Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Октября 2013 в 13:39, курсовая работа
Тақырып өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде талай-талай белестерді бағындырды. Ол халықаралық қатынастан бастап, елдің әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени салаларының барынша қарқынмен дамуы арқылы көзге түседі. Бұл еліміздің рухани бай болуының, білімділігінің, байсалдылығы мен сабырлығының арқасында келіп жатқан үлкен жетістік. Қазақ халқы тарихтың талай соқпақтарынан өтсе де, небір қилы заманды басынан кешсе де ұлттық құндылығын бағалаған халық. Оның айғағы тіліміздің, дініміз бен діліміздің, ұлттық құндылықтарымыз бен өнеріміздің өлмей, атадан балаға мұра болып, қазіргі өркениетті күнге жетуі десек артық айтқандық емес. Соның ішінде ұлттық өнердің ажырамас бөлігіне айналған қазақ биінің орны ерекше.
Қазақ музыкалық мәдениетіне үлкен үлес қосқан өнерінің алып тұлғасы Нұрғиса Тілендиевтің өмірін алғаш бимен өрнектеген Астана қаласындағы «Наз» мемлекеттік би театрының өнер ұжымы. Спектакль барысында хореография тілі арқылы «Наз» мемлекеттік би театры, «Шашу» балалар би ансамблі Нұрғиса Тілендиевтің күйлері мен әндері арқылы композитордың бүкіл шығармашылық өмірбаянын бимен сомдады. Ұлы талант иесі, басқасын айтпағанның өзінде «Отырар сазындай» керемет оркестрді дүниеге әкелген, КСРО-ның және Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Нұрғиса Тілендиевтің өмір жолы арқау болған осынау би түріндегі қойылым негізінен бес бөлімді қамтыған. Спектакльдің басты жаңалығы сол - Тәттімбет атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен тұңғыш рет «Наз» мемлекеттік би театрының өнер көрсетуі. Хореографиялық қойылымда Нұрағаның 30-дан астам шығармасы орындалды. Елімізде оркестрлер көп болғанымен, солардың ішінде Тәттімбет оркестрінің шоқтығы биік, республикадағы таңдаулы ұжымдар қатарына жататынын ескерсек, сазгердің дүниеге келуінен басталып, оның тұлға болып қалыптасқанына дейінгі көріністер, Тәттімбет атындағы академиялық оркестрдің жанды орындауындағы сазгердің «Кел еркем, Алатауыма», «Боорлаштарым», «Көш керуен», «Алтын дән», «Куә бол», «Жан сәулем», «Ата толғауы», «Алатау», т.б. шығармалары желісінде «Наз» театры бишілерінің әдемі билерімен өрнектеліп, көрермендер алдында кинолентадай жылжи берді. «Дүниеге келуі» деп аталатын бірінші бөлімде Қазан ревалюциясынан кейінгі Алатау бөктерінде орналасқан қазақ ауылының жазғы жайлауға көшкен кезі суреттеледі. Той көрінісі. «Ерулік» тойына дайындық жастардың ойын қызықтарымен басталмақ. Жан-жақтан ақын-әншілер, балуандар, қолөнер шеберлері, сал-серілер, домбырашылар жиналады. Ел асыр салып, қызыққа бөленіп жатқан шақта, дүниеге ұл келді деп жарияланады. Екінші бөлім «Балалықта» Нұрғисаның балалық кезі көрінеді. Қазақтың ұлттық ойыны «Ақ терек, көк терек» ойнап жүрген балалар, асық ойынына кірісіп, өз зеректігімен барлық асықтарды ұтып алып, ұтысын достарына теңдей бөліп берген бала күйші Нұрғиса. Бір мезетте Нұрғиса отыра қалып күй шерте бастағанда, барша бала сүйсініп қасына отыра кетеді. Өтіп бара жатқан бір кісі домбыраның дыбысын естіп, сыртынан бақылап тыңдап тұрып қалады. Міне солай бала күйшінің үлкен өнердің сара жолына қадам басып, тағдырдың жазуындай орайлы сәтке кезігеді. Кезігушісі қазақ музыкасына пайғамбардай шапағаты тиген әйгілі Ахмет Жұбан еді. Жеті қабат жер астынан жаңа ғана бұлқынып шығып, булыға ағып, кәусар бұлақтың тегеурінін жазбай танитын қарт бағбан сияқты, бала Нұрғисаның бойындағы дарынды дана Ахмет те бірден таниды. Таниды да, Нұрғисаны қолынан жетектеп алып келіп, қазақ ұлт аспаптар оркестрінің домбырашылар тобына қосады. «Жастық шақ» деп аталатын үшінші бөлімде жас жігіттік шақтың көрінісі, Ұлы Отан соғысының басталуы, соғыстың сұрапыл көрінісі, Жеңіс туының салтанат құруы. Нұрғиса ағаның жастық ғұмыры сұрапыл соғыс жылдарына дөп келіпті. Өз еркімен сұранып соғысқа қатысып, Ұлы Жеңісті жақындатуға үлесін қосады. Осы кезеңдерде «Аңсау», «Дубосекова зиратында», «Жеңіс салтанаты» тәрізді шығармалары туады. Төртінші бөлім «Шыңдалу» деп аталады. Соғыстан келген солдат музыкалық білімін әрі қарай Мәскеу қаласында жалғастырады. Ұстаздардан тәлім-тәрбие алып дирижерлықтың қыр-сырын үйренеді. Кейін Алматыға қайта оралады. Бұл кезең елде ынтымақ күнін тойлап жатқан кез еді. Мерекелік шеру «Шыңдалу» көрінісінде бейнеленеді. Кемелденген кезінде Нұрағаң жүрегіне шоқ түсірген бір бойжеткенді кезіктіріп, оның бойындағы әйел затына біткен сұлулық пен нәзіктікті байқап, өмірлік жары екенін сезеді, сөйтіп, «Көңілді бикеш» күйін шығарыпты. Бұл күйді Тәттімбет оркестрінің белді күйшісі Балғабек Смағұлов төгілте орындады.
Ұлы сазгердің жігіттік шағын, толысқан, кемелденген кезеңін театрдың бишісі Арманбек Спатаев би тілінде нанымды жеткізіп, жоғары шеберлікпен сомдаса, Нұрғисаның зайыбын театр артисі Алия Атымтаева өз нақышына келтіріп орындағанын айта кеткен жөн. Ал бесінші бөлім «Алып тұлғада» халық Нұрғисаның нағыз талант екенін мойындайды. Нұрғиса арманына жетіп, «Отырар сазы» этнографиялық фольклоры оркестірін ашып, оны шабытының шырқау шегіне жеткізеді. Оның қалдырған сарқылмас асыл мұрасы - ән мен күйі халық қазынасы болып табылады. Нұрғиса - халық қаһарманы. Міне, осының бәрі де Нұрғиса әлеміне тапжылмас тұғыр болды, осының бәрі де Нұрғиса дарынының сарқылмас қайнар көзі еді. Тілендіұлы Нұрғиса өзінің барша қабілет дарынын халқының рухын асқақтатуға арнады. Бұл жолда ол халқымен етене тіл табысып, халқының сырласы да, мұңдасы да бола алды. Оның музыкасы баланың да, дананың да жүрегіне жол тауып, дүйім жұрттың рухани жан серігіне айналды. Ол атақ-даңқ іздеген жоқ, атақ-даңқ оны іздеп тапты. Қазақстан композиторларының ішінде тұңғыш рет Халық қаһарманы атағын алады.
Кез-келген кесек дарынның арманы мен мақсаты күмәнсіз орындалатыны сияқты, бұған дүйім жұрт қалтқысыз көңілмен қуана қол соқты. Нұрғисаны біртуар дарын, қайталанбас тұлға ретінде көзінің тірісінде-ақ әйгілі замандастары бірауыздан мойындады. Олар Нұрғисаны мақтаған жоқ, халықтың мәдени-рухани өміріндегі құбылыс ретінде Нұрғисамен мақтанды. Қойылым соңы оркестр сүйемелдеуімен орындаған Нұрғиса ағаның «Құстар әнімен» көмкерілді. Жиналған жұрт тік тұрып қошеметтеп, қосыла шырқады.
Қойылымға арнайы шақырылған Нұрағаның жұбайы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, киноактриса, сазгер Дәриға Тілендікеліні қойылым біткеннен кейін сахна төріне шығып: «Нұрағаң өзінің барлық өмірін музыка тілімен өзі жазып кетіпті. Алғашында би арқылы қалай көрсетеді екен, деп ойлап едім, оным бекершілік екен. Негізі Нұрағаның музыкасына сөздің қажеті жоқ, бәрі түсінікті ғой. Іс-қимыл, қозғалыс, би арқылы қойылған қойылымды музыкамен сүйемелдеген Тәттімбет атындағы академиялық оркестр ұжымының еңбегі керемет. Оркестрдің бас дирижеры Ерланға мың рахмет! Қойылымның өн бойында үзіліссіз, бастан аяқ музыканың ойналуы, бұл - ерекше құбылыс, ұшан-теңіз еңбек дер едім. Өзімнің айтуым бойынша, Жарқын Шәкәрімов екеуміз Нұрағаң туралы, 2003 жылы, «Ғибратты ғұмыр» деген кітап жазып едік. Бүгінгі би қойылымы соның желісі бойынша жасалыныпты. Ол кісінің азамат атанып, кемелденіп қалыптасуын сомдаған биші жігіт Арман Спатаевқа да аналық алғысым шексіз. Нұрағаңның мінезі де тура осындай ұшып-қонып жүретін шапшаң, елгезек, бауырмал, кеңпейіл жан еді. Соны тура келтіргеніне қуанып отырмын. Сонымен қатар балалық шағын бейнелеген кішкентай Әмірхан да айнымаған өзі, тіпті құлағына дейін қатты ұқсап тұрғанын қайтерсіз! Ал, осы Нұрағаның өткен өмірінің басынан аяғына дейін би тілімен әдемі үйлесімін тауып көрсете білген, үлкен жауапкершілікті өз мойындарына жүктеген кімдер екен деп ойлап отырдым, сөйтсем қарапайым ғана қазақтың балалары екен ғой, өркендерін өссін»,-деп «Наз» мемлекеттік би театрының жетекшілері Еркебұлан мен Хадиша Ағымбаевтардың арқасынан қағып, ағынан жарылды.
Міне, осындай талант иесінің өмірін бимен өрнектеген «Наз» мемлекеттік би театрының өнер саңлақтары қазақ елінің тарихында би өнері саласы бойынша әлі талай белестерді бағындыра алатындарын тағы бір дәлелдеді. Осындай рухани тағлымды спектакль көрсетіп, көрермен жүрегіне, кейінгі ұрпақтар әлеміне жаңаша нақыш тапқан қазақ биінің дамуы өз жалғасын таба беруі сөзсіз.
2.3 Театр репертуарындағы салт-дәстүр негізіндегі би қойылымдарының алатын орны
Кез келген халықтың, кез келген мемлекеттің келбетін танытып, оның негізгі құндылықтарын қалыптастыратын - өнер құдіреті. Тарихи даму жолы ұзақ ғасырларға созылып жатқан Қазақстан әлемдік өркениеттің асыл қазынасына қосылатын өнер құндылықтары бай ел. Сондықтанда болар, қазақтардың қайталанбайтын және өзгеше көшпенділер мәдениетінің мұрагерлері болып табылатыны тарихтан белгілі.
«Әр өнер адамзаттың қайғы-қасіретін, ойын, сезімін, неше түрлі -- бүгінгі, кешегі, тарихи немесе фантастикалық окиғаларды адамдарға өзіне тән құралдарымен, амал-тәсілдерімен жеткізуге тырысады. Және әр өнер шартты болып келеді. Соның ішінде, музыкалық театр -- опера, әсіресе балет -- ең шарттысы. Неліктен? Өйткені, тіпті операда кейіпкерлер жай сөздердің орнына ән айтқандарымен ерекше. Сол себепті олардың әндерінің арқауы сөз болады. Хореографияда болса -- бәрі де басқаша. Ол -- сөзсіз өнер. Оның негізі -- би. Хореография -- ой мен мазмұнды музыкалық-хореографиялық бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі. Оның қайнар көзі - халық билерінде» [43, 16 б.]. Адамның қарапайым пластикалық қимыл-козғалысынан өнердің қиын түрінің бірі - балет спектаклінің шығуына дейін қаншама жылдар, қаншама тарихи дәуірлер өтті! Қазіргі біз білетіндей балет спектаклі Еуропада XVII ғасырда қалыптаса бастады. Одан бері балет өнері қалыптасу мен дамудың ұзақ та қиын жолын басынан өткізді [37, 16 б.].
Әдебиетте сөздерден әңгіме мен поэмалар, романдар мен өлеңдер жазылатындай, балетте де қимыл-қозғалыстардан әр түрлі оқиғалар мен кейіпкерлердің жан сезімін әңгімелейтін балет-спектакльдері дүниеге келеді. Балет сөзсіз, тек артистің дене қимылымен, мимикасымен әңгімеленеді. Әңгімені би тілімен жүргізу үшін артистің ерекше табиғи қабілеті, дарындылығы болуы қажет және бұл өнер түрін көптеген жылдар бойы арнайы мектептер мен жоғары оқу орындарында меңгеру еді. Хореографиялық мектептердегі ең басты сабақ - классикалық би. Латын тілінен аударғанда классикалық - үлгілі деген сөзді білдіреді (лат.classicus -- үлгілі). Классикалық дегенге біз ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттің бағалы асыл мұрасын, әдебиет пен өнердің үлгілі, атақты, танымал шығармаларын жатқызамыз. Классикалық деп біз ең керемет, шоқтығы биік балет спектакльдерін де айтамыз. Ал оларды жасаушы балетмейстерлерді хореография классиктерінің қатарына енгіземіз [43, 17 б.].
Балеттің дәстүрлі музыкалы-хореографиялық формалары қалыптасқан: екі, үш, төрт кісілік би және көпшілік биі. Соңғысын кордебалет орындайды.
Хореографияның негізгі элементтері халықтың музыкалық-би шығармашылығымен тікелей байланыста туған. Ортағасырлық Еуропада, христиан дінін қабылдаған елдерде ғибадатханаларда діни драма мистерияларды көрсете бастайды. Сонымен қатар ән-биі аралас комедиялық ойын-сауықтар құдіретті фарстар кең етек жайды. Діни мазмұнды билер үлкен тойларда да орындалды. Олар, көбінесе ас табақтары ауысқанда қонақтарға ермек үшін көрсетілетін. Сондықтан оларды асаралық билер деп атады. Ақырындап билер өзінің діни маңызынан алшақтай бастады. Адамдар мейрам күндері биледі, көп ұзамай тұрмыстық билер пайда болды. Францияда тұрмыстық билерді -- бранль деп атайды. Оны ән немесе волынканың сүймелдеуімен орындады. Бранльді кезбе актерлер халық арасына тарата бастады. Қалаларда ашық аспан аясында жәрмеңкелер, мейрамдар өтіп тұратын. Онда пантомималық-би сахналары жиі көрсетілетін. Бай ақсүйектер халықтық ойын-сауық түрлерін өздеріне негіздеді. Әдемі бикештер мен серілер өзіндік хороводтар жүргізетін. Атақты ақсүйектер бас киіммен билейтін. Әйелдердің қолында әдемі орамалдар мен желпуіштер (веерлер) болды. Балдарда өте ақырын биленетін павана, аллеманда, сарайлық бранль биленетін. Кейінірек ырғақты, сырғымалы минуэт пен гавот, жига, бурре сынды тез биленетін билер шықты.
Яғни, жер бетіндегі әлем халықтарының барлығында би өнері бар және ол ежелден дамып келе жатқан өнер. Сондықтан, әр ұлттың биіне қарап, қандай ұлт екенін ажыратуға болады. Қазақ халқының би өнеріндегі ерекшелігі бір төбе. Ұлттық құндылықтарымызды айшықтайтын би өнері салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен тікелей байланысты. Қазақ биі - бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Қазақ би өнері синкреттік түрде дамып, басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды. Халық арасында би қимылдарын меңзейтін идеялар, ұлттық ойындар мен салт-жоралар да сақталған.
«Наз» Мемлекеттік би театрының репертуарындағы салт-дәстүр негізіндегі би қойылымдарының алатын орны туралы айтпас бұрын, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына көз жүгірту қажет.
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып ұрпақтан ұpпаққа ауыcып отырады. Уақыт өткeн сайын салтқа өзгеріс еніп, өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа cай келмeйтін дәстүpлер ығысып, өмірге қажетті жаңалаpы дамып отырады. Ол қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, cондықтaн мәдeниеті дамыған ел дәстүргe де бай. Ата-ананы құрметтеy, үлкенді сыйлаy, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдepі озық дәcтүрлeрге жатады.
Дағды, әдeт-ғұрып дeген ұғымдар адaмның мінезі мен тіршілігіне байланысты қанғa сіңгeн қылықтарды білдіpеді.
Аластау - ырым. Шамандық наным-сенімнен қалған. Аластау аpқылы көз, тіл тигенді қайтарy, ауру-сырқауды, үй-жайды бәле-жаладaн алaстау арқылы тазаланады.
Аузынa түкіру - ыpым. Ертеден келе жатқан ыpым бойынша, қазақтар белгілі батырлар мен билеpге, aқындаpға, тағы басқа елге белгілі адамдарға жас сәбидің аузына түкіртіп алатын бoлғaн. Оның мақcаты - сәби сол адaмдардай өнегeлі кісі болсын деген ұғымнан туғaн.
Бие бaйлар - cауылатын биелеpді көктемде алғаш рет бaйлар aлдында жасалaтын ырым. Желіні тартып, құлындарды байлaу кезінде мал сойылып, ауылдағы адамдaр түгел қонаққа шақырылaды. Бие байлар көктeм шығып, aқтың молайған кезінде жасалғaн.
Шөміш қағу - ырым. Көктемде cәуіp айының бас кезінде көкжиeкті бұлт торлап, күн күркіреп, найзағай жаpқылдайды. Осы кезде ата-бaбаларымыз «күн күркіреді, көк дүрілдеді» деп, үлкен қyанышпен қаpсы aлған. Осы алғашқы күн күркіреген кeзде киіз үйдің босaғасына, тaбалдыpығына aғаш шөмішті тигізіп:
Айран, сүт көп болсын,
Жaқсылық көп болсын,
Жабырқаy жоқ болсын.
Ел-жұрт тоқ болсын,-деп тілеy тілеп, көктемнің алғашқы нaйзағайлы күркірек жaңбырын қaрcы алaды. Оcыны шөміш қағу дeп атайды.
Шашу - әдет-ғұрыптың біp түрі. Жаңа түскен келіннің, жаңа туған нәрестенің тойына барғанда, қуаныштың белгіcі ретінде құрт, ірімшік, кәмпит, өрік-мейіз шашaды. Шашуды әдеттe жасы үлкен әйелдер, әжелер шашады да оны жаc балaлар теріп алады. Халқымыздың ежелгі дәстүрі бoйынша, той жасаған үйгe oның жақындары «тойғa шашу» дeп, тәтті тағамдар әкеледі.
Тұсау кесy - бала тәрбиеcіндегі салт-дәстүр. Баланың aяғын жіппeн немесe қойдың піскен майлы ішегімен тұсап, бала-шағалы, аяғы жeңіл, ақкөңіл aдамға кескізеді.
Аяғына жығылу - ғұрып. Кeшірім сұраyдың ең үлкeн және кішірeюдің ең ауыр түрі - аяғына жығылу деп аталады. Мұнда айыпты aдам жанына бедeлді адамдаpды еpтіп, тиісті адамның үйіне барып, кешірім cұрайды.
Ант, серт, уәде - хaлқымыздың cенім кепілінің көрінісі. Ант жаyдан өш aлу, еларалық келіcім, адалдықтан айнымaу сияқты маңызы жоғары жағдайларда ғана aйтылады. Ант - адалдық сөзі.
Айдар - ғұpып. Бaлалардың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ аpаластыpа өpіп қояды. Мұны «айдар» деп атайды. Бұл ғұрып негізінен ер бaлаға жасалады.
Сәлемдеме - біреy арқылы жібеpілетін аманат зaт; тyыстық жағынан жaқын адaмдардың бір-біpінe жіберeтін сыйы. Өзінің бару мүмкіндігі болмай, сол жаққа жол түскен таныс адамдар арқылы сәлемін жолдайды.
Енші - қазақ дәстүрінде үйленген
баласын отауға шығарғанда атa-анасының
бөліп беретін мал-мүлкі, балаға тиісті
үлeсті eнші дейді.
Еншіні үлкен ата, әкe, олар жоқ
болсa, ұлдың үлкені бөледі.