Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 21:53, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Павлодар облысындағы шағын және орта бизнестің қазіргі заманғы жағдайы мен тұжырымдамалық сараптамасының негізінде нарықтық қарым-қатынас жағдайында оның дамуын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау болып табылады.
Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер анықталған:
- шағын және орта кәсіпкерліктің теориялық алғы шарттарын зерттеу;
- шағын және орта кәсіпкерлік секторын сараптамалау мен зерттеудің құрал-жабдықтарын анықтау;
- аймақтың статистикалық деректерінің сараптамасын өткізу;
- шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын басқарудың әдістерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар жасау;
- шағын және орта кәсіпкерлікті ынталандыратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың іс-әрекеттерінің басым бағыттарын анықтау.
Кіріспе
Шағын және орта бизнесті дамытуды мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері
Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні
Шағын және орта бизнес –мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде
Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік тәжірибесі
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнесті дамыту шарты ретінде
Павлодар облысының шағын және орта бизнес қызметінің ахуалы
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес субьектілерін несиелеуді талдау
Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жобаларының инвестициялық тартымдылығы
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдары
Шағын және орта бизнестің дамуының қиыншылықтары мен тосқауылдары
Мемлекеттік реттеу – шағын және орта бизнес дамуының факторы ретінде
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- ақпараттық қамтамасыз ету қызметтері;
- оқу орталықтары;
- бухгалтерлік, аудиторлық, жарнамалық, маркетингтік, көлік және басқа да қызметтер көрсету жөніндегі арнайы фирмалар, мамандар таңдауға жәрдемдесетін агенттіктер.
3 Қолдау жүйесінің ұйымдастырылуы мен жетілдірілуі - қолдау көрсетудің нақты стратегиялық бағыттарын анықтаумен тығыз байланысты. Қолдау жүйесін ұйымдастыруда мемлекеттік бақылау құрылымдары мен олардың қызметіне бақылау жасаудың тәртібін белгілеп алудың маңызы ерекше. Жүйенің басым бағыттарын ырғақты дамыту арқылы кең қанатты интеграциялық өркендеуге қол жеткізуге әбден болады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесінің жоғарыда қарастырылған үш деңгейінің арасында да тығыз байланыс бар. Республикалық деңгейдегі шағын кәсіпкерлікті қолдау құрылымдары құқықтық нормативтік және әдістемелік көмек көрсетіп қоймай, аймақтық, және жергілікті деңгейдегі қолдау құрылымдарына тікелей қаржылар аудару арқылы да жәрдемдесуге тиіс.
Республикалық шағын кәсіпкерлікті дамыту шараларын жетілдіру үшін:
- салықтық есеп қағидалары
мен төлеу процедуралары,
- қаржы операцияларын қолма-қолсыз есеп айырысу жөніндегі барлық қаржы операцияларын жүргізуге мұрындық болатын салық ставкаларын азайту және соған сәйкес тиісті салықты төлеуді жетілдіру;
- несие беру мерзімдерін ұзарту және аймақтық мәні зор шағын өндірістік кәсіпорындар үшін пайыздық ставкаларды төмендету арқылы отандық өндірістерді ынталандыру және сапасы төмен арзан қолды тауарларды тасып әкелуге тосқауыл қою;
- шағын кәсіпкерлікті несиелендіру механизмдерін жетілдіру үшін лизингтік несиелерді, венчурлық қаржыландыру, факторинг, сонымен бірге, кепілдік қорларды құру және өзара несиелендіруді қалыптастыру жолдарын ұсынамыз.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты- олардың әлеуметтік-экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету. Біздің пікірімізше, мемлекеттік қолдаудың бағыттары бойынша бірнеше нақты шараларды іске асыру қажет.
Бірінші шара – шағын кәсіпкерліктің мүдделерін қорғайтын салық реформасын жасау керек, атап айтқанда, біріншіден, экономиканың бұл секторына мемлекет тарапынан таза фискальдық көзқарасты өзгерту; екіншіден, тиімді инвестициялар тарту үшін салық жеңілдіктерін енгізу.
Шағын кәсіпкерлікті құқықтық қолдауда қолданыстағы заң құжаттары талаптарының сөзсіз орындалуын және олардың мазмұнының ведомстволық ережелермен бұрмаланбауын қамтамасыз ету қажет.
Кәсіпкерлердің тауар өткізу нарығын кеңейту үшін мемлекет мұқтаж өнімдерді шығаруға оларды тікелей қатыстыру керек. Мемлекет мұқтаж өнімдерді шығаруға шағын кәсіпкерлік нысандары үшін міндетті түрдегі кіші квота енгізу – тауар өткізу нарығындағы шағын кәсіпорындардың тұрақтылығын нығайта түседі. Сондай-ақ ойға қонымды протекционизм мен импортқа квота енгізу де шағын фирмалардың «тынысын кеңейте түспек».
Екінші шара-шағын
Үшінші шара-монополияға қарсы күрес, әділетті бәсекелестік орнату, тұтынушылар құқығын қорғау, осыларды іс-жүзінде жетілдіру үшін республика бойынша шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жүйесін жасау.
Расында, шағын кәсіпкерлікті экономиканың мықты буынына айналдыру үшін оның қуатты инфрақұрылымдары ауадай қажет.
Шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдаудың ең соңғы – үшінші Мемлекеттік бағдарламасына байланысты пікірімізді мейлінше жұмсақтап жеткізе отырып, еліміздің белгілі ғалымдарының ой-пікірлері негізінде әзірленген шағын кәсіпкерлікті қолдаудың жүйесін ұсынып көрейік .
Әлемдік дамыған елдерінде шағын кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдау саясатының басты мақсаты – қолайлы орта қалыптастыру. Бұл негізде мемлекеттің экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарық инфрақұрылымының дамуы, интеллектуалды меншікті қорғаудың тиімді жүйесі; жеңілдетілген әкімшілік шаралар, салық каникулдары тағы басқалары басты нысанаға алынады.
Салалық министрліктер мен комитеттердің өз қызметтерін шағын кәсіпкерлікке қатысты тиімді ұйымдастыруы арқасында ведомстволық қолдау көрсетуге әбден болады. Бұл шараға ірі отандық кәсіпорындар мен трансұлттық компаниялар да қатыса алады.
Шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін несиелеудің жаңа схемаларына көшіп, инвестициялық климатты дамыту керек. Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың қажетті инфрақұрылымдарын құру-мағынасы терең мәселе. Айталық, шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының тікелей міндеттерінің бірі-осындай құрылымдар қалыптастыру болатын. Өкінішке орай, бұл Дамыту қоры халықаралық ұйымдардың қаржыларын тартумен ғана айналысуда. Бұл Дамыту қоры кәсіпкерлердің қолы жетпейтін «Қытай қорғанына» ұқсас құрылымға айналды.
Егер мемлекет тікелей қаржы-қаражат бөліп, шағын кәсіпкерлікке көмектесе алмаса, мемлекеттік тапсырысты қатыстырып, әсіресе, өндірістік саланы дамытуға сөзсіз ықпал ете алады.
Дамыту қоры өзінің тікелей міндеттерімен бірге мынадай мәселелерді шұғыл шешу керек:
- жергілікті билік органдарымен қарым-қатынас орнату арқылы жылжымайтын мүліктер мен ғимараттар алу. Сол аймақтардан бизнес-орталықтарын ашып, кәсіпкерлерге нақты ақылы-кеңестер көрсету, бизнес-жоспарлар әзірлеуге жәрдемдесу және несиелер бөлу;
- шағын кәсіпкерлер басқа қаржы институттарынан несиелер алғанда, оларға кепілдік беруді тәжірибеге енгізу және Дамыту қорынан несие алуға қажетті құжаттардың тізімін барынша ықшамдау қажет.
Шетелдік нарықтық экономиканың тәжірибелері шағын кәсіпкерлікті дамытуды қолдауда лизингтік және франчейзингтік қарым-қатынастардың қолайлылығын да дәлелдеді. Біздіңше, шағын кәсіпорынның ірі орталық және шетелдік компаниялардың құрал-жабдықтарын, қаржы-қаражаттарын, технологияларын пайдалану арқылы дамуы да тығырықтан шығудың бір жолы іспетті.
Шағын кәсіпкерлікті дамытуда лизингтік несиелендіру көмегімен өндірісті қалыпқа келтіруге болатыны шетел тәжірибелерінен белгілі. Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды. Лизинг 100% несиелеуді ұсынады, кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді. Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.
Егер, бұрын несиелер бірліктерге ғана және көбінесе, таныс арқылы үлкен пайыздық ставкамен және қысқа мерзімге берілсе, онда бүгінгі күні, бұл құбылыс әлемдегі ипотекалық дағдарыспен байланысты несиелер бойынша, үлкен пайыздық ставка бұрынғысынша жоғары болып қалса да, жаппай сипатта тұр. Сонымен, 2006 жылы екінші деңгейдегі банктермен 56,1 млрд. теңге сомаға, 2008 жылы 70,5 млрд. теңге сомаға несиелер берілді, яғни 2007 жылмен салыстырғанда өсім 25,7% - ды құрады, ал 2009 жылы 88,6 млрд. теңге сомаға несиелер беру болжанып отыр.
Қазіргі уақытта, өңір үшін шағын және орта бизнес жобаларын несиелендірудің басымды бағыттары анықталды:
- өнеркәсіптік өндірісті дамыту;
- ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және өндіру;
- көтерме-бөлшек сауда;
- қызмет көрсету саласы.
Шағын кәсіпкерліктің табысты дамуы елдегі қолайлы әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және саяси еркі қалыптасқанда ғана мүмкін болады. Өз кезегінде ерікті қолдау мен нығайту шағын кәсіпкерліктің кең ауқымды дамуына жол ашады.
5 - кесте - облыстық бюджеттен және екінші деңгейдегі банктермен шағын бизнесті несиелендіру.
Көрсеткіштер |
2007 жыл |
2008 жыл |
2009 жыл |
ШКС – ны облыстық бюджет есебінен екінші дәрежелі банктермен несиеленуі (мың.теңге) |
7103 |
10529 |
12445 |
ШКС – ға берілген екінші дәрежелі банктердің несиелердің саны (млрд.тенге) |
56,1 |
70,5 |
88,6 |
5 - кестеден шағын және орта бизнесті несиелендіруге ақша сомасы жыл сайын өсіп келетіндігі көрініп тұр, бірақ, егер Павлодар облысының 2009 жылға арналған бюджеті 37 675 млн. теңгені (2.5 - кестесіндегі деректер) құрайтындығын ескерсек, ал кәсіпкерлікті дамытуға барлығы 1 000 млн. теңге бөлінді (оның ішінде ШКС несиелендіруге 12,445 млн. теңге), бұл облыс бюджетінен 0,00033% - ды құрайды. Егер, несиелендіру кәсіпкерлікті дамытудың негізгі тұтқаларының бірі болып табылатындығын ескерсек, онда бұл сома сендірмейтін болып көрінеді.
2.3 Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес жобаларының инвестициялық тартымдылығы
Қазақстан Республикасын
индустриялық-инновациялық дамытудың
2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
шеңберінде облыста индустриялық-
Бағдарламаның іс-шаралары инвестициялық жобаларды іске асыруға, кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын техникалық қайта жарақтандыру және жаңғырту жүргізуге бағытталған.
Инвестициялардың салалық құрылымы облыс өнеркәсібін дамытудың басымдықты бағыттарына сәйкес келеді. 2009 жылы өнеркәсіп кәсіпорындарында жаңа өндірістер құруға, кәсіпорындарды жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыруға бағытталған 394,4 млрд. теңге сомасына 42 инвестициялық жоба іске асырылуда.
Соның ішінде жалпы құны 210,4 млрд. теңгеге 3 серпінді жоба «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы шеңберінде іске асырылуда.
Кәсіпорында жылына 125 мың тонна жобалық қуаттың бірінші кезегіне шығу жүзеге асырылды. Зауыттың екінші кезегінің құрылысы жүргізілуде, оны іске қосу 2010 жылдың 1-жартыжылдығына жоспарланған.
«Мембрандық әдіспен жылына қуаты 30 мың тонна хлор мен каустикалық сода өндірісінің құрылысы және ұйымдастыру» (“Каустик” АҚ). Жобаның құны – 16,2 млрд. теңге.
“Қазақстан электролиз зауыты” АҚ-да бүгінгі таңда алғашқы алюминийдің 15 мың тоннадан астамы өндірілді. Жылына 125 мың тонна алюминийдің қуаттылығына бірінші кезектегі шығуы 2008 жыл ішінде болатын болады. Қазіргі уақытта зауыттың екінші кезектегі ғимараттары мен имараттары үшін іргетастарын дайындаудың жер жұмыстары жүргізіліп жатыр. Екінші кезектегі шығарумен толық жобалық қуаттылыққа шығуы 2010 жылға жоспарланған. Жабдықтар толық көлемде жеткізілді. Өндірісті іске қосу 2010 жылға жоспарланған.
«Екібастұз ГРЭС-2 үшінші энергия блогының құрылысы», оны іске асыру «Самұрық-Қазына» АҚ-қа жүктелген. Жобаның құны – 119,7 млрд. теңге.
Еуразия Даму Банкі және Сыртқы экономикалық банкпен жобаны қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс жалғасуда.
2009 жылы жалпы 9,1 млрд.
теңге сомасына жаңа
- “Қыш кірпіштер өндірісінің зауыты” (“Hagi Павлодар” ЖШС).
- “Екібастұз ЖЭО қуаты 12 МВт құбырды орналастыру” (“Павлодарэнерго” АҚ).
- “Өнімнің сапасын арттыру үшін сутегі өндірісі қондырғысының құрылысы” (“Павлодар мұнай-химия зауыты” АҚ).
- Тік тігісті
болатты құбырлар өндірісін
- “Екібастұз ГРЭС – 2, 3 - ші және 4 - ші блоктарын салу” жобасы бойынша № 3 энергоблоктың ТЭН әзірленді, іске қосу 2011 жылдың маусымына жоспарланып отыр. № 4 блокты монтаждауды 2010 жылдан 2014 жыл аралығындағы кезеңде жүзеге асыру көзделіп отыр.
- «Май ауданы Көктөбе ауылында асфальт-бетондық зауытының құрылысы» (“Дорремстрой” ЖШС).
- «Жылына қуаты 3,0 млн. дана кірпіш болатын қыш кірпіштерін өндіретін зауыттың құрылысы» («СМР-Павлодар» ЖШС).
- «Метил-үш-бутил эфирі
және полипропилен өндірісі
- «Сұйық жуу құралдары өндірісін ұйымдастыру» («Ефарт» ЖШС).
- «Қыш кірпіші зауытының құрылысы» («Вершина» ЖШС).
Жаңғырту және техникалық қайта жарақтау бойынша жобалар:
- № 62 пешті күрделі жөндеу – «Қазхром» ҰТК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты;
- № 61 пешті күрделі жөндеу – «Қазхром» ҰТК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты;
- № 25 пешті күрделі жөндеу - «Қазхром» ҰТК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауыты;