Қазақ мәдениетінің би өнеріне ықпалы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 13:39, курсовая работа

Краткое описание

Тақырып өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде талай-талай белестерді бағындырды. Ол халықаралық қатынастан бастап, елдің әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени салаларының барынша қарқынмен дамуы арқылы көзге түседі. Бұл еліміздің рухани бай болуының, білімділігінің, байсалдылығы мен сабырлығының арқасында келіп жатқан үлкен жетістік. Қазақ халқы тарихтың талай соқпақтарынан өтсе де, небір қилы заманды басынан кешсе де ұлттық құндылығын бағалаған халық. Оның айғағы тіліміздің, дініміз бен діліміздің, ұлттық құндылықтарымыз бен өнеріміздің өлмей, атадан балаға мұра болып, қазіргі өркениетті күнге жетуі десек артық айтқандық емес. Соның ішінде ұлттық өнердің ажырамас бөлігіне айналған қазақ биінің орны ерекше.

Прикрепленные файлы: 1 файл

МАГИСТ.ДИССЕР..doc

— 6.34 Мб (Скачать документ)

Ғалым Ю. Сломинскийдің айтып отырған бидегі бұл қимылдар қазақ халқының тұрмыстық  өмір салтын бейнелейтін қимылдар болып табылады. Биде көрініс тауып отырған фольклорлық қимылдарды кәсіби хореография тіліне аудару бұрынғы сахна билеріне ерекше ұлттық сипат беретінін көрсетті. Мұны тәжірибеде тексеріп көру үшн, біріншіден, Алматы хореографиялық училищесінде және көркемөнерпаздар ұжымдарының қойылымдарында билердің өңделген фольклорлық қимылдарын сынақтан өткізді. Сол тәжірибеден кейін кәсіби сахна үшін өңделген және түрленген қазақ би фольклорының материалдары және бұрын шығарылған билердің ең жақсы үлгілері қазақ халықтың сахналық билерінің көркемдік негізін құрады.

50-жылдары облыстарда көркемөнерпаздар ұжымдарында қазақ билерін қою сирек кездесетін құбылыс болатын. Өңделген би фольклорының материалдары жылдан-жылға көбейіп келе жатқаны көркемөнерпаздар ұжымы жетекшілері үшін пайдалы құрал болды. Қажымайтын, шаршамайтын энтузиаст-балетмейстерлер, халық мәдениетінің осы ошақтарының педагогтары оларды көркемөнерпаздар әртістерінің орындаушылық мүмкіндіктеріне сәйкестендіріп, өздері де керемет қазақ билерін шығара бастады.

Олардың көбі өздерінің жеке қойылымдарынан басқа, қазақ биін зерттеуші Д.Әбіров пен Ә.Ысмайловтың «Қазақтың халық билері» кітабындағы би жазбаларын пайдаланып, оларды өздері жетекшілік жасайтын би ұжымдарының, мысалы, Зыряновск қаласындағы (Шығыс Қазақстан облысы) халық би ансамблі, «Балхашские Зори» (Жезқазған облысы), «Строитель» (Теміртау қаласы), «Қаламқас» (Семей облысы), «Қарлығаш» (Орал облысы) ансамбльдері репертуарларына ұқыптылықпен енгізе бастады.

Бұл фактілер қазақтың халық би хореографиясы көркемөнерпаздар ұжымдарының көңілінен шыққандығының дәлелі бола алады.

Демек, 50-60-шы жылдардағы қазақ би өнерінің жетістіктері алғашқы кезеңдегі сахналық билеріге жаңа өң, нәр берген қазақтың халық билерінің материалдарын меңгерудің нәтижесі болып табылды.

Қазақтың халықтық-сахналық билерінің бекуіне осы жылдары Абай атындағы Мемлекеттік академиалық опера және балет театр сахнасында көптеген жас талантты орындаушылар, әсіресе балет солистері З.Райбаев, А.Ақжанов, Б.Аюханов, сондай-ақ театр ардагерлері Н.Тапалова, А.Бекбосынов және басқалар көп ықпал етті.

Халық хореографиялық би ансамблінің стиліндегі күрделі техникалық «трюктерді» республиканың ән және би ансамблінің солистері М.Ақажанов, К.Байғабатов, А.Исмаилов, Р.Мұхамбетғалиева, С.Ходжаева, А.Сарыбаева және көптеген тағы басқа орындаушылары табысты меңгерді. Кейіннен бұл жаңа дүниелер республиканың көркемөнерпаздар ұжымдарында кең қолдана басталды.

60-шы жылдарда қазақтың халықтық-сахналық билерінің жетістікке жетуі өзінің ары қарай шығармашылық дамуына кең жол ашты. Бұл қазақ хореография өнерінің классикалық балет үлгілерін жақсы қабылдауына, жаңа жетістіктерге қол жеткізуіне мүмкіндік тудырды.

Хореография өнеріндегі жаңа бағыттағы көркемдік принцип жоғары кәсіптік спектакльдің мазмұнын және кейіпкерлердің мінез-құлқын ашуда бидің пластикалық тілінің бейнелі құралдарын кеңінен пайдалануға бет бұрды.

Балет өнеріне қойылатын бұл жаңа талаптар тек балет спектакльдеріне, классикалық хореография нөмірлеріне ғана емес, сонымен бірге халықтық-сахналық билердің қойылымдарында да талап етілді.

60-жылдардан бастап Қазақстанда, көркемөнерпаздар өнері қарқындап дамыды. Барлық республика бойынша ірі-ірі  көркемөнерпаздар ән-би ансамбльдері, би, хор, драмалық және балет ұжымдары құрылды. Бұл іске жұмысшылар, ауыл еңбеккерлері, интеллигенция, жастар мен оқушылар кең түрде қатысты.

Өзінің көркемдік бағыты бойынша қазіргі көркемөнерпаздар ұжымдары енді фольклорлық-этнографиялық емес, халықтық-сахналық  сипатқа ие болуда, оларға кәсіби мамандар жетекшілік етеді. Олардың репертуарларында тек халық шығармалары ғана емес, сондай-ақ классикалық ариялар, симфониялық музыкалар бар. Олар үлкен театрландырылған бағдарламаларды да қоюда.

Халық көркемөнерпаздар ұжымы кәсіптік өнермен бірге қазіргі кезде еңбекшілерге саяси-эстетикалық тәрбие беруде де үлкен күш болып табылады.

Барлық көркемөнерпаздар ұжымдарының репертуарында қазақтың сахналық биі үлкен орын алады. Көптеген көркемөнерпаздар ұжымдарында жұмыс істейтін хореография өнерінің керемет шеберлері жаңа қазақ билерін сахнаға шығаруда.

Жергілікті тақырыптарға арналған билер, олардың ішінде «Қазақ рапсодиясы», «Күрішшілер», «Мақта», «Шопандар», «Тың игерушілер», «Балықшылар», «Құрылысшылар», «Кен қорытушылар», «Жез», «Амангелді сарбаздары», «Теміртау оттары», «Шахтерлар», «Қазақ жастарының биі», «Алатау», «Қарлығаш», «Қыз қуу» (ұлттық ойын), «Гүлдер» және тағы басқа халық билері туындап би ансамбльдерінің репертуарына енді.

Бұрынғы кезде көп таралмаған қазақтың халық биі кәсіби өнердің өркендеуі арқасында, алғашқы сахналық билердің дайындалуына, оны ары қарай жетілдіріле түсуіне, барлық жерде көркемөнерпаздар ұжымдарының пайда болуына, кәсіби хореография балет өнерінің жетістіктерін пайдалануға байланысты жаңа байытылған түрінде халыққа қайта оралды және олардың қазіргі өмірінде кеңінен орын алды.

Халық арасында эстетикалық идеяны насихаттауда көркемөнер мен әдебиеттің ролі айрықша. Бұл жөнінде қазақ би өнерін зерттеуші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, өнертану кандидаты, профессор Т.О.Ізім өз еңбегінде: «Өйткені әдебиеттің немесе өнердің талантты шығармасы ұлттық игілік болып табылады. Сондай өнер түрінің бірі - әсем бейнелі, нәзіктік пен сұлулықты, жарастық пен шапшаңдықты ырғаққа бағындыра, басқа өнер түрлерімен ғасырлар бойы тығыз байланыста қоғамдық құбылысқа сай өсіп, жетіліп отырған өнердің бір саласы халықтық би өнері. Олай болса, әрбір қоғамдық сатыда халықтың ізгі тілектері мен мұраттарын бейнелеп, ел игілігіне айналып отырған өнердің бірі - би өнері деп білеміз»,-деген ойына бізде қосыламыз [11, 86 б.].

Олай болса ғалымның айтқан пікірімен толықтай келісе отырып, ұлттық мінез-құлықтың қалыптасуына ықпал етуші әдет-ғұрып пен салт-дәстүрлерді бимен көрсету өнер саласындағы мамандарымыздың міндеті деуге болады. ХХ ғасырда хореограф мамандар оқып білім алуға қол жеткізумен қатар қазақ халық биінің жетіліп, өркендеуіне өз үлестерін қосып отыр.

Қазақ биі даму барысында бірнеше дәуірді бастан кешкені баршаға аян. Қазақ би өнерінің түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алып, бүгінде елімізде кәсіби бишілер, би ансамбльдері мен би студиялары көптеп саналады. Қазақ биі ұлттық салт-дәстүрді танытатын өнердің тиімдісі. Сайып келгенде, қазақ биінің арқауы халықтың жан дүниесі, оның таным түсінігі, табиғатпен байланысы, философиясы. Міне осының бәрі кез келген бидің құрылымынан, болмысынан айшықты көрініс тауып жататынына күмән жоқ.

Шара Жиенқұлова сынды өнер саңлағының арқасында біздің биіміз әлемдік сахнаға шыққанын әсте жоққа шығаруға болмас. Осы дара тұлғаның еңбегінің нәтижесінде қазақ биінің әр өрнегі халыққа жетті. Ол өзінің түсінікті де тартымды, әсерлі де мәнерлі билерімен сол өзі өмір сүрген заманның талабын орындады, жүгін көтерді. Сөйтіп, Шара апамыз қазақ би өнерінің қайталанбас жарық жұлдызына айналып, халқымыздың тек өзіне ғана тән қазақ биін классикалық деңгейге көтерді.

Әрине, Шара Жиенқұлова, Нұрсұлу Тапалова, Гүлжан Талпақова сынды бишілер қалыптастырған салт та, дәстүр де қазақ биінің өзіне тән ерекшеліктерін бойында сақтаған, әрі оны басқа елдердің билерімен салыстыруға әсте келмейді. Қай жағынан алсаңыз да оның ұлттық иірімдері, билеу мәнері дараланып тұрады. Себебі, қазақ баласының табиғаты даламен, еркіндікпен, кеңдікпен тікелей байланысты. Бұл қасиет оның өнеріне де тән құбылыс әрі заңдылық. Сондықтан да би өнерінің негізі, қалыптасуы, тууы - міне, осыдан бастау алып жатады. Бұған «Қамажай», «Аю биі», «Насыбайшы», «Ортеке», «Қазақ биі», «Айжан қыз», «Қаражорға», «Садақ биі» сияқты ондаған ұлттық билеріміз куә. Бұлардың дені классикалық өнер туындыларына, бишілеріміз үшін би үлгілеріне баяғыда-ақ айналып кеткен. Олар халық өмірін би тілімен баяндайды, соны мың бұралған әсем қимылдармен көрерменге жеткізеді.

Бұл күндері әлемге қазақ биін танытатын зор мүмкіндіктерге жол ашылды. Бұған дәлел АҚШ, Қытай, Жапония, Франция, Түркия тағы басқа елдердің сахналарында өнер көрсетіп, ұлттық биіміздің айшықты өрнегімен таңғалдырып жүрген таланттар. Олардың ішінде көптеген әлем халықтарының билерін меңгерген «Салтанат», «Алтынай», «Гүлдер», «Наз», Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық би театры сынды елімізге және одан да тысқары елдерге кеңінен танымал би ұжымдары. Шетелдік көрермендер: «Мынау нағыз классикалық би ғой», - деп тамсанғандарын бишілеріміз мақтаныш етіп айтып жүргендерінің талай рет куәсі болдық. Шетелдіктердің де көңілін аулап, сезімін баурап алған ең алдымен би өнеріміздің әрі мен нәрі, мағынасы мен мазмұны болса керек.

Ал енді еліміздегі қайнар көзі халық билері болып табылатын кәсіби балет өнері ХХ ғасырдың 30-жылдары қалыптаса бастады. Би тілінде көркем бейнеленген қазақ өмірінің, құсбегіліктің көріністерін («Қаражорға», «Келіншек», «Бүркіт қоян») көрермендер тұңғыш рет М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклі арқылы Әли Ардобус қойған билерден тамашалады. Осы жылы студия негізінде Қазақ музыка театры (қазіргі Абай атындағы академиялық опера және балет театры) қайта құрылып, оның жанынан балет бөлімшесі (1935ж.) ашылды.

50-ші жылдардың басында тұңғыш кәсіби қазақ балетмейстері Д.Әбіровтің келуімен қазақ балетін дамытудың жаңа кезеңі басталды.          1952 жылы Мәскеуден ГИТИс-ті бітіріп келіп, өмірінің соңына дейін би өнеріне талмай қызмет істеген кәсіби балетмейстрлердің көшбасшысы болатын. Ол классикалық орыс балеті дәстүрлерін сақтай отырып, «Қамбар - Назым», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» секілді эпостық, фольклор мұралардан бастау алатын ұлттық тақырыптардың сахналық шешімін табудың жаңа әдістерін игерді. 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне үлкен театр сахнасында «Достық жолымен» балеті (балетмейстер Д.Әбіров, Р.Захаров) қойылып, Мәскеу өнер қайраткерлерінің жоғары бағасын алды. Бұл онкүндікте Р.Тәжиева, А.Бекбосынов, Л.Таганов, И.Манская, З.Райбаев, С.Көшербаева, А.Асылмұратов, тағы басқа бишілер өз өнерлерімен көзге түсті.

60-шы жылдардың бас кезінде «Шопениана», «Болеро», «Франческа да Римини» бір актілі балеттерін қойған З. Райбаев балетмейстер ретінде жемісті еңбек етті.

Қазақ би өнерінің бай дәстүрлерін қайта жаңғырту, халықтың фольклорлық мұрасын игеру үлгісі балетмейстер М.Тілеубаев қойған А.Серкебаевтың «Ақсақ құлан» балетінде (1975 ж.) көрінді.

Қазіргі қазақ балеті өнері әлемдік деңгейде көрініп келеді. Талай жас таланттарымыз халықаралық байқауларда топ жарып жүр. Елімізде Д.Нақыповтың басшылық етуімен Қазақстан хореографтар одағы қызмет етеді. 9 музыкалық-драмалық, 3 музыкалық комедия, үш опера және балет театрымыз бар. Олардың жанында би топтары мен балет труппалары жұмыс істейді.

Жалпы, біздің елдің би өнерінің мүмкіндігі мен өрісі өте зор, әрі биік. Демек, жоғары дәрежеде өркен жаюына керемет қуатты күш бар. Шара апамыз көздің қарашығындай сақтап, талмай, қажымай тірнектеп жинаған інжу-маржан дүниелерін қайта жаңғыртып, тәуелсіз елдің игілігіне айналдыру - бүгінгі бишілерге парыз әрі аманат.

Сонымен қатар, қазақ би өнерін ғылыми тұрғыдан егжей-тегжейлі зерттеп, оның халқымыздың тарихындағы алатын орны мен болашағы туралы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде ел ғалымдары да тысқары қалмауы тиіс. Осыған байланысты министрліктің тарапынан Білім және ғылым министрлігі жанындағы М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына қазақ биін ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарын қолға алу жөніндегі арнайы хат жолданды.

Биді өнеріміздің бөлінбес бір бөлшегі, өміріміздің көркем өрнегі, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен рухани мәдениетінен толық хабар беретін ұлы өнердің бірі әрі бірегейі деген жөн. Ұлттық бидей қазынамыздың ортаймауына, оның жаңа билермен толығып, байи түсуіне өзіндік үлестерін қосатын жаңа буын бишілеріміз баршылық. Олардың көнеден келе жатқан халық жәдігерін көзінің қарашығындай сақтай отырып, жаңаша бағытта, заман талабына сай әрі ұлттық мазмұнын жоғалтпай дамытуға сол мамандардың, сол өнер жанашырларының  ықпал етері сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1.   Қазақ биінің мән-мағынасы

 

Әрбір ұлттың басты ерекшелігі оның рухани құндылықтарында жатыр. Ошағынан от кетпеген, белдеуінен бесті аты кетпеген қазақ қандай қасіретті кезеңді басынан кешірсе де дінін, тілін, әдет-ғұрпын, салтын ұмытпады, ең бастысы рухани құндылықтарын жоғалтпады. Қазақты қазақ қылып тұрған оның тілі, сол тілде жасалынып тұрған рухани құндылықтар, сосын мәдениеті, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі.

Рухани құндылықтарын сақтап дамыта алған ұлттар ғана қалыпты өмір сүре алады. Сондықтан да әрбір мемлекеттің бүкіл саясаты ұлттық құндылықтарға, халықтың асқақ армандарына негізделген. Сонда ғана халықтың дамуы үшін мүмкіндіктер ашылып, ұлттық болмысының барлық жағы қамтылады.

Сол ұлттық құндылықтарымыздың ішіндегі халықты халық ретінде танытатын өнердің бір саласы бидің де алар орны ерекше екенін ескерген жөн. Себебі, би қазақ халқының тұрмыстық болмысын, өнер сүйгіштігін жан-жақты аша түсетін ұлттық сахна өнерінің бір түрі. Би өнері - ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін өнердің бірі әрі бірегейі десек артық айтқандық болмас. Қазақтың би өнерінің түп-тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алып, бүгінгі ұрпаққа жеткендігі белгілі.

Би - саз ырғағымен түрлі қозғалыстар жасап орындалатын, көңіл-күйге негізделе көрсетілетін көне өнер түрі. Адамның сөйлеуі әуелде ым, ишара қимылдарынан басталып, кейін жекелеген дыбыстардың айтылуы нәтижесінде дамып қалыптасқандығы белгілі. Осылайша адамның алғашқы дыбысы музыканың негізін салды. Ал шартты дағдыға (рефлекс) негізделген дене қимылы бидің алғышартын қалады. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезімдері би арқылы көрсетілетін қимыл-қозғалыстар мен ишараларға негіз болған. Табиғат құбылыстарын, тұрмыстық, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимылмен, яғни бимен бейнелеу көне дәуірде наным-сенімге байланысты болған өмір талабынан туды. Келе-келе тәжірибенің молаюына орай қимылдарды мәнерлеу мүмкіндігі артып, жеке би өнері қалыптасты. Би - адам денесінің әуенге негізделген түрлі қимылдарының жүйелі түрде ауысып келуі арқылы көркем образдармен айшықтала бейнеленетін, кеңістіктік-уақыттық ауқымы көне заманғы наным-сенімнен бастау алатын өнердің бір түрі. Би ишаралық бейнелеулер арқылы әсерлі көңіл-күйді көрсететін, еңбек үрдістері бейнеленетін халықтық шығармашылық өнер түрі. Байырғы ортаның фольклорлық музыкамен орындалатын «Тостаған биі» осы күнделікті тұрмыстық көріністерді ырғақты қимылмен бейнелеуден туған. Ал «Қаражорға», «Аю биі», «Жорға аю», «Бүркіт биі», «Қанжарақ» (бүркіт биінің бір түрі), «Бура биі», «Қаз биі» аңшылық кәсібімен айналысқан және табиғатқа жіті көз тігіп, айналадағы құбылыстарды байқап бақылаған қауымның санасында жаңғырған көріністері би өрнегіне арқау болған. Жиын-той кезінде көңіл көтерудің бір формасына айналған, әуен ырғағына негізделетін жекелеген және топтық билер адамдар арасындагы қарым-қатынастың жаңа бір қырын ашады. Халықтың ұлттық ерекшелігіне орай би өнерінің көркемдік бейнелеу құралдары мен мазмұны да әртүрлі болады. Ғалымдардың пайымдауынша, адамның бет-жүзінің әрекет-ишаралары мағынасы жағынан барлық халықтарда бірдей болып келсе де, климаттық және басқадай тұрмыстық жағдайларға, көңіл-күйге, әсерлеуге байланысты дене мүшелерінің қимыл-қозғалыстары әр халықта әркелкі пішінде болып келеді. Бұрынғы билер аңшылық кәсіпті және тұрмыс көріністерін бейнелейді. «Қаз қатар» биінде құстың тізіле ұшуы, қатарласа қозғалулары бейнеленеді. Би атқарылу мәні мен мағынасына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Қазақтың ғұрыптық-салттық билеріне «Айқосақ», «Киіз басу» билері, тұрмыстық биге «Өрмек» (Өрнек) биі, «Торсық», аңшылық биге «Құсбегі-дауылпаз», «Бүркіт пен қоян», салтанатты және әзіл-қалжыңға негізделген билерге «Шалқыма», «Айда былпым», «Насыбайшы», ал көпшілік биіне «Ұтыс би», «Алқа қотан» билері жатса, «Ортеке», «Тепеңкөк», «Қаражорға», «Қаз биі» (Қаз қатар) билері жануарлар қимылын салуға еліктеуден туған. Тұрмыстық билер кесе, әшекей, тостаған секілді тағы басқа үй бұйымдарын қолданып атқарылады. Ондай ғұрыптық билерде көбінесе дөңгелек пішінді болып келетін заттар символдық мәнге ие болды. Мәселен, «Тостаған» биіндегі негізгі объект - домалақ тостаған. Бір нәрсені айнала билеу, топты ортадағы шеңбер ішінде билеу сияқты әрекеттерден тіршілік көзі - «күн», жер-ана түсініктері аңғарылады. Музыкалық ырғақ адамның әрқилы сезім-күйін білдіріп, дененің икемді әрі жүйелі қозғалысын қалыптастырып, би негізінің қалануына ықпал етеді. Музыка немесе ән бидің ырғағын, көлемін айқындайды. Осы кезден бастап адам сезімінің ырғақты көрсеткіші болатын көңіл көтерудің негізі болған нағыз би қалыптасады. Әр бидің өзінің шығу төркінін, тарихын бағзы кезеңнен жеткен аңыз-әпсаналардан байқап білуге болады. «Қаражорға» биінің шығуы жөніндегі аңыз алғашқы саз аспабы (қобыздың) пайда болған, жылқы түлігін үй жануары ретінде қолға үйреткен заманға жетелейді. Түз жылқысын шалмалап ұстап алған жігіт оны қолма-қол үйретіп, ауылына мініп келеді. Жылқы қара, әрі жорға екен. Өз табысына қуанып шаттанған әлгі жігіт алдымен атын ойнақтатып, ат үстінде, онан соң жерге түсіп билейді. Осыдан бастап би «Қаражорға» аталыпты-мыс. Көшпенді мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ үшін aт - ер қанаты. Бейбіт күнде де, соғыс, жаугершілікте де ат - серік, күш, көлік. Жылқы иесі Қамбар ата деп жылқыны киелі, қасиетті жануар санады, қазақ тайпаларының ішінде жылқы атымен аталатын рулар да жоқ емес (Керейде - Шұбарайғыр, Қыпшақта - Торыайғыр, Арғында - Жылқышы, Тұлпар, Күлік, Тайкелтір т.б). Ырғағы буын биіне лайық келгендіктен, кейін тағы да басқа би үлгілері шығып, әуен атына сәйкес «Қаражорға», «Тепеңкөк» тағы басқа аталып кеткен. Осы тәрізді әуені ойнақы келетін, билеуге лайық ән-күйлерге билеу негізінде «Қамажай», «Айжан қыз» билері туып, халық арасына кең тарады. Ертеде ел ішінде ақын-жыршы, әнші-күйшілермен қатар ежелгі халық билерін орындайтын ортекешілер де болған. Бізге жеткен би нұсқаларында олардың мазмұны, оқиға желісі, әртүрлі кәде-жоралғылармен біте қайнасқан қимыл-тәсілдері ғана сақталған. Мәселен, атақты Шашубай ақын «Ортеке» биін шауып келе жатқан ат үстінде тұрып, секіріп түсіп атты айнала билеп шебер орындайтын болған. Дәстүрлі ортаға «Ағаш аяқ» деген лақап атпен танымал болған Рахымберді қатар шөгерілген тоғыз түйенің үстінен секіріп өтіп көрсететін өнеріне би қимылдарын үйлестіріп билегенде, «Қалдау-қалдау, қыз қалды-ау» деп әндеткен кезде әнді қосыла айтқан көрермендер де денелеріне ие бола алмай, бірге ырғалады екен. 1920 жылдардың бас кезінде Қоянды жәрмеңкесінде Зарубай деген сайқымазақ қоян сияқты киініп алып, үстел үстінде тұрған кеселерге қол-аяғын тигізбестен қоян сияқты секіріп, шоқырақтап бір сағат бойы күрделі қимылдар жасап билеп өнер көрсеткен екен. Әйгілі Дина Нұрпейісова би күйлерін шерткен кезде, әуенге елтіген ұлы билейтін болған.

Информация о работе Қазақ мәдениетінің би өнеріне ықпалы