Жезқазған-кен-орнын-ашу-қазып-алу-және-жерасты-жұмыстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Мая 2015 в 10:30, дипломная работа

Краткое описание

Жезқазған кен орнын ашу, қазып алу және жерасты жұмыстарымен қамтамасыз етудің жобасы қарастырылған. Дипломдық жобаның арнайы бөлімінде панельді-бағаналы қазу жүйесінде тазарту кен қазбаларына бағыт беру жұмыстары енгізілген.
Кен қазу жүйелерінің конструкциялық элементтерін өзгертуге себепкер болатын негізгі технологиялық процестерге пайдаланатын жабдықтардың артықшылығы техника-экономикалық тұрғыдан есептеліп, сараптану нәтижелерінде қабылайтын инженерлік бірден-бір дұрыс шешімге негіз болмақ. Жобаланатын кеніш, ”Қазақмыс корпорациясы” акционерлік қоғамның қарамағында және кең байтақ республикамыздың мыс өндірісінің шикізатпен жабдықтаушысы болып табылады.

Содержание

Кіріспе
1 Геология бөлімі
1.1 Кен орнының сипаттамасы
1.2 Гидрогиология
1.3 Кен орнының барланғаны және дайындығы
1.4 Эксплутацияның инженерлік геологиялық жағдайы
1.5 Кен мен кен қыртыстарының морфологиялық және сапалық сипаттамасы
2 Тау-кен бөлімі
2.1 Кеннің өнеркәсіптік қорын есептеу
2.2 Өндіру тәсілі
2.3 Кеніштің жылдық қуаты
2.4 Шахтаның жұмыс тәртібі
2.5 Кенішті ашу
2.5.1 Негізгі ашу қазбасы түсетін жерді анықтау
2.6 Қазу жүесін таңдау
2.6.1 Қазып алу жүйесі
2.6.2 Тазалап қазып алуды есептеу
2.6.3 Дайындық тиеме жұмыстары
2.7 Экономикалық бөлімі
2.8 Материалдар
2.9 Материалдар-статьясы бойынша өзіндік құндары
2.10 Тау-кен жұмыстарын жүгізудегі техника қауыпсіздігі

3 Аэрология бөлімі
3.1 Шахтаны желдетудің әдістерін талдау
3.1.1 Желдету схемасын талдау
3.2 Жалпы шахтаның ауасын есептеу
3.3 Жалпы шахтаның депрессиясын есептеу
3.4 Калорифер қондырғларын есептеу
3.4.1 Калорифердің жылу өнімділігі
4 Еңбек қорғау бөлімі
4.1 Жезқазған кенішін зерттеудегі соңғы жылдарда кездескен кәсіп-ауру мен өндірістік жарықтауды талдау
4.2 Өндірістік жарықтанудың алдын алудың қауыпсіздік-техникалық шаралары
4.2.1 Тау массаларының бузылыстары мен күрес шаралары
4.2.2 Бұрғылап-аттыру жұмысындағы жарықтану мен күрес шаралары
4.2.3 Зумпфтар мен су жинағыштарында жерлестергіштерді орналастыру
4.3 Санитарлық-гигиеналық шаралар
4.3.1 Шаңмен күрес әркеттері
4.3.2 Шумен күрес әрекеттері
4.3.3 Дірілмен күрес әректтері
4.4 Электр тізбегімен қоректенетін лампалармен жарықтану
4.5 Санитарлық, тұрмыстық және дәрігелік қызметі
4.6 Ішетін су мен жабдықтау
4.7 Медициналық жәрдем
4.8 Өртке қарсы шаралар
4.8.1 Өрт қауыпінің алдын-алу шаралары
4.9 Тау-кен құтқару ісі
4.10 Апатты жою жоспары

5 Экономикалық бөлімі
5.1 Кеніштің жұмыс істеу тәртібі
5.2 Кеніштің құрылысына жұмсалатын қаржылар
5.2.1 Тау- кен жұмыстарына жұмсалатын қаржы
5.2.2 Ғимараттар мен құрылыстар салуға жұмсалатын күрделі қаржыны есептеу
5.2.3 Жабдық және монтаж алуға жұмсалатын күрделі қаржы.
5.2.4 Кеніштегі құрылыс топтар үшін схема бойынша қорытындыны есептеу
5.3 Басқарушылар мамандардың еңбекақының қорын есептеу.
5.4 Электр – энергияға кететін шығын.
5.5 Пайдалы қазындылардың ( кен байлықтың ) өзіндік құнын есептеу
5.6 Жобаланған кеніштің техника – экономикалық көрсеткіштері
6 Геодезиялық бөлімі
6.1 Геодезиялық жұмыстар
6.2 Триангулеция
6.3 Полигонометрия
6.4 3-4 кластық нивелирлеу
6.5 Геодезиялық жұмыстарды орындаған кездегі техникалық қауіпсіздік.
7 Маркшейдерлік бөлімі
7.1 Жобаланатын тау- кен кәсіпорндағы маркшейдейдерлік қызметтің міндеттері
7.2 Кен орынын ашудағы маркшейдерлік жұмыстар
7.2.1 Өндіріс алаңын жобалау
7.2.2 Оқпанның центрі мен остері
7.2.3 Көтергіш комплексін салудағы маркшейдерлік жұмыстар.
7.2.4 Оқпанды жүргізу және әбзелдеу
7.3 Жалғастыу түсірісері
7.3.1 Тік бір оқпан арқылы бағыттау
7.4 Жер асты қазбаларына биіктік белгісін беру
7.5 Күрделі казбаларды жүгізүдегі маркшейдерлік жұмыстар.
7.5.1 Тау кен қазбаларына горизонталь жазықтықта бағыт беру
7.5.2 Тау кен қазбаларына вертикаль жазықтықта бағыт беру
7.5.3 Кезікпе кенжарлар жүргізудегі маркшейдерлік жұмыстар
7.6 Жер асты қазбаларын түсіру
7.7 Теодолиттік түсірістер
7.8 Кен қазбаларындағы биіктік түсірістер
7.9 Геометриялық нивелирлеу
7.10 Тригонометриялық нивелирлеу
7.11 Дайындық ,тазалау қазбаларын түсіру
8 Арнаулы бөлімі
8.1 Панельді-бағаналы қазу жүйесінде тазарукен қазбаларынабағыт беру
8.2 Биік діңгектерді маркшейдерлік түсірісі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Жезқазған-кен-орнын-ашу-қазып-алу-және-жерасты-жұмыстарымен-қамтамасыз-ету.doc

— 804.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

в)                                                                                           

 

 

 

а) жерге орнатылған пункт;

б) төбеге орнатылған пункт;

в) уақытша пунктер.

 

 

    7.9. Геометриялық нивелирлеу.

     Ортадан жүргізілетін  тәсілмен 10 және 20 м сайын пикеттер  белгіленіп, рейкадан 1 мм-ге дейінгі  дәлдікпен есеп алу арқылы  жүргізледі. Нивелирлеу үшін Н3К, НТ нивелирлері және РН4, РНТ рейкалары қолданылады.

    Жер астында жүргізілетін  нивелирлеудің жер бетіндегіден  өзгешелігі жоқ, дегенмен жер  асты нүктелерінің қазбаның төбесінде  де, табанында да орналасуына  байланысты осімшені анықтау  ерекшеліктері бар геометриялық  нивелирлеудің жер астында кездесетін түрлері:

  1. Егер А және Р реперлері қазбагың табанында (753 1а – сурет) орналасқан болса, онда биіктік осімшесі 8 – тараудан (8,1) формуласымен анықталады яғни h = a – b тең  (751) мұндағы: h - өсімше, а – артық, ал b – алдыңғы рейкадан алынған есептер.
  2. Егер репердің екеуінде қазба төбесінде бекітілген болса, (753 2б – сурет) онда h = b – а  ға тең. (752)
  3. Артқы репер төбеде, ал алдыңғысы қазба табанында орналасса  (753 2в – сурет) онда h = - ( a + b) тең болады. (753)
  4. Керісінше, артық репер жерде, ал алдыңғы репер төбеде орналасқан жағдайда (753 3 – сурет) өсімше h = a + b тең болады. (754)

 

    7.10. Тригонометриялық нивелирлеу.

    Тік діңсектіктен есеп  алу дәлдігі 30" кем емес теодолиттер  арқылы жүргізледі. (753 2 – сурет) тригонометриялық нивелирлеу схемасы көрсетілген А және Р реперлері арасындағы өсімшені

һ АВ – ыанықтау үшін сол нүктелерден тіктеуіштер түйістіріліп, А-нүтесіне теодолит орнатылады. Ара –қашықтық  S-рулеткамен 2-рет өлшенеді және екі өлшеу айырмашылығы 3 мм ден аспауы керек, А-нүктесінен теодолиттің вертикаль дөңгелегінің центіріне дейінгі биіктік – Р, және В нүктесіне көздеу нүктесі V дейінгі биіктік Р2 да екі реттен рулеткамен 1 мм дәлдікте өлшенеді. 7532 суретте және тараудағы формулаға сәйкес hА'В'=S*sin*n+ Р2 - Р1   (7.5.5)

Қазба табанындағы реперлері А және В өсімшесі. hАҚ=S*sin*n+i2 - i1      (7.5.6)

     Өсімше тура және  кері бағыттарда екі рет анықталып, екеуінің арифметикалық ортасы  алынады. Жүрістегі қате ұзындыққа (S) пропорционал етіліп әр өсімшеге  бөлінеді. Репер биіктіктері есептелген соң көлбеу қазбаның профилі сызылады. Өндірісте жылына кем дегенде бір рет жер асты тасу жолдары нивелирленіптұрады.

 

    7.11. Дайындық және тазалау  қазбаларын түсіру.

    Шахта оқпанның кен  қазбасына жеткен түсынан квершлаг, штрек, бремсберг деп аталатын күрделі қазбалар және олардан соң дайындық қазбалары жүргізіледі. Кен орналасқан қабат этаждарға бөлініп, әр этаж өз кезегінде блоктарға, камераларға бөлінеді. Блоктарда көлбеу не тік азбалар (өрлеме) жүргізіліп кенге тікелейжетуге мүмкіндік туады.

    Блоктар дайын болған  соң кенді қалдырмай қазып  алу, яғни тазалау жұмыстары басталады. Осы жұмыстар нәтижесінде пайда  болған қуыстарды тазалау қазбалары  деп атайды. Міне, осыдан жер астынан  кен қазудың қиын да, қызық  екендігі көрінеді. Ал маркшейдерлердің мақсаты жүргізіліп жатқан қазбаларды дер кезінде планға түсіру. Қазбаларға дұрыс бағыт беру, сөйтіп жер асты жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

    Дайындық, бөлу және тазалау  қазбаларын түсіру, блоктардың нақтылы  пландарын, қималарын салу және әр түрлі  инженерлік есептерді шешуге қажет нүктелердің координаталарын анықтау қажет.

    Сондай-ақ тазалау қазбаларын  түсіру нәтижесінде қуыстардың  көлемі анықталып белгілі мезгіл  ішінде учаскеден қанша руда  шығарылғаны есептелінеді, яғни  қазылып алынған кен тікелей есепке алынып отырылады.

    Дайындық және бөлу  қазбаларында бұрыштар теодолит, бұрыш өлшеуіш, ілмелі буссоль  арқылы өлшенеді. Горизонталь жазықтыққа 50º – 60º-қа дейін бұрыш жасап  қазылған жерлерде іліп қоятын  және эксцентірлік дүрбілі Тео – 080,  Т30М – Э теодолиттері қолданылады.

    Алайда, тіктеу жүргізілген  қазбаларда өлшеу жұмыстарын  жүргізу көлбеу қазбаларға қарағанда  қиындау. Себебі олар арқылы жүруге  және өлшеу аспабын орнатуға  мүмкіндік болмайды. Ал, тазалау  қазбаларындағы жұмыстар өте тар жерлерде жүргізілетін болғандықтан қолданылатын аспаптардың мөлшері кіші және салмағы аз болуға тиісті. Тазалау кенжарлары УТГ, УТБ, УТ-3 атты бұрыш өлшеуіштер және рулеткалар арқылы түсіріледі. БҰ\ұлардың теодолитке қарағанда дәлдігі төмен және көлемі кіші аспаптар. Жерге сұңғи орналасқан көлбеу кен қабаттарының кенжарын түсіру үшін кен тасыйтын желдеткіш қуақаздағы теодолиттік пунктер арасын түсіріс жүрістерімен қосады. (124-сурет) Ал, ұзын кенжарлардың өзі толық түрде ордината тәсілімен өлшеніп, журналға оның схемасы сызылады. Онда маркшейдерлік нүктелердің өзара орналсуы кен тіктеуіштерінің бір-бірімен қашықтығы, кеннің және оны қоршап жатқан бос тау жыныстарының геологиялық ерекшеліктері, жарықшақтығы және тағы басқа өлшеу нәтижелері көрсетіледі.

      Бұрыш өлшеуіштер  жүргізілген түсірістер нәтижелерін  өңдеуде өлшенген ара-қашықтықтардың  жазық проекциялары есептеліп  бұрыштар тексеріліп, Жүрістердің  дирекциондық бұрыштары анықталады. Қалыңдығы 1-6 м тіктеу орналасқан  кендерді қазудың магазинделген жүйесінде (7.5.4.1-сурет) кенжар жіп және ілмелі жарты дөңгелек арқылы түсіріледі. Желдеткіш қуақаздағы теодолиттік жүрістің 19 нүктесінен өрлеме арқылы А нүктеуішін түсіріп, ұшынан А нүктесін белгілейді. Содан кейін кеннің үстінде тұрып жіпті 1 – 2; 2 – 3 және тағы басқа нүктелер арасында кіреді де, ұзындықтарын рулеткамен, ал көлбеу бұрыштарын жарты дөңгелекпен өлшейді. Өлшеу дұрыстығын тексеру үшін жүрісті екінші өрлеме арқылы 16 пункте қосып тұйықтайды. Кенжарды нақтылып түсіру ордината тәсілімен жүргізіледі.

Жер асты қуыстарын түсіру.

      Тау-кен жұмыстарын  қауіпсіз жүргізудегі маркшейдерлік  бақылаулар.

      Қазіргі кезде  миниралдың ішкі заттарды игеру  өте күрделі тау-кен техникалық  жағдайларда жүргізілуімен сипатталады, яғни қазып алатын кен орындарында кенеттен жер асты, тау-кен соққысы және қысымның күшеюі, жыныстардың жылжуы сияқты жағдайлар. Осындай жағдайларға байланысты өнндірістегі маркшейдерлік қызметтің маңызы арта түседі.

     Маркшейдер үнемі  күнделікті пландарға қауіпті  жылжу аймақтарының шекарасын, бұзылуға икемді учаскелерді кертпештарды салып және де кезінде өндіріс басшыларын ескертіп отыруға тиісті. Кейінгі кезде кен орындарында қауіпсіздік проблемасына маркшейдердің  30 % тен  50% ке дейінгі жұмыс уақыттары жұмсалатындығы анықталып отыр. Әлбетте мұндай  жұмыстарда маркшейдерлер тек қауіпті жерлерді табуда өздерінің профессионалдық бөлімдерін көрсетіп қана қоймай, қауіпсіздік ерекшеліктерін бұзылулардан және оқиғалардан сақтап қалу нұсқалардан, қауіпті аймақтарды есептеу және болжау әдістерін, сондай-ақ өзінің тау-кен жұмыстарын жүргізуде қаншалықты жаупты екендігін жақсы білу қажет.

     Өндіріс орындарында  жыл сайын тау-кен жұмыстарының  даму пландарында қауіпті жерлердің  саны және ерекшеліктері көрсетіліп, соған сәйкес бұзылуларға жол бермеу шаралары белгіленеді.

    Әр квартал сайын өндірістің  бас маркшейдері рудниктегі қауіпті  аймақтарды анықтау және бақылау  жұмыстарын тексеріп, оның нәтижелерін  арнайы есепке алу журналына  жазып отырады.

     Пайда болу тіктеріне  қарай қауіпті аймақтар үш топқа бөлінеді:

  • кен қазбаларын су басып кетуден пайда болған.
  • Тау-кен қысымының құлуы.
  • Көрсетілегн қауіпті аймақтардың әр қайсысына лайықты қауіпсіздік шекарасын анықтау әдістері және қазба жұмыстарын жүргізудің “қауіпсіздік техникасының ерекшеліктері” деп аталатын ережелер жинағы бар.

      Кен қазу жұмыстарын  жобаға сай және қатаң түрде  қауіпсіздік ережелеріне сәйкес  жүргізуді бақылау маркшейдерлік  қызметке жүктелген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

        8 Арнаулы бөлім.

     8.1 Панельді бағаналы қазу жүйесінде тазарту кен қазбаларына бағыт беру.

     Панельді бағаналы  қазу жүйесінде тазарту қазбаларына  тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу  және жер бетінің бұзылмауы, камералық  діңгектердің санасын формаға  келтіруге болады. Тәжірибе көрсетті, камера аралық діңгектің формасын келтіру сапасы, тау-кен геологиялық жағдайына және өндірістік техникалық факторға, бақылау әдісіне байланысты.

Камера аралық діңгектің формасын келтіру сапасы маркшейдерлік бөліммен кен қазбаларында бекітілегн бағыт, әлде бөлек нүктелер арқылы бақыланады. Тау-кен техникалық қадағалаушы маркшейдерлік бөлім берген бағытын – шпурлардың орналасуын, бұрғылау – атылыс жұмыстарының паспортынан және тазарту камералық діңгектердің шын мәніндегі орнын кенжардың жазықтығына көшіру үшін пайдаланады.

      Қуаты онша үлкен  емес (3-4 м дейін) кенорнын игергенде, тазарту камераларына бағыт тіктеуіш  арқылы беріледі. Биіктігі 4-5 м және  одан биік болса, тіктеуіштердің  төбеге ілу қиындау болады, ал  бұл операцияны іске асыру  үшін өзі жүретін жабықтар қажет, сондықтан бағыт аса жетілмеген сызық керту әдісімен әлде діңгекке белгі қою арқылы беріледі.

Бұл бағыт беру әдістерін қолданғанда камера аралық діңгекті келтіру сапасы тек қана маркшейдерлік түсіріс арқылы тексереді, ал тікелей орындаушылар тау-кен техникалық қадағалаушы маңызды процедурадан шектеліп қалады.

      Көрсетілген әдістер  тазарту камераларына кіші қашықтықта  бағыт бергенде пайдаланады, ал  діңгектердің қабырғасына бекітілген  нүктелер кенжарлардан онша алыс  орналаспайды, яғни оларға атылыс жұмыстары кезінде зақым келеді, сондықтан тазарту кенжарларының орнын анықтау қайтадан қосымша түсіріс жасау, арқылы табылады.

     Бұл бағыт беру  әдістері кенжар жазықтығына  шпурларға дұрыс беруді қамтамасыз  етпейді және діңгектердің артқы  жағының формасын келтіргенде сенімді бақылау бермейді, нәтижесінде қалдырылған камера аралық діңгектің орындарынан және жобадағы көлемнен ауытқиды. Сондықтан, қуаты үлкен кен орындарын игергенде камера аралық діңгектің формасын келтіру сапалығының негізгі себептерінің бірі жетілдірілмеген бағыт беру әдістері.

     Тағы да айта кететін  жағдай камера аралық діңгектің  формаларын келтіру сапасы тазарту  кен жұмыстарын жүргізген кезде, қауіпсіз жүргізуге және тазарту  жұмыстарының көрсеткіштерінің  маңызды әсер етеді, яғни кіші діңгектерді қалдыру олардың төбені ұстау қабілетін төмендетеді, ал үлкейтілген діңгектердің пайдалы қазбалардың шығынын көбейтеді.

      Бағаналы діңгектердің  формасын келтірудің сапасын, әсіресе  қуаты үлкен кенорындарды игергенде, тазарту қалаларына жарма жазықтықта бағыт беру қажет, бұл тау-кен күрделі кен қазбаларды жүргізгенде қолданылады. Жарма жазықтық діңгек қабырғасына арнайы бекітілген құрылғыға бекітілген тіктеуіш арқылы белгіленеді.

      Кен қазбаларына  бағыт беруге арналған құрылғы: бір жағы жартылай сфералық жазықтық 10, ал екінші жағына 3 істелген, стержиннен тұрады. Жартылай сфералық жазықтық жағында өзара перпендикуляр бұрғылап тесілегн тесік бар. Бұл тесік арқылы тіктеуіш жібі өтеді. Стержень ішкі ойма істелген тірек ішінде орналасқан. Тірек бұрыш және сынада орналасқан. Стерженнің аяқ жағында чайка-фолькасатор.

     Кен қазбаларына бағыт  беру үшін ереже техникалық  құжаттарда белгіленгенге сәйкес  консольді орнатады. Консоль көмегімен  бағыт беру жұмысының методикасы  төмендегідей:

Консолдардың біреуі діңгек қабырғасына еркінше орналастырылады, бірақта адамдармен мехашумдердің жүріп тұруына кедергі жасалмайтын биіктікте тіктеуішті ілгенде оңай болатындай.

     Құрылғыны орнату  үшін толнені (втулка) шпурға орналастырып  буртик діңгек қабырғасына итеріледі. Оймағы сынаны қағады, нәтижесінде төлке шпурға мықтап бекітіледі, сосын гайка бұралған консоль толнеге  0,4 – 0,5 м қалғанша гайка бекітіледі.

     Сыналауға тіктеуіш  жібін өткізіп, ал сыңалау арқылы  жіпті сыртқа шығарадыда стерженге  бекітеді. Тіктеуіш астына теодолит орналастырылады. Екінші консолді орналастыру үшін стерженді айналдыру жіпті берілетін бағыт жормасына орнатып болған соң, консоль орны гайканы буртикке дейін бұрау арқылы белгіленеді.

    Жорма жазықтықта консоль  арқылы бағыт беру “Қазақмыс корпорациясы” акционерлік қоғамның 55 шахтасында жүргізіледі. Консоль орнататын шпурлар 1,5 – 1,8 м биіктікте бұрғыланып, діңгек қабырғасынан 0,3 – 0,6 м шығып тұрады. Мұндай орнатылыста консольдар жүріп тұрған механизмдерге жасамайды.

   Тәжірибе көрсетті, консоль орналасқан тіреу шпур аузына мықтап бекітіледі. Барлық құрылғылар айтарлықтай мықты және атылыс жұмыстары кезінде жарылу толқыны зақымдайды. Шпурларды бұрғылау кезінде жоғарғы дәлдік қажет емес, тіктеуіш орналасқан консоль аяқ жағы сфералық жазықтық, егерде тіктеуішті ауыстырған кезде, ол сол қалпында қалады.

    Жалпы консоль көмегімен  бағыт беру маркшейдерлік жұмыстарды  едәір, яғни арнайы жабдықтармен  тіктеуіштерді өте биік төбеге  бойлайды. Консольді айналдыру арқылы  жіктеуіш жібі жылдам және дәл берілетін бағыттың жарма жазықтығына орнатылады. Камера аралық діңгектің диаметрі 6-8 м болғандықтан, консольдардың ара-қашықтығын 3-4 м болуы тиіс. Консольдарға бағыт көрсеткіштерін қолданған жөн. Олар нысана проекциясын кенжар жазықтығында көруге мүмкіншілік береді. Бұл кенжарға жорма жазықтығын жоғарғы дәлдікпен проекциялау, яғни камера аралық діңгектің формасын келтірудің сапасын бақылау маркшейдерлік және тау-кен техникалық қадағалаушыларға сенімді бақылау.

 

     8.2 Биік діңгектердің  маркшейдерлік түсірісі.

     Жезқазған кен орнын  панельді – бағаналы қазу жүйесінен  өңдеу барысында өте панельді  бос қуыстар пайда болады және  төбені ұстап тұруға толыпжатқан  шығынға жатқызатын рудалы бағаналар  қондырылады.

     Жобамен алдын ала  ескеріліп, кеннің қуатына және жер бетінен жату тереңдігіне байланысы диаметрі 5-10 м  жекемеленген вертикаль діңгектер қондырылады.

Информация о работе Жезқазған-кен-орнын-ашу-қазып-алу-және-жерасты-жұмыстар