музыкасы, идеялары, қол қимылдар заманына сай қойылып келеді. Қимылдардың да өз ерекшелігі бар.

Композициялық қойылымның тақырыбы бойынша біріншіден образын аша білу керек. Көп қиын қимылдарды жасау мақсат емес. Мысал келтіретін болсақ: Астана қаласындағы «Наз» мемлекеттік би театрының репертуарында «Алжир» атты композициялық қойылым көрерменнің жүрегінен орын алып, өте жоғары деңгейде бағаланды. Қойылымның авторы А.Селезнев атындағы хореография училищесінің түлегі А.Бораншы бұл қойылымда сонау 1937 жылдардағы репрессияға ұшыраған саяси қуғындарды көрсетіп, сол кездегі азаппен өмір сүрген халықты хореографиялық тілмен жеткізе білді. Халықтың мұңын тілсіз қимыл арқылы жүрекке жеткізіп, көрерменнің көзіне жас алғызғаны,  образды жеткізу үлкен жетістік, ал бір жағынан өте ауыр. Бишілерге бұл қойылымды орындау оңайға түспейді. Сезімді, жан-тәнімен орындауды қажет етеді.

Қойылымда аса көп қимылдар жоқ, сахнада оңнан солға қарай, солдан оңға қарай және шеңбер жасап, көбінесе жеңіл жүгірістер қолданылған. Тақырыпты ашуда әрбір орындаушының ішкі психологиялық сезімін қарапайым қимылдар арқылы бере білген, сәтті шыққан композициялық қойылымдардың бірі болды. Сондай-ақ осы театрдың директоры Е.М.Ағымбаевтың жетекшілігімен қойылған «Нұрғиса» атты би спектаклінде кездесетін «Дубосекова зиратында» композициялық қойылымын атап өтуге болады. Бұл қойылымда да аса көп  қимылдар жоқ, дегенмен 1941-1945 жылдардағы соғыс кезеңі. Ер азамат ата-бабаларымыздың елге, жерге, отанға деген сүйіспеншілігін, намыс пен жігерлілікті өте сауатты көрсеткен. Көп қимылдар жасамағанымен, қойылымдағы орындаушылардың киімі, әуені әсем үйлесімін тапқан.

Жалпы кіші би қойылымы болсын, үлкен композициялық қойылым болсын, барлығын қимыл арқылы ишарамен, ыммен білдіреді. Хореографиялық тілдің де өз ережесі бар.

Мысалы, жігіт қызға махаббатын білдіретін болса, жүрегін ұстап әдептілік қимылдар арқылы жеткізетінін білеміз. Сонымен қатар сағыныш, өкініш, қуаныш, зұлымдық тағы басқа эмоцияны бет әлпетпен көрсетуге болады. Бірақ бір ескеретіні  қойылымның  сахна төрінде орындалатын дүние болғандықтан балетмейстер оны әуенмен, сахна мәдениетімен байланыстырғаны жөн. Олай дейтініміз кейде өмірде адам қалай жүгіріп жүрсе, дәл солай сахнада да орындалып жатады. Бұл әрине кәсіби деңгейдің көрсеткіші бола алмайды. Сондай-ақ жоғарыда айтылып өткен композициялық қойылымдарда қолданылған қимылдар, музыкалық әуенге байланысты қоюшының өз ойынан шығарғанын анықтауға болады. Дәлірек айтқанда осындай композициялық қойылымдарда халықтық қимылдарды қолдану шарт  емес.

Батыс Қазақстан облысы Ғ.Құрманғалиев атындағы филармонияның «Назерке» би ансамблінің репертуарындағы «Мәншүк туралы аңыз» композициялық қойылымы өте жоғары көрсеткішке ие болды. Қоюшы балетмейстерлер Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, профессор А.К.Кульбекова. Сонымен қатар Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі Сембаев Өмірзақтың «Желтоқсан желі ызғарлы» атты композициялық қойылымы өз көрерменінің ойынан шыққан қойылым болды.

Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері рухани жаңғыру мен жаңару үрдісі еліміздің қоғамдық өмірін тұтас қамтыды.

Қазіргі таңда тарихи-мәдени процестің белгілі бір кезеңдері мен оқиғаларын тәуелсіздік талаптары тұрғысынан көрсетуді алғашқы кезекке шығарды. Бұрын кеңестік жүйе тұсында театр сахнасында көрсетуге тыйым салынған тарихи шындықтар бүгінгі уақыт талабына сәйкес жаңа көзқараста қарастырыла бастады. Өткен тарихымызбен бүгінгі танымымызды таразылап, ұзақ жылдар бойы қол үзіп қалған ата-бабаларымыздың дәстүріне терең үңіліп, рухани сабақтастықты жалғастыруға ден қойылды. Қоғамда болып жатқан қайта түлеулерге өнердің басқа салалары тәрізді хореография өнері де өз үлесін қосып отыр. Барымызды бағалап, жоғымызды түгендеп халқымыздың басынан өктен қилы дәуірін би тілімен композициялық қойылымдар арқылы көрсетіп жүргені қуантарлық жағдай.

Қазақ биін зерттеуші, ғалым Т.О.Ізім «Би адамның ішкі дүниесін байытып, қанын тазартатын құдіретті өнер. Қай кезде де әсем саздың ырғағымен дөңгелене билегенге, қимыл-қозғалыстың сәт сайын көз сүріндірер ғажап құбылыстарына қызыға қарамау мүмкін емес. Ал, би жанрының өнерде алатын орны ерекше. Бұл қиын да, күрделі саланың бір ерекшелігі - аса нәзіктікті  талап ететіндігінде. Бишінің әсем қимылы, сәнді ырғағы жарасымдылықпен жарқырап көрінетін билеу тұстары көрермендер жүрегіне әсер етпей қоймаса керек.

Көрерменді ғаламат сұлулыққа жетелеу, музыка сазымен көңіл-күйдің барлық сәттерін би компоненттеріне сыйғыза білу шынайы таланттың қолынан ғана келмек»,-деп көрсетті [11,31б.]. Олай болса, жоғарыда көрсетілген талант иелерінің арқасында халқымыздың көптеген тұрмыс тіршілігін, салт-дәстүрін, ащы тарихи шындық көріністерін көрсету арқылы би қойылымдары кең қанат жайды.

Тәуелсіздіктің арқасында елдігіміз бен ұлттық болмысымызды айшықтап көрсеткен композициялық қойылымдарды сахна төріне шығарған  таланттарымызды айтып өттік. Сахнада орындалатын композициялық билердің астарын ашу, мағынасын жеткізу үшін тек балетмейстердің ғана емес сол композициялық қойылымның көрерменнің жүрегінен орын алу үшін орындаушы бишінің де көп ізденісін, мол тер төгуін талап етеді.

Жалпы, би адамның көңіл күйіне негізделген, музыкалық ырғаққа бағынышты, түрлі қимылдар арқылы көрініс табатын өнердің бірі. Жоғарыда айтып өткендей адам баласына тән әсемдік пен әдемілік, өмірге деген көз қарасы мен көңіл күйді бейнелейді. Тек сол көңіл күйді білдіретін қимыл қозғалыстарын дұрыс тауып, нақтылы қолдана білу қажет. Қазақтың композициялық би қойылымдары да хореография өнерінің дамуына өз үлесін қосып келе жатқаны айқын. Болашақта да осы би өнерінің тұғыры биікте бола берері белгілі екенін дұрыс түсініп, іске асырғанда ғана композициялық құрылымы нақты, эстетикалық мәні зор көркем дүниелер туары хақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қазақ биінің дамуына үлесін қосып келе жатқан

жаңа би театры

2.1 Еркебұлан және Қадиша Ағымбаевтардың шығармашылық жаңалықтары

 

 

Тәуелсіздік басымызға қондырған ең басты бақыт - өз таңдауымызды өзіміз жасауымыз, өз болашағымызды өзіміз болжауымыз болды. Осындай таңдаудың бірі - ел астанасын Сарыарқаның киелі аспаны астына, қазақ топырағының кіндік тұсына көшірілуі. Бұл шешімнің қаншалыкты маңызды екенін әрбір қазақстандық жақсы біледі. Ал, жас Астана болса, жыл сайын жайнап көркейе түсуде. Бас аяғы ширек ғасырға жетпейтін аз ғана уақыт ішінде әлем жұртшылығы таныған айбыны аскақ шаһарлардың қатарына қосылды. Елордамыз ел кіндігі арқа төрінде ту тіккелі тәуелсіз Республикамыздың өрлеуі мен өркендеуінің басты нышанына айналды. Ол еліміздің ірі саяси және экономикалық, мәдени орталығына айналып отыр. “Арман” қалаға талай таланттар болашаққа деген үміттерін үкілеп келіп, халықтық мәдениеттің айнымас бір бөлшегіне айналып жатыр. Яғни, елордамыз мәдениеттің нағыз орталығына айналып, дүниежүзі елдеріне өзінің жаңаша сәулетімен ғана емес мәдениеттің көркемдігімен де танылғандығын мақтанышпен айту керек.

Дархан көңіл, дана халықтың мәдениетіне өзіндік үлестерін қосып келе жатқан 13 жылдық шығармашылық дара жолы бар, көптеген халықаралық, республикалық байқаулардың жеңімпазы «Наз» мемлекеттік би театрының тарихы ел ордамыздың Астана атануымен тікелей байланысты. Олай дейтін себебіміз, бұл театр елордада және еліміздің басқа да қалаларында өтетін барлық мәдени-бұқаралық, ірі мерекелік іс-шараларға белсене ат салысып, өзіндік көркем сипатымен, ерекше шығармаларымен Қазақстанның хореография өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырды. Сонымен қатар бұл өнер ұжымы шет елдерде де өз өнерін кәсіби деңгейде көрсетіп жүр. Бүгінде ұлттың ұлы өнерін өзге елдерге мақтанышпен паш етіп, қазақ халқының өзгелерге ұқсамайтын дара ерекшеліктерін өз өнерлеріне тірек етіп келе жатқан өнер ұжымы көптеген туындыларды да өмірге әкеліп, көрермен назарына ұсынып отыр.

«Халықты танығың келсе, тамыры тереңге бойлаған тарихына көз салып, сол халықтың нәр алып, сусындайтын бұлақ көзі - сөзбен, әнмен, күймен, бимен қабыса өрілген бабалар даналығына мойын бұр»,- дейтін қағиданы берік ұстанған елордалықтардың қатарында ұлттық мәдениеттің әртүрлі салаларына өзіндік үлестерін қосып, мәдениеттің көркейуіне орасан зор ықпал етіп келе жатқан жандар жеткілікті. Солардың бірі «Наз» театрының би өнерінің шыңынан көрінуіне ұжымның алғашқы ірге тасын қалаушылар, би өнерінің өсіп-өркендеуіне мейлінше үлес қосып келе жатқан өнер майталмандары Еркебұлан мен Қадиша Ағымбаевтар екендігін ерекше атап өтуіміз керек. Ерлік көктен түспейді. Ол осы ерлі-зайыпты Ағымбаевтар сияқты ұлтжанды, нағыз өнер жанашырларының еткен еңбегінің және төккен терінің арқасында келеді. Ендеше, өнерді жан тәнімен сүйіп, халқының ертеңгі жарқын болашағы үшін аянбай тер төгіп келе жатқан бұл қос өнер майталмандарының бүгінгі еңбектері ертеңгі ұрпаққа үлгі әрі, қайталанбас ерлік деуімізге болады.

Осы өнерлі отбасының шығармашылық бастауы сонау 70-жылдардан басталды.1977 жылы Еркебұлан Ағымбаев қазіргі А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесіне анасының армандаған қалауымен  оқуға түседі. Осы оқу орнын 1985 жылы аяқтаған Еркебұлан арада 2 жыл өткенде болашақ жары Қадиша Ермекбайқызымен танысып, талабы мен тілегі бір екі жас өмірлерін бір арнаға тоғыстырады. Жоғары білімді екі жас әрі қарай өз өнерлерін 1985 жылы қазақ өнеріне жанашыр Алматы облыстық атқару комитетінде қызмет атқарған, мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы, этнограф-ғалым Өзбекәлі Жәнібековтің тікелей қолдауымен Алматы филармониясы жанынан ашылған «Алтынай» фольклорлық би ансамблінен бастады.

Ол кезде «Алтынай» фольклорлық би ансамблінің көркемдік жетекшілері біртуар өнер иелері Ү.Мақан мен Т.Ізім еді. Ерлі-зайыпты Ағымбаевтардың өнерде шығармашылық тұрғыдан шыңдалуында осы «Алтынай» би ансамблінің үлесі үстем болды. Бұл би ансамблінің құрамында өнер көрсетіп кәсіби деңгейде қалалық, республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдерге сондай-ақ мәдени іс-шараларға қатысып тәжірибе жинақтайды. Қажырлы қайрат пен талмай еңбектенудің арқасында өнер жолында шыңдала отырып, мол тәжірибе жинақтаған Ағымбаевтардың алдағы шығар шыңдары да алыс емес еді. Тәжірибесі толысып, өнерде өзіндік орындарын тауып үлгерген өнер иелеріне 1999 жылы ақпан айында Тілеубай Әшірбекұлы Қышқашбаев (сол жылдары Астана қаласының мәдениет басқармасының бастығы) елордамыз Астана қаласынан жаңа би ансамблін ашуға ұсыныс жасайды. Осы ұсынысты қабыл алған ерлі-зайыпты Ағымбаевтар көп ұзамай 1999 жылы Астана қаласына өздерінің кәсібін шебер меңгерген жас мамандар ретінде шақыртылып, Астана Мемлекеттік филармониясы жанынан кәсіби би ансамблін құрды. Бұл елордамыздың арқа төсінде бой көтерген алғашқы ғимараттары сияқты жаңа мәдени орталықтардың бірі болатын. Қос өнер саңылағының осы бір өнер шаңырағын көтергендегі негізгі мақсаттары Арқа төсінен бой көтерген арман қала Астананың рухани өмірін талантты қазақ жастарымен толыстыру еді. Осындай мақсатты көздеген өнер шаңырағы біртіндеп жастарды өзіне тарта бастады.  Алғашқыда ансамбльдің құрамына А.Омарова, Н.Каримова және бір айдан кейін А.Тұрсынова балет артисі ретінде қабылданды. Көркемдік жетекшілері мен балет артистерінің өзара ақылдасуымен заманауи тұрғыда би ансамбліне «Наз» атауы берілді. Дәлірек айтқанда «Наз» деген атауды ойлап тауып, ұсынған ансамбльдің алғашқы бишілерінің бірі Тұрсынова Айнагүл болатын. Осылайша халықтың қуанышын, мұңын, дәстүрі мен тарихын көрсету мақсатында «Наз» деп атау қойылған би ансамблінің жетекшілері ең алғаш халық назарына көнеден келе жатқан, белгілі бір этникалық ерекшеліктерін білдіретін «Шернияз», «Білезік ойыны», «Серпін», «Көктем» билерін ұсынды. Ансамбльдің репертуарына ежелден мұра болып келе жатқан билер де енді.

Қазақ биінің көнеден қалыптасқан бай тарихын зерттей келе, оның бүгінгі таңдағы халыққа берер тәлім-тәрбиесін ескере отырып, әрбір биді мұқияттылықпен көрермен назарына ұсыну ансамбль жетекшілерінің негізгі қатаң қағидасына айналған. Рас, қазақ биі сонау көне замандардан сыр шертетін өнердің бір саласы екендігі даусыз. Сондықтан сол асыл мұраны шашау шығармай, ұлттық құндылықтарды ұлықтап ұрпаққа жеткізу - театр ұжымың басты мақсаты.

Еліміздің этногроф ғалымдарының пікірлеріне сүйенсек, бидің тұла бойында халықтың толыққанды болмысы мен ұлттық психологиясы тоғысқан. Өзге ұлттың өкілдері қанша жерден билегенмен, қазақ биінің ішкі иірімдерін қазақ бишісі ғана толыққанды түсініп, көрерменге толыққанды жеткізе алады екен. Әрине, бұл жағынан ғалымдардың  пікірімен келісуге тура келеді. Ал, сол көнеден келе жатқан, халықтың тұрмыс-тіршілігінен хабар беретін, халықтық қағидаларды өз бойына тереңінен сіңірген қазақ биін бүгінгі таңда әлемдік сахнаға шығару арқылы ғана дүниежүзі елдеріне қазақ халқының кім екендігін таныстыруға болады.

Өз кезегінде осы қазақ би өнерінің негізін қалап, қазақ биінің падишасына айналған Ш.Жиенқұлова, Д.Әбіров, О.Всеволодская-Голушкевичтердің көзінің қарашығындай сақтап, талмай, қажымай тірнектеп жинаған інжу-маржан дүниелерін қайта жаңғыртып, тәуелсіз ел игілігіне айналдыру - бүгінгі бишілерге парыз, әрі аманат. Сол аманатты, үлкен жауапкершілікпен мойындарына алып, қазақ билерінің терең тылсым сырларын жан дүниесімен ұғына білген Еркебұлан мен Қадиша Ағымбаевтар алтын қор ретінде, «Наз» би ансамблінің репертуарына жоғарыда атап өткен би майталмандарының көптеген көне шығармаларын  енгізді. Аз мерзімнің ішінде Ағымбаевтардың жетекшілігімен құрылған «Наз» би ансамблі өз көрермендерін ұлттық дәстүрлі билерімен және әр халықтың ұлттық билерін нақышына келтіре билеп тәнті етті. Осылай халқының ыстық ықыласына бөленіп үлгерген бұл өнер ұжымы 2007 жылдың 1 наурыз айынан бастап Астана қаласы әкімшілігінің шешімімен «Наз» мемлекеттік би театры болып өз алдына дербес шаңырақ құрды. Бүгінде театр Қазақстан Республикасының кәсіби ансамбльдерінің ішінде алдыңғы қатарда. Жеткен жетістіктерді айтпағанда театрдың алға қойған мақсаттары әлі де көп. Осы қысқа уақыт ішінде театр шығармашылық биік шыңдарды бағындырып та үлгерді десек болады. Атап айтқанда:

2001 ж. - ІІ Республикалық Ш.Жиенқұлова атындағы қазақ би конкурсының лауреаты (Орал қаласы);

2001 ж. - ІV-Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің бас жүлдегері;

2002 ж. - Қазақстан жастар одағы сыйлығының лауреаты;

2003 ж.- театрдың көркемдік жетекшілері Ресейде өткен ІІ Халық-аралық хореографтар конкурсының лауреаты (Ресей, Новосибирск қаласы);

Информация о работе Қазақ мәдениетінің би өнеріне ықпалы